Зерттеу

Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады). Жалпы және жеке органдардағы, әсіресе, жүректегі қан айналысының жүйке, қан арқылы реттелуі жөніндегі мәселелерді зерттеп, интер- және экстроцепторлардың жүрек тамырларына, артериялық және веналық қысым мөлшеріне, лимфа айналысына тигізетін әсері, оның механизмі айқындалды (А.П.Полосухин, Н.О.Базанова,Р.Ә.Сәтбаева, А.М.Бекетаев, І.А.Бірімжанова, А.Е.Бөлекбаева, т.б.). Шокқа (есеңгіреу) қарсы арнайы сұйық дәрі дайындалды (Полосухин, т.б.). Жүрек пен қан тамырлары зақымданған кездегі холестерин алмасуы зерттелді (Т.Я.Полосухина, В.И.Якубовская), жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының артериядағы қан қысымының өзгеруіне әсері анықталды (Б.А.Атшабаров). Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттары (Бунге киікотының сұйық сығындысы, хош иісті алабұта, т.б.) дәрігерлік практикаға енгізілді (Ф.Ж.Жұмағалиева, Р.Ә.Сәтбаева, т.б.). Республиканың әр өңірінде жүректің ишемиялық аурулары мен артериялық гипертонияның таралу жиілігі (Сәтбаева, М.Ш.Тастамбекова), жүрек және қантамыр ауруларының эпидемиологиясы мен одан алдын-ала сақтану жолдары анықталды (А.Ж.Рысмендиев), республикада артериялық гипертонияны емдеу мектебінің негізі қаланды (Ә.Жүсіпов). Қазақстанның өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылар арасында артериялық гипертонияның таралуы (эпидемиологиясы), одан сақтану жолдары зерттелді (Ғ.А.Құлқыбаев, О.А.Әбдібаев, т.б.).

 

88-Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, көмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол менаяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатыстыденені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерініңәсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.

Маңызы

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.

Таңғажайып фактілер

• Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі 2/5 бөлігіне дейін мөлшерді құрайды.

• Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады. • Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады. • Ең кіші бұлшық ет- құлақтың түпкі жағында орналасқын көлемі "1" санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.

89.Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі (нервная система) - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Жүйке жүйесінің бөлімдері Жұлынның құрылысы мен қызметі.

Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі бөлімге бөледі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлім - сомалы (грекше - дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімін вегетативті (қоздырамын) жүйке жүйесідеп атайды.

Жүйке жүйесінің тәндік бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты козғалыстарды басқарады.

Қозу мен тежелу жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін үдерістер. Жүйке жүйесінің нейрондарында үнемі біріне-бірі карама-карсы екі үдеріс алмасып түрады. Оның бірі - қозу, екіншісі - тежелу. Қозу кезінде тітіркендіргіштердің өсерінен жүйке жасушаларында күрделі физиологиялык өзгерістер пайда болады. Қозу мүшелерді жұмыс атқаруға жұмылдырса, тежелу сол жұмысты баяулатады немесе тоқтатады. Тежелу - нейрондаркозуының шектелуі, өлсіреуі. Мүшелердің кызметі козу мен тежелу үдерістері аркылы реттеледі.

90 Қан топтары

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.