Тітіркену

Тітіркену, тітіркендіру – тірі тіндерге (ұлпаларға) әр түрлі тітіргендіргіштермен әсер ету. Тітіркену негізінде тітіркенгіштік қасиет жатады. Соның нәтижесінде клеткалар мен ұлпалардың өсу және көбею, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді. Тітіркенудің сипаты мен тірі тіндердің (ұлпалардың) арасында тығыз байланыс болады. Осыған байланысты тітіркенудің үш заңдылығы бейнеленеді.

Күш заңы – тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым белгілі бір шекке дейін тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Тітіркендіргіштің қозу процесін тудыратын ең аз күшін тітіркену табалдырығы деп атайды. Бұл күш тіннің (ұлпаның) қозғыштығына байланысты. Ол қозғыштық неғұрлым жоғары болса, оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана күші жеткілікті.

Мерзім күші – тітіркендіргіш мерзімінің әсері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Қозу процесі пайда болу үшін тітіргендіргіш әсері белгілі бір мерзімге созылуы керек. Тітіркену табалдырығының әсерімен қозу процесінің пайда болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның әсер мерзімі арасында белгілі бір тәуелділік болады.

Градиент заңы – тітіркендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі тін (ұлпа) реакциясы күшті болады. Бұл үшін тітіркендіргіш күшінің өсу шапшаңдығы – градиенттің маңызы зор. Тітіркендіру градиенті баяуласа, қозғыштық табалдырығы жоғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу өссе, қозу процесі туындамай да қалады.

 

8-билет жоқ

 

9.Қалқанша без

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден ( фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.

Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады (18, ә-сурет). Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.

Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар.

Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.

Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді

Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.

 

Қалқанша маңы безі

Қалқанша маңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos — қалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады. Қалқаншамаңы безі жасушаларынпаратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушалар — қызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер.

Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 дейін өседі.

Қызметі:

1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді;

2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді

3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс аркылы шығарылуын қамтамасыз етеді.

 

10 билет жоқ.