Акушерия и гинекология 04

Каз

Акушерия және гинекология 04_

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру» 01_

$$$001

Аурухана ішілік инфекцияларды төмендетудің басты шаралары ... болып табылады.

A) келушілер мен қызметкерледің киімі мен аяқ киімдерін ауыстыру

B) бөлімшені кезеңмен дезинфекциялау

C) қолды ұқыпты жуу және бір реттік сүлгі қолдану

D) палаталарды кварцтау

E) бет перде қолдану

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$002

Физиологиялық жүктілікте акушерге келу саны ... рет.

A) 4

B) 2 аптада 1

C) 14-16

D) айына 1

E) айына 2

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

Каз

Акушерия және гинекология 04_

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Босану клиникасы» 02_

$$$001

Жатыр мойнының ашылуында ... фазасын ажыратады.

A) белсенді

B) ретракция

C) баяулау

D) контракция

E) латентті

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=1

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$002

Алғаш босанушыда жатыр мойнының ашылуы белсенді фазада:

A) 2 - 2,5 см/сағ

B) 1 - 1,5 см/сағ

C) 1,5-2 см/сағ

D) 0,5 - 1 см/сағ

E) 0 – 0,5 см/сағ

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$003

Ретті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан кейін қайта босанушы әйелде қағанақ суы кетіп күшену басталды. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы сегізкөз ойысы мен шат аралықта жатыр, отырғыш осі пальпацияланбайды, құйымшақ сезіледі. Бастың орнығуы:

A) кіші жамбас астауына кіре берісіне тірелген

B) кіші жамбас астауының тар бөлімінде

C) кіші жамбас астауына кіре берісте

D) кіші жамбас астауының кең бөлімінде

E) жамбас түбінде

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$004

Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанатын әйелде босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан кейін күшенулер басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 136 рет соғу, ырғақты.

Қынаптық тексеру: жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ қуығы бүтін, жыртылып ашық түсті қағанақ сулары кетті. Басымен жатыр, кіші сегментімен жамбас қуысында, жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Диагноз:

A) Босанудың II кезеңі. Шапшаң босану.

B) Босанудың I кезеңі. Шапшаң босану.

C) Босанудың II кезеңі. Қарқынды босану.

D) Босанудың II кезеңі.Дискоординацияланған босану әрекеті.

E) мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$005

30 жастағы қайта босанушы әйел, жүктіліктің 38-39 аптасында ретті толғақ басталғанан 5 сағаттан кейін және де қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін түсті. Нәрестенің жамбаспен жатуы диагностикаланды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті минутына 136 рет. Нәрестенің болжамды салмағы 3000,0±200,0. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны тегістелген, шеттері жұқа, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 8 см, қағанақ қуығы жоқ. Жамбаспен жатыр. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз: Нәрестенің жамбаспен жатуы. ... .

A) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі

B) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі

C) Қарқынды босану әрекеті

D) Босанудың ІІ кезеңі. Күшенудің әлсіздігі.

E) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$006

Қайта босанушы, 32 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасы ретті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан, қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін түсті. Толғақтар әр 3-4 минут сайын, 30-35 секундтан. Нәрестенің жамбаспен жатуы диагностирленген. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ритмді минутына 136 рет Нәрестенің болжам салмағы 3000,0±200,0. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны тегістелген, шеттері жұқарған, жатыр мойнының ашылуы 8 см, қағанақ қуығы жоқ. Келе жатқан бөлігі құйрықтары. Экзостоздары жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Жүргізу тактикасы:

A) акушерлік ұйқы-демалу

B) кесар тілігі

C) акушерлік қысқаштар

D) Цовьянов бойынша босануды жүргізу

E) эпидуральды анестезия

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$007

Алғашбосанушы 28 жастағы жүктілік мерзімі жеткен әйел перзентханаға түсті. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 110/70 мм с.б.б. Жатыры қозбаған. Нәрестенің 3 ірі бөлімі пальпацияланады. Жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. УДЗ қорытындысы: Жүктілік 39-40 апта. Егіздер. Екі нәрестенің де жамбаспен жатуы. Диагноз: Жүктілік 38-39 апта. Егіздер. ... .

A) Көлденең тарылған жамбас

B) Екі нәрестенің де жамбаспен жатуы.

C) Жалпы бір қалыпты тарылған жамбас I дәрежесі.

D) Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік.

E) Босану алдын белгілері.

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$008

24 жастағы алғаш босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілікпен, ретті босану әрекеті басталғаннан 5 сағаттан кейін перзентханаға түсті. Жамбас өлшемдері 26-29-30-17,5 см, Михаэлис ромбысы – 9 х l 0 см, Соловьев индексі – 15 см, ішінің айналымы - 98 см, жатыр түбінің биіктігі- 32 см. Қынаптық тексеру: жатыр мойны тегістелген, шеті орташа қалыңдықта, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 5 см, қағанақ қуығы бүтін, кіндік ілмектері жатыр, кіші жамбас кіреберісінде нәресте басы қозғалмалы. Диагоналдық конъюгата - 10,5 см. Диагноз: Жүктіліктің 39-40 аптасы Босанудың І кезеңі. ... .

A) Кіндік ілмектерінің жатуы. Жәй жалпақ жамбас, II дәрежесі.

B) Тар жамбас, І дәрежесі, кіндік ілмегінің түсіп кету.

C) Тар жамбас, IIІ дәрежесі. Кіндік ілмектерінің жатуы.

D) Жәй рахиттық жамбас. Кіндік ілмегінің түсіп кету.

E) Кіндік ілмегінің жатуы. Көлденеңінен тарылған жамбас.

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$009

Алғаш босанушы әйелде босану әрекеті басталғаннан 6 сағаттан кейін күшену басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті, минутына 136 рет.

Қынаптық тексеруде: жатыр мойны ернеулерінің ашылуы толық, қағанақ қуығы бүтін, амниотомия жасалды, ашық түсті қағанақ суы кетті. Нәресте басымен жатыр, төбе жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын орналасқан. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Нәрестенің болжам салмағы - 4000,0±200,0 г. Диагноз: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Ірі нәресте. ... .

A) Босанудың IІ кезеңі

B) Босанудың II период кезеңі. Маңдаймен жату.

C) Босанудың II кезеңі. Алдыңғы баспен жату.

D) Босанудың IІ кезеңі. Алдыңғы асинклитизм.

E) Босанудың IІ кезеңі. Артқы асинклитизм.

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$010

Преэклампсияда босанудың бірінші кезеңінде ... кіреді.

A) эпидуралды анестезия

B) сульфат магния

C) гепаринотерапия

D) антидепрессанттар

E) салуретиктер

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$011

Босанғаннан кейінгі кезеңде енгізілетін окситоциннің мөлшері ... бірлік болады.

A) 5

B) 10

C) 2,5

D) 20

E) 60

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$012

Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау әйел ... жүргізіледі.

A) отырған кезде

B) қолайлы жағдайда болғанда

C) тұрған кезде

D) арқасымен жатқанда

E) бүйірімен жатқанда

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

Каз

Акушерия және гинекология 04_

Тақырып аясында «Жүктілік патологиясы» 03_

$$$001

Преэкламсияның алдын алу үшін ... қолданады.

A) аспірінді төмен дозада

B) несеп айдаушы дәрілерді

C) мырыш препараттарын

D) омега – полиқанықпаған май қышқылдарын

E) Е витамині

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=1

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$002

Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің емінің ұзақтығы әдетте ... күннен аспайды.

A) 3-4

B) 7-14

C) 5-6

D) 2-5

E) 1-2

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$003

Преэклампсияның ауыр дәрежесінде емнің ұзақтығы ... құрайды.

A) 10-14 күн

B) 3-5 күн

C) 1-2 күн

D) 6-7 күн

E) 8-9 күн

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$004

Ауру Т., 29 жаста, алғаш рет акушерге жүктіліктің 29-30 аптасында шөлдеуге, терінің қышынуына, зәрдің көп бөлінуіне шағымданады. Осы жүктілігі екінші; біріншісі - осыдан екі жыл бұрын жүктіліктің 29-30 аптасында өлі нәрестемен мерзімінен ерте босанумен аяқталды. Объективті: бойы 159 см, салмағы 71 кг, АҚ 110/70 мм с.б., ІА - 96 см, ЖТБ - 29 см. Нәрестенің орналасуы ұзынша, басымен жатуы, кіші жамбастың кіреберісінде. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ритмді, минутына 136 рет. Сіздің диагнозыңыз:

A) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Майлы гепатоз. ААА.

B) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. Ірі нәресте. ААА

C) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Холестатикалық гепатоз. ААА.

D)Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. Қант диабеті. ААА.

E) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Гипотиреоз. ААА.

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$005

Қайта жүкті әйелде жүктіліктің 28 аптасында, аяқтарында, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер анықталады, АҚ 160/100 мм. сын. бағ., 170/100 мм. сын. бағ. Зәрде белок – 0,66 г/л. Диагноз:

A) Созылмалы пиелонефрит.

B) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі.

C) Артериальды гипертензия.

D) Преэклампсияның ауыр дәрежесі.

E) созылмалы гломерулонефрит.

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$006

34 жастағы пациент К., етеккірінің 2 айға кідіруімен, өзін жүктімін деп есептейтінімен келді. Анамнезінде: 3 жасында қызамықтан кейін гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде протеинурия, микрогематурия. Бірінші жүктілігі ісінулермен, босанумен аяқталды, одан кейін 3 медициналық түсік болған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанаралық. АҚ 110/60, 110/65 мм.сын.бағ. Ісінулер жоқ. Бимануалды тексеруде жүктіліктің 8-9 аптасы анықталды. Диагноз:

A) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы цистит өршу сатысында.

B) Жүктіліктің 8-9 аптасы. ААА.

C) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы пиелонефрит.

D) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Зәр-тас ауруы. ААА

E) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит. ААА.

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$007

Қайталап жүкті перинаталдық орталыққа 37 апта мерзімінде түскен. АҚҚ-150/90 мм, протеинурия 2,64 г/л, алдыңғы іш пердесінде, қолдарында, аяқтарында, бетінде айқын ісінулер. Ұрық УДЗ фетометрия бойынша – 32 апта. Сіздің диагнозыңыз:

A) Преэклампсия ауыр дәрежелі. ҰҚДК III дәр.

B) Преэклампсия жеңіл дәрежелі. ҰҚДК III дәр.

C) Преэклампсия жеңіл дәрежелі. ҰҚДК I-II дәр.

D) Преэклампсия ауыр дәрежелі. ҰҚДК II дәр.

E) Гестациялық гипертензия. ҰҚДК II дәр.

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$008

Мерзімінен бұрын босануда антибиотикпен алдын-алу ... жүргізіледі.

A) тетрациклинмен

B) цефазолинмен

C) эритромицинмен

D) азитромицинмен

E) гентамицинмен

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$009

8-9 апталық жүктілігі бар жүкті әйел тәулігіне 20 және оданда көп құсады,тағамды ұстамайды, жүдеген, үдемелі түрде салмағын жоғалтуда,

гипотония, пульсі минутына 110 рет., диурез төмендеген, азот қалдығы және креатинин жоғарылаған, зәрдегі ацетон – 4 плюс. Сіздің диагнозыңыз:

A) Холециститттің асқынуы

B) Бүйрек жетімсіздігі

C) Жүктілер құсығы, орташа ауырлық дәрежесі

D) Жүктілер құсығы, жеңіл түрі

E) Шектен тыс жүктілер құсуы

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$010

24 жастағы жүкті әйел эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 31-32 аптасы. Ауыр дәрежедегі прэклампсия. Сіздің амалыңыз:

A) гормоналді терапия

B) витаминотерапия

C) магнезиалды терапия

D) антибактериалді терапия

E) гемотрансфузия

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$011

20 жастағы әйел 2 ай көлемінде етеккірінің кідіруіне шағымданып келді. Анамнезінде: 13 жасында ревматизммен ауырған, 18 жасқа дейін дсипансерлік есепте тұрды. Баспамен ауырғаннан кейін 5 ай бұрын ревматизмнің өршуі болған, стационарлық ем қабылдаған. Объективті: көзге көрінетін шырышты қабықтары мен тері жабындылары бозғылт, пульсі минутына 90 рет, АҚ 90/50 мм сын. бағ. екі қолында. Аускультацияда жүрек ұшында дөрекі систолалық шуыл естіледі. Бимануалды зерттеу кезінде жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауру сезімсіз. Диагноз:

A) Жүктіліктің 12-13 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.

B) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Жүректің туа пайда болған ақауы.

C) Жүктіліктің 10-11 аптасы. Ревматизм, Ревмокардит.

D) Жүктіліктің 4-5 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.

E) Жүктіліктің 6-7 аптасы. Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі.

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

Каз

Акушерия және гинекология-04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» 04_

$$$001

Босанған әйел босанудан кейін 3 тәулікте басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ішінің төменгі жағының ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде пульс 105 рет минутына, дене температурасы 38,30C. ЖҚА лейкоциттер = 11х109/л. Пальпаторлы – жатыр түбі 1 көлденең саусаққа кіндіктен төмен. УДЗ – жатыр айқын емес контурмен. Лохиялар іріңді. Сіздің диагнозыңыз: Босанғаннан кейінгі кезең. ... .

A) Эндометрит.

B) Сальпингоофорит.

C) Пельвиоперитонит.

D) Метротромбофлебит.

E) Параметрит.

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$002

Босанған әйел босанудан кейін 3 тәулікте басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ішінің төменгі жағының ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде пульс 105 рет минутына, дене температурасы 38,30C. ЖҚА лейкоциттер = 11х109/л. Пальпаторлы – жатыр түбі 1 көлденең саусаққа кіндіктен төмен. УДЗ – жатыр айқын контурмен. Сүт бездері қатайған. Лохиялар іріңді. Бартельс- Сазонов жіктелуіне сәйкес осы жағдай келесі іріңді-септикалық инфекцияның сатысы: Босанғаннан кейінгі кезеңнің ... сатысы.

A) V

B) II

C) III

D) IV

E) I

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=1

{Оқулық}= (Акушерство, Савельева Г.М., 2011 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$003

Гипотониялық қан кету мөлшері 500 мл болған жағдайда ... жасалады.

A) В- Linch бойынша тігіс салу

B) қынап үстілік жатыр ампутациясы

C) жатыр экстирпациясы

D) ішкі мықын артерияларын байла

E) жатырдың бимануалды компрессиясы

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

Каз

Акушерия және гинекология-04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патология» 05_

$$$001

Босану ісігі түсінігі:

A) өткізгіш нүктесі аймағында тіннің ісінуі

B) бас сүйегі астына қан ұйюы

C) бастың көлемінің ұлғайуы

D) бас сүйегінің бір-біріне өсіп кетуі

E) бас сүйегінің көлемінің өзгеруі

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=1

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$002

Жаңа туған нәрестелерде тыныс бұзылыстары синдромын емдеуінің негізгі әдістері:

A) ауру қоздырғышының сезімталдығын ескере отырып антибиотикпен емдеу, қосымша көмек вентиляциясы

B) тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, қосымша көмек вентиляциясы

C) су және тұз алмасуды қалыптастыруды, айналымдағы сұйықтық көлемін толықтыру, қосымша көмек вентиляциясы

D) жүрек-қантамырлық дәрілер, қосымша көмек вентиляциясы

E) тыныс аналептиктері, гормонотерапия, қосымша көмек вентиляциясы

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

$$$003

Жаңа туылған нәресте 4-ші тәулік. Анамнезінен: 4-ші жүктіліктен туылған, мерзімдегі босану, асқынуларсыз. Анасында 1-ші жүктілігі асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, 2-шісі медициналық түсік, 3-шісі мерзімінде босану, нәресте босанғаннан кейінгі 7-ші тәулікте сарғаюдан шетінеген. Анасында қан тобы - 0(І) Rh. Босанағаннан кейін және түсіктен кейін антирезусты иммуноглобулинді енгізу жүргізілмеген. Осы жүкітілік кезінде антиденелер титрі 1:16. Объективті: нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. Кіндік қанындағы билирубин 56 мкмоль/л, Hb 130 г/л. Қан алмасытырып құюға көресткіш:

A) гематокрит көрсеткіші

B) гемоглобин мөлшері

C) эритроцит мөлшері

D) билирубиннің сағат сайын жоғарылауы

E) лейкоциттің сағат сайын жоғарылауы

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Бұйрық ҚР ДСМ № 239 07.04.2010 «Диагностика және емдеу протоколдарын бекіту туралы»)

{Курс}=6

{Семестр}=12

Каз

Акушерия және гинекология – 04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып іші «Гинекологиялық аурулар. Гинекологиялық эндокринология» 06_

$$$001

Менструальдық қан ағудың механизмі ... байланысты.

A) эндометрийдің пролиферациясына

B) эндометрий қанағыштығының жоғарылауына

C) протеолитикалық ферментердің жоғарылауына

D) жатырдың өсуіне

E) некроздар түзілуімен жүретін артериялардың тарылуына

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=1

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$002

Аналық бездері функциясының мезгілінен бұрын төмендеу синдромының негізгі симптомдары:

A) екіншілік аменорея, бедеулік

B) іштің төменгі жағындағы ауыру сезімі, ыстықтың құйылуы

C) біріншілік аменорея, семіздік

D) ыстықтың құйылуы, анорексия

E) олигоаменорея, диарея

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$003

Эстрогендік қаныққандықтың денгейі ... анықталады.

A) Таннер санымен

B) прогестерон сынамасымен

C) Инслер санымен

D) дексаметазон сынамасымен

E) окситоцин сынамасымен

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$004

Климакстың ерте симптомдары:

A) етеккірдің тоқтауы, брадикардия, диарея

B) остеопороз, брадикардия, терінің құрғақтығы

C) терінің құрғақтығы, тырнақтардың сынғыштығы, тахикардия

D) урогенитальды бұзылыстар, диарея, брадикардия

E) ыстықтың құйылуы, терлегіштік, ашушандық, тахикардия

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$005

Эндометрийдің гиперпластикалық үдерістері жиі ... фонында дамиды.

A) гипоэстрогения

B) гиперэстрогения

C) гипоандрогения

D) гиперпрогестеронемия

E) гиперандрогения

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$006

Дексаметазондық сынама гиперандрогенияның бүйрек үсті түрінде ... сипатталады.

A) 17 КС денгейінің 50-70% төмендеуімен

B) 17 КС денгейінің 20% төмендеуімен

C) 17 КС денгейінің 5 % жоғарылауымен

D) 17 КС денгейінің 10% төмендеуімен

E) реакцияның болмауымен

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$007

Л., 48 жаста тәулігіне 8-10 рет басқа ыстық құйылулар болуына және тершеңдігіне шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жылда болған. Етеккірі 2-3 айда, мардымсыз 1-2 күн. Анамнезінде калькулезді холецистит бойынша операция жасалған. 3 рет босанған, 2 рет түсік жасатқан. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмаған. Диагноз:

A) Етеккір алды синдром

B) Менопауза

C) Климактериялық синдром

D) Менструальдық циклдың бұзылуы

E) Вегето-тамырлық дистония

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$008

36 жастағы пациент гинеколог дәрігерге ыстықтың құйылуы, тершеңдігіне, жиі зәр шығаруына шағымданып келді. Симптомдары тез өсуші жатырдың миомасы және аналық бездерінің екі жақты эндометриозы бойынша жасалған операциядан кейін пайда болды. Қараған кезде соматикалық аурулары анықталмады. Сүт бездері паталогиясыз. Айнада: қынаптың шырышты қабығы таза. PV: Қынаптың тұқылы патологиясыз. Кіші жамбас қуысында инфильтраттар жоқ. Диагноз:

A) Сыртқы генитальды эндометриоз.

B) Жатырдың экстирпациясынан кейінгі жағдай, климактериялық синдром.

C) Вегетотамырлық дистония.

D) Жатыр ампутациясы кейінгі жағдай.

E) Жатырдың экстирпациясынан кейінгі жағдай. Кастрациядан кейінгі синдром.

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$009

46 жастағы әйелге етеккірінің ретсіз келуіне және қанағуына байланысты жатыр қуысының қабырғаларын және жатыр мойнының каналының шырышты қабығын бөлек диагностикалық қыру жүргізілген. Қазіргі жағдайдағы эндометрий өзгерістері:

A) полипоз

B) безді-кистозды гиперплазия

C) атипиялық гиперплазия

D) эндометрияның атрофиясы

E) жатыр мойнының обыры

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$010

51 жастағы науқас жиі терлеуге, бас ауруына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне белгілейді. Анамнезінде - гипертониялық ауру. Соңғы етеккірі 2 жыл бұрын келген. АҚ 140/80 мм сын. бағ. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмады. Диагноз:

A) Постменопауза.

B) НЦД кардиалдық түрі бойынша.

C) НЦД гипертониялық түрі бойынша.

D) Пременопауза.

E) Климактериялық синдром.

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$011

Гинекология бөлімінде 22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінде ауырсынумен, дене қызуы t =38ºC жатыр. Гинекологиялық зерттеуде: жатыр артында қозғалыссыз, көлемді, ауырсынулы, айқын жиектері жоқ, тығыздылығы бірегей емес құрылым анықталды. Дәрігерлік амал:

A) пирогеналмен терапия және физиоем

B) қосалқыларды алып тастау, гормонотерапия

C) іріңді қуысты тазалау және оған антибиотик енгізу

D) іш-сегізкөз әдісі бойынша цинкпен электрофорез, гормонотерапия

E) жатырды қосалқыларымен бірге ампутациясы, спазмолитиктер енгізу

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$012

Бактериалды вагинозы бар әйелде бөліндінің сипаты:

A) іріңді құймақ тәрізді

B) ірімшікті

C) көпіршікті

D) «балықтың» иісі бар крем тәрізді

E) кілегейлі - іріңді

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$013

27 жастағы жүкті әйел емханаға жыныс жолдарына крем тәрізді «балықтың» иісі бар көп мөлшердегі бөлінділерге, қынап аймағындағы қышыну, ашуға шағымданып келді. Болжам диагноз:

A) Хламидиялы кольпит.

B) Кандидозды кольпит.

C) Трихоманадты кольпит.

D) Гонореялы кольпит.

E) Бактериалды вагиноз.

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$014

30 жастағы науқас гинекологқа 3 күннен бері қынаптың қышынуына, ашуға, басының ауырсынуына, t =38ºC шағымданып келді. Қараған кезде: қынапта көлемі 2-3 см, айналасы қызарған везикулалар бар. Болжам диагноз:

A) Сүйір бұрышты кандиломалар.

B) Сифилис.

C) Генитальді герпес.

D) Генитальді туберкулез.

E) Фурункулез.

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$015

Алдын-ала тексерілуде 27 жастағы әйелде аналық без кистасы диагностирленген. Аналық без кистасына ... тән.

A) симптомсыз ағым

B) іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді түнгі ауырсынуы

C) етеккір қызметінің бұзылысы

D) дизуриялық белгілер

E) бас аурулар

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$016

Гинекологиялық тексеруде 30 жасар әйелде сол жақ қосалқыларының аймағында, жатырдың алдыңғы бетінде тығыз, тегіс беткейлі бір келкі емес, көлемі 12х10 см, қозғалмалы, ауырсынусыз құрылым табылды. Болжам диагноз:

A) Сактосальпинкс.

B) Дермоидты киста.

C) Тубоовариалды түзіліс.

D) Цистаденома.

E) Фолликулярлы киста.

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$017

45 жасар К. ауру аналық безінің обыры диагнозымен стационарға жоспарлы оперативті емге түсті. Емдеу тактикасы:

A) антибактериальды және инфузионды терапия, физиоем

B) гормональды терапия жүргізе отырып жатырдың оң қосалқыларын алу

C) қосалқыларымен жатырдың қынапүсті ампутациясы, гормонотерапия

D) сәулелі терапиямен қатар полихимия терапиясы, аналық бездерін алып тастау

E) пангистероэктомия, шарбының резекциясы, полихимиотерапия

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$018

Оң аналық безінің эндометриоидты кисталарымен гинекология бөлімшесіне түскен науқасқа оңтайлы емдеу тактикасы:

A) антибактериальды терапия, аналық бездерін алып тастау

B) оң аналық безінің резекциясы, содан кейін гормональды терапия

C) консервативті миомэктомия, гормонотерапия

D) релизинг-гормонның агонистерін қолдану, қосалқыларын алып тастау

E) жатырдың оң қосалқыларын алу, гормонотерапия

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$019

25 жастағы ауру, оң жақ үлкен жыныс ернінің ауруына, дене температурасының 39 °С дейін жоғарылауына, жүрген кездегі ауру сезімге шағымданып түсті. Объективті: оң жақ үлкен жыныс ерні ісінген, ауырсынулы, қызарған, пальпация кезінде жұмсарған аймақ анықталады. Диагноз:

A) Бартолин безінің абсцессі.

B) Бартолинит.

C) Бартолин безінің кистасы.

D) Вагинит.

E) Вульвит.

{Дұрыс жауап}=A

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Гинекология, Савельева Г.М., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

Каз

Акушерия и гинекология 04_

Тақырып «Балалар гинекологиясы» 02_

$$$001

Қалыпты менструалдық цикліне тән гонадотропты гормондардың бөліну сипаты ... қарай тұрақталады.

A) 12-13 жасқа

B) 14-15 жасқа

C) 16-17 жасқа

D) 10-11 жасқа

E) 8-9 жасқа

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=1

{Оқулық}= (Практическая гинекология молодых, Богданова Е.А., 2011)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

7 жасар қыз қынаптан ретсіз қанды бөлінділерге шағымданады. Тексеруден кейінгі қойылған диагноз: Аналық бездің гормон бөлуші ісігі. Жүргізу амалы:

A) саулелік ем

B) гормоналды ем

C) химио ем

D) симптоматикалық ем

E) оперативті ем

{Дұрыс жауап}=E

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Практическая гинекология молодых, Богданова Е.А., 2011)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

15 жастағы қыз анық альгоменореямен келді. Менархе 12 жастан, ұзақтылығы 3-4 күндей, келесілері 6-7-8 күнге ұзарған, көптен келіп, қатты ауыру сезімді болған. Ректоабдоминальды тексеру кезінде жатыр домалақ пішінді, пальпацияда сезімтал, қосалқылар аймағы домбыққан, ауырсынулы. Сегізкөз-жатырлық байламдар қалыңдаған, бірден ауырсынулы. Диагноз:

A) Жатыр миомасы.

B) Біріншілік альгодисменорея.

C) Жатырдың қосалқыларының жеделдеу қабынуы.

D) Сыртқы генитальды эндометриоз.

E) Екіншілік альгоменорея.

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=2

{Оқулық}= (Практическая гинекология молодых, Богданова Е.А., 2011)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

4 жастағы қызда сытрқы жыныс мүшелері аймағында сулы бөртпе пайда болған, оны жарғанда, жаралы беткей түзілді. Осы құрылымдар қатты қышумен және ашық ауыру сезіммен қосарланды. Диагноз:

A) Аллергиялық реакция.

B) Генитальды герпес.

C) Жел шешек.

D) Атопиялық вульвит.

E) Күлдіреуік.

{Дұрыс жауап}=B

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Практическая гинекология молодых, Богданова Е.А., 2011)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

6 жасар қызда сыртқы жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезіміне шығымданады. Диагноз қойылды: Бейарнамалы вульвовагинит. Осы патологияның асқынуы:

A) кондиломалар

B) келлоидты тыртықтар

C) синехиялар

D) полипктер

E) қынап атрезиясы

{Дұрыс жауап}=C

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Практическая гинекология молодых, Богданова Е.А., 2011)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

Ювенильды жатырдан қан ағу жиі ... байланысты.

A) бүйрек ауруымен

B) жыныс жүйесінің органикалық ауруларымен

C) эндометрий ауруымен

D) аналық безінің гормондарының ырғақты өнімдерінің бұзылыстарымен

E) жатыр миомасымен

{Дұрыс жауап}=D

{Деңгей}=3

{Оқулық}= (Практическая гинекология молодых, Богданова Е.А., 2011)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Каз

Акушерия и гинекология 04_

Тақырып «Онкогинекология маммологиямен» 03_

$$$ 001

Пельвиоперитонитпен асқынған жатырдың рагында ену:

A) төменгі- ортаңғы лапаротомия

B) көлденең косметикалық

C) трансректалды

D) параректалды

E) ортаңғы лапаротомия

{Дұрыс жауабы} =А

{Күрделілігі} = 1

{Оқулық =} онкология (под.ред Генцева Ш.Х., 2006 -301б)

{Курс}= 7

{Семестр}=13

$$$ 002

Науқас 18 жаста, клиникаға оң көкірек безінің ауруымен және түзілістің болуына шағымданып келді. Анамнезінде 3 ай бұрын түзіліс пайда болған, бірітіндеп ісік үлкейген. Науқас емханадағы дәрігерге қаралған, ол жақтан кеңес алуға онкодиспансерге жіберілген. Объективті: қараған кезде көкірек бездерінің көлемі бірдей. Пальпацияланғанда оң көкірек безінде 4х3 см, тығыз консистенциялы, қозғалмалы, теріге жабыспаған, аурусынусыз құрылым анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

A) мастопатия

B) липома

C) гигрома

D) фиброма

E) сүт безінің ісігі

{Дұрыс жауабы} = B

{Күрделілігі}= II

{Оқулық} = (Клиникалық онкология, Алматы. Абисатов Х.А., 2007-297 б.)

{Курс} = 7

{Семестр}=13

$$$ 003

Науқас К., 65 жаста 1998жылдың қаңтарында кіші жыныс ерін аймағындағы алғаш рет қышуына жағымсыз сезінуін байқады. Қазан айында ауруханаға көрінді. Объективті: гинекологиялық қарау кезінде сыртқы жыныс мүшелерінің атрофиясын, кіші және үлкен жыныс еріндерінің ішкі бетінде қара қоңыр түсті көлемі 2х3 және 3х4 см, беті тығыз аймақ және сулануы анықталды. Жатыр мойнының қынап үстілік бөлігі гипертрофияланған. Жатыр денесі аздап ұлғайған. Сол жақтағы мықын лимфа бездері 2,5см-ге дейін ұлғайған өсінді және тығыз пальпацияда ауырсынулы.

Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) Пигментті невус
B) Сарпай дискератозы
C) Сарпай ісігі

D) Сарпай меланомасы
E) Лейкоплакия

{Дұрыс жауабы} = B

{Күрделілігі}= II

{Оқулық} = (Клиникалық онкология, Алматы. Абисатов Х.А., 2007-297 б.)

{Курс} = 7

{Семестр}=13

$$$ 004

Сүт безінің ішкі квадрантында орналасқан қатерлі ісік үшін аймақтық лимфа түйіндері болып ... табылады.

A) мойын

B) қолтықасты

C) бұғана үсті

D) төс маңы

E) қолқа маңы

{Дұрыс жауабы} = B

{Күрделілігі}= II

{Оқулық} = (Клиникалық онкология, Алматы Абисатов Х.А., 2007-297 б.)

{Курс} = 7

{Семестр}=13

$$$ 005

Сүт безі кішірейген, кеуде қабырғасына жабысып қалған, терісі пигмент дақтарымен, қабыршақтанған, лимфа түйіндерінің шоғыры. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

A) Панцирлі қатерлі ісік

B) Диффузды мастопатия

C) Тілмелі қатерлі ісік

D) Мастит тәрізді қатерлі ісік

E) Педжет қатерлі ісігі

{Дұрыс жауабы} = E

{Күрделілігі} = III

{Оқулық} = (Онкология, Ганцев Ш.Х., 2006-307 б.)

{Курс} =7

$$$ 006

Аналық безді алып тастағаннан кейін гормоналдық терапия ... мақсатында жүргізіледі

A) бүйрек үсті бездерінің қызметін қалыптастыру, эстроген гормондарының қызметін тежеу

B) қан қысымын қалыпты деңгейде ұстау

C) минералдар алмасуын қалыпты деңгейде ұстау

D) Иценко-Кушинг ауруының алдын-алу

E) гепатомегалияны алдын-алу

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = III

{Оқулық} = (Онкология, Ганцев Ш.Х., 2006-307 б.)

{Курс} =7

{Семестр}=13

Каз

Акушерия и гинекология 04_

Тақырып «Венерология» 04_

$$$001

Мерездің ауырсынулық клиникалық көрінісі:

А) қатты шанкр

В) регионарлы склераденит

С) интерстициальды мерездік глоссит

D) вегетирленген папулалар (жалпақ кандилома)

Е) төмпешікті сифилид

{дұрыс жауап} = D

{қиындығы}=2

{Оқулық}=(Скрипкин М.Ю, 4 томдық қол жазба « Тері және венерологиялық аурулар» - М ., 2002ж.)

{Курс}=7

{Семестр) = 14

$$$002

«Трасфузиялық мерез» кезінде сифилидтердің пайда болу уақыты:

А) 2-3 апта

В) 1ай

С) 2-3 күн

D) 2-2,5 ай

Е) 6 ай

{Дұрыс жауап} = С

{Қиындығы}=2

{Оқулық}=(Скрипкин М.Ю, 4 томдық қол жазба « Тері және венерологиялық аурулар» - М ., 2002ж.)

{Курс}=7

{Семестр) = 14

$$$003

Сифилиттік көпіршіктерге тән белгілер:

А) кіші көлемдегі көпіршіктердің арқада орналасуы

В) көпіршіктердің алақанда және табанда орналасуы

С) зақымдану ошақтарындағы ауырсыну

Д) перифериялық гиперемиялы жиектердің болуы

Е) Никольский симптомының оң болуы

{Дұрыс жауап} = В

{Қиындығы}=2

{Оқулық}=(Скрипкин М.Ю, 4 томдық қол жазба « Тері және венерологиялық аурулар» - М ., 2002ж.)

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$004

Алдыңғы және артқы уретрит дифференциациялау әдісі :

А) Бальцер сынамасы

В) зәр шығару каналының пальпациясы

С) зәрдің екістакандық сынамасы (Томпсон)

D) лимфа түйінінің пункциясы

Е) ұрық қабының пальпациясы

{Дұрыс жауап} = С

{Қиындығы}=3

{Оқулық}=(Скрипкин М.Ю, 4 томдық қол жазба « Тері және венерологиялық аурулар» - М .,2002ж.)

{Курс}=7

{Семестр} = 14

$$$005

Соз кезінде ең тиімді провокация әдісі:

А) комбинирленген

В) алиментарлы

С) химиялық

D) биологиялық

Е) механикалық

{дұрыс жауап} = А

{қиындығы}=3

{Оқулық}=(Скрипкин М.Ю, 4 томдық қол жазба « Тері және венерологиялық аурулар» - М .,2002ж.)

{Курс}=7

{Семестр) = 14

$$$006

Жаңа жедел соз кезінде жеткілікті емдеу әдісі :

A) витаминотерапия

B) антибиотикотеpапия

C) анестетиктермен электрофорез

D) иммунотеpапия

E) гоpмонотеpапия

{Дұрыс жауап} = В

{Қиындығы}=3

{Оқулық}=(Скрипкин М.Ю, 4 томдық қол жазба « Тері және венерологиялық аурулар» - М .,2002ж.)

{Курс}=7

{Семестр} = 14

Акушерия и гинекология 04

04_05 Анестезиология және реанимация_каз

$$$ 001

Жатырынан шүмектеп көп қан кеткен 28 жастағы босанушы әйелге анестезия жүргізу керек. Кесар тілігі операциясы жоспарланған. Кіріспе наркозға ... пайдаланған жөн.

А) севоранды

В) натрий тиопенталын

С) диазепамды

D) кетаминды

Е) фентанилды

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Неотложные состояния и анестезия в акушерстве, С.П. Лысенков және басқалар 2010 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 002

32 жастағы босанушы әйел босану үйіне түсті. Босанудың екінші кезеңі қағанақ суы эмболиясымен асқынған. Өмірге маңызды мүшелердің және жүйелердің функциясын реанимациялық іс-шаралардың уақытылы көрсетілген кешені қалпына келтіру және қанағаттанарлық деңгейде ұстап отыруға қол жеткізді. Реанимациялық көмек көрсетудің екінші кезеңінде ... күресуге дайын тұру керек.

А) жатырдан шүмектеп қанның кетуімен

В) өкпе артериясының тромбоэмболиясымен

С) жатырдың гипертонусымен және жыртылып кетуімен

D) бас ми қан тамырларының тромбозымен

Е) қағанақ суының эмболиясымен

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Неотложные состояния и анестезия в акушерстве, С.П. Лысенков және басқалар 2010 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 003

25 жастағы босанушы әйел босану үйіне келіп түсті. Босанушы әйелде босану барысы өте қарқынды түрде көрініс беріп, кенеттен қалтырап, дене қызуы 41° градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері тез арада дамып, қан қысымы төмендеп кетті. Көп кешікпей өкпе ісінуінің клиникалық симптомдары пайда болды, босану барысы ... асқынды.

А) жатырдан шүмектеп қанның кетуімен

В) қағанақ суының эмболиясымен

С) эклампсияның ұстамасымен

D) бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігімен

Е) өкпе артериясының тромбоэмболиясымен

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Неотложные состояния и анестезия в акушерстве, С.П. Лысенков және басқалар 2010 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 004

26 жастағы жүкті әйел патология бөліміне басының ауыратынына, құлағының шуылдауына шағымданып түсті. Объективті: аяғының тізе буынына дейін ісінуі, қан қысымының 180/115мм. сын.бағ. дейін жоғарылағаны анықталды. Жалпы зәр анализінде ақуыз деңгейі 3,8 г/л-ге дейін жоғарылаған. Ақуыздың алмасуын қалыпқа келтіру мақсатымен 10% -ды альбумин ерітіндісін көк тамырдан енгізеді. Осы ерітіндіні ... болысады.

А) шеткі қан айналымды жақсартуға

В) электролиттік алмасуды реттеуге

С) қышқыл сілтілі жағдайды коррекциялауға

D) газдардың алмасуын жақсартуға

Е) плазманың онкотикалық және коллоидты-осмостық қысымын жоғарылатуға

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Неотложные состояния и анестезия в акушерстве, С.П. Лысенков және басқалар 2010 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 005

Босану үйінің интенсивті терапия және реанимация бөлімшесіне жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кетуімен 22 жастағы босанушы әйел жеткізілді. Тері қабатының айқын бозаруы, тахикардия анықталды. Артериалды және орталық венозды қан қысымы едәуір төмендеген. Эритроцитарлы массаның болмауына байланысты айналмалы қан көлемін толықтыру үшін ... қолданылады.

А) допамин

В) адреналин

С) стабизол

D) норадреналин

Е) гелофузин

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Неотложные состояния и анестезия в акушерстве, С.П. Лысенков және басқалар 2010 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 006

33 жастағы босанушы әйел босану үйіне жоспарлы кесір тілігі отасын жасатуға келіп түсті. Босанушы әйелді операциялық столға жатқызған сәтте кенеттен брадикардиямен бірлескен артериалды гипотония, жүрек айну, құсу, ентікпе пайда болды. Бұл белгілер жүкті әйелді бір қырынан жатқызғаннан кейін жоғалды. Ең ықтимал себеп:

А) төменгі қуыс венаның синдромы

В) ортостатикалық коллапс

С) қағанақ суының эмболиясы

D) жатырдың жыртылуы

Е) эклампсия ұстамасы

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Неотложные состояния и анестезия в акушерстве, С.П. Лысенков және басқалар 2010 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 007

Жіті түрде ота жасалынған босанушыда тыныс алу жетіспеушілігінің дамуына байланысты жасанды тыныс беру аппаратына қосылды. Науқастың артериядағы оттегі қысымы 60 мм.сн.бағ., ал көмір қышқыл газының қысымы 25 мм.сн.бағ.құрайды. Осы жағдайды ӨЖЖ аппаратында коррекциялауды ... бастайды.

А) инверсиядан

В) тыныс алу көлемін және FiO2- жоғарлатудан

С) тыныс алудың платосынан

D) дем шығару соңында оң қысымнан

Е) тыныс алу жиілігінің төмендеуінен

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық}= (Клиническая анестезиология, П.Д. Бараш және басқалар 2006 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 008

Экстрагенитальды патологиясы жоқ босанушыға кесар тілігі отасы алдында премедикацияға ... мг ерітіндісін қосады.

А) атропин 0,5 -1,0+

В) димедрол 10-20

С) промедол 10-20

D) дроперидол 5-10

Е) седуксен 10

{Дұрыс жауап} =А

{Күрделілігі} =1

{Оқулық}= (Клиническая анестезиология, П.Д. Бараш және басқалар 2006 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 009

Орны толмаған қан кету және тұрақты гипотензиясы бар науқасқа таңдаулы анестетик болып ... табылады.

А) пропофол

В) десфлуран

С) севоран

D) барбитураттар

Е) калипсол

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Рациональная фармакоанестезиология. В.М. Мизиков және А.А. Бунятянның редакциясымен, 2006 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$ 0010

Жіті қан кету немесе гиповолемиясы бар науқастарда гиподинамикалық типті қан айналудың пайда болуын ... түсіндіруге болады.

А) метаболикалық алкалозбен

В) қан ағысын шунтирлеумен

С) макроциркурляцияның бұзылысымен

D) қан айналудың орталықтандырылуымен

Е) метаболикалық ацидозбен

шалқасынан жатқызғандағы гипотензивті синдром

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} =2

{Оқулық} = (Неотложные состояния и анестезия в акушерстве, С.П. Лысенков және басқалар 2010 ж.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14