Кезіндегі студен міндеттері

Астана

ТӘЖІРИБЕ ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Студент

__________________________________________________________

(аты-жөні __________________________________________________________________

(тәжірибе өткен жері )

Тәжірибе өтетін орынға Тәжірибе өткен орыннан

келген күні кеткен күні

«___» _________20__ж.\г. «___» _________20__ж.\г.

МО\МП МО\МП

 

1. Түсінік хат

КазГЗУ Гуманитарлық заң колледжінің күндізгі бөліміндегі оқушылардың өндірістік тәжірибесі таныстыру тәжірибесі кезіндегі процесстерден алынған тәжірибелік дағдыларды терең игеру процесі мен 0205012 – «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары санатты мамандар дайындаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Өңдірістік тәжірибенің негізгі мақсаты теориялық білімдерді терең түрде бекіту, кәсіби қызметте тәжірибелік жұмыс дағдысын тереңдету және дамыту болып табылады.

Оқушылардың өндірістік тәжірибесін құқықтық және мемлекеттік қызмет колледжінің тәжірибе базаларымен келісім – шарт және тәжірибе ұйымдастыруда нақты орган мен оқушы арасындағы жеке келісімдерді жасайды.

Жеке келісім жасаудың міндетті шарты:

1. Тәжірибе өту бағдарламасының қатаң түрде сәйкес келуі: оқушылардың алдына қойылған тапсырманы орындау;

2. Аталған тәжірибе базасына нақты оқушыны бағыттау туралы жазбаша сұраныстың болуы.

Өндірістік тәжірибе өту

кезіндегі студен міндеттері

Оқушылар тәжірибе өту кезінде міндетті:

- Тәжірибе өтіп жатқан ұйым, органның ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға және еңбек тәртібін сақтауға;

- Тәжірибе жетекшісінің барлық нұсқауларын өз уақытысында және тиянақты орындауы, тәжірибе бағдарламасының сапалы және толық орындалуына қол жеткізуге;

-Тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибе базасындағы тікелей жетекшісінің пікірі, тәжірибе өту кезінде дайындалған материалдарды; тәжірибе жұмысының нәтижесі тіркелген, тәжірибе өткенін білдіретін күнделік және жазбаша есепті дайындап, сессияға дейін колледждегі тәжірибе жетекшісіне беруге.

 

Тәжірибе жетекшісінің міндеттері:

Тәжірибе жетекшісі:

-Тәжірибеден өтуге арналған қажетті құжаттармен уақытысында қамтамасыз етуге, тәжірибе ұйымдастыру және өту бойынша қажетті кеңестер өткізуге, тәжірибе дайындау мақсатында базалық органдардың жетекшілерімен кездесулер ұйымдастыруға;

-Оқушылардың жұмыс барысын, олардың тәжірибе бағдарламасын толық көлемде орындағанын бақылауы және туындаған мәселелерді шешуде қажетті көмек көрсету үшін тәжірибе базаларына жиі барып тұруға;

-Базалық органдағы тәжірибе жетекшісіне, оқушы бекітілген тәжірибеші жұмысшыларға әдістемелік көмек көрсетуге;

-Тәжірибе бойынша есеп қорғауды уақытысында ұйымдастыруға;

 

Базалық органдағы тәжірибе

жетекшісінің міндеттері

- Тәжірибе бағдарламасында қаралған тапсырмалардың орындалуындағы оқушылардың қызметін ұйымдастырады, оқушы – тәжірибешінің күнделігіне олардың орындалғаны туралы белгі қояды;

- Оқушылардың еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау туралы ережелерді сақтауын қадағалайды;

- Тәжірибе аяқталғаннан кейін әрбір оқушыға шынайы түрде мінездеме беріп, оған базалық органдағы тәжірибе жетекшісі қол және мөр қойып бекітеді.

 

Есеп жасауға қойылатын талаптар

және тәжірибе қорғау тәртібі

Тәжірибе өту процесі аяқталғаннан кейін оқушы өзінің тәжірибе кезіндегі қызметін сипаттайтын, маңызды құжаттың бірі болып табылатын есеп жасайды.

Есепте көрсетіледі:

Тәжірибеден өту орны, уақыты және реті туралы мәлімет;

Тәжірибенің жекелеген бөлімдері бойынша орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны;

Нақты іс-шараларға немесе, құжаттары дайындауға жеке қатысуы

Есепке қосымша:

Тәжірибеден өту кезінде көрінген оқушының жеке қасиеттері мен тәжірибе жұмысының нәтижесі туралы ұйым, органдағы жетекшінің пікір-мінездемесі;

Тәжірибелік мазмұнда дайындалған құжаттар мен материалдар. Есепке сонымен қатар тәжірибе базасының қызметін көрсететін нормативтік және құқықтық актілер қосылады.

Тәжірибенің барлық материалдары тігілуі, номерленуі және тиянақты жабдықталуы қажет. Есепте бұл материалдардың тізімі көрсетілуі керек.

Тәжірибе есебін қорғау кезінде оқушының аталған құқық қорғау органдары, кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі мен міндетін, ұйымдастыру тәртібіне көрсететін ҚР заңнамалары мен нормативтік актілері туралы білімдеріне басты назар аударылады.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін оқушы есепті сынақ түрінде қорғайды және ол дифференциялы баға қоюмен рәсімделеді.

Тәжірибе бағдарламасын себепті түрде орындамаған оқушы тәжірибеден өтуге оқудан бос уақытында екінші рет жіберіледі. Оқушы өндірістік тәжірибеден өту нәтижесінде кері пікір немесе есеп қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алса, колледжден шығарылады. Оқушының бекітілген тәртіп бойынша оқушы қатарына қайта кіру құқығы сақталады.

 

Аудандық (қалалық) соттағы өндірістік

тәжірибенің бағдарламасы

Студент танысады:

Аудандық (қалалық) соттың жұмыс ұйымдастыруымен.

- Азаматтарды қабылдау, азаматтардың өтініштері мен арыздарын есепке алу;

- Сот кеңсесінде жұмысшылардың өзара міндет бөлісу;

- Қылмыстық және азаматтық істерді қарауды дайындаумен;

- Апелляциялық шағым мен наразылықтарды қайта қарау және есепке алумен;

- Іс қағаздарын жүргізу, статистикалық есеп нұсқауларымен;

- Қылмыстық, азаматтық істері және әкімшілік материалдар бойынша есептік – статистикалық қағаздар жасаумен;

- Қылмыстық істер бойынша үкімдер мен анықтаулардың, азаматтық істері бойынша шешім, қаулы мен анықтаулардың орындалуымен;

- Шешім, анықтау, қаулы, үкімдердің көшірмесін беру тәртібімен;

- Әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істер бойынша заңды соттың қолдану тәжірибесімен;

- Алдын-ала тыңдау және басты сот талқылауын өткізуді ұйымдастырумен;

- Сот тергеуін, сот прениясын жүргізумен;

- Жеке жария айыптау істері бойынша өндіріс ерекшеліктерімен;

- Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылық білдірумен.

Есепке қосылатын құжаттар тізімі:

- Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы;

- Істі алдын-ала тыңдауды тағайындау туралы қаулы;

- Өз өндірісіне арызды қабылдау туралы жеке айыптау істері бойынша қаулы;

- Сотталушы тағайындалған қылмыстық жазанытағайындаумен айыптау үкімі;

- Қылмыстық жауаптылықтан тұлғаны босататын айыптау үкімі;

- Сот талқылауына азаматтық істерді дайындау туралы анықтама;

- Азаматтық іс бойынша шешім (жұмысшыға еңбек ақы беру, жұмысқа қайта алу туралы);

- Бейбіт келісімді бекіту туралы анықтама;

- Сот бұйрығы;

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулы.

Аудандық (қалалық) прокуратурадағы

өндірістік тәжірибенің бағдарламасы

Студент танысады:

- Прокуратура жұмысының ұйымдастырылуымен;

- Аудан (қала) прокуратурасының, оның орынбасары мен көмекшілерінің өзара қызметтік міндеттерінің бөлісуі мен;

-Азаматтардың өтініштері, арнауы мен арыздарын қарау және шешу бойынша жұмыстарын жоспарлаумен;

ҚР 1995 21 желтоқсандағы «ҚР прокурратурасы туралы» заңымен және төмендегілерге прокурорлық бақылауды жүзеге асыру әдістемесі және ұйымдастыруға байланысты ҚР бас прокурорының жарлығымен.

- Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүддесін сақталуына қадағалаумен;

-Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың актілерінің заңдылығымен;

-Кәмелетке толмағандарға қатысты заңнама қолдануымен;

-Табиғат қорғау туралы заңнамасының қолдануымен;

-Тергеу және анықтау органдары, әкімшілік және атқарушы өндірістің қызметінің заңдылығымен;

-Соттың қаулысы, анықтамасы, шешім, үкімнің заңдылығы және негізділігімен;

-Есеп беру және ҚР Бас прокуратурасындағы ҚАЖСО-ға беру кезінде жасалған қылмыстарға байланысты түскен азаматтардың арыз, шағымдары бойынша ақпараттарды беру процесімен;

Есепке қосылатын құжаттар тізімі

-Заңнаманы қолдануды тексеру өндірісі туралы қаулы;

-Тексеру жоспары;

-Азаматтар мен заңды тұлғалардың үндеуіне жауап;

-Қадағалау тәртібінде наразылық;

-Заңның бұзылғандығын жою туралы ұсыныс;

-Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісті қозғау туралы қаулы;

-Заңды түсіндіру;

Заңның бұзылғандығын жою туралы таныстыру;

-Прокурордың ҚР 1995 ж. 21 желтоқсандағы «ҚР прокуратурасы туралы» Заңының 23 бабы және ҚР АІЖК 55 бабына сәйкес сотқа өтініші;

-Прокурордың қадағалау актілерін қараусыз қалдыруға байланысты;

-Мәмілені жарамсыз деп тану туралы;

-Құрылтай құжаттары және мемлекеттік тіркеудің жарамсыз деп танылуы туралы;

-ҚР ҚІЖК-нің 190 бабынын тәртібі бойынша прокурордың қабылдайтын қаулыларының бірі;

-Айпталушыны сотқа беру туралы қаулы.

Тергеу және анықтау органдарындағы

Өндірістік тәжірибе бағдарламасы

Студент танысады:

-ІІМ, ҰҚК, қаржы полициясының агентігі орындарындағы анықтау және тергеу аппаратын ұйымдастыру туралы нұсқауларымен бұйрықтарымен; Тергеушінің және анықтаушының жасалған қылмыстар мен және қылмыстық істері бойынша келіп түсетін материалдардың рәсімдеу тәртібімен;

-Қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен басқа да ақпараттарды шешу,есепке алу, қабылдау, тіркеуді, үйымдастырылуымен;

-Айыпталушы мен сезіктіні қорғауды қамтамасыз етуді үйымдастырушымен;

-Тұтқынға алу, тінту, телефон әңгімелерін тыңдау және жазып алуға прокурордың сакциясын алу тәртібімен;

-Қылмыстың жеке түрлерін тергеу ерекшеліктерімен.

 

Есепке қосылатын құжаттар тізімі:

Қылмыстық істі қозғау туралы қаулы;

-Қылмыс болған жерді қарау хаттамасы;

-Бұлтартпау шараны таңдау туралы қаулы;

-Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы;

-Сот сараптамаларын тағайындау туралы қаулы; (1-2 қаулы)

-Айыптау хаттамасы;

-Айыптау қорытындысы.

 

Нотариалдық кеңседегі өндірістік

тәжірибе бағдарламасы

студент танысады:

-ҚР 14.07.99ж. «Нотариат туралы» Заңымен;

-ҚР Әділет Министірлігінің 28.07.98ж. №539 бұйрығымен бекіткен ҚР нотариустарының нотариалдық әрекеттерді жасау тәртібі туралы нұсқаулармен;

-ҚР Әділет Министірлігінің 16.07.98ж. №83 бұйрығымен бекітілген ҚР нотариалдық іс жүргізу нұсқауларымен;

-Нотариалдық әрекеттерді жасауға құқығы бар субъектілерінің құқықтық жағдайымен.

Есепке қосылатын құжаттар тізімі:

-Пәтерді сату-сатып алу шарты;

-Автомашинаны сату-сатып алу шарты;

-Ақшаны алу шарты;

-Талапты қарау кезіндегі сот ісін жүргізуге сенімділік.

- Салымды жұмсауға сенімділік;

-Басты сенімділік;

-Мұрагерлікке құқық туралы куәлік.

 

Адвокат кеңсесіндегі өндірістік тәжірибиесінің бағдарламасы

Студент танысады:

-ҚР «Адвокат қызметі туралы» Заңымен;

-Адвокат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен;

-Адвокатураның қызметі және ұйымдастыру қағидасымен;

-Адвокат көрсететін заңды көмектің түрлерімен;

-Адвокаттың мәртебесімен;

-Азаматтарды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыруымен;

Жобаларды жасайды:

-Азаматтық істер бойынша талап арыздын;

-Апелляциялық және қадағалау шағымдарын.

Есепке қосылатын құжаттар тізімі:

-Балаға алимент төлеттіру туралы арыз;

-Некені бұзу туралы талап арыз;

-Апелляциялық шағым;

-Қадағалау тәртібіндегі шағым;

-Бейбіт келісімді бекіту туралы арыз.

 

Ұйымдардың заңды бөліміндегі

өндірістік тәжірибенің бағдарламасы

Студент танысады:

-Кәсіпорын, ұйым, мекеме және басқа да заңды тұлғалардың заңды қызмет жұмысын ұйымдастыруымен;

-Нормативтік актілердің есепке алу және жүйелендіру, іс жүргізу ұйымдастыруымен;

-Шарттардың уақытылы және дұрыс жасалуын, келісім міндеттемелердің орындалуын есепке алуды қамтамасыз етуімен;

-Құқықтық сараптамада ұсынылған құжаттарды қарау тәртібімен;

-Құқықтық жұмыстың әдістемелік жетекшіліктің ұйымдастырумен;

-Заңды тұлғаны ұйымдастыру процедурасымен;

-Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткізу тәртібімен;

-Өтініштер мен шағымдарды қарау және шешу тәртібімен;

-Ұйымғақойылған алдын-ала талаптық материалдарды қарау тәртібімен.

Есепке қосылатын құжаттар тізімі:

-Жазбаша оферттер мен акцепттер;

-Талаптық арыздар және оларға пікір;

-Тауар жеткізілімі туралы шарт;

-Мердігерлік шарты;

-Кепілдік шарты;

-Тапсырма шарты

-Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар.

 

ҚР Жоғарғы соттын жанындағы сот әкімшілігі

комитеттіндегі өндірістік тәжірибенің бағдарламасы

Студент танысады:

-ҚР «Атқару өндірісі және сот атқарушыларының мәртебесі туралы» Заңымен;

-Орындалу құжаттарын тіркеу және есепке алу тәртібімен;

-Кіріс және шығыс байланыс жіберілімдерінің журналымен;

-Сот орындаушыларының жұмысын тексеру наряд актілерімен;

-Орындалу қағаздары бойынша өндіру дұрыстылығын тексеру актілерімен наряд;

-Баланы асырау үшін алимент өндіру туралы сот бұйрықтарымен;

-Аудандық (қалалық) соттың дипозиттік суммасын есепке алу кітабымен;

-Сауда жүргізу процедурасымен;

-Қарыздар – ұйымның мүмкін тарату өзгешеліктерімен;

 

Есепке қосылатын құжаттар тізімі:

-Сот шешімдерінің көшірмесі;

-Сот шешімдеріне сәйкес берілетін орындалу құжаттарының көшірмесі;

-Куә ретінде тарту туралы сот орындаушысының қаулыларының көшірмесі;

-Қарыздардың адамдық мүлкінің тізімі;

-Сараптама тағайындау туралы көшірме.

Әділет Министрлігіндегі өндірістік

тәжірибенің бағдарламасы

Студент танысады:

-ҚР Үкіметінің 11.03.99ж., 01.08.2002ж. өзгерістері және толықтыруларының негізінде қаулымен ҚР Әділет Министрлігі туралы ережесімен;

-Әділет Министрлігіндегі іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырумен;

Заңдық жоба жұмысын жүргізу, талдау жетілдіру, заңнаманы кодификациялау және жүйелендірумен;

-Нормативтік - құқық актілерге сараптама жасаумен;

-Ноториалдық және адвокат қызметін лицензиялау тәртібімен;

-Қылмыстық – іс жүргізу заңнамасы қарастырған тәртіптегі тергеуді жүзеге асырумен;

-Авторлық және аралас құқықты қадағалауға бақылауды жүзеге асыру тәртібімен.

 

Есепке қосылатын құжаттар тізімі:

-Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары;

-Қозғалмайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттар;

-Нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген сараптамалардың көшірмесі;

-Анықтауды жүзеге асыруда қабылданатын процессуалдық актілер;

-Заңдық жоба жұмысының нәтижелері;

-Жүргізілген құқықтық сараптамалардың көшірмесі;

-Жасалған келісімге сәйкес алынған шетелдік мемлекеттерге өтініш және сот көшірмесі.

 

Қажетті әдебиеттердің тізімі:

1. ҚР Конституциясы

2. ҚР азаматтық кодексі

3. ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі

4. ҚР қылмыстық кодексі

5. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі

6. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

7. ҚР салық кодексі

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі

КҮНДЕЛІК

Өндірістік тәжірибесі бойынша

________________________________________________________________________