ОСТЕОАРТРОЗ ПАТОГЕНЕЗІ
ОСТЕОАРТРОЗ
Остеоартроз (шетел әдебиеттерінде остеоартрит деп атайды)– негізінде буын шеміршегінің дегенерациялық- нәрсізденулік зақымдануы жататын буынның сүлде ауруы. Буын маңы бұлшықеттері, қапшық, байламдар, сілемейлі қабық (синовит), шеміршек асты сүйектер салдарлық зақымдалады. Сондықтан остеоартроз кезінде алғашқы болып шеміршек нәрсізденуі, орташа дәрежелі артрит (синовит) –буын қабынуы дамуы салдарлық болады.
ОСТЕОАРТРОЗ – буын ауруларының ең жиі кездесетін түрі. Остеоартроздың клиникалық көріністері басымырақ қарт адамдардың арасында, рекектер мен жиі бірдей кездеседі. Остеоартроз ұршық және тізе буындарын ішкі протезделуінің ең жиі кездесетін себебі болып табылады.
Остеоартроз түрлері:
1. Алғашқы (идиопатиялық) – сау буында пайда болады.
2. Салдарлық (жарақат, буындар қабынуынан соң, зат алмасудың тұқым қуалайтын бұзылыстары, эндокринді аурулар кезінде) – өзгерген буында пайда болады.
Остеоартроздың қауіп-қатер жайттары болып тұқым қуалауға бейімділік, артық дене массасының, қарттық шақ, буын шеміршегінің төзімділігін төмендетуге әкелетін кейбір мамандықтар (спортшылар, жүкшілер, паркет еденін салушылар және б.) табылады:
механикалық жайттар → шеміршек тінінің кішкенежарақаттары, хондроциттермен протеогликандар өндірілуінің тежелуі.
хондроциттермен буын шеміршегі қалыбының құнарсыз нәруыздарын өндіруі → шеміршектің амортизациялық қасиетінің төмендеуі
веналық гиперемия, ишемия және б. тудырған шеміршектің шеміршек асты сүйек жағынан қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы.
хондроциттермен өндірілетін протеолиздік ферменттердің (коллагеназа) әсерленуі → шеміршек құрылымының бұзылысы
шеміршек тініндегі инсулин тәрізді және түр өзгертулік өсу жайтының тапшылығы → шеміршек қалыбы түзілуінің азаюы
шеміршек тініне жағымсыз әсер ететін буын шеміршегінің жасқа сәйкес өзгерістері кейбір эндокриндік, зат алмасулық және т. б. аурулар, соның ішінде тектік сипаттағы аурулар.
ОСТЕОАРТРОЗ ПАТОГЕНЕЗІ
Буындық шеміршек амортизатор болғандықтан, физикалық жүктеме кезінде пішінін өзгертеді және сүйектердің буындық беттерінің үйкелуін жұмсартады. Шеміршек хондрациттерден және қалыптан тұрады, оның негізгі құрамбөлшектері коллагеннің II түрі, протеогликандар және гиалурон қышқылы болып табылады. Коллаген және протеогликандар хондроциттермен түзіледі. Сілемейлі сұйықтықтан түсетін гиалурон қышқылы буын беттерінің майлануын қамтамасыз етеді. Буындық шеміршектердің тамырлануы және жүйкеленуі болмайды, қоректенуі сілемейлі сұйықтықтан жайылу жолымен және шеміршек асты сүйектің тамырларымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Буындық шеміршекте сүйек тіні сияқты шеміршек тінінің негізін құрайтын жасушадан тыс қалыптың түзілуі және ыдырауынан тұратын қайта үлгілеу үрдісі жүреді. Шеміршектің қалыпты қызмет атқаруы үшін тінде протегликан, коллаген коллаген емес гликонәруыздар және судың арақатынасының маңызы ерекше.
Шеміршектің жағдайы анаболизмдік және катаболизмдік тепе-теңдігіне тәуелді, катаболизмдік үрдістерінің қарқынын шеміршек асты сүйек сілемейлі қабықтың жасушалары және хондроциттермен өндірілетін цитокиндер (интерлейкин - 1, өспені жоятын жайт), циклооксигеназа - 2, металлопротеиназалар (коллагеназа, стромелизин) күшейтеді.
Басқа жағынан шеміршекті тіннің қайтадан қалпына келуіне хондрациттердің түзілулік, қалпына келтіруліктің маңызы бар. Мұнда өсу әсіресе инсулин тәрізді және түр өзгертулік жайттарының, сонымен қатар сүйек шеміршек нәруыздарының морфогенездік өзгерістерінің де маңызы жоғары.
Остеоартроз асқынғанда дегенерациялық үрдістер әсерінен шеміршек жұмсарады, босаңсиды. Онда сүйек тініне дейін кішкенетілінулер пайда болады, гиалуронидаза оның ішіне еніп тілінулерді ұлғайтады. Біртіндеп шеміршек жұқарып, шеміршек асты сүйек бөліктерінің жалаңаштануына әкеледі. Бүлінген буындық шеміршек талшықты дәнекер тінмен алмасады.
Шеміршек тінінің құрымы бүлінуінен амортизациясынан айырылған буындық сүйектік беткейлер жоғарылаған және бір келкі емес механикалық күштемеге қшырайды. Шеміршек асты сүйекте динамикалық күштеме аумақтары пайда болады, олар микроциркуляцияның қайта бөліністік бұзылыстарын туындатады. Бұл шеміршек астылық остеосклероздың, шоқ тәрізді қайта құрылудың пайда болуына, буындық беткейлер иінінің өзгеруіне және жиектік сүйек-шеміршектік ұлғаюлар остеофиттердің пайда болуына септеседі.
Остеоартроз патогенезінде морфологиялық тұрғыда орташа айқын өсіп-өнулік және жалқықты серпілістермен (сілеймелі қабықтың гиперплазиясы және оның бірядролық сіңбеленуі) сипатталатын синовитке ерекше көңіл бөлінеді. Синовиттің пайда болуы ыдыраған шеміршек бөлшектерінің буын қуысына шығуымен байланысты болуы мүмкін, аса ірі бөлшектер кәлцийленіп «буындық тышқан» құруы мүмкін. Шеміршек асты сүйекте кішкене сынықтар анықталады. Шеміршек асты сүйекте де, сілеймелі қабықта да жалқықты-өсіп-өнулік серпіліс, тіндік гипоксияға әкелетін аймақтық қанайналымы және микроциркуляция бұзылысымен қабаттасып өтеді, ауруға бұл созылмалы және үдемелі сипат береді , бірақ жалқықты-өсіп-өнулік серпіліс жалқықты-өсіп-өнулік серпіліс остеоартроз анкилоз дамуы байқалмайды.
Сөйтіп остеоартроз дамуы, буын шеміршегі қалыбының түзілуі және ыдырау тепе-теңдігінің бұзылуына әкелетін механикалық (күштеме) және биологиялық (шеміршектің өзінің жағдайы) жайттардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Нәтижесінде оның молекулалаық құрылымының бұзылуы болады.
Буын шеміршегінің әдеттегі төзімділігі кезіндегі буынға механикалық күштеменің шамадан артық түсуі | Буын шеміршегінің төзімділігі төмендеген кезінде әдеттегі механикалық жүктеменің буынға түсуі |
↓
Буын шеміршегінің бетіне түсетін механикалық жүктеме мен оның осы жүктемеге қарсы тұру мүмкіншілігінің сәйкес келмеуі
↓
Шеміршектің ыдырауы мен оның қалпына келуінің (қайта үлгілеу)
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылысы
↓
Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі
↓
Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы
Глоссарий-жаңа терминдер
Сүйек тінін қайта үлгілеу – сүйек тінін қайта құрылуының үздіксіз үрдісі: остеобластармен іске асырылатын сүйек тінінің құрылуы және остеокластармен жүзеге асырылатын кері сорылуы.
Сүйек тінінің кері сорылуы – сүйектің минералдық құрамбөлшегінің еруі және органикалық қалыптың гидролизі.
Остеоид – сүйектің минералданбаған жасушааралық органикалық қалыбы. Кристалданбаған аморфты кәлций фосфаты, аз мөлшерде кәлций карбонаты және цитратынан тұрады..
Сүйек тінінің минералдануы немесе сүйектенуі– остеоидта кристалдық (гидроксиапатит) кәлцийдің жиналуы.
Остеопатилар (грек. osteon – сүйек + patos- ауру) – сүйек жүйесінің сипаты анықталмаған кез-келген бүлінісі.
Остеомаляция (греч. osteon –сүйек + malakia – жұмсақтық; синонимы: сүйектің жұмсаруы) –сүйектерде кәлций және фосфор тұздарының азаюына байланысты, олардың жұмсаруы. Остеомаляция кезінде остеоид түзіледі, бірақ минералданбайды.
Остеопороз (греч. osteon – сүйек + poros - тесік) – сүйектің тығыздығының төмендеуі. Остеопороз кезінде остеоидтің түзілуі де, оның минералдануы да төмендейді.
Остеосклероз – Сүйектің тығыздығының артуы. Көлемге шаққанда сүйек мәткесінің саны көбеюімен, олардың жуандауымен және сүйеккемігілік қуыстың азаюымен және оның жоғалуымен сипатталады.Рентген арқылы анықталады.
Буындық синдром– тірек-қимыл құралының бүлінісінің бірнеше әйгіленімдік және айғақты белгілерінің бірігуі.
Артрит – буынның, негізінен сілеймелік қабықтың қабынуы.
Құздамаға ұқсас артрит–ішкі ағзалардың жүйелік бүлінісімен және жалақтық сүлде артритпен (cиновит) сипатталатын этиологиясы белгісіз аутоиммундық құздамалық ауру
Құздамаға ұқсас жайт– Иммуноглобулин G-ге қарсы антидене болып табылатын сілеймелі сұйықтықтың және қан сарысуының нәруызы. Құздамаға ұқсас артритпен ауыратын науқастардың 70-80%-да (сірі негізді (серопозитивті) құздамаға ұқсас) анықталады.
Паннус (лат. рannus – құрақ, мата қиындысы) – құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буындағы озбыр түйіршікті тін.
Анкилоз (ankylos –бүгілген, иілген) – буын беткейінің бірігіп кетуі буынның қозғалмауы.
Остеоартроз- (шетел әдебиеттерінде остеоартрит деп атайды)–буын шеміршегінің дегенерациялық-нәрсізденулік бүлінісі. Буын маңы бұлшықеттері, қапшық, байламдар, сілемейлі қабық (синовит), шеміршек асты сүйектер салдарлық бүлінеді.