Формулалар редакторы
Формула редакторын іске қосу үшін курсорды формула енгізілетін орынға қойып, Вставка – Объект – Microsoft Equation 3.0 командаларын орындаймыз. Формулалар редакторында формуланы редакциялау үшін оған тышқанды екі рет шерту немесе Түзету – Объект Формула – Өзгерту (Изменить) командасын шақыру қажет. Формулалар редакторы іске қосылған кезде Word терезесінің меню қатары өзгереді. Жұмыс аумағында тіктөртбұрыш болып объект ауданы белгіленіп тұрады (формула жазған кезде аумақ автоматты түрде ұлғайып отырады), формулалар редакторының саймандар тақтасы пайда болады. Осы саймандар тақтасында математикалық және басқа да қолданылатын символдар батырмалары орналасқан.
Формула редакторының жұмыс аумағында математикалық символдар саймандар тақтасындағы Формула редакторы батырмасының көмегімен енгізіледі.
10.1-сурет. Word программасының терезесі.