Кестеде есептеулер жасау
Кестеде есептеулер жасауға болады. Word сандарды қосуды, алуды, көбейтуді, бөлуді және де басқа да бірнеше есептеулерді яғни ең үлкен және ең кіші, орта мәндерін табуды сонымен қатар логикалық функцияларды қолдануға мүмкіндік береді. ¦яшыққа формуланы енгізу Кесте – Формула(Таблица–Формула) командасы арқылы орындалады.
6.3-сурет. Формула сұхбат терезесі.
Формула = (тең) таңбасынан басталады, ұяшықтың адресінен, кіріктірілген функцияның атауынан, математикалық амалдардың сандық тұрақтыларынан, бетбелгілерге сілтемелерден тұрады. ¦яшық адресі әріптерден және цифрлардан тұрады (әріп – баған аты, цифр – жол аты).
А | В | С | |
А1 | В1 | С1 | |
А2 | В2 | С2 | |
А3 | В3 | С3 |
¦яшықтар адресін қарау режімінен есептеулер нәтижесін қарау үшін көрсеткішті кесте ауданына орналастырып, <Shift>+<F9> пернесін басу қажет. Егер санды өзгертетін болсаңыз, онда есептеуді жаңарту үшін ұяшықты белгілеп <F9> пернесін басу қажет.
Функциямен жұмыс жасау үшін арнайы ұяшыққа сілтемелерді қолдану қажет: ABOVE, BELOW, LEFT, RIGHT (үстінде, астында, сол жағында, оң жағында)