Шаблондар
Шаблон - бұл дайын құжаттардан тыс сақталатын тиімді стильдік баптаулар жиынтығы.
WORD программасы дайын шаблондар негізінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Шаблон құру үшін Файл – Создать командасын орындап, ашылған сұқбат терезеден шаблон батырмасын іске қосу қажет.
4.2-сурет. “Құжат құру” сұқбат терезесі.
Тақырыптар
Тақырыптар төмендегідей безендіру элементтерінен тұрады:
· фондық өрнек;
· негізгі мәтінді және тақырыптарды безендіру стильдері;
· маркерленген тізімдерді безендіру стилі;
· графикалық элементтерді безендіру стилі.
Бұл құралдар электронды құжаттарды безендіруге арналған. Формат - Тақырып командасын орындау арқылы тақырыптарға енуге болады.
4.3-сурет. Тақырып сұхбат терезесі.
Ал, абзац дегенiмiз – парақ шетiнен мәтiннiң сол жағына дейiнгi аралық. Одан басқа, қатар мен абзац аралық интервалдарды анықтауға болады.
Қатар арасындағы интервал
Бiр аралықты (Одинарный) - қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биiктiгiндей. Бiр аралықты интервал символ мөлшерiнен сәл-пәл үлкендеу болады;
Бiр жарым аралықты (Полуторный) - интервал бiр аралықтан бiр жарым есе артық болады,
мысалы символ мөлшерi 10 пункт болса, аралық 15 пункт шамасында болады;
Екi аралықты (двойной) - бiр аралықты интервалдан екi есе артық қашықтық, символдары 10 пунктан тұратын қатарлар арасы 20 пункт мөлшерiнде болады;
Минимум – Word редакторында мүмкiн болатын ең кiшi интервал мәнi, ол әртүрлi жағдайларды (жоғары индекстi) есепке ала отырып орнатылады;
Дәлме-дәл (Точно) - қатар аралығы бүкiл текст үшiн бiрдей дәрежеде болады, егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту (минимум мәнiн) керек;
Көбейткiш (Множитель) – көрсетiлген қатарлар шамасына еселенген интервал, Мәнi (Значение) деген өрiс қатарына қажет мәтiндi енгiземiз (келiсiм бойынша, үш қатар).
Студенттің өзіндік жұмыстары