Тапсырма.
1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашыңыз. Тақырып жолын оқыңыз.
2. Мәзір қатарынан Сервис ®Бума қасиеттері®Жалпы (Сервис®Свойства папки®Общие) командаларын орындаңыз. Бумаларды тек бір орында ашу (Открыть папки в одном и том же месте) өрісі тұсына белгі орнатыңыз.
3. ОК батырмасына басыңыз.
4. Щелкните два раза ярлык диска С: дискісінің жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын оқыңыз.
5. Windows бумасы жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын оқыңыз.
6. Негізгі меню (Главное меню) бумасының жарлығына екі рет шертіңіз. Терезенің тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.
7. Бағдарламалар (Программы) бумасының жарлығына екі шертіңіз. Терезенің тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.
8. Терезені оң жақ жоғарғы бұрышқа ауыстырыңыз.
9. Терезенің өлшемін, ол экранның оң жағын алып тұратындай етіп өзгертіңіз.
10. Бастау (Пуск) батырмасы арқылы бас менюді ашып, Бағдарламалар (Программы) жолына өтіңіз.
11. Бастау (Пуск) батырмасы менюін ашық тұрған терезе мазмұнымен салыстырыңыз.
12. Терезені жабыңыз.
13. Бастау (Пуск) батырмасының жанама менюін ашыңыз.
14. Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз. Сонда өзіңіз бұған дейін жауып қойған Негізгі меню (Главное меню) терезі пайда болады.
15. Терезені жабыңыз.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1. Жұмыс үстелінде Менің жеке құжаттарым деген атпен бума құрыңыз.
2. Менің жеке құжаттарым бумасын ашыңыз.
3. Менің жеке құжаттарым бумасының терезесін экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңыз.
4. Менің жеке құжаттарым бума терезесін бір мезгілде көлденеңінен және тігінен созыңыз.
5.Терезені экран бетін толық алып тұратындай етіп ашыңыз.
6. Ағымдық бумада Тәжірибелік және Менің тәжірибелерім деген атпен екі бума құрыңыз.
7. Тәжірибелік бумасында Microsoft Word программасының Алгоритм деген атпен құжат құрыңыз. Ол құжатқа бума, құжат және жарлықтарды құру алгоритмін жазыңыз.
8. Менің тәжірибелерім бумасында Нүктелік сурет (Точечный рисунок) құжатын құрып, Сызба деген атпен сақтаңыз. Онда компьютердің құрылымын сызба түрінде бейнелеңіз.
9. Тәжірибелік бумасында WordPad (мәтіндік редактор) стандартты қосымшасының WordPad.exe объектісіне жарлық құрыңыз.
10. Менің тәжірибелерім бумасында Paint (графикалық редакторы) стандартты қосымшасының paint.exe объектісіне жарлық құрыңыз.
11. Менің жеке құжаттарым бумасының терезесін қалыпты өлшемге дейін қалпына келтіріңіз.
12. Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде құрылған бумалар мен құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі болмайтындай етіп жойыңыз.
Студенттің өзіндік жеке жұмыстарының тақырыптары
1. Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі.
2. Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері.
3. Жарлықтар мен шартбелгілердің қызметтері.
4. Бумалар мен файлдар.
5. Жұмыс үстелі.
Бақылау сұрақтары.
1. Жұмыс үстелі (Рабочего поля) ұғымына түсінік беріңіз.
2. Есеп тақтасы (Панель задач) қайда орналасқан. Оның қызметі.
3. Іске қосу (Пуск) батырмасының қызметі.
4. Тышқан құрылғысымен басқарудың негізгі әдіс-тәсілдерін айтыңыз.
5. Windows-тің негізгі элементтеріне анықтама беріңіз: объект, шартбелгі (значок объекта), бума (папка), құжат (документ), файл, жарлық (ярлык).
6. Каталог пен буманың, файл мен құжаттың арасында айырмашылық бар ма, болса қандай?
7. Бір объектінің бірнеше жарлығын жұмыс үстелінің әр жеріне орналастыруға бола ма?
8. Менің компьютерім (Мой компьютер) жарлығының қызметі. Себет (Корзина) жарлығының қызметі.
9. Объектіні қалай іске қосуға немесе ашуға болады? Қосымшаларды іске қосу тәсілдерін атап шығыңыз.
10. Белгіленген объектінің жанама менюін ашуға болады. Бума құру алгоритмін келтіріңіз.
11. Объектіні жылдам іздеу алгоритмін айтыңыз.
12. Жарлық құру алгоритмін айтыңыз.
13. Объектіні қалай өшіруге болады?
14. Сілтеуіш (Проводник) программасының қызметі?
15. Ағымдық бума мазмұны Сілтеуіш терезесінің қай панелінде келтіріледі?
16. Сілтеуіш (Проводник) программасының көмегімен ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін келтіріңіз.
17. Сілтеуіш (Проводник) программасында файлдардың орнын ауыстыру, көшірмесін алу әрекеттерінің алгоритмін келтіріңіз.
18. Менің компьютерім (Мой компьютер) бумасының қызметі?
19. Жүйелік шартбелгі дегеніміз не? Жұмыс үстелінде қандай жүйелік шартбелгілер орналасқан?
20. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелік терезесінде ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін айтыңыз.
Зертханалық жұмыс №7.
Тақырып:Windows XP жүйесінің стандартты программалары. Блокнот және WordPad
программалары (4 сағат зертханалық жұмыс, 1-сағ СӨЖЖ )
Жұмыстың мақсаты:Қарапайым мәтін редакторларымен жұмыс жасауды үйрену.