Дискіні дефрагментациялау

Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар-Стандарттар-Қызмет ету программалары-Дискіні дефрагментациялау(Defrag) қатарларын таңдаймыз.2- суретте көрсетілгендей экранда Дискіні дефрагментациялау сұхбат терезесі пайда болады.

 

 

2-сурет. Дискіні дефрагментациялау терезесі

 

Терезенің жоғарғы бөлігінен керекті дискіні таңдау және Дефрагментациялау бсатырмасын басу керек. Ал төменгі бөлгінен талдау нәтижелері және дефрагментациялауды көрнекті бейнелеп көрсетіледі. Дискінің дефрагментациялауды

орындамас бұрын, Талдау (Анализ) батырасын басу арқылы осы операцияға қаншалықты уақыт керектігін білуге болады. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді.

Backup программасы

Архивтеу дегеніміз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшірмесін дискіде немесе дискетте (магнитті таспада) сақтау. Мәліметтерді архивтеу үшін «Мәліметтерді архивтеу» программасы қолданылады. Бұл программа ақпараттың резервті көшірмесін құру және бұрын көшіріліп қойылған ақпараттарды қалпына келтіру мақсатында да қолданылады. Программаны іске қосу үшін Бас менюде: ПрограммаларСтандартты – Қызмет программалары (Служебные программы) – Backup қатарын таңдаймыз. Экранда төмендегі 3-суретте көрсетілген терезе пайда болады.

3-сурет Архивтеу терезесі