ТАПСЫРМА

1. С каталогінің ішінде CTРАНА каталогін құру;

2.СТРАНА каталогіна өту;

3.СТРАНА каталогінда КАЗАХСТАН каталогін құру;

4.КАЗАХСТАН каталогіна өту;

5.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ВКО каталогін құру;

6.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ЮКО каталогін құру;

7.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ЗКО каталогін құру;

8.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ЦКО каталогін құру;

9.ВКО каталогіна өту;

10.ВКО каталогінің ішіне СЕМЕЙ каталогін құру;

11.ВКО каталогінің ішіне УСКАМАН каталогін құру;

12.КАЗАХСТАН каталогіна өту;

13.Оның ішінен ЮКО каталогіна өту;

14.ЮКО каталогінің ішіне ШЫМКЕНТ каталогін құру;

15.ЮКО каталогінің ішіне ТАРАЗ аталогін құру;

16.ЮКО каталогінің ішіне ТУРКЕСТАН каталогін құру;

17.КАЗАХСТАН каталогіне қайтып оралу;

18.ЗКО каталогіна өту;

19.ЗКО каталогінің ішіне АТЫРАУ каталогін құру;

20.ЮКО каталогінің ішіне АКТАУ каталогін құру;

21.КАЗАХСТАН каталогіне қайтып оралу;

22.СТРАНА каталогіна өту;

23.Экранды тазалау;

24.Экранға СТРАНА каталогінің бұтақ тәріздес құрылымын шығару;

 

25.КАЗАХСТАН каталогіне қайтып оралу;

26.ЦКО каталогін жою;

27.Сілтеуішті /Проводник/ ашып, каталогтің сондағы және MS DOS-тағы құрылымының бейнеленуін салыстыру.

 

 

СӨЖ-ТАПСЫРМАСЫ

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика институтының құрылымының бір бөлігін бейнелейтін бұтақ тәріздес каталогтар құру. Келесі сүретте жобасы ұсынылған.

 

Бақылау сұрақтары

1.Каталог және ішкі каталог дегендеріміз не?

2.Жаңа каталог, ішкі каталог қайтіп құрылады?

3.Каталогтің мазмұнын көру командасы?

4.Бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы?

5.Каталогті жою командасы?

6.Жаңа уақыт енгізу командасы?

7.Күн, ай, жыл мерзімін көрсету, жөндеу командасы?

 

 

Лабораториялық жұмыс №1

Тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, СӨЖ - 1 сағат)

Жұмыстың мақсаты:

·Студенттерді MS DOS операциялық жүйесінде жұмыс істеуге үйрету;

·Студенттерді файлдар мен және каталогтар мен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Операциялық жүйедегеніміз тұтынұшы мен диалог құратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін, әр түрлі қолданбалы программаларды орнататын программа.

Операциялық жүйенің негізгі командамалары:

DIR (Directory) –каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді;

MD (MakeDirectory) -ағымдағы каталог ішінен жаңа каталог ашу мүмкіндігін береді;

CD (ChangeDirectory) –бір каталогтан екінші каталогқа көшу, яғни ағымдағы каталогты өзгерту командасы;

RD (RemoveDirectory) –ішінде файлдары жоқ бос каталогті жою командасы;

COPY CON –мәтіндік файл құру;

COPY –файлдарды көшіру командасы;

REN (ReName) –файлдардың аттарын өзгерту командасы;

DEL (Delete) –ағымдағы каталогтан белгігі бір файлды немесе файлдар тобын өшіру командасы;

TYPE –ішінде мәтін жазылған файлдарды экранға шығарып, мәтінді оқұ мүмкіндігін беретін команда;

CLS –экранды тазалау мүмкіндігін беретін команда;

DATE –ағымдағы ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту командасы;

TIME –ағымдағы уақытты экранға шығару және өзгерту командасы;

TREE –ағымдағы каталогтің бұтақ тәріздес құрылымын экранға шығарады.

 

Файлдегеніміз дискідегі немесе басқа машиналық құрылғыдағы өзіндік аты бар облыс. Файлдарда программаның мәтіндерін, құжаттарды, графиктерді, т.б. сақтауға болады. Дискіде әрбір файлдын екі бөліктен тұратын белгілеуі болады, ол екі бөлік: файлдың аты және кеңейуі /расширение/. Файлдың атындағы символдар саны 8-ден аспау керек. Кеңейуі нүктеден кейін басталады, символдар саны 3-тен аспайды. Файлда кеңейудің болуы – қажетті шарт емес, бірақ ол бойынша файл қандай программада құрылғанын білуге болады. Кеңейуге мысалдар:

.com, .exe – орындалуға дайын программалар;

.bat – командалық файлдар (Batch);

.pas – Паскаль тіліндегі программалар;

.for – Фортран тіліндегі программалар;

.c – Си тіліндегі программалар;

.asm – Ассемблер тіліндегі программалар.

 

Каталогдегеніміз ішінде файлдың аттары, олардың көлемдері, қасиеттері, соңғы жаңартылған уақыты, т.б. тұралы мәліметтер сақталған дискідегі орын. Әр бір каталогтың аты болады және де ол басқа каталогтің ішінде тіркелуі мүмкін. Мысалы, егер KNIGA каталогі BIBLIOTEKA каталогінің ішінде тіркелсе, онда KNIGA каталогі BIBLIOTEKA–ның ішкі каталогі деп, ал BIBLIOTEKA каталогі KNIGA-ның жоғарғы каталогі деп аталады.

 

WINDOWS XP –де MS DOS операциялық жүйесін іске қосу:

ПУСК → ВСЕ ПРОГРАММЫ → СТАНДАРТНЫЕ → КОМАНДНАЯ СТРОКА

MS DOS командаларының орындалуларына мысалдар:

25)C:\Documents and Settings\User com>cd\ -С каталогіна көшу

26)C:\>dir- негізгі С каталогінің мазмұнын көру

27)С:\>md BIBLIOTEKA - негізгі С каталогінің ішіне BIBLIOTEKA каталогін құру

28)С:\>сd BIBLIOTEKA – негізгі Скаталогінан BIBLIOTEKA каталогіна өту

29)С:\ BIBLIOTEKA >cd..– ішкі BIBLIOTEKA каталогінан негізгі С каталогіна өту

30)С:\>rd BIBLIOTEKA – BIBLIOTEKA каталогін жою

31)С:\>md BIBLIOTEKA - BIBLIOTEKA каталогін құру

32)С:\ BIBLIOTEKA >copy con ZAMETKA1 – BIBLIOTEKA каталогінің ішінде ZAMETKA1 мәтіндік файлын құру, «В библиотеке много интересной литературы» мәтінін теріп, бірге ctrl+Z пернелерін басамыз.

33)С:\ BIBLIOTEKA >type ZAMETKA1 – ZAMETKA1 файлындағы мәтінді көру

34)С:\ BIBLIOTEKA >copy ZAMETKA1 ZAMETKA2 - ZAMETKA1 файлындағы мәтінді ZAMETKA2 файлына көшіру

35)С:\ BIBLIOTEKA >type ZAMETKA2 – ZAMETKA2 файлындағы мәтінді көру, яғни ZAMETKA2 фалына «В библиотеке много интересной литературы» мәтіні көшірілгенін тексеру

36) С:\ BIBLIOTEKA > dir – BIBLIOTEKA каталогінің мазмұнын көру

37)С:\ BIBLIOTEKA >del ZAMETKA1 – ZAMETKA1 файлын жою

38) С:\ BIBLIOTEKA >ren ZAMETKA2 OPISANIE – ZAMETKA2 файлының атын OPISANIE деген атқа ауыстыру

39)С:\ BIBLIOTEKA > dir - BIBLIOTEKA каталогінің мазмұнын көру

40)С:\ BIBLIOTEKA >cls – экранды тазалау

41)С:\ BIBLIOTEKA >md KNIGA1 - BIBLIOTEKA каталогінің ішіне KNIGA1 каталогін құру

42)С:\ BIBLIOTEKA >md KNIGA2 - BIBLIOTEKA каталогінің ішіне KNIGA2 каталогін құру

43)С:\ BIBLIOTEKA > cd KNIGA1 –BIBLIOTEKA каталогінан KNIGA1 каталогіна көшу

44)С:\ BIBLIOTEKA \ KNIGA1>md RAZDEL – KNIGA1 каталогінің ішіне RAZDEL каталогін құру

45)С:\ BIBLIOTEKA \ KNIGA1>cd.. - KNIGA1 каталогінан BIBLIOTEKA каталогіна көшу

46)С:\ BIBLIOTEKA>tree – BIBLIOTEKA каталогінің бұтақ тәріздес құрылымын көру

47)С:\ BIBLIOTEKA >time – ағымдағы уақытты көру және өзгерту

48)С:\ BIBLIOTEKA >date – ағымдағы күнді, айды, жылды көру және өзгерту

Мұнда,

BIBLIOTEKA , KNIGA1, KNIGA2, RAZDEL – каталогтар;

ZAMETKA1, ZAMETKA2 , OPISANIE – файлы.