Математикада жазылуы Бейсикте жазылуы

Зертханалық жұмыс №3.

Тақырып: Компьютердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері. (2 сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ)

Жұмыстың мақсаты: Компьютердің архитектурасын және компьютер жұмысын ұйымдастыру принциптерін оқып үйрену.

Цифрлық техниканың негізгі құрылғылары, олардың сипаттамасы

ДК-дің функциональдық бөліктері:

1. Жүйелі блок – (кейде процессор деп атайды. Бұл қате)

2. Монитор – дисплей.

3. Клавиатура (пернетақта).

4. «Тышқан» тєріздес манипулятор.

5. Принтер мен сканер.

Жүйелі блоктың ішінде не бар?

Жүйелі блоктың металл корпусының (қанқасының) ішінде қорек блогы, аналық тақта, т.б. орналасқан.

· POWER батырмасы – компьютерді өшіруге, қосуға қажет. Power батырмасы құрастыру кезінде аналық тақтадағы тиісті жерлерге жалғануы керек. Бұл айтылғандар АТХ корпусына қатысты.

· RESET– кез келген жағдайда компьютерді қайта жүктейді.

Компьютерді электр жүйесіндегі болатын кездейсоқ өшуден сақтандыратын (UPS, Uniterruptible Poruess System) құрылғылар арқылы ток көзіне қосады. Қорек блогының шықпасында +3.3, +5, +12, -12, -5 вольттық кернеу болады. Қалған кернеулер қажетіне қарай тақталарда болады. (Мысалы, орталық процессорға қажетті кернеу). Қорек көзінің шықпасындағы кернеу көздері қосымша түрлендірілмейді де бірден қозғауыштары (двигатель) бар құрылғыларға (қатты диск, CD-ROM, т.б) беріледі. Ал қалған құрылғылар аналық тақтадағы төмен деңгейлі кернеу көзіне жалғасады.

Компьютердің єрбір компоненті оларды өндірушілердің көрсеткен сипаттамалары бойынша көрсетілген кернеу көздеріне қатаң тєртіп бойынша жалғанады.

Компьютер іске қосылғанда алдымен қорек блогі тексеріліп, тестен өтеді. Оған көп болғанда 0,1-0,5 секунд уақыт керек. Тест біткеннен кейін орталық процессорға RESET сигналы түседі. Яғни RESET түймесін басқанда шақырылатын сигнал келеді. ¤зін тексеретін тестен өтілген қорек блогы жұмысын бастай алмайды. Бұл электрондық схемаларды зақымданудан сақтайды.

Тест дұрыс өткен жағдайда орталық процессор программаны орындауға дайын болады. Бірақ бұл этапта аналық тақтада орналасқан тұрақты жадыдағы бастаушы (стартовый) программа ғана іске қосыла алады. Осы блоктың жұмысының нєтижесінде басқа программаларды, ал соңынан операциялық жүйені іске қосуға мүмкіндік туады. Алдымен орталық процессордың күй-жағдайын оның жұмыстық мінездемесі тексеріледі. Дєлірек айтқанда қорек кернеуі температурасы, жүйелік шинаның жиілігі, көбейткіш т.б. тексеріледі. Егер олар өндірушінің осы модульге берген анықтамаларына сєйкес келмесе компьютер қосылмауы мүмкін. Тексеру қарапайым есептерді шығару арқылы процессордың ақауын анықтауға негізделген.

Дербес компьютердің ішкі құрылғылары туралы «компьютер архитектурасы» деген термин қолданылады. Бұл дербес компьютердің логикалық ұйымдастырылуын, құрылымын жєне ресурсын білдіреді.

IBM– үйлесімді компьютердің өзге компьютерден ерекшелігі ашық архитектуралық принципінде. Ашық архитектура – көптеген құрылғыларды бір жүйеге біріктіруге арналған бірқатар интерфейстер мен шиналардың үйлестірілген шешіміне негізделген архитектура.

Көптеген басқа компаниялар табыстарын кемітуден сақтанып ашық архитектураны қабылдамады. Ал IBM фирмасы мен оның IBM РС компьютері ашық архитектураның арқасында дүниежүзіне ең танымал болды.

Кез келген дербес компьютер мынадай функционалды бөліктерден тұрады:

· орталық процессор – жүйелік блок ішінде орналасқан

· негізгі жады – ол да жүйелік блок ішінде орналасқан

· сыртқы құрылғылар

Енгізу/шығару құрылымы

Дербес компьютерде қолданушылардың қатынасы кірген мєліметтерді енгізу мен осы мєліметтерді қайта жөндеу нәтижесіндегі процедураны енгізеді. Сондықтан ДК-нің міндеті конфигурациясы ретінде енгізу/шығару құрылымы болып табылады. Қазіргі диалог процесінсіз бола алмайтын қосымша стандартты құрылымды көрсетуге болады.