Агглютинация реакциясы

Агглютинация реакциясы - микробтардың немесе басқа да жасушалардың электролит көмегімен жабысуы, яғни спецификалык антиденелер (агглютининдер) корпускулярлық антигендермен (агглютиногендер) өзара байланысы көзге көрінетін конгломерат ретінде көрінуі. Агглютинация реакциялары жұқпалы аурулар диагностикасында кең қолдануда:

Бөліп алған микробқа идентификациясын жүргізу - антигендік құрылысын анықтау (серотипирлеу), бұл үшін белгілі антиденелерімен агглютинирлеу диагностикалық (анықтаулық) сары су қажет. Реакцияның қорытындысы оң болса - зерттелген микроб сол микробқа сәйкес, қайсысымен бұл анықтаулық сары суын шығарып алу үшін жануарларды иммунизирлейді (сол микробпен жануарларды жұқтырып, жануардың организмінде - қанында антиденелер пайда болады).

Ауру адамның қанның сары суында осы аурудың тудырған микробқа қарсы антиденелерді танып алу үшін (серодиагностика) антиген түрінде белгілі микробтың дақылын (диагностикум) алады. Реакцияның қорытындысы оң болса - осы түрдің микробтары аурудың қоздырғышы болып келеді, себебі аурудың дамуында ауру адамның сары суында микробқа-антигенге қарсы спецификалық қорғаныс антиденелер пайда болған.

Студенттің өзіндік жұмысы

Талсырма 1 Агглютинация реакциясын қою (ингредиенттерді тексеру)

Зер ттеу күн і Мақсаты қолданылган ингредиенттер Зерттеу барысы қорытынды
Ингреди нттердің манызын зерттеу N1 антисары су (гомологиялық) N2 антисары су (гетерологиялық) 3.физ.ертінді 4. физ. ертіндісін -дегі бактериялар қоспасы Сабактың басында үш пробиркада тәжірибе қою, келесі схема бойынша:  
Ингредиенттер Пробиркалар
Антисары су N1. 1мл    
Антисары су N2.   1мл  
Физ.ертінді     1 мл
Бактер. қоспасы 0.1 0.1 0.1

 

Пробиркаларды термостатта 2 сағатқа 37°С сактайды, қорытындысын сабақтың аяғында тексереді.

 

Тапсырма 2. Бөліп алған микробқа идентификациясын жасау үшін шыныда агглютинация реакциясын кою тәжірибиесі.

Зертгеу күн Мақсаты Ингредиент Зерттеу барысы Қорытынды
Бөліп алынган дакылда микробтың турін анықтау Бөліп алынған дақыл Шыныга агглютинацияланатын диагностикалық сары суын және физ. ерітідісін бір тамшыдан тамызады (бақыла-контроль). Әр бір тамшыға бактериялық іл-мекпен зерттейтін дақылды еңгізу, 2-3 мин кейін қай қоспада агглютинация болды екенін бақылайды. Бақылау - контроль қоспада тек қана жеңіл гомогенді лайлану байқалады. Тәжірибеде түйіршіктер көруге болады.  

Ескерту: Иммундық сары су тамшысы бар бактериялық ілмекті физ.ертіндісіне қосуға болмайды. Микробтардың жабысуы тәжірибенің бірінші минутынан бастап көрінеді, шыныны сәл айналдырғанда қоспада түйіршіктер пайда бола бастайды, үлкейіп тамшының шетіне шығады. Бақылау қоспасында біркелкі гомогенді лайлану байқалады. Тәжірибенің қорытындысының суретін альбомға салу керек.