Біржолды автоблокировка

 

Біржолды АБ сұлбаларын келесі талаптардың сақталуымен құрады:

1. АБ сигналдары аралық бойынша тек бір ғана бағытта қозғалысты рұқсат етуі тиіс;

2. Бағдаршамдар арасындағы байланыс үшін желілік тізбектер қозғалыстың жұп және тақ бағыттарында ортақ болуы және тек қозғалыстың орнықтырылған бағытындағы бағдаршамдардың байланысы үшін пайдаланылуы керек;

3. Әр сигналдық қондырғының бағдаршамдарын бір желілік реле Л басқаруы тиіс. Бұл реле қозғалыс бағытына байланысты осы бағдаршамды алда орналасқан бағдаршаммен байланыстыратын желілік тізбекке қосылуы тиіс;

4. Тұрақты тоқтағы РТ-нің сұлбаларында қозғалыс бағытына байланысты БУ-нің кіру соңында импульстік қорек көзін қосу керек, ал шығу соңында – импульстік жолдық релені қосу керек;

Айнымалы тоқтағы РТ-нің сұлбаларында қозғалыс бағытына байланысты БУ-нің шығу соңында кодалық қорек көзін қосу керек, ал кіру соңында – импульстік жолдық релені қосу керек;

5. Орнықтырылған қозғалыстағы біржолды АБ сұлбаларының жұмысы екіжолды АБ сұлбаларының жұмысы сияқты орындалуы тиіс;

Біржолды АБ-ның негізгі элементтері:

- бағыт өзгерту сұлбасы;

- орнықтырылған қозғалыс бағытындағы жолдық бағдаршамдар арасындағы байланысты жүзеге асыратын желілік тізбектер;

- орнықтырылған қозғалыс бағытындағы бағдаршамдардың шамдарын қосатын сигналдық тізбектер;

- орнықтырылған қозғалыс бағытындағы автоматты локомотивтік сигнализацияны қосу үшін арналған кодалау тізбектері;

- диспетчерлік бақылау тізбектері;

- пойыздың стансаға немесе аралықтағы переездерге жақындауын хабарлау тізбектері;

- байланыстыру сұлбалары.

Орнықтырылған қозғалыс бағытына байланысты АБ тізбектерін ауыстырып қосу үшін тізбегінде әр сигналдық нүктеде Н бағыт релесін қосатын бағыт ауыстыру сұлбасы қолданылады. Бұл сұлба 9-суретте көрсетілген.

Тізбектей қосылған Н релелері қоректі әрқашанда “қабылдауда” қойылған стансадан алады. Н релесінің полярландырылған якорінің түйіспесі арқылы 1Н және 2Н қайталағыштары қосылады (9-сурет, а).

Қосарланған сигналдық қондырғыда 1Н релесі әрқашанда Н релесінің полярландырылған якорінің қалыпты түйіспесі арқылы, ал 2Н релесі ауысқан түйіспесі арқылы қосылады.

9-сурет. Біржолды автоблокировканың ауыстырып-қосушы құрылғылары

 

Жалғыз тұрған сигналдық қондырғының 1Н релесі, егер қозғалыс бағыты осы бағдаршамға сәйкес келсе, Н релесінің қалыпты түйіспесімен қосылады.

Әрбір жалғыз тұрған және қосарланған сигналдық қондырғыда бір желілік реле және бір желілік батарея қолданылады (9-сурет, б).

Екіжолды АБ-дағы сияқты қозғалыс бағытына сәйкес Л релесі ауысып қосылады және бағдаршамды алда орналасқан бағдаршаммен байланыстырады.

Тақ бағытты қозғалыста 5/6 қосарласқан бағдаршам тұсында ЖБ желілік батарея 1Н релесінің фронттық түйіспесімен кейін орналасқан бағдаршамның Л желілік релесін қосу үшін, 2Н релесінің тылдық түйіспесімен Л релесі алда орналасқан бағдаршамның желілік тізбегіне қосылады.

Қозғалыс бағытына сәйкес жалғыз орналасқан 3 бағдаршам сигналдық қондырғысында ЖБ қорек көзі 1Н релесінің фронтттық түйіспелерімен кейінгі бағдаршамның желілік тізбегіне қосылады, ал 2Н релесінің тылдық түйіспелерімен Л желілік релесі алда орналасқан бағдаршамның желілік тізбегіне қосылады.

Қозғалыс бағытына сәйкес емес жалғыз орналасқан сигналдық қондырғыда (4 бағдаршам) желілік тізбектен Л релесі және ЖБ қорек көзі толығымен ажыратылған.

Қозғалыс жұп бағытқа ауысқанда желілік тізбек ауысып қосылады:

қозғалыс бағытына сәйкес жалғыз орналасқан 4 бағдаршамда ЖБ қорек көзі кейінгі бағдаршамның желілік тізбегіне қосылады, ал Л желілік релесі алда орналасқан бағдаршамның желілік тізбегіне қосылады;

қозғалыс бағытына сәйкес емес 3 бағдаршамда желілік тізбектен Л релесі және ЖБ қорек көзі толығымен ажыратылады.

Қосарласқан сигналдық қондырғылардың сигналдық релелері (9-сурет, в). тек Л релесінің түйіспесімен қосылады, ал қозғалыс бағытына сәйкес емес жалғыз орналасқан сигналдық қондырғыларда С релесі 2Н релесінің фронттық түйіспесімен қорек алады. С релесінің фронттық түйіспелері ДБ диспетчерлік бақылау тізбектерінде пайдаланылады.

Қосарласқан қондырғыларда тақ бағыт бағдаршамдарының шамдары 1Н релесінің фронттық түйіспесімен, жұп бағытта – 2Н релесінің түйіспесімен қосылады. Жалғыз орналасқан қондырғыларда бағдаршам шамдары Н релесі тура полярлық қорек алғанда 1Н релесінің фронтттық түйіспесімен қосылады.

Тұрақты тоқтағы біржолды АБ-да әр сигналдық қондырғыда бір ортақ И1 импульстік релесі және бір жолдық батарея қолданылады (10-суретте көрсетілген). Импульстік қорек көзі әрқашанда БУ-нің кіру соңына, ал И1 импульстік жолдық реле шығу соңына қосылады.

 

10-сурет. Біржолды автоблокировка рельс тізбектерінің ауысып қосылуы

 

Қозғалыс бағытына сәйкес БУ-нің басы мен соңы орындарын ауыстырады, сондықтан, көршілес рельс тізбектеріндегі қорек көзі мен И1 релесінің ауысып қосылуы талап етіледі. Бұл аралықтағы әр сигналдық қондырғыда 1Н және 2Н релелерінің түйіспелерімен жүзеге асады.

Тізбектердің күйі тақ бағытты қозғалысқа және пойыздың 3 бағдаршам артында болуына сәйкес келеді.

Негізгі релелер және приборлар:

Н – бағыт релесі; Л – желілік реле; 1Н, 2Н – бағыт релесінің қайталағыштары; С – сигналдық реле; С1, С2 – сигналдық реле қайталағыштары; П1 – жолдық реле қайталағыштары; РД – релелік дешифратор; И – импульстік жолдық реле; А – апаттық реле; О – оттық реле; КО, КО1 – қызыл оттың оттық релелері.

Орнықтырылған қозғалыс 3, 5, 7 сигналдық қондырғыларда Н релелері тура полярлық тоғымен қозған және 1Н релелері қосылған.

4 бағдаршам сигналдық қондырғысында Н релесі кері полярлық тоғымен қозған және 2Н релесі қосылған. 1Н және 2Н релелерінің түйіспелерімен АБ-ның тақ бағытты қозғалыстағы жұмысы үшін сигналдық қондырғылардың барлық тізбектері ауысып қосылады.

3П блок-учаскесі бос емес болғандықтан, 1 бағдаршамда – И1¯, П¯, ал 3 бағдаршам тұсындағы Л желілік релесі өшкен күйде. Л релесінің нейтралдық якорінің қайталағыштары болып табылатын С және С1 релелері якорьлерін түсіреді. С1 тылдық түйіспелерімен О оттық реле тізбегі қызыл от шамымен тізбектей тұйықталады. 3 бағдаршамда қызыл от жанады.

С1 релесінің тылдық, О релесінің фронттық түйіспелерімен КО оттық релесінің қорек тізбегі тұйықталады.

3 бағдаршам релелік шкафында И1­ релесі импульстік режимде жұмыс істеп тұр және РД релелік дешифратор арқылы ПИ, ПИ1, П, П1 релелері қозған. О, 1Н, П1 релелерінің фронттық және С1 релесінің тылдық түйіспелерімен 5 бағдаршамның Л релесінің қорегі үшін желілік тізбек кері полярлық тоқпен тұйықталады. Нәтижесінде, 1Н, С1 релелерінің фронттық түйіспелерімен және Л релесінің ауысқан полярландырылған түйіспесімен О оттық реле орамасы арқылы 5 бағдаршамда сары от шамының тізбегі тұйықталады, яғни, 5 бағдаршамда сары от жанады.

5 және 8 бағдаршамдардағы қызыл от шамдары қылдарының бүтіндігі осы шамдармен тізбектей қосылған КО, КО1 оттық релелерінің қозған күйімен бақыланады.

3 бағдаршамдағы қызыл от шамы күйіп кеткен жағдайда, О оттық реле өшеді де, өзінің түйіспелерімен 5 бағдаршамның Л релесін ажыратады. Нәтижесінде, 5 бағдаршамда қызыл от жанады (қызыл оттың тасымалдануы).

Жалғыз орналасқан 4 бағдаршам тұсында кесінді қондырғы пайда болады.

9П РТ-нен тоқ импульстерін И1 релесі қабылдайды. И1 релесі, өз кезегінде, тізбегі 2Н релесінің фронттық түйіспесі арқылы тұйықталған И2 қайталағышын қоздырады. И2 релесінің импульстік жұмысы кезінде тоқ импульстері 9Па РТ-не тасымалданады. 7 бағдаршам релелік шкафындағы И1 релесі импульстік режимде жұмыс істеп, РД-ны қосады. ПИ, ПИ1, П, П1 релелері қосылады.

О, С1, П1, 1Н релелерінің фронттық түйіспелерімен 9 бағдаршамның Л релесіне тура полярлық тоғымен желілік тізбек қосылады.

Л, С, С1 релелері қозғанда 9 бағдаршамда жасыл от жанады.

Қозғалыс тақ бағыттан жұп бағытқа ауысқан сәттен бастап, 3; 5/8; 7/6 бағдаршамдарының Н релелері кері полярлық тоғымен қозып, 1Н релелері өшеді де, 2Н релелері қосылады.

4 бағдаршам тұсында Н релесі тура полярлық тоғымен қозып, 2Н релесін ағытады, 1Н релесін қосады.

Бағыт ауыстыру аяқталғанда рельс тізбектері, желілік тізбектер және сигналдық тізбектер ауысып қосылады.

Аралықтың бос күйінде 4 бағдаршамның Л релесі 2 бағдаршамға бағытталған желілік тізбекке 2Н релесінің тылдық түйіспесімен тура полярлық тоғымен қосылады. Л релесінен соң ізін-шала С, С1 релелері қозады. 4 бағдаршамда 1Н, С1, Л релелерінің түйіспелерімен жасыл от жанады.

Басқа рельс тізбектері мен желілік тізбектер осыған ұқсас жұмыс істейді.

Бақылау сұрақтары:

 

1. Біржолды учаскеде қозғалыстың қойылған тақ бағытында жұп бағытты бағдаршамдардың жай-күйі қандай болады?

2. 1Н және 2Н релелерінің атқаратын қызметі?

3. Қандай жағдайда жалғыз тұрған сигналдық қондырғының релелік шкафында 2Н релесі іске қосылады?

4. Қандай жағдайда жалғыз тұрған сигналдық қондырғының релелік шкафында 1Н релесі іске қосылады?


7. Аппаратурасы орталықтандырылған автоблокировка

Орталықтандырылған автоблокировка (ОАБ) жүйесі біржолды және екіжолды теміржол желілерінде және метрополитен желілерінде пойыздар қозғалысын интервалды реттеу үшін арналған. Жүйе әмбебап болып табылады, яғни ол пойыздардың кез-келген тартымында қолданылады, сонымен қатар жолаушылар пойыздарын орталықтандырылған электрмен қамтамасыз ету (ОЭҚ) желілерінде қолданылады.

ОАБ жүйесінде оқшаулағыш түйіспесіз РТ қолданылған, барлық аралықтық аппаратура аралықпен жанасқан стансаларда орналасады. Тікелей жол бойында рельс желісінің және сигналдық кабельдің электрлік параметрлерін келістіру үшін тек жолдық трансформаторлар ғана қойылады.

Аралықта пойыздардың қозғалысы кезінде негізгі белгі беру және байланыс құрылғылары болып АЛС табылады (метрода - АРС), өтпе бағдаршамдар орнатылмайды. Сондықтан ОАБ жүйесін АЛСО жүйесі деп те атайды.

ОАБ-мен құрылған желілерде аралықпен поездардың қозғалысы үшін негізгі белгі беру құрылғысы АЛС болып табылатынын ескерсек, онда қарқынды қозғалыстағы желілерде локомотивтік құрылғылардың ақаулық кесірінен болатын қарсылығында қозғалыс кідірісін болдырмау үшін локомотивтік құрылғыларды міндетті түрде резервтеу қажет.

ОАБ жүйесін құру процесінде АЛС-тың екі жүйесін енгізу қарастырылады: үздіксіз АЛС (ҮАЛС) және жиіліктік АЛС. Бірақ жиіліктік АЛС жүйесінің қолданылуы шектеулі – тек темір жол желілерінде ғана қолданылады.

Сонымен қатар, ОАБ жүйесіндегі шығу бағдаршамдары аралықтың бостығын көрсететін резервтік белгі беру көзі болып саналады.

Сондықтан АЛС жүйесін пайдаланудағы шынайы орныққан шарттарға байланысты ОАБ жүйесін қолданудың келесі тәртібін қабылдауға болады.

Біржолды желілерде сандық ҮАЛС жүйесін қолдану жеткілікті, пойыз шығу бағдаршамының жасыл оты бойынша бос аралыққа жөнелтілуі тиіс. Мұндай тәртіпті қозғалыс қарқыны төмен екіжолды желілерде де қолдануға болады.

Пойыздар қозғалысы қарқынды екіжолды учаскелерде шығу бағдаршамында сол сигнализацияны сақтай отырып, сандық ҮАЛС жүйесін резервтеу қарастырылады.

ОАБ құрылымы. ОАБ жүйесі оқшаулағыш түйіспесіз электрлік рельс тізбегі негізінде құрылған.

Электрлік тартымды учаскелерде тартым тоғының сенімді үздіксіз кері қайту тізбегі қамтамасыз етеді. Мұнда қолданылатын дроссель-трансформаторлар саны бірнеше есе қысқарады.

Айнымалы тоқтағы электрлік тартымды аралық шегінде ДТ-лар іс жүзінде орнатылмайды. Аралықтық және стансалық рельс тізбектерін бөліп тұрған оқшаулағыш түйіспелер бар болғандықтан кіру бағдаршамы тұсында орнатады.

Тұрақты тоқтағы электрлік тартымда ДТ-лар екі жолды желінің жоларалылықтық перемычкаларын ортататын жерде тартым тоғын теңестіру үшін, сондай-ақ, ТП тартым стансаларының сорушы фидерлерін қосатын тұста, жерге қосу тұсында, сонымен қатар стансаның кіру бағдаршамдары тұсында ортатылады.

Темір жол желілерінде оқшаулағыш түйіспесіз рельс тізбектерінің (БРЦ) жұмысы үшін 425, 475, 575 Гц тасушы және 8, 12 Гц модуляция жиілігінен тұратын амплитудалық-модуляцияланған сигналдарды қолданады.

БРЦ-ның шектеулі ұзындығы – 1000 м, метроларда – 300 м.

ОАБ аппаратурасы стансаларда орнатылады. Аппаратура орналасатын пункттердің ара қашықтығы шектеулі: электрлік тартымды учаскелерде – 20 км, ал дербес тартымды учаскелерде – 30 км құрайды.

Негізгі электрмен қамтамасыз ету көзі болып ЭБЖ табылады, тартым түріне және жергілікті тораптың болуына байланысты резервті қорек көзі ретінде: түйіспелі торап тіреулеріндегі ЭБЖ, оның ішінде ЕӨР жүйесі (екі өткізгіш – рельс), айнымалы тоқтағы электрлік тартымда дизель-генераторлық агрегаттар (ДГА), түрлендіруші құрылғылардан тұратын кешендегі аккумуляторлық батареялар қолданылады.

11-суретте ОАБ жүйесінің құрылымдық сұлбасы келтірілген.

11-суретте оқшаулағыш түйіспесіз РТ-де екі көршілес РТ-нің қорегі бір сигналдық тоқ көзінен (генераторлық) жүзеге асырылады: БРЦ 1 және 2 қоректі 425 ГЦ тасушы сигналдық жиілікті және 8 ГЦ модуляциялық жиілікті ½ Г1 генераторынан алады; БРЦ 3 және 4 475 ГЦ тасушы жиілікті және 12 Гц модуляциялық жиілікті ¾ Г2 генераторынан алады. Сол сияқты ½ Г1 және ¾ Г2 генераторының сигналдары тасушы жиілігімен, сонымен қатар, модуляция жиілігімен айрықша болып келеді, сондықтан қабылдаушы құрылғылардың көршілес РТ сигналдық тоқтарының әсерінен сенімді қорғанысы қамтамасыз етіледі.

Қабылданған құрылымдық сұлбада бір жолдың РТ-і үшін екі тасушы жиілік сигналдарын қолдану жеткілікті. Мысалы, 425, 475 Гц. 1-ші және 2-ші түйіспесіз РТ-нің күйін ½ Г1 генераторынан 425 Гц тасушы жиілікті және 8 Гц модуляциялық жиілікті сигналдарды қабылдайтын 1П1 және 2П1 қабылдағыштары бақылайды.

Бірінші сан РТ-нің нөмірін, ал екінші сан қабылдағыш типін білдіреді. П1 425 Гц тасушы жиілікті сигнал қабылдайды. 3-ші және 4-ші оқшаулағыш түйіспесіз РТ-нің күйін 3/4Г2 генераторынан 475 Гц тасушы жиілікті сигналдарды қабылдайтын 3П2 және 4П2 қабылдағыштары бақылайды.

Қабылданған құрылымдық сұлбада 2-ші РТ-нің 2П1 қабылдағышына, сол сияқты Г типті генератордан жұмыс істейтін 5-ші РТ-нің сигналдық тоғының әсер етуі мүмкін еді, бірақ 2П1 қабылдағышы 5/6 Г1 генераторының қауіпті әсерінен 3, 4, 5-ші РТ арқылы қорғалған. Басқа қабылдағыштар да осындай тәртіппен қорғалған.

 

11-сурет. ОАБ жүйесінің құрылымдық сұлбасы

 

Оқшаулағыш түйіспесіз РТ-нің шунтталуы РТ-нің соңына дейінгі біраз қашықтықта тіркеледі, яғни поездың жақындауы және алыстауы бойынша қосымша шунтталу аймағымен сипатталады, онда РТ-нің нақты ұзындығы , РТ-нің ұзындығы сигналдық тоқ жиілігіне, қабылдағыш кірісіндегі сигналдық жұмыс кернеуіне, РЖ-нің балласт кедергісіне, жолдық қабылдағыштың кері қайту коэффициентіне, пойыздық шунттың нақты кедергісіне, РТ-нің ұзындығына (темір жолда 40-120 м шамасында, ал метрода 12-25 м) тәуелді.

Екі жолды теміржол учаскелерінде көршілес жолдардың РЖ-нің кездейсоқ бірігуі кезінде жолдық қабылдағыштардың жалған қозуын болдырмау үшін төрт айырықша мәнмен ерекшеленетін сигналдар қолданылады. Бұл мәндер 425 және 475 Гц тасушы жиіліктерінің 8 және 12 Гц жиіліктермен модуляциялану нәтижесінде түзіледі. 425/8 және 425/12 сигналдарын бірінші жолдың РТ-і үшін, ал 425/12 және 475/8 сигналдарын екінші жолдың РТ-і үшін қолданады.

ОАБ жүйесінен тұратын учаскелерде шығу бағдаршамы келесі сигналдар мәнін береді:

1. бір жасыл от – стансадан пойызды жөнелтуге рұқсат етіледі, аралық келесі стансаға дейін бос;

2. бір жасыл және бір ақ от – пойызды стансадан жөнелтуге және аралықта АЛС сигналдары бойынша жылжуына рұқсат етіледі, алда кемінде 3 блок-учаске бос;

3. бір жанып-сөнген сары және бір ақ – пойызды стансадан жөнелтуге және аралықта АЛС сигналдары бойынша жылжуына рұқсат етіледі, алда 2 блок-учаске бос;

4. бір сары және бір ақ от – пойызды стансадан жөнелтуге және аралықта АЛС сигналдары бойынша жылжуына рұқсат етіледі, алда 1 блок-учаске бос;

5. қызыл от – пойыздың стансадан жөнелтілуіне тыйым салынады.

ОАБ құрылғыларында қозғалыс бағытын өзгерту үшін екі желілі бағыт өзгерту сұлбасы қолданылады.

ОАБ-да РТ-нің қоректік және релелік соңдары ауысып қосылмайды, бағыт релесінің кездейсоқ қысқа уақыттық жалған қосылуы РТ-нің қалыпты жұмысына әсерін тигізбейді. Жөнелту және қабылдау релелерінің түйіспелері арқылы сигналдық, желілік тізбектер және басқа сұлбалар ауыстырылып қосылады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. ОАБ жүйесінде аралықтық аппаратура қайда орналасады?

2. Орталықтандырылған автоблокировка рельс тізбектерінде қолданылатын негізгі сигналдық тасу жиіліктері қандай?

3. Орталықтандырылған автоблокировка рельс тізбектерінде қолданылатын модуляцияланған жиіліктер қандай?

4. ОАБ жүйесі қолданылатын учаскелерде аралықтың максималды ұзындығы қандай болады?

5. Орталықтандырылған автоблокировкада қандай бағыт ауыстыру сұлбасы қолданылады?

6. Қосымша шунтталу аймағы деген не?

7. ОАБ жүйесі қандай учаскелерде қолданылады?


8. Автоблокировканы стансалық құрылғылармен байланыстыру

АБ құрылғыларын тек кіші стансалармен ғана емес, сол сияқты, ірі стансалармен де байланыстырады.

Байланыстырудың толық сұлбасына төмендегілер кіреді:

1. АБ-ның кіру алды бағдаршамын стансалық кіру бағдаршамымен байланыстыру тізбектері;

2. стансаның шығу бағдаршамдарын АБ-ның бірінші өтпе бағдаршамымен байланыстыру тізбектері;

3. пойыздардың стансаға 2 немесе 3 блок-учаске бұрын жакындауын және алыстауын хабарлайтын тізбектер;

4. жөнелту маршрутына кіретін стансалық РТ-нің АБ-ның бірінші өтпе бағдаршамының көрсеткішіне сәйкес АЛС кодаларымен кодалану тізбектері.

Кіру алды бағдаршамы өтпе бағдаршамдарынан қосымша жанып-өшетін сары және жанып-өшетін жасыл белгілерінің бар болуымен ерекшеленеді.

Жанып-өшетін сары үздіксіз жанатын сары сигналдық көрсеткішімен салыстырғанда әлдеқайда рұқсат етуші болып табылады, ал жанып-өшетін жасыл от үздіксіз жанатын жасылмен салыстырғанда рұқсат етуі төменірек болып табылады.

Егер кіру бағдаршамында біреуі жанып-өшкен екі сары белгі жанса, кіру алды бағдаршамында жанып-өшетін сары от жанады.

Егер кіру бағдаршамы жасыл сигналдық жолақпен бірге жанатын екі сары отпен белгі берсе, онда кіру алды бағдаршамында жанып-өшетін жасыл от жанады.

Кіру алды бағдаршамының сигналдық көрсеткіштеріне байланысты бір жанып-өшетін сары оттан тұратын ОМ типті және бір жанып-өшетін жасыл оттан тұратын ОМЗ типті кіру алды сигналдық қондырғысының сұлбасы қолданылады.

АБ-ны ЭО құрылғыларымен байланыстыру сұлбасы:

1. стансаның әр түрлі жолдарына қабылдау маршруты қойылғанда кіру бағдаршамының көрсеткіштеріне байланысты автоблокировканың кіру алды бағдаршамының және стансадан жөнелту маршруты қойылғанда автоблокировканың бірінші аралық бағдаршамының көрсеткішіне байланысты шығу бағдаршамының дұрыс сигнализациясын;

2. станса алдында поездардың жақындауы мен алыстауы туралы екі блок-учаске бұрын хабарлауды;

3. автоблокировканың бірінші аралықтық бағдаршамының көрсеткішіне байланысты жөнелту маршрутына кіретін стансалық РТ-ін АЛС кодаларымен кодалауды қамтамасыз ету керек.

Стансаға таяу жерде поездарды қабылдау және жөнелту бойынша аралықтық және стансалық құрылғылардың байланысын жүзеге асырады.

Қабылдау бойынша байланысқа кіру алды бағдаршамын басқару сұлбасы кіреді. Кіру алды бағдаршамының қосымша сигналдық көрсеткіштері бар: жанып-сөнетін сары және жанып-сөнетін жасыл оттар.

Кіру бағдаршамын төмендетілген жылдамдықпен жүріп өту қажеттігін көрсететін, орнатылған жылдамдықпен қозғалысты рұқсат ететін кіру бағдаршамында екі сары от жанып тұрса (1/11), онда кіру алды бағдаршамында жанып-сөнетін сары от қосылады.

Жанып-сөнетін сары үздіксіз жанатын сарыға қарағанда анағұрлым рұқсат етуші белгі болып табылады.

Егер кіру бағдаршамында бір жанып-сөнетін жасыл, үздіксіз жанатын сары от және бір немесе екі жасыл жолақ жанса (1/18, 1/12), онда кіру алды бағдаршамында жанып-сөнетін жасыл от қосылады.

Тұрақты тоқтағы АБ-да кіру алды бағдаршамын басқару үшін бағдаршам мен станса арасында келесі тізбектер қарастырылады:

Л-ОЛ – желілік тізбек, кіру алды бағдаршамының желілік релесін қосу үшін арналған.

И-ОИ – хабарлау тізбегі, стансадағы ИП жақындауды хабарлаушы релені қосу үшін арналады.

М-ОМ – кіру алды бағдаршамының тұсындағы М жанып-сөнуші отты қосушы реле тізбегі.

12-суретте кіру алды бағдаршамын ұсақ станса бағдаршамдарын орталықтандыру құрылғыларымен байланыстыру сұлбасы көрсетілген. Кіру алды бағдаршамының жанып-сөнетін сары от түріндегі қосымша сигналдық көрсеткіші бар.

 

12-сурет. Кіру алды бағдаршамын ұсақ стансаның бағдаршамдарын орталықтандыру құрылғыларымен байланыстыру сұлбасы

 

Л релесі кері полярлық тоқпен қозған және 1-ші бағдаршамда сары от шамын қосқан. Желілік тізбекте бірінші жақындау учаскесінің бостығы – ГП, кіру бағдаршамының жағдайы – ГС, кіру бағдаршамында қызыл оттың жануы – АО тексеріледі.

Кіру бағдаршамының сары немесе жасыл отпен ашылуы ГС релесінің қозуымен жүзеге асады. Бұл кезде Л релесінің полярлығы өзгеріп, бірінші бағдаршамда жасыл от қосылады. Кіру бағдаршамында екі сары оттың қосылуы БС сигналдық реле қозған кезде жүзеге асады.

Бұл реленің фронттық түйіспесімен МТС импульстер датчигіне МП жанып-сөнуші реле қосылып, импульстік режимде жұмыс істей бастайды.

МП релесінің үздіксіз импульстік жұмысы КМП релесінен тұратын релелі–конденсаторлық дешифратор сұлбасымен бақыланады. КМП релесінің фронттық түйіспелерімен М-ОМ желілік тізбегі қосылады, сонда М-ОМ тізбегіне МП релесінің түйіспелерімен 1-ші бағдаршамның М жанып-сөнуші релесінің жұмысы үшін тоқ импулстері беріледі. М релесінің импульстік жұмысы КМ релесінің қозуымен бақыланады.

Н бағдаршамында екі сары оттың жану уақыты бойы Л–ОЛ желілік тізбегі бойынша Л релесі кері полярлық тоқпен қозған күйде болады.

М↑ релесінің тоққа тұрған кезінде шаммен тізбектей О релесінің төмен Омды орамасы қосылады, яғни, шам жанады; М↓ релесінің тоқсыз кезінде О релесінің төмен Омды орамасы және жоғары Омды орамаларының тізбектей қосылуы себепті шам өшеді.

М релесі импульстік режимде жұмыс істейді: реле якорі 0,5 с түскен жағдайда және 1 с тартылған жағдайда болады.

М-ОМ тізбегіне М релесіне қорек көзін қосу үшін С релесінің фронттық түйіспесі қосылған және 1-ші бағдаршамда қызыл от жанған жағдайда жанып-сөну режимі тоқтайды.

Қызыл оттың күйіп кетуін АО релесі бақылайды. Якорін түсіре отырып, АО релесі 1-ші бағдаршамның Л және С релелерін өшіреді және мұнда қызыл от жанады, яғни, осылайша күйіп кеткен қызыл оттың артта тұрған бағдаршамға тасымалдануы жүзеге асырылады.

Кіру бағдаршамда шақырушы оттың қосылуын БО релесі бақылайды, оның фронттық түйіспесімен Л релесін кері полярлықтағы тоқпен қоректендіру тізбегі орнайды және 1-ші бағдаршамда сары от жанады.

13-суретте кіру алды бағдаршамының ірі станса бағдаршамдарын орталықтандыру құрылғыларымен байланыстыру сұлбасы көрсетілген. Кіру алды бағдаршамының жанып-сөнетін сары және жанып-сөнетін жасыл от түріндегі қосымша сигналдық көрсеткіштері бар.

Сұлбада кіру алды бағдаршамымен байланыстырудың келесі желілік тізбектері қолданылған׃ ЗС-ОЗС− кіру алды бағдаршамының жасыл жанып-сөнетін отын басқару, сонымен қатар, екінші жақындау учаскесінің хабарлаушы Н2ИП релесін қосу үшін қолданылады; И1-ОИ1 − НИП жақындауды хабарлау релесін қосу үшін қолданылады; ДСН-ОДСН − аралық жолын екі жақты қозғалысқа ауыстырып қосу кезінде бағыт ауыстыру сұлбасы үшін қолданылады.


13-сурет. Тұрақты тоқтағы екіжолды автоблокировканың кіру алды бағдаршамын ірі станса құрылғыларымен байланыстыру сұлбасы


Сары және жасыл оттардың жанып-сөну режимін жүзеге асыру үшін келесі релелер қолданылған׃ М − жанып-сөнуші реле; КМ − бақылаушы жанып-сөнуші реле; ЗС − жасыл және жанып-сөнетін жасыл отты басқару релесі; ЗС1 − ЗС релесінің қайталағышы.

Орнықтырылған біржақты қозғалыста және Н кіру бағдаршамында қызыл от жанған кезде 1ПП блок-учаскесі КЖ кодасымен кодаланады. 1-ші бағдаршам тұсында И↑ релесі және дешифратор қосылады, Ж↑, Ж1↑, Ж2↑, Ж3↑.

Ж2 релесінің фронттық және ЗС1 релесінің тылдық түйіспесімен кіру алды бағдаршамының сары от шамының тізбегі тұйықталады. Рұсат етуші оттың жануын РО оттық реле бақылайды.

Сары оттың жануы кезінде ЗП блок-учаскесі Ж кодасымен кодаланады.

Басты жолға қабылдау маршрутын орнату кезінде ЭО постында НРУ және НГМ1 релелері қозады.

Бұл релелердің фронттық түйіспелерімен ЗС-ОЗС желілік тізбегі тұйықталады, бұл тізбек бойынша кіру алды бағдаршамының З релесі тура полярлықтағы тоқпен қозады. Соңынша ЗС1 релесі іске қосылады.

Бір мезгілде рельс тізбектеріне кодалар жіберіледі׃ Ж − басты жолға қабылдау маршрутын орнату кезінде; З − басты жол бойынша тоқтамай өтетін маршрут орнату кезінде.

Ж және З кодаларын қабылдау кезінде Ж; Ж1; Ж2; Ж3 релелері қосылады. З релесі қосылмайды, өйткені, оның тізбегі ЗС1 релесінің тылдық түйіспесімен ажыратылған.

Ж2 және ЗС1 релелерінің фронттық түйіспелерімен 1-ші бағдаршамда жасыл от қосылады. М¯ релесі тоқсыз күйде болғандықтан, бағдаршам шамы үздіксіз жасыл отпен жанады. ЗП блок-учаскесінің рельс тізбегі З кодасымен кодаланады.

Қарапайым бұрмалармен бүйір жолға қабылдау маршрутын орнату кіру бағдаршамында екі сары оттың қосылуымен аяқталады, олардың жоғарғысы жанып-сөнетін болуы мүмкін. ЗС-ОЗС желілік тізбегі НГМ1 маршруттық реле түйіспесімен ажыратылған (НЗПО1 жұмыс істемейді).

1-ші бағдаршамда ЗС релесі өшкен. 1П рельс тізбегіне Ж кодасы беріледі, оның әсерінен 1-ші бағдаршамның И релесі және дешифраторы жұмыс істейді.

Ж кодасын кодадан шығарғаннан кейін Ж, Ж1, Ж2, Ж3 және З релелері қозады. Сигналдық релелердің мұндай жағдайында 1-ші бағдаршамда қарапайым айқаспа маркалы бұрма бойынша пойыздың стансаға кіру кезінде жылдамдықты шектеу туралы бұйрық беретін жанып-сөнетін сары от қосылады.

Сары от импульстерінің датчигі ретінде КПТШ трансмиттерінің Ж1 түйіспесі қолданылған, ал Ж1 түйіспесімен КПТШ-5 (КПТШ-7) трансмиттерінің Ж кодасының кодалық циклының жиілігіне сәйкес келетін жиілікпен сары оттың жанып-сөнуін жүзеге асыратын М релесі қосылған.

М релесінің импульстік режимі КМ релесінің үздіксіз қозуымен бақыланады.

Көлбеу бұрма бойынша бүйір жолға қабылдау маршрутын орнату кіру бағдаршамында біреуі жанып-сөнетін екі сары оттың және жасыл жолақтың қосылуымен аяқталады (НЗПО1↑).

 

Сұлбаның қорғаныс қасиеттері׃

 

1. Кіру сигналында жасыл жолақтың сөнуінде (НЗПО1↓) және соңынша ЗС және ЗС1 релелері өшуінде ЗС1 релесі якорін жібере отырып, кіру алды бағдаршамында жасыл от шамын өшіріп, сары отты қосады. ЗС1 релесінің тылдық түйіспесімен кодадан шығарушы тізбек қосылады, ол бойынша З↑ релесі тоққа тұрады. З релесінің түйіспесі арқылы жанып-сөнуші реле комплектісі қосылған күйінде қалады және бағдаршамда жасыл от орнына жанып-сөнетін сары от қосылады.

2. Жанып-сөнетін жасыл от шамының күйіп кетуі, яғни, 1-ші бағдаршам өшкен, РО релесі тоқсыз күйде. РО релесінің түйіспесі арқылы Ж кодасымен кодалау жүзеге асырылады және локомотивтік бағдаршамда сары от қосылады.

3. Жанып-сөнетін сары оттың жануы кезінде М немесе КМ релесінің тізбектеріндегі зақымдану бағдаршамда жанып-сөну режимінің тоқтап, үздіксіз жанатын сары оттың жануына әкеп соқтырады. КМ релесінің түйіспесімен ЗП учаскесінің кодалануы З кодасынан Ж кодасына ауысыды.

4. Жанып-сөнетін жасыл от жанғанда М және КМ релелерінің сұлбасында зақымдану болса, онда жасыл от сөніп, орнына сары от жанады (Ж кодасы).

5. М релесінің импульстік жұмысының тоқтауы бағдаршамның өшкен күйіне әкеп соқтырады. Сонымен бір мезгілде КМ релесі сөніп, якорін жіберіп, шамды үздіксіз жануға ауыстырып қосады.

6. М релесінің якорінің тартылған күйінде ұзақ ұстап тұруы бағдаршам шамының үздіксіз жануына әкеп соқтырады. Бұл жағдайда КМ релесі тоқсыз қалып, жасыл отты өшіріп, үздіксіз жанатын сары отты қосады.

Екі жақты қозғалысқа ауыстыру бағыт ауыстыру сұлбасын күйіне келтіру және реттеу жолымен жүзеге асырылады, мұнда барлық сигналдық қондырғыларда ПН релесі қосылады.

1-ші бағдаршамда ПН релесі келесі ауысып қосылуларды жүзеге асырады׃ бағдаршамның рұқсат етуші от шамдарын өшіреді, РТ-нің импульстік қорек тізбектерін қоректік соңнан тұйықтайды, бұрыс бағыттағы қозғалыс үшін кодалау тізбегін релелік соңнан тұйықтайды.

Жөнелту бойынша байланыстыру сұлбасы үшін ЧЛ-ЧОЛ желілік тізбектері қолданылған. 8 бағдаршамға стансаның ЧЛ желілік релесі қосылған. ЧЛ және ЧЛ1 релелерінің көмегімен стансаның шығу бағдаршамы көрсеткіштерін АБ-ның бірінші аралықтық бағдаршамымен байланыстыру, сонымен қатар, таблода бірінші және екінші жақындау учаскелерінің күйін бақылайтын шамдарды қосу жүзеге асырылады.

8 бағдаршамда рұқсат етуші белгі жанғанда С және О релелерінің фронттық түйіспелерінің көмегімен ЧЛ релесі үшін тура полярлықтағы қорек тізбегі орнайды және шығу бағдаршамында жасыл от жанады. Пойыздың маршрутқа түскен сәтінен бастап, IIУП учаскесінің импульстік қорегі тоқтайды; 8 бағдаршамда П, П1 релелері өшеді. Соңғысының түйіспелерімен Л-ОЛ тізбегі ажырайды, нәтижесінде, ЧЛ, ЧЛ1 релелері өшіп, шығу бағдаршамы жабылады.

ІІУП РТ-нен келіп түсетін кодалық импульстерден ЧОИ релесі жұмыс істейді. Бұл реленің импульстік жұмысы кезінде конденсаторлық дешифратор арқылы Ч1УУ бақылаушы релесі қозады. Таблода бірінші және екінші алыстау учаскелерінің күйін бақылайтын ақ шамдардың жануы жалғаса береді.

Пойыздың ІІУП бірінші алыстау учаскесіне шығуы ЧОИ релесінің импульстік жұмысының тоқтауымен және Ч1УУ релесінің өшуімен тіркеледі. Таблода бірінші алыстау учаскесінің бос еместігін бақылайтын Ч1У қызыл шамы жанады, және сол мезгілде екінші алыстау учаскесінің бостығын бақылайтын Ч2У ақ шамы өшеді.

Бірінші алыстау учаскесін поездың толығымен босатуы ІІУП учаскесінің импульстік қорегінің қалпына келуіне әкеледі. 8 бағдаршам тұсында П1 релесі қозады және ол өз түйіспелерімен Л-ОЛ тізбегін тұйықтайды, ал бұл тізбек бойынша ЧЛ релесі кері полярлықтағы тоқпен қозып, Ч1УУ релесінің тұрақты қорегін қосады.

Таблода екінші алыстау учаскесінің бос еместігін бақылайтын Ч2У қызыл шамы және бірінші алыстау учаскесінің бостығын бақылайтын Ч1У ақ шамдары жанады.

Екінші алыстау учаскесі босағаннан кейін ЧЛ релесі тура полярлықтағы тоқпен қозып, полярлы түйіспесімен екінші алыстау учаскесінің бостығын бақылайтын Ч2У ақ шамын қосады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. НРУ, ЧРУ стансалық релелерінің қызметі

2. Айнымалы тоқтағы автоблокировкада станциядан кіру алды бағдаршамына қосымша ақпараттарды беру қай байланыс арналары бойынша жүзеге асырылады?

3. АБ құрылғыларын стансалық құрылғылармен байланыстыру сұлбасындағы М релесінің импульстік режимдегі жұмысын қандай реле бақылайды?

4. Егер жанып-сөнген жасыл от жанып тұрған кіру алды бағдаршамының РШ-да М жанып-сөну релесінің жұмысының ақаулығы кесірінен КМ релесі тоқсыз қалса, қандай өзгерістер болады?

5. Егер жанып-сөнген сары от жанып тұрған кіру алды бағдаршамының РШ-да М жанып-сөну релесінің жұмысының ақаулығы кесірінен КМ релесі тоқсыз қалса, қандай өзгерістер болады?

6. НК2ЖО релесінің фронттық түйіспесі нені бақылайды?


9. Автоматты қоршау құрылғыларының негізгі элементтері

 

Темір жолдардың трамвай, троллейбус, автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысуын переездер деп атайды.

Переездерде қозғалыс қарқындылығына байланысты келесі құрылғылар қолданылады:

1) автоматты бағдаршам сигнализациясы;

2) авто- және жартылай шлагбаумдар;

3) қолмен басқарылатын механикалық немесе электрлік жетектен тұратын жарық сигнализациясымен бірге автоматты емес шлагбаумдар.

Автоматты бағдаршам сигнализациясында переезді автомобиль жолы жағынан екімәнді бағдаршамдармен қоршайды. Пойыз переезге жақындаған сәттен бастап, переездік бағдаршамдар кезектесіп жанып-сөнген қызыл түспен жанып, автокөлікке «Тоқта!» сигналын береді. Мұндай қоршау құрылғысы күзетілмейтін переездерде қолданылады.

Переездің переездік сигнализация және автошлагбаум құрылғыларымен жабдықталуы 14-суретте келтірілген. Автошлагбаумдардан (АШ) тұратын автоматты переездік сигнализацияда переездік бағдаршамдарды 1 автошлагбаумдармен біріктіріп, темір жолдың шеткі рельсінен 6 м-ден кем емес қашықтықта орнықтырады.

 

14-сурет. Переездің переездік сигнализация және автошлагбаум құрылғыларымен жабдықталуы

 

Пойыз жоқ кезде АШ белағаштары тік жағдайда тұрады, яғни, переезд ашық.

Переезге пойыз жақындағаннан бағдаршам сигнализациясы қосылып, 5-10 с-тан соң шлагбаум белағаштары көлденең жағдайға түсіп, переезд жабылады. Бұл шлагбаумдардардың жабылуға кідіруі переезге пойыз таяп қалғанға дейін автокөлік переезді босатып үлгеруі үшін керек.

Пойыз переезді жүріп өткеннен кейін, бағдаршамдар өшіп, шлагбаум белағаштары тік жағдайға көтеріліп, переезд ашылады.

Переезді қоршау үшін переездік бағдаршамдармен қатар қосымша автожолдық белгілер орнықтырылады:

1) «Пойыздан сақ бол» (4)

2) «Абай бол! Автоматты шлагбаум» (5)

3) «Шлагбаумнан тұратын темір жол переезді» (6)

4) «Переезге жақындау» (7).

Бұл белгілер орнықтырылатын арақашықтықтар 14-суретте көрсетілген.

Пойыздың алдында әрбір темір жол тарапынан 15м–ден 800м аралығындағы қалқалау бағдаршамы (2), ал 500–1500м аралығында «С» сигналдық белгісі (ысқырық беру) орнатылады (3).

Қалқалау бағдаршамдарын переезде автомобильдің кідіруі немесе апат жағдайында пойызды тоқтату үшін переезд кезекшісі қосады. Қоршау құрылғысының мұндай типі күзетілетін переездерде қолданылады.

Автоматты хабарлаушы сигнализация переезді қоршау құрылғысы болып табылмайды. Ол күзетілетін переездерде қолданылады және переезге пойыздың жақындағаны туралы переезд кезекшісіне дыбыстық және жарық сигналын беру үшін қызмет атқарады. Хабарлаушы сигнализация үшін переезд кезекшісі отыратын жайдың сыртында пойыздың переезге жақындағандағы туралы хабарлаушы шамы және қоңырауы бар сигнализация щитогы орнатылады (8).

АБ-лық телімдерде переездік сигнализация құрылғыларын электрмен қамтамасыз ету АБ құрылғыларына ұқсас, бірақ бір ғана ерекшелікпен, яғни, переездік бағдаршамдар және автошлагбаумдар үшін барлық жағдайларда (электрлік тартымда, дербес тартымда) айнымалы тоқ қоректендіруші фидерлерінің санына тәуелсіз түрде АБН-72 аккумуляторлық батареясынан резервтік электр қорегімен қамтамасыз ету қарастырылады.

Негізгі қорек фидері (ОХ; ПХ) переездік сигнализация релелік шкафында АБ-ның ЖВЖ-не қосылған ОМ типті трансформатордан беріледі. РОХ, РПХ резервтік қорек түйіспелік желі тіректерінде электр беру желісіне (ЭБЖ) қосылған ОМ типті трансформатордан сол РШ-қа беріледі. Переездік сигнализация шкафынан негізгі және резервтік қорек айнымалы тоқпен жалпы кабельдер арқылы АБ-ның сигналдық қондырғы шкафтарына беріледі. Аккумуляторлық батарея батареялық шкафта (БШ) орналасқан.

АБ–сыз аралықта автоматты переездік сигнализацияны енгізуде негізгі мәселенің бірі болып электрмен қоректендіруді ұйымдастыру болып табылады. Жалғыз ПС үшін ЖВЖ құру тиімсіз, бірақ барлық желілік тұтынушыларды, оның ішінде ПС құрылғыларын электр қорегімен қамтамасыз ету қазіргі танда қажеттік туғызады [1].

Резервті қорек ретінде аккумуляторлар қолданылады.

Переезде бағдаршамдық, хабарлаушы және қалқалау сигнализациясын екі жақты электр қорегімен қамту көздеріне ие МПС подстансасынан және ЖВЖ қоректендіру кезінде аккумуляторлар сиымдылығы 10 сағат ішінде құрылғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

Қажет болса ПС құрылғыларын жалпы пайдалану подстансасына қосуға болады. Онда жергілікті желіден екінші фидер (резерв) қажет болады.

Электр қорегімен қамтамасыз етудің кез-келген вариантында айнымалы ток желісінен аккумуляторлық батареяны қосу сұлбасы өзгеріссіз қалады. 50Гц 220В кернеуі (ПХ, ОХ желілері) сақтандырғыш арқылы ЗБУ қорғаныс блогына, ВАК типті түзеткішке, сонымен қатар, дәнекерлегіш үшін және т.б. мақсаттар үшін штепсельді розеткаға беріледі.

ЗБУ орнына бір батареяға ВАК-12 типті екі параллель жалғанған түзеткішті қосуға болады және олардан переездік бағдаршамдардың оттарының буферлік қоректенуін жүзеге асыруға болады. Бұл күрделі болғанымен, сенімділігі төмен электр торабынан қоректендіруде тиімді нәтижелер береді.

Переезге пойыз жақындаған кезде оның дер кезінде жабылуын қамтамасыз ету үшін жақындау учаскесінің ұзындығын есептеу қажет. Іс жүзінде келесі талаптар жетекшілікке алынады:

а) переездік сигнализацияның әрекеті басталғаннан пойыздың переезге түскеніне дейінгі уақытта, переезге кірген автомобиль переездік сигнализация қосылған сәтте переезді босатып үлгеруі тиіс;

б) темір жол қызметтерінің қосымша келісімінсіз переезд бойынша ұзындығы 24м-ге дейінгі автопойыздардың қозғалысына рұқсат етіледі.

Пойыздың переезге жақындауы туралы қажетті хабарлау уақыты:

tс = t1 + t2 + t3 ,

мұндағы: t1 – автомобильдің переезді жүріп өтуі үшін қажетті уақыт; t2 = 4с - хабарлау тізбегі приборларының және сигнализацияны басқару тізбегінің іске қосылу уақыты; t3 = 10с – кепілдік уақыт қоры.

t1 уақыты келесі формула бойынша анықталады:

,

мұндағы: – шеткі рельстен алшақ жатқан переездік бағдаршамнан (немесе шлагбаумнан) қарсы жатқан шеткі рельске дейін және оған 2,5м қосқандағы қашықтықпен анықталады; =24м – автомобильдің есептік ұзындығы; =5м – автомобильдің тоқтау орнынан переездік бағдаршамға дейінгі қашықтық; =1,4м/с – автомобильдің переезд арқылы қозғалысының есептік жылдамдығы.

Жақындау учаскесінің есептік ұзындығы:

,

мұндағы: 0,28 – жылдамдақты км/сағ-тан м/с-қа аудару коффиценті; – берілген учаскедегі пойыздың орнықтырылған максималдық қозғалыс жылдамдығы, км/сағ.

Жақындау учаскесінің ұзындығын есептегенде хабарлау уақытының минималды рауалы мәнін қабылдайды:

а) шлагбаумсыз және жартылайшлагбаумды автоматты бағдаршамдық сигнализацияда tmin=40 c;

б) жолдың жүріп өтетін бөлігін толығымен жабатын автошлагбаум және хабарлаушы сигнализацияда tmin=50 c.

Пойыздың переезге жақындауы туралы хабар АБ РТ-нің көмегімен беріледі. Переезд орналасқан БУ шегіндегі РТ-ін кеседі. Переезд кесу орны болып табылады. Пойыз қозғалысының бағыты бойынша переезге дейінгі РТ-нің бөлігі жақындау учаскесін ұйымдастыру үшін қолданылады. Жақындау учаскесіне пойыз түскен сәтте переезд жабылады. Переезд артындағы РТ-нің екінші бөлігі қозғалыстың дұрыс бағыты кезінде алыстау учаскесін ұйымдастыру үшін немесе қозғалыстың бұрыс бағытында жақындау учаскесі ретінде қолданылады. Пойыздың жақындау учаскесінен толық шығып, алыстау учаскесіне түсу сәтінен бастап переезд ашылады.

Переездің БУ-де орналасуына байланысты жақындау учаскесінің есептік ұзындығы 15-суретке сәйкес анықталады.

 

15-сурет. Переезд алдындағы жақындау учаскесін анықтау сұлбасы

 

Егер переезд АБ-ның 5 өтпе бағдаршамынан Lp жақындау учаскесінің есептік мәніне тең қашықтықта орналасқан болса, онда жақындау учаскесінің Lф нақты ұзындығы Lр есептік ұзындыққа тең (15-сурет, а). Бұл жағдайда переездің жабылуына хабарлама бір жақындау учаскесі бұрын беріледі.

Переездің АБ-ның 5 бағдаршамына жақын орналасуы кезінде Lp есептік ұзындығы осы бағдаршамға дейінгі қашықтықтан ұзын болып шығады. Бұл жағдайда жақындау учаскесін 5 және 7 бағдаршамдардың арасына орнатады (15-сурет, б). Онда жақындау учаскесінің нақты ұзындығы 7 бағдаршамнан басталады және екі жақындау учаскесін құрайды: бірінші – переезден 5 бағдаршамға дейін, екіншісі – 5 және 7 бағдаршамдар арасы. Бұл жағдайда переездің жабылуына хабарлау екі жақындау учаскесі бұрын беріледі.

Көптеген жағдайлар қатарында екі жақындау учаскесі болғанда, олардың нақты ұзындығы есептіктен артық болып шығады, яғни, ΔL = Lф – Lр артық ұзындық пайда болады. Бұл переездің алдын-ала жабылуына, демек, автокөлік кідірісіне әкеп соқтырады.

Lp пен Lф мәндерін теңестіру үшін 5 және 7 бағдаршамдардың арасындағы РТ-ін кесу және жақындау учаскесін кесілген тұстан ұйымдастыру талап етіледі. Бірақ бұл қосымша аппаратураны талап етіп, АБ-ны күрделендіреді. Сондықтан РТ-ін кеспейді, ал автоматты переездік сигнализация құрылғыларын уақыт кідірісі элементтерімен толықтырады. Бұл уақыт кідірісі жақындау учаскесінің нақты және есептік ұзындықтары арасындағы айырмамен анықталатын учаске бойынша максималды жылдамдықпен қозғалып бара жатқан пойыздың жүру уақытына тең.

Переездік бағдаршамдар және электрлік шлагбаумдар переездегі қоршау құрылғылары болып табылады.

Переездік бағдаршамдардың ІІ–69, ІІІ–69 типтері шығарылад;ындау учаскесіне пойыз түскен сәтте жүзеге асады, ал басқару шитінен – З жабу батырмасын басу жолымен орындалады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Автошлагбаум электрқозғалтқышының номиналды кернеуі қандай?

2. Переездік бағдаршам шамдарының қуаты қандай?

3. Шлагбаумның ашылып-жабылуында қозғалтқыш тұтынатын тоқ шамасы?


10. Автоблокировка учаскелеріндегі қоршау құрылғыларын басқару сұлбалары

Переезді қоршау жүйесінің бірі автоматты переездік бағдаршамдық сигнализация болып табылады. Олар арқылы переезд арқылы автокөліктің қозғалуына тыйым салушы ретінде переезд шегінде келе жатқан жүргізушілерді акустикалық сигналмен пойыздың жақындап қалғандығы туралы ескерту үшін қосымша орнатылған бағдаршамдардың жанып-сөнетін қызыл оттары қызмет атқарады.

Автоматты переездік бағдаршамдық сигнализацияның сұлбасы 4.1- суретте көрсетілген.

16-сурет. Бағдаршамдық сигнализация сұлбасы

 

Переездік бағдаршамдардың оттарын және қоңырауды В қосу релесі және оның қайталағышы ПВ релесі қосады. Переездік бағдаршамдардың жанып-сөнетін сигнализациясы МТ-2 типті маятниктік трансмиттердің және М, КМ және КМК жанып-сөнуші релелер жинағының көмегімен жасалынады.

Жақындау учаскесінде пойыз жоқ болған кезде В және ПВ релелері тоқта тұрады. Сигналдық шамдар мен қоңыраулардың тізбектері ажыратылған, жанып-сөнуші М және КМ релелері сөндірілген. Переездік бағдаршамдардың сигналдық шамдарының бүтіндігін АО және БО оттық релелері бақылайды. Әрбір оттық реле әр түрлі бағдаршамда орнатылған екі сигналдық шамдардың суық және ыстық күйдегі бүтіндігін бақылайды. Егер переезд ашық болып, переездік бағдаршамдардың шамдары бүтін болса АО релесі, ізінше А бағдаршамының және Б бағдаршамының тізбектей жалғанған шамдары В релесінің фронттық релесі арқылы өтетін тізбек бойынша жоғарғы омды орамада қорек алады. БО релесі осы тәріздес қосылған және қозу күйінде тұрады.