Кешкі ас
Шикі жеміс салаты немесе жаңа жұлынған жемістер. Еттің қандай дайындалған түрлері болмасын, балық, құс еттері буландырып, бұқтырып, асып пісіргендері, екі қайнатылған жеміс, тәттіге – жаңа үзіп алынған алма т.б. шөптен қайнатылған шәй.
№2 мәзір
Таңғы ас
Жас және кептірілген жемістер, 1 қатты қайнатылған жұмыртқа, қара нанның кептірілген 2 тілімі, шөптен қайнатылған шәй.
Түскі ас
Шикі жеміс салаты. Қақталған сиыр еті, буға пісірілген картофель, қайнатылған бұршақ тұқымдастар, бал қосқан алма қойыртпағы, шөптен қайнатылған шәй.
Кешкі ас
Авокадодан, памидордан, қиярдан жасалған жеміс салаты, қызылша салаты (майонез, өсімдік майы не лимон қосса болады), күріш араластырған көк бұрыш, қалауыңша қайнатылған жеміс, құрма, шөптен қайнатылған шәй.
№3 мәзір
Таңғы ас
Жаңа немесе қайнатылған жеміс, жарқышақ бидайдан пісірілген бал қосылған тоқаш, шөптен қайнатқан шәй.
Түскі ас
Шикі жеміс салаты, собығымен асылған жүгері, ыстық картошка, тәттіге – алма, шөптен қайнатқан шәй.
Кешкі ас
Жаңа жеміс не жидек салаты, еттен, балықтан, құс етінен дайындалған тағам, пісірілген жұмыртқа, баклажан, көк горчица, бұқтырылған памидор, тәттіге – жаңа жұлынған алма т.б. жидектер, шөптен қайнатылған шәй.
Табиғи тамақ әр түрлі болуы керек
Жоғарыда көрсетілген тамақ тізімдерінен әркімнің жанына жағатын мәзір дайындау мүмкін емес. Осы тағамдарды негізге ала отырып өз мәзіріңізді дайындап алыңыз. Біздің әрқайсымызда белгілі бір тамақ түріне дағдыланғанбыз, осыдан көбінесе бас тарта алмаймыз. Бірақта есіңізде болсын, табиғи тамақтарды неғұрлым мол пайдалансаң, денсаулығың соғұрлым мықты болады. Ашығу бағдарламасын ұстап, осы тамақтарды қолдансаңыз, өмір бойы сыңғырлаған денсаулыққа ие боласыз.
Денсаулықтың он қағидасы
Сен өз денеңді өмірдің керемет құбылысы ретінде құрметтеуің керек.
Сен қоздырғыш ішімдіктерден, барлық табиғи емес, өлі тамақтан бас тартуың,
Сен өз денеңді өңделмеген, тек табиғи, тірі тағаммен қоректендіруің,
Сен өзіңнің денсаулығыңа қалтқысыз қызметіңді ғұмыр бойы арнауың,
Сен дұрыс іс әрекетің, нағыз демалысың арқылы өз денеңнің саулығын сақтап арттыруың,
Сен өз жасаушаларыңды, бұлшық етіңді, қаныңды таза ауамен, күн шуағымен тазалауың,
Сен өзіңнің тәнің мен санаң өзін жаман сезіне бастағанда, қандай болмасын тамақтан бас тартуың,
Сен өз ойыңды, сөзіңді, мінезіңді әрқашан байсалды да, асқақ қалыпта ұстауың,
Сен табиғат заңдылықтары туралы біліміңді тұрақты түрде толтырып отыруың,
Осыны өмірінің мағнасына айландырып, өз істеген еңбегіңе қуануың керек.
Сен табиғат заңына бағынуың керек. Денсаулық сенің құқың, осыны пайдалана біл!
Тарау
Табиғат аяуды білмейді
Бұл кітаптың мақсаты – сіздің табиғи заңдылық жолымен жүруіңізге жәрдемдесу. Егер біз, өзіміздің өмірімізді және денсаулығымызды табиғаттың басқаратын заңымен жүргізе білсек, керексіз бейнеттен құтыламыз, денсаулығымыз мықты, ұзақ ғұмыр, тамаша өмір сүруге қол жеткіземіз.
Біз ішкі тазалығымызды сақтауға тиіспіз. Өз ағзамызға ауру тудыратын уларды және зиянды қалдықтарды жинауға тиіс емеспіз. Осы кітапта айтылатын, қайталанатын ашығу бағдарламасын ұстансақ, ағзамызды тазалауды үйренеміз. Өзіңді сақтау – табиғаттың керемет заңы. Егер біз бақытты, зор денсаулық пен ұзақ өмір сүргіміз келсе, біз табиғатқа қарсы келмей, онымен бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Егер сіз заңдылықты бұзуға әрекеттенсеңіз, онда ол сізді бұзады. Табиғат заңдылықтары ақиқат заңдылық! Егер біз осымен жүрсек, тамаша денсаулықпен марапатталамыз! Ағзаның ішкі тазалығын қалай да сақтау керек, өз денеңді таза сақтаудың төте жолы: дүркін – дүркін ашығу.
Сіз қандай адамсыз
Дүниеде адамны екі түрі ғана бар. Сіз қайсысына жатасыз? Нағыз адам өзі үшін - өзі ойлайды, ал екіншісі өзі үшін біреулерге ойлаттырады. Өз өміріңмен ғұмыр кешу үшін, қажымас ерлік керек. Ашығу мен салауатты бағдарламаны іске асыру үшін, мына уланған әлем мен ауру орта ерлікті қалайды. Өзіңізге жоғары тұрмыс деңгейін жасаңыз! Сыңғырлаған денсаулыққа ұмтылыңыз! Өзіңізді жасық адамдардың деңгейіне түсірмеңіз. Қуатты да күшті болыңыз! Ұзақ өмір сүріп, ширақ, тың қалпыңызды жоғалтпаңыз! Осы кітап ұзақ және деніңіз сау өмір сүру жолында тәрбиелеушіңіз болсын. Осы кітаптан жинайтын білім мен даналық, сізді жаңа өмірге: қиналудың зардабын шекпейтін, жастыққа толы жарқыраған саналы да, қуанышты өмірге жетелеп жеткізсін.
Осы кітапты оқып шықсаңыз, бұл кітап сіздің ағзаңызды қайта түзеуге көмектеседі. Денсаулықты тілеп қана қоймаңыз, бүгіннен бастап әрекет, тағы да әрекет етіп, іске кірісу керек!
Қорытынды:
Бұл кітапта баяндалатынның бәрі ғылми дәлелдерге негізделген. Осы кітап авторы, міне 50 жылдан артық уақыт осында жазылған табиғи өмір сүру әдісін ұстанады. Бұл әдістің өзіне қауіпсіз екеніне, басқаларға да баға жетпес көмек көрсетеріне автор сенімді, алайда оның ойынша, біреуге жараған келесі адамға жарамауы, осы әдіс бәріне бірдей әсер етпеуі мүмкін. Сондықтан да бұл басылым әр адамның пікіріне дәл келеді деп автор міндетіне алмайды. Кітапта аурулардың дәрісі көрсетілмеген. Поль Брэгг бұл жерде дәрігер емес, ол ұстаз.
Р. Оразалиев, Ш. Әбішұлы, Ә. Мұқашбеков.
Поль Брэггтің ізімен(кемелді сұрақтар – толымды жауаптар)
I – бөлім:
Оу, ашыққан! Ағайын!
Денсаулықты түзетіп,
Деп тұрғандар қайтайын.
Сіздерге бір ескертіп,
Алдын ала айтайын,
Соны жүргін ескеріп.
Шыға салып аштықтан,
Апыл-ғұпыл асыққан,
Күйде тамақ талғамай,
Болып кетіп қомағай,
Тамақ көп жеп қоймағын,
Бір айға да шыдамай!
Өйтсең егер абайла,
Емнің бәрін құртып ап,
Жүріп қалма ойбайлап,
Ауырып қап қайталап!
Дәрігердің сондықтан,
Шықаннан соң аштықтан,
Жазып берген жеп, ішсін,
Деген тамақ кестесін,
Бұлжытпастан орында!
Орындасаң кестені,
Сонда ғана кеселді,
Жойып қой бір жолата,
Жетерсің денсаулыққа!
Егер олай етпесең,
Айтқанға мән бермесең,
Дәрігерді тыңдамай,
Соғып тамақ жей берсең,
Өкпелеме ешкімге,
Жол бересің кеселге!
Кесел деген батпандап,
Кіріп алып бойыңа,
Шығатынын мысқылдап,
Алып жүріп ойыңа,
Құрту үшін кеселді,
Салып барлық күшіңді,
Күресе біл аянбай,
Шыдамды боп, төзімді!
.... Бәріңе де тілеймін,
Саулықпен, шат көңілді!
07. 05. 2003 ж. Шалқар Әбішұлы
Жақсылықты – қабағы ашық, жүзі жарқын адамдардан күтіңдер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Ашаң жүзді, ат жақты, күміс шашты, еңсегей бойлы, қақпақ жаурынды, кере қарыс маңдай астына орналасқан көздерінен кемеңгерлік шуағы, жүзінен нұр сәулесі төгілген, ақыл-ойы ұстараның жүзіндей өткір, аққайыңдай сымбатты денесі әлі тіп-тік, іс қимылы ширақ, жүрісі жәй адамның жортқанындай, сөзінен даналық лебі есіп тұратын, жетпісті желкелеп мінген, отыз тісі әлі түгел, өз заманынан көш ілгері туған, қазақтың бір туар ұлдарының бірі, «Қазақ бидайының атасы» атанған, әлемдік деңгейдегі ғалым Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының, Ресей ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының, Украина аграрлық ғылымдар академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Рақым Алмабекұлы Оразалиевпен сұхбат:
Академик Оразалиевтің бірінші толғауы. Тақырыбы: Ашығу бастауын қайдан алған? Қазақсатанда ашығумен емдеу орталығы бар екенін білуім. Ашығумен емдеу орталығын ашқан азамат Шалқар Әбішұлымен танысуым. Қазақстандағы қазіргі жастардың денсаулығының жайы қалай? Бізде артық мүше бар ма?
Құртамын десең кеселді,
Аштықпен емдел деседі.
Егерде аштық ұстасаң,
Кеселің дейді кетеді!
Аштықты ұстап шыдасаң,
Бұл сөзге көзің жетеді! Шалқар Әбішұлы
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, осы ашығу бастауын қайдан алған?
Жауап: – Ашығу емдеудің ең бір көне әдістері. Інжілде 74 қабат қайталанады, ал Құран Кәримнің Бақара сүресінің 182, 183 және 184-ші аяттарында айтылады. Осы әдіс бәріне бірдей, әсіресе жабайы аңдар кең қолданады. Емдеу туралы көне жазбаларда – ашығу табиғи әдіспен емделудің тізімінде бірінші орында тұр.
Қандай мерзімге ашығу жақсы нәтиже беретіні жайлы мамандардың өз араларында әр түрлі көзқарастар бар. Англияда ең жақсы 30 тәулік аштық ұстау деп есептейді. Ағылшындардың емханаларында 30 күндік ашығу қолданылады. Дәрігерлердің көмегімен ашығушы адам төсекте ғана жатады, тұруға бірнеше минут қана рұқсат етіледі. Америкада 30 күн, Германияда 21 тәулік, ал Франция 14 тәулік ашығуды жақтайды, Ресейде осылардың бәрі бар. Ең қуаныштысы біздің Қазақстанда осы мәселмен шұғылданатын Шымкент қаласында 10 күндік аштық ұстау арқылы емдейтін «халық емдеу орталығының емханасы» бар екенін естіп, көзімізбен көріп керемет қуандық.
Теолог – философ ғалым Д. Омаров, биология ғылымдарының ізденушісі Ә. Мұқашбеков үшеуміз жазған «Жасару құпиясы» кітабымызды Шымкент қаласына ғана емес, бүкіл оңтүстік Қазақстан өңіріне белгілі, Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент қаласында ашығу арқылы емдеу орталығының негізін қалаған – ақын, ҚР Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі деген азамат оқып шығып, мені арнайы шақыртыпты. Осы Шалқар Әбұшұлының дем алыс мекемесінде, шәкіртім Әсет Ризаұлы екеуміз 8 қарашадан 12 қараша аралығында болып қайттық.
Шалқар Әбішұлы – Поль Брэгг ілімі негізінде 1995 жылы Шымкент қаласында 42 жатар орыны бар ашығумен емдеу орталығын, өз қаржысына ашыпты. Бұны біз естіп білген емеспіз. Барып керемет разы болып қайттық. 10 күн ашығып емделген науқастардың осы аралықта қалай жазылып кеткендерін, Шалқар Әбішұлына деген шексіз алғыстарын, баталарын көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік, осы азаматтың нағыз «елі үшін еңіреп туған ер екеніне» сүйсіндік! Осы жақта бір жұмадай болдық. Лекциялар оқып, облыстық теледидар арнасынан сөйледік. Шалқар бауырыммен төс қағысып достастым. Осы іс сапарда, өзім керемет құрмет тұтатын, қазақ зиялылырының ішіндегі белді азаматтың бірі: оңтүстік батыс ауыл шаруашылық ғылми-өндірістік орталығының директоры, АШ ғылымдарының докторы, профессор, ғылым, техника және білім беру салалары бойынша Мемлекеттік силықтың лауреаты Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев үнемі бірге болып – Шалқар Әбішұлы екеумізге деген ізеттілік ілтипатын білдіріп жүрді.
Сұрақ: – Қазақстанда қазір жастардың басым көпшілігі ауыратыны құпия емес. Неліктен?
Жауап: – Енді 2005 жылғы «Денсаулық» журалының № 5 санында жарияланған, қазіргі Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы ауру-сырқаудың бір дәйегін айта кетейін.
«Ғылыми – зерттеу инстуттарының зерттеулері көрсетіп отырғандай, елімізде жасөспірімдер арасында ауру – сырқау жыл санап көбейіп барады. Соңғы деректерге жүгінсек жасөспірімдер аурушаңдығының көрсеткіштері тексерілген әр 1000 балаға шаққанда мынадай екен:
Ақмола облысы 177,6
Ақтөбе облысы 424,8
Алматы облысы 90,4
Атырау облысы 183,2
Батыс Қазақстан
облысы 465,3
Жамбыл облысы 305,1
Қарағанды облысы 565,0
Қостанай облысы 469,9
Қызылорда облысы 933,6
Маңғыстау облысы 327,5
Оңтүстік Қазақстан
облысы 212,6
Павлодар облысы 542,4
Солтүстік Қазақстан 423,7
Шығыс Қазақстан
Облысы 650,2
Астана қаласы 311,5
Алматы қаласы 664,2
Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, профессор З. Мажитованың мәліметі бойынша соңғы кездерде елімізде мүгедек балалар мен тіпті бір емес бірнеше созылмалы ауруы бар сәбилер саны арта түсуде.
– Менің пайымдауымша, қазіргі адамзаттың ашқан ұлы жаңалығы, ерікті түрде ашығу және дұрыс тамақтану арқылы өзінің тәнін, санасын, рухын тазарту. Ашығу мен дұрыс тамақтануды ғылыми негіздей отырып, солмайтын жастыққа ие болу. Адам ашығу, дұрыс тамақтану арқылы, мезгілсіз қартаюдың алдын алады. Қартайып масылға айлану қорқынышы әркімнің жүрегінің түбінде ұялап жатыр!
– Бізде артық мүше жоқ. Москвада академик Ивашкиннің (Мокваның гастрология институтының профессоры) пікірі бойынша бауыр, өт, өт жолдары, барып тоқ ішекке жалғасады. Екеуінің арасында (сектор одди) қақпа бар, ол үнемі жабық тұрады, ал тамақ ішкенде 30...40 минут ашық тұрады. Себебі өт қабының ішіне бауырдан келген өт жиналады. Сіз тамақ ішкенде мидан, өтке қақпаны аш деген бұйрық келеді. Келген бұйрықты өт орындайды да, тоқ ішекпен өт арасындағы қақпаны ашады. Өт жеген тамаққа аралсып оны қортады. Көз алдыңызға елестетіңіз, дәрігерге барып қаралдыңыз. «Өтіңізде тас бар, ол кейін қозғалып өт жолын бітеп тастауы мүмкін. Сондықтан өтті қазір сылып алап тастаған жөн». Дәрігер дұрыс айтып тұр. Енді ойлаңыз, тамақ ішкеннен кейін мидан қақпаны аш деген нұсқау келді. Бірақ оны орындайтын орындаушы жоқ! Өт тоқ ішекке келмейді де, жеген тамағыңыз қортылмайды, ал бауырдан өт бөліне береді. Ол (поджелучная железа) асқазанның астындағы безге барады да, басқа мүшелерді бұза бастайды. Сөйтіп адамның ас қорту ағымы бұзылыды. Біз өтті алып тастау арқылы ас қорту ағымының жұмысына араласып кеттік. Тасы болса да, жаман жұмыс істесе де өт орнында болғаны дұрыс.
Қытайлар есептейді: Ағзадағы ең басты мүшелер жүрек, бүйрек, көк бауыр. Ал көк бауыр ең маңызды қуат (энергия) беретін мүше. Осы көк бауырды, ішкі мүшелерден қан тоқтамаса оп оңай сылып, онша керексіз мүше ретінда алып тастайды. Осының салдарынан ағзаның қуат көзі бұзылып, аурудың ең бірінші себебі, қуат (энергия) жоғалады. Қытайда сондай-ақ әйел адамның жатырын алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бүл мүше де қуат (энергия) орталығы болып табылады.
60-шы жылдары Америкада тәжірибе жүргізіп 100 баланың 3 жасқа толғанда соқыр ішектерін алып тастаған. Келесі топтағы 100 баланікін алмаған. Бақылау барысында соқыр ішегі алынбаған балалар қабілетті, ақыл ойы жақсы дамып денсаулықтары жақсы болған. Ал соқыр ішектерін алып тастаған балалар керісінше аурушаң, қабілетсіз, таяз ойлы болып өскен. Кішкентай ғана соқыр ішектің миға әсер ететінін ғалым – дәрігерлер болжай да алмаған. Бұдан шығатын қортынды, табиғат адам ағзасына еш қандай артық мүше жаратпаған. Сондықтан ешбір мүшеңізді алып тастауға асықпаңыз, ізденіңіз! Осылардың ең төте емделу жолы ашығу мен дұрыс тамақтану арқылы табиғаттың емдеу әдісін қолдану.
Академик Оразалиевтің екінші толғауы. Тақырыбы: Тұқым қуалаушылық пен қарымта аурулары деген не? Адам ауруға шалдыққанда ағза мүшелері қандай белгілер береді? Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ме?
Кім болсаң ол бол өмірде,
Жасамай жүр жамандық,
...Жақсылық жасап тірлікте,
Жүргенің болар жөн – анық! Шалқар Әбішұлы
Көз алдыңызға елестетіңіз: Белгілі бір себептермен сіз ұзақ уақыт тамақ ішпесеңіз әлсіздіктен мүлдем қозғала да алмай қаласыз. Тіпті сіз қанша білімді, бай болсаңыз да, сіздің байлығыңыз бен біліміңіз әлдекімнің әкеп берген бір үзім нанына татымай қалады. Бір шайнап жұтқаннан кейін-ақ тәніңізге қуаттың құйылып жатқанын байқайсыз. Бұл керемет емес пе? Осы бір тілім нанның өзі сіздің ішіңіздегі неше түрлі қуатты, іс әрекеттерді қайта іске қосып жіберді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де бір тілім нанның қуаты мен күші, 70 жүк вагоны бар пойыз құрамасын жер шарын бір қабат айналдырып шыға алады. Осы бір үзім нанның құрамындағы элементтердің қуаты сіздің ойыңыз, сезіміңіз, еркіңізден де жоғары тұрғанын бір сәтте болмасын ойланып көрдіңіз бе? Осы бір тілім нанды тек қарның ашқанда ғана жеп күш қуатыңды қалпына келтіресің. Осының нәтижесінде іс әрекетіңді, сөзіңді сөйлеуіңді, ойлауыңды, сезінуіңді ары қарай жалғастыра бересің.
Әрине, қазір де, бұрын да бүкіл әлемде тамақ мәселесі бірінші орында болған, әлі де бола береді. Осыны шешу үшін тіршілік иелерінің бәрі де тырбанып жұмыс істейді, осы үшін талай төңкерістер мен соғыстар да болды, болып та жатыр.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, осы тұқым қуалаушылық пен қарымта қайтару ауруларын қалай түсінесіз?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, сен өте келелі де, тылсым сұрақ қойып отырсың. Барлық аурулар екі түрге жіктеледі: қарымта қайтару, тұқым қуалаушылық ауруы және өзіміздің надандығымыздан болатын ауру. Пәндік әлемде бәрі де туады, өседі, өрбиді, қартаяды, өледі. Ауру да сол сияқты туады, асқынады, шегіне жеткен кезде созылмалы түрге ауысады. Өлгеннен кейін ауру нәзік денеде басқа түрде сақталып келесі өмірде қайта пайда болады. Адам пешенеңе жазған тағдырды өзгертуге болмайды деп ойлайды, бірақта өзіміз шектеулі еркіндігімізбен өзімізге ауру тауып аламыз, сондықтан бұдан құтылатын жол – рухани ілім ғана. Менің айтып отырған ілімім дәрігерлік-метофизика. Бұл дегеніңіз ертедегі философтар қолданған дәрігерлік ілім немесе дәрігерлік ілімнің бастауы. «Мета» деген сөз нәзік дене деген мағынаны білдіреді. Шаштың түсуі, тістің мүжілуіне сыртқы ем қонбайды, себебі аурудың себебі сүйктерде жатыр.
Барлық аурулардың себебі – қанға қосылып алып бірге айланып жүрген уларда, олардың ағзаның осал бөлігінде шоғырлануында.
Ауру асқазанда «туады»-да бес даму сатысынан өтеді. Бірақ біз басталған мезетте аурудан құтылу жолын білмегендіктен, ол тән тініне терең бойлап тұрақтап, созылмалы түрге ауысады.
100 жағдайдың 99-да қазіргі дәрілер ауруға әсер етпейді, керісінше ағзаны улайды. Барлық аурулар ойлау жүйеміздің бұрыстығынан, ал осыны дәрімен емдеу мүмкін емес. Дәрілер керісінше жүйке жүйесін жаныштап, ағзаның қарсыласу-имундық әрекетін әлсіретеді. Онымен қоймай көптеген дәрілер тәннің тінін терең жаралайды. Көптеген антибиотиктардан асқазан мен ішек жолдары ғана емес есту мен көруіңізді де нашарлатады, өстіп ағзаңыздың қорғану қабілетінің быт-шытын шығарады.
Тұқым қуалаушылық немесе қарымта аурулары біздің ойлау жүйеміздің нәтижесі және өткен кезеңдегі өмірімізбен байланысты. Біз өткен өмірлерімізде өзіміздің іс-әрекетімізбен, ойымызбен тұқымды келесі өмірімізге сеуіп кеткенбіз, енді сол тұқымдар өсіп-өнуде. Себепсіз тымау да тимейді. Көптеген қарымталық тұқым қуалайтын ауруларға алған жарақаттарымыз себепкер. Мысалы, жүрек талмасы – өткен өмірдегі жүрек қызметінің бұзылуынан, ол мүмкін апаттан, пышақтан жарақат алғаннан т.б. Осы жағдай ақылға жазылып қалады, ал ақыл да нәзік денелеріміздің біреуі, ол осы деректі келесі денеңе ауыстырады. Ананың жатырында жаңадан дене құралып жатқанда ол ақылдағы жазылып қалған деректер бойынша құралады.
Ауыр дерттердің әрқашанда себебі болады. Мысылы, өкпе аурулары – көкжөтел, туберкулез, баспа – өткен өміріндегі салауатты өмір сүрмеуінің салдары. Бәңгі шегу, темекі тарту, маскүнемдік т.б.
Ағашта көптеген бұталар бар, олар ағаштың діңі арқылы қоректенеді. Осы бұтақтың жапырақатары күз сайын жерге түседі, ал көктемде қайта шығады. Бірақ, бұл әлгі түсіп қалған жапырақтардың өздері қайта өсті деген емес қой. Бұтақ ауру болуы мүмкін, қорек жетіспегендіктен жаңадан өсіп шыққан жапырақтар да ауруға шалдығады. Біз де өзіміздің қарымтамыз біткеннен кейін сау бұтақта пайда боламыз. Қарымта аурулары адамның өткен өмірімен тығыз байланыста. Егер ол зиянды жерде жұмыс істесе, содан ауырса, келесі өмірінде осы мүшесі әлсіз болады. Бала көтермеу, белсіздік, бездердің ауруы адам өткен өмірінде нәпсісіне ие болмауының салдары. Ол өзінің: тіліне, асқазанына, жыныс мүшесіне ие бола алмаған. Сондай-ақ көздің көрмеу мен саңыраулық, мылқаулық та осыған жатады. Неге жаңа туған сәбилер осындай кемшілікпен туады, олар әлі күнәға батып үлгерген жоқ қой? Осының салдары өткен өмірінде бұғып жатыр. Адам ашуланғанда көзі қанталап, көздің жүйке жүйесі бұзылады, осы жиі қайталана берсе көз әлсіреп көруі нашарлай бастайды, көздің қарашығын суқараңғылыққа апаратын шел басады. Мылқау мен саңыраулар өткен өмірлерінде басынан қатты жарақаттанған, миға зақым келген. Мидың шайқалуы, бастың жаралануы келесі өмірінде қояншық, талма ауруына ұшыратады.
Өмірінің соңындағы адамның созылмалы ауруы болашақ ауруының себебі, себебі әлсіз мүшенің қуат арнасы туғаннан бітеліп қалады. Тәндік кемшілік те, құмарлық пен надандық байлауының әсерінен болған біздің қалауымыз, іс-әрекетіміз, өмір сүру қағидамыз. Біздің тәніміз білімсіздіктен ауырады, егер өмірінің соңына таман рухани білім алмаса, келесі өмірінде де аурудан зарлап шегеді. Сол сияқты біздің жақсы от басында, бай отбасында, білімді отбасында, нашар отбасында т.б. жерлерде өмірге келуімізде де белгілі бір заңдылық бар. Ол – бүкіләлемдік әділет заңы немесе қарымта қайтару заңы. Әрбір тірі жан иесінде өмірлік бағдарлама мен өлшеніп берген өмір бар. Жан өзінің мерзімі біткен уақытта тәнді тастап кетеді. Егер де біздің өміріміз Жаратушының еркінде болмаса, дәрігерлер барлық науқастарды емдеп жазар еді. Бізге Жаратушы көмекке Ғазиз жанды жіберген. Ол сізді белгілі бір іс-әрекетке итермелейді, сол кезде ауруыңыздан жазылып аяғыңыздан тік тұрып кетесіз. Барлық қарымталық аурулар құмарлық пен надандық байлауының басқаруымен болады, егер де адам рухани ілімді оқып үйреніп ізгілік байлауына қол жеткізсе, онда оның қарымтасы жеңілдейді.
Сұрақ: – Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ала ма?
Жауап: – Барлық қасиетті кітаптарда тірі жан иелерін қорлауға, қинауға, зорлауға болмайтыны туралы жазылған. Ешкімге, ешбір жан иесіне зияныңды тигізбесең, саған да сондай қарым-қатынас орнайды. Сіздің іс-әрекет пен қылығыңыз ғана емес, ойыңыз бен сөзіңіз де тірі жан иелеріне әсер ететінін біліңіз.
Өзінің ақылын басқара алмайтын адам, өзіне жан-жақтан жау тауып алады, сөйтіп оның өмірдегі мақсаты орындалмайды.
Академик Рақым Оразалиевтің үшінші толғауы. Тақырыбы: Өзімнің тамақтану ережелерім мен ашығу бағдарламам. Тамақ ішу кезіндегі сақтайтын жалпы ережелер. Тіліңіз денсаулығыңыздың айнасы екенін білесіз бе?
Науалы ауылының тұрғыны Жұматай Абылханның баяндауы бойынша, әкесі қадірменді қария Нұртаза Абылхановтың жас шағында Қытайда тұрғанда, Керей арасында бір еркек қойдың етін намысқа тырысып түгел жеп қойып «Найманның тажалы атануы» туралы әкесінің айтқан әңгімесі.
Табиғи жолмен денені,
Тазалап удан беретін.
Аурудың бәрін сонымен,
Түк қалмай бірге кететін.
...Ойланбай ұста аштықты,
Саулыққа тездеп жететін! Шалқар Әбішұлы
Ашығу – тазаланудың әдісі. Тамақ жеген кезімізде, ағзамыз пайдалы заттарды қабылдап, зиянды және бөтен заттардан арылғысы келеді. Бірақта, ағза осыларды үнемі ажырата алмайды, не оны лықа толтырып тастадық немесе ішіп жеген тамағымыз өте лас. Бұл жағдайда қалдықтар: улар, маңқа мен шырыш, тастар ағзада, әсіресе ішекте, бас қуыстарында т.б. жерлерде шоғырланып жинала береді.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, өзіңіздің тамақтану мен салауатты өмір бағдарламаңызды айта кетсеңіз.
Жауап: – Жәрәйді айтайын, мұнда тұрған еш қандай құпия жоқ.
Сұрақ: – Тамақты қалай шайнайсыз, қалай жұтасыз?
Жауап: – Тамақты асықпай әбдән ұсақталғанша шайнаймын, сұйық тамақты да аз-аздан ғана дәмін келтіріп барып, ұрттап-ұрттап қана ішемін.
– Менің жеке тамақ ішу бағдарламам, жоғарыда айтылып өткен шарттарды сақтай отырып, таңертең тұрып 5-6 шақырым жүгіріп келген соң 25 минут дене жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын жасаймын, сонан соң аз ғана суға пісірілген күрішпен аузымды ашамын, себебі күріштің қасиеті іштегі уларды өз бойына сорып алатындығында. Қуырылған асты жемеймін, тіпті палауды да. Қуырылған тамақ адам ағзасына шырыш пен маңқа шоғырландырады. Ата бабаларымыз сияқты, шәйді тамақ жердің алдында ішіп, асқазанымды тамақ қабылдауға алдын ала дайындаймын. Тамақтан соң сұйық ішпеймін, ішетін шәйім тек қана көк шәй. Етті өзім ойлап тапқан әдісіммен пісіремін, ет қайнап көбігі бетіне шыққан соң сорпасын түгелдей төгіп тастаймын да суық суға бір шәйіп алып, қайтадан таза су құйып ары қарай толық пісіремін. Бұлай істеуімнің себебі, еттегі сорпа бетіне қалқып шыққан холестериннен, майдан осылай құтыламын. Етті онша көп жемеймін, бірер үзіп қана аузыма саламын, түскі тамақ алдында 1...2 алма жеймін, кешке тамақ ішпеуге тырысамын. Еш уақытта тоя тамақ жемеймін, екі-үш асаған тамақ маған жеткілікті. Тамағымның негізгі құрамы көкөністер мен жемістерден тұрады. Салатты тамақтың алдында емес, тамақпен араластырып жеймін. Маған келетін болсақ, апта сайынғы 24-36 сағат және жылына 4 қабат 7-10 тәуліктік ашығу мен үшін жеткілікті. Мен аптасына 12 рет қана тамақтанам, кей кезде онан да аз, егер құрсағым қатты ашпаса тамақ ішпеймін. Тағы ескертейін, ашығу ілім. Сондықтан да, ғажайып күтемін деп өзіңізді ұзақ ашығуға аса қысамаңыз. Тәжрибелі маманның кеңесіне құлақ асыңыз. Маман қысқа мерзім ашыққаның да пайдалы екенін мақұлдайды. Сізді апта сайынғы 24-36 сағаттық және әр тоқсандағы 7-10 тәуліктік ашығуыңыз, сізді ұзақ мерзімге ашығуыңызды дайындайды.
Сұрақ: – Өзіңіздің ашығу бағдарламаңыздың кестесі қалай?
Жауап: – Мен өзімнің ашығу бағдарламды ұстанғаныма 20 жылдан астам уақыт болды. Осының пайдалы әсерін әлі де шәкірттерім, достарыммен бірге көріп келемін. Өзімнің ашығу бағдарламама апта сайынғы және жылына ұзақ мерзімге ұстайтын 4 қабат ашығу кіреді. Әр жылдың басында, өзімнің ашығуыма ыңғайлы 7-10 күн ашығатын күндерімді белгілеп аламын. Неге 7-10 күн деп айтамын? Менің 7-10 тәулік ашығуымның себебі, осы уақыт өзімнің ағзамның толық тазаруына жеткілікті екенін бар болмысыммен сеземін. Менің ашығумен шұғылданып жүргеніме 20 жылдан асты, оның маған тиігізетін әсеріне өте сезімталмын. Қай мезетте ашығуды тоқтату керектігін, ішкі сезім даусы өзі айтады. Әдетте ашығуды қаңтардың басынан бастаймын да 9-10 тәулік ұстаймын. Келесі ашығуымды ерте көктемге белгілеймін. Менің көктемгі ашығуым 10 күн, себебі қыстан шыққан ағзамды толықтай тазалап алуым керек.
Сұрақ: – Ашығу адам ағзасын қалай шыңдайды?
Жауап: – Ашығудың адам ағзасын тазалайтыны соншалық, барлық жүйенің жұмыс жасауы күшейіп, ағзаның жылу реттеу жүйесі керемет болады. Мысалы, мен қаңтар айында жайма-шуақ Алматы қаласынан, Астана қаласына – күннің суықтығы минус 25-35 градус аязда барамын. Үзбей ашығудың және дұрыс тамақтануымның арқасында менің ағзам, шыңылтыр аязға тез бейімделеді. Мен осы жердің тұрғындарымен салыстырғанда, ауа райының қолайсыздығына шыдамдымын.
Ауа райына бейімделушілік, ашығу кезінде ағзадан уларды шығарып, өмірлік күшті қалпына келтірген кезде болатын ғажайыптардың біреуі ғана. Өзім айтқандай, ауа райы суық қалаларға келгенімде, олардың бөлмелері мен залдары ыстық, желдетілмеген. Ондағы ауа адамдардың дем алу нәтижесінде көмір қышқыл газымен қанықтырылған, міне осыған байланысты көктемгі ашығудың мен үшін маңызы зор. 10 тәуліктің ішінде, мен өз ағзамды қыс бойы жиналған улы, зиянды заттар қалдықтарынан тазалаймын.
Үшінші ашығу уақыты жаз айлары шілде мен тамызда өтеді. Бұл ашығу жеңіл өтеді, себебі жазда атыздан тікелей жаңа үзіп алыңған жемістер мен көкеністерді қалауымша жей аламын. Осы ашығудан, басқа ашығулармен салыстырғанда ләзатті көп аламын. Осы мезетте де бұрынғыдай тынымсызбын, рухани де, тәндік те жігерлімін.
Төртінші күзгі ашығуым қазан айының аяғы, қараша айының басына келеді. Ашығудың пайдалы әсері жинақтала беретінін айтқанмын.
Сұрақ: – Ашығудың әсерін қай мүше арқылы байқауға болады?
Жауап: – Сіздің тіліңіз сиқырлы айна. Сіздің тіліңіз арқылы, ағзаңыз бен жасаушаларыңызда қанша мөлшерде улы заттардың шоғырланғанын білуге болады. Ішкі мүшелердің жағдайын тіліңіз айтады. Тіліңіздің бет қабаты жарылып, шеттерінде тіс табы қалады. Сау қалыпта тіліңіз ылғалды, қызыл шырайлы, таза болады.
Бозарып кеткен тіл – қанның дұрыс айналмайтынын, жүректің нашар жұмыс істеуін және қан тамырларыңыздың шырышқа толып кеткенінің көрсеткіші. Тілдің бозаруы сондай-ақ, қанның қызыл түйіршіктерінің азайғанының тікелей көрсеткіші.
Егер тіліңіздің үсті сарғыш немесе сарғыш жасыл болса бауырыңыз дұрыс емес, запыранның ішекке жиналуын, өтке запыранның келетін жолының бітелуін, қан тамырларыңызда қанмен қоса запыранның айналып жүргенінің айғағы. Таңертең тұрғанда аузыңызда кермек дәм болса, өтіңіздің бұзылып тас байланып жатқаны.
Егер тіліңіз жасыл көкшіл болса, онда жүрегіңіз әлсіз, ішкі қуатыңыздың азайғанынң белгісі.
Тіліңіздің шетіндегі тістің табы – ішегіңіздің сіңіру қабілетінің нашарлығын және асқазаныңыздың тамақты қортпайтынының көрінісі.
Егер тіліңізді қоймалжың ақ уыз басып алса, ағзаңызда улар бар. Мысалы: тіліңіздің ұшындағы ақ уыз удың ішекке, ал ортасына жиналса асқазаныңызға, егер астына жиналса онда жүрегіңізге шоғырланғанының дәлелі.
Тіліңіздің ортасындағы жолақ омыртқаңыздағы кеселді, беліңіздің ауратынының, ал жолақ қисық болса хандроздың көрсеткіші.
Сұрақ: – Тіл асқазан мен бүкіл шығару жүйесінің айнасы. Сіздің ағзаңызда өңешіңізден тік ішегіңізге дейін созылған он метірлік арна бар. Осы арада ылғал мен жылу жиналады. Біз жеген тамақтың барлығы осы арна арқылы өтеді. Осы аралықты өту үшін, әртүрлі тамаққа әртүрлі уақыт керек. Осы күні көптеген адамдар ауыр, қышқылдандыратын тамақ ішеді. Олар мол мөлшерде ақ ұнды, рафинадталған қантты, қанықтырылған майды жейді. Ішектен тез өту үшін, осы өркенниетті деген тағамдарда қалыпты ылғалдық, түтілгіштік, тығыздық болмайды. Көптеген ауруды қоздырушы себепкер болып қалушы бар, ол тік ішектің бекітілуі (запор). Осыны әртүрлі себептермен түсіндіреді, менің көзқарасымша, ішкен тамақ пен шыққан дәрет арасында тепе-теңдік болмаса, тік ішек бекітіледі. Бұл көптеген аурулардың бастамасы. Дені сау қалыпты адам, тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағат аралығында үлкен дәретке барып, артық қалдықтарды шығарып тасауға тиіс. Адам сонда ғана өз-өзінен уланбайды. Бұндай адамның дені әрқашан да сау, көңілі көтеріңкі болады. Осыны өзімізге жасаған тәжірибелеріміз де дәлелдеуде.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, тамақ ішкенде қандай ережелерді басшылыққа алуымыз керек?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, өзіңде талай рет байқаған шығарсың, адамдар тамақты дұрыс жей алмайды. Өзіңіз тамақ ішкен адамдарды бақылаңызшы. Олар тамақты тек ойланбай шайнап жұта береді. Тамақ ішу барысында басында неше түрлі аласапыран ойлар жүйткіп жүреді, ал жүрегі қым-қиғаш сезімдерге толы болып, онымен қоймай тамақ ішіп отырғанда айтысып, дауласып жатады. Осылай олар өзінің ағзасының жұмысын бұзады: бір де бір ағым: ас қорту, уларды шығару және сөл бөлетін бездердің жұмысы дұрыс жүрмейді.
Мыңдаған адамдар ауруларының себептері, тамақты дұрыс ішпегендіктен болатынын білмейді. Жанұяларға қараңызшы, тамақ ішпегенше әркім өз ісімен өзі әуре. Ал дастархан басына жиналып тамақ іше бастағанда әңгіме өрбіп, кей кездерде бір-бірімен жанжалдасып та жатады. Осындай шулы отырыстан кейін денең ауырлап маужырап ұйқың келеді, барып демалуың қажет, ал кімге жұмысқа бару керек, ол құлықсыз кетеді. Ал дұрыс тамақтанған адам өзін жеңіл, тамаша сезінеді.
Сондықтан да – тамақ ішу кезіндегі сақтайтын ережелер төменгідей:
1. Қарныңыз ашып тұрмаса еш уақытта тамақ ішпеңіз. Бұл ережені сақтамасаңыз, ішкен тамағың қортылмайды, ал қортылмаған тамақ ағзаңызды улайды.
2. Шаршағанда, ашуланғанда, қорққаныңызда, жақтырмаған кездеріңізде тамақ ішуші болмаңыз. Қатты сезім әсеріне беріліп кеткен кезде, асқазан мен ішек тамақты дұрыс қабылдай алмай ішкен тамағыңыз уланып кетеді.
3. Тамақ ішердің алдында дәрет алыңыз: аузыңызды шайып, беті қолыңызды, аяғыңызды өкшеге дейін жуыңыз, мүмкіндік болса душқа түсіп шомылып алыңыз.
4. Тамақты шығысқа қарап отырып ішіңіз, егер солтүстікке немесе батысқа қарап тамақтансаңыз денеңіздегі қуатыңыздың деңгейі төмендеп кетеді.
5. Тамақ сүйіспеншілікпен дайындалуы керек. Тамақты пісіретін адамның көңіл күйі мамыражай, көтеріңкі күйде болып, ықыласымен дайындалған кезде ғана тамақ жеңіл қортылады. Байқайсыз ба – жас бала немесе сәбилер дайындаған тағам шала піссе де өте дәмді болатынын, себебі ол шын ықыласымен, пейілімен ата-анасын не келген қонақты разы қылсам деген ниетте болады, осыған жүрегімен қуанады, шаттанады. Егер де тамақ нашар көңілмен, ықлассыз, уайымда, ашуланғанда, қайғыда, үрейленгеде т.б. жағдайларда пісірілсе сізге ешқандай да пайда бермейді. Тамақ дайындаған адамның көңіл күйі тамаққа беріліп тамақтың дәмі мен сапасы болмай уға айланып кетеді.
6. Тамақты ішкенде танауыңның оң жақтағы тесігі жұмыс істеп тұруы керек. Егер тамақ ішкенде танауыңыздың оң жақ тесігі бітеліп тұрса, сол жақ тесігін жауып оң жақпен тыныс алыңыз. Танауыңыздың сол жағы ғана істесе тамақ жөнді жанбайды да тамақ дұрыс қортылмайды. Оң жақ жұмыс істеу үшін сол жақ қырыңызбен жата тұрыңыз.
7. Тамақ ішер алдында Аллаға алғыс айтыңыз, Бисмилләһир-рахмаанир-рахиим (Бастаймын мен ұлық Алланың есімімен, Ол ұлық Алланың есімі, Рахман! Яғни бұл дүниеде жаратылған бүкіл жаратылысқа рахым қылады. Ар-рахиим – о дүниеде өзіне мойын ұсынып тақуа болған момын пенделеріне арнайы рахым қылады) деп ниет қылыңыз, себебі тамақтану қасиетті ағым, Жаратушының бергеніне тәубәшілік қылғаныңызда тамақ жақсы сіңеді, тамақ ішуге өзіңді ойша дайындайсың. Дұрыс тамақтану үшін өзіңнің ниетіңді дұрыстап алып дастарханға отырыңыз. Тыныштықтың болғаны қолайлы. Ауызға алдымен салған асты саналы түрде өзі жұтылып кеткенше асықпай ұзақ шайнаңыз. Ас жеудің басталуының зор маңызы бар. Бастапқы жұтқан қорегіңіз ішкі мүшелердің бәрін іске қосатындықтан, тамақты ішпестен бұрын жайлы жағдай жасаңыз.
8. Тамақты қанша іше аласыз сонша мөлшерде ғана ыдысыңызға салыңыз да тауысып жеңіз, қалдық қалдырмаңыз. Қалған тамағыңызды бір ыдыстан екінші ыдысқа басқа біреуге салып бермеңіз, себебі сіз өзіңіздің қарымтаңызды өзіңіздің от басы мүшелеріңізге бересіз, егер өзіңіз басқа біреуден қалған тамақты жесеңіз онда оның қарымтасын аласыз. (Қалдық тамақтарыңызды үй хайуандарына беріңіз.) Бірақ бұрынырақта қазақтар жақсы адамның сарқыты деп, ол кісіден қалған тамақты ырым қылып жеген. Тамақты мүмкін болса темір ыдыспен ішіңіз, өйткені ол таза және екінші біреудің қарымтасы беріле алмайды. Жанұяның әрбір мүшесінің өздерінің ыдыстары болуға тиіс, тек ауырған кезде ғана емес. Тамақ ішіп болғаннан кейін дастарханға бата беріңіз, еліңізге, халқыңызға, отбасыңызға, қоршаған ортаңызға жақсы тілек тілеңіз, тілегіңіздің қабыл болуын Жаратушыдан өтініңіз.
9. Тамақ ішпестен бұрын үйіңіздегі мейманды, не жолаушыны тамақтандырыңыз, бұл ата-бабамыздан келе жатқан жақсы дәстүр. «Жолаушы үйден қырық қадам шықаннан кейін мүсәпір», – деген түсінік көшпенді халықтың бәрінде де болған, әсіресе біздің қазақ халқы меймондостықтың үлгісін әлі күнге дейін көрсетіп келеді.
10. Тамақ жақсы қортылу үшін шәй ішіңіз немесе бар болса көкөніс салатын жеңіз. Бұл асқазанды алдын ала тамақ ішуге дайындайды.
11.Тамақ ішкенде сөйлемеңіз. Бос әңгіме қуатыңызды шашыратып, ауа алмасуын тежейді. Тамақты жақсылап асықпай шайнау керектігін айтып өттім, бұл тәніміз үшін қажет. Ал тамақтану барысында терең тыныс алу астың жануын қамтамасыз етеді. Ас қорту, тыныс алу, ойлау барыстары – әр түрлі температура мен жиіліктегі жану ағымы. Тамақ жеу барысында ара-тұра тоқтап терең тыныс алыңыз, сонда эфирді жақсы сіңіресіз. Эфир – өміршеңдігіңізді, еске сақтау қабілетін және сезімталдығыңыз бен өреңізді (интеллект) арттырады.
12.Тіс сізге сәндікке берілген жоқ. Тамақты әбдән шайнап, асықпай ішу керек. Бұл астың қортылуына да жақсы және екінші себебі: ауызға тамақ бірінші барған мезетте ол да асқазанның жұмысын атқарады. Ол тамақтың қуатын өзіне сіңіріп алып, қалған қоймалжың бөлігін асқазанға айдайды.
Ауызда өте жетілген құралдар бар: олар тілдің үстінде және астында орналасқан бездер. Осы бездер астың көзге көрінбейтін қасиеттерін аулайды. Сіз, бірінші асаған тамағыңыз асқазанға түсіп, қортылып үлгермей-ақ әліңіз кіріп, сергіп қаласыз. Не себепті? Аузыңыздың арқасында ағза қуатты, эфирлік элементтерді сіңіре алды. Мысалы: жемістер – сұйықтан, газдан және эфирлік заттардан тұрады.
Адамдар қатты мен сұйық заттар жайлы бәрін де біледі, ал нәзік – ауадағылар назардан тыс қалады. Жемістің шырайын, түр түсін бояйтын, хош исін шығаратын – эфир, оның тіршілігі қалай әсер ететініне көңіл бөлінбейді. Эфирдің маңызы өте зор, осының бөлшектерімен адам өзінің нәзік денелерін тамақтандырады.
13. Тамақ сіздің бес сезім мүшелеріңізді: Көзіңізді қуантып, хош исі бұрқырап, сезімдеріңізді қытықтап, жүрегіңізді қуантып, көңіліңізді жұбатып әсер етуі керек.
14. Еш уақытта исі шығып бұзылып кеткен тамақты жеуші болмаңыз. 3,5 сағаттан астам тұрып қалған тамақты да ішпеңіз, ал бұл біздің қазақта керісінше. Еттің сорпасын жылытып ертеңіне іше береміз. Есіңізде болсын, сорпа микробтардың өсіп өрбуіне ең қолайлы орта!
15. Тамақтан кейін аузыңызды шайыңыз, реті келсе тісіңізді тазалаңыз.
16.Тамақ ішкеннен кейін бірден ұйықтауға жатпаңыз. Тамақтанғаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін ғана ұйықтауға жатыңыз.
17. Жатар алдында айран т.б. сүттен дайындалған қышқыл тамақ пен қышқыл жеміс жемеңіз.
18. Күн шықпай және түнде тамақ жемеңіз. Өкінішке орай бізде бәрі керісінше. Біздің қазақтың асқазаны басқа халықтан ерекше, түнгі 11-12-де қай халық ыңқия тойып ет жеп, соңынан сорпа ішеді. Онымен қоймай ашты шәймен ары қарай тықпалайды, осылай тамақтанатын халық әлемде екеу болса біреуі бізбіз, жалғыз болса тағы бізбіз! Білмеймін, осылай тамақтану бағымыз ба, әлде сорымыз ба? Не мақтанарыңды, не сақтанарыңды білмейсің. «Алла артының қайырын бере көр», – дейміз де.
19. Түрегеп тұрып және тамақтану аралығында жеңіл болса да тамақтанбаңыз.
20. Тамақ ішердің және ішіп болғаннан кейін бірден су ішпеңіз. Егер де арықтағыңыз келсе суды тамақ ішердің алдында ішіңіз, ал салмағыңызды бір қалыпты деңгейде ұстаймын десеңіз тамақпен араластырып, толғыңыз келсе тамақтан кейін ішіңіз. Бірақта бұл әдіспен онша әуестене бермеңіз, себебі асқазаныңыздың жұмысын әлсіретеді.
21. Егер де үлкен дәретке отырғыңыз келсе, тамақтанғаннан кейін 3 сағаттан кейін отырыңыз.
22. Ішегіңді үлкен дәретпен босатып алмай тамақ ішуші болмаңыз. Ерте сағат таңғы 6-да тұрсаңыз ішек өз қалпына келеді. Таңертең ерте қайнаған ыстық суға бал мен лимон қосып ішсеңіз үлкен дәретіңіз тез келеді. Бұл әдісті іш қатып қалғанда да қолдануға болады. Үлкен дәретке отырғаннан кейін дәрет алып жуыныңыз, мүмкін болса душқа түссеңіз нұр үстіне нұр болар еді.
– Әсет бауырым, мен саған тазалық туралы бір аңызды және бұрынғы апаларымыз бен қазақ әйелдерінің тазалықты, аурудың алдын алу үшін қандай шаралар жасағанын айтып берейін.
– Ой, Рақым аға мынауыңыз бір керемет әңгіме болғалы тұр ғой деймін, құлағым сізде, айта беріңіз.
Баяғыда қазақтар Ескендір Зұлқарнайын, батыс халқы Александр Македонский деп айтатын атақты патшаның әскері құм ішінде қалып қатардағы сарбаздар іш ауруынан қырыла бастапты, ал офицерлер құрамасы дін аман. «Бұл не керемет, себебі неде?», – деп тексере келсе, қатардағы сарбаздың су құятын құтысы жәй темірден, ал офицер құрамасынікі күмістен жасалыпты. Өзің білесің, күміс қандай болмасын микроб пен вирусты қырып жібереді емес пе? Сол сияқты өзіміздің өткен, алдыңғы ғасырларда өмір сүрген әжелеріміз, жас келіншектердің бәрінің саусақтары күміс сақина мен білезіктерге толып тұрған. Бұл бірінші әсемдік болса, ең бастысы тазалық және жұқпалы аурулардан сақтаған. Баяғы қазақ даласында емханалар, дәрігерлер жоқ болса да, осындай алдын алу шараларымен аурулардың алдын алып отырған. Келіншектер ыдыс-аяқ жуғанда ыдыстың бәрін, асатын, пісіретін тағамдарын күміс сақинаның көмегімен залалсыздандырып отырған емес пе, бұл деген керемет қой! Өкінішке орай, халқымыздың осындай салт-дәстүрінің қасиетті жақтары қазір көмескіленіп кетті ғой.
Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, осы тамақ жеу туралы келесі әңгімені айтатын өзіңіздің жақсы көретін шәкірттеріңіздің бірі Абылхан Жұматай, енді кезекті соған берсек қайтеді?
Жауап: – Неге бермеске. Мен іскер азамат Жұматайдың өзінде, ақылды, биязы келін Динаны да, ұлы Әділетті, қызы Зерені де өте жақсы білемін. Өзің мұрындық болып ашқан Науалыдағы тұқым сынайтын алқаптың Абылхан Жұматай, Мұхаметжанов Әнуар, агрономдар Орақбаев Кәдірбек, Кәттебаев Зият, Бодауов Тұрарбектердің жетекшілігімен қайта ашылуы да мені қатты қуантады. Қазір олар менің талай сорттарымды алып еге бастады. Нәтижесі жаман болмас деп ойлаймын.
Абылхан Жұматай 40-тың қырқасына шыққан, қамал алатын жасқа келген шымыр денелі, аса қайратты, қара торы, мейірбан өңді, сұңғақ бойлы, терең ойлы, әр сөзін салмақтап сөйлейтін, айтқан уәдесіне құрыштай берік, алған бетінен қайтпайтын, қайсар да, жаны жомарт, мінезі кең жігіт ағасы. Тағы бір ерекшелігі, қазір Қытайдың Гоньжоу қаласындағы «Азия мост» компаниясының президенті жан досы Ахметбек Нұрсиленов екеуі де Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатша соғады. Өздері суырып салма ақын, жан-жақты дамыған, салауатты өмір салтын ұстанатын, ірі кәсіпкер жігіттер. Жұматай заман ауысқанда, досы әрі әріптесі Әнуар Мұхаметжанов екеуі бұрынғы талқаны шыққан Талдықорған облысы, Панфилов ауданының іргелі шаруашылығы болған екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Головацкийден қалған, талан-таражға түскен мүліктерінен бір жүгері өңдейтін зауытты сатып әкеп іске қосып, қазір жүгері тұқымының гибридін өсірумен шұғылданады. Аталық пен аналық жүгерінің тұқымдарын өздері егіп будандастырады. Былтырдан бастап академик Рахым Алмабекұлы Оразаливтің сорт сынайтын тірек бөлімшесі, бидайдың асыл тұқымдарын өсірумен, көбейтумен де шұғылдана бастады. Шығыс Қазақстан өңіріндегі ірі жеке шаруа қожалығы «Науалы жүгері зауытының» және «Әділет» шаруа қожалықтарының иелері, әрі демеушілері. Ауыл халқының көпшілігіне жұмыс тауып беріп отырған – елім, халқым деп жаны ашып, сол халықты қорғай да білетін абзал жандардың бірі.
Әкесі Нұртаза ақсақал арғы ғасырдың барлық қилы замандарын басынан өткізген, ұзақ тарих кешкен кемеңгер кісі еді. Қарадан хан болған дегендей, арғы аталары