Семинар: Билік саяси феномен ретінде

1. Билік ұғымы, тұжырымдамалары

2. Саяси билік ұғымы. Билік құрылымы

3. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны

 

Тақырып тек саяси билік ұғымына байланысты. Студент саяси билік пен мемлекеттік биліктің арасындағы байланыс пен айырмашылықты айыра білуі қажет. Саяси билік теориялық зерттеу объектісі және жалпы құбылыс ретінде қолданылатын болса, мемлекеттік билік соның нақты өмірде практикалық нәтижесі, немесе белгілі бір территорияға қатысты қолданатын билік түрі. Сондықтан семинарда биліктің теориялық негіздемесі нақтыланады. Бірінші сұрақ бойынша биліктің ұғымына, тұжырымдамаларына, пайда болуы мен дамуына тоқталу қажет болса, екінші сұрақта, билік құрылымын, билік институттарын, функциялары мен билік ресурстарын талқылайды. Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің принциптері. Биліктің легитимді типтері: дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды-жариялы, патриархалды, азаматтық және белсенділік. Үшінші сұрақта, саяси билік, мемлекеттік билік және саясат ұғымдарының ара жігі айқындалады. Үшеуінің табиғаты, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметтері талқыланады. Саясаттың деңгейлерін еске түсіру арқылы, төртінші деңгейге байланысты, студенттер өз пікірлерін ортаға сала алады. Қоғамдағы және оппозициядағы саяси бәсекелестіктің қажеттігі, билік және оппозиция, олардың Қазақстан Республикасындағы өзара әрекеті туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттік билікті саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде анықтап, оның заңдылық және легитимдік қасиетіне баса назар аударылады.

5-семинар: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.

1. Этнос және ұлт. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.

2. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары.

3. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі.

 

Бірінші сұрақ бойынша этнос және ұлт ұғымдарына сараптама жасалады. Жеке бір ұлт адамзат қауымы құрамына қажеттілік ретінде енеді, онсыз қауымдық толық емес немесе тіпті зиян да шегуі мүмкін. Әрбір ұлт Бердяевтің ойынша, «күрделі иерархиялық баспалдақ, онда тарихи тағдырдың өткірлігі ерекше көрініс тапқан.

Этнос және ұлт. Ұлт этностың жоғары типі. “Ұлт” категориясын түсіндірудегі екі амал: этнолингвистикалық және мемлекеттік- құқықтық. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.

Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі.

Ұлттық мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.

Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі). Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.

Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде. Конфессиялар диалогы және Қазақстан конфессия аралық келісім тәжірибесі

Ең бастысы — әр ұлттың, оның рухани мәдениетінің бағалы, өзіндік қайталанбас құбылыс екенін ескеру. Оны тек бір тілде сөйлейтін әлеуметтік топтардың бірлігі мен қарама-қарсылығы деумен шектелу, оның терең дүниетанымдық тамырларын ескермеуге әкеледі.

Үшінші сұрақ бойынша Қазақстанды этносаралық келесім саясаты бойынша ерекше үлгі жасаған мемлекет ретінде қарастыру. Арнайы мемлекеттік бағдарламаларға сипаттама жасауға болады.

6-семинар: Қазіргі кездегі саяси жүйелер

1. Саяси жүйелер түсінігі, құрылымы мен элементтері

2. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру

3. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу

 

Бірінші сұрақ бойынша, саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде анықталады. Д.Истон, Г.Алмонд пен К.Дойчтың саяси жүйе теориялары. Саяси жүйенің құрылымы. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйешелер. Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация функциялары. М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеу мен топтастыруының өлшемдері (критерийлері). Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модернистік, постмодернистік). Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметті емес ұйымдар. Қазақстан Республикасы саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары. Қазақстан Республикасы партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы тәрізді сұрақтар бойынша талқылау жүргізіледі. Екінші сұрақта бірінші сұрақта қарастырған теориялар бойынша студент өз таңдауы бойынша екі мемлекеттің саяси жүйесін салыстырады. Ол кесте, схема немесе слайдтар тізбесі арқылы берілуі мүмкін. Үшінші сұрақта саяси тұрақтылықтың мәні, түрлері, тәсілдері және саяси тұрақсыздық немесе тәуекелге бару, оның түрлері қарастырылады. Саяси тәуекелділіктің параметрлері бойынша қазақстандық саяси жүйеге баға беруге болады. Бұл студентті өз бетімен саясатқа объективті түрде баға бере алу дағдысын қалыптастырады.

 

7-семинар: Мемлекет және азаматтық қоғам

1. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері

2. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері

3. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы

4. Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты

 

Семинар сабағында студенттер бірінші мемлекет ұғымына, оның пайда болуына байланысты қалыптасқан тұжырымдамаларға тоқталады. Мемлекеттің негізгі белгілері: мемлекеттік билік, салық салу құқығы, территория, халық, тәуелсіздік. Тәуелсіздік және егемендік ұғымдарының өзара байланысы. Мемлекеттің түрлері қарастырылады. Басқару формасына байланысты монархиялық (абсолютті, конституциялық, дуалистік) және республикалық (президенттік, парламенттік, аралас), құрылымына байланысты (унитарлық, федерация, конфедерация), діни белгісіна байланысты (діни, зайырлы), саяси режимге байланысты (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық), басымды қызметіне байланысты (құқықтық, әлеуметтік).

Мемлекет қоғамның саяси жүйесіндегі өзегі ретінде. Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары мен және мақсаттары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері. Мемлекет – халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Қазақстан

Екінші сұрақ бойынша мемлекеттік билік туралы талқылау жүргізіледі. Мемлекеттік билік тармақтары: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері. Қазақстандағы мемлекеттік билік құрылымы, жүзеге асу механизмдері

Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы. Азаматтық қоғам ұғымының кең және тар мағынасы. Азаматтық қоғамның құрылымы. Азаматтық қоғам жағдайында жанұя мен мемлекеттің арасындағы әртүрлі қоғамдық бірлестіктер мемлекеттің үстемдігімен, билігімен емес, тек ғана азаматтардың өз еркімен, олардың сұраныстарына байланысты ұйымдастырылады. Бірақ мемлекеттік тұрғыдан ол ұйымдардың барлығы заңдастырылған болады, ал мемлекет олардың іс-қимылдарына үстемдік жасап араласпайды. Азаматтық қоғамның өте маңызды демократиялық белгісі – мемлекет азаматтардың бақылауынан тыс іс - әрекет жасай алмауы. Азаматтар мемлекет атқаратын міндеттерді өз еріктерімен мемлекетке тапсырады және оның орындалуына бақылау жасайды.

Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. “Әлеуметтік” мемлекет және оның эволюциясы. әлеуметтік мемлекеттің функциялары мен демократияның жаңа тұжырымдамалары. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді.

 

 

8-семинар: Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы мен дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі

2. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы

 

Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы. Қысымшы топтар. Қазақстандық лобизмнің ерекшеліктері.

Саяси партиялар ұғымы. Партиялар генезисі және партиялар жүйесі. Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котериелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар. Партиялардың типологиясы. Партияларды типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).

Партия жүйелері ұғымы. Партия жүйелерін жіктеу. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. Қазақстан Республикасының саяси партиялардың қызметін заңымен реттеу.

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым- қатынас проблемалары.

 

9-семинар: Саяси режимдер (тәртіп)

1. Саяси режим (тәртіп) ұғымы, параметрлері.

2. Тоталитаризм ХХ ғасырға тән құбылыс ретінде.

3. Авторитаризм, кемшіліктері мен жақсы жақтары.

4. Қоғамның демократияға өту мәселесі.

 

Студент өткен тақырып бойынша саяси билік не деген сұраққа жауап бере алады. Енді сол саяси биліктің жүзеге асуы нәтижесінде пайда болатын құбылыс ретінде саяси режимді немесе тәртіпті бағалай алу қажеттілігі туындайды. Саяси билік, саяси режим, саяси жүйе және саяси үдеріс ұғымдарының бір бірімен қаншалықты байланысы барын және айырмашылығын ескеруді ұмытпаған жөн. Себебі, тоталитарлық, авторитарлық немесе демократиялық туралы сөз қозғағанда біз оны билікке де, режимге де, жүйеге де, үдеріске де қатысты қолдана береміз. Сондықтан белгілі бір мемлекеттің саясатына сараптама жасар кезде бұл ұғымдарды нақты ажырата білу маңызды екенін студент есте сақтауы қажет. Бірінші сұрақ бойынша ұғымның анықтамасы, қоғамдағы орны, мемлекеттің дамуына ықпалы айтылады. Саяси режимнің түрлері қарастырылады. Сол арқылы параметрлері айқындалып, студент белгілі бір қоғамда қандай саяси режим орнағанын бағалай алуы қажет. Екінші сұрақ бойынша тоталитаризмнің табиғатына, мемлекеттің дамуына байланысты орнына, түрлеріне (фашизм, национал социализм, коммунизм), белгілеріне, көсемдеріне (Муссолини, Гитлер, Сталин), идеяларына, құндылықтарына сараптама жасалынады. Егер тоталитаризмді тек ХХ ғасырға тән құбылыс десек, басқа диктаторлық тәртіптен айырмашылығы неде, қазір бұл режим ешқандай мемлекетте жоқ па, ол тарихта қандай із қалдырды деген сұрақтар бойынша студенттер пікір таластырады. Екінші сұрақта авторитаризм тоталитаризм мен демократия арасындағы өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Авторитаризмнің үш түріне: қатаң, орташа, жеңіл сараптама жасалынады. Міндетті түрде авторитаризмнің жақсы және жаман жақтары анықталады. Авторитаризм кезінде билік формасы, саяси құндылықтар, халықтың саясатқа араласу деңгейі талқыланады. Қатаң тәртіп авторитаризмнің басты құндылығы. Үшінші сұрақ тоталитаризмнен неге бірден демократияға өтуге болмайтындығын анықтаумен басталады. Себебі, бұл сұрақта міндетті түрде қазақстандық қоғам туралы сөз қозғалады. Қазақстан тарихында тоталитаризмді басынан өткерген мемлекет ретінде қазір қалай демократияға өтіп келе жатыр, осы сұрақ қарастырылады. Қоғамдағы саяси идеялардың, құндылықтардың өзгеруі, халық санасына демократиялық принциптер мен құндылықтардың енуіндегі қиыншылықтар сөз болады.

Демократия мемлекеттік құрылыс формасы және саяси режим ретінде анықталуы тиіс. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары. Тіке және өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары. Осы мәселелер қозғалады. Екінші сұрақ демократия режим де, мемлекет түрі де, ойлау формасы да, ұйымдардың әрекет ету мүмкіндігі де екенін ашу қажет. Демократия бір ғана мемлекеттің заңына бағынышты емес, ол әлемдік үдері. Оның үш толқыны. Қазақстандағы демократияландыруыдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың проблемалары сараланады. Үшінші сұрақ толығымен студенттің еркіне берілуі тиіс. Ол не ұқты, қазақстандық демократия туралы не айта алады, ойын еркін жеткізу арқылы демократияның нақты көріністерін дәлелдеуге болады. Қазақстандағы демократия ұлттық мүддені қалыптастырудың бірден бір жолы.

 

10-семинар: Саяси үдеріс және саяси қызмет

1. Саяси жанжалдар. Жанжалдарды реттеу технологиялары

2. Саяси үдеріс ұғымы. Саяси үдеріс типологиясы

 

Саяси шиеленістер дамуы барысындағы негізгі кезеңдер. Әлеуметтік шиеленіс әлеуметтік прогресстің басты қозғаушы күштерінің бірі ретінде анықталып, барлық уақытта жұп түрінде өмір сүреді: шиеленіс – келісім, шиеленіс – тұрақтылық, шиеленіс – тәртіп, шиеленіс – тыныштық, шиеленіс – консенсус. Әртүрлі саяси пікірлер әлеуметтік жүйенің тоқырауының алдын алып, жаңалықтарға (реформаларға) жол ашады. Осы себептен консенсус (келісім) қоғамның қалыпты жағдайы, ал шиеленіс – уақытша жағдайы болып саналады. Тұтастай алғанда, әлеуметтік шиеленіс концепциясын жақтайтындар үшін шиеленістерді антагонистік емес қарама-қайшылықтар тұрғысында қарастырудың, оларды реттеу мүмкіндігі бар екеніне сенімді болудың маңызы өте жоғары.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының орны. Консенсус мәселелерін терең зерттеген ғалымдар. Саяси шиеленістер әлеуметтік дамудың басты қозғушы күштері деген қағиданы қалай түсінесіз? Конфликтология (шиеленістану) қай елдердің оқу орындарында пән ретінде жүргізіледі? Шиеленістану теориясының негізгі даму кезеңдері

 

11-семинар: Саяси сана және саяси мәдениет

1. Саяси сананың мәні. Саяси сананың құрылымы.

2. Саяси мәдениет қызметтері

3. Саяси әлеуметтенуді түбегейлі зерттеудегі тұжырымдамалар мен олардың саяси тәжірибемен байланысы

 

Саяси сананың мәні. Саяси сана қалыптасытрудың жолдары. Саяси сананың формасының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік- паритиялық және бұқаралық саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.

Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет тұжырымдамасы. Саяси мәдениетті қалыптастырудың құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-тұрыс, саяси тәжірибе. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.

Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.

Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалды, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.

Саяси әлеуметтену ұғымы. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптасытру. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену проблемалары. Еліміздегі жаңа, өзіндік саяси мәдениеттің қалыптасуы. Оны алға дамыту барысында дүниежүзілік саяси ғылымның ұсыныстарына сәйкес туындап отырған мәселелер: еліміздің Конституциясын, әр азаматтың саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін тану; қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде хабардар болу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан саясаттың, ережелердің, принциптердің, идеялардың мәнін түсіну; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға ұмтылу.

12-семинар: Саяси элита және саяси көшбасшылық

1. Элита түсінігі (Парето В., Моска Г., Михельс Р.). Саяси элита қызметі мен түрлері

2. Саяси көсемділік тұжырымдамасы, жіктелуі

3. Саяси көсемге имидж жасау

4. Қазіргі кездегі Қазақстандағы басқарушы элита

 

Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары. Саяси элиталардың функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде.

Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психолгиялық тұжырымдамалар, интегративтік амал.

Саяси көшбасшылықтың типологиясы. Саяси көшбасшылықтың түрлері.

Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.

Қазақстан Республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары.