Саяси жанжалдар

Жанжал деп әрбір қарсы жақты қолайсыздықта ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтамыз.

Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде кмкілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән бермесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз ерістерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы элитаның қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға деген сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсылықтар, қақтығыстар болады. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.

Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар:

Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді.

Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

- автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

- белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

- өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

 

САЯСИ САНА ЖӘНЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТ

Ж о с п а р ы:

1. Саяси мәдениет ерекшелігі, құырылымы

2. Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

 

Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.

Бұл жұмыста көңіл аударатын бір мәселе – мемлекет пен діннің ара қатынасы.

 

Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:

Саясилану;

Персонификация;

Идеологизация;

Институционализация.

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:

отбасы;

дос, жолдастар;

мектеп;

БАҚ;

саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.

Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

Ал қосалқы саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.

 

САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Ж о с п а р ы:

1. Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

2. Саяси көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері

 

Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

«Элита» термині француздың elite деген сөзінен шыққан таңдап алынған, сұрыпталған деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, экономикалық, рухани, әскери т.б.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;

Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

Жоғарғы элита;

Ортаңғы элита;

Әкімшілік элита.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

 

САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ж о с п а р ы:

1. Саяси технологиялар ұғымы

2. Сайлау жүйесі. ҚР-дағы сайлау жүйесі.

 

Саяси-әлеуметтік жүйені қоғамды басқару институттарының жиынтығы ретінде қарастырсақ, саяси-әлеуметтік

Сонымен бірге жан-жалдардың әлеуметтік топтарды шоғырландыратын және олардың арасындағы Д.Истонның, К.Дойчтың, Г.Алмондтың саяси-әлеуметтік жүйе тұжырымдамаларына тән «кіру» және С.В.Устименко сайлауды мемлекет пен азаматтық қоғамның ара қатынасына қарай

1. Азаматтық қоғам мемлекетке бағынышты жағдайдағы сайлау

2. Мемлекет пен азаматтық қоғамның теңдігі тұрақсыз тұстағы сайлау

3. Мемлекеттің азаматтық қоғамға тәуелділігі.

Сайлау жүйесі дегеніміз әр түрлі елдерде қабылданған сайлау туралы Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен «Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына саяси Сайлау институты алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы сатысындағы тайпаларда байқалады. Ежелгі Грецияның қала-мемлекеттеріндегі сайлау технологияларының даму дәрежесін және ерекшеліктерін Бенжамен Констан антикалық кезеңдегі адамдар қоғамдық билікті азаматтардың арасындағы Ежелгі Римдегі сайлау технологияларының да өзіндік ерекшелігі болды.

Рим Орта ғасырлардағы сайлау институтының функцияларын қарастыра келе толық шектелген, ал сословиелік өкілдік органдарды қалыптастыру барысындағы сайлау институының қызметі Орта ғасырларда сайлау институттары жоғарғы не төменгі топтардың бастамасымен Өкілдік органдардың қалыптасуы сайлау институтының функциясының кеңеюімен қатар жүреді. Өкілдік органдардың саяси салмағы мен қоғамдағы рөлі әлеуметтік күштердің тиімділік тұрғысынан да таңдап алынды.

Мысалы, Англияда сайлау институтының функциясының кеңеюі буржуазиялық революциялар кезеңіне тұспа-тұс келеді. Франциядағы буржуазиялық революцияның қарсаңындағы идеологиялық күрес барысында Руссоның «халық Руссо мен Монтескье идеяларын француз революциясы кезінде жүзеге асырған. Буржуазиялық революциялар кезінде халықтың негізгі бөлігі сайлау құқығын алғанымен Англиядағы чартистер қозғалысы биліктегілердің әр түрлі нормативті сайлау технологияларын пайдалана отырып биліктегілер төменгі топтардың сайлауға қатысуын тежеді.

Комммуникациялық технологияларды жүзеге асырудың бір ерекшелігі – сайлау науқанын дайындайтын сайлау кампаниясы кезінде менеджер төмендегідей үш құзырлыққа ие болу қажет:

- өзінің клиентімен немесе партия басшысымен тікелей қарым-қатынас жасауы;

- сайлау науқанына бөлінген бюджет көлемінде қаржы мәселесін шешуі;

- сайлау алдындағы күрестің кестесін, яғни қай уақытта өткізілетінін белгілеуі.

Сайлау жүйесі. ҚР-дағы сайлау жүйесі

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және өзге де мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар -мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

Президенттi, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамлеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған; қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады: басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушы-лардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

 

ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Ж о с п а р ы:

3. Қазақстанның геосаяси жағдайы

4. Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

 

Қазақстанның геосаяси жағдайы

ХХІ ғасырда интеграциялық үрдістер әлемдік жүйедегі өзара байланыс пен өзара тәуелділікке алып келеді.

Қазақстанның Шығыс пен Батыстың арасындағы байланысты орнатудағы орнының ерекшелігіне байланысты осы елдің саясаткерлерінің саяси ойларына шолу жасалық.

Президентіміз Назарбаев Н.Ә. былай деп өз ойын айтады: «Біздің басымдықтарымыз сол күйі өзгеріссіз қалуы тиіс – белсенді, жан-жақты және теңестірілген сыртқы саясат, ол ХХІ ғасырдың үніне қарсы айтылған жауап, ұзақмерзімді ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған».

Президент Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына аса назар аударады, ТМД-ні реформалауға дайын екенін ескертеді. Оның Шығыс елдеріне қатысты жаңа ойларының бірі Орталық Азия мемлекеттерінің достастығына байланысты.

XV ғасырдың аяғына дейін Орталық Азия әлемдік экономикадағы маңызды аймақтардың бірі болды. Біздің аймақ Батыс пен Шығысты байланыстырып отырды. Халықтар территорияларға, ұлттарға бөлінбеді. Жібек жолының тоқтауынан бұл аймақ арта қалды. Енді 500 жылдан кейін бұл жер қайтадан әлемдік экономика үшін маңызды экономикалық аймақ бола бастады. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді бекіте бастадық, әлемдік нарықта құнды тауарларды таситын елдің бірі бола бастадық. Ол: мұнай, газ, кен және ауылшаруашылық шикізаттары. Қазірден белгілі, бұрынғы Жібек жолын жаңғыртатын мұнай газ жолдары мен авто- және темір жодарды салу басты мақсат болып отыр.

Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің қарама қарсы тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

Аймақтық интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің қарама қарсы тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

Аймақтық интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

 

Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Терроризмнің кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».

Жаһандастыру жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем алып, күшеюде – біз көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.

Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан өткеруде, әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.

Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

 

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ж о с п а р ы:

1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

2. «Қазақстан 2050» стратегиясы

 

ХХІ ғасырдың Қазақстаны - талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл - біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз.Стратегия - күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті - осыған барлық жағдайды жасау. Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады.

Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз - дамыған елдің негізі.

Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз.

Екінші кезеңде 2030 - 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екіншіден, бұл - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл - зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

 

Саясаттану пәнінен семинар сабақтарын

арналған әдістемелік нұсқаулар

1-семинар: Саясат қоғамдық өмір жүйесінде

1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы

2. Саясат элементтері. Саясаттың қызметтері

3. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар

4. Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы

Бұл тақырып бойынша саясаттануға кіріспе жасалынады. Студенттік топтың жалпы саяси бағдары, саясатқа қатысты ой пікірлерінің деңгейі анықталады. Сол арқылы келесі өткізілетін семинар сабақтарының формалары бекітіледі. Себебі саясаттану курсы бойынша студент өз ойын айқын білдіруге, пікір сайысқа түсуге, өзіндік сараптама жасауға дағдыланатындықтан, семинарлардың қатып қалған қатаң үлгісі жоқ, топтың мүмкіндігіне, ынтасына, ерекшелігіне байланысты қай тақырыпты қандай формада талқылауды студенттік таңдауына қалдырамыз. Бірінші сұрақ бойынша, саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым ретінде сөз қозғалады. Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде анықталады. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Саяси ғылымдардың құрылымы оның парадигмалары. Екінші сұрақта, саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары туралы сөз қозғалады. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық және тағы да басқа әдістер туралы айтуға болады. Саясаттанудың функциялары: прогматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелі және басқа қызметтеріне талдау жасалынады. Үшінші сұрақ бойынша, саясаттану пәнінің Қазақстанда оқытылу тарихы, қазіргі қазақстандық саясаттанушылар, олардың еңбектері мен ойларына сараптама жасауға болады.

2-семинар: Саясаттану ғылым ретінде

1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.

2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары.

3. Саясаттанудың қызметтері. Саяси ғылым мен тәжірибенің байланысы

 

Бұл тақырып бойынша саясаттануға кіріспе жасалынады. Студенттік топтың жалпы саяси бағдары, саясатқа қатысты ой пікірлерінің деңгейі анықталады. Сол арқылы келесі өткізілетін семинар сабақтарының формалары бекітіледі. Себебі саясаттану курсы бойынша студент өз ойын айқын білдіруге, пікір сайысқа түсуге, өзіндік сараптама жасауға дағдыланатындықтан, семинарлардың қатып қалған қатаң үлгісі жоқ, топтың мүмкіндігіне, ынтасына, ерекшелігіне байланысты қай тақырыпты қандай формада талқылауды студенттік таңдауына қалдырамыз. Бірінші сұрақ бойынша, саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым ретінде сөз қозғалады. Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде анықталады. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Саяси ғылымдардың құрылымы оның парадигмалары. Екінші сұрақта, саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары туралы сөз қозғалады. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық және тағы да басқа әдістер туралы айтуға болады. Саясаттанудың функциялары: прогматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелі және басқа қызметтеріне талдау жасалынады. Үшінші сұрақ бойынша, саясаттану пәнінің Қазақстанда оқытылу тарихы, қазіргі қазақстандық саясаттанушылар, олардың еңбектері мен ойларына сараптама жасауға болады.

 

3-семинар: Саяси ғылымдардың дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдері.

1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар.

2. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар.

3. ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар.

4. Қазақстанның саяси ой тарихы.

 

Аталмыш тақырып өте көлемді, бір семинарда толық талқылап шығу мүмкін еместігін ескеру қажет. Сұрақтар бойынша студенттерді қызықтырған немесе күмән тудырған мәселелер бойынша жеке тапсырмалар (аннотация, реферат, ғылыми жоба, слайдтар тізбесі т.б.) беруге болады. Бірінші сұрақ бойынша Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар қарастырғанда негізгі іліми бағыттар буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизмге тоқталып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға назар аудару қажет. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойларға (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон және т.б.) келгенде алғашқы саяси ілімнің қалыптаса бастағанын ескере отырып, ойшылдардың қоғам, мемлекет, билікке қатысты афоризмдеріне сараптама жасауға болады. Қорытынды ретінде студент қандай ойға келді, не түйді, саяси ойлардың қалыптасуына не себеп болды, ерекшеліктері қандай сипатта, осы сұрақтарға жауап таба алуы қажет. Екінші сұрақта орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер). Бұл дәуірдің ерекшелігі діни көзқарастардың ықпалды болуы. Сол себепті студент біріншіден, саясат пен діни көзқарастардың арасындағы байланыстар табиғатына сараптама жасай алуы керек, екіншіден, Шығыс пен Батыстың саяси ойларындағы ерекшеліктерді табуға ұмтылуы маңызды. Үшінші сұрақ Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден). Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо). Т. Джефферсон мен А. Гамильтонның саяси көзқарастары. XIX-XX ғасырлардағы әлеуметтік – саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм. XX ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В. Парето, Д. Истон, Т. Алмонд, М. Дюверже және т.б.). Студенттің есте сақтауына оңай болуы үшін ойшылдар, олардың негізгі еңбектері, ойлары және саяси ағымдардың атауы мен анықтамаларына қатысты кестелер, схемалар немесе слайдтар тізбесін дайындауға болады. Төртінші сұрақ бойынша Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы толығымен зерттеліп болмаған кезең. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы»- маңызды саяси құжат. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев). XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқаевтың, М. Тынышпаевтың, Х. Досмұхамедовтың, Т. Рықұловтың, С. Садуақасовтың, С. Қожановтың, М. Жұмабаевтың, С. Торайғыровтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, І. Жансүгіровтың және т.б. идеялары. Ескеретін жағдай, жоғарыдағы ойшылдардың еңбектері мен қоғамдық, саяси ойларына қатысты студенттер шатасып жатады. Сол себепті, жинақталған материалдар көмегімен жүйелі ой тізбегін құрып, осы ойшылдардың қазіргі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына қосқан үлесіне баға бере отырып қорытындылау семинар сабағының басты мақсаты.