БЕКІТЕМІН

САЯСАТТАНУ

экономикалық, компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту, энергетикалық, техникалық, агрономиялық, жерге орналастыру, ветеринарлық және мал шаруашылығы, архитектуралық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Астана, 2014

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

БЕКІТЕМІН

С.Сейфуллин атындағы Қазақ «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ»

агротехникалық университетінің АҚ Басқарма төрағасының

әдістемелік кеңесімен қаралды бірінші орынбасары

және басып шығаруға мақұлданды ____________ А.М. Әбдіров

(қолы)

__________ күнгі №___ хаттама «_____» ____________ 20 _ ж

 

 

Саясаттану пәнінен оқу-әдістемелік кешен

 

Құрастырған: ф.ғ.к., аға оқытушы Абдильдина Х.С.

 

Пікір беруші: ф.ғ.к., аға оқытушы Кульжанова Ж.Т.

 

Қысқаша түсініктеме: Саясаттану пәнінен оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтары студенттеріне арналған. Саясаттану пәнін студенттерге оқытудағы басты мақсат, олардың бойында саяси мәдениетті жетілдіру, патриоттық сезімді нығайту, сонымен бірге ғылыми зерттеулердің тәсілдерін, теорияларын, заңдылықтарын таныстыру.

Қазіргі гуманитарлық пәндердің негізгі міндеті студенттерге алғаш ғылыми әдіс-тәсілдерді үйретіп, өзіндік ғылыми шығармашылық жұмысқа баулу болып табылады.

 

 

Философия кафедрасының отырысында қаралды және мақұлданды

 

«____» _____________ 20 __ ж. №____ хаттама

 

Гуманитарлық факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды және ұсынылды

 

«____» _____________ 20 __ ж. №____ хаттама

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Философия кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

 

Гуманитарлық факультет

деканы Аубакирова Х.А.

______________________

(қолы)

______________________

(күні, айы, жылы)

 

Пән бағдарламасы

(Силлабус)

 

Пән: Саясаттану

Мамандығы: барлық бағыттағы мамандықтарға арналған

 

Астана, 2014 ж.

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы ____________________________________________________________

______________________________________________________________

(пәннің типтік бағдарламасының атауы, кіммен және қашан бекітілді)

 

негізінде құрылған.

Жоғары оқу орындары мамандықтары үшін

______________________________________________________________

 

арналған, мамандықтың жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген.

 

Бағдарлама (силлабус)______________________ отырысында қарастырылған.

(кафедраның атауы)

 

 

__________________________, № ______ хаттама.

(күні, айы, жылы)

 

 

Кафедра меңгерушісі ____________________ _____________ (қолы) (аты-жөні )

 

Бағдарлама (силлабус) ___________________ факультеттің

оқу-әдістемелік комиссиясында қаралды.

__________________________, № ______ хаттама.

(күні, айы, жылы)

 

Әдістемелік комиссия төрайымы __________ _____________________

(қолы) (аты-жөні)

 

СИЛЛАБУС ҚҰРЫЛЫМЫ

1. Оқытушы туралы мәлімет:

ЛЕКТОР: Абдильдина Хорлан Садуакасовна

Кеңес күндері: кафедраның жұмыс кестесі бойынша

2. Пән туралы мәлімет:

Пән: Саясаттану пәні, 2-кредит

Дәріс – 15 сағат, семинар – 15 сағат, СОӨЖ - 15 сағат, СӨЖ – 45 сағат

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр апталары барлығы
Дәріс
Семинар
СОӨЖ
СӨЖ
Барлығы

 

3. Курс пререквизиттері:

Философия, Қазақстан тарихы, Әлеуметтану.

4. Курс постреквизиттер:

Құқық негіздері, психология, ғылым тарихы

5. Курстың қысқаша сипаты:

Жоғары оқу орындарында саясаттануды оқытылудағы басты мақсат – жастардың бойында саяси сауаттылықты қалыптастыра отырып, саяси мәдениетін жетілдіру болып табылады.

Саясаттану курсын оқу барысында жалпы саяси, эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-құлқын және мәдениетін жетілдіреді.

Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны:Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер. Билік саяси құбылыс ретінде. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты. Қоғамның саяси жүйесі. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Саяси режимдер. Саяси үдеріс және саяси қызмет. Саяси сана және саяси мәдениет. Саяси элита және саяси көшбасшылық. Саяси технологиялар. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.

Курс мақсаты:Заманауи мемлекеттің тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатын азаматтық саяси мәдениетті, қоғамда өркениетті ынтымақтастықта тұрудың өнері ретінде саналы түрде қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Студенттердің бойында саясаттың негізі мен демократиялық мемлекеттің құрылымы туралы білім қалыптасады. Қазақстан мен әлемде жүріп жатқан саяси үдерістерді ұғыну мен еркін бағдарлай алуға үйренеді.

Пәнді үйрену барысында студенттер білуі тиіс:

А.Білім және түсінік: Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алады.

В.Білімді практикада қолдану және түсіну қабілеті: Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін білетін болады.

С.Талқыға салу қабілеттілігі, идеяларды бағалау және қорытынларды тұжырымдау: Саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгере отырып, саяси оқиға туралы өзіндік пікір қалыптастыруға үйренеді.

D.Қарым-қатынас аясындағы шеберлік: Саясатқа, қоғамдық дамуға және халықаралық қатынастарға болжам жасауға байланысты көзқарас қалыптастырып, оны дәлелдеп, саяси жүйелерге салыстырмалы сараптама жасауға және зерттеулер мен бақылау жасауға тәжірибелік дағды қалыптастырады.

Е.Оқыту аясындағы шеберлік: Қазақстан мемлекетінің дамуына деген жауапкершілік қалыптасады. Мамандықтың қай түрін меңгерсе де, өз саласында еліне қызмет ету, адал болу қабілетін меңгереді.

6. Курстың мазмұны

6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі

Тақырыптар атауы Көлемі сағат Әдебиеттер Ағымдық бақылау, ұпай
Кіріспе. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. Саясат ұғымы және оның пайда болуы. Саясат элементтері. Саясаттың қызметі. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы. Саясат әлеуметтік күштер мен мүдделердің бәсекелестігі ретінде. Ішкі және сыртқы саясат. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   0,6  
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың нысаны мен пәні. Саясаттанудың қызметтері. Саясаттанудың әлеуметтік – гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   0,6  
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар. Ежелгі Грек елі мен Ежелдегі Римдегі саяси ойлар. Орта ғасыр. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. ХХ ғасырдағы шетелдік 3саяси ой-пікірлер. Қазақстандағы саяси ойдың тарихы. НӘ:12,13 ҚӘ: 5-7, 20-25   0,6  
Билік саяси құбылыс ретінде. Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары. Билік құрылымы. Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестің қажеттілігі. ҚР мемлекеттік билік. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   0,6  
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты. Этнос және ұлт. Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлімі ретінде. Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде. НӘ:1,4,8,11 ҚӘ: 9,11,15   0,6  
Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе ұғымы. Саяси жүйенің құрылымы. М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеуі. Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер. Саяси жүйе институттары. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері.   НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,20,23   0,6  
Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде. Азаматтық қоғам ұғымы. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.   НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   0,6  
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Мүдделі топтар. Саяси партия ұғымы. Партиялық жүйелер ұғымы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері. ҚР саяси партияларының қызметін заңмен ретту. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,12,19,23   0,6  
Саяси режимдер. Саяси режим ұғымы. Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Қоғамның демократиялануы мен саяси жаңғыру. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде. Қазақстан қоғамын саяси жаңғырту мәселелері. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 1,3,4,9 19,23   0,6  
Саяси үдеріс және саяси қызмет. Саяси үдеріс ұғымы. Саяси үдеріс типологиясы. Қазақстан Республикасындағы саяси үдерістер. Саяси жанжалдар. НӘ:1,7-9,11,12 ҚӘ: 2,4,9,19,23   0,6  
Саяси сана және саяси мәдениет. Саяси сананың мәні. Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәденитеттің типологиясы. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктері. НӘ:1,3,4 8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,10 19,23   0,6  
Саяси элита және саяси көшбасшылық. Саяси элита ұғымы. Элита мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   0,6  
Саяси технологиялар. Саяси технологиялар ұғымы. Саяси технологиялардың қалыптасуы. Саяси талдаудың мәні. Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Сайлау жүйесі. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау мәселесі. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,12 19,23   0,6  
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Әлемдік саясат ұғымы. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты. Қазіргі заманның жаһандық мәселері. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері жүйесіндегі Қазақстан. Саяси болжамдау. Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың жағдайы мен мәселелері. НӘ:1,5,6 8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,15 18,19,23   0,6  
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Егемен Қазақстанның саяси шынайылық ретіндегі қалыптасуы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. «Қазақстан – 2050» стратегиясы. НӘ:1,2,8 9,11,12 ҚӘ: 4,9,13-18,19,23   0,6  

6.2 Семинар сабақтарының тізбесі

тақырыптар атауы сағат әдебиет ағымдық бақылау, ұпай
Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саясат ұғымы және оның пайда болуы. Саясат элементтері. Саясаттың қызметтері. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар. Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23    
Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттанудың объектісі мен пәні. Саясаттанудың заңдары мен категориялары. Саясаттанудың қызметтері. Саяси ғылым мен тәжірибенің байланысы НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23    
Саяси ғылымдардың дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдері. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар.Қазақстанның саяси ой тарихы. НӘ:12,13 ҚӘ: 5-7, 20-25    
Билік саяси феномен ретінде. Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары. Саяси билік ұғымы. Билік құрылымы. Билік және оппазиция НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23    
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты. Этнос және ұлт. Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі. НӘ:1,4,8,11 ҚӘ: 9,11,15    
Қоғамның саяси жүйесі. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы. Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің типологиясы. Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер. Саяси жүйе институттары. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері.     НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,20,23    
Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде. Азаматтық қоғам ұғымы. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23    
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Саяси партия ұғымы. Саяси партиялардың негізгі мақсаттары. Партия жүйелері ұғымы. Қазақстандағы партиялық жүйенің ерекшеліктері мен даму тенденциялары НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,12,19,23    
Саяси режимдер. Саяси режим ұғымы. Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Демократия ұғымы. Демократияның тарихи формалары. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері. Демократияның қазақстандық моделін қалыптастырудың мәселелері. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 1,3,4,9 19,23    
Саяси үдеріс және саяси қызмет. Саяси үдеріс ұғымы. Саяси үдеріс типологиясы. Саяси қызмет. Саяси іс-әрекет. Саяси жанжалдар. Жанжалды реттеу технологиялары. НӘ:1,7-9,11,12 ҚӘ: 2,4,9,19,23    
Саяси сана және саяси мәдениет. Саяси сананың мәні. Саяси сананың құрылымы. Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет қызметтері. Саяси әлеуметтену ұғымы. НӘ:1,3,4 8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,10 19,23    
Саяси элита және саяси көшбасшылық. Саяси элита ұғымы. «Олигархиялық тенденциялардың темірдей заңы». Элита және бюрократия. Саяси көшбасшылық пен көшбасшылар типологиясы. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23    
Саяси технологиялар. Саяси технологиялар ұғымы. Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып білудегі маңызы. Саяси шешімдерді қабылдау. Үгіт-насихаттық типтегі ақпараттық технологиялар. Сайлау жүйесі. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау мәселесі. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,12 19,23    
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Әлемдік саясат ұғымы. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты. Қазіргі заманның жаһандық мәселері. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері жүйесіндегі Қазақстан. Саяси болжамдау. Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың жағдайы мен мәселелері. НӘ:1,5,6 8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,15 18,19,23    
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: мәселелері және қиыншылықтары. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі тенденциясы тұрғысынан саяси жаңғырудың ерекшеліктері. НӘ:1,2,8 9,11,12 ҚӘ: 4,9,13-18,19,23    

 

 


7. Пән бойынша СӨЖ орындау және тапсыру кестесі

Сабақтың тақырыбы СӨЖ тапсырмалары, сабақтың мақсаты мен мазмұны Ұсынылған әдебиеттер Бақылау түрі Тапсыру мерзімі Бағалау баллары
Саясат қоғамдық өмір жүйесінде.   1. Саясат ұғымына концептуалді сараптама жасау. 2. Курстың мақсаты мен міндеттерін меңгеру. 3. ҚР егемдену үдерісіндегі саяси шынайылықты анықтау. 4. Саясаттың қызметі мен әдістерін білу. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және конспект   Глоссарий бойынша тренинг 1-апта  
Саясаттану ғылым ретінде.   1.Өзіндік жұмыстың тақырыбын, түрін анықтау (реферат, салыстырмалы сараптама, сауалнама, ғылыми жоба және т.б.). 2. Саясаттанудың объектісі мен пәні. Саясаттанудың заңдары мен категорияларын түсіну 3. Саясаттанудың қызметтері. Саяси ғылым мен тәжірибенің байланысын ұғыну. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және конспект   Глоссарий бойынша тренинг 2-апта
Саяси ғылымдардың дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдері.   1. Өзіндік жұмысқа қатысты әдебиеттерге шолу жасау. 2. Ежелгі дәуір саяси ойын зерттеу. 3. Араб-исламдық пен батыс еуропалық ортағасырлық саяси ойға салыстырмалы анализ жасау. 4. Жаңа еуропалық саяси ойды меңгеру НӘ:12,13 ҚӘ: 5-7, 20-25   Ауызша сұрақ-жауап және конспект   Глоссарий бойынша тренинг 3-апта
Билік саяси феномен ретінде.   1. Өзіндік жұмыстың бағдарламасы, жоспары бойынша аннотация (жұмысты 3-кезеңге бөлу) әзірлеу. 2. Билік теориялары мәселелерін меңгеру. 3. Билік туралы тұжырымдарды білу. 4. Билікті жіктеу, биліктің бөліну принциптерін анықтай білу.   НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және аннотацияны қорғау   Глоссарий бойынша тренинг 4-апта
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.   1. Ұлт мәселесі және оның құрылымымен танысу. 2. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формаларын анықтап, білу. 3. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісін меңгеру. 4. Өзіндік жұмыстың 1-кезеңін қорғау. НӘ:1,4,8,11 ҚӘ: 9,11,15   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері   Глоссарий бойынша тренинг 5-апта
Қоғамның саяси жүйесі.   1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы. Саяси жүйенің құрылымын ұғыну. 2. Саяси жүйенің типологиясын білу. 3. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелеріне көңіл аудару. 4. Өзіндік жұмыстың 1-кезеңін қорғау. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,20,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері Глоссарий бойынша тренинг 6-апта
Мемлекет және азаматтық қоғам.   1. Мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде түсіну. 2. Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет ұғымдарын анықтау. 3. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелерін талқылау. 4. Өзіндік жұмыстың 1-кезеңін қорғау. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері Глоссарий бойынша тренинг 7-апта
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.   1. Саяси партиялардың негізгі мақсаттарын түсіну. 2. Қазақстандағы партиялық жүйенің ерекшеліктері мен даму тенденцияларын ұғыну. 3. Өзіндік жұмыстың 2-кезеңін қорғау. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,12,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері   Глоссарий бойынша тренинг 8-апта
Саяси режимдер.   1. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері. 2. Демократияның қазақстандық моделін қалыптастырудың мәселелері. 3. Өзіндік жұмыстың 2-кезеңін қорғау. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 1,3,4,9 19,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері   Глоссарий бойынша тренинг 9-апта
Саяси үдеріс және саяси қызмет.   1. Саяси үдеріс ұғымы мен үдеріс типологиясы түсіну. 2. Саяси жанжалдар. Жанжалды реттеу технологияларын ұғыну. 3. Өзіндік жұмыстың 2-кезеңін қорғау. НӘ:1,7-9,11,12 ҚӘ: 2,4,9,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері   Глоссарий бойынша тренинг   10-апта
Саяси сана және саяси мәдениет.   1. Саяси мәдениет қызметтерін анықтау. 2. Саяси әлеуметтену ұғымына анықтама жасау. 3. Өзіндік жұмыстың 3-кезеңін қорғау. НӘ:1,3,4 8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,10 19,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері   Глоссарий бойынша тренинг 11-апта
Саяси элита және саяси көшбасшылық.   1. Саяси элита ұғымын түсіну. 2. Саяси көшбасшылық пен көшбасшылар типологиясын меңгеру. 3. Өзіндік жұмыстың 3-кезеңін қорғау. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері   Глоссарий бойынша тренинг 12-апта
Саяси технологиялар 1. Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып білудегі маңызын анықтау. 2. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау мәселесін меңгеру. 3. Өзіндік жұмыстың 3-кезеңін қорғау. НӘ:1,8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,12 19,23   Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері   Глоссарий бойынша тренинг 13-апта
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.   1. Қазіргі заманның жаһандық мәселеріне түсініктеме беру. 2. Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамның мәселелерін анықтау. 3. Өзіндік жұмыстың қорытындылау, презентация. НӘ:1,5,6 8,9,11,12 ҚӘ: 4,9,15 18,19,23   Ауызша сұрақ-жауап және презентация     Глоссарий бойынша тренинг 14-апта
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.   1. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдерін анықтай алу. 2. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі тенденциясы тұрғысынан саяси жаңғырудың ерекшеліктерін білу. 3. Өзіндік жұмыстың қорытындылау. Мини-конференция. НӘ:1,2,8 9,11,12 ҚӘ: 4,9,13-18,19,23   Мини - конференция 15-апта

8. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан-2050 стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана. 2012ж.

2. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам // «Егемен Қазақстан», 2012ж. 10 шілде

3. Президент Н.Ә. Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. І том. Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: үш томдық құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 256 б.

4. Президент Н.Ә. Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. ІІ том. Н.Ә. Назарбаев және саяси реформалардың қазақстандық стратегиясы: үш томдық құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 280 б.

5. Президент Н.Ә. Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. ІІІ том. Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның сыртқы саясаты: үш томдық құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 340 б.

6. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Еуразия кеңістігінде басқа халықаралық ұйымдар мен өзара ықпалдастықты нығайтуы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2010. – 108 б.

7. Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: дөңгелек үстел материалдары. Алматы қ., 25 тамыз 2010 ж. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 108б.

8. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану – ғылым // Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ. 2001. №2. – 71-79 беттер.

9. Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәселеге жалпы көзқарас// Хабаршы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ. 2002. №2. – 104-123 беттер.

10. Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория және тәжірибе // Хабаршы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. 2004. №1,2. – 64-82, 81-104 беттер.

11. Балғымбаев А.С. Саясаттану. Оқу құралы. – Алматы, 2003. – 302б.

12. Байделдинов Л.Ә. Теоретикалық саясаттану. – Алматы, 2005.

13. Әлемдік саяси ой антологиясы. – 2007ж.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Дәрімбет Батырхан. Демократия мен автократия: Саяси өмір шежіресі. – Алматы: Өркениет. 2004. – 532 бет.

2. Қазбеков Н.А. Саяси процестер: оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ баспа, 2004

3. Масатов Б. және т.б.Демократия әліппесі. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.

4. Саясатты талдау әдістері мен тәсілдері / Ағылшын тілінен аударған Б.Қ. Сәркеев. – Алматы, 2002.

5. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – А.: Қазақ энциклопедиясы, 1995. -478б.

6. Джон Локк. Басқару туралы екі трактат/Ауд.М.Ө.Иманбаев, - Алматы: Раритет, 2004. -280 бет.

7. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Мектеп», 2003.

8. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық. Алматы: Жеті Жарғы, 2003.-288б.

9. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.-160 бет.

10. Жандәулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері. – Алматы. ХКАА «ЖШС», 2004.-164 б.

11. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы, 1995

12. «ҚР сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. – Алматы, 2004.

13. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. – Алматы: «Елорда», 2001.-304б.

14. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: «Өнер», 1996

15. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 18.02.2005. – Алматы, 2005

16. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: «Ата мұра», 1996

17. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: «Ата мұра», 1996

18. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: «Ата мұра», 1996

19. Оксфорд қысқаша сөздігі. Саясаттану – Алматы, ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2001, -424 б.

20. Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары. / Ауд. Т.Жандәулетов – Алматы: Үш қиян, 2004

21. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас. – Алматы: Жазушы, 1985 ж.

22. Руссо Ж.Ж. Қоғамдық келесім-шарт туралы немесе саяси құқық принциптері / Ауд. Б.Ж. Смағанбет – Алматы: Үш қиян, 2004. -158 бет

23. Хан И.Г. Саясаттану. Оқу құралы. – Алматы, 2004. – 174 бет

24. Шарль Луи Монтескье. Заңдар рухы туралы / Ауд. А. Құлсариева. - Алматы: Үш қиян, 2004. -784бет

25. Шоқай М. Таңдамалы: 2 томдық. – Алматы: Қайнар. Т.1. 1998.-512б.:Т.2.-1999.-520 б.

 

9. Курстың саясаты

1. Дәріс және семинар сабақтарына белсене қатысу және өзіндік жұмыстарды кестеге сәйкес орындау қажет.

2. Сабаққа кешікпей келу, сабақ үстінде өзге істермен шұғылданбау керек (ұялы телефон).

3. Сабақты себепсіз босатуға болмайды. Тек анықтама көрсеткен жағдайда босатқан сабақ тақырыбына конспект көрсетіп, сол тақырып бойынша оқытушыға жауап беру мүмкіндігіңіз бар.

4. Студент мен оқытушының арасындағы қатынас өзара сыйластық пен түсіністікке негізделуі тиіс.

 

10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат:

Студенттің білімін бағалау сапасын 3 түрде бақылау ұсынылады:

1. Ағымды бақылау:

- дәріс сабағына қатысу, дәріс материалдарының болуы (10%)

- семинар сабағына дайындықпен қатысу, сұраққа жауап беру (15%)

- өзіндік жұмысты орындау (СӨЖ-дің барлық түрлерін өз бетінше орындауы) (15%)

2. Аралық бақылау:

- екі бөлім арасындағы аралықты қарастыру, нұсқа бойынша тест тапсырмасы немесе коллоквиум (20%)

3. Қорытынды бақылау:

- емтихан қабылдаумен өткізіледі (40%).

 

11. Бағалау саясаты

Пән бойынша бағалау білімін бағалау сызбасы

  Студенттің орындайтын жұмыс түрлері балл саны min/max
І Ағымды бақылау - Дәрістер - Семинарлар - СӨЖ (тапсырмалар орындау)   20/40 4,5/9 0,6х15=9 7,5/15 1х15=15 7,5/15 1х15=15 +1 ұпай студенттің курс барысында белсенді болуы
ІІ Аралық бақылау - Рубеждік бақылау 1 - Рубеждік бақылау 2 10/20 5/10 5/10
  Қорытынды: 30/60
ІІІ Қорытынды бақылау Емтихан 20/40
  Барлығы: 50/100

Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы

  Емтихан бағасы Балл бойынша бағасы (%)
Ағымды бақылау Аралық бақылау   30-60
Қорытынды бақылау 20-40
Барлығы: 50-100

 

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті Балдардың пайыздық өлшемі Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

С Ө З Д І К

Абсентизм (латынша absentia – қатыспау, жоқ) – саяси қатысудан алшақтауды білдіретін категория. Абсентизмнің себебі ретінде тұлғаның саяси мәдениетінің қалыптаспағанын, өзіне өзі сенбегендікті, саясатқа деген сенімнің жоқтығын, саяси-экономикалық өмірге риза болмағандықты келтіруге болады. Оны саяси тұрақтылықтың куәсі ретінде де және қоғам тарапынан билікпен байланыстың үзілгендігінің салдары ретінде де түсіндіруге болады.

Абсолютизм(латынша absolutus – сөзсіз) – билік формасын немесе заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің монархтың қолына шоғырланғанын сипаттайтын билік категориясы. Абсолютизм Орта ғасырларда Батыс Еуропада кеңінен таралған.

Автократия – (грекше autocrateia - самодержавие) – бір адамның билігі, басқаруы немесе жетекшілік етуі. Көбіне билік етуші мен оның айналасындағыладың шығарған билігі.

Авторитаризм – (латынша auctoritas – билік, ықпал ету) – бір адамның немесе топтың билікке монополия жасауын сипаттайтын саяси режим (тәртіп). Авторитаризм қоғам мен билік арасындағы тәртіпті қатаң қадағалайды. Қоғамның басқа салаларына еркіндік бергенімен, саяси саланы бақылауында ұстайды. Кейбір авторитарлық режимде тоталитаризмнің де, демократияның да белгілері кездеседі. Авторитаризмнің бернеше түрлерін атауға болады: әскери, олигархиялық, популистік, бюрократиялық және т.б.

Анархизм – (грекше anarchia - биліксіздік) – саяси идеологияның және саяси қозғалыстың бір түрі, ол мемлекеттің жойылуын, мәжбүрлейтін органдардың орнына еркіндікті қамтамасыз ететін азаматтардың ерікті қоғамы тұруы керек деп есептейді. Анархизмде мемлекет күш көрсететін, адамның бостандығына шек келтіретін орган болып есептелінеді. Анархизмді ғылыми тұрғыда зерттегендер: Бакунин М.А., Кропоткин П.А. және т.б.

Аннексия –(латынша annexio - қосылу) – мемлекеттің қосымша территорияны қосып алуы.

Атлантизм– саясаттанулық және геосаяси ұғым; өзіне қосады: тарихи – адамзат өркениетінің батыс секторы; әскери-стратегиялық – НАТО елдері; әлеуметтік – «нарықтық құндылықтарға» бет қою (АҚШ- үлгісі); идеологиялық – Батыс елдерінің басқа әлемнен үстемдігін дәріптейтін концепция.

Агломерация – (латынша қосылу, толу деген мағынада) ортақ территориялық-өндірістік кешен негізінде қалыптасқан, өзара байланысқан қалалық және ауылдық тұрақтардың жиынтығы.

Аксиология – құндылық туралы ілім.

Альтернатива – (латынша екеуінің бірі деген мағынада) «немесе-немесе» принципі бойынша құрылған дамудың нұсқалары, бірақ бірі екіншісін жоққа шығаруы мүмкін.

Аномия – (грекше а-жоққа шығару, nomos-заң деген мағынада) қоғамның құндылықты-нормативті жүйесіндегі ауытқушылықтың түрлерін білдіреді.

Антропология – адам туралы ілім.

Бихевиоризм – (ағылшынша behaviour – тәртіп) - әртүрлі объектілерді зерттегенде сандық әдістердің қолдануын қарастыратын бағыт. Саясаттануда саяси оқиғаны немесе саяси топты зерттегенде оған қатысты мүшелердің тәртібін жекелей зерттеу арқылы шындыққа көз жеткізуге болады деп санайды. Бихевиоризм 1930-1950 жылдары қалыптасқан. Оның негізін салғандар: Ч. Мерриам мен Г. Лассуэлл.

Бюрократия – (французша bureau – бюро, кеңсе және грекше kratos – күш, билік) – жоғарғы билік органдарының шешімдерін орындайтын және басқару мәселелерімен кәсіби айналысатын адамдар тобы. Негізгі белгілері: мемлекеттік қызметкерлердің жоғары мәртебені иеленуі, атқарушы биліктің заң шығарушы биліктен алшақтауы, басқарудың тұлғасыз жүйесі, іс-қимылдың маңыздылығын көрсететін қызметтке тәуелділік жүйесінің болуы.

Билік – (ағылшынша power) – саяси ғылымдағы орталық ұғым. Субъектінің объектінің бедел, күш көрсету, құқық, мәжбүрлеу және тағы да басқа әдістермен әсер ететін қабылеті мен мүмкіндігі.

Биография – (грекше өмірді сипаттау деген мағынада) индивидтердің өмір жолын зерттеуде қолданылады.

Буржуазия – (француз сөзі) еркін қалалықтардан шыққан қоғамның ортаңғы немесе жоғары табын құрайтын, негізгі құндылықтары индивидуализм, кәсіпшілдік, жеке пайда болып саналатын әлеуметтік топ.

Варна – көне үнді қоғамын әлеуметтік топтарға бөлу жүйесі. Бұл жүйе бойынша үнді қоғамы брахмандарға, кшатрийлерге, вайшийлерге және шудраларға бөлінген.

Даосизм - қытай саяси ойындағы бағыт, негізін қалаушы б.э.д. VI ғ. Өмір сүрген Лао цзы. Оның негізгі шығармасы «Дао және дэ туралы кітап» деп аталады. Дао аспандағы билеушіден тәуелсіз, заңды даму дегенді білдіреді. Дао аспандағы, табиғат пен қоғамдағы заңдарды анықтайды. Даоға қатысты барлығы тең.

Демография – (грекше халық және жазамын деген сөздерден құрылған) халықтың өсімін зерттейтін ғылым, бағыт.

Демократия – (грекше халық және билік деген сөздерден шыққан) мемлекетті көпшіліктің мүддесін жоғары қоятын қазіргі таңдағы тиімді басқарудың түрі.

Идеал – (грекше идея, бейне деген мағынада) адамның топтың ұмтылысын анықтайтын жоғарғы мақсат, жетістік өлшемі, үлгі.

Идентификация – (латынша сәйкестендіру, тура сай қылу) әлеуметтік рөлдерді меңгері, адамның өзін басқа адаммен ұқсас қылдыруы. Қоршаған ортадағы құндылықтарға байланысты өзіндік бейнені қалыптастыру.

Иерархия – (грекше әулие билік деген мағынада) бағынуға негізделіп құрылған күрделі әлеуметтік жүйе, онда төменге деңгейдегілердің тәртібін жоғары деңгейдегілер бақылайды.

Индивид – (латынша бөлінбейтін, кісі) халықтың, қоғамның, топтың жеке мүшесі. Әлеуметтануда адам ұғымынан жоғары тұрады.

Интеграция – (латынша толығу немесе тұтас деген мағына береді) осыған дейін бір тәртіпке келмеген оптардың бірігкуі, жүйелене жинақталуы.

Интеллигенция – (латынша түсінетін, білетін, ақылды деген мағына береді) ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың әлеуметтік қабаты.

Интервью – ағылшын сөзі, мақсатты түрде бағытталған әңгімелесу. Оның мақсаты – алдын ала құрылған бағдарлама бойынша сұрақтарға жауап алу.

Инфрақұрылым – (төмен, асты деген мағынада) экономикалық және әлеуметтік қатынастардың нәтижесінен қалыптасқан, тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған мекемелердің, транспорттық құралдардың және т.б. жиынтығы.

Капитализм – (немісше басты деген мағына береді) маркстік ғылыми теорияда кездесетін қоғамды-экономикалық формация.

Консерватизм - (француз, латын тілдерінен аударғанда сақтаймын, қорғаймын дегенді білдіреді) бағдарлардың ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс- әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Консервативті ойлау әдетте әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болып табылады. Оның алғышарты Ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз Ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм).

Қайта өрлеу дәуірі - діни негізге негізделген ортағасырлық дүниетанымға қарама қарсы жаңа зайырлы идеология уақыты. Бұл жаңа идеология қоғамдық өмірдегі үрдістердің нәтижесі. Бұл кезеңді жаңа ғылымның қалыптасуы, жаратылыстанудағы жаңалықтар ерекшелендіреді. Қайта өрлеу адамзаттың ұйқыдан оянуымен пара пар серпіліс.

Қызмет – тұтастықтың бір бөлшегі ретінде оның бөлшектерінің өз міндетін, рөлін атқаруы.

Легизм - б.э.д. IV ғ. Қытай саяси ойында қалыптасқан бағыт. Бұл бағыттың негізгі идеялары «Шан облысының билеушісінің кітабы» атты еңбекте көрініс тапқан. Бұл кітаптың кейбір бөлімдерін Гунсунь Ян жазған, ол Шан Ян деген атпен танымал. Заң мен қатал жазалауға негізделген басқаруды ұсынады. Жалпы бұл бағытқа тұрғындар мен мемлекеттік билік арасындағы қарым қатынасты антагонистік сипатта шешу тән.

Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық зомбылықсыз түрлерін ұстанады, Либерализм ағым ретінде XVII ғ. Ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасымен байланысты болды. Либерализмнің негізі: индивид еркіндігі, қызмет кеңістігінің автономдығы, индивидтің жеке қалыптасуы.

Моизм - қытай саяси ойындағы бағыт, оның негізін қалаушы Мо-цзы б.э.д. 479-400 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Ол адамдар жаратылысынан тең, сондықтан мемлекетті басқаруда қарапайым халықтың мүдделерін есепке алуға шақырған. Мемлекеттің шығу тегін келісім тұжырымы арқылы негіздеген.

Полития - мемлекеттің жақсы түрі ретінде олигархия мен демократияның жақсы жақтарын қабылдаған. Полития мемлекеттің «орта» түрі: мүлікте орта жетістік, билікте орта топ. Мемлекет орта адамдардан тұрады.

Реформация -халықтың католиктік шіркеу бұғауынан босанып, ар ұждан еркіндігін жариялауы, яғни ерте христианшылдық негізінде шіркеуді өзгерту, демократияландыруды жүргізу.

Социум – (латынша біріккен, ортақ деген мағына білдіреді) өзара қарым-қатынастағы тұрақты адамдардың бірлестігі.

Статус – (латынша жағдай деген мағынада) әлеуметтік топтың немесе адамның қоғамдағы орнын анықтайтын категория.

Стереотип – (грекше қатты және қолтаңба деген сөздерден тұрады) әлеуметтік объект туралы схемалық, білімге негізделмеген түсініктердің қалыптасуы.

Стиль – (грекше сөзбе сөз түзу шыбық деген мағынада) тұрақты мінез-құлық, іс-әрекет, әдеттердің жиынтығы.

Стратификация – (латынша қабат және жасау деген сөздерден құрылған) қазіргі қоғамдағы теңсіздікті білдіретін категория.

Сциентизм - (латынша білім, ғылым деген мағына береді) мәдениетте ғылымның мәнін жоғары қоятын көзқарас.

Табиғи жағдай - мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған, жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Қайта өрлеу дәуірінде ойшылдармен кеңінен дамытылған идея.

Технократия - (грекше өнер, шеберлік және билік деген мағынада) техникалық мамандардың мемлекет басына келуін қалайтын бағыт.

Урбанизация - (латынша қалалық деген мағына береді) қалалардың өсуін білдіретін әлеуметтік-экономикалық үрдіс.

Утилитаризм- латын тілінен аударғанда пайдалылық дегенді білдіреді. Утилитаризм негізіне төрт қағида жатады: адам қызметінің мәні рахат көру және азап көрмеу; барлық құбылыстардың негізгі шешімі пайдалылық, кез келген міндетті шешу құралы; мәдениеттілік, көп адамға бақытқа жетуге бағыт береді; адамзат дамуының мақсаты жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігін қалыптастыру арқылы ортақ пайдаға жету.

Утопия – (сөзбе сөз тамаша жер деген мағынада) ғылыми-көркем шығармашылықтың бейнелі түрі, нақтылықты сынаудан пайда болған теория.

Футурология - (латынша болашақ және грекше ілім, білім деген сөздерден құрылған) болашақты зерттейтін, болжам жасайтын ғылым.

Цивилизация (өркениет) – (латынша азаматтық, мемлекеттік) ғылыми және техникалық жетістікке жеткен қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуын білдіретін даму сатысы.

Эксперимент – (латынша тәжірибе, байқап көру) бақылай және басқара алатын жағдайда жаңа мәліметтер алу әдісі.

Эмпиризм – (грекше тәжірибе