Смагулова Г.М., 11 страница

Атап өткендей, 1979 ж. шах тәртібі тұсындағы революцияға дейін Иран батыс мемлекеттерінің қолдауымен 20 энергетикалық реакторды салуды қарастырған әрі Таяу және Орта Шығыстағы ең мықты ядролық қаруды іске асыруды жоспарлаған болатын. Иран-ирак соғысының аяқталуынан кейін Бушерда екі энергоблокты құруға кіріскен Германия АҚШ-тың қысымына байланысты құрылысты жалғастырудан бас тартты.

1995 ж. басында ресейлік және ирандық ұйымдардың арасында немістердің аяқтамай кеткен Бушердегі энерго блок құрылысын жалғастыру жөнінде келісімге қол қойылды. Уақыттың өтуімен бұл келісім де тоқтатылып, Иранның ядролық материалдарды Ресейге қайтарып беруі жөнінде келісті.

Одан басқа Бушерде жеңіл сулы реакторды құрып жатқан Иран МАГАТЭ-нің тарапынан 2003 ж. тексеріске алынады. Иран 1991 ж. бастап табиғи уранды импорттау жөнінде МАГАТЭ-ні ақпараттандырмаған болып шықты. Агенттіктің мәліметтері бойынша Натанздағы байытушы кәсіпорындарда пәкістандық үлгіде жетілдірілген 164 газды центрифуг табылған.

Одан басқа Иран МАГАТЭ-ге Аракта қуаты 40 МВт құрайтын ауыр сулы зерттеу реакторын құру жөнінде ақпарат берген болатын. Мұндай фактілер мен ресми рандық жетекшілердің арыздаына сәйкес Иран ядролық жанармай циклінің толық инфроқұрылымын құру бойынша интенсивті үрдістерді жүргізгенін көреміз.

Дегенмен, Иран жетекшілерінің толық ядролық бағдарлама жөніндегі шешімді қабылдағаны әлі күнге дейін дәлелденген жоқ.

2003 ж. желтоқсанында Иран кепілдік жөніндегі келісімге қосымша хаттамаға қол қойды, бірақ оны осы күнге дейін ратификациялдаған жоқ. Бұл жөнінде МАГАТЭ-нің бас директоры «...несмотря на определенный прогресс в обеспечении для МАГАТЭ условий для инспекционной деятельности, проводимые инспекции пока не дают ответа на все вопросы и озобоченности» деп мәлімдесе, 2004 ж. МАГАТЭ-нің жылдық есебінде «...достигнутый прогресс позволил Агентству сделать вывод о том, что весь заявленный ядерный материал в Иране учтен и, таким образом, этот материал не был переключен на запрещенные виды деятельности. Однако Агентство еще не имеет возможности сделать вывод об отсутствии в Иране какого-либо незаявленного ядерного материала или незаявленной деятельности»,-деп көрсетілген.

Осы уақытқа қараай Ирандағы ядролық жағдайдың оң шешілуіне Ұлыбритания, Франция мен Германия қолдау беріп, ирандық жетекшілермен келіссөздердің бірнеше раундын жүргізген болатын. АҚШ-тың талабы сәйкес, еуропалық елдер тарапынан қолдауымен МАГАТЭ-нің басқарушы кеңесі 2005 ж. 24 қыркүйекте резолюция қабылдайды, бұл резолюцияда МАГАТЭ-нің Жарғысы мен кепілдік жөніндегі келісімін орындамайтыны көрсетіледі. Осымен бірге аталған резолюцияда Иранның Агенттікке барлық ядролық материалдармен баланысы бар құжаттарды ұсынуын, сонымен қатар ядролық материалдарды байыту мен өндіру бойынша барлық жұмыстарды тоқтату, ауыр сулы зерттеу реакторын құруды бастау жөніндегі мәселені қайта қарастыру мәселесі қарастырды.

Одан басқа ирандық ядролық жағдайды реттеудің мүмкіндігі келесілерге негізделді: ресей-иран кәсіпорыны құрылады, осының шеңберінде Иран Исфаханда тетрафторид уранын өндіреді, бұл соңынан шестифтористі уранға айналдырылуы үшін Ресейге бағытталады, бұны Иран бейбіт мақсатында қолданады. Мұндай вариант Иранның өз алдына уранды байытуын шектеудің мүмкіндігін туғызды.

МАГАТЭ-нің басқарушылар кеңесі және БҰҰ-нің Қауіпсіздік Кеңесі иран мәселесін тек қана бір рет қарастырып қоймады. 2006 ж. 31 шілдеде Қауіпсіздік Кеңесі №1696 резолюцияны қабылдады, бұл резолюцияға сәйкес МАГАТЭ-ң бақылауымен Иранның уранды байытуына қатысты барлық жұмыстарының тоқтатылуын талап етіп, Агенттіке осы жылдың 31 тамызына дейін атқарылған қызметі жөнінде Қауіпсіздік Кеңесіне баяндама жасауды қарастырды.

2006 ж. 31 тамызындағы баяндамасында Агенттіктің басқарушысы басқарушылар кеңесі мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне берген есебінде «Иран продолжает испытания первого каскада из 164 центрифуг типа Р-1 и готовт к эксплуатации второй каскад из того же количества центрифуг, продолжается строительство тежеловодного реактора» деп көрсетілген. 2006 ж. қазанда Иран екінші каскадты іске қосатыны жөнінде мәлімдейді. Сонымен Агенттіктің берен баяндамасына сәйкес іске қосылған центрифугтың жалпы саны 320 бірліктен асып кеткендігін көруге болады.

2006 ж. 14 қарашада МАГАТЭ-ның бас директоры М. Эль-Барадей Иранға қатысты жаңа баяндаманы жария етеді. Онда «Иран предоставляет Агентству доступ к заявленному ядерному материалу и установкам. На обоготительной установке было достигнуто обогощение урана до 5 % по урану-235. Однако Иран по-прежнему не обеспечивает полного доступа к этой установе и, в частности, отказывается обсуждать предложение Агентства об установлении дистанционного мониторинга за обогатительной установкой. Не информирует Иран Агентство и о своей программе дальнейшего расширения деятельности по обогощению на цетрифугах Р-1 и Р-2» деп көрсетілген. Бұдан Агенттік пен Иран жетекшілерінің арасындағы ядролық материалдарды есепке алу мәселесі жөніндегі өзара келісім мәселесінің әліде шешілмегендігін көруге болады. Бұл туралы аталған баяндамада «...Агентсво не сможет достичь прогресса по проверке отсутствия незаявленного ядерного материала и ядерной деятельности, если Иран не разрешит все еще остающиеся вопросы по проверечной деятельности путем выполнения условий Дополнительного протокола. Прогресс в этом отношении является необходимым условием для того, стобы Агентство могло подтвердить мирный характер ядерной программы Ирана» деп те айтылған. Баяндамада берілген мұндай мәліметтерге қарамастан МАГАТЭ аталған мәселелерді Иранмен диалог орнату арқылы шешілетініне үміт артты. Бұл жөнінде М. Эль-Барадей «я все еще надеюсь путем диалога между Ираном и его партнерами будут созданы условия для достижения всеобъемлющего решения, которое снимает озобоченности всех сторон»,- деп арыздайды.

Ресей, АҚШ, Қытайдың қатысуымен ирандық ядролық бағдарлама айналасындағы ядролық қаруды таратпауды қамтамасыз етуге бағытталған интенсивті дипломатиялық қызмет әлі өзінің жалғасын тауп жатыр, және бұл мәселенің немен аяқталатынын уақыт көрсетеді деген қорытындыға келдік.

Бірнеше жылдар бойы МАГАТЭ бас директоры Мохаммед Әл-Барадей төмен байытылған уран түріндегі ядролық отынның кепілденген жеткізілуінің көпжақты механизмін (МАГАТЭ төңірегіндегі ядролық отын банкі) құру ұсынысын жақтап отыр. МАГАТЭ басшысының пайымдауынша, мұндай тасымалдау саясатпен байланысты және жария ету критерийлеріне негізделген кепілдікті қажет етпейді.

МАГАТЭ Жарлығы бойынша Агенттікке ядролық отын банкін құру және оның қызметін қамтамасыз ету құзырлығы берілгенін айта кеткен жөн. Жарлықтың ІІІ бабына сәйкес Агенттіктің материал, қызмет көзін, құрал-жабдық алу, сонымен қатар ядролық энергияның бейбіт мақсатта қолданылуына ықпалдасатын жеке құрылымдар мен зауыттар құру құқығы бар. Ядролық материалдарды қабылдау, сақтау және жеткізу құзырлығы Жарлықтың ІХ және ХІ баптарында көрсетілген, ал Х бабында мүше-мелекеттердің Агенттікке қызмет көзін, құрал-жабдық және техникалық құралдар беру мүмкіндігін қарастыратын сілтеме бар.

Уран қолданысының жауапкершілігің маңыздылығын ұғынған Қазақстан Агенттік басшылығындағы ядролық отын банкін құруға деген МАГАТЭ басшысының ұмтылысын құптап отыр. Қазақстан үшін бас директордың инициативасы бірнеше себепке байланысты мәні жоғары.

Біріншіден, МАГАТЭ төңірегінде ядролық отын банкінің құрылуы жария етпеу жүйесінің күшеюіне ықпал етеді. Құрылған отын банктері ядролық сала қызметінің нарықтық механизмін бұзбайды деп есептейміз.

Екіншіден, МАГАТЭ төңірегінде ядролық отын банктері атом энергетикасының бейбіт мақсаттарда қолданылуын және мемлекеттердің бейбіт ядролық технологияларға қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, отын банктерінің құрылуы МАГАТЭ мүше-мемлекеттерінің құқығын кеңейтіп, ядролық отын циклы шеңберінде жеке өндірістік потенциал құруға мүмкіндік тудырады.

Қазақстан үшін банктегі отынның МАГАТЭ-ның толық бақылауында және оның ресми заңды иелігінде болуы өте маңызды. Басқа сөзбен айтқанда, Агенттік банк қауіпсіздігі үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, яғни табиғи апаттардан, заңсыз қозғалыстан, зиян келтіру немесе жойып жіберуден толық сақталады.

Қазақстан және Агенттік басшылығының пікірінше, бұл көпжақты механизм саясаттандырылмай, дискриминациялық сипатқа ие болмауы керек және кепілдік туралы келісімді орындайтын барлық мемлекеттерге қолжетімді болуы керек. Ядролық материалдарды өткізу саяси емес критерийлермен анықталып, объективті түрде қолданылуы қажет. Ешбір мемлекеттен ядролық қаруды таратпау туралы келісімге сәйкес құқықтарынан бас тартуды талап етуге болмайды.

2009 ж. 6 сәуірде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойған және ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде ядролық отын банкін өз территориясында орналастыру мүмкіндігі туралы баяндама жасады. 18 мамыр күні МАГАТЭ-де ресми құжат ретінде Қазақстанның ядролық отын банкіне байланысты ресми құжат таратылды, оның негізгі мазмұны жоғарыда аталған Қазақстанның ұсынысына арналды.

Осы жылы МАГАТЭ-ның төңірегіндегі отын банкін құру мәселесі біршама алға жылжығанын айта кеткен жөн. Бұл мәселені талқыға салу МАГАТЭ-ның басқарушылар кеңесінің наурыз сессиясында «Өзге мәселелер» күнтәртібінде бастау алды. Ол кездегі талқылау барысында мәселе кең ауқымды шеңберді қамтымай тек жеке делегациялар баяндамаларымен шектелді. МАГАТЭ басқарушылар кеңесінің маусымдық сессиясында отын банктері туралы мәселе «Кепілденген жеткізулерді қамтамасыз ету» күнтәртібінің 6-пункті бойынша қарастырылды. Талқылауға бұл сұрақ бойынша Кеңестің көпшілік мүше-мемлекеттері (тек 6-пункт бойынша 26 мүше-мемлекет) қатысты, бұл бас директордың инициативасына деген қызығушылықтың маңыздылығын айқындап отыр.

Талқылау барысында Басқарушылар Кеңесі 6-пункт бойынша бас директордың «МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру бойынша ұсыныстар» және «МАГАТЭ мүше-мемлекеттеріне төмен байытылған уранды тасымалдау үшін төмен байытылған уран қорын құру туралы Ресейдің инициативасы» тақырыбындағы баяндамалары және Германияның байытуға арналған арнайы аймақ құру туралы көпжақты жоба құжатын қарастырған болатын.

«МАГАТЭ-ның төмен байытылған уран банкін құру туралы ұсыныстар» баяндамасы ядролық отын банкін құрудың негізгі принциптерін қамтиды. Ядролық отын банкі 4,95%-ға дейін байытылған төмен байытылған уран қорын құрады. Байытудың бұл диапазоны отын өндіру талаптарының икемді орындалуын қамтамасыз етеді. Агенттік төмен байытылған уранды сатып алу үшін ашық конкурс өткізіп, төмен байытылған уранды ешбір шарттарсыз жеткізуге ниет білдірген тасымалдаушыларға құқық береді. Төмен байытылған уран кез-келген мүше-мемлекетке нарықтық бағамен жеткізіледі.

Төмен байытылған уран банкі мүше-мемлекеттердің бірінде орналасады. Банктің белсенді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қабылдаушы мемлекеттің дамыған ядролық инфрақұрылымы болу керек.

Агенттік қабылдаушымемлекетпен МАГАТЭ-ның орталық мекемелеріне қатысты келісімдерге ұқсас келісімдер жасасты. Бұл келісімдер бойынша төмен байытылған уранның қызмет етуіне қажетті орталықтар мен иммунитеттер беріліп, қауіпсіздік мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар қабылдаушы мемлекетің көршілес мемлекеттері мен қосымша келісімдер жасасу керек.

Ядролық отын банкінің қызметін қамтамасыз ету үшін хатшылық шамамен 150 млн АҚШ долларын бөлген болатын. Осылайша, Агенттіктің Басқарушылар Кеңесі ұсынысты құптаған жағдайда бас директордың Ядролық отын банкін құру идеясын жүзеге асыруға болады.

Бас директордың екінші баяндамасының мазмұны Ресейдің төмен байытылған уранның кепілденген қорын құру ұсынысына қатысты, ол уран байытудың Ангорскідегі халықаралық орталығы негізінде болу керек. Ресей жағы уран гексафториді түріндегі 120 т. төмен байытылған уран қорын құруды көздеп отыр, бұл уранның байыту деңгейі 2-4,95% , ал 50 тоннасының деңгейі 4,95% болмақ.

Төмен байытылған уран қоры 1985 жылғы 21 ақпанда КСРО және МАГАТЭ арасында жасалған КСРО-да кепілдіктерді қолдану келісіміне сәйкес Ресей жеріндегі ядролық материалдар қоймасында сақталады. Кепілдіктерді қолдану бойынша барлық шығындарды Ресей жағы өз мойынына алады.

Ресей жағы МАГАТЭ-мен төмен байытылған уранды жеткізу туралы екіжақты келісім жасаспақ, сонымен қатар Агенттікке төмен байытылған уран жеткізу туралы өтініш жіберген мүше-мемлекет пен МАГАТЭ арасында жасалатын келісім дайындалмақ.

Төмен байытылған уран жеткізу механизмі келесі тізбек бойынша орындалатын болатын, төмен байытылған уранды Ресейдің кепілденген қорынан алу туралы бас директордың хабарынан кейін Ресей МАГАТЭ сұратқан төмен байытылған уран мөлшерін Санк-Петербург теңіз портына жеткізеді. Осыдан кейін МАГАТЭ төмен байытылған уран сұратқан мүше -мемлекетке төмен байытылған уранды иелік ету құқығын тапсырады. Ресей жағы ұсынған лицензиялар мен рұқсат қағаздар мүше-мемлекеттердің төмен байытылған уранды Ресейден шығару құқығымен қамтамасыз етеді.

Ресей төмен байытылған уранды Агенттікке сол уақыттағы оның нарықтық бағасымен тапсырады. Мүше-мемлекет төмен байытылған уран төлемін ресейлік қордан шығарылғанға дейін МАГАТЭ есеп-шотына аудару керек.

Ал Қазақстан Ресейдің кепілденген төмен байытылған уран қорын құру ұсынысын қолдады. Еліміз: «уран байытудың көпұлтты орталықтардың құрылуы – ядролық отынның сенімді жеткізілуін қамтамасыз етеді»,- деп есептейді. Сонымен қатар, ресейлік ұсыныс МАГАТЭ басшысы ұсынған кепілденген жеткізулер схемасының талаптарына сай келеді: ол саяси принциптерге тәуелді емес, дискриминациялық емес сипатқа ие, кепілдік бойынша талаптарды орындайтын барлық мемлекеттерге қолжетімді.

Астанада байытуға арналған арнайы аймақ құру көпжақты жобасының германдық үлгісі тыңғылықты зерттелуде. Германияның ұсынысына сәйкес мүдделі мемлекеттер тобы байыту бойынша қызмет нарығында бәсекеге қабілетті субъект ретінде сауда компаниясын құрады. Байыту бойынша компания уран байытудың апробирленген технологиясын қолдана отырып өз қызметін ұсынады. Бұл компанияның мекемелері МАГАТЭ-ның әкімшілік басқаруындағы арнайы көпжақты аймақта орналасады.

Басқарушылар кеңесінің кеңесінен кейін МАГАТЭ бас директордың және Ресейдің ұсынысы бойынша консультацияларды жалғастыруды ұйғарды. Нәтижесінде, МАГАТЭ хатшылығына Ядролық отын банк мәселесі бойынша нақты ұсыныстар дайындау тапсырылды. Қазіргі таңда Басқарушылар Кеңесіндегі мүше-мемлекеттердің ауыз біршілігі болмағанмен, көптеген мемлекеттер бұл мәселенің талқылауын жалғастыруды ұсынып отыр. МАГАТЭ бас директорының Ядролық отын банкін құру туралы инициативасын қолдаған мемлекеттер бұл идеяның жүзеге асатынына кәміл сенеді.

Агенттік басшылығы Ядролық отын банкін орналастыратын аймақ ретінде Қазақстан жерін де қарастырады. Қазақстан ядролық қарудан азат ел статусына ие және ядролық қаруды таратпау Келісімінің негізгі талаптарын, сонымен қатар Қазақстан және МАГАТЭ арасындағы кепілдіктерді қолдану Келісімін орындайды. Осыған қоса еліміз дамыған атом өнеркәсібіне және ядролық технологияларға ие.

Ядролық отын банкін Қазақстан территориясында орналастырудың бірнеше тиімді жақтары бар:

· берілген халықаралық жобаның іске асырылуы және онда еліміздің белсенді ат салысуы Қазақстан ядролық қаруды таратпау жүйесіне қосқан үлесі зор мемлекет ретінде беделінің өсуіне ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде ядролық тасымалдаушыларға деген еліміздің беделін арттырмақ;

· Қазақстанның дамыған ядролық инфрақұрылымы бар. Ол «НАК «Қазатомпром» АҚ негізінде қаланған. Мысалға, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ мекемелерінің уран гексафторидін қауіпсіз сақтау және қолдану бойынша көпжылдық тәжірибесі бар және ол МАГАТЭ стандарттарына сай;

· Қазақстанда уранды қайта коверсиялау технологиялары, яғни уран гексафторидінен уран диоксиді ұнтағын жасау дамыған;

· мемлекетте, сонымен қатар, АЭС-ке қажетті отын дәрілерін жасаудың дамыған технологиясы бар. Қазіргі таңда отын таблеткаларын батыс типті реакторларға сәйкес етіп өндіру технологиясы қолданылады;

· Қазақстан мен Ресей арасында белгілі келісімдер бар, олар бойынша материалды РФ территориясы шеңберінде тасымалдау, тексеру, жүкті әскери қосалқалап жүру және жауапкершілікті тапсыру мәселелері қарастырылған. Материалды сақтау, кедендік мәселелер бойынша да келісімдер бар;

· UF6 өндіру және сақтау табиғи уран өндірісін арттыруға мүмкіндік тұғызады. Мысалы, 120 т көлемдегі уран гексафторид қорын жасау үшін 1200 т табиғи уран өндіру қажет болады. Бұл табиғи уран өндірісінің ұлғаюын талап етеді;

· пайдаланылған ядролық отын МАГАТЭ ережесіне сай республика территориясына қайтарылмайтынын ескере кеткен жөн.

МАГАТЭ Ядролық отын банкін орналастырудың бірден-бір шарты оның қоршаған ортаға тигізер әсерін зерттеу болмақ. Отын банкі экологиялық ортаға зиян келтіретін болған жағдайда оны Қазақстанда орналастыру жүзеге аспайды. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, отын банкін Қазақстан Республикасында орналастыру қиындық тудырмайды. Оған дәлел ретінде жоғары стандарттарға жауап беретін Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытын келтіруге болады.

 

Негізгі әдебиет:

1. Устав МАГАТЭ //www.mag.doc.ru

2. Договор о нераспространении ядерного оружия от 1968 г. Сборник документов по международному праву / Под общ.ред.К.К. Токаева.-Алматы, 1998.-Т.1.-С.253-258.



in/footer.php"; ?>