Этиологиясы.
Реферат
Тақырыбы: Геморрой.
Орындаған: Төреханова Ж.Ж.
Факультет:Жалпы медицина.
Курс: 5
Тобы: 032-2гр
Тексерген: Бердібаев Д.Қ.
Алматы 2014-2015ж.ж.
Жоспары:
Кіріспе.
Тік ішек жайлы жылпы түсінік.
Негізгі бөлім.
Геморрой. Этиологиясы. Патогенезі.
Классификациясы. Клиникалық көріністері.
Дифференциялды диагностикасы. Диагностикасы. Емі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Тік ішек тоқ ішектің жамбас қуысында орналасқан ең соңғы бөлігі болып табылады.Ұзындығы 15-17 см тең. Орналасуына қарай 2 бөлімін ажыратады: 1-жамбас қуысында, 2- бұтаралықта.
Тік ішек өзі 3 бөліктен тұрады: 1-ампула үсті немесе ректосигмоидты, 2-ампулярлық бөлігі, 3-бұтаралық немесе анальдық бөлігі.
Геморрой (көтеу,haimorrhois) - тік ішектің каверноздық денешіктерінің кеңеюімен сипатталатын ауруды айтады. Тік ішек ауруларының арасында 40% құрайды. Ересек адамдарда 10% байқалады.
Этиологиясы.
Геморройдың пайда болуының бірнеше себебі бар:
-көк тамыр жүйесінің туа біткен жетіспеушілігі
-артқы қысқышта өтетін тік ішек көк тамырларында қанның қалыпты ағу процессінің бұзылуынан қан тоқыраулануы
-механикалық факторлар(іш қату,көп қимыл жасамайтын жұмыстар,т.б.)
-алиментарлық(алкогольдік ішімдіктер,өткір тағамдар т.б)
-инфекциялық агенттер(колит,тік ішек көктамырларының флебиті т.б)
Сонымен қатар геморройдың пайда болуында :
-Нейрогендік ,эндокриндік,аллергиялық теорияларда бар.
-Ұзақ мерзімге созылған жөтел (бронхит, туберкулез т.б)
-Жүктілік кезінде тік ішек веналарының қысылуы
-Простата безінің аденомасында т.б.
Жіктелуі.
Клиникалық көрінісіне қарай:
-жедел
-созылмалы
-қайталанбалы
Орналасуына қарай:
-сыртқы
-ішкі
Кеңейген вена түйіндерінің сыртқа түсу дәрежесіне қарай:
-I дәреже
-II дәреже
-III дәреже
Сыртқы геморрой- кеңейген көк тамырлар тарақша сызық деңгейінде,яғни тік ішектің кілегей қабатының терімен шектесу аймағында орналасқан.
Ішкі геморрой– кеңейген көк тамырлар қысқыш деңгейінен жоғары орналасқан.
Клиникалық көрінісі.
Ауырған адам дәретке отырған кезде қатты қиналады. Геморрой түйіні кеселі асқынған кезде тік ішектен қан кетеді. Аурудың асқынуы көбінесе осылай білінеді. Дегенмен, геморрой зардабы тек қан кетумен шектелмейді. Емделмеген жағдайда көтенішек түйіндері қабынып, ол қан тамырларының қабынуына алып келеді. Мұндай кезде көтенішектегі түйіндер ісініп, катайып, қатты ауырады, қайта-кайта дәретке отырғың келгендей алдамшы сезім пайда болады. Дәретке отырған кезде ауырсыну сезімі бұрынғыдан бетер күшейеді, кейде тіпті дене қызуы да көтеріліп кетеді. Асқыну екі бағытта дамиды. Оның алғашқысында көтенішектегі түйіндер біресе қабынып, ісініп, біресе басылып, ақыры іші қанды іріңге толып, кейін ол жарылып, орынын тесік немесе тілік түріндегі жарақат басады. Бұл жарақаттың ауруы бұрынғы түйіннен гөрі жанға батып, азапқа салады.
Геморройдың асқынуының екінші түрі, қан аздық сырқатын тудырады. Қан кетуі салдарынан тәндегі темір элементі азаяды. Тағы бір айта кететін жайт, көтенішектің ішкі жағындағы түйіндердің асқынуы оның аузындағы шырышты қабаттың сыпырылып түсуіне, түйіндер орнының құрысып, жиырылуына әкеліп соғады. Мұның аяғы көп қан кетуге ұласады. Сондай-ақ, ішкі жағындағы түйіндер көтенішектің аузынан сыртқа шығып, бұлтиып тұрады. Бұл аnus аузын зақымға ұшыратады.
Диагностикасы.
Anus айналасын көзбен шолып көру.
Тік ішекті саусақпен тексеру.
Ректоромано- және аноскопия.
Колоноскопия.
Емі.
I-II дәрежесінде консервативті ем
-тағам түрі мен қолдану кестесін сақтау
-гигиеналық кестені сақтау
-отырып пайдаланатын ванна
-ауру сезіміне қарсы анальгетиктер,новакаин,антибактериалдық және анелгезия тудыратын майлар,балауызшам тәрізді дәрілер.
Сонымен қатар қан тамырларын склероздау тәсілін қолдануға болады.
II-III дәрежелерінде хирургиялық жолмен емдейді.
Геморрой түйіндерін А.Н. Рыжих, Паркс, Миллиган Морган түрімен алып тастау жиі қолданады.
Операция алдында ауру адамдарға арнайы дайындық шаралары жүргізілуі керек яғни жалпы гигиеналық шаралар, ішекті тазалау т.с.с.
Операциядан кейін ол жасалған жерді күнделікті күтіп, байлау,таңу, тамақ қолдану кестесін сақтау, іш қатудан сақтайтын дәрілер беру.
Қолданылған әдебиеттер:
Хирургия – А. Нұрмақов Алматы 2009.
Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975.
www.gb41-proctolog.ru
netgemorroya.ru/gemorroidektomiya-po-milliganu-morganu
meduniver.com/Medical/kartini/
http://halykemi.wordpress.com/