Емтихан билеті № 24

1. Алыс қоршауының элементі – әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке сипаттама беріңіз.

2. Компания үшін сыртқы орта элементтерін талдау кезінде қандай факторлар қарастырылады?

3. Сәтсіз басшыға қандай сипаттар тән?

1. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік

Сыртқы орта жүйесінде жаңа элемент. Жүзеге асырылған басқарушылық шешімдердің маңызды жағымсыз салдарлар үшін, яғни адамдарға немесе табиғатқа келтірілген зиян үшін компаниялар мен жеке тұлғалардың гуманитарлық жауапкершілігін сипаттайды. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктің параметрлері болып табылады: -жауапкершілік кеңдігі; -жауапкершіліктің уақыт интервалы. Ол мерзімсіз және берілген мерзімге болуы мүмкін. Мысалы, белгіленген тапсырманы орандау кезеңіне; -жауапкершілікке берілетін мән; үлестік жауапкершілікке персоналдың тартылуы.

2. Сыртқы орта шешім қабылдайтын басшы үшін бұл элементтердің параметрлерінің тиімді және (немесе) тиімсіз мәндерінің жиынтығын қалыптастырады. Басқарушылық стратегияға байланысты басшы:

- компания қызметінде бұл параметрлердің мәнін қабылдай және есепке ала алады. Мұнда сыртқы орта БШ дайындаудың, жүзеге асырудың және нәтиже алудың енжар шектеушісі немесе тездеткіші рөлін атқарады;

- өз бизнес үшін сыртқы орта параметрлерінің әрекетін күшейте немесе әлсірете алады;

- компания қызметіне жағымды әсеріне қол жеткізе отырып, сыртқы орта элементтерін алдын ала ескере алады.

 

 

3. Әрбір басшы бағынышталардың назарын өзінде сезінеді. Оның жеке тұлғалық сипаттары бағыныштылармен және әріптестермен қарым-қатынас процесіне, сонымен қатар басқару шешімдерін орындауға маңызды әсер етеді. Жеке тұлғалық сипаттар арасында өзгермейтін, әлсіз өзгеретін және едәуір өзгеретін сипаттар бар. Өзгермейтін жеке тұлғалық сипаттарға: темперамент, денсаулық, реакция, әлсіз өзгеретіндерге – иланушылық, сезімдік деңгейі, кәсіпқойлық, тәжірибе, назар түрі, тәуекелдік, ойлау ерекшеліктері, едәуір өзгеретіндерге – ерік, жауапкершілік, байланысқа бейімділік жатады.

Басқарушылық тәжірибеде адамдармен жұмыс жасауды жеңілдететін, басқару шешімдерін сәтті дайындау мен жүзеге асырудың мүмкіндіктерін арттыратын адам қасиеттерінің жиынтығы бар. Мұндай жиынтықтың бірі келесі қасиеттерден тұрады: өте жақсы денсаулық, жақсы үй иесі, кәсіпқор, қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату.

Сәтсіз басшыға тән сипаттар: асығыстық, артық жұмсақтық, жеткіліксіз тәжірибе, сөзшендік, ұқыпсыз сыртқы түрі. Оның қызметі ойда болмаған жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады