Summary 1 страница
Резюме
В этой статье рассматриваются роль языка в развитии устной речи и методы обучения английскому языку
Summary
This article deals with the role of language in the development of oral speech and the methods of teaching English
Көптеген әйгілі концепциялармен қатар қазіргі таңда ағылшын тілін оқытуды алгоритмдеу, ақыл-ой қызметін жүйелі қалыптастыру, дамыта және жеке - бағдарлы оқытуды біз ауыз екі сөйлеуді дамыту және аудармасыз оқуды жетілдіру мақсатында тілді оқыту деп түсінеміз. Біз мұнда А.А.Миролюбовтың пікірін бөлісе түсеміз [Миролюбов А.А., 2002].
Көптеген шетел әдіскерлерінің пікірінше бұл әдіс қазірге дейін көптеген елдерде ағылшын тілін оқыту жүйесінде басым болып есептеледі. Осы тәсілге орай үйренушілер әртүрлі күрделіліктегі мәтіндерді оқуға, жаттығулар орындауға, тестер мен эсселер жазуға көп көңіл бөледі. Сөйлеу тілін дамытуда үйренушілер диалог-үлгілерді тыңдап, оларды қайталауға, жаттауға ыңғайланады [Scrivener J., 2005].
Бәрімізге белгілі ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі түрінде тілдің құрамдас бөліміне, дәлірек айтсақ, грамматикалық, лексикалық және фонетикалық құрамына көбірек тоқталамыз. Коммуникативті емес жаттығуларға - яғни өзгерту, ауыстыру, тілдік бірліктерді орнына қою сияқты шарттардағы жаттығуларға көбірек көңіл бөлінуде.
Тіл - өлі, статистикалық құбылыс емес. Тіл, біз білетіндей, тірі, үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс. Қоғам, ғылым, өнер және адам әрекетінің басқа өрістерінің дамуымен қатар тілде де үлкен өзгерістер болып отырады.
Оқытушының міндеті - үйренушіге тілдің тек белгілі, тұрақты бірліктеріне сүйеніп қана қоймай, жаңадан пайда болған, өзгерген жағдайларда өз бетінше әрекет етуге қалыптастыру болып табылады [Aitken R,. 2002, Crystal D,.2002, Morgan J. And RinvolucriM., 2004, Parrott M., 2000, Underhill F., 2005 және т.б.].
Тілдегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес тілдік материалды оқыту да өзгерді. Ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі түрлері аясында оны шетел тілі ретінде қарастыруда «контексті тәсілді» атауға болады. Мұнда барлық грамматикалық ережелер нақты контекстерден алынған – ауызша және жазбаша әртүрлі қызметтік түрлерде мысалдармен безендіріледі. Мысалдардан берілген тілдік құбылыс әртүрлі контексте, тіл иелерінің сәйкес коммуникативті жағдайларда тіл бірліктерін қалай қолдануына байланысты алынғанын көруге болады. Бұл контекстер тіл үйренуші берілген форма қашан және қайда қолдануы туралы өзі қорытынды жасай алатындай таңдалуы тиіс [Carter R., Hughes R., McCarthy M., 2000; Villiers C.S., 2006; Willis D.,2003].
Бұрын мысалдар көркем әдебиеттерден алынатын немесе құрастырылатын. Әрине, тілін үйреніп отырған елдердің білімді кісілері осыдан ғасыр не 50 жыл бұрынғы олардың ата бабалары сөйлеп не жазғанындай қазір сөйлеп, жазбайды. Шын мәнінде ағылшын тілін үйренуші шетелдік азаматтың осындай сөйлеу үлгілерімен сөйлегені ерсі көрінген болар еді. Д.Кристаллдың ескертуіндей шетелдік екпін(назар)фонетика төңірегінде емес, лексика мен грамматика төңірегінде сезіледі. Ағылшын тілін шетел тілі ретінде үйренуші сөйлеуде не жазуда ағылшын классиктерінің шығармаларынан үнемі үзінді келтіріп жүргендей жиірек сөйлеп, жазады [Crystal D.,2002].
Лексика аймағында Майкл Левис пен Джимми Хиллдің пікірінше негізінен нақты коммуникацияға қажетті лексикалық тіркестерді қолдануға көңіл бөлу керек дейді. Мұнда сонымен қатар басқа да қолданыстардан аулақ болу керек: күнделікті, сөйлеудегі ағылшыннан, әсіресе ресми не жартылай ресми жағдайлардағы «сленг» тіркестерін қолданудан аулақ болу керек [Lewis M., Hill J., 1996].
Дәстүрлі оқытудан кейін ілесе пайда болған «Коммуникативті оқыту»
тәсілі ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытуда маңызды орын алады . Үйренушілерге тиімділігі жөнінен бұл тәсіл барлық сөйлеу әрекеті түрлерінде қатынас дағдыларын игеру туралы мақсатты көздейді [Миролюбов А.А., 2002]. Білімді, ептілік пен дағдыны анықтауды, қалыптастыру әдістерін, бақылау мен бағалауды қамтиды. Шет тілдерін оқытудағы бұл жетілген жүйе бұрын да педагогикалық қоғамдастықпен қабылданған болатын және қазір де оның бір бөлігі болып саналады.
Ағылшын тілін үйретуде коммуникативті-бағдарлы оқыту тәсілін тәжірибеге енгізу қарқынды хабарламалармен алмасуға, ғылым мен техника саласындағы жаңа ойлар мен пікірлерді қарастыруға, мәдениет саласындағы үлкен жетістіктермен алмасуға әкелді. Әр түрлі іс-әрекет өрісіндегі мамандармен алмасу қарқыны өсті.
Осы жолдардың бірі бойынша, тіл үйренушілер қарым-қатынас жүргізуде белгілі коммуникативті міндеттерді орындау арқылы аталған тәсіл аясында оқытылады. Бұған қоса оқытушының түсіндіруі немесе әдеттегі практикалық жаттығулар барынша ықшамдалған. Бұл тәсілді “Strong Communicative Approach” деп атайды.
Екінші ұсыным бойынша, үйренушілер оқытушы түсіндірмесімен жүргізілетін әдеттегі жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды. Оқыту процесінде қажетті тәсілді таңдау көбіне үйренушілердің оқу сатысы және үйрену деңгейі арқылы анықталатыны мәлім. Сөйтіп бастауыш топтар үшін тікелей тәсілді қолдану мүмкіндігі бар, яғни, сабақтарда бала өз ана тілін оқып үйренгенде қолданылатын тәсілдер мен қалыптасқан тіл қолданылады.
Басқа пікірлерге байланысты (Dr J.Asher),мұндай деңгейдегі үйренушілер сабақта оқытушының сілтемелерін мұқият тыңдап, көрнекіліктер немесе оқытушының қимылы арқылы түсініп, осы нұсқауларды орындаулары керек. Мұндай сабақтар жеткілікті түрде көп уақыт алуы мүмкін, бірақ бірте-бірте оқытушы сілтемелері күрделенеді де оған бірнеше сөйлемдер немесе грамматикалық күрделі құрылымдар қосылады. Мұндай әдісте оқушыдан ауызша сөйлеу оның өзі қаламайынша немесе ол өзі дайын болғанша талап етілмейді (“Total Physical Response”).
Ағылшын тілін қарым-қатынас тілі ретінде барынша ерте қолдану “Community Language Learning” нұсқасында ұсынылады. Бұл тәсіл ағылшын тілін үйренуші ересек адамға тән барынша аз қобалжу мен тынышсыздықты туғызбай, кез келген тақырыпта қызығушылық тудыратын әңгіме жүргізуде қолданылады. Үйренушілер бір-біріне қарама-қарсы отырады да оқытушы олардың артында тұрады. Егер үйренушінің бірі бірнәрсе айтқысы келсе ол оқытушыға белгі беріп шақырады да оған өз ойы туралы ана тілінде жәй айтады. Оқытушы ол фразаны ағылшын тіліне аударып, сыбырлап айтады. Үйренуші фразаны бірнеше рет қайталайды да, оны дұрыс айтуға машықтанады. Аз уақыттан кейін, яғни сөйлем жеткілікті дұрыс айтылғанда, үйренуші оны дауыстап айтады. Бұл сөйлем бір уақытта, мысалы, таспаға жазылып отырады. Егер әңгімені жалғастыру керек болса осы үлгі қайталанады. Осылайша барлық талқылау жәй және біртіндеп құрастырылады да жазылып отырады. Араға аз уақыт салып талқылауға үзіліс жасалады да, осы диалогта кездесетін тілдік құбылыстарды түсіндіру басталады, оның ішінде грамматикалық ереже және құрылымдар, лексикалық бірліктер талданып, қарастырылады.
Коммуникативті- бағдарлы білімі жоғарырақ деңгейдегі үйренушілер үшін “Task-Based Learning” тәсілі қолданылады, яғни, күнделікті өмірге керек және қажетті ептілікті қамтитын жұмыс түрінің негізінде оқыту тәсілі алынуы мүмкін. Коммуникативті міндеттер осындай тапсырмаларға дайындық кезінде, оларды орындауда және оны жан-жақты талдауда шешіледі. Сырттай қарағанда бұл тәсіл жобалы әдістемені еске түсіреді, бірақ мұнда шешілетін міндеттер барынша қарапайым – мысалы, балалар мерекесін ұйымдастыру және т.б. [Scrivener J., 2005].
Жоғарыда келтірілген әдістемелерге шолу ағылшын тілін оқытудың тәсілдері толық және жеткілікті емес екендігін көрсетеді. Қазіргі уақытта ағылшын тілін оқытудың жобалы және әлеуметті - мәдениетті әдістері, құзырлылық әдістері қолданылып жүр. Дегенмен ағылшын тілін оқыту әдістемесінде білім мен қазіргі заманғы тенденцияларды қолдану оқытушы жұмысын қызықтырақ етіп, түрлендіре түседі.
- 1. Шетел (ағылшын) тілі Бастауыш білім деңгей іне арналған шетел тілін оқыту курсы қарапайым меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгей і - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді. Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұны мен түрін анықтауды баланың өмірлік әлемімен, іс-әрекетімен байланыстыру қажет. Шетел (ағылшын) тілі пән і оқушы бойында өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтары, ұлттық ұқсасты қтар, азаматтылық, моральдық нормалар мен сөйлесу әдебі туралы ой қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сыныптарда шетел тілін оқытудың мақсаты төменгі сынып оқушыларында қарапайым коммуникативтік құзыреттіліктердің сөйлеу әрекеттері: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын қажетті деңгейде қалыптастыру болып табылады. Қарапайым қоммуникативтік құзыреттілік деп төменгі сынып оқушысының күнделікті жағдайдағы шектеулі ортада және қарым-қатынас саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша түрде тұлғаралық және мәдениаралық қарым-қатынасын іске асырудағы төмен гі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы түсіндіріледі. Бастауыш мектептерде шет тілін меңгеру: ағылшын тілін қарым-қатынас ретінде және оны меңгерудің маңыздылығын тануды қалыптастыруға, басқа халы қтар мәдениетімен салыстырғанда ана тілі мен мәдениетін ің рөлін сезін уге, қарапайым деңгейде сөйлесу мүмкін діктерін ескеріп шетел тілінде әңгімелесу дағдысы мен төменгі сынып оқушыларының ауызша (тыңдалым және айтылым) және жазбаша (оқу және жазу) түрдегі қажеттілігін қалыптастыруға; ағылшын тілін әрі қарай игеру уәждемесін дамытуға; игеретін тіл елін ің мәдениеті,тарихы мен дәстүрлері, қолжетімді үлгіде көркем әдебиеті туралы танымын қалыптастыруға; алға қарай психологиялық тосқауылдарды жеңу үшін шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдан уда балаларды жаңа тілдік әлемге психологиялық жақтан бей імделуін қамтамасыз етуге; оқу-әдістемелік кешендердің әртүрлі компоненттерімен (оқулы қпен, жұмыс дәптерімен, ауди оережемен, мультимедиялы қ ережемен, т.б.), жұпта және топта жұмыс істей білу жұмыстарын үйлестіру дағдысын игеруге бағытталуы тиіс. Шетел тілін оқыту үдерісін де «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру шеңберінде оқушыны отбасылық қағидасына, туысты қ сүй іспеншілік сезімге, кішіге қамқор болуға ұмтылуға,сондай-ақ басқа да халықтар өкілдеріне досты қ қарым-қатынаста рухани- адамгершілікке тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аудару қажет. Шынайы қарым-қатынас жағдайына ағылшын тілін меңгеру үдерісін жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде оқу материалын азайту, коммуникативтік және фун кциональдық, кешендік, тәрбиелік оқу, белсенділік, көрнекілік, оқиғалы қ- тақырыптық ұсынылуы, жүйелілік және дәйектілік, и геру беріктігі, қолжетімділік және даралану принциптері сияқты дидактикалы қ оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды. Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар – белсенді лексика және белсенді грамматикалы қ материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, төменгі сынып оқушыларының жаңа әлеуметтік тәжірибеге араласу шетел тілінде әртүрлі ойын жағдайында, отбасыға тән, тұрмыстық, оқу қатынасы есебінен жүргізіледі. Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілін ің әртүрлі деңгейлік құралдары – лексикалы қ және синтаксистік (фонетикалы қ, сөзжасаушы, морфологиялы қ шеңберде де)
- 2. құралдары жиынтығының нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады. Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалдарының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметін ің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1- сыныпта – аудиолау және сөйлету (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2- жартыжылдықтан басталады), аудиолау,сөйлету, оқу және жазу– 2- 4-сыныптан бастап жүзеге асырылады. Саралаушылы қ принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлін ген бір мәтіндегі жаңа сөздердің фун кционалдық- семантикалық берілу тәсілдерін, көрнекілік құралдарына арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуін дегі жаңа сөздерді белсендіруді (белгілі бір тақырыптық кең істік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз ететін жүйе ретінде бекітілуі ти іс. Сөйлеудің грамматикалы қ қатарын дамыту қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқи ғаны пайдалану тәсілдерімен, сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату (екінші деңгейлі мүшелермен), екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру тәсілдерімен сипатталады. Бастапқы кезеңде бала дамуының деңгейіне сәйкес басты назарда үйрену пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын) орын алады. Оқу және жазуды 2-сыныптан бастап оқыту қажет, себебі дыбыс арқылы қабылданады, сөйлеу арқылы түсініледі, сөйлеу арқылы жазылады. Тілдік білімді спираль түріндегі алға жылжу түрінде беру қажет. Аудиолауға үйрету төменгі сынып оқушыларының білім деңгей і, қызығушылықтары мен қажеттіліктері есебінде, мысалы қысқа ертегілер, шағын әңгімелер , жануарларды сипаттау, атаулы оқиғалар және т.с.с. жүзеге асырылуы тиіс. Мәтінн ің дыбысталу ұзақтығы 1 минутқа дейін, қайталау саны – 2-3 рет. Өз ойын айтуға үйрету диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді: этикеттік сипатта диалог, сұрақ-диалог, оқи ғаға араласу диалогы, п ікір алмасу диалогтарын жүргізу қабілетін арттыру. Білім берудің осы деңгей інде монологтық сөйлеуді дамыту нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде қарапайым ой айту қабілетін қалыптастыруға бағытталған : өзі туралы, отбасы мүшелері, достары туралы, өз елін ің жан уарлары мен өсімдіктер әлемі туралы (жұмыс күні, жұмыс түрі, мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру. Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазу; өз ки імін дегі, шоколад және кон фет сыртындағы т.с.с. ағылшын жазуларын оқу. Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта орындалады, алайда жазу түсін ігіне карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады. «Шетел тілі» пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай, эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысының табиғатына сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлерін е (ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық және т.с.с.) өзге тілдік сөйлеу қызметін қосуға және бастауыш мектепте оқытылатын пәндермен әртүрлі байланыс орнатуға және кіріктірілген болып табылатын жалпы оқу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Шетел тілі» пәні бойынша 1-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатты, жылдық – 33 сағатты құрайды. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. 2-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатты, жылдық – 34 сағатты құрайды. Шетел тілі Негізгі орта білім дең гей іне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгей інде
- 3. мәдениеаралық және этникааралық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. 8-9-сыныптарда (А2 оқу деңгей і бойынша) қатысымдық-мәдениетаралық- тұтастай жеке сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу; - «Шетел тілі» оқу құралдары арқылы өзін көрсету мүмкіндігін сезіну; - шетел тілін меңгерудің мотивациясын қалыптастыру және «Шетел тілі» пән ін білім беру бағытында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу; - ұлттық өзіндік сана сезімді, әртүрлі қоғамдастық адамдарының арасындағы өзара түсін істікке ұмтылысты және өзге мәдениет белгілерін е толеранттық қарым-қатынасты дамыту. Берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу іс-әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктив әрекеттен репродуктив-нәтижелі әрекетке, кей іннен нәтижелі әрекетке қарай дамиды. 5-7-сыныптарда айтылым дағдыларын (диалогтік және монолог сөз) дамыту үшін нәтижелі жаттығуларды, яғни берілген репликалармен диалог құру, үлгі-диалогтарды дыбыстау қолданылады. Жатты ғулар шығармашылы қ сипатта болуы мүмкін. Монолог сөз дағдыларын дамытуда тірек сөздер, жоспар, логикалық сызба, ассоциациядан тұратын нәтижелі, репродуктив жаттығулар, т.б. қолданылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады. 5-7-сыныптарда «Шетел тілі» оқу пән ін игертуде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіледі: - алынған жалпы оқыту іскерліктерін, дағдылар және біліктерін оқу-танымдық құзыреттіліктерді дамытуға кіріктірілетін оқу және іс-тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында қолдану; - қазіргі заман жағдайында оқушылар шетел тілін ің орнын, болашақ маман иесі ретінде аңғаруы, өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау және тілдік коммуникативтік дамуын өзіндік бағалау стратегиясын меңгерту; - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оқушыларға түсін ікті тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып жалпы және арнайы іскерліктерді қалыптастыру мен жетілдіру; - ақпаратты қабылдау кезінде тілдік құралдардың жетіспеушілігі жағдайында бейімделу шеберлігін қалыптастыру; - шеттілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу шеберлігін қалыптастыру; - оқушыларға үйрен іп отырған тілі негізінде сол елд ің мәдениетіне, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына қатыстыру; - коммуникативтік біліктіліктерді сөйлеу әрекетін ің төрт түрінде – тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым шетел тіліндегі қарым-қатынаста жүзеге асыру; - жаңа тілдік құралдарды (фонетикалы қ, лексикалы қ, граммати калық, орфографиялық) және шеттілдік қарым-қатынас жасауда оларды қолдануды меңгеру; -оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген: 5-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1»); 6-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1.1»); 7-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1»); 8-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»); 9-сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»). Негізгі орта білім беру деңгей інде шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді мең герудің жалпы еуропалық А1, А2 қалыптасу алдындағы деңгейге сәй кес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту. Оқыту міндеттері:
- 4. оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеуге үйрету. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Шетел тілі» пән і бойынша апталық оқу жүктемесін ің көлемі: 5, 6, 7, 8, 9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына әрбір сыныпта 68 сағатты құрайды. Шетел тілі Жалпы орта білім беру деңгей і тілдерді меңгерудің жалпыеуропалы қ деңгейлеріне қатысты: 10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»); 11-сынып – В1+ («Қалыптасқан игерім 1.2»). Шетел тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлтты қ мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың фун кционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шетел тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шарттасады.- сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шетел тілін де сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау; - оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар); - ауызша және жазбаша қатынаста шетел тілінде өзін ің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту. Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шетел тілі пән мұғалімдеріне ұсынылатыны: - ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қатынасын қалыптастыруды жалғастыру; - коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзін ің сөйлесу мүмкіндігіндегі дең гей іне қарай ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әр түрлі үлгіде тілді таратушымен қарым-қатынаста қабілеттілігі мен дайындығын, коммуникативтік шешімдер мен әңгімелесу әдебіне сәй кес барынша кең көлемде сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды тепе-тең пайдалану; - азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениеттерді меңгеру арқылы жалпы қабылдан ған адамзатты қ және базалы қ ұлттық құндылықтарды дамыту; - оқушылар бойында шетел тілін ің қазіргі адам өмірінде және көпмәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін қолдан уда мәдениетаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау; -құзыреттерін ің барлы қ компоненттерін дамыту жалғаса береді: граммати калық және лексикалы қ минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл кезеңде үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құру қабілетін қалыптастыру қажет. Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады. Көптілді мектептерде ағылшын тілін тереңдете оқыту көзделген. 5-7-сыныптарда лексикалы қ минимумды қалыптастыру, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша бастапқы терминологиялық сөздікті әзірлеу ұсынылады. 8-9-сыныптарда лекси калық минимум артады, ағылшын тілінде оқытылатын оқу пәні курсының көлемі кеңейеді. Жалпы орта білім деңгей інде тілдік емес пәндерді оқыту ағылшын тілінде жеке модульдармен немесе бүкіл курс ағылшын тілінде оқытылады. Шетел тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру болып табылады:
- 5. «Шетел тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзін ің мәдениетін әлемдік масштабта кең інен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады. 10-11-сыныптарға арналған «Шетел тілі» оқу пәнін оқытудың міндеттеріне: - оқушылардың шетел тіліндегі жалпы мәдениаралық қарым-қатынаста әлеуметтік- тұрмыстық және оқу-кәсіптік саладағы коммуникативтік мәдениеті мен әлеуметтік білімін дамыту; - жалпы мәдени үлгіде түрлі мәдениттану ақпараттарын жинақтау, жүйелеу мен өңдей білуді дамыту және коммуникативті-танымдық мәселелерді шеше білуде түсін діру, қолдана білу; - пікірталастық қарым-қатынаста ағылшынтілді елдер мен Қазақстанда адамдардың мәдениет, өмір сүру салты мен стилін шетел тілінде әдеп негізіне оқыту; - шетел тілін ің вариативтілігі мен оның ағылшынтілді және әлемн ің басқа елдеріндегі қызметіндегі ерекшелігін, ресми және бейресми қарым-қатынастағы ауызша және жазбаша мәтіндердің құрылымдық ерекшелігі туралы оқушылардың филологиялық білімдерін тереңдету; - оқушыларды тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құзыреттілік қалыптасу деңгей інде өзін-өзі бағалау негізіне оқыту және тілдік өз білімін жетілдіру қажеттілігін дамыту; - оқушыларды ағылшын тілін шетел тілі ретінде білу деңгей ін ің халықаралық талаптарымен таныстыру. Орта мектепте ағылшын тілін де білім берудің аяқталу кезең ін ің негізгі айырмашылығы – шетел тілі бей індік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Нақты бей індік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарының қысқарту мен болашақ оқушының мамандыққа бағытталған түпнұсқалық оқу материалының кіріспесіне, коммуникативтік құзыреттілікті сөздік қорды байыту жолымен мәтіндік материал негізінде бей індік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жалғасын табуы ти іс. Бұл орайда қазіргі әлемде және Қазақстанда шетел тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта мансаптық өсуде кәсіби дамуға зор мүмкін діктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет. Шетел тілі сабақтарын дағы тыңдау материалдарын пайдалану- жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлы қ және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шет тілін ің болашақ мамандықты меңгерудегі ролімен танысуға, ғылыми -техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой -өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет. Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір прод уктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметін ің барлы қ түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқытуға әкеліп соғуы тиіс. Тұлғалы қ және бей індік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық-креативті оқыту деңгей ін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәй кес шетел тілдерін В1 деңгей інде білуді қамтамасыз етуі тиіс. О қушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі ти іс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәй кес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлесімдерді түсіну және ой қорыту. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес шет тілі бойынша сағат саны: қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 136 сағатты құрайды;
- 6. жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 68 сағатты құрайды.