Этиологиясы

Қоздырғышы – Salmonella

Тұқымдастығы – Salmonella

Туыстастығы– Enterobacteriaceae (ішек бактериялары)

Клиникалық көрінісі (Симптомдары)

Сальмонеллездің сүзектәрізді нұсқасы әдетте асқазан ішек жолдарының зақымдалуымен басталады, бірақ басынан бастап ішектің дисфункциясыз болуы мүмкін.

Клиникалық тұрғыда ол іш сүзегін, пара іш сүзегіне ұқсайды. Интоксикация синдромы айқын және жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады. Нвуқастар бастың ауырсынуына, ұйқының ауысуына, әлсіздікке шағымданады. Ауыр түрінде науқастарда болады, естері анық емес, галлюцинациялық синдром байқалуы мүмкін. Қызба дене температурасымен, дене температурасы 39–40 °С дейін көтеріледі, тұрақты сипатқа ие.Қызба уақыты 6–10 күннен 3–4 аптаға дейін созылады.

Науқастардың тері қабаты бозғылт, бөртпелердің пайда болуы мүмкін. Ол әдетте әлсіз көрінеді және іші мен бел аймағында орналасқан кіші бозғылт розеола түрінде болады. Пульс әлсіреген. Артериальды қан қысымы төмендеген. Бірнеше жағдайларда жөтел, бронхиттер мен пневмониялар дамуы мүмкін. 1 аптаның соңында гепатомегалия мен спленомегалия байқалады.Перифериялық қанда лейкопения,анэозинофилия нейтрофильді солға жылжумен, қалыпты лейкоцитоз байқалуы мүмкін.

Септикопимиялық нұсқасы сальмонеллездік сепсис сияқты дамиды. Ауру циклділігін жоғалтады, температуралық қисық бұрыс, ремиттирленген сипатта, профузды тер бөлу – сальмонеллез септикалық ағымда өтеді. Клиникалық көрінісі метастатикалық іріңді ошақтардың орналасуына байланысты. Әрдайым гепатомегалия және спленомегалия болады. Ұзақ ауыр ағымды. Емі біршама ауырлық көрсетеді, болжамы қолайсыз.07. 08.

Диагностикасы

Клиникалық, эпидемиологиялық және лабораторлық ақпараттар маңызды.

Зерттеу әдістері: бактериологиялық және серологиялық; Серологиялық зерттеу әдісі:агглютинация реакциясы (РА) және тікелей емес гемагглютинация (РНГА).

Экпресс әдістер:МФА, РНГА, ИФА

Емі

· Тәртіп күтіммен; Ауыр жағдай кезінде реанимация және интенсивті терапия

· Емдәм № 4 және көп сұйықтық қабылдау

· Медикаментозды терапиясы:

Патогенетикалық терапиясы:

1) дезинтоксикация;

2) су электролит балансын қалпына келтіру ;

3) гипоксемия, гипоксия, метаболиттік ацидозбен күрес;

4)Гемодинамиканың физиологиялық сатысын сақтау;

Регидратациялық терапия:«Оралит», «Цитраглюкосолан», «Регидрон

Инфузионды терапия: «Трисоль», «Ацесоль», «Лактасол», «Квартасоль», «Хлосоль» Антибактериальная терапия;

Генерализациялық түрінде:

· Этиотропты терапия: антибактериалды препараттар:аминогликозидтер (гентамицин сульфаты, сизомицин сульфаты, амикацин сульфаты, тобрамицин) және хинолондар (ципрофлоксацин, офлоксацин ), цефалоспориндер, левомицетин, ампициллин, амоксициллин.

· Комлексті ем: Антибактериалды терапия+поливалентті сальмонеллездік бактериофаг.