Гепатит А

Өту ағымдары

Жеңіл ағымы – уыттану болмайды немесе ол шамалы білінеді. Орташа сарғаю болады. Протромбиндік индекстің (бұдан әрі - ПИ) шамасы қалыпты шекте. Жалпы билирубиннің құрамы 80-85 микромоль/литрден аспайды;
Орташа ауыр ағымы – шамалы білінетін уыттану белгілерімен сипатталады. Сарғаю орташа білінеді. ПИ 60%-ға дейін төмендейді. Жалпы билирубиннің құрамы 100 - 180 микромоль/литр шегінде;
Ауыр ағымы – орталық жүйке жүйесінің анық білінген уыттану, ұйқының бұзылуымен, сырқаттардың бірінде селқостық, басқаларында – ұйқышылдық, әлсіздік, анорексия, қайта-қайта құсу, геморрагиялық синдром, жіті сарғаю, тахикардия, тәуліктік диурездің азаюы, ПИ-дің 55%-дан төмен болуы байқалады. Жалпы билирубиннің құрамы 180 микромоль/литрден артып 400-ге жетеді, жалпы билирубиннің 1/8-ін еркін фракция құрайды. Қан сарысуының альбумині 47-45%-ға дейін төмендейді, гаммаглобулиндердің құрамы артады.

 

 

Сарғаю алды кезеңіндегі синдромдар:Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн.

1. Тұмау тәрізді (қызбалы, катаральды) бұл синдромдар жиі кездеседі. Адетте бұл ауру дене қызуының аса қатты көтерілумен басталады (субфебрильдіден өте жоғары санға дейін) әлсіздік, бұлшықеттегі ауру сезімі, катаральді белгілер (мұрын бітуі, көмейдегі ауырсыну )

 

2 Диспептикалық синдром: Катаральды белгілер емес, мұнда бірінші орында эпигастральды аймактагы дискомфорт, тәбеттің төмендеуі, құсу, лоқсу тамақтанудан кейінгі. Сонымен қатар оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезімі

 

3 Астеновегетативті синдром : жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетсіздік, тітіркеніштік, ұйқысыздық немесе керісінше .

 

Сарғаю кезеңінің ерекшелігі. Сарғаю пайда болғаннан 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Тері қабатының және склераның сарғаюының жылдам арада жоғарыдайды. Бірақ та интенсивтілігі шамалы мөлшерде болады. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.

 

Диогностикасы

 

1. вирусологиялық;

2. серологиялық. Иммуноглобулин М тобына жататын антиденелер процесінің жедел екенін көрсетеді. Бұл антиденелерді ИФА әдісімен анықтайды.

3. биохимиялық реакциялар. Одар бауырдың функциясының жағдайын көрсетеді. Оларға АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігі зақымдануынан 2-3 аптадаған кейін және сарғаю пайда болған кезде ең жоғарғы көрсеткішке жетеді.

4. Қанның жалпы анализі. Лейкоппения, лимфацитоз, ЭТМ-ң жоғарылау байқалады

 

Емі

Ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс. Емі комплекті түрде:

1. режим;

2. диета №5;

3. патогенетикалық ем (дезинтоксикация);

4. клиникалық белгілеріне байланысты ем.

Этиотропты емі жоқ. Клиникалық сауығу кезінде биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпты жағдайда ауруханадан шығарылады.