Бизнес этикасы мен бизнес психологиясы

Лекция

Жоспар:

1. Бизнес этикасы мен бизнес психологиясы туралы жалпы түсінік

2. Қазақстандағы бүгінгі күнгі бизнес және оның одан ары қарай дамуы

3.Бүгінгі күнгі бизнесмендер және олардың нарық экономика кезіндегі атқаратын ролі

 

1.1. Бизнес этикасы мен бизнес психологисы туралы жалпы түсінік

Кәсіпкерліктің этикасы баяғы заманнан келе жатқан оқып үйреніп біліп алу объектісі болып саналады. Оны ертеде Аристотель өсімқорылықтан кіріс алуға теңестірген. Ерте заманнан бері бизнес адам қызметінің қажетті бір жүйесі ретінде баян етілген. Бизнес этикасын зерттеушілер барлық уақытта кәсіпкерліктің өзекті элементтеріне, оның ішінде ерекше бизнесменнің, өзінің жеке ісінің этикалық түрақтану негізіне аса көңіл аударған.Дегенмен, ең алдымен бұл басылымдағы негізгі түсінік болып саналатын және қарас- тырылатын зат туралы анықтаманы сипаттап алайық. Ол бизнес этикасы.

Бизнес – жоғарыда кіріспеде айтқандай-ақ, ол өзінің есебінен, және де өзінің тәуекелділігі мен өзінің жауыпкершілігіне қарызға алған қаражаттың немесе өзінің қаражат есебінен іске асырылатын, мақсаты болып тұрақтан- дыру мен кіріс алу үшін жеке ісін дамыту және кәсіпкерлік болып табыла- тын еңбек ұжымының жалпы қоғамдық әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталып, өз еркімен жасалған коммерциялық қызмет.

Басқа сөзбен айтқанда, бизнес – ол өзінің және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға, өзінің ісін, қайта жасап шығаруды кеңейтуге, мекеменің сапалы өркендеуін пайдаланылану мен кіріс алуға, қаражатты көбейтуге бағытталған және тұрақты инновацияларды пайдалануға арналған, өз еркімен жұмыс істейтін әрекетті экономикалық қызмет.

Бүгінгі Казақстандағы бизнестің мақсаты – шаруашылық айналымдарды өсіру және кіріс алу емес, сонымен қатар үздіксіз дағдарыс жағдайында өмір сүру қабілеттілігі.

Бизнес этикасы – ол адалдық, ашықтық, айтқан сөзіне сенімділігі, нарықта тұрақталған ережелермен дәстүрлерді қимылдағы заңдарға сәйкес тиімді пайдаланып жұмыс істеу мүмкіндігіне негізделген істік этика. Нарықтық жағдайда кәсіпкерлік қызметтің қортындысы ең алдымен, бизнесменнің құзырында болатын материалдар мен қызметкерлер, ондағы адамдардың жұмыс істеу сапасы және олардың психологиялық факторлар- ының ерекше маңызы алдын ала анықталады. Бизнес психологиясы, ондағы бүгінгі күндегі орнықтырылып жатқан табысқа жету істік бағыты сияқтанады.

Бизнес психологиясы –Басқарудың психологиялық проблемаларымен өзгеше шұғылданатын ерекшелігі бар ғылым жүйесі. Бұл жерде оқып біліп үйреніп алу объектісі ретінде адамдардың ұжымда өзара қарым – қатынасы шыға бастайды. Негізгі психологиялық проблемаларлар:

* психолгиялық басқарушылық қызметтің структуралы-функциональ- дық талдануы;

* психологиялық талдау құрылымы және басқарушылармен мамандардың, автоматандырылған жұмыс орындарын пайдалану, басқару жүйелерінің автоматандырылуы;

* өндірістік және басқарушылық ұжымдардың және ондағы адамдардың өзара қимылда болуы;

* адам және олардың өзара қарым қатнасы, моральді психологиялық жағдайдың қолайлы құрастырылу факторлары;

*басшылар және көсемдік, көрнекті адам және бастықтың қызметі, бастықпен бағынышты адамдардың арасындағы қатынас, таңдап алудың психологиялық аспектілері және басқарушы мамандарды өз орындарына орналастыру, басшы мамандарды дайындау сұрақтары, қызмет істеушілерді басқарудың психологиялық аспектілері, басқарушылық шешімдерді іске асыру және шешім қабылдау процесстеріне әсер ететін факторларды зерттеу.

Психология жетістіктерін пайдаланудың арқасында, нарықтық қызметтердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік болады. Бұл жүйедегі инновация ішінде мынадай сұрақтарды шешу, мысалы алғашқы ұжымның, жұмыс тобының, бригаданың, команданы құрастыру санының тиімділігі; олардың функциональдық структурасы; ұжым мүшелерінің психологиялық сыйысушылығы; еңбек мотивациясы оның ішінде басқарушылық қызметтің т.с.с.

Бизнесте әдетте үш құрастырылған бөлікті бөліп көрсетеді:

* кәсіпкер;

* кәсіпкердің жағдайы;

* бизнес этикасы;

Дау жоқ, бүгінгі бизнестің басты фигурасы – ол таусылмас күші бар табандылықпен, қиындықтардан өте білетін, алға қойылған мақсатқа жету жолында кездесетін кез келген тосқауылды жеңе білетін, стандартсыз ерекше ой сезіммен өзінің бостандығының арқасында басқарушылық шешім қабылдап тұрақты тәуекелдікке баруға дайын адамдар.

1.2. Қазақстандағы бүгінгі күнгі бизнес және оның одан ары қарай дамуы.

Біздің елімізде бүгінгі күндері кәсіпкерліктің тиісті орын алуының активтік процестері жүріп жатыр. Бүгінгі күндері бизнеске партия шаруашылық басқарушылардың орнына дәстүрлі бұрынғы авторитеттерден және коммунистік ой сезімінен өзін босатып алған жаңа адамдар келді. Тек солар экономика жүйесіндегі қайта құру кезінде пайда болған жаңа мүмкіндіктерді іске асыра бастады. Қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік түрінде қарама қарсылық, көп мәнді, қиын және бірдей емес. Бұл жаңа класс әртүрлі әлеуметтік адамдардан құрастырылған:

- өзінің көпшілікте көлеңкелі ақша табу стуктураларында қызмет атқарған бұрынғы жылдардағы кәсікерлерден;

- жаңа экономикалық кеңістікте өзінің орнын тапқан және әлеуметтік конверсиядан өткен номенклатуралық өкілдерінен;

- өзінің мамандығы бойынша жұмыс істеуден күдер үзгендер мен жастары 30 дан асып кеткен творчествалық интелегентциялардан және өндіріс орындарында жұмыс істегендерден;

- әле осы күнге дейін мамандық ала алмаған, дегенмен бизнесті жақсы білетін жас өспірім адамдардан.

Бүгінгі күнде Қазақстанда бизнес номенклатуралық өкілдері көп жұмыс істейді ( бұрынғы партия және комсомол аппараттарының қызметкерлері), олардың көпшілігі іскерлік қабілеттілігімен ерекшеленеді, көпшілікте олардың бұрынғы өмірден келе жатқан кең қалыпты байланыстары бүгінгі күндерге дейін әлі жалғасып келе жатыр. Ондай адамдар кәсіпкерлік ұйымдық негіздерді жақсы біледі.

Бизнеске өзінің мамандығы бойынша өз уақытында өзінің жұмыс қызметі жоғары өсе алмай қалған, және де мамандығы тіпті болмаған адамдарда кейінгі кездері келе бастады. Біріншіден - өзінің тиісті материальдық қаражатты кірістер деңгейіне қанағаттанбаған, жоғарғы білімді және кәсіпкерлік мамандықтары бар адамдар бүгінгі күндердегі бизнесте өзінің көпшілігінде. Бүгінгі күндері бизнесте жұмыс істейтіндер, олар Қазақстандағы бизнестік ісі алға жүріп тұрған бизнесмендер мен кәсіпкерлер. Олар өздерінің бұрынғы уақытағы бизестен жинаған ақшаларымен нарықты экономика кезіндегі ресми бизнеске келді де өздерінің фирмаларын ресми заңды түрде тіркеп алды. Барлық отандық кәсіпкерлер мен бизнесмендер, шынын айтқанда бизнес этикасының не екенін өздеріде жақсы түсіне бермейді.

Бизнесмендер туралы қарапайым Қазақстандықтар арасында сұраныс жүргізген кезде, біздің кәсіпкерлер мен бизнесмендердің басты кемшіліктері болып, олардың мәдениетсіздігі байқалды.

Көптеген отандық бизнесмендер өздерінің істеп жүрген жұмыстарымен халық алдында өзінің атағын жоғарылатудың орнына, көпшілікте өздерінің кірісі туралы көп ойлап кеткен. Осы тұрғыда өте жиі өзінің міндеттемесін дұрыс ойдағыдай етіп орындамайтын, партнерлерінің ықыластылығына немқұрайды қарап, оларды ашық алдауға да барған жағдайлары да бар.

Дегенмен, өмірде және бизнесте басшылыққа алатын принциптерді, есепке алмау дүрыс емес, оның себебі олар қимылдағы кәсіпкерліктегі этикалық барысқа өте қатерлі таңба қалдырады. Сипатты заңдылық: кісілердің білімдік және мәдениеттік деңгейі күшті болған сайын, ол соншалықты қоғамның жаңашыл экономикасына жақын, сондай-ақ адам арасындағы істік қатынастарында шындық, тәртіптілік соншалықты аз болады. Бүгінгі Қазақстанда болып жатқан жағдай көпшілікте шаруашылық жағдайларымен дәлелденеді, ол өз уақтында жалақыны төлемеушілік, төлеген күнде оны уақтылы бермеуі, заңды базалардың қарама қайшылығы, үкіметтік структуралардың көптеген басқару рычагтарын жоғалтуы. Бизнестегі адалдыққа және парасаттыққа жылжудың басты жолы, нарықтық қатнастардың нақты мәдениеттілігі болып экономиканы көтеру бүгінгі кездегі жаңашыл нарыққа өту. Онда шаруашылықты жүргізу жүйесіндегі

жағымсыз кемістіктерді туғызатын тарихи, әлеуметтік және мәдениеттік жағдайларды, жоюға мүмкіндік беріледі. Қазақстандағы бизнеске, қоғамдық этика жағдайларына өзінің көптеген түрлі таңбасын қалдырып, кейбір жағдайларда еліміздің әртүрлі өмір жүйелеріне қарама – қайшылық өзгерістерді тұғызу үстінде қалдырады. Жасырын емес, бүгінгі күнде Қазақстанда діндік факторлар өте тез дамый бастауда. Кәсіпкерлер көптеген қаражатты әртүлі шіркеулер құрылысына жұмсайды. Шіркеудегі дінге шақыру діндік принциптерді қолдануға үгіт насихат жүргізу, Қазақстан бизнесіне өзінің көңлін білдіріп жүргендердің қайта тұуы жаңа этикалық бағалылықтарды құрастыруға үлкен роль атқаруға мүмкіндігі бар.

Бизнес этикасы және оған діннің тигізетін әсеріБелгілі, дін әр уақытта адам жатақханасының сондай-ақ принциптерінің сақтаушысы болған және болады, ол адамдардың өзара пайдалылығына, олардың өзара қимылына, бірлесуге сүйенеді және шақырады. Моисейдің

« алтын ережесін» еске алайық - басқалар үшін не істеймін десең өзің біл, бірақ өзің үшін де келешекте соны күт және христиандықтың жалпы жұртқа белгілі сегіз парызы. Оны мына төменде көрсетеміз:

· Мен – сенің құдайыңмын, сенің менен басқа құдайың болмау керек.

* Өзіңді пут жасама, ешқандай көрініс белгісң аспан үстінде, жер бетінде, және суда, жер астында: оған шоқынба және оған қызмет етпе.

· Бостан бос құдайдың атын атама.

* Анаңмен әкеңді құрметтесең саған жақсы болады және сен жер үстінде көп өмір сүресін.

· Ешкімді өлтірме

· өтірік сөзді сұйме

· ұрлама

· өтірік айтпа

Есте болу керек, көптеген дүниежүзілік діндік жұйелерде өнегелілік принциптер көпшілік жағдайда біріне –бірі тура келіп тұрады.

Қандай жағдай болған күндеде адам баласы жоғарыдығы принципттерді өзінің болашағы үшін тәртіпті түрде ұстау керек. Жүргізілген зерттеулер бойынша көрсетілген, еліне және мәдениетіне қарамастан, батыс және шығыс елдерінде дінге сенуші кәсіпкерлер көптеп елеулі жетістіктерде болады. Көпшілік жағдайда ондай кәсіпкерлер бизнестің жаңа мәдениттілігін қалыптастырады және еліктеу үшін үлгі бола бастайды Діннен алған моральдық принциптер, олардың ісіне кедергі жасамайды, айта берсе көмектесе де алады.

Бүгінгі кундері Қазақстанның іскерік ортасында тұрақталған жағдай ол, бизнесмендерінің іскерлік тәртіптілігінің жоқтығы, өзіне алған міндетті орындмаулық және ұқыпсыздығымен, өзінің сөзінде тұралмауы, өзі үшін пайда табу үшін қызығуы және де басқада тәртіпсіздік, стильмен ерекшеленеді. Сондай жағдайлардың салдарынан біздің жаңадан пайда болған бизнесмендеріміз өздерінің тұрақты шет ел әрәптестерімен жұмыстық қатынаста болып, кейбір жағадайларда өздерін тәртіппен алып жүре алмау себебінен пайда табудың орнына зиянға ұшырап қалып жатады. Дегенмен біздің іскерлік адамдар әдетте өздерінің жеке компаниялары болғанымен, әдетте оларда беделділік әлі аз. Шет елдерде уақытпен тексерілген әріптестерді бағалайды, ал жаңадан пайда болған әріптестерге өте абайлап қарайды. Сондықтан, жаңадан пайда болған кәсіпкерлерге жұмысым алға басады деуі екіталай. Барлық дүниежүзі елдерінде іскерлік этика және міндеттілік деген нақты түсінік бар. Мысалы, АҚШ-та екі жақ қандайда бір болмасын іс туралы келісетін болса «техасстік қол алысу» түсінігі жүргізіліп отырады. Егер де, келісім шарт жасаушылардың біреуі келісім шарт жағдайын бұзса, онда одан әрі қарай шартты бұзған адаммен бизнестік қызмет істеу тоқтатылады.

Ондай болып қалған жағдайда қайтадан өзінің имиджін қалыптастыра білетін, өзінің жауапкершілігін сезе білетін, жауапты жоғарғы мамандықтағы басқа бизнесмендерді қалыптастыру керек. Бизнестік жұмысты арақ ішкіш және уақытын босқа өткізетін саудагер емес, өзіне-өзінің сенімділігі мол, өзін және өзінің фирмасын дұрыс жағынан көрсете білетін, өзінің жұмысқа деген ынтасын білдіре алатын тартымды, жақсы тәрбиеленген джентельмен адам істей алады, оның себебі оның есебінде бизнесті және этиканы жақсы білетін ой сезім жатыр. Ондай бизнесмендерді бүгінгі нарық экономикасы талап етіп отыр. ХХ1 ғасырда бизнес саласында бәсекелестік, бірін-бірі аямаушылық күрделі орын алып келе жатыр. Қазіргі кездегі мәдениетті бизнестің негізгі мақсаты, ол өзіңнің тұрақты клиенттеріне қызмет көрсетуді жақсарту, сөйлесіп келіссөз жүргізуді жеңілдетіп, тез алға жылжуға мүмкідік беретін жаңа мәдениетті бизнес қалыптасуы керек демек, келешекте нарықтың позициясы күшейтіледі деген сөз. Бизнес этикасы және оның кірісті көбейтудегі маңызды ролі. Бизнес этикасы коммерциялық қызмет барысында кірісті көбейтуге анауайтарлықтай мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол клиенттің сізге деген жан қиярлық сенімділігін сақтауға көмектеседі. Білікті мамандардың ойлары бойынша, ескі партнерлерді ұстап тұру, жаңадан пайда болған партнерлердің ынтасын жаулап алудан бірнеше рет арзан. Сондықтан барлық фирмалар тұтынушыға жөн табуда болады. Бұл мақсат бойынша инвестицияға дейін фирма мәдениетін және этикасын құрастыру үшін және олардың тиісті жұмыскерлерін дайындауға негізгі қаражатқа көп ақша, уақыт және күш жұмсау қажет болады. Белгілі жағдай бойынша, істік әлемде көпшілік халық бір-бірімен тығыз байланыста болып жатады. Мысалы, әр бизнесменнің көптеген өздерінің жолдастары мен таныстары болады.Тиісті жағдайларда бизнесмендер өздерінің достары мен таныстарын да тұрақты клиенттері ретінде пайдаланып кетеді. Бұл жерде, барлығы адалдықпен, әдептілікпен, білгірлікпен жылдам жол сілтеу жағдайлары анықталады. Егер де, сіз дүрыс жасамасаңыз, өзіңіздің қателігіңізді біліп клиенттен уақтылы кешірім сұрасаңыз, ол клиент үшін дұрыс көрініп, оның ойынша сізбен одан әрі қарай коммерциялық іс атқаруға болатындығына сенім артады. Бизнесте тұрақталған ереже бар: өзіңнің клиентеріңе және қызметкерлеріңе күнделікті қамқорлық жасап отырсаңыз, нарық сіз үшін де қамқорлықта болады. Бұл жерде жасапшығарушылардың кәсіби репутация- сы өте маңызды. Ондай репутацияға ие болу өте қиын, ол үшін көптеген жылдар кетеді, ал оны арзымайтын нәрсе үшін бір сәтте жоғалтып алуға да болады: мысалы уақтылы телефон соққан адамға немесе хат жазган адамға мәденитсіздікті білдіріп уақтылы жауап бермей, факсты күтіп отырған адамға оның факсіне уақтылы жауап қайтармай өзінің беделін жоғалтып алуға да болады. Өзінің беделі үшін сөзінің мәдениеттілігі және өзін ұстай білу, киімі, офисінің ішкі көрінісі және басқалары да маңызды. Көп уақыт негізінде жұмыс істеуге ынтасы бар біздің кәсіпкерлер үшін ол екі есе маңызды. Тәжірибеде кейбір жағдайлар болып қалады, мысалы, шет ел кәсіпкерлеріне, біздің кәсіпкерлерден тәртіпсіздік, білмеушілік, пайдақорлық көрініп қалса, олар сол сәтте біздің кәсіпкерлермен өз байланыстарын үзуге мәжбүр болады. Қазақстан қоғамындағы терең тамыры бар кәсіпкерлік этика, жаңа жағдайда калай да болса қайтадан құрастырылуда. Ол сондай-ақ бизнес мәдениеттілігіне жатады. Жаңа орыстардың немесе қазақтардың бейнесі - ол халықты немесе мемлекетті алдап өздерінің саудагерлік операцияларымен өзінің қаражатын жинап, кәсіпкерлік мәдениеттіліктің қалыптасуына өзінің таңбасын қойған жағдайды саудагерлік деп атауға болады. Оның ерекшелік сипаттамасы –жоғарғы тәуекелділікті, ашылып тұрған мүмкіндіктерді және кез келген жолдармен құрадарды барынша пайдалана отырып, жылдам қаражаттық жетістіктерге жету. Ондай мәдениеттілікті негізінде жас бизнесмендер жақсы көреді, олардың ұраны: «жылдам келісім – тез ақша» Ондай іскерлік адамның жылдам түрде жауынгерлік, агресивтік сапалылығы дами бастайды. Ондай жағдайда адамның сезімі шетте қалып қояды. Оның ең бастысы – кез келген бағамен және кезкелген тәсілмен тез және көлемді қаражаттық қортынды болуы. Ондай бизнесмендер әдетте ырымшылдық және әртүрлі ерекше белгілерге көңіл аударғыш болады.

Саудагерлік істің мәдениеттілігі жоғарғы сапалы өнімдерді жасап шығару және сату мақсаты емес, бүгінгі кездегі тұтынушыларға қызмет етуді, жұмыс орындарының санын көбейту, қоғамды дамытуды жөнге келтіру болып саналады. Бұл жерде мүмкіншілігіне қарай жасап шығару еңбексіз ең көп кіріс алуға бағытталған. Бұл жерде бағалы қағаздар төлем қаражаттар, шикізат ресурстарына және басқаларымен келісім шарт жасалынады. Дегенмен, Қазақстанның бүгінгі күндегі нарықты экономикада болған жағдайына байланысты бизнестің мақсаты және сипаты туралы, оның қоғамдық қажеттілігі деген түсініктің өзі тұрақты өзгеріп отырады және де қайтадан жаңа сапалы деңгейде кәсіпкерліктегі бұрынғы қазақстанның мейрімді дәстүрі, жағдайлары қайтадан пайда бола бастайды. Қазақстанның бизнесмендері бүгінгі күндері барлық акивтік жаңа түр сипат және бағалылық бағыттарды ала бастауда. Өзінің жаңартылған істік мәдениеттік нарықтың талабын қанағаттандыруға бағытталған жеке өзінің бағалылығы емес қоғамдық приоритеттік шекарасын күнделікті кеңейте бастауда, Біздің кәсіпкерлердің этикалық бағалауларында және бабын табуда елеулі өзгерістер болып жатыр, олардың бүгінгі күнгі нарықтық жағдайға және олардың талаптарының бірге қосылу процестері тездетіліп бизнестің өте басқаша этикасының қалыптасуы үшін жаңа негіздер шыға бастауда, ол біздің мемлекетіміздің келешектегі алға өркендеуінің кепілі болып саналады.

1.3. Бүгінгі күнгі бизнесмендер және олардың нарықты экономика кезіндегі атқаратын ролі

Баршаға белгілі, бизнесмен, ол біріншіден – бастық. Бизнес этикасының приоритеттік ерекше маңызы, ол басқарушылықта болады. Кәсіпкерліктің экономикалық мақсаты - жалпы мақсатқа жету үшін, ұжымның интеграциясын қамтамасыз ететін және өнегелілік менеджмент үшін негіз болып саналатын мекеменің әрбір қызметкерінің жеке қызығуын орталандыру. Бүгінгі күндері көптеп тиімді басқару, ол адам факторының ролін жоғарылатуға бағытталған. Адамға немесе жеке тұлғаға мақсатталынған басқару әрбір қызметкердің бостандық жағдайда дамуын, оның жеке мүддесін, ойын, арманын қамтамасыз етеді, ол әрбір ұжым мүшесінің творчествалық қаблеттілігін және ынталылығын ашып көрсетеді. Ондай менеджмент өнегелілік деп аталады, оның себебі ол өнегеліліктің негізінде, жиынтықты ынталандыруға негізделген және де ол мәдениет, бостандық және адамның ынтасы негізіндегі адамгершілік қатынастың дамуына бағытталған. Әрбір компанияның басқарушылық этикасы және сәулелендіретін мәдениетінің деңгейін өзінің басқарушылық «философиясы» қалыптасады. Егерде бүгін менеджменттің орта назарында адам тұрса, оның жеке артықшылығы, оның сіңірген еңбегін мойындау, ең көп түрде оның білгірлік тәжрибесін пайдалану, ондай жағдайда басқару – ең жаңашыл өнегелілік, этикалық сыпайылылық деген сөз.

Бұл оқу құралда кең түрде бизнес этикасының сұрақтары қарастырылған. Оның маңызды аспектілері қарастырылған: менеджменттің этикасы, істік сөйлесудің этикасы, өнегелілік негіздері, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, этика және мәдениет, өзіне өзі сену этикасы және т. с. с. Қазақстан кәсіпкерлігінің ерекше этикалық жағдайының өзгешілік жөніне сипаттама берілген. Бизнес этикасының көлемді проблемалары, атап айтсақ, еркек және әйел бизнесмендердің әртүрлі этикалық принциптері келтірілген.

Ұсынылатын әдебиеттер.

Негізгілері:

 

1. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. М.; Прогресс, 1988

2. Венедиктова В.И. О деловой этике и этикете. М.: Правовая культура, 1994

3. Есентам И. Введение в основание нравственности и законодательства. М:, 1998

4. Вебер М. Протестантская этика и дух капитализма // Избранные произведения. М:, 1990

5.Столяренко Л.Д. Психология делового общения и управления. Ростов на Дону, « Феникс» 2001

6. Гараджа М.. Петрунин Ю. Трудно ли богатому войти в Царствие Небесное, или Православие и рынок // Наука и религия. 1993. № 2

7. Кант И. Критика практического разума // Кант И. Соч.: В 6 т. М:, 1993 – 1966 Т. 4.

8. Кей В. Делайте бизнес по – американски. « Деловой мир» 7 марта, 1992

9. Миллъ Дж. С. Утилитаризм. О свободе. СП., 1990

Қосымша әдебиеттер:

10. Не спотокнитесь на первых шагах. « Goint venures», 1992. №№ 1-2

11. Ниренберг Дж., Калеро Г. Как читать человека, словно книгу. М.; Samizdat, 1988

12. Панкратов Ф.Г. и др. Коммерческая деятельность. Учебник, М:, 1997

13. Петрунин Ю.Ю. Этика бизнеса. Современные концепции // Общественные науки и современность. 1998. № 3

14. Пиз А. Язык телодвижений. Н. Новгород: Ай кью, 1992

15. Ролз Дж. Теория справедливости. Новосибирск:, 1995

16.. Шейнов В.П. Как управлять другими. Как управлять собой.: Амалфея, 1996

17. Шейнов В.П. и др. Руководителю – об управлении. Мн.: Белорусь, 1991

18. Шейнов В.П. Конфликт в нашей жизни и их разрешение. Мн.; Амалфея, 1996.

19. Шейнов В.П. Как сделать совещание более эффективным, но менее продолжительным. Как подготовить хорошее выступление. Мн.; БелНИИНТИ, 1990

20. Чьюнинг Р.К., ЭбиДж. У., Роэлс Ш. Дж. Бизнес сквозь призму веры. М:, 1993

21. Nash L. Good Intetіons Fsіde: А. Managers Guіde to Resolvіng Ethіcal Problems. Harwward Business School Press, 1990

22. Velasguez M. G. Business Ethics: Concepts and Cases. Englewoods Cliffs, New Jersey, 1988

23. Столяренко Л.Д. Психология делового общения и управления. Ростов на Дону, « Феникс» 2001