Обж ответы

1. «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің міндеттері мен мақсатыОқытудың міндеттері:

- Студенттерді бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда іс-шара қолғануды, тұрғындарды қорғау әрекеттерін апат, стихиялық қатерлер,

- Апаттар, қазіргі заманғы қаруларды пайдаланудың салдарынан туған қауіптерді жоюдағы құтқарушылық көмек жүргізу әдісткріне үйрету;

- Студендерді жарақаттану, жұқпалы аурулардың, қаупті ауруладың белгілерін танып білуді, дәрігерге дейінгі жедел-жәрдем көсетуді үйрету;

- Зерделеніп отырған профильдің қызметінің орнықтылығын зерттеуді үйымдастыру, зерделету /оқыту/ және студенттерді олардың жұмысының орнықтылығын анықтауды үйрету;

- Тұрғындарды азаматтық қорғанысқа үйрету жүйксімен таныстару.

- Студенттерді дайындау мамандардың оқу жоспарына байналысты төменгі курстарды оқу жылы бойында жүргізіледі. «Өмір қаупсіздігі негіздерін» оқу емтихан тапсырумен аяқталады. мақсаты болашақ мамандарды:

- өмір сүрүдін қауіпсіз және қатерсіз жағдайын құру үшін;

- жүйенің қызмет көрсету объектісін ескеріп, жаңа техника мен технология үрдестерін қазіргі заманғы экологиялық талаптарға сай жоспарлау;

- тұрғындар мен өндіріс қызметкерлік, ауылшаруашылық объектісін төтенше жағдай кезінде апаттар, стихиалық қатерлер және оларды залалсыздандыру укзіндегі жоспарлау мен сауатты шешім қабылдау үшін теориалық білім мен практиқалық біліктілінгін арттыру.

2. Азаматтық қорғаныс қызметі, оның құрылымы, құрамына кіретін аумақтықоргандар.АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады. Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі-оның қорғаныс шараларының құралдар бөлігі. Қазақстан республикасында азаматтық қорғаныс саласында жалпы басшылықты ҚР-ның премьер министрі жүргізеді. Ол азаматтық қорғаныстың еліміз бойынша бастығы саналады. Тікелей басшылықты а.қ. агенттігі жүргізеді. Агенттік департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады. Олар:

1) төтенше жағдайды ескерту

2) жедел іс-әрекет

3) мемлекеттік өрттен қорғау

4) а.қ. және әскери бөлімдер

5) т.ж.-ды техникалық, тау-кендік бақылау

6) ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы

А.қ. саласы құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді. Олар:

1) облыстық басқармалар, инспекцияларды қоса алғанда

2) қалалық басқармалар (Астана, Алматы)

3) республикалық дағдарыс орталығы

4) біліктілікті көтеретін республикалық курстар

5) республикалық ақпараттық техникалық орталығы

6) химиялық-радиациялық лабаратория

7) республикалық жедел құтқару отрядтары

8) облыстық жедел құтқару отрядтары

9) аумақтық аэро-мобильді отрядтары

10) а.қ.-ның әскери бөлімдері

11) мемлекеттік өрттен қорғау бөлімшелері

12) ҚазСелден қорғау республикалық кәсіпорны

3. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық Қорғаныстың қалыптасуы мен құрылым принциптері және талаптары. АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады. Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған.

4. Азаматтық қорғаныстың маңызы мен міндеттері.

ҚР Азаматтық Қорғаныстың міндеттеріАҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Қалыптасқан әскери-стратегиялық жағдайды талдау және соңғы жергiлiктi әскери қақтығыстар тәжiрибесi халықты қазiргi заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жүйесiн сақтау қажеттiлiгiн көрсетедi. Алайда бұл құралдарды бағыттау жүйесiнiң жоғары дәлдiгiне байланысты оларды қолданудағы акцент оқтұмсық қуаттылығын елеулi азайту кезiнде басқарудың және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудiң маңызды объектiлерiн зақымдауға ауысады. Бұл жағдайда соғыс уақытында халықтың тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету жөнiндегі мiндет аса өзектi болады. АҚ-тың барлық iс-шараларын мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру мүмкiн болмайтындығына байланысты, "ақылға қонымды жеткiлiктiлiк" қағидатын негiзге ала отырып, бұл шығыстарды азайту бойынша шаралар қабылданады. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады.

5. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптік схемасы, заңдық және құқықтық негіздер.

Азаматтық қорғаныс елдің геосаяси жағдайын шекаралас мемлекеттермен, алып державалары мен саяси қарым-қатынасының ахуалын экономикалық даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды. А.қ.-қа т.ж.-да халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін 1-кезектегі міндет жүктеледі, ол арнайы заңмен анықталады. Бұл заңның талаптарын орындауға барлық тұрғындар міндетті.


Азаматтық қорғаныс штабы:

Негізгі күштері:

Барлау қорғанысы, Құтқару қорғанысы, медициналық қызмет,инженерлік, авариялық, техникалық, өртке қарсы, радхимиялық қорғау.

Азаматтық қорғаныс бастығы

Негізгі күштері:

Байланыс қызметі, қоғамдық тәртіпті сақтау, математикалық-техникалық ұғым, арнайы азаматтық қызмет, жануарларды қорғау.

Құрылымдық қызмет.



6. Өнеркәсіп салаларындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар туралы түсінік, олардың түрлері.

Өндірістік (кәсіби) зияндылықтар жұмыс қабілеттілікті төмендетіге жедел мен созылмалы аурулар мене улануларды тудыруға, уақытша еібекке жарамсыздықпен қоса сырқаттанушылықтың артуына және басқа да зардаптарды туындатуға қабілетті барлық факторлар.

1. Химиялық. Организмге жағымсыз әсер ететін улы заттардан пайда болады.

2. Физикалық. Бұған себеп болатындар: шу, вибрация, ионлаушы және ионлаушы емес сәулелену, климаттық параметрлер (ауа температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы), атмосфералық қысым, жарықтандырылу деңгейі, фидрогенді шандар.

3. Биологиялық. Туындататындар: микро организмдер, микропты препараттар, биологиялық пестицидтер, сапрофидті тұқым түзуші микрохлора, микробиологиялық препараттарды дайындайтын микроорганизмдер.

Зиянды немесе жағымсыз факторларға жатады:

1. Физикалық жүктемелер (статикалық, динамикалық)ауыр заттарды көтеру және тасу дененің ыңғайсыз қалпы теріге буынға бұлшық етке, сүйекке ұзақ уақыт қысымның болуы.

2. Физиологиялық жүктемелер – қимыл-қозғалыс белсенділігінің

3. Нервтық-психикалық жүктемелер – ақыл-ой жүктемесі, эмоциялық қатты жүктеме, анализаторлардың жүктемесі.

7. Еңбек туралы ұғым. Организмге қойылатын физиологиялық талаптарына байланысты еңбектің формалары.

Еңбек адамның тіршілік етуінің қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының бастапқы, негізгі және үздіксіз шарты болып, саналады және қала береді.

Негізгі сипаттамаларына және организмге қойылатын физикалық талаптарына байланысты еңбектің мынадай формалары жіктеледі:

1. Физикалық (дене) еңбек.

2. Еңбектің механикаландырылған формалары.

3. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған еңбек.

4. Конвейерлы немесе топтық еңбек.

8. Физикалық (дене) еңбек, конвейерлы еңбек, еңбектің механикаландырылған және автоматтандырылған формалары, олардың сипаттамаллары.

1. Физикалық (дене) еңбек. Мұнда көп энергетикалық шығындар мен байланысты айтарлықтай бұлшық ет белсенділігі қажет етіледі. Бұған жүк түеуші, ұста, т.б. кәсіптер жатады. Тәулігіне 4000-6000 килокалория шамасында энергетикалық шығындар жұмсалады.

2. Еңбектің механикаландырылған формалары. Олар әртүрлі станок, машиналарды қолдану арқылы жүргізіледі. Мысалы токарь, мұнда энергетикалық шығын деңгейі 3000-4000 ккал/тәул.

3. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған еңбек. Бұл тігінші, баспагердің еңбегі. Кейбір жағдайда мұнда едәуір энергетикалық шығын қажет етіледі. Мысалы, үлкен алаңда орналасқан бірнеше станоктарға қызмет көрсеткенде.

4. Конвейерлы немесе топтық еңбек. Мұнда өндірілетін өнім өнделу барысында, бір жұмысшыдан екіншісіне жылжытылып отырады. Еңбектің конвейерлі формасы тиесілі берілген ырғақ пен қарқынды үнемі ұстап тұруды қажет етеді. Мұнда монотомия байқалады. Монотомия – ми қабыршағының іс-әрекетінде теңелу процестердегі басым жүреді. Ол біркелкі қайталана әсер ететін сыртқы күш тен болады. Адамды тез шаршатады.

9. Еңбектің интеллектуалды формалары, олардың сипатты ерекшеліктері мен түрлері. Гипокинезия.

Еңбектің интеллектуалды формалары:

А) материялық өндіріс саласындағы кәсіптер, инженерлер, мастерлер, есепшілер. Бұл топтың ішінде операторлар мамандықтарын ерекше жіктеу қажет, себебі, олардың еңбегі дистанциялық басқарумен байланысты. Бұл уақыт дефициті жағдайында жылдам шешімдерді қабылдауды қажет етеді. Эмоциялық кернеулі жүретін жауапкершілікті жоғары мамандық.

Ә) материялық өндіріс саласына жатпайтын кәсіптер: жазушылар, мұғалімдер, әртістер. Еңбектің бұл түрінде де есте сақтау және ықылас, зеәін қызметтері жүктемеде болады. Стресс жағдайлар жиі кездеседі. Тәуліктік энергетикалық шығын 2000-4000 ккал құрайды. Ақыл-ой еңбегіне гипокенезия сипатты. Бұл организмнің реактивтілігін төмендететін немесе организмнің күште арттыратын адамның қимыл-қозғалыс белсеңділігінің айтарлықтай төмендеуі. Гипокенезия – өндірістік саналады. Жүрек, тамыр ауруларына ұшыратады. Еңбектің ақыл-ой формасының түрлері:

Операторлық,

Басқарушы,

Творчестволық,

Медицина қызметкерлері еңбегі

Оқушы мен студент еңбегі

10. Жұмыс барысында организмде болатын физиологиялық өзгерістер. Жұмыс атқарғанда организмде жүретін химиялық-биологиялық процестер.

Жұмыс барысында организмде болатын физиологиялық өзгерістер кез келген еібектік іс-әрекет организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін қамтитын күрделі физиологиялық процесстер кешені болып саналады. Бұл іс-әрекетте басты қызметті орталық нерв жүйесі атқарады. Ол жұмыс атқару кезіндегі организмде болатын функционалдық өзгерістердің үйлесуін қамтамасыз етеді. Еңбектік іс-әрекет бұлшық еттерінің, нервтердің, адам миының энергетикалық шығындарымен жүзеге асады. Күрделі химиялық, биологиялық процестер нәтижесінде көмірлі сулар ыдырауынан түзілетін энергия жұмысты атқарғанда пайдаланылады. Мұнда оттегінің жұмсалған көлемі атқарылған қызметін атқарады.

11. Қажу мен зорығу. Ерекше физиологиялық процесс ретінде пайда болуы негіздері белгілері. Қажу барысында жұмыс қабілеттіліктің өзгеруі сызығы. Оны анықтау көрсеткіштері.

Дене еңбегін атқарғанда организмде болатын физиологиялық өзгерістер: шаршау, қажу немесе зорығу түрінде байқалады.

Қажу дегеніміз жұмыс атқарғаннан кейін пайда болатын немесе еңбек қабілеттіліктің уақытша төмендеуімен байқалатын организмнің ерекше физиологиялық күйі.

Қажудың объективті белгісі еңбек өнімділігінің азаюы, ал субъективті белгісі қатты шаршау, тіпті жұмысты жалғастырудың мүмкін болмауы. Қажу физикалық қайтарымды процесс. Ол адам тыныққан кейін келесі ауысым басына дейін қалпына келеді.

Қажудың тез және баяу дамитын екі түрі болады. Жұмыстың бастапқы 30-90 мин кезеңінде жұмыс қабілеттілік жоғары деңгейде болады. Одан кейінгі 90-180 мин кезеңінде жұмыс қабілеттілік тұрақты сипатта болады. Мұнан кейін ауысымның бірінші жартысының соңында жұмыс қабілеттілік төмен болады. Адам шаршағандығы сезіледі. Жалпы организмнің жұмыс қабілеттілігінің тұрақты болуы 800-2000-ге дейін гі уақытта. Ал ең төменгі жұмыс қабілеттілік деңгейі түнгі 100-400-ге дейінгі аралықта. Өндірістік ортаның зиянды факторлары организмге ұзақ уақыт әсер еткенде зорығудың дамуы мүмкін.

12. Радиациялық қауіп. Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелені түрлері.

Иондық сәулелену атауы физикалық атауы бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивті материалдар жер мен күн жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кіреді. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам ағзасы, жануар ағзасында кездеседі. Радионуклидтер тау жыныстарында, топырақта, суда кездеседі. Ражиоактивтілікті 1896ж француз ғалымы Анри Беккерель ашты. Оның атауы 1895 жылы ашылған рентген сәулесіне және жарыққа ұқсастырылып аталды.

Радиоактивтілік – сәулелену. Кейіннен радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі иондаушы және ену қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің 3 түрі анықталды. Олар грек әріптерімен деп аталды.

-бөлшек Не-дің 6 ондық ядросы;

-бөлшек – электрон;

-бөлшек электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.

13. Иондаушы сәулелену, иондағыш радиация, радионуклид анықтамалары, олардың сипаттамасы.

Радиоактивтілік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма квант заттармен ықпалдаса отыра, өз энергясын иондауға жұмсайды. Осы сәулелердің ортақ терминдері мыналар иондаушы сәулелену, иондағыш радиация және радионуклид.

Иондағыш радиация – ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері, мысалы: рентген аппараттары.

Иондаушы сәулелену – элементті бөлшектер ағымынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену. Олардың заттармен ықпалдасуы бұл заттарды әртүрлі бөлшектердің пайда болуына алып келеді.

Радионуклид – атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әртүрлі атомдар осы электрондардың изотоптары деп аталады.

Иондаушы сәулелену әртүрлі еру қабілеті жоғалған энергияның түрлі жылдамдығымен байланысты. бөлшектер заттарды толық иондайды өз энергиясын жылдам жоғалтады. Олар ауада 3-8 см, металда 10 микроп өтеді. Бір бет қағаз -бөлшекті толығымен ұстайды.

-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада 20 метрге, металда бірнеше мм-ге жетеді.

-кванттар ауада жұтылмайды, олардың ағымының әлсіреуі -квант пен жұту материалының энергиясына тығыз байланысты. Мысалы 137Се -сәулеленуді түзету үшін қалыңдығы 30-см-ге алюминий немесе қорғасын. -кванттар жиілігі қашықтық ауданына сәйкес азаяды. 1м қашықтыңы сәулелену жиілігі 1см қашықтықтан 100 есе аз болады.

Гейо химиялық процесстің нәтижесінде ралиоактивті электрондар жер қыртысында, табиғи суларда болуы мүмкін. Әсіресе, уран, уранның үлестік белсеңділігі үлкен емес, ол тек көп өлшемде ғана, 1-грамнан артық, организмге енгенде химиялық улану тудыруы мүмкін.

14. Аумақтың радиоактивті ластануы. Радиациялық авария. Радиациялық аварияның салдары мен негізгі зақымдаушы факторлары.

Радиациялық авария –радиоактивті өнімдердің таралуына немесе иондаушы сәулелелену шектелген рұқсат етілген мөлшерден артық бөлуіне байланысты болған апат. Радиациялық авария салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты негізгі зақымдаушы факторлар болып радиациялық әсер және радиациялық ластану болады.

Аварияның ауқымы мен салдарына мыналар ықпал етеді:

1. Радиациялық заттардың табиғи ыдырауы, қоршаған ортаға таралуы.

2. Метеорологиялық және климаттық факторлар.

3. Авария салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелігі: дезактивация және суды қорғау шаралары.

Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен радионуклид радиоактивті иод болып табылады.

Активтіліктен кейінгі әлсіреу кезеңі жартылай ыдырау деп аталады. Мұндай нуклидтер бірнеше 100-1000 жыл ыдырауы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі үлесті биологиялық қауіпті 109Се, Sr және плутоний алады.

15. Адамға сәулеленудің әсері. Сәуле ауруы.

Іс жүзінде ионлаушы сәулелену үшін адам организмде еш кедергі жоқ. Организмге еніп өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез-келген молекуласын иондайды. Олардың химиялық байланысын бұзады – бұл организмдегі зат алмасуын зақымдайды. Адам сәуле ауруына (лучевая болезнь) ұшырайды. Оның деңгейі сәулеленудың қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сәуле ауруы 4 дәрежеде байқалады. 1-ші дәрежелі сәуле ауруы жеңіл 100-200рад дозасында болады. Инкубациялық жасырым кезіндегі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, қызудың көтерілуі пайда болады. Ауруды емдеуге болады. 2-ші дәрежелі сәуле ауруы ораташа 200-400 рад шегінде. Жасырым мерзімі 3-4апта, ауру белгілері анық білінеді, 2-3 ай мерзімінде емделеді. Өлім жағдайы 20%. 3-ші дәрежелі сәуле ауруы ауыр 400-600 рад доза шегінде. Алғашқы белгілері жылдам анық білінеді. 20-30 минутта байқалады. Ауру жедел эәне ауыр өтеді. Жасырын мерзімі 20 аптаға дейін, сәтті жағдайда 3-6 айда емделеді. Өлім жағдайы 20-70%. 4-ші дәрежелі сәуле ауруы өте ауыр 600рад дозадан жоғары. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады. Адам мен малдың рад.заттармен зақымдауы тамақпен бірге өтуінен болады. Радиациялық заттар ас қорыту жолында сіңіріледі және ол организмде ретсіз таралады. Ең көп мөлшерде қалқанша бетінде жинақталады. Зақымдалған мүшеде ісік пайда болады, және қызмет толық бұзылады.

16. Қатты әсер ететін улы заттар. Олардың әсер етуі бойынша негізгі топтары.

Бұл өнеркәсіпте, көлікте объектілерде авария болған жағдайда және көп мерзімде қолданылғанда және жұмыс істеуші адамдар мен іргелес елді мекендегі жаппай зақымдандыруға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

Улы заттар (қатты әсер ететін) мынадай топтарға бөлінеді:

А) Тұншықтырғыш әсері басым заттар. Тыныс алу жолдары арқылы зақым жасайды. Препараттары: хлор-фосген, хлор-пестрин.

Ә) Жалпы улылық әсері басым заттар, бұлар организмдегі энергияның алмасуы күрт зақымдауға әсер ететін заттар. Препараттар: көміртегі тотығы, уланды сутегі.

Б) және жалпы улылық әсерберетін заттар: ингаляциялау кезінде өкпені удан қабындыруға және ауыр жағдайларда энергия алмасуды бұзуға қабілетті заттар. Препараттары: акрилонитрил, азот тотығы, күкірт қос тотығы, хлорил сутегі.

В) Өсіп өлуге жүйке жүйесіне әсерлі заттар (нейротропты заттар). Бұлар жүйкені реттеу механизмін, жүйке жүйесінің күйін бұзатын заттар. Препараттары: нетраэтил қорғасын, күкіртті көміртегі, фосфор органикалық қоспалар.

Г) және нейтропты әсерлі заттар. Зақымдану кезінде өкпені және соның салдарынан жүйке жүйесін қосты зақымдайды. Препараттары: аммиа, гептил, қорғасын.

Д) метаболизмдік улар: организмдегі зат алмасудың метаболизмдік нәзік процесіне әсер ететін улы қосылыстар. Препараттары: этилен тотығы, дихлор этан.

Е) зат алмасуды бұзатын улы заттар организмге өкпе, ас қорыту жолы, тері қабықтары арқылы әсер етіп созымалы ауруларға шалдыруға қабілетті. Препараттары: диоксин? Полихлорланған бензофуландар.

17. Улағыш заттар. Улулық әсерінің сипаты бойынша жіктелуі, топтары.

Бұл улағыш улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Улағыш заттар химиялық химиялық қарудың негізін құрайды да, шетелдік мемлекеттер армияларының қару-жарағына кіреді. Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады: 1) жүйке жансыздандыратын; 2)теріні іріңдеткіш;3) жалпы улы әсерлі;4) психохимиялық;5) тітіркендіргіш;

18. Улағыш заттардың әсерін анықтау уақытына байланысты жіктелуі, топтары.

Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін,саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді.Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан – ішек жолы арқылы зақымдайды.
Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап – жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.

19. Техносфера, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас, экология мәселелері.

Техникалық процестің қарқындауына байланысты адамның табиғатқа тигізер іс-әрекетінің әсері күйретуші күйде болады. Қазіргі кезде оның әсерінен табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас сапалы түрде өзгеруде. Табиғатқа бөтен заттар көптеп түсуде, оның көбісі тірі организмдер үшін улы. Олардың бір бөлігі табиғи айналымнан тысқары қалып, биосферада жинақталады да, жер шарын мекендеушілерге қауіп тудырады. 20 ғасырдың 2-ші жартысында адам мен қоршаған ортаның, қоғам мен табиғаттың қатынасы шиеленісіп кетті. Осы кезден бастап экология термині қолданыла бастады. Оны 1866 ж. неміс ғалымы Геккель енгізді.Экология адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылым. Жалпы экологияның маңызды бөлігі – әлеуметтік экология. Ол қоғам мен қоршаған табиғи тіршілік ортасының қарым-қатынасын зерделейді.

Тарихи дамудың қазіргі сатысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасында екі форма жіктеледі:

1. Экономикалық форма – табиғат ресурстарын адамның өзінің материалдық және рухани қажеттілігіне жаратуы

2. Экологиялық форма – адамды биологиялық және әлеуметтік организм ретінде және тіршіліктің табиғи ортасы ретінде сақтау мақсатында қоршаған табиғи ортаны қорғау. Адамдар өзінің қажеті үшін тіршілік ортасы ресурстарын пайдалана отырып, табиғи ортаны өзгертеді және ол адамның өзіне кері әсерін тигізеді. Өркениет тарихында жер бетіндегі орманның 2/3-сі кесілген. Жануарлар мен өсімдіктердің 200-ден аса түрі жоғалып кеткен. Атмосферадағы оттегі қоры 10 млрд тоннаға азайған. Ауыл шарушылығын дұрыс жүргізбей нәтижесінде 200 млн га жер жарамсыз болған.

Табиғи ортаға қатысты адамның зиянды іс-әрекетінің бағыттары:

А) қоршаған табиғи ортаны ластау;

Ә) табиғи ресурстарды тауысу;

Б) табиғатты бүлдіру.

20. Қоршаған табиғи ортаның ластануы, олардың жолдары. Табиғат құрамындағы заттардың физикалық-химиялық өзгеруі.

Қоршаған табиғи ортаны ластау-адамның өміріне және денсаулығына қауіп тудыратын, оны қоршаған табиғи ортаны бүлдіретін, табиғат құрамындағы заттардың (ауа, су, топырақ) физикалық, химиялық өзгеруі. Ластану 2 жолмен жүреді.

1. Космостық, яғни табиғи. Жердің ластануы ғарыштан немесе вулкандардың атқылауынан болады.

2. Антропогенді – адамдар іс-әрекетінің нәтижесі. Қоршаған ортаның антропогенді ластануының түрлері:

А) шаңды;

Ә) газды;

Б) химиялық (топырақтың химикаттармен ластануы)

В) ароматты;

Г) жылулық (ауаның, судың, топырақтың температурасының өзгеруі)

21. Жер шарының негізгі ластану объектілері. Атмосфераға бөлінетін негізгі ластаушы заттар.

Ластанудың көздері болып адамның іс-әрекеті, өнеркәсіп, шаруашылық, транспорт саналады. Бұлардың ластау деңгейі әртүрлі болады. Қалалардың ластануының 70-80% транспорттан болады. Өндірістік кәсіпорындар ішінде неғұрлым ластану металлургия еншісінде. Ол 34% құрайды. Онан кейін ЖЭС 27%, мұнай 12%, химия 9%.

Жылына жер шарының 1 тұрғынына 20 т. қалдықтан келеді. Негізгі ластану объектілері болып ауа, су, топырақ саналады. Күн сайын атмосфераға мыңдаған тонна шығарыс газдары, азот тотыға, күкірт тотығы және басқа заттар бөлінеді. Олардың тек 10%-ы ғана өсімдіктермен сіңіріледі. Күкірт тотығы негізгі ластаушы зат. Оның көзі жылу станциялары, ауыр өнеркәсіп. Күкірт газы мен азот тотығы су буларымен, бұлттармен әсерлескенде қышқылды жаңбырлар тудырады. Ол егінді, өсімдік әлемін, балық қорын зақымдайды. Көмірқышқылы және шығарыс газдары транспортпен көптеп бөлінеді. Олардың көлемі 21 ғасырдың басында 30%-ға жетті.

22. Парникті әсер құбылысы, озон қабатының нашарлауы әсерінен болатын зияндықтар.

Күкірт газы мен азот тотығы су буларымен, бұлттармен әсерлескенде қышқылды жаңбырлар тудырады. Ол егінді, өсімдік әлемін, балық қорын зақымдайды. Көмірқышқылы және шығарыс газдары транспортпен көптеп бөлінеді. Олардың көлемі 21 ғасырдың басында 30%-ға жетті. Атмосфераның мұндай физикалық – химиялық өзгеруі парникті әсер құбылысын жақындатады. Ол атмосфераның жоғарғы қабаттарында көмірқышқылы жинақталғанда жер мен ғарыш арасындағы жылу алмасудың қалыпты процесін бұзумен түсіндіреді. Парникті әсер температураның жоғарылауымен, климат пен ауа райының өзгеруімен жүреді. Қазіргі кездегі антропогенді жүктемелерде әрбір 10 жыл сайын температура жарты градусқа артады да, әлемдік мұхит деңгейін мұздың еруі нәтижесінде 1-1,2 м арттырады. Әлемдік мұхит деңгейінің 6м-ге көтерілуі жер шарының 1/6 бөлігін суға кетіреді.

Атмосфераның ластануынан озон қабатының күйі нашарлайды. Оның негізгі функциясы адам мен жердің табиғи орасын космостан түсетін ультракүлгін сәулеленудің зиянды әсерінен қорғау. Озон қабатын бұзатын заттардың (фрейон, хлор, көміртегі) бұл қабаттың біртіндеп бұзылуы жүреді. Еуропа континентінің солтүстік аудандарында халық тығыз орналасқан жерлерде оның қалыңдығы 3%-ға азайған. Озон қабатының 1%-ға азаюы, анкологиялық ауруларды 6%-ға арттырады.

23. Атмосферадағы оттегі мәселесі. Қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына әсері.

Су көздері өзен, көлдер әлемдік мұхиттың ластануы миллиондаған тонна сұйық және қатты қалдықтардан болады, әсіресе мұнай өнімдері. Бұл әлемдік мұхит су мен атмосфера арасындаы табиғи газ алмасуды бұзады, оттегінің түзілуін тежейді. Атмосферадағы оттегі 2 көзден толығады: өсімдіктерден 40%, және әлемдік мұхит суларынан 60%.

Әлемдік мұхитты зерттеуші Жан Кусто әлемдік мұхит жер шарының өкпесі деген. Қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді. Планета бойынша 5 миллионға жуық әртүрлі химиялық заттар мен қосындылар шығарады. Олардың тек 40 мыңы ғана улылыққа зерттелген. Тұрғындардың 20% тұрақты түрде аллергиямен, өндірістік қалаларда 35 % - өндіріске байланысты аурумен, неміс туған балалар саны 4-11%-ға артуымен, сапасыз судың әсерімен күніне 25 мың адамның өлімімен сипатталады.

24. Атмосфералық ауаның ластануы, тұщы ішер су мәселесі, топырақтың ластануынан болатын зардаптар. Әлемдік жер су мәселесі өзекті 2000 жылға 1 млрд адам ауыз су жетіспеушілігін сезінді. Негізгі жер шарындағы су қоры мол, тұщы судың табиғаты мынадай: күн сәулесі – сәулелену – булану – бұлттар арқылы планетаға тарау – жауын-шашын – топырақ – мұхит.

25. Төтенше жағдайлардың түрлері. Дүлей зілзала, оның сипаты, ерекшеліктері.

Халықты, қоршаған ортаны және шарушылық жүргізушіобъектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясаттың басым бөлігі. Бұл 1996 жылы 5-ші шілдедегі ҚР-ның табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы арнайы заңмен реттеледі. Осы заңға сәйкес, төтенше жағдайлар: дүлей зілзала, авария және апат қауіптілігі бойынша жіктеледі.

Дүлей зілзала – адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болатын жер сілкінісі, сел, су тасқыны, қар көшкіні, сырма, дауылдар, орман және дала өрттері түрінде болады. Дүлей зілзаланың сипатты ерекшеліктері:

Өзіне ғана тән пайда болу себептері қозғаушы күші

Кең өріс алуы

Қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі

Адамға күшті психологиялық ықпалы.

26. Төтенше жағдайлар түрлері. Авария, оның сипатты ерекшеліктері.

Халықты, қоршаған ортаны және шарушылық жүргізушіобъектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясаттың басым бөлігі. Бұл 1996 жылы 5-ші шілдедегі ҚР-ның табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы арнайы заңмен реттеледі. Осы заңға сәйкес, төтенше жағдайлар: дүлей зілзала, авария және апат қауіптілігі бойынша жіктеледі.

Авария – техникалық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың, ғимараттардың бүлінуі.Авариялық апаттардың зардаптарының ерекшеліктері:

1. Кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты

2. Жарылыстар, өрттің шығуы, су басу, шахтаны, үйінді басу түрінде болатындығы.

3. Көбінесе ауаның газдалуы, мұнайдың, қауіпті сұйықтықтардың төгілуі, улы заттардың қоршаған ортаға шығарысы түрінде жүретіндігі.

27. Төтенше жағдайлар түрлері. Апаттар, оның сипатты ерекшеліктері.

Халықты, қоршаған ортаны және шарушылық жүргізушіобъектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясаттың басым бөлігі. Бұл 1996 жылы 5-ші шілдедегі ҚР-ның табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы арнайы заңмен реттеледі. Осы заңға сәйкес, төтенше жағдайлар: дүлей зілзала, авария және апат қауіптілігі бойынша жіктеледі.

Апат бұл адам үшін тұтқиылдан пайда болатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала. Оның сипатты ерекшеліктері:

1. Халықтың үлкен тобының тіршілік әрекетінің бұзылуы

2. Адам өлімін немесе өмірге қауіп төндіру

3. Едәуір экономикалық немесе экологиялық шығын тудыру

Апаттар көлемі және түрі бойынша бөлінеді. Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен апаттар. Мұнда апаттың көлемі 2 көрсеткішпен, зардап шеккендер мен ауруханаға жатқызылған адамдар саны және зардап шеккен аумақ.

28. Табиғи және жасанды апаттар түрлері. Олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері.

Апаттар көлемі және түрі бойынша бөлінеді. Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен апаттар. Мұнда апаттың көлемі 2 көрсеткішпен, зардап шеккендер мен ауруханаға жатқызылған адамдар саны және зардап шеккен аумақ.

Түрі бойынша табиғи және жасанды (антропогенді).

Табиғи түрлері:

1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, ыстық, аяз)

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт немесе жер сілкінісі)

3. Топологиялық (сел, сырма, қар көшкіні, су басу)

4. Космостық (метеориттердің немесе басқа да ғарыш денелерінің құлауы)

Жасанды түрлері:

1. Көліктік

2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық)

3. Арнаулы (бактереологиялық, эпидемиялық)

4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік, терроризм, наркомания, алкоголизм)

29. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

1.Тұрғындарды қорғау.
2.Жер сілкінісі.
3.Сел.
4.Қар көшкіні.
5.Опырмалар.
6.Қар басу.
7.Сырғыма.
8. Тау тастарының құлауы.
9.Дауыл.
10.Табиғи өрттер.

30.Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:

- Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с);

- Көлік жүйесіндегі апаттар;

- Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с);

- Қатты әсер ететін улы заттармен улану;

- Радиациялық заттармен улану;

- Ғимараттардың кенеттен құлауы;

- Коммуналды қызметтердегі авариялар;

- Тазартқыш құрылымдардағы авариялар;

- Гидродинамикалық авариялар;

Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайда-лану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салда-рынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері — улы, тез түтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жүмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.

31. Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға:
- қарулы шабуыл
- кейбір аймақтардағы толқулар
- соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Тотенше жагдайды жоюга Азаматтык корганыстын барлык куш-тери, Кару куштери, орталык орындаушы органдар катыстырылады.

32. Төтенше жағдай, пайда болу негіздері, таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу негіздері жағынан :

- Экологиялық төтенше жағдайлар (атмосфераның ластануы, озон қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б.) жатады;

- Биологиялық төтенше жағдайлар (эпидемия, эпизоотия және эпифитотия) жатады;

- Әлеуметтік төтенше жағдайлар (қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер, тонау, терроризм, геноцид, соғыс және басқалар кіреді);

- Антропогендік төтенше жағдайлар (адамның қате іс-әрекетінен туындайды);

- Локальді төтенше жағдайлар (кәсіпорынның жеке, бөлек жүйесімен шектелетін авариялар);

- Объектілік төтенше жағдайлар (бір мекеме аясындағы авариялар);

- Жергілікті төтенше жағдайлар (бір облыс және аудан көлемі);

- Ұлттық төтенше жағдайлар (ел аумағынан шықпайтын бірнеше экономикалық авариялар);

- Аумақтық төтенше жағдайлар

- Орасан мобильді төтенше жағдайлар

- Ведомствалық төтенше жағдайлар (өндірістің 1 түріне ғана тән).

33. Әрбір адам тұрмыста, жұмыста немесе оны қоршаған табиғи орта жағдайларында пайда болған күтпегендік, тосындық, сыртқы жағымсыз факторлардың ұзақ уақыт, күшті әсер етуі, ал кейде өмірге тікелей қауіп төндіруі тән болатын жағдайларға тап болуы мүмкін. Әдеттегі жағдайлардың шеңберінен шығатын мұндай жайтты экстремалді жағдайлар деп атайды.

Төтенше жағдайлардан экстремалды жағдайларды ажырата білу керек. Экстремалды жағдайлар:өндірістік жарақаттар, өрттер, жарылыс. Ол адамдардың аз тобына әсер етіп локальді топтарда болады.

Экстремалді жағдайларға тап болу ықтималдығын азайтып, денсаулығың мен өміріңді сақтап қалу мүмкіндігін арттыру үшін қажет:

- өмірімізде кездесетін қауіп-қатер факторларын біліп, ескеріп жүру;

- қауіпті жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін алдын-ала болжап білуді үйрену;

- оларға тап болмауға тырысу. Сонымен, экстремальді жағдайларға ұшыраған кезде оны және өз мүмкіндіктеріңді жылдам бағдарлап, білгір шешім қабылдап, әрекетке кірісу керек.

Экстремалды жағдай түрлері:

- Табиғат аясында болатын экстремалды жағдайлар және оның түрлері.

- Баспанада болатын экстремалды жағдайлар.