Билет 20

Билет

Білім беруді гуманизациялаудағы жетекші тенденциялар және принциптер.Қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі. Оған білім беруді гуманизациялау сай келеді.

Білім берудегі гуманизация да тұлғаның ақыл – ой, эмоциональдық, еріктік және адамгершілік әлеуетін байыту, өзін – өзі көрсету, өзін – өзі дамыту шекарасын кеңейту және өзіндік қалыптасу үшін ақиқат жағдайлар туғызуды талап етеді. Мұны білім берудің гуманистік мақсаты деп санаған философ Э.В. Ильенков еді. Аталған гуманистік мақсат әр адамның жеке дамуының адамдық мәдениетінің шегін, танылған және танылмаған, жасалған және жасалмаған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамды мәдениеттің жаңа деңгейін меңгеруге көшіру, оның әлемге, басқа адамдарға және өзіне деген қатынасын өзгерту, өз іс – әрекеттері және оның әкелер жағдайына деген жауапкершілігін арттыру – білім беруді гуманизациялаудың басты нәтижесі.

 

10 сурак Дидактика

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидак-тика (didaktikas - оқытушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгiзген немiс педагогы Вольфганг Ратке (1571- 1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Заманауи ғалымдардың зерттейтiн сұрақтары: кiмдi, қашан, қайда, неге оқыту. Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пəнi – оқыту мен оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi. Зерттеу пəнi аясына байланысты жалпы жəне жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерiн қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пəнiнiң мазмұнын, барысын, түрi мен əдiстерiн зерттеуiне қарап оқыту əдiстемесi деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту əдiстемесi, тарихты оқыту əдiстемесi. Дидактика əрi теориялық, əрi қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық жəне қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметi: бiлiм беру мен оқыту процестерiнiң мəнi мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерiн, ұйымдастыру формалары мен əдiстерiн зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметi: бiлiм мазмұнын оқыту мақсатына сəйкес-тендiру, оқыту принциптерiн белгiлеу, оқытудың тиiмдi əдiстерi мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгiзу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу, оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құрал-дары, оқытудың нəтижесi. Кейбiр категорияларға анық-тама берейiк. Оқыту - оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс -əрекет. Оқыту мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн қажеттi адамзат тəжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нəтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы.[1] Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, И.Ф. Харламов оқыту әдістемесіне оқу материалын игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу мақсатындағы оқытушы жұмысының және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі деген анықтама береді. Ю.К. Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін орындауға бағытталған оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі. Т.А. Ильина оқыту әдістемесін оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары деп біледі. Осы тәрізді басқа да пікірлерді саралай келе, бәріне ортақ белгілерінің негізінде оқыту әдістемесінің анықтамасын беріп, жалпы әдістерін топтастыруға болады. Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.

Оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру.

 

14 теориялык сурак

Педагогикалық пәндерді меңгерудегі оқу тапсырмалары мен тест сұрақтарының ерекшеліктері.

 

Білім берудің тиімділігін арттыру жағдайында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін оқу үрдісінде құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмалары жүйесін қолдану маңызды. Ал әрбір пән бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетінің күрделі де ұзақ үрдісі болып табылады. Тапсырмалар мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетін дәнекерлеуші құрал ретінде және мұғалімнің білім мен іс-әрекетті меңгерту үдерісін басқаруда, сол білім мен білікті оқушының меңгеруінде, яғни оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыруда көрініс табады. Білім мен білікті меңгеру сапасы мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп ұйымдастырылған іс-әрекетіне және тапсырмалар жүйесін дұрыс құрастырып, оқу-танымдық іс-әрекетіне сәтті енуімен байланысты.

Оқу тапсырмалары сабақтың белгіленген мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жетудің негізгі құралы ретінде көп қызмет атқарады. Оқу тапсырмаларының қызметі сабақтың мақсатына қарай пайдалану кезеңдеріне тәуелді болады. Әрине пәннің ерекшелігіне қарай тапсырмалар мазмұндық негізімен, түрімен, сабақта қолдану амал-тәсілімен де ажыратылады. Шын мәнінде оқу үрдісі тек білімді меңгерумен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауымен де ерекшеленеді. Сонымен, егер де оқу тапсырмалары болмаса, онда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері де жүзеге аспайды, яғни оқыту үдерісі де болмайды деген сөз.

И.Я.Лернер, оқушылар жаңа оқу материалын оқуда білім беру мазмұнын меңгерудің үш деңгейінен өтеді деп есептейді: 1) қабылдау және еске сақтау; 2) репродуктивті; 3) шығармашылық. Бұл деңгейлердің әрқайсысын меңгеру үшін оқу тапсырмаларының арнайы түрлері қажет. И.Я.Лернер тапсырмалар түрін анықтауда оларды орындауға қажетті «іс-әрекет түрі» белгісін пайдаланған. Тапсырмалар орындалатын іс-әрекеттер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) білімді меңгеруге бағытталған рецептивті сипаттағы тапсырмалар; 2) білімді үлгі бойынша немесе таныс жағдайда пайдалануға бағытталған репродуктивті сипаттағы тапсырмалар; 3) білімді таныс емес жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.

Бұл жерде атап өткен жөн, жеке пән деңгейіндегі білім беру мазмұнына байланысты жоғарыда аталған тапсырмалардың ара-қатынасы әртүрлі болатындығын. Мысалы, егер де негізгі компонент ретінде білім алынса (әдебиет, тарих), онда рецептивті сипаттағы тапсырмалар басым болады. Ал іс-әрекет амалдары басым болып табылатын пәндерде (дене тәрбиесі, технология, сызу) және іс-әрекеттердің аралас түрлерін пайдаланылатын пәндерде (қазақ тілі, математика, т.б.) репро­дуктивті мазмұндағы тапсырмалар көбірек қолданылады.

Ал үшінші (базалық) деңгей бағдарламасындағы «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулінің мазмұнындағы кеңейтілген (күрделендірілген) тапсырамлардың 12-идеясы оқушыларға: білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдануға; тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдауға; «нағыз» құзыреттілікті қалыптастыруға; бастапқы және соңғы нүктелер қатарында өзара әрекеттесуге; шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеуге; қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізуге; қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісіне қатысуға; сыни ойлау дағдыларын дамытуға; мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдануға; таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдануға; аса құштар және ынталы болуға; жетістікке жету қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Теориялық сұрақтар

15 cұрақ

Принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.

16 сұрақ

Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару

Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.

Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:

- Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);

- Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).

Басқа да бірқатар анықтамалар бар.

Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анқтымасының) авторлары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатт іске асырумен байланысты.

Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар:

Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері.

Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).

Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады.Еңбек қажеттілігі- ақпарат.Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу.

Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.

Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық менеджмент жүйесі.

Менеджментке қойылатын негізгі талаптар.

1. Менеджменттің өз жұмысының маманы болу керек.

2. Менеджер ең алдымен ұйымның мақсаттарын және оған жету жолдарын ойлау керек.

3. Менеджер барлық ресурстардың жұмсалуын қолданылуын үйлестіре байланыстыра білу керек.

4. Менеджер стратегиялық ой-өрісті және комуникабілді болу керек.

5. Менеджменттің интелектуалды деңгейі жоғары болу керек.

6. Менеджмер жоғары моральді стандарт-ға сәйкес болу керек.

19 билет. Теориялық сұрақ

Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процес ретінде, обьективті түрде әдіснамалық идеялары.Дүниетаным дегеніміз- дүниегедегеннақтытарихимаңызы бар білімберудегібірізділік пен оқупәндеріарасындағыбайланысіс- әрекетіменсипатталады, іс-әрекеттіңмақсаты – оқушылардыдамыту, олардыңАналитикалық-жүйелікіс-ірекеттіңнәтижесіне (түсініктеме, арман-мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекетсананыңәртүрліжақтары, бірақбұлпроцестееңбастыалудыдамытудыталапетеді.Ғылымибілімқұрылымындаекідеңгейібар:Дүниетанымжекелегенбілімдерденемесзаманныңталабынасайбілімдердіңқұрылымын

Оқушылардың ғылыми дүние танымына табиғат және қоғам елдегі

әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдықсаясиқатынастарәсеретеді.Ғылымисенімдерғылыми-философиялықбілімдерді,

Дүниетанымдықалыптастыратындар: Тәжірибенітеориялықтұрғыданқорытабілу, сезімніңақыл-ойғаКөзқарастар- баланыңөзісенетінбілімдері, ұғымдары, практикаданшығарылғантеориялықСенім – ақиқатекндігінебалаларешқандайкүмәнкелтірмейтінбілідер,ұғымдартұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.сенімгесезімәсеретеді.Танымпроцесіндеқуанубілімініңақиқатына сену Қажымайтынқайрат–дүниетанымқұрамындағымаңыздыбөлік. ОқушылардыңғылымидүниетанымынТеориялық ой – дүниетанымныңелементі ,болмыстұралыбілімдерді, дүниетанымкөптегенмаңыздықызметатқарады. ОлөзініңағартуқызметіарқылыбалағатабиғатжәнеқоғамБаланыңдүниетанымыұйымдастырушылыққызметатқарады . Бала өзініңдүниетанымынаАдам тіршілікиесіретіндедүниегекеледі. ОныңтұлғаПедагогика мұғалімдердібелгіліжастобындағыбалалардытәрбиелеуерекшіліктеріҚазіргізаманпедагогикасыүлкенқарқынмендамудағығылым. Солдамуғакеледі, ғылыми – педагогикалықпрогрестіңмаманданбауынасоқтырады. Сондықтан да адамдардыңөмірсалтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогика бекігенкөп

Іс – қызметтері: философиялық, қоғамтану, педагогикалықжәнепсихологиялықеңбектер;

Сонымендүниетаным-дүниегедегеннақты-тарихимаңызы бар. Оның

Бүгінгікезеңдегідүниетанымдүниетуралыбелгілібірбілімдердіңжиынтығыжатыр.Дүниетаным

Дүниетанымадамсанасыныңарнайыформасы, оныңқоршағандүниеге, яғни

Кейінгі он жылдықтардапедагогиканыңбірнешесалаларындакелелітапсырыстарғаБірінші топ ғылымөкілдерініңойыншаадамзатбілімдерініңпәнаралықбілімдерінқұрайды. ОсыданмұндайкөзқараспедагогиканыңдербестеориялықЕндігіғалымдартобыпедагогиканыңбасқағылымсалаларынан (психология, жаратылыстану,Қазіргікезеңдеғылым мен практикағаүшіншіғылымитұыжрымДүниетанымғылымдарыныңжүйесіне:жалпыпедагогика,жасерекшелікпедагогикасы,мектепкеЖалпы педагогика педагогикалық процесс пен білімберудіңнегігізаңдылықтары

Прагма кәсіби сұрақтар 19 билет. Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарының өзара байланысы қандай?

"Тәрбие - адамдықалыптастыратынжәнежетілдіретінүйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбиемақсатынтөмендегі-дейнегізгіэлементтергебөлді:

• адамғабарлықзаттардыбілгізу - "ғылымибілім";

• заттардыңжәнеөзініңқожасыету - "адамгершілік";

• құдайға, заттарғақұлшылықету - "дінитәрбие";

• тәнсаулығы - "денетәрбиесі".

И.Г. Песталоцци тәрбиеніңмақсатыбалағабастауышбілім, еңбек, ақыл-ой, денетәрбиесінберіп, жан-жақтыжәнеүйлесімдідамытудеген.

Неміспедагогы А. Дистервегпедагогикалықмәселелердішешудегісословиелікжәнешовинистіксаясатқақарсыкүресіп, "Мектептіңміндеті - адамзаттыжәнеөзхалқынсүйетінсаналыазаматтардытәрбиелеу" - деген.

К.Д. Ушинский тәрбиеніңмақсатықоғамғапайдалы, адамшылығы бар адамдытәрбиелеудеген. Оладамгершіліктәрбиесінақыл-ой, еңбектәрбиесіментығызбайланыстықарастырады.

П.П.Блонскийтәрбиемақсатыбалағажалпыадамзаттыңжәнеұлттыңмәдениеттімеңгеругекөмектесу, жекетұлғаныңжалпыадамзаттықидеалдарынқалыптастырудеген.

1941-1990 жылдардағыпедагогикалықәдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымынаақыл-ой, политехникалықоқужәнеөндірістікеңбек, адамгершіліктәрбиесі, денежәнеэстетикалықтәрбиесалаларыенгізілді.

А.С.Макаренкотәрбиеніңмемлекеттікміндетінегізіндепедагогикалықміндетқойып, педагогтардыңжұмысынбақылауғаалуғаболатындығынатапкөрсетті. Ол "Тәрбиеніңнегізгімақсатыбаланыжан-жақтыдамыту" - дегенұсыныстықолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзегеасырды.

Тәрбиемақсатықазақтәлім-тәрбиетағылымына да қойылды. ҰлыұстазӘбуНасырәл-Фараби "Адамғаеңәуелібілімемес, тәрбиеберілуікерек. Онсызберілгенбілім - адамзаттыңқасжауы. Олкелешектеоныңбарлықөмірінеапатәкеледі" - деді.

Ы.Алтынсарин "өмірдіңнегізгімәні — еңбек, оладамныңадамгершілікқасиетінмәртебелендіреді, өмірдіңшынқадірін тек еңбексүйгішадамғанатүсінеалады. Мәнсізеңбек, мағынасызбейнетқорлықадамныңжігерінмұқалтады, өзеңбегініңқызығын, рақат-ләззатынкөребілу - кісіліктіңбастыбелгісі" - деген.

Тәрбиеніңмақсатынанміндеттертуындайды.

3. Дүниетіным - тәрбиеніңмаңыздыміндеттерініңбірі. Дүниетіным - адамныңтабиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетініңбағытытуралыкөзқарастары. Дүниегекөзқарасғылымнегізіндедүниенің даму заңдылықтарынтаныпбілу.

Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардыңойлауқабілетін, дүниегеғылымикөзқарасынқалыптастыру, ғылымибілімжүйесінмеңгерту. Ақыл-ой тәрбиесініңбастыміндеттері: оқушылардытабиғатжәнеқоғамжайындағығылымибілімдерменқаруландыру; ойлауқабілеттерінжетілдіруарқылы (абстракттілі, ой операцияларыталдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таныміс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазыпалу, өзін-өзібақылау, т.б.) дамытып, ғылымикөзқарасынқалыптастыру.

Адамгершіліктәрбиесініңміндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділіктіқалыптастыру; адамғасүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылықсезіміндамыту; оқушылардыөзміндетіне, өзгеніңмүддесінебайыптықарауғаүйрету; өзОтанынсүюге, ұлттардостығынқұрметтеугетәрбиелеу;

Еңбектәрбиесініңнегізгіміндеттері:

а) оқушылардыіскерлікке, еңбекдағдысынаүйрету;

ө) оқушылардыхалықшаруашылығыныңбастысалаларымен, еңбектүрлеріментаныстырып, мамандықтаңдауғатәрбиелеу;

б) озықеңбекдәстүрінетәрбиелеу.

Эстетикалықтәрбиеміндеттері:

• бейнелеуөнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнершығармашылығы (көркемөдебиет, музыка, театр, кино) арқылыбаланыңсезімдері мен талғамдарындамытып, сұлулықтуралыұғымдарынқалыптастыру

• эстетикалыққұралдардыпайдалануғадағдыландыру.

• әсемдіккеүлесінқосуғатәрбиелеу.

Денетәрбиесіміндеттері: оқушыларағзасындамыту; жастардыеңбекке, Отандықорғауғадаярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.

Билет 20

теориялық сұрақ

Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар.

Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:

1. Тұқым қуалаушылық.

2. Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).

3. Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.

4. Тұлғаның іс-әрекеті

Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.

Тұқым қуалаушылық депгенетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.

Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:

― дене бітімінің ерекшеліктері;

― шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;

― қан тобы, резурс-фактор;

― бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық

процестердің өту ерекшеліктері;

― қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;

― кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.

Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.

Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.

Биологиялық және географиялық ортаадамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.

Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбиеарқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Джон Локкбойынша, бала жаны табиғатынан – ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.

В.Г. Белинский тұжырымдауынша,өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.

Тәрбиенің тиімділігіоның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Іс-әрекет депадамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайтын.

Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадайтүрлерге бөлінеді:

танымдық іс-әрекет;

қоғамдық іс-әрекет;

– спорттық іс-әрекет;

– көркем өнерлік іс-әрекет;

– техникалық іс-әрекет;

– қолөнерлік іс-әрекет;

– гедоникалық іс-әрекет.

 

22 teoriyalik

Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады. Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор.

Арнайы оқытушылық қасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады.

Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары оқушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқару болып табылады.

Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, соншалық оқушыларына өз-бетінше жұмыстануға, ізденуге, дамуға, белсенділік көрсетуге мүмкіндік туғызады.

. Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді:

Ø тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері оның субъекті рөлін іске асырудың алғашқы негіздері ретінде;

Ø қабілеттілік;

Ø өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық;

Ø кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.

Оқытушының жалпы және арнайы қабілеттілігі.

Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады:

Ø Дидактикалық қабілеттілік;

Ø Академиялық қабілеттілік;

Ø Перцептивті қабілеттілік;

Ø Сөз сөйлеу қабілеттілік;

Ø Ұйымдастырушылық қабілеттілік;

Ø Авторитарлық қабілеттілік ;

Ø Коммуникативті қабілеттілік;

Ø Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес.

.Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі

Қазіргі таңда оқытушының коммуникативтік икемділігін , бір-бірімен қарым-қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде жоғары оқу орындарына бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Мұндай әдістемелер жастардың қарым – қытанс барыныдағы икемділігін көрсете білуін және өз көзқарасын дәлелдеп сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады, сондықтан коммуникативтік икемділікті дамыту педагогикалық тәжірибе барысынды да , өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың өзара байланысының мол болуы қажет.

Билет

Оқытушының семинарға дайындалу әдістемесі.Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар: Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру түрі. Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру. Педагогикалық диагностика.

Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері семинар сабақтары, жоғары мектепте гуманитарлъщ және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.) Семинар сабақтары - студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу: Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту; Танымдық мотивтер; Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді.

Ағымдағы семинар - бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты -студенттерді өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиет-тер мен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен жұмыс жасай алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындьщ туғызады. Сондықтан әдеби қайнар көздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек.

Семинар сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу. Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4 курстарда жүретін саминар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы семинар сабақтарында студенттерде меңгершетін материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады. ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі: Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына көздейтін. Әдіснамалық жағъшан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру. Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі. Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса, онда ол студенттерді ұжымдық формада ойлай білу мен шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды шеше білу, моделдеу, бағалау, өзара сын секілді іс-әрекеттерді қалыптастырады. Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыс-тарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді. Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді. Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушының ғана рөлін орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін, оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек. Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді. Семинар сабағын өткізгенде оқытудьщ дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда: Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу;

 

26 сұрақ

 

Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.

Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.

Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.

Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.

Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:

— ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);

— тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);

— дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);

— аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);

— əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).

 

 

29 сурак

Жоғары мектеп педагогикасы – педагогика ғылымының саласы. Жоғары мектеп педагогикасының объекті мен пәні, міндеттері. Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының спецификалық ерекшеліктері. Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының даму перспективалары. Заманауи талаптарға байланысты жоғары мектептің оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптар. Жоғары мектеп педагогикасының жетекші әдіснамасына қатысты сипаттама: аксиологиялық, жүйелілік, акмеологиялық, синергетикалық, тұлғалық-іс-әрекеттік тұғыр, экопсихологялық тұғыр, психодидактикалыұ тұғыр, дара-шығармашылық тұғыр, полисубъектілік тұғыр, сыни тұғыр, фасилитациялық тұғыр, гуманистік тұғыр.

Білім мазмұны тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру және оны дамыту және шындыққа деген эмоционалдық-құндылық қатынасы туралы білім мен іскерліктер жүйесі ретінде. Білім мазмұнын қалыптастыру көзері мен детерменанты. Білім мазмұнын қалыптастырудың формалды, материалды, утилитарлы және тұлғаға бағдарланған теориялары. Білім мазмұнын қалыптастырудың құзырлылық тұғырлары. Әр түрлі білім беру деңгейлеріндегі білім мазмұнын анықтайтын құжаттар: оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар. Оқу жоспары мен бағдарламасының ерекшеліктері.

Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
2. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.