Кіріспе

Психологиялық тұрғыдан қарағанда 11-12 жастағы балалардың дүниені тану қызығушылықтары ерекше және зейін салып тыңдауы, қабылдауы да осы жаста өте жоғары болады, сондықтан, қиынға түсетін жаратылыстану пәндерін (физика, химия, биология) ерте жастан бастап оқытуға болады. Ал егер мұғалім мен баланың арасында түсінушілік болмаса, сол сияқты баланың темперамент типі, қабылдау каналы ескерілмесе, мұғалім баға бергенде әділ болмаса, баланы жақсы жетістігі үшін мадақтамаса, алаңдатушылық жағдайлардың туындауы мүмкін, сондықтан да ерте жастан бастап оқытуды енгізуге мұғалім жауапкершілікпен қарап, оқу үрдісін ұйымдастыруда өте мұқият болуы тиіс.

Химияны ерте жастан бастап оқытудың басты мақсаты - оқушылардың білім және біліктілік дағдылар әзірлігінің базалық деңгейін және келешекте политехникалық бағытын күшейту.

Пәндік оқу-тәрбиелік міндеттер әр оқу жылына (сыныпқа) құрастырылған бағдарламаға сәйкес өзгеше болғандықтан, төменде жалпы пәндік оқу-тәрбиелік міндеттер көрсетілген:

• химия ғылымының негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, химиялық заңдар мен теорияларды пәнаралық интеграция арқылы зерделеу;

• оқушыларды химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіре алуға үйрету;

• оқушыларда заттар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білу, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, тәжірибелерді жасай алу біліктіліктерін қалыптастыру;

• оқушылардың химияға қызығушылықтарын, оның белгілі саласына бейімділіктерін арттыру;

• оқушыларда тәжірибелік-эксперименттік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру;

• қазіргі заманғы химиялық технология және өндіріс салаларында құзіреттерін қалыптастыру;

• Қазақстандағы жалпы химиялық өндіріспен байланысты экологиялық мәселелерді шешу және оны алдын алу құзіреттерін қалыптастыру;

• салауатты өмір салтын жүргізу, алкоголь, табак, психотропты және есірткі заттарды қолданудың салдары туралы білім дағдыларын қалыптастыру;

• өздігінен білім алып, оны күнделікті өмірде қолдану біліктіліктерін қалыптастыру.

Химияны ерте жастан, яғни 6-сыныптан бастап оқыту мектептің оқу бағдарламасының вариативті бөлімі есебінен жүзеге асырылуда. Оқу бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге арналған ҚР білім және ғылым министрлігімен бекітілген бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Сонымен, химияны ерте жастан бастап оқыту:

• тәжірибелік жұмыстар мен күрделенген есептер шығару барысында оқушылардың алған теориялық білімдерін тереңдетуге;

• қойылған мәселелерді өздігінен шешуге оптималды жол табуға дағдыландыландыруға;

• табиғаттағы және өндірістегі химиялық үрдістерді және олардың өзара байланысын тереңінен түсінуге;

• күнделікті тұрмыс жағдайында көзбен аңғарылмайтын физикалық-химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен сараптама жасай алуға;

• органикалық және бейорганикалық химиядағы негізгі үрдістерді күрделі физикалық, математикалық, биологиялық интерпретацияларды оңай жүргізуге мүмкіндік береді.

Тиімділігі:

• политехникалық бағыт күшейеді, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген ізденушілігі дамиды;

• шығармашылық ойлау қабілеті артады;

• уақыт үнемделу нәтижесінде белгіленген тақырыпқа байланысты ғылыми жұмыспен айналысып, химияның белгілі бір саласына бейімделеді.

 


 

1. Ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқулықтары мен бағдарламасының анықтауымен химияның пропедевтикалық білім мен біліктері

Ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндерінде ( дүниетану 4 сыныпта, ботаника 5-6 сыныптарында, физика 7сыныпта) оқушылар болашақта химия курсына қажетті білім мен білікті пайдалана отырып оқытылады. Жоғарыда көрсетілген курстың оқушылары бастапқы алған пропедевтикалық білім мен біліктері химия курсын оқып тануына негіз болып табылады. Сондықтан дүниетану, ботаника және физика пәндерінің мұғалімдері болашақта оқытылатын химия курсына қажетті алғашқы ұғымдарға дұрыс түсінік беріп, алдына қойылған материалды оқушы әрі қарай алып кетіп, оның өздігінен ізденуіне демеу болуы керек.Жоғарыда аталған пәндердің мұғалімдері, оның пәні және оқыту әдістемесі - бұл жан - жақты оқыту үрдіс жүйесінің бөлімі екенін білуі абзал.

2. IV сыныптың дүниетану курсы мазмұнындағы пропедевтикалық білім мен біліктер

4 сыныпта дүниетану, 5 сыныпта ботаника және 7 сыныпта физика курсында иемдеген, химияның оқып тануына негіз болып табылатын білім мен біліктің ауқымын қарастырайық.

1-кесте

IV сыныптың дүниетану курсында алатын пропедевтикалық білімдері

Дүниетану пәні бойынша сабақ тақырыбы Химиямен байланысты сұрақтар Химия пәні бойынша сабақ тақырыбы Дүниетану пәнімен байланысты сұрақтар
Кіріспе Дене туралы түсінік Зат Дене мен зат туралы түсінік және зат қасиеттерінің айырмашылғы
Дене және зат Барлық денелер заттардан туратыны туралы түсінік Таза зат және қоспа Заттардың молекулалық құрылысы түсінік. Таза және қоспа
Табиғат құбылысы дегеніміз не? Табиғат құбылыстары туралы түсінік Физикалық және химиялық құбылыстар   Физикалық құбылыстар туралы түсінік. Химиялық құбылыстардың физикалық құбылыстардан айырмашылығы
Ауа, атмосфера Айналаны қоршап турған ауа туралы түсінік. Ауаның қасиеттері (қысымы, сығымдылығы, жылуөткізгіштігі, қыздыру және салқындату кезіндегі ауаның өзгеруі) Ауаның құрамы Ауа құрамындығы жай және күрделі заттар
Ауа жылуды қалай өткізеді. Ауаны қыздырғанда және салқындатқанда не өзгереді? Ауаның сығылған кездегі майысқақтығы. Ауаының массасы бар екендігі туралы түсінік Жану және баяу тотығу Заттаардың ауада жануы. Баяу тотығу
Ауа неден тұрады? Ауаның құрамы өте күрделі және оның тұрақты құрамдас бөліктері оттек, азот пен көмірқышқыл газы турылы түсінік Ауының құрамы Ауаның құрамын белгілеу. Инертті газдар
Өмір сүруге ауаның маңыздылығы. Ауаны әртүрлі ластанудан қорғау қажеттілігі   Адам өміріне, өсімдік пен жануарларға ауаның маңызы зор болуы. Ауаны ластанудан қорғау Ауаны қолдану Ауада заттардың толық жану жағдайы. Ауадағы инертті газдарды қолдану
Оттегі Оттегіні алу. Оттегінің қасиеттері. Болат сымының оттегінде жануы.Оттегінің маңызды қолдану аясы: металлдарды алуда жоғары температураны қамтамасыз етеді, кесу, дәнекерлеу және медицина Оттегі. Оттегінің қасиеттері.Тотығу. Оксидтер. Оттегіні қолдану. Оттегіні алу Оттегінің физикалық қасиеттері. Химиялық (фосфордың, күкірттің және темірдің оттегінде жануы). Оксидтер туралы түсінік. Оттегіні қолдану. Сутек пероксидін және калий перманганатын алу. Катализаторлар туралы түсінік
Көмірқышқыл газ Алынуы. Қасиеттері. Қолданылуы. Көміртек (IV) оксиді немесе көмірқышқыл газы Физикалық және химиялық қасиеттері, оның қолдануы
Табиғаттағы су Судың таралуы және маңыздылығы Табиғаттағы су. Таза судың алу жолдары және оның физикалық қасиеттері Судың таралу аймағы. Суды тазарту
Үш күйі Судың үш агрегаттық күйі, оның бір күйден екінші күйге ауысуы Судың құрамы Судың анализі мен синтезі
Заттар, суда еритін және ерімейтін заттар Судың қасиеті тек қатты заттарды емес, сонымен қатар сұйық және газдарды да еріту болып табылады. Заттардыерігіштігі бойынша ажырату Судың химиялық қасиеттері. Су еріткіш ретінде. Заттардың суда ерігішітігі. Ерітінділер Судың металлдармен, металл оксидтерімен және бейметаллдармен әрекеттесуі
Қаныққан ерітінділер Қаныққан ерітінділер және оларды алу жолдары туралы Ерітінділер Қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Ерігіштіктің  
  түсінік   температураға тәуелділігі. Газдардың ерігіштігі
Судың құрамындағы бөгде заттардан тазарту Суды айдау тәсілі арқылы тазарту. Дистилденген су және оның қолданылуы Еріген заттың ерітіндідегі массалық үлесі Су еріткіш ретінде. Ерігіштік. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі
Табиғат айналымындағы ерітінділер Табиғатта, өндірісте және ауыл шаруашылығында ерітінділер Табиғатта, өндірісте және ауыл шаруашылығында ерітінділер Судың таралу ауқымы
Табиғаттағы судың атқаратын міндеті. Адамның суды қолдануы. суды қорғау Судың қиратушылық және жаңартушылқ күші.Судың неден ластанады және оны алдын алу жолдары Таза суды алу жолдары және оның физикалық қасиеті Су табиғатта. Ауыз суды алу
Тау жыныстары және минералдар. Қара және түсті металлдардың кені Тау жыныстары: қатты, жұмсақ, сұйық және газтектес болатыны туралы түсінік. Қара және түсті металлдар. Темір. Алюминий. Алюминий қосылыстары, оның қолданылуы Темірдің қасиеттері, қосылыстары оны табу жолдары. Қолданылуы және табиғатта таралуы
Темірден шойын алу Домна пешінің құрылысымен танысу. Металлдардың физикалық қасиеттері Металлдардың жалпы физикалық қасиеттері
Жанғыш пайдалы қазбалар Жанғыш пайдалы қазбалармен олардың қасиеттерімен танысу Ауаны қолдану. Отынды жағу   Отындардың түрлері, түзілуі және тиімді жағу
Торфтың, мұнайдың және таскөмірдің түзілуі Торфтың, мұнайдың және таскөмірдің түзілуі туралы түсінік -»- Отындарды қолдану
Кенсіз пайдалы қазбалар Кенсіз пайдалы қазбалар туралы түсінік. Тұз бен тұз қышқылын алуда, сонымен қатар тыңайтқыш ретінде қолданады Табиғатта сілтілік металдардың қосылыстары олардың қолданылуы. Фосфор табиғатта. Қосылыстарын қолдану.Фосфор тыңайтқыштары. Калий таңайтқыштар Қасиеттері, тыңайтқыштарды қолдану. Фосфордың табиғаттағы айналымы

4 – сыныпта дүниетану курсында алынған практикалық біліктер алдағы уақытта химия курсында оқытылып, одан әрі жетілдіріліп қолданылытын болады.

2 - кесте

IV сыныптың дүниетану курсында оқушылар иемденген практикалық біліктері

Білім мен біліктер Қандай әрекеттер нәтежесінде иемденеді
Әртүрлі табиғат құбылыстарын бақылап, оларды сәйкес шартты белгілермен тіркеу Күнделікті бастап, оған күнделікті өгерістерді: ауаның температурасы, желдің бағыты, ауа құрам бөліктерін оттегінің, көмірқышқыл газының, судың, тау жыныстарының, топырақтың қасиеттерімен танысып оқыту. Ауа райы күнтізбесін я күнделікті бастау
Темпертурының графигін,диаграммасын тұрғызу және оны оқи білу Фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргізгенде, күнделікке тіркейді
Бақылау материалдарын өңдеу Өсімдіктер мен жануарларды бақылағанда, кесте толтырылады
Өздігінен жинақтама жасау. Белгілерді анықтау Ауа,су,оттегі,көмірқышқылгазы және тау жаныстарын оқып тануда - олардың қасиеттері мен қолданылуы бойынша жалпы шолу жасау
Оқулықпен жұмыс, сұрақтарға жауап беру Бүкіл курсты оқу барысында
Денелер және олардың қасиеттерін салыстыру, талдау, қорытынды жасау Оттегінің, көмірқышқыл газының қасиеттері мен олардың айырмашылығын салыстыра оқу барысында. Сондай – ақ тау жыныстары, қатты кенді және кенсіз тау жыныстарын оқу барысында
Кестелерді толтыру Металдардың өздеріне тән қасиеттерін оқу ісінде. Салыстырмалы кестелер тұрғызғын кезде(шойын мен болаттың қасиеттері,оттегінің, көмірқышқыл газының және азоттың салыстырмалы қасиеттері, т.б)
Коллекцияны жинау және жөңдеу Пайдалы қазбалар колекциясын жинаған кезде
Практикалық біліктері:спирт шамының, пробиркалардың, термометрдің көмегімен қарапайым тәжірибелерді жүргізу. Фильтрлеу, қыздыру, буландыру, тұндыру секілді лабораториялық құрал- жабдықтарымен жұмыс жүргізу дағдысы. Ағаш, топырақ құрамында судың барын, суды зерттеу кезінде. Оттегін және көмірқышқыл газын алу мен қасиеттерін зерттеу барысында. Судың еріткіш ретінде қасиеттерін және қаныққан ерітінділер алу, судың температурасын, мұздың еруін анықтау барасында

 

Кестеде көрсетілгендей, 4 - сыныпта дүниетану курсында оқушылар зат туралы алғашқы түсінік алады, сонымен қатар нақты заттар қатарымен танысады: су, оттегі, көмірқышқыл газы, азот, күкірт, темір, мыс, қорғасын, алюминий, мырыш, қалайы және т.б. Оқушылардың заттар туралы білімі «Ауа», «Су», «Тау жыныстары мен минералдар» атты тақырыптарын оқу барысында одан әрі кеңейтіліп, нақтыланады. 1, 2 кестеде келтірілген пропедевтикалық білімнің талдауы келесіні көрсетеді: дүниетану курсында оқушылар химия пәніне қажетті көптеген заттардың қасиеттері туралы ақпарат алады, сондай – ақ ауаның, оттегінің, көмірқышқыл газының, судың, тау жыныстарының қасиеттерімен танысады. Металлдардың қасиеттерімен (металдық жылтыры, созылғыштығы, балқуы, жылуөткізгіштігі, элекрөткізгіштігі); кенсіз пайдылы қазбалардың қасиеттерімен(калий тұзы, апатиттер, қайнатылған тұз) танысады. Оқушылар тау жыныстарының физикалық қасиеттерімен қоса, олардың органикалық шығу тегімен де танысады. Оқушылар заттардың қолдану аясымен, мысалы, ауаны, оттегіні, көмірқышқыл газын, суды, қатты тау жыныстарын, кенді және кенсіз пайдалы қазбаларын қолдану туралы акпарат алатыны талдау қорытындысы көрсетті. Заттар және олардың қасиеттері, қолдануы туралы білімдерімен қоса, оқушылардың практиклық біліктері химия пәнін жетілдіруде пайдаланылады.

2.2 V сыныптың биология курсында қалыптасатын пропедевтикалық білімдер мен біліктер

3- кесте

Ботаника пәнінің сабақ тақырыбы Химиямен байланысты сұрақтар Химия пәні бойынша сабақ тақырыбы Дүниетану пәнімен байланысты сұрақтар
Тұқымдардың құрамы. Тұқымдардың органикалық заттары Барлық өсімдіктер тұқымдарының құрамында органикалық заттар - ақуыз, крахмал, майлар бар.Крахмалға йодтың әсері. Эфирлерде майлардың ерігіштігі Майлар. Ақуыздар. Крахмал Майлар табиғатта. Физикалық қасиеттері. Ақуыздар табиғатта. Физикалық қасиеті, табиғатта таралуы.Өсімдіктерде крахмалдың түзілуі
Тұқымдардың құрамы Тұқым құрамында су және минералды заттар бар. Әртүрлі өсімдік тұқымдарының құрамында әртүрлі органикалық заттар мен су болады. Зертханалық құрал – жабдықтармен танысу Зертханалық құрал – жабдықтарымен жұмыс істеу білігі
Өркендердің өсуі мен тамақтануы Тұқымдардың өсу кезінде заттардың айналуы Крахмал Өсімдіктерде крахмалдың түзілуі
Топырақ Топырақтың құрамы анықтау. Фильтрлеу, буландыруды іске асыру. Топырақ құрамындағы суды анықтау. Таза зат және қоспа Таза зат және қоспа. Қоспаны бөлу. Қоспалар. Зертханалық құрал- жабдықпен жұмыс істеу.
Тамырмен суды соруы Су өсімдіктің барлық өсу кезеңдерінде қажетті болуы. Барлық өсімдіктердің жасушаларында судың болуы. Су. Негіздер. Ерітінділер Су табиғатта
Тыңайтқыштар Тыңайтқыштарың маңыздылығы. Органикалық және минералды тыңайтқыштар. Азотты, калий, фосфорлы тыңайтқыштар. Тыңайтқыштарды енгізу жағдайлары Минералды тыңайтқыштар Өсімдік өмірінде макро- және микроэлементтердің рөлі. Тыңайтқыштар құрамындағы нәрлі заттардың болуы. Тыңайтқыштардың түрлері және оларды өндіру
Тамырлардың тыныс алуы Өсімдік тамырларының тыныс алуына ауаның қажеттілігі. Оттегі. Оксидтер. Жану Ауа. Ауаның маңыздылығы
Жапырақ. Өсімдіктерде жарық кезде крахмалдың түзілуі Жарықта жапырақ бетінде крахмалдың түзілуін дәлелдейтін тәжірибе Крахмал Өсіміктерде крахмалдың түзілуі
Жарықта өсімдіктердің көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні шығару қабілеті Жарықта крахмалдың көмірқышқыл газынан түзілуін және жарықта өсімдіктердің оттегін шыгарып, көмірқышқыл газын дәлелдейтін тәжірибе Оттегі. Оксидтер. Жану. Көміртек (IV)оксиді Оттегіні қолдану. Көміртек қостотығының қасиеттері және қолдануы

 

4 - кесте

V сыныптың биология курсынан алатын практикалық біліктері

Біліктер Қандай әрекеттер нәтежесінде иемденеді
Зертханалық құрал – жабдықтармен, құрылғылармен қолдану Өсімдіктер анатомиясы, препараттады дайындау, лупамен прерпараттарды қарау
Тәжірибені жүргізу,құрылғыларды жинау және тәжірибені сипаттау Тәжірибені жүргізу жоспары. Тәжірибенің қойылымы. Тәжірибені есептеу, суреттеу, нәтежелерді белгілеу. Тәжірибені сипаттау
Оқулықпен жұмыс Оқулықты, анықтамаларды қолдану, ғылыми және ғылыми танымал кітаптарды оқу. Кестелер, конспекттер, рефераттар жазу
Есептелім Белгілі бір аумаққа қажетті тыңайтқыштар мөлшері, егісті есептеу
Тану және анықтау Қарапайым тыңайтқыштарды айырмашылығы

5 – 6 сыныптарда ботаника курсында заттар және олардың қасиеттері жөнінде мәліметтер ұлғаю түседі. Мысалы, тұқымдардың құрылысы мен құрамын оқуда оқушылар минералдар мен органикалық заттар(ккрахмал, ақуыз, май) түсініктер алады. Сонымен қатар, қант ашуында спирт пен көмірқышқыл газы түзілетінін біледі. Сонымен қоса, крахмалдың қасиеттерімен, органикалық заттарды қыздыру кезінде шайырлануын біледі. Оттегі, көмірқышқыл газы және су туралы білімдері одвн әрі кеңейіп, өсімдік өміріне қажетті екенін қарастырады. Ботаника курсында ең басты назар заттардың қоланылуы өсімдік өміріне оң әсеріне аударылады. Азот тұздары өсімдіктердің бұтағы менн жапырақтарының өсуіне, фосфор тұздары жемістердің тез пісуіне үлкен үлес қосады. Өсімдіктерге аз мөлшерде құрамында бор, марганец, темірі бар заттар өте қажет.

Олай болса, ботаника курсында оқушылар заттар туралы теориялық білім қорын жинақтайды.

Биология курсын оқу барысында оқушылар зертханалық құрал – жабдықтармен жұмыс істеу, қарапайым тәжірибелер жүргізу, қорытынды жасай білу секілді білік – дағдыларын одан әрі дамытып жетілдіре түседі.

Сонымен, ботаника курсында тек қана қана биологияға қажетті, тек сол пәнге тиесілі білім мен біліктерді оқыта қана қоймай, сонымен қоса пәнаралық байланысты, мектеп бағдарламасындағы химияны оқытуды пайдаланылады.

2.3 VII сыныптың физика курсы мазмұнындағы пропедевтикалық білім мен біліктер

Ендігі кезекте, химияны оқытуда7 – сыныпта алынатын физика курсындағы тірек білімдерді қарастырайық.

Талдау қорытындыларына сәйкес 7 – сыныпта оқытылатын физика курсындағы химияға қажетті пропедевтикалық білім мен біліктер төмендегі кестеде келтірілген:

5 – кесте

7 – сыныпта физика курсында алынатын пропедевтикалық білімдер

Физика пәнінен сабақ тақырыбы Химиямен байланысты сұрақтар Химия пәнінен сабақ тақырыбы Физикамен байланысты сұрақтар
Табиғат және адам. Физика нені оқытады? Табиғаттағы өзгерістердің үздіксіздігі. Өзгерістердің заңдылықтары. Құбылыстар жөніндегі түсінік Химия пәні. Заттар. Физикалық құбылыстар. Химиялық құбылыстар Табиғаттағы заттардың саналуандығы. Заттардың өзгерісі
Дене, материя, зат. Бақылау және тәжірибе. Заттардың құрылысы туралы бастапқы ақпарат Дене, материя, зат туралы түсінік. Зат Зат туралы түсінік
Заттардың құрылысы. Молекула Жаңа заттар түзілу жағдайларын және олардың қасиеттерін түсіндіру үшін заттардың ішкі құрылысын білу қажеттілігі Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары мен белгілері. Таза заттар. Қоспаларды бөлу. Атомдар Заттардың ішкі құрылысын білу химиялық реакцияларды реттеу үшін керек. Таза заттар бір заттың молекулаларынан тұрады. Атомдар. Жай және күрделі заттар
Газдардың, сұйықтардың, қатты заттардың диффузиясы. Броундық қозғалысы Заттардың молекулалық құрылыс теориясы тұрғысынан диффузиясын түсіндіру. Броундық қозғалыс және заттардың молекулалық құрылысын түсіндіруде маңыздылығы Химияда атом – молекулалық ілімді оқыту Атом – молекуладық ілімнің негізгі қағидалары
Молекулалардың қозғалыс жылдамдығы және дене температурасы Диффузияның температураға тәуелділігі. Температураның өлшем бірліктері     -»-     -»-
Молекулалардың тартылуы және тебілуі Молекулалардың тартылу және тебілу күші Химияда атом – молекулалық ілім Атом – молекулалық ілімнің негізгі қағидалары
Заттарың үш күйі Денелердің үш күйі жөніндегі түсінік. Заттардың әртүрлі күйдегі қасиеттері Кристаллдық тор Заттардың кристаллдық торға тәуелділігі
Дененің массасы. Массаның бірліктері Дененің массасы. Массаның бірліктері Атомдар. Салыстармалы атомдық массасы Атом және оның массасы жөніндегі түсінік
Таразыда дененің массасын анықтау Таразыда өлшеу арқылы дененің массасын анықтау. Таразының құрылысы және өлшеу ережелері Қоспалар және химиялық қосылыстар. Заттың құрам тұрақтылық заңы. Салвстармалы молекулалық массасы Заттың массасын оның құрамына енетін атомдардың массасы арқылы анықтау
Заттың тағыздығы Тығыздық, тығыздық бірліктері туралы түсінік. Қатты заттырдың, сұйықтардың және газдырдың тығыздығымен танысу Газдардың салыстырмалы тығыздығы Газдардың салыстырмалы тығызығын есептеу. Молекулалық массасының тығыздығын есептеу.
Газдың қысымы Газ қысымының көлем мен температураға тәуелділігі. Газ кысымының өзгерісі көлем өзгерісіне байланысты Авагадро заңы. Газдардың молекулалық көлемі Газтектес заттардың молярлы көлемі
Тығыздық бойынша дененің массасы мен көлемін есептеу Тығыздық бойынша дененің массасы мен көлемін есептеу Газдардың салыстырмалы тығыздығы бойынша есептеулер Газдардың салыстармалы тығыздығын есептеу. Молекулалық массасының тығыздығын анықтау

 

Химияға қажетті практикалық біліктер оқушылар 7 – сыныптағы физика курсынан алады.

 

6 - кесте

VII сыныптың физика курсынан алынатын практикалық біліктер

Білімдер мен біліктер Қандай әрекеттер нәтежесінде иемденеді
Физикалық өлшемдерді анықтай білу дағдысы. Өлшеу құрылғыларымен жұмыс істеу білігі Тығыздықты анықтау. Динамометрмен күшті анықтау. Уақытты өлшеу
Жалпы қолданыстағы зертханалық құрылғылармен қолдану Динамометрмен, таразымен, амперметрмен, вольтметрмен қолдану барысында. Таразы, штативпен, химиялық ыдыс, жылу көзі, электрлік тоқты пайдалану кезінде
Сұйықтың тығыздығын анықтау Ареометрмен сұйықтың тығыздығын анықтау
Анықтамаларды, кестелерді, физикалық өлшемдерді қолдану Халықаралық бірлік жүйесі (СИ), физикалық өлшем жүйесін(СГС) пайдалану
Ережелер мен оқытылған заңдылықтарды пайдалана отырып есептерді шығару Жылдамдық, жұмысты, күшті, қысымды, жол мен уақытты есептеуде

 

5 – 6 кестелерде келтірілген пропедевтикалық білімдер мен біліктер, ботаника мен биология курсында зат туралы алғашқы түсінік берсе, ал физика курсында бұл білімдер заттың құрылысы туралы түсінікпен толықтырылады. «Дене», «Материя», «Зат» секілді ұғымдарымен танысқаннан кейін оқушылар заттың заттың құрылысы туралы бастапқы ақпарат алады. Оқушылар заттардың барлығы бөлшектерден тұратындығын, ал олардың арасында аралық болатындығын, сол аралықты молекула деп аталатындығын біледі. Салыстырулар нәтежесінде олардың өте ұсақ мөлшерде болатындығы туралы бағдар алады. Оқушылар бір заттың молекулалары бірдей болатынын, ал олар одан да ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұратынын біледі; сутек, оттек және су молекулаларының құрамымен танысады. Заттардың молекулалық құрамы, газдардың, сұйықтардың және қатты заттардың диффузия құбылысы, молекула қозғалысының жылдамдығы, дененің температурасы, молекулалардың әсерлесу күші секілді қасиеттерін оқиды. Молекулалардың тартылу және тебілк күштерін, сұйықтардың дымқылтартқыштығы және дымқылтартпайтын қасиеттерін және оның себебін түсіндіруді оқып таниды. 7 – сыныпта физика курсында оқушылардың практикалық біліктері де дами түседі, әсіресе есептеулік қабілеттері, бастапқы ережелер мен заңдылықтарды пайдалана отырып, есептерді шығару, қарапайым тәжірибелерді жүргізу, нәтежелерді белгілеу.

8 – сыныптың көптеген тақырыптарында және 7 – сыныптың физика курсында жалпы сұрақтар қарастырылады.

3. Пропедевтикалық білімдерді пайдалана отырып, өткізілетін химия сабақтарының әдістемесі

4 – 7 сыныптар аралығында оқушылар алған пропедевткалық білімдер 8 – сынапта оқытылатын химияның негізі болып табылады, яғни химияның ең басты, ең қиын да күрделі бөлімін оқытуда маңызы өте зор. Егер оқушылар дүниетану, ботаника және физика курстарында заттардың қүрылысы, қасиеттері мен қолдануы туралы бастапқы ақпарат алынса,ол химия курсында одан әрі жетіліп, дами түседі.

3.1 Қалыптасқан білімдерді қолдана отырып өткізілетін химия сабақтарының әдістемесі

Химия курсында пропедевтикалық білімдерді тірек – білім ретінде пайдаланудың келесі шарттары бар:

1) Басқа пәндерден алынған білімдер химияны жүйелі түрде қабылдауына және химия заңдарын түсінуіне, есептерді шығар білуіне, табиғат құбылыстарын тереңдетіліп ашылуына үлкен септтігін тигізеді;

2) Аралас пәндерден алынған ақпарат негізгі тақырыптан алыстамай, ажырамай, керісінше оның толық ашылуына көмек көрсетуі қажет.

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру барасында жаратылыстану бағытында IV-VI сыныптар аралығында оқытылған заттар (оның қасиеттері, құрамы, қолданылуы) туралы ақпарат одан әрі жетіле түседі. Химияның пәнаралық байланыстарымен қатынасы жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша, бір объект туралы білімнің дамуымен жүзеге асырылады.

Химия сабақтарында пропедевтикалық білімдерді пайдалану, тек оқыған түсініктерін қайталау ғана емес (өте маңызды болса да), керісінше жаңа факттерді салыстыру мен ұштастыра білудегі қажетті білімдерді іріктеу.

Жаңа білімдерді беру барысында қалыптасқан білімдерді пайдалана отырып оқу, олардың логикалық ойлау, бақылағыштық, толық талдау жасай білу және мағлұматтарды қорытындылау қабілеттерінің дамуына әкеледі. Бұндай жұмыс барысында оқушылардың белсенділігі мен өздігінен жұмыстануына септігін тигізеді.

Химия курсын оқыту үстінде пәнаралық байланысты пайдалана отырып оқыту әрі тиімді, әрі нәтежелі болу үшін оқытушы мынаны есінде сақтауы тиіс:

1. Бастапқы ұғымдар оқытылатын бастауыш және орта сыныптардың бағдарламасын білу;

2. Оқушылардың қалыптасқан білімдерін есепке алып, жаңа мәлімет беру;

3. Ұғымдардың қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді білу;

4. Басқа пәндерден қалыптасқан білімдер тек қана қосымша рөль атқарау керек, өйткені сабақ өзіне тән ерекшеліктерімен тақырыптың түпнұсқасы толығымен ашылуы қажет.

Әр пәннің өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана тәуелді сабақтардың мақсаты, оқу жүйесінің ерекшелігі болғаныменғ оқытушылар оқушылардың жаңа материалды оқып түсіндіру барсында, барлық пәндерге де қолданылатын әдістемелік тәсілдер, олардың ортақ сипаттары жекелей топтарға жіктеуге болады. Бұл тәсілдер тобын былайша бөлуге болады:

1) Актуализациялау, 2) еске түсіру, 3) нақтылау

Білімді актуализациялау тәсілі- оқушыға берілген тапсырма алдыңғы тақырыптардан алуына негізделген. Егер оқушы бұл тәсіл арқылы жауап беруге қиынсынса, ондай жағдайда оқытушы сұрақ қою арқылы оқушыны көкейкесті сұраққа жауап таба білуіне, сонымен қатар жаңа қорытынды жасауына көмек көрсету.

Оқушылардың білімін актуализациялау тәсілі сұрақ қою арқылы оқушылардың қалыптасқан білімдерін пайдалануына негізделсе , ал еске түсіру тәсілі қажетті пропедевтикалық білімдерді оқытушының өзі береді. Бірақ химия пәнінің мұғалімі пропедевтикалық білімге ғана сүйене берсе, бұл жағдайда ешқандай нәтеже шықпайды. Жаратылыстану пәндерінен қалыптасқан білімдерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оның қолдану аясының маңыздылығын, заттың шығу тегін түсіндіру қажет.

Келесі тәсіл пропедевтикалық білімдерді нақтылау болып табылады. Оқытылатын заңдар, ұғымдар басқа пәндердегі мысалдармен нақтыланса, бұл жағдайда олар берік меңгеріледі.

Практикада бұл тәсілдерді (актуализация, еске түсіру, нақтылау) оқушыларың бар білімдерін анықтауда, табиғат құбылыстар арасындағы байланысты ашуға, деректер мен құбылыстарды түсіндіруде теориялық білімдерді кең көрсетуге мүмкіндік береді.

 

 

Жартылыстану бағытындағы пәндерде оттек туралы ұғымның қалыптасуының негізгі кезеңдері

7- кесте

 


 

Бұл кестеде оттек туралы ұғымның қалыптасу кезеңдері көрсетілген. I кезеңде, яғни 4 – сыныпта оттегінің қасиеттері, оның қолданылуы, физикалық қасиеттері, жануды қолдайтын қасиетін, көмірді және болат сымының жануына жалпы шолу жасайды. Ал қолдану аясында оның медицинада, металдарды кесу, дәнекелеуде қолдануын атап кетеді. II кезеңде, биология курсында адам өмірінде және табиғатта жасыл өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктердің демалу процесі. Бұдан шығатындар: тұқымдардың демалған кезде оттегіні сіңіруі, жапырақтары демалған кезде оттегіні сіңіруі, тамыр демалған кезде оттегіні сіңіріуін қарастырады. Жарық кезінде өсімдіктерің оттегіні бөліп шығаруы туралы оқиды. III кезеңде оттегінің физикалық және химиялық қасиеттерін, онымен қоса калий перманганатынан және сутек асқын тотығынан алуын оқиды. IV кезеңде оттегінің қосылыстары олардың қасиеттері туралы қарастырылады. V кезеңде оттегі бар органикалық қосылыстардың негізгі кластарын қамтиды.

Сонымен, пропедевтикалық білімдер мен біліктерді қолдану өзіне бірнеше әдістер мен тәсілдерді енгізеді. Бұндай тәсілдерді қолданудың маңызды сәттері де бар, мысалы актуализация, нақтылау, еске түсіру және өткен тақырыптарды еске түсіре отырып , жаңа тақырыптардың негізгі мәселелеріне жауап табу, оқытылған құбылыстар мен ұғымдар арасындағы логикалық байланысты орнату, бұл құбылыстар мен ұғымдардың жалпы және өздеріне ғана тән ерекшеліктерін белгілеу, жаңа білім мен біліктің және дағдының қалыптасуы және бекітілуі.

 

 

3.2 Пропедевтикалық білімдерді қолдана отырып, химия курсында заттар құрылысын оқыту

Кесте

Тақырып атауы Зат құрылысы туралы пайдаланылатын білімдер Әдістемелік тәсілдер
Алғашқы химиялық заттар туралы түсінік Дене, зат туралы түсінік. Заттардың молекулалық құрылысы. Актуализациялау
Таза және қоспалар Заттардың молекулалық құрылысы. Таза заттардың құрылысы Еске түсіру және нақтылау
Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар Атомдар мен молекулар туралы түсінік. Таза заттардың құрылысы. Ауаның құрамы Актуализациялау
Қоспалар және химиялық қосылыстар Қоспалар туралы түсінік (ауа, сүт, теңіз суы, гранит) Нақтылау
Атом молекулалық ілім Диффузия туралы түсінік және оны атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіру Актуализациялау Нақтылау
Оттек. Оксидтер. Жану. Ауаның құрамы Ауаның құрамы оның құрамдас бөліктері Еске түсіру және нақтылау
Су. Ерітінділер. Негіздер. Судың құрамы Судың құрамы Еске түсіру және актуализациялау

 

 

Қорытынды

Жоғарыда аталған курстарда қалыптасқан пропедевтикалық біліктер мен білімдер былайша топтарға жіктелген:

1.Есептеу біліктері - пропорция, теңдеулерді құрастыру, оларды шешу, проценттік шағу және өлшеу құрылғыларымен жұмыс істеу дағдылары;

2.Химиялық ыдыс пен құрылғыларды пайдалану біліктері;

3.Тәжірибе кезінде заттарды қолдана білу білігі.

IV- VII сыныптардағы жаратылыстану пәндерін оқыту нәтежесінде қалыптасқан білім мен біліктері 9 – кестеде келтірілген.

9 – кесте

Тақырып атауы Зат құрылысы туралы пайдаланылатын білімдер Әдістемелік тәсілдер
Заттардың бастапқы химиялық түсінігі Бақылау жүргізу, термометрмен және ареометрмен жұмыс жүргізу Оқытылған курстарағы практикалық біліктерді тасымалдау
Зертханалық жабдықпен танысу -- Зертханалық жабдықпен жұмыс жүргізудің практикалық білігін тасымалдау
Физикалық және химиялық құбылыстар Заттардың қасиеттерін, құбылыстпрын бақылау --
Химиялық формула Пропорцияларды құру және олардвы шеше білу Есептеу білігін тасымалдау
Зат массасының сақталу заңы Заттың массасын өлшей білу Есептеу, өлшеу біліктерін тасымалдау
Химиялық реакциялардың типтері Бақылау білігі. Тәжірибе көрсету Практикалық біліктерді тасымалдау
Оттек. Оксидтер. Жану -- --
Валенттілік Есептеу білігі Есептеу, өлшеу біліктерін тасымалдау
Сутек. Қышқылдар. Тұздар Бақылау білігі. Тәжірибе қою Практикалық біліктерді тасымалдау
Судың химиялық қасиеттері Бақылау, тәжірибе қою, ыдыстармен жұмыс жасау біліктері Практикалық біліктерді тасымалдау
Су. Ерітінділер. Негіздер Бақылау білігі. Салыстыру, сәйкестендіру, қорытынды жасау Практикалық біліктерді тасымалдау
Авогадро саны. Молярлық масса, т.б Зат массасын және көлемін оның тығыздығы бойынша есептеу Практикалық біліктер мен есептерді шыгару білігін тасымалдау

 

IV- VII сыныптардағы жаратылыстану пәндерін оқыту нәтежесінде қалыптасқан білім мен біліктері, одан әрі химия курсын оқу барысында дамып жетіле түседі.

Баланы ерте жастан оқыту

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Сарманова К.А Методика использования пропедевтических знаний и умений в курсе химий

2.