СИЛЛАБУС

 

 

Пән:Жалпы тіл білімі

Кредит:2

Семестр:6

 

Оқытушы туралы мәлімет (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, офисі т.б. ) Өткізу уақыты және орны Байланыс ақпараты
Аудиториялықсабақ (лек., прак./семин.,лаб./студ.)   офис-сағаттары ОСӨЖ (ауд.) тел. e-mail
Ордабекова Х.А. ф.ғ.к., доцент Бейсенбі сағ.: 09.00-09.50 10.00-10.50 Сәрсенбі сағ.: 12.00-12.50 hafiza_1975 @mail.ru

 

 

Курстың жалпы сипаттамасы:«Жалпы тіл білімі» − тілдің жалпы теориясы, тіл тарихы, лингвистикалық әдіс-тәсілдер туралы теориялық-практикалық ақпарат беретін пән. Студенттердің өз мамандықтары бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау сипатында, әрі жалпы тіл білімінен теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуді көздейді. Бұл курс үш бөлімнен тұрады:

1. Тіл білімі тарихы;

2. Тіл білімінің теориялық мәселелері;

3. Лингвистикалық әдіс және олардың түрлері.

Пәннің мақсаты: Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімі тарихының ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше рөль атқарады. Жалпы тіл біліміЛингвистикалық әдістер тіл ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Лингвистика ілімі тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысты постулатын түсінуге көмектеседі.

Пәннің міндеттері:

– филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтау, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгеру;

– лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, яғни тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау,-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар және т.б. мәселелер;

– негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдау;

– тілді талдаудың негізгі әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу;

– тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатыларын, бағыттары және концепцияларын түсіну және т.б.

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

 

Апталар Аудиториялық сабақтар СОӨЖ тапсырма түрлері мен мерзімі
Тақырып атауы Дә- ріс Прак/ Лабор* СӨЖ тапсырмалары
са - ғат сағат
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. Көне дәуір тіл білімі. Орта ғасыр тіл білімі. Қайта өркендеу дәуірінің лингивстикасы. Ежелгі Қытай, үнді, грек, жапон және түркі тіл білімі (практикалық) Лингвистикалық семиотика ғылымының қалыптасуы және дамуы   Дәстүрлі құрылымдық тіл білімі (презентация, 1-апта).  
ХІХ ғ. тіл білімі. Салыстырмалы –тарихи тіл білімі. ХІХ ғ. лингвисткиалық бағыттар   Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің І кезеңі – ХІХғ. 20–70 жылдары ХҮІ ғ. Батыс Еуропада ұлттық тілдер грамматикаларының пайда болуы.ХҮІІ ғ. ономасиологиялық грамматика. «Жалпы және рационалды грамматика» (1660ж.) (практикалық)   В. Гумбольдттың “О различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода” атты еңбегіне талдау жасау.   В.фон Гумбольдт және тіл философиясы (презентация, 2-апта)
Жас грамматистер концепциясының лингвистикалық негізі   Тіл мен ойлау, тілдің шығуы, тілдің ішкі формасы мәселесі. Г.Паульдің лингвистикалық концепциясына тілдік анализ жүргізу (практикалық) Компьютерлік лингвистика және қазақ тіл білімі Жалпы тіл білімінде антрополингвистиканың қалыптасуы және дамуы (топтық жоба, 3-апта).
ХХ ғ. лингвистикалық жаңа бағыттардың пайда болуы, олардың көтерген мәселелері.   ХХ ғасыр тіл біліміндегі мектептер: эстетизм, неолингвизм, социологиялық мектеп, структурализм, этнолингвистика Тіл біліміндегі бихевиористік әдіс. Психология, сана және тілдік сана мәселесі (практикалық) Психолингвистика ғылымының қазіргі қазақ тіл ғылымында зерттелуі. Сөйлеу әрекеті теориясы Тіл ғылымындағы психологиялық бағыт. Б. де Куртенэ және А.Потебняның психолингвистикалық көзқарасы, сыни талдаулары (топтық жоба, 4-апта).
Структуралды тіл білімі. Ф. де Соссюр лингвистикалық концепциясы.   Лингвистикалық таңба, синхрония және диахрония мәселесі. Ішкі және сыртқы лингвистика. (практикалық) Қазақ тіл ғылымындағы лексикалық семантика мәселесі Тіл біліміндегі функционалдық бағыттың қалыптау тарихы мен дамуы (презентация, 5-апта).
Структуралық тіл білімі. Структурализм бағытында қалыптасқан лингвистикалық мектептер (практикалық) Когнитивті лингвистика және қазақ тіл білімі Қазақ тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселелері (зертханалық, 6-апта).
Кеңес тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы (практикалық)   А.Байтұрсынұлының лингвистикалық тұжырымдамалары (презентация, 7-апта).    
Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы Аралық емтихан А.Байтұрсынов және жалпы тіл білімі мәселелері   Тіл – таным құралы. Когнитивті лингвистиканың қалыптасуы мен негізгі бағыттары (топтық жоба, 8-апта)
Тілдің структуралық элементтерін зерттеу мен структурализм. Тілдің структуралық салалары, олардың сипаттары, арақатынастары, оның мәні Н.Хомскийдің “Язык и мышление”, “Аспекты теории синтаксиса” атты еңбектеріне лингвистикалық талдау жүргізу   Тіл біліміндегі лингвистикалық семиотика мәселесі (презентация, 9-апта).  
Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары   Жалпы семотика мен тілдік семиотика. Таңба, оның түрлері:графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары мен ықдау, нұсқау. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері (практикалық)   Қ.Жұбанов және жалпы тіл білімі мәселелері Н.Хомскийдің «Язык и мышление», «Порождающая грамматика» атты еңбектеріне лингвистикалық талдау жүргізу (презентация, 10-апта).
Тіл деңгейлері. Жалпы морфология, морфема ұғымы. Морфемалардың классификациясы. Грамматикалық мағыналардың әлем тілдерінде берілу жолдары (лекция, практикалық) С.Аманжолов және жалпы тіл білімі мәселелері Тілді зерттеуде қалыптасқан семасиологиялық және ономасиологиялық бағыт. Қзақ тіл біліміндегі фоносемантика мәселелері (презентация, 11-апта).
Тіл дамуының ішкі және сыртқы лингвистикалық заңдылықтары   Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары. Тілдік өзгеріске әсер ететін ішкі және сыртқы себептер. Тілдің функциялық және структуралық салаларының дамуының біркелкі болмайтыны, оның себептері лексиканың, фонетиканың, грамматиканың дамуындағы өзгешеліктерге байланысты екені (практикалық) К.Аханов және жалпы тіл білімі мәселелері Қазақ тіл ғылымындағы лексикалық семантика мәселесі (презентация, 12-апта).
Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен байланысы. Қазақ тіл ғылымының жеке салаларының қалыптасуы (лекция, практикалық)   Л.В.Щерба еңбектеріне (таңдау бойынша) лингвистикалық талдау жүргізу   Социолингвистика: бағыттары мен салалары (презентация, 13-апта).
Анторпоөзектік бағытта қалыптасқан лингвистикалық бағыттар (лекция, практикалық) Ф. де Соссюрдің “Курс общей лингвистики” атты еңбегіне лингвистикалық талдау жасау   Тілтанымдағы ұлттық корпустық лингвистикасын қалыптастыру мәселесі (презентация, 14-апта).
Лингвистикалық әдістер туралы түсінік   Ғылыми зерттеу әдістемелері. Лингвистикадағы жалпы ғылыми зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, картаға түсіру, модельдеу т.б. Лингвистикалық талдаудағы негізгі әдістер (практикалық) Ә.Қайдар және түрік тіл білімі мәселелері. Р.Сыздық және жалпы тіл білімі мәселелері Тіл біліміндегі жаңа парадигмалар және оны зерттеу әдістемесі (презентация, 15-апта).

 

Midterm exams: семестрдің 8 және 15 аптасында аралық емтихан

Quzzes: бақылау жұмыстары (БЖ), коллоквиумдар (КВ): семестрде 6 жұмыс

Өздік тапсырмалар (СӨЖ): семестрде 5 тапсырма

Қорытынды емтихан: емтихан кестесі бойынша

Дәріс және практикалық сабақ кезінде студент белсенділік танытуы қажет, бұл сіздің қорытынды балл бағаңыздың бір құраушысы болып табылады. Дәріс мазмұны оқулықтардың негізгі тарауларын қамтығанымен, теориялық материалдар практикалық сабақтар мен лабораториялық жұмыстарда бекітіледі. Сондықтан сабақ жіберу сіздің оқу үлгеріміңіз бен қорытынды бағаңызға әсер етуі мүмкін. Сабақты жіберген және оқытушыны алдын-ала ескертпеген студенттер берілген тапсырманы уақытында орындай алмайды. Сабақтан кешігу, сабақтың аяқталуына дейін кез келген себеппен шығып кету бір жіберілген күн болып саналады. Сабаққа қатысудың өзі баллдың жоғарылауы деген сөз емес. Сізге қойылатын басты талап - әрбір сабаққа теориялық және практикалық дайындықпен келу. Оқулықтың көрсетілген бөлімдерін және қосымша материалдарды тек қана практикалақ және семинарлық сабақтарға дайындық кезінде ғана емес, сонымен қатар келесі өтілетін жаңа дәрістің материалымен де таныс болғаныңыз дұрыс. Мұндай дайындық сіздің жаңа материалды қабылдауыңызды жеңілдетеді, сабақ үстінде белсенділік танытуыңызға көмек береді.

Үй тапсырмалары мен зертханалық жұмыстар лингвистикалық талдау әдістерінен, тіл тарихында қалыптасқан лингвистикалық концепциялар мен бағыттарға тілдік талдау жасай білуден тұрады. Студенттер берілген тапсырмаларды толық орындауы тиіс және жазбаша түрде берілсе, оның көлемі 5-6 беттен аспауы тиіс. Үй тапсырмаларын орындау кезінде дәріс мазмұны мен базалық оқу құралдарынан алған мәліметті пайдалануыңыз керек.

Аралық бақылау модуль бойынша өтілген теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. АБ семестрдің 8 және 15 аттестациялық аптасында өткізіледі.

СӨЖ (СОӨЖ) қосымша теориялық материалдарды қарастыру және оларды жүргізу, бақылау формасына сүйеніп EXCEL-де, Word құжаттамасында орындау табылады.

Қорытынды емтихан курстың бүкіл материалын қамтиды және жалпылайды. Емтихан жазбаша түрде өтеді және тапсырмалардың түрлі типтерінен тұрады: көптік таңдау форматындағы тесттік сұрақтар; ашық және жабық сұрақтар. Емтихан ұзақтығы - 2 академиялық сағат. Баға төмен болып қалған жағдайда бағаны көтеру үшін емтиханға қосымша тапсырма берілмейді. Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

Білім бағалау критерийлері

 

Жұмыс түрлері Балл
Сабаққа қатысу және белсенділік
Семинар
СӨЖ: үйге берілетін жазбаша тапсырмалар
ОСӨЖ: топтық жоба, оның ішінде презентация
Аралық емтихан
Қорытынды емтихан
Барлығы

 

Баға қою саясаты: Сіз күзгі және жазғы семестр соңында бүкіл семестрдегі атқарған жұмысыңыздың кумулятивті көрсеткіші болатын ортақ жалпы баға аласыз. Қорытынды баға СДУ-да қабылданған баға шкаласына сәйкес қойылады.

Жазбаша үй жұмыстарын бағалаудың критерийлері: орындалған тапсырма мазмұнының дұрыстығы мен толықтығы, баяндау логикасы, уақытында тапсырылуы.

Емтихан бағасын қоюдың негізгі критерийлері: жауаптың дұрыстығы мен толықтығы, баяндаудың стилі мен логикасы.

Курс саясаты:

- сабақтан кешікпеу, сабақты себепсіз жібермеу;

- сабақ кезінде ұялы телефонды қолданбау;

- берілген тапсырмаларды өз уақытында өткізу;

- берілген тапсырмалар өз уақытында өткізілмесе, әрбір кешіккен үш күн үшін сіздің жинаған жалпы баллыңыздан 3 балл азайтылып отырады;

- аралық емтиханды белгілі себеппен жіберуге тура келсе, алдын-ала оқытушыны ескерту;

- емтиханды себепсіз жіберу.

Академиялық тәртіп пен этика саясаты:

Толерантты болыңыз, өзге адамның пікірін сыйлаңыз. Егер сабақ мазмұнына қатысты қандай да бір қарсы пікіріңіз болса, дәлелді фактілер келтіре отырып баяндаңыз. Плагиаттыққа жол бермеу, яғни электронды және баспа материалдарын, цитаталарды, басқа авторлардың пікірлерін қолдану кезінде міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Тест, емтихан тапсыру кезінде көмек беру, көшіру, басқа студент үшін тапсыруға рұқсат етілмейді.

Көмек: Өздік жұмыстарды орындау барысында туындаған мәселелер бойынша, оларды тапсыру және қорғау, өтілген материал бойынша қосымша мәліметтер алу үшін оқытушының жоғарыда көрсетілген офис-сағаттары кезінде келу.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1975. 36-40 бб.

2. Алпатов В.М. История лингвистических учений. - М.: Языки русской культуры, 1999. 129–142 бб.

3. Апресян Ю.И. Идеи и методы современной структурной лингвистики. -М., 1966. 27–36 бб.

4. Березин Ф.М. История лингвистических учений. -М., 1984. 157–176 бб.

5. Будагов Р.А. Фердинанд де Соссюр и языкознание нашего времени // Будагов Р.А. Язык, история и современность. -М., 1971. 42–63 бб.

6. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. -М., 1974. 45–82 бб.

7. Звегинцев В.А. История языкознания ХIХ–ХХ веков в очерках и извлечениях. -М., 1964. Ч. 1. 358–361 бб.

8. Кодухов В.И. Общее языкознание. -М., 1974. 70–76 бб.

9. Кондрашов Н.А. История лингвистических учений. -М., 1979. 110–116 бб.

10. Соссюр Ф. де. Труды по языкознанию. -М., 1977.

11. Соссюр Ф. де. Заметки по общей лингвистике. -М., 1990.

12. Шулежкова С.Г. История лингвистических учений. -М.: Флинта – Наука, 2004. 184-200 бб.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. -М., 2003.

2. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. http://www.alib.ru/bs.php4?uid=1097ec6e6a319f8a363c5c38b927b5eaaafb

3. Кодухов В.И. Общее языкознание. http://shop.top-kniga.ru/books/item/in/355290/

4. Лайонз Д. Введение в теоретическую лингвистику. http://www.classes.ru/grammar/146.Lyons/

5. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – М., 2004.

6. Мечковская Н.Б., Плотников Б.А., Супрун А.Е. Общее языкознание. Сущность и история языка. – Минск, 1993. http://www.livelib.ru/book/1000308529