KZP 305

«ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ»

 

ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Қаскелең, 2014

«Жалпы тіл білімі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Білім беру-кәсіптік бағдарламалары. Негізгі ережелер» атты __________ ҚР МЖМББС негізінде құрастырылған.

 

Құрастырған – ф.ғ.к., доцент Х.А.Ордабекова

(оқытушының ғылыми дәрежесі, лауазымы, аты-жөні)

 

«Қазақ филологиясы» кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.

 

«20» тамыз 2014 ж., № 1 хаттама

 

Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., доцент Еркінбаев Ұ.О.

 

Филология және педагогикалық ғылымдар факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.

 

«29» тамыз 2014 ж., № 1 хаттама

 

Оқу-әдістемелік бюроның төрағасы ____________ п.ғ.к., доцент Гаипов Д.Э.

 

«ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ»

ПӘНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ МАЗМҰНЫ

 

 

Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонентке кірсе)
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Syllabus
Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы
Лекциялық кешен
Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
Пән бойынша лабораториялық және студиялық тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі  
Білім алушының өздік жұмысына арналған материалдар: СРСП үшін тапсырмалар; СРС үшін тапсырмалар.
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар: тест тапсырмалары; І, ІІ-аралық бақылау тапсырмалары
Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Пән бойынша оқытушы тарапынан жарық көрген оқу құралы немесе оқу-әдістемелік құрал
УМКДО
Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пән мазмұнына байланысты)
Әдебиеттер тізімі және электронды ресурстар тізімі

 

«Сулейман Демирель атындағы университет» мекемесі

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Факультет деканы, п.ғ.к., доцент Гаипов Д.Э.

______________________

«_____» ______ 2014 ж.

 

 

«ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ»

 

пәні бойынша

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Қаскелең, 2014

«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы типтік оқу бағдарламасы немесе 5В020500 – «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.

 

Құрастырған: ф.ғ.к., доцент Х.А.Ордабекова

 

«Қазақ филологиясы» кафедрасы мәжілісінде қарастырылды

 

 

«20» тамыз 2014 ж., № 1 хаттама

 

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., доцент Ұ.О.Еркінбаев

 

Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.

 

 

«29» тамыз 2014 ж., № 1 хаттама

 

Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы ______________ Гаипов Д.Э.

 

 

Курстың жалпы сипаттамасы

«Жалпы тіл білімі» - тілдің жалпы теориясы, тіл тарихы, лингвистикалық әдіс-тәсілдер туралы пән. Студенттердің өз мамандықтары бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау сипатында, әрі жалпы тіл білімінен теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуді көздейді. Бұл курс үш бөлімнен тұрады:

1. Тіл білімі тарихы;

2. Тіл білімінің теориялық мәселелері;

3. Лингвистикалық әдіс және олардың түрлері.

Жалпы тіл білімі өзге ғылым салаларымен, атап айтқанда, диалектикалық материализм, логика және психология (тіл практикалық тұрғыдан алғанда саналы іс-әрекет); тарихи материализм (тілдің өмір сүру формасы қоғаммен және әлеуметтік процестермен шарттасады), семиотика (тіл ерекше таңбалар жүйесі), физиология және акустика салаларымен (тіл бірліктері сөйлеуде дыбыстар тіркесіміне ие болады) байланыста қарастырылады. Жалпы тіл білімі тілдің табиғатын екі жақты сипатта қарастырады, яғни құрылымдық және әлеуметтік тұрғыда қарастырады. Құрылымдық тұрғыдан тіл өзіне тән ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар бір бүтін жүйені құрайды. Тілдің мазмұндық жағы оның табиғаты, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу мәселесін тілдің әлеуметтік аспектісі тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты

Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімі тарихының ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше рөль атқарады. Лингвистика ілімі тарихы қазіргі теорияның тіл білімі ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Лингвистика ілімі тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы тілдің постулатын түсінуге көмектеседі.

 

Пәннің міндеттері

– филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтау, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгеру;

– лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, яғни тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау,-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар және т.б. мәселелер;

– негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдау;

– тілді талдаудың негізгі әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу;

– тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатыларын, бағыттары және концепцияларын түсіну және т.б.

Күтілетін нәтижелер

Тілдің табиғаты мен мәнін, оның таңбалық, жүйелілік және құрылымдық сипатын, тіл дамуындағы ортақ және жеке заңыдылықтарды меңгеруі, тіл ғылымындағы қолданылып жүрген лингвистикалық әдістер мен әдістемелердің айырмасын білуі, тіл білімі тарихындағы негізгі лингвистикалық мектептер, олардың ұстанған лингвистикалық тұжырымдамалары, жекелеген ғалымдардың лингвистикалық концепцияларымен танысып, оларды лингвистикалық , философиялық тұрғыдан талдай білуі тиіс.

Пәннің пререквизиттері

Фонетика, Лексикология, Сөзжасам, Грамматика,Тіл біліміне кіріспе, Диалектология, Тіл тарихы, Тарихи грамматика.

Пәннің постреквизиттері

Психолингвистика, Социолингвистика, Этнолингвистика, Лингвомәдениеттану, Гендерлік лингвистика, Когнитивті лингвистика, Семасиология және т.б.

Студенттерге қойылатын талаптар:

- міндетті түрде сабаққа қатысу;

- сабақта белсенділік таныту;

- сабаққа үнемі дайындықпен келу, үй жұмысын, СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын уақытындаөткізу.

Сондай-ақ:

- сабаққа кешігуге, сабақтан рұқсатсыз кетуге (студенттің сабақтан себепсіз кетуі бір жіберілген сабаққа есептеледі);

- сабақ үстінде ұялы телефонды пайдалануға;

- сабақ үстінде сағыз шайнауға тыйым салынады.

Студент білімін бағалау:

Барлық оқу уақыты – 15 апта

Аралық бақылау мерзімдері – 7, 15 апта

Бағалау шарттары:

І аралық бақылау – 30 % (ағымдық және аралық бақылауды қоса есептегенде)

ІІ аралық бақылау – 30 % (ағымдық және аралық бақылауды қоса есептегенде)

Емтихан – 40 %

Барлығы - 100%

Аралық бақылаудың қорытындылары деканаттағы ведомосқа қойылып отырады және ол емтиханға жіберуге негіз болады.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ ЖОСПАРЫ

Дәріс тақырыптары Дәріс мазмұны Семинар тақырыптары мен мазмұны Сағаты
Тіл білімінің тарихы, ондағы басты кезеңдер. Тіл білімі тарихын дәуірлеу мәселесі. Тіл білімі тарихының зерттеу обьектісі. Орта ғасыр лингвистикасы. Қайта өркедеу дәуірінің лингвистикасы. Канондық тілдер грамматикасы. Ежелгі дәуір тіл білімі (Ежелгі қытай, үнді, грек тіл білімі). Араб лингвистикалық дәстүрі. 1 апта 1 сағат
XIX ғасыр тіл білімі ХІХ ғ. Батыс Европа, Ресей жалпы және салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тілдер туыстастығын айқындаудың ұстанымдары.   ХІХ ғ. тіл білімі (Сал.-тар. тіл білімі, әдіс, М.Қашқари еңбегі). Тілдер семьясы, праязык (ата тіл) теориялары 2 апта 1 сағат
Жас грамматистер концепциясының лингвистикалық негізі     Тіл мен ойлау, тілдің шығуы, тілдің ішкі формасы мәселесі.   Г.Паульдің лингвистикалық концепциясына тілдік анализ жүргізу   3 апта 1 сағат
ХХ ғ. лингвистикалық жаңа бағыттардың пайда болуы, олардың көтерген мәселелері ХХ ғасыр тіл біліміндегі мектептер: эстетизм, неолингвизм, социологиялық мектеп, структурализм, этнолингвистика. Тіл біліміндегі бихевиористік әдіс Тіл ғылымындағы психологиялық бағыт. А.А.Потебняның жалпы лингвистикалық көзқарасы, оның сыни талдаулары     4 апта 1 сағат
Фердинант де Соссюрдің лингвистикалық концепциясы Ф. Соссюрдің тіл білімі туралы теориялық тұжырымдары. Тіл мен сөйлеудің арақатынасы. Лингвистикалық таңба, синхрония және диахрония мәселесі. Ішкі және сыртқы лингвистика.   Ф. Соссюр концепциясының ғылыми–методологиялық негізі 5 апта 1 сағат
Структуралық тіл білімі. Структурализм бағытында қалыптасқан лингвистикалық мектептер   Копенгаген структуралистік мектебі. Америка дескриптивтік мектебі. Прага структуралистік мектебі. Копенгаген структуралистік мектебі. Америка дескриптивтік мектебі. Прага структуралистік мектебі. 6 апта 1 сағат
ХХ ғ. Кеңес тіл білімінде қалыптасқан лингвистикалық мектептер Қазан лингвистикалық мектебі. Бодуэн де Куртенэ концепциясындағы фонема мен морфема түсінігі. Бодуэн де Куртенэ, Н В. Крушевский еңбекетеріндегі тілдік жүйе, тілдік таңба мәселесі. Қазан линг. мектебі өкілдері еңбектеріндегі типология және салыстырмалы–тарихи тіл білімінің мәселелері. ХІХ ғ. лингв. мектептер (Мәскеу, Қазан, Женева линг. мектебі, оның негізгі бағыттары. Тіл білімінің практикамен байланысы. Бодуэна де Куртенэ, Н.В. Крушевский «Казандықтар» сөздің морфологиялық құрылымы мен оның өзгерісі. 7 апта 1 сағат
Қазақ тіл білімінің қалыптасуы Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – А.Байтұрсынұлы. Әліпби түзу, графика мәселесі. Қазақ тілі қатысты алғашқы оқу құралдарының жарық көруі. А.Байтұрсынұлы және алаш зиялыларының лингвистикалық тұжырымдамалары   8 апта 1 сағат
Тілдің мәні мен табиғаты, «тіл» мен «сөйлеу, «тіл» мен «ойлау» мәселесі Тіл білімі тарихында болған лингв.мектептердің тілдің табиғаты мен мәні жөніндегі пікірілерге тоқталу. Кеңес тіл мамандарының қағидалары. Тіл мен сөйлеу, тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас, Ф.де Соссюрдан бері қарайғы пікір- таластар Тіл теориясы. Жалпы тіл білімі, оның обьектілері, «тіл» және «сөйлеу» арақатынасы. 9 апта 1сағат
Тілдің құрылымы, құрылымдық элементтердің арақатынасы Екі термин жайлы көзқарастар. Тілдің структуралық элементтерін зерттеу мен структурализм. Тілдің структуралық салалары, олардың сипаттары, арақатынастары, оның мәні. Тілдің структуралық салалары, олардың сипаттары, арақатынастары, оның мәні. 10 апта 1сағат
Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары Жалпы семотика мен тілдік семиотика. Таңба, оның түрлері:графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары мен ықдау, нұсқау. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері. Тіл – таңбалық жүйе (тілдік таңбалардың жүйелік сипаты, тілдік таңтаңбалардың екі жақтылығы, паралингвистика, кинесика) 11 апта 1 сағат
Тіл деңгейлері мен олардың арасындағы қатынас Олардың қалыптасуындағы негізгі шарттар, тіл деңгейлерінің түрлері жайындағы пікірлер. Ол жайындағы пікірлер, қалыптасу шарттары, грамматикалық категорияның қалыптасуында формаға қарағанда грамматикалық мағынаның шешуші қызмет атқаратыны туралы пікірлер. Грамматикалық категориялар мәні, олардың тіл-тілдегі көрінісі.   12 апта 1 сағат
Тіл дамуының ішкі және сыртқы заңдылықтары. Бұл мәселеге байланысты айтылып жүрген пікірлер. Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары. Тілдік өзгеріске әсер ететін ішкі және сыртқы себептер. Тілдің функциялық және структуралық салаларының дамуының біркелкі болмайтыны, оның себептері лексиканың, фонетиканың, грамматиканың дамуындағы өзгешеліктерге байланысты екені. Тілдің дамуы мен атқаратын негізгі қызметтері (тіл дамуының шарттары мен себептері, диахрондық және синхрондық аспектілері, сыртқы және ішкі лингвистикалық факторлар, тілдің функциялық қызметі) 13 апта 1 сағат  
Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен байланысы. Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы Лингвомәдениеттану, психолингистика, социолингвистика, лингвистикалық семантика, прагмалингвистика және т.б. 14 апта 1 сағат  
Лингвистикалық әдістер. Методология және әдіс. Зерттеу методикалары. Лингвистикалық әдіс және оның түрлері. Лингвистикалық әдіс және оның түрлері. 15 апта 1 сағат  
               

 

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

СОӨЖ тақырыптары және тапсырмаларының мазмұны Жүргізу түрі   Сағаты
Дәстүрлі құрылымдық тіл білімі Конспект. Кестеге түсіру. Слайд дайындау. 1 апта 1 сағат
В.фон Гумбольдт және тіл философиясы Топтық жоба. Слайд дайындау. Кестеге түсіру. 2 апта 1 сағат
Жалпы тіл білімінде антрополингвистиканың қалыптасуы мен дамуы   Конспект. Кестеге түсіру. Слайд дайындау. 3 апта 1 сағат
Тіл ғылымындағы психологиялық бағыт. Бодуэн де Куртенэ және А.Потебняның психолингвистикалық көзқарасы, сыни талдаулары. Конспект. Кестеге түсіру. Слайд дайындау. 4 апта 1 сағат
Тіл біліміндегі функционалдық бағыт. Тезис. Кестеге түсіру. Слайд дайындау. 5 апта 1 сағат
Қазақ тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі Тезис. Кестеге түсіру. Слайд дайындау. 6 апта 1 сағат
А.Байтұрсынұлының лингвистикалық тұжырымдары Баяндама, тапсырмаға қатысты мәтін түзу. 7 апта 1 сағат
Когнитивті лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы Конспект, кестеге түсіру. Слайд дайындау. 8 апта 1 сағат
Лингвистикалық семиотика мәселесі. Конспект. Слайд дайындау. 9 апта 1 сағат
Н.Хомскийдің «Язык и мышление», «Порождающая грамматика» атты еңбектеріне лингвистикалық талдау жүргізу Конспект. Слайд дайындау. 10 апта 1 сағат
Тілді зерттеудегі семасиологиялық және ономасиологиялық бағыт. Қазақ тіл біліміндегі фоносемантика мәселесі Конспект. Слайд дайындау. 11 апта 1 сағат
Қазақ тіл біліміндегі лексикалық семантика мәселесі Баяндама. Слайд дайындау. 12 апта 1 сағат
Социолингвистика: бағыттары мен салалары Конспект. Слайд дайындау. 13 апта 1 сағат
Тілтанымдағы ұлттық корпустық лингвистикасын қалыптастыру мәселесі Баяндама. Слайд дайындау. 14 апта 1 сағат
Тіл біліміндегі жаңа парадигмалар және оны зерттеу әдістемесі Баяндама. Слайд дайындау. 15 апта 1 сағат

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ

Өздік жұмыс тақырыбы және тапсырмалар мазмұны Бақылау формасы Мерзімі Бағалануы
  Лингвистикалық семиотика ғылымының қалыптасуы және дамуы   Слайд 1- апта 1 сағат 2 балл  
    В. Гумбольдттың “О различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода” атты еңбегіне талдау жасау.   Конспект   2 – апта 1 сағат 2 балл
Компьютерлік лингвистика және қазақ тіл білімі Слайд 3 - апта 1 сағат 2 балл
Психолингвистика ғылымының қазіргі қазақ тіл ғылымында зерттелуі. Сөйлеу әрекеті теориясы Слайд 4 - апта 1 сағат 2 балл
Қазақ тіл ғылымындағы лексикалық семантика мәселесі Баяндама 5 - апта 1 сағат 2 балл
Когнитивті лингвистика және қазақ тіл білімі Баяндама 6 - апта 1 сағат 2 балл
  Конспект 7 - апта 1 сағат 2 балл
А.Байтұрсынов және жалпы тіл білімі мәселелері Тезис. Слайд 8 – апта 1 сағат 2 балл
Н.Хомскийдің “Язык и мышление”, “Аспекты теории синтаксиса” атты еңбектеріне лингвистикалық талдау жүргізу   Тезис 9 - апта 1 сағат 2 балл
Қ.Жұбанов және жалпы тіл білімі мәселелері Конспект. 10 -апта 1 сағат 2 балл  
С.Аманжолов және жалпы тіл білімі мәселелері Конспект 11 -апта 1 сағат 2 балл  
К.Аханов және жалпы тіл білімі мәселелері Конспект 12 -апта 1 сағат 2 балл  
Л.В.Щерба еңбектеріне (таңдау бойынша) лингвистикалық талдау жүргізу   Слайд 13- апта 1 сағат 2 балл  
Ф. де Соссюрдің “Курс общей лингвистики” атты еңбегіне лингвистикалық талдау жасау   Слайд 14- апта 1 сағат 2 балл  
Ә.Қайдар және түрік тіл білімі мәселелері. Р.Сыздық және жалпы тіл білімі мәселелері Слайд 15 -апта 1 сағат 2 балл  

 

«Сулейман Демирель атындағы университет» мекемесі

Филология және педагогикалық ғылымдар факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

 

«БЕКІТЕМІН»

Филология факультетінің деканы,

п.ғ.к., доцент

Гаипов Д.Э.

_____________________

«_____» ________ 2014 ж.