МОДУЛЬ II

4.Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа әдебиеті.

Орта ғасырлар – эллиндік- классикалық мәдениеттің қүлдырау шегіне жетіп,ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, үзаққа созылған біртүтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы- «романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени д дәстүрлері болып саналады.

Олар қүқық, ғылым мен өнер,философия, жоғары құқықтық мәдениет,христиан діні және т.б.Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде терендей түсіп,Батыс Еуропаның пүтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты.Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді.Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды.Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды,яғни v- ғасырдан бастап xv ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған.Итальян гуманистері бүл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қалданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол біртарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мағынасын жойған жоқ.. Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен түрады.Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі»- дәуір бастаунан басталып-x-xi-ғасырға дейін созылады; екінші,Жоғарғы (классикалық ) кезең- xi-xivғғ.; ал

үшінші, «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі» - XIV- XVғғ. Аралықтарын қамтиды. Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі- мәдениеттің діннің ықпалында болуында,яғни христиан діні мен христиан щіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында.Рим империясы қүлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда,діні шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды.Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті.Бүл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни- уағыздардың басты қағидалары- сенім-белгілері қабылдана бастады.Шіркеу ілімі қоғамдық ой- сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалау бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V-VI ғғ.Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу биілігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жүмыстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. XI-XII ғғ. Бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми- зерттеу жұмыстарының орталығында айнала басты. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті ашылды. Англияда Оксфорд университеті,ал одан кейінКембридж университеті- ортағасырлық білім ордаларына айналды.Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.Орта ғасырлық университеттік ғылымды –схоластика,яғни мектептік ғылым деп атады.

Оның негізгі белгілері- шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық – догматтық алғышарттарды рационалдық принциптермен біріктіру, формалдық- логикалық мәселелерге қызығушылық және танамнаң негізгі әдісі ретінде тәжіребенің рөлін бағалу болды.

Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі- әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды.Мұндай мәдени қүбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды.

.Ел арасына кең тараған ағылшын- саксондық қаһармандық эпостардың бірі -700 ж. Шамасында жазылған «Беовульф» поэмасы болды.Маман-ғалымдардің пікірінше,бұл дәуірдегі Батыс Еуропалық әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтын поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі- құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын- «Старшая Эдда» эпосы. Бүл баға жетпес әдеби туынды XII ғ. бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған.

Бұд тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады.Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра- француздардың халықтық эпосы «Роланд туралы жыр».Бұл поэмасында император корольді немере інісі граф Роландтың Ронсельвальдың үстірттегі маврлармен соғыста қаза тапқаны туралы,Роландтың өгей әкесі Ганелонның сатқындығы және әйгілі корольдің Роланд үшін кек алуы туралы және он екі пәр туралы жазылған.Роланд туралы аңыздың идеялық ойы мәттінің тарихи фактілермен дәлме дәл келтірілуі.Роланд туралы поэмасында түпкі негізінде крестік(крестовый) басушылық идеясы кірген,бірақ көне және кішірейтілген түрінде.Мұнда испандық христиандагға көмек көрсету және мавларды испандарға ығыстырылуы көрсетілген.Роланд туралы ән мазмұны тек халықтық религиоздық идеямен ғана келтірілмейді.Мұнда 10-11 ғасыр феодалізіміне тән сауалдық-саяси қарама-қайшылықтар көрсетілген, француз армиясы ұятқа қалмай керісінше үлкен даңққа ие болды.Роланд бұл поэмада- батыр,ол ұшін Франциядан басқа ешнәрсе жоқ.Бұл көрініс оны халық батыры,әрі адамға жақын деп көрсетеді.

XII-XIII ғ. неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы- «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді.Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда Vғ. Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары- уақиғаның негізгі арқауы болған.Алайда,жалтырыған рыцарлық өмір суреттері- жырдың тек «сыртқы келбеті» ғана, жырдың «пердесінің» артында аянышты оқиғалар да кездеседі. «Нибелунгтар туралы жырды» жақсы түсіну үшін шығарма сюжетін сол кездегі уақыт деңгейінде қабылдау қажет.Әр эпизодтар арасында көп уақыт өткеніне қарамай, жырдағы оқиғалар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да дами бастады.Германияда лирикалық поэзияның окілдері саналған миннезинглер ( жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық (сарай манындағы) поэзия»- француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды.

Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйтісіне жан- тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп- қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары- Бертран де Борн,Джауфре Рюдель және т.б. болды.

XII-XIII ғ.француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі «ваганттар поэзиясы» болды.Ваганттар деп ( латынша «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған.Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі- вагант ақындардың католик шеркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық іс- әрекетін әділ сынның қыспағына алуы болып саналады.Олар көргенсіздік,екіжұзділік,білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады.Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын- сүргіне ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясынын аса құнды шығармаларының бірі болып саналады.

XIII ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робинн Гуд жайындағы балладалар.Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежұзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы- ағылшын әдебиетінің бет- бейнесін айқын аңғартады.Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар,соннеттер басым болып келеді.XII ғ. ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатты дәріптейтін соны бағыт- «жаңа әдемілік стиль» пайда болады.Бұл стильдің негізін салушы- болондық ақын Гвидо Гвиницелли болды.Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады.Оның көрнекті өкілдері- Чекко Анджольери,Гвидо Орланди және т.б. Олардың шығармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті түрмыс- тіршілігі реалистік түрғыдан көрініс тапты.Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.

5. Қайта өрклеу дәуірінің әдебиеті. Данте ақынның творчествосы.

Қайта өркендеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет- XIVғ. – XVIғ. Еуропада,оның ішінде Италияда қалыптасты.Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.Түнғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мұмкіндік алды.Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды.

«Қайта жаңғыру» термині осы дәуірдің белгілі суретшісі,сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари өзінің «Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев6ваятелей и зодчих» деген еңбегінде алғаш рет қолданған.Демек, бұл терминнің мағынасы- көне заман мәдениеттің жаңғырту болып табылады.Ал одан кейін,дәлірек айтқанда, XVIII ғ. бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыру және гуманизм дәуірі деп сипатталады.XIV-XVғғ. Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқан, өйткені тұңғыш рет «адам» табиғаты, «адамгершілік» деген ұғымдардыенгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болған.Тереңірек үніліп қарайтын болсақ, «гуманизм» латынның «адамгершілік» деген сөзінен шыққан(гомо- «адам» деген ұғымды білдіреді).Бұл терминді «жаңа адамдар» -(гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бұкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады.

Олай болса,Қайта өркендеу заманның басты жаңалығы- ғасырларқойнауна көз жұгіртіп,өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады.Белгілі ғалым- гуманист Леонардо Бруни «гуманизмді» адамның өмірі мен әдет-ғұрып,салт- дәстурлеріне қатысты дүниелерді танып- білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке,ізгілікке баулитын жағдайлардығылыми түрғыдан зерттеп білу деп түсінеді.Оған: поэзия, грамматика,риторика,тарих,философия,музыка және т.б. жатқызды.

Сөйтіп, көне мәдениет қүндылықтарын игеруде басты рольді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептеледі.Бұл кезеңде қоғамды мәдени түрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді,рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процессі басталады.Қоғамда алатын орнына,қызмет дәрежесіне,байлығына,тіпті тұрмыс-тіршілігінің әр түрлігіне қарамастан оларды ортақ мақсат біріктірген болатын.Қайта өркендеу мәдениетінің өзіндік сипаты,олар: гуманизм,антроцентризм,орта ғасырлық христиандық дәстурлерді нәрлендіру,көне мәденимұраларды қайта жаңғырту(философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.

Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді,өйткені бұл өзгерістер заман ағымына,дәуір тынысына тікелей тәуелді боғаны ақиқат.

Қайта жаңғыру мәдениетті төрт кезеңге бөлінеді.Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс»(қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады.Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIIIғ.дученто,XIVғ.- треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды.Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстурлері,оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең- XV ғасыр,яғни «Бастапқы Қайта өркендеу дәуірі»( Кватроченто).Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын – «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атаймыз.Бұл дәуір XVIғасырды қамтиды.

Қайта өркендеу мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды.Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан- жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар- намысын,абройын қоғау- басты орынға қойылды.Мине,сондықтан да болар,шынайы гуманизм адамның бостандық алуға,бақытты болуға,өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады,адамдар арасындағы қарым- қатынаста теңдік,әділдік,адамдысүю және адамгершілік принциптерін жақтады.Ерекше атап өтетін бір жайт,Қайта өркендеу заманының гуманизмі адамда дін бұғауынан босатуға бағытталды,яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды.Ендеше,бұл дәуірдің гуманистік идеялары- рухани төнкерістің негізі болды,ал өз кезегінде бұл төнкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропаның мәдениеттің қалыптасу процессімен тығыз байланысты болды.Қайта жаңғыру мәдениетінің ошағы болған- Флоренцияның мерейі ұстем болды.Қайта өркендеу дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген,сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің әсемдігін,адамның жан- дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлғалар болды.Солардың бірі- өнер алыбы Леонардо да Винчи.Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің,мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған.Ол- әрі мүсінші,әрі суретші,әрі математик,әрі инженер,әрі философ,әрі физик,әрі ақын т.б. болған

Дүниені дүр сілкіндірген,бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу- маржаны болып отырған «Мона Лиза- Джоконда» туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таң қалдырып келеді. Леонардо «Джоконданы» салуда ұзақ еңбектенді,қажымай- талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды.Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да,оның бірде-бірін мыңмен айырбастауға болмайды,бәлкім оның қаламының құдреті де осында болар бөлімнен ( «Тамұқ», «Ғарасат майданы», «Ұжмақ») тұрады. «Құдіретті комедия» қимыл-қарекет бүкіл ғаламды қамтиды.Уақиға күнәкәр мекендеген жер үстіндегі сұрқай орманнан басталады да,басқа дүниеге,жаһаннамға аусады.Кезбе пенде алдымен тамұққа түсіп,одан соң болек,қарама-қарсы жарты шардағы жер үстіне шығып,ғарасат тауына көтеріледі де,жер үсті ұжмағында болып,ақыры,құдайдың кұдіретімен,ғарышқа ұшып,ұжмаққа,құдіретің мекеніне жетеді. Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі- Рафаэль Санти нағыз кемелді шағында- 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мәңгілік өшпес мұра қалдырды.Оның атақты туындысы- «Сикст мадоннасы» Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға сондай қасиетті дүние.Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Конестабиле құдай- ана», «Парнас» және басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.

Адамзат қоғамына мәнгілік рухани азық болған шығармалардың авторы,тасқа тіл бітірген теңдесі жоқ мүсінші,тамаша қыл қалам шебері, сәулет өнерінің сарбазы,өнердің қай саласының болсын майталманы- атақты Микеланджело еді. «Давид» мүсіні дүниеге келген күн- Италияда ұлттық мейрам болып жарияланды, бұл өнер туындысына,жалпы өнер атаулыға деген халықтың асқан құрметі болатын.

Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды.Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі- құдай деп саналса,ендігі жерде адам құдай дәрежесіне көтеріліп,мадақталды.

Әлем әдебиетінің жарық жұлдызы- Данте Алигьери Италияның Флоренция қаласында дүниеге келген.Озінің туған қаласынан қуғындалған ол,Италияны кезе жүріп,тағдырының қиын- қыспақ кезеңінде,отыз бес жасында, «Құдретті комедиясын» жазуға кіріседі.Әлемдік жылдың тәңірісі саналған бұл шығармасын Данте өзі «Комедия» деп атаған.Бертін келе ұрпақтары,оның өмірін зерттеушілер «Құдіретті» деген сөзді қосып,ғаламат дастан «Құдіретті комедия» деген атпен ғасырлардан ғасырға өзінің шеруін тартуда.Датан ұш

. Дантенің түсінігі бойынша,жер – бүкіл ғаламның кіндігі,қозмалмайтын шар іспеттес.Бүкіл аспан әлемі,күн де,жұлдыздар да,белгілі шеңбермен жерді айналады.Бүкіл космос басталуы да,аяқталуы да жоқ құдай тұрған шетсіз де шексіз қиялмен көмкерілген

«Тамұқтын» бірінші жыры «Құдіретті комедияның» прологы.Онда бүкіл шығарманың өрісі тартылып,ойға алғанын анықтайтын салыстырмалы жалпы символика кеңінен айқындалады.Яғни:

«Бұл фәниде жарты өмәрді жасадым да,әрі астым,

Әрі астым да,қара орманға қапелімді жанастым

Ойпаттағы опа көрген оң жолымнан адастым.

Ежелгі оның қорқынышын есте тұтып келемін,

Үрей бұққан тағы орманды тажалдайын көремін

Қандай еді ол,пәруәрдігер,қалай айтып беремін!»

Данте тыныштық,бірлік деп тамаша мемлекет орнатуға апаратын бірден-бір бастаманы есептейді. «Комедияда» діні және этикалық-саяси салыстырма(символика) қатар өрбиді. Италия әрі Флоренция (Дантенің отаны) тағы орманға айналған құм- шағыл іспеттес.

Адасып апат болудың символы- сұрқай даладағы жабайы орманға қарама- қарсы шығып келе жатқан күн сәулесімен шағылысқан төбенің етегіне Дантенің көтеріліу суреттеледі. Бұл- қорғанышқа бастайтын жол. Данте (яғни адасқан жолаушы- күнәкар адамзат) дереу соған қарай ұмтылады.

Үш жыртқыш аң.Бұлар қорғаныш төбесіне апаратын Дантенің жолын бөгеп,артта қалған күнә толы алқапқа шегіндіреді. Бұл үш түрлі зұлымдықтың теңеуі: сілеусін- құмарпаз; арыстан- менмендік; қаншық бөрі-ашкөз,қанағатсыздық.. Августин күнәға итермелейтін құмарпаздықтың түрлерін былай бөлген-ді: 1.Тән зинахорлығы; 2.Көзі тоймаушылық,әрі қанағатсыз пайдакүнемдік; 3.Атаққұмар,билікке әуестік. Данте мұны мүлде өзгерткен.Данте,мысалы,сезім(сүю) құмарлығын сопылықтан безіну деп есептейді; менмендік,атаққұмарлықты да оншама қатал айыптамайды,себебі,екеуінің де қоғамдық қызметтегі бағасын төмендеткісі келмейді. Тіпті әуесқойлықты да құмарпаздық қылмыс деп қарамайды,өйткені ол білуге ынтықтық деген сөз ғой. Алайда,Данте нағыз қаупті күнәға қанағатсыздық,ашкөздік,пайда күнемдікті жатқызады.Қаншық бөрінің бейнесі- құмарпаздықтың ішіндегі ең кеселдісі.Бұл- «аранды» тағы,- «тыныштықтан жұрдай тағы»,ал «тыныштық» Данте үшін- ең ұлы рахат.Қаншық бөрінің кебін қию дегеніміз,яғни адамның «хайуандық» қалыпқа түсіп, «хайуандық» топастықта қалу деген сөз. Қаншық бөрі- ғаламдағы зұлымдықты арқалаушы.Оның образы Дантенің саяси символикасына енеді.Қанағатсыздық адам мәдениетінің быт-шытын шығарады. Өз дәуіріндегі үстемдік алған қанағатсыздықтың билігіне,Данте тамаша қоғамдық құрылыстың рухани жетілгендігін,оның ұлы рахаттарының жиынтығын қарсы қояды.

Вергилидің келуі- парасаттың символы.Дантенің айтуы бойынша күнәнің көзі- құмарпаздықта.Одан қорғану- білім мен тануда,түсінуде,Дантенің негізгі пайымдау осындай.Ғылым – ігілікке апаратын жалдың алғашқы баспалдағы. «Құдіретті комедиядағы» Беатриче наным,білімнің ең жоғарғы сатысы мен адамзатты қорғаудың бейнесі. Уақытша және мәңгілік екі жақты даналық Дантенің екі жетекшісі арқылы айқындалады,олар Вернилий мен Беатриче Дантенің ұғымында наным мен білім,дін мен ғылым,құдайтану ғылымы мен философия,аспан мен жер астарласып,қауышып кеткен. Вергилий Дантеге алда не күтіп тұрғанын түсіндіреді.Беатриче –Данте творчествосындағы негізгі тұлға. Беатриченің өңін өзгерткіш образы Дантенің ішкі дүниесінің түйсігімен кезеңдес.Биік рухты Беатриче адамдық ақыл- парасаттың бейнесі Вергилиймен тығыз байланысты. «Тамұқтың» екінші жырында Беатриче –махаббат,мұндас Дантемен ол ғарасат тауының шыңында,жер үсті ұжмағында кездескенде,Беатриче Дантеге өткерген күнәсі үшін құдайға мінәжат етіп, жығылуын қатан талап еткен-ді, бірақ осының өзі де Дантенің жаны үшін үлкен игілік іспеттес еді,демек махаббат тағы да алға жетелеген.

Махаббат,Данте үшін ғарыштық негізгі заң- «Махаббат жалғанның жарығы мен күнді қоғаушы күш».

Данте азап шеккендерді жанымен аяп кетеді.Алайда,құдайтағала күнәкар деп тауып,жазасын тартқандар үшін қуану керек деп уағыздыйды дін. Мәңгілік тозаққа түскендерді әзер қараған Данте,оларға өзінің аянышын жасыра алмаған.

Данте,Франческо Петрарка және Джованни Боккаччо Қайта өрлеу дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды.

Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі «Декамеронның» авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары- дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.

 

6.Испаниядағы Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Сервантес.

Испанияда Қайта Жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ , өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.Жаңғыру дәуірінің қарсаңында Испанияда ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде елдің ұлттық бірігіу жүзеге асырылды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испандықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталған-ды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрыдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша әдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы,мәңгі өшпес туынды- «Дон Кихоттың» авторы Мигель Сервантес пен «История жизни пройдохи» деп аталатын әйгілі романның авторы,жазушы-сыншы Франческо де Кеведо одан әрі жалғастырды.

Мигель Сервантес де Сааведранің (1547- 1616 ) өмірі қиын болған.Ол кедейленіп қалған бай отбасынан шыққан .Сервантес жақсы гуманитарлық білім алғанмен,ол білімі мен талабын қоғамда қолдана олмады. Оған себеп: әскери парызын өтеуі, Алжирдағы тұтқында болуы және ақырында салықжинаушы болып істеген қызметі.Осы қызметінде біреудің кесірінен абақтыға түсуі.

Сервантес жазушылар қатарына жатқанымен,ол өз шығармаларынадеген мойындауларды көзі тірісінде ала алмады.Сервантес әдебиетпен ерте айналысқанмен де,ол өзінің нағыз шарықтау шегін жасы ұлғайған шақта сезді. Ол осы кезде «Қарапайым тілдегі новелла» атты повесті,халықтың өмірі туралы жазылған «Интермедия» шығармасы және ең танымал- «Дон Кихот» романы.Бұл эпопея қайғылы кейіптегі жауынгер мен оның жан досы,әрі қару асынған Санчо Панса туралы.

«Дон Кихот» романының басты кейіпкері кедейленген ақсүйек Авансо Кихано мен күлдіргіш шаруа Санчо Пансо - әлі күнге дейін дүниежұзілік оқырмандарды қызықтыруда. Бұл романдағы екі кейіпкер Ипснияның сол кездегі қарама-қайшылықтарын салдаған. Алонсо Кихано жауынгерлер туралы шығармаларды көп оқып,өзіне жауынгерлік ат- Дон Кихот Ламаннчский деп қояды да,оған кейіннен қайғылы жауынгер деген ат қосылады. Ол рыцарлық шығармадағы сияқты алыс жол сапарларына аттанады.

Әрбір оқиға рыцарлердің қиялы және нақты өмірдегі қарама- қайшылықтарды аша түседі. Осы арада оның диқанмен,қойлармен,қуыршақ театрмен байланысты оқиғаларын айтуға болады. Дон Кихоттың іс-қимылдары күлкі,кейде аяушылық туғызады.Бірақ оның кейбір тұжырымдарында халыққа деген шынайы махаббатты байқауға болады.Дон Кихот арқылы Сервантес демократиялық идеяларын жеткізді.Ол: «Құдай мен табиғатеркін етіп жаратқан бүкіл адамзатты құлдыққа салу- қатыгездік.Және көзі ашық адамдардың өз туыстарының малын бағу- әділетсіздік !»-деп санаған.Ол өзінің сөз шеберлігін бостандық үшін айтқан. «Бостандық,Санчо,-дейді ол,- Дүниеде ең қымбат сый.Осы аспан адамдарға төгеді.Бостандық үшін,ар- ұятпен бірдей адамдар өз өмірлерін қия алады». Өмірді түсіне білу және оған деген махаббат Санчоның шаруалар ортасында өмір сүрумен байланысты.

Жауынгер мен оның қаруласы қиялі өмірден бірден шыға алмайды.Олартек қайғылы,әрі күлкілі және кейбір келеңсіз жағдайлардан кейін көздері ашылады.

Роман Дон Кихоттың ұйіне оралуымен және оның рыцарлық романдарға өлім жазасын беруімен аяқталады. «Дон Кихот» романы дүние жүзінің әйгілі шығармаларының қатарынан орын алады.Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы,Шекспир мен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега.

Лопе де Веганың шағырмашылығына тәнті болған замандастары оны « табиғат кереметі» деп атайды.Ол сол кезеңде Испан ұлттық театрының өркендеуіне үлкен үлес қосты.Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы Испан феодалдық-абсолюттік қиын қыстау кезеңімен тура келеді.XVI ғасырдың екінші жартысына ойыса беріп Испания жағдайы мүшкілдене түседі. Тереңдеп кеткен экономикалық құлдырау мемлекеттің өңдіріс күштерін ұзақ мерзімге алға басуын тежеп отырды.Феодалдық система мен диктатурлық жүйедегі католиктік шіркеу,бюрократиялық лауазымдар тұтастай XVII ғасыр бойына Испанияны отқа орады. Лопе де Вега көпнесе тарихи дүниелерге қалам тартады.Ол сонау заманғы тарихи оқиғаларды насихаттап, халықтын көзін ашуды мақсат тұтады. Шығармаларында өз елін қорғау немесе феодалдық озбырлыққа халық көтерілісін сипаттайды. Осындай тарихи драмалық шығаррманың бірі – «Фуэнте Овехуна».Шығарма барысында бүкіл оқиғалар желісі Кордова қаласының манындағы «Фуэнте Овехуна» атты кішкене аймақта өрбейді.Онда төменгі тап өкілдері мен аристократтар арасындағы қақтығыстар көрініс табады.Сонымен қатар,махаббат тақырыбы да қалыс қалмайды. «Фуэнте Овехуна» бір ғана адамның басындағы емес,тұтас бір халықтың басындағы ауыртпалық айтылады.Адам құқығын балағаттау мен жабайы- анайы әрекеттер кең етек жайады.Шығармада қаншама қасірет жатса да,бір де бір қайғы,мұң-зар,күніренген дауыс есмейміз

Әділіттіліктін,жақсылықтын,әдемеліктін түбі жеңіспен аяқталатынын дәлелдей түскісі келгендей.Оптимистік сенімін мығымдай түсіп,басқаша болуы мүмкін де емес дегенге саяды.

Францияда гуманистік қозғалыс тек XVI ғ. басында ғана етек алды.Француз гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды.Ол өзінің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды.Рабле жаңа қоғам бейнесін жасады

.Оның түрғындары ғылымға бас июші- баурластар,мұнда екіжұзділерге, опасыздарға және т.б.орын жоқ. Француз мәдениетінің ірі өкілі,аса корнекті гуманист,әрі ойшыл Мишель де Монтень болды.

Оның басты шығармасы- «Тәжірибелерде» философиялық, тарихи, этикалық мәселелер көтерілді. Бұл еңбек схоластика мен догматизмге қарсы бағытталып, рационализм идеялары насихатталды,сондықтан да болар бұл еңбек бүкіл Батыс Еуропалық ақыл-ойдың дамуына орасан зор ықпал жасады

7.Англиядағы Қайта өрлеуі дәуірінің әдебиеті. Шекспир творчествосы.

Англияда гуманистік идеялардың орталығы- Оксфорд университетінде өз заманының қатарлы ғалымдары- Гросин, Линакр,Колет және т.б. жемісті еңбек етті.Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы Томас Мордың есімімен тығыз байланысты болды.XVI ғ. бірінші жартысында көркем әдебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. XVI ғ. Лондонда байлар үйлеріндегі жеке меншік театрларды есептемегенде тоғыз театр жұмыс істеді.Солардың ішіндегі ең ірісі- «Глобус» театры- ағылшын халқының ұлы драматургы,ағылшын Ренессансының алыбы- Вильям Шекспирдің шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Ерекше атап өтетін бір жайт, ағылшын театрларына барлық сословиенің өкілдері- ақсүектер де, шенеуніктер де, копестер де,жұмысшылар мен шаруалар да, қолөнершілер де бара алатын, сондықтан да болар, театр өнерінің өрге басуы, оның демократиялық сипаты- ағылшын қоғамындағы демократиялық жүйенің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Шекспирдың шығармашылығы гуманистік иеяларға толы болды.

Ағылшынңың әлемге аты әйгілі драматургі,әрі ақыны Вильям Шекспир 1564 ж.23 апрельде Эвон өзені бойындағы Стретфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген.Шекспирдың зерттеушілері оның шығармаларының сипатына байланысты жэне автордың дүниетану өзгерісіне қарай;творчествосың 3 кезеңге бөледі:

1. 1590-1600 ж.оптимистік көніл күймен жазылған комедиялар; өмір сұйетін сипатымен ерекшеленеді.М.М. Бахтинның айтыунша: «Шекспировский смех- последний мощный раскат народной смеховой культуры».

2. 1600-1609 ж.Осы жылдары оның шығармаларында адамның сана-сезімінің қаранғы жақтары, адам арасындығы жағымсыз жағжайлар әшкереленеді; негізгі мотивтер – сатқындық, жақсылықты білмеушілік,қатандық- «Гамлет»,

«Король Лир», «Макбет» және т.б.

3. 1609-1612 ж. жазылған шығармалары «Зимняя сказка», «Буря».Сонымен Шекспир 36 пьеса, 154 сонет жазған.Шекспирдың өмірі түралы документпен дәлелденгені өте аз,көбінесе фактылар жанама күәлікпен әлде кеш шыққан әнгімелермен белгіленеді, кейде ол шұбәлі болып шығады.Осыдан «шекспировский вопрос» деген проблема қалыптасады.

Шекспирдың «Гамлет» трагедиясының жанры, кектің созылуының және кейін қалуы әр түрлі жағдайларға байланысты болды.Бұл оқырмандардың пьесаның оқиғасына қызығушылығын арттырды.Алайда,Гамлеттің монологтары, оны қоршаған ортасы жасқаншақ санағанмен, әлсіз санамайтындығын растайтындай.

Керсінше, принцтің өзін-өзі жазғыруына емес, корольдің одан қауіптенуіне сену керек. Гамлет кегін кейінге қалтыруы және қаскүнемдерің ұсыну мәтіндері күдік туғызады. Олда өзінше шарттылық, өйткені кейіпкер өзінің қылықтарын қалайда болса түсіндіру қажет қой. Бірақ оның түсініктеріне көп көніл бөлмеу керек. Өйткені оның көзқарасында ешқандай мағына жоқ. Шекспирдің Гамлеті бір жағынан өзін қарақшыларға, екінші жағынан басыбайлы шаруамен теңейді.

 

Бұл сөгіс сөздердің мағынасы Шекспир уақытында да өшкен жоқ. Принц өзін осылайша сөгістеу, оның социалдық пирамиданың шыңынан тұғырына дейін құлауының маңызын түсінгендігін көрсетпекші болды. «Гамлет» трагедиясының оқиғасы Клавдий мен Гамлет арасында өрбиді.

Бірақ осы екі кейіпкердің өзара шиеленісуі трагедияның ең басты тақырыбы емес.Шекспирге дейінгі трагедиялар осымен шектелетін. Трагедиядағы тартыс, кім-кімді алдап соғып және құртатындығы – король-жаузбен принц- кек алушы жайлы. Гамлет кек алуға асықпайтындығына сыртқы жағдайлар емес, ішкі дүниесінің себептеріне байланысты. Сонымен қатар, Гамлет кек алумен ғана шектелмей «Қырсығынан арылтам деп алдымды /Қырқысуға барам да!»,- деп тағы бір мақсат қосады.Шиеленісуден бүкіл қоғам, нақтылай айтқанда, мемлекет азап шегеді.Корольдің қайтыс болуы бүкіл мемлекет механизмнің ыдырауына әкеліп соғатынын, Розенкранц айтып өткен.

Трагедияда,бүкіл елдің және әлемнәң, адамдардың жан-дүниесін билеп алған- жауыздық..Оны тек қана Клавдий емес,Гертруда да және басқа кейіпкерлері де жұқтырған.

Нағыз шиеленісу, кейіпкерлердің қарсы тұруымен бітпейді. Сыртқы шиеленісу, негізгі адам құндылығы: махаббаттың,достықтың,сенгендіктің жалпы шиеленісуіне айналады.Ол Гамлеттің ішкі- лүниесінде болып жатқан тартыста ашылады.

Трагедияның мәні Гамлеттің нақ рухани абыржуы гуманизмдік дағдырыстың санасында бейнеленуі.

Гамлет өзінің тұлғасының толық еместігін және ішкі араздықтарын жақсы түсінеді. Гамлеттің өмірі мен өлімі, трагедияның басынан аяғына дейін адамгершіліктен айырылмай, жауздықбен ауратын әлемде қараланбай таза болып кетуі қиын.Гамлет, ұлы істің ақталуы мен зардаптарын болжауы үшін құбылады.

Гамлеттің өмірі,әсіресе, антикалық және ренессанстық уақыттың көзқарасына жақын келеді. Көрнекті адамның барлық қабілеттілігі жауздықпен қылмыстың мәселелерін тануға және ерлік істерімен дүниені жақсартуға бағытталған болу керек.Шекспирдың шығармашылығы гуманистік идеяларға толы болды. Оның қыл қаламынан шыққан «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь»,»Асауға тұсау», «Ричард III» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды.Жалпы алғанда,Жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдың атымен тығыз байланысты. Ол театр саласындағы реалистік ағымның жаршысы болды. Дүние жүзіндегі баолық театрлар Шекспир мектебінен өтті, ал бұл тамаша дәстүр бүгінгі заманда одан әрі жалғасуда.Жаңа тарихи жағдайда театр әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің тынысын жан- жақты беруге талпыныс жасады. Театрлар қойылымдарында, әсірісе Шекспир қойылымдарында этикалық кең құлаш байқалды,әлеуметтік сатира мен өмірлік реализм басты орынға шыға бастады. Ең бастысы- бұл қойылымдарда халықтық рух басым болды.

МОДУЛЬ III .Шетел әдебиет тарихы-XVII-XVIII ғғ.

8.Абсолютизм дәуірінің әдебиеті.Классицизм. Корнель творчествосы.

Батыс Еуропа елдері үшін XVII ғ.- капитализмнің қалыптасу кезеңі,ал жаңа қоғамдық қарым- қатынастар XV-XVIғғ. Ұлы географиялық ашуларға, капиталистік елдердің отаршылдық саясатына тікелей байланысты болды.

Осы тарихи кезеңде жаңа ұлттық қарым- қатыныстар қалыптасып,ұлттық мемлекеттер құрылып, жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол ашылды.Абсолютизм нақтылы ғылымді қолдады.Бұл жөнінде философ Рене Декарт- идеал болды, оның есеп заңы және абсолютизм идеологиясы сәйкес келді.

Термин классицизм (үлгілі деген мағнаны береді)- дағдылы бағыт, өнердің әдісімен стилі.Классицизмнің философиялық түбірі- ой, саяси негізі- абсолютизм; классицистардың өнерінің мақсаты- ақиқат танымы, ақиқаттың түсінігі- ол әдеміліктің идеалы.Классицизмнің эстетикасынды үш негізгі категориясы бар: сана,үлгі, талғам. Классицимге тән дуализм- дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын,тең праволы екі нәрседен- рухтан және материядан басталады деп танып,материализм мен идеализмді ұйлестіруге тырысатын ағым: диалектикалық материализм дуализмды теріс деп таниды.Бұл екі жақтық адам гармониясына бөгет жасаған, қоғам ақиқатына жеке ойды бағындырған, шек қойған. Парасат борышты керек қылған, сана-сезім –қүмарлықты.Бұл мәнгі конфликтерің түдырыды,Корнель мен Расин трагедияларында сүреттелген.

Корнель 1606 ж.Руан қаласында дүниеге келді. Корнель иезуиттік мектепте оқып,құқықты оқиды, адвокат болады.Бірақ та,ол поэзияға жақын еді. Шығармашылық жұмысын өлендермен бастайды.

Одан кейін,комедияға бет бұрып, театр ортасына белгілі бола бастайды.Шығармашылығы да құбылмалы, тұрақсыз еді. «Комическая иллюзия» атты комедиясынан кейін, ұлы «Сид» трагикомедиясын дүниеге алып келді.1637 ж. Жарық көрген бұл шығармасы француз халқының мақтанышы, өз замандастарынын таң қалдырған трагикомедия.Бірақ та бұл шығарма құдретті кардинал Ришельеге ұнамады.Кардинал сұранысы, тапсырысы бойынша, Француз академиясы «Сид» трагикомедиясын сынауға кірісті.Осыдан әлем әдебиетінде үлкен «ұлы тартас» деген проблема туындады.Корнель өткен тарихтан драмалық кездерін алды, саяси және діни құрылыстың шайқасы мен тарихи көтерілістер, қозғалыстар кезіндегі халық өмірін суреттеді.Корнель өз шығармаларында тығыз, өткір саяси сұрақтарға жауап іздеді, XVII ғасыр драматургия арасынан саяси драматург ретінде белгілі болды. Шығармаларында римдіктердің саяси тарихы өте көп әрі жан жақтан суреттеледі. Корнельді Вольтер « француз арасындағы ежелгі римдік»- деп атаған еді.Корнельдің «Сид» трагедиясынвң басты кейіпкерлері классицизм теориясына сай корольдер мен тарихтың белгілі қайраткерлері. Драмалық қарсыластық: сезім мен ақыл, қарыз бен ар ұят, ұстамдылық пен құмарлық. Жеңіс ақыл мен азаматтық қарыз жағында.

Біріккен, орталықтанған Франция мемлекеті үшін қуатты, құдретті міңездер мен өзінің жеке басын қоғамдық қатынастар үшін құрбан ете алатын адамдар өте қажет болды.Корнель кейіпкерлері жоғары тұр, олардың сезімдері мен қайғы мұндары өмірдің нақ өзіндей.Бұл адамдар адамгершілік тұрғысынан сау, олар шайқасты ғана емес, адамның жүрегі де басқара алмайтын сезімді де жеңеді. Оларға үлкен сезім, осы сезімді жеңіп шығу тән. Француз драматургі испан батырына жайдан жай көніл аударған жоқ. Сид бейнесі, халық тудырғандай, ақынға әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.