Достарыма

Жиырма бестен артық жас бар ма, Ұйқыдан жаман қас бар ма? Еріншектен жаман нас бар ма, Ойлаңдаршы, ағалар, Шын жарыңнан артық дос бар ма? Шын жолдасың ондайда Жауға сені тастар ма? Айта салған бір сырым, Бірге жүрген достарға

17. Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов 1818 жылы Солтүстік Қазақстан өңірінде Баһрам батырдың отбасында дүниеге келген. Сегіз серінің шын аты – Мұхаммедқанапия. Әке-шешесінен ерте жетім қалған Сегіз сері атасы Шақшақ пен әкесінің інісі Жанат серінің тәрбиесінде өскен. Өзі білімді болған Шақшақ Сегіз серіні Омбы қаласындағы Сібір казак-орыс әскери училищесінеоқуға берген. Онда алты жыл оқыған Сегіз сері қазақ, шығыс, әдебиетініңүлгілерімен, қисса-дастандармен терең танысуға мүмкіндік алған. Сегіз сері«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының бір нұсқасын қағаз бетіне түсірген.

 

Сегіз серінің «Мақпал мен Сегіз» дастаны, «Ақбұлақ», «Гауһартас», «Өкініш», «Шомбал биге», «Не ғаріп?», «Үміт», «Қызғалдақ», «Еңлік», «Әйкен-ай»деген ән-өлеңдері бар.

 

Ақынның «Өкініш» өлеңі халық батыры Исатайды жоқтау түрінде шықса, «Шомбал биге» өлеңінде жағымсыз іс-әрекеттерімен халқына жақпаған би-манаптарды сынаған. «Не ғаріп?» деген терме-өлеңі адамның жасы, өмір мұраты туралы насихатқа, үлгіге құрылған.

 

Сегіз сері «Үміт», «Қызғалдақ» өлеңдерінде махаббаттты, шынайы сезімді жырлаған. Сегіз серінің бойындағы тағы бір ерекше қасиеті – балуандығы. Сегіз серіден қалған нақыл сөздер: «Өнерсіз өмір – бос өмір», «Тура айтқан тура қарайды», «Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді», т.б. Сегіз сері Баһрамұлы 1854 жылы қайтыс болған.

18. Кемпірбай Бөгенбайұлы (1834-1895), ақын, әнші. Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай сынды ақындармен айтысқан. Бұл айтыстар халық арасына кең тараған. Кемпірбайдің шығармалары «Таң» журналында (Семей, 1925, № 1), «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (А., 1931), айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965, 1988), «Бес ғасыр жырлайды» кітабында (1985, 1989) жарияланды. Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда келіп, өлеңмен көңілін сұрағаны, оған Кемпірбайдын қайтарған жауабы - көркемдік жағынан қазақ айтысының інжу-маржаны. Әсет қоштасу өлеңіне таңдау жасағанда, осыған баса назар аударған(«Әдебиет тарихы», А., 1991). «Өлерде өлеңмен, әнмен қоштасу - көбінесе ақындардың әдеті» - Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңіліне тығылып жүрген сырды ашады» деп, ұлы жазушы ол сырдың қандай сыр екеніне тоқтапған. Кемпірбайды бес жасынан бастап ақындықтың иесі -Дәуіт пайғамбар иектеп, ақындық өнерді дарытқан екен. Өлеңнің көкала үйрек секілді бөлек жаны, бөлек денесі бар. Сол сый енді ақынның кеудесінен ұшқалы жатыр. Арманы - осы қадірлі сыйдың ұрпағына қонбай, мұның әулетінен біржола жоғалып кетуі. Жалғыз арман, мұң - осы. Сөйтіп ұрпақ өнерсіз қалмақ. «Міне, коштаскан жерде жүректегі сырмен кеңіңде кетіп бара жатқан арманды айтқан жері» деп, зерттеуші қоштасу өлеңіне ғылыми сипаттама берген

19.Орынбай Бертағыұлы (1813, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдей елі, Дауқара ауылы – 1891, Аягөз) – айтыскер ақын, жырау, әнші, сазгер. Әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы ақын, жыршы болған. Ол. ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеум. мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ болыстыққа талас емес”), бақ-дәулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған”, “Өлген соң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ “Адамның жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. О-дың “Жазы биге”, “Шоң биге айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар. Ол Ш.Уәлиханов өмірден қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған (“Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты”). Ол. өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, Ақан Сері, Құлтума, т.б. ақындармен айтысқан. Поляк саяхатшысы А.Янушкевич О-дың Жанақ ақынмен Аягөзде өткен айтысын таңданыспен суреттесе (1846), тегеурінді дарын иесін Шал ақын “ақындардың төресі” атаған. “Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі” Ы.Алтынсарин құрастырған“Киргизская хрестоматия” (1879) оқулығында жарияланды. Ш.Уәлиханов “Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде” деген зерттеуінде ақын өлеңдерінің құрылымын, жүйесін талдады. В.В. Радлов (1870), Я.Я. Лютш (1888),С.Сейфуллин (1931), С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, т. б. зерттеушілер жоғары бағалап, шығармаларын жинап, жариялаған. Ақынның тағы басқа әлі баспа бетін көрмеген («Абайділдаға», «Төрде отырған төрелер», «Тұрлыбекке», «Түбекпен кездескенде», т. б.)әлең-толғаулары Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы. Орынбай ақын Өзбекістан, Иран елдерінде діни сопылық білім алған және Шөқан Уәлихановтын Сырымбет қыстаунда Шынғыс және Айғанымнын отбасыларынын кенесшісі болған Орынбай ақынын ұрпақтары қазырғы Көкшетау қаласы Красный Яр аулында турып жатыр.

20.Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады: Жаз

· Кел, балалар, оқылық.Қарлығаш

· Қарға мен түлкі

· Әй, достарым

· Әй, жігіттер

· Өзен

· Өнер - білім бар жұрттар

· Өсиет өлеңдер

· Әңгімелер

· Ізбасты

 

Кім сендерді балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын. Кім сендерді, балалар, тербететін,