Экологиялар пирамидалары

2. Экологиялық пирирамидалардың түрлері

Экологиялық пирамидалар – трофикалық тізбектің көрші

деңгейлеріндегі органикалық заттар немесе энергия көлемдері қатынастарын

графикалық түрде бейнелеу. Ол үшін ең алдымен берілген аймақтағы түрлі

организмдерді қоректену деңгейлері бойынша топтастырып, санын

есептейді.Мұндай санақтан соң жануарлардың санының екінші қоректену

деңгейінен келесіге өткенде бірте-бірте азайатындығы айқын көрінеді.Бірінші

қоректену деңгейіндегі өсімдіктердің саны да екінші деңгейді құрайтын

жануарлардың санынан жиі асып түседі. Мұны сандық пирамидалар

(Элтонның сандық пирамидасы) түрінде бейнелеуге болады.Сандар

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 26 беті

пирамидасы - әр түрлі трофикалық деңгейдегі ағзаладың санын көрсетеді.

Сандық пирамидаларды пайдаланумен байланысты туындайтын

қолайсыздықтардан әрбір қоректену деңгейіндегі организмдердің жиынтық

массасы (биомасса) есепке алынатын биомассалар пирамидасын құру жолымен

құтылуға болады. Биомассаны анықтауға жекелеген дарақтардың санын есепке

алу ғана емес, оларды өлшеу де кіреді, сондықтан бұл көп уақыт пен арнайы

жабдықтарды, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процес.

Массалар пирамидасы. Биомассалар пирамидасы - әр түрлі трофикалық

деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілер өте

ұсақ және консументтер ірі болғандықтан экожүйелерде соңғысының жалпы

массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады,

яғни биомасса пирамидасы керісінше болады.

Энергия пирамидасы – кезекті трофикалық деңгейдегі энергия ағынының

шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық

кезде жоғары қарай сүйірленеді.

Энергиялар пирамидасының артықшылықтары:

- Ол уақыттың белгілі бір сәтінде ағзалардың ағымдағы күйін ғана

сипаттайтын сан және биомасса пирамидаларынан айырмасы, ол

биомассаның өсу жылдамдығын көрсетеді. Энергия пирамидасының әр

бір сатысы белгілі бір нәрлену деңгейінен белгілі бір кезеңде өткен

энергия көлемін (алаң немесе көлем бірлігіне) бейнелейді;

- Екі түрдің бірдей биомассасы болса да оларда энергия көлемінің бірдей

болуы міндетті емес. Сондықтан биомассаға негізделген салыстырудың

жаңылыстыруы мүмкін;

- Энергия пирамидалары тек түрлі экожүйелерді ғана емес, сонымен бірге

бір экожүйенің ішіндегі популяциялардың біршама маңыздылығын

салыстыруға мүмкіндік береді;

- Энергия пирамидасының фундаментіне күн энергиясының түсуін

көрсететін тағы бір тікбұрышты қосып қоюға болады.

Энергия пирамидалары экологиялық пирмидалардың үш түрінің ең пайдалысы

болса да, оларды құрастыру үшін мәліметтер алу өте қиын, өйткені онда

биомассалар пирамидасын құрастырудағыдан гөрі тіпті көп өлшемдер талап

етіледі. Іс жүзінде энергия пирамидалары кейде биомасса пирамидаларынан

бұрын жүргізілген тәжірибелерге негізделген қайта есептеу жолымен

жеткілікті түрде нақтылықпен алынуы мүмкін.

Экожүйе арқылы өтетін энергия ағынын зерттеуге итермелейтін себептердің

бірі – бұл алынған білімдерді адамның қоректік және энергиялық

қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдана алу мүмкіндігі.

Нақты қоректік тізбектерге өсімдік текті тамақтағы энергияның

берілетін мөлшерін есептеуге және тасымалдануын бақылауға болады.

Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар

нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады.

Жалпы жағдайда трофтық құрылымды кезекті трофтық

деңгейлердегі уақыт бірлігіндегі аудан бірлігіне шаққан энергия

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 27 беті

шамасымен наықтауға болады. Оларды экологиялық пирамида түрінде

кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зерттеген Ч. Элтон (1927 ж.)

экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетті.

1. Сандар пирамидасы. (м2 /даралар саны) әртүрлі трофтық

деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік

тізбегінде, продуцент – ағаш, ал бірінші реттік консумент – бунақденелілер

болғанда, бірінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан

өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар