ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ –ДЕМЭКОЛОГИЯ.

Жоспар

1.Демография

2. Экологияда популяция дегеніміз

3. Популяцияның негізгі қасиеттері:

Демография(грек. Демос-халық) –халықтың құрылымын,құрамын, динамикасы мен

көбеюін (туу,өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Соңғы

жылдары демографияның жаңа бағыттары- экологиялық демография немесе

демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты

қалаптасып келеді. Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. Адамға жақын. Табиғаттағы

жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте ұсақ

жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салычтырғанда көп болады.

Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс

коррекция байқалады. Адамның ең жақын туыстарының , түрлерінің қазіргі кездегі саны-

соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. Жыл бұрын өмір

сүрген адам популяцияларының жалпы саны 100 мың болған, 30-20 мың жыл бұрын –

шамамен 5 млн. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп

отырды. Б.э.д. ІV мың жылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды. Б.э.д. 1000 жылы

300млн-ға жақындаған, 1500 жылға қарай 425 млн-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу

жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам .

Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы

экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін жердегі адамдардың санының артуы

гипербалалық сипатқа ие болды. Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан

бастап , салаыстырмалы өсім артпай отыр. Халық санының өсуі сызықтық өсімге

жақындады(жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн.адам). БҰҰ халық саны бойынша

қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін

сақталады да , адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді.

ХХ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс

деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың .-і сәйкес

келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға

артып отырды. 50-жылдары 53,3 млн. болса, 60-жылдарда -66,7 млн.,70-жылдарда – 70,3

млн., 80-жылдарда- 86,4 млн., адам. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше

факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын

өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық

және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала

өлімінің кемуі де қосылды 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу

коэффициенті - 24,6 % дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8 % болса , табиғи өсім

коэффициенті – 14,8 % құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда.

Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние

жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады.Әр түрлі елдер мен континенттердің халық

санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімі ірі

азиялық елдер - Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғарғы өсу жылдамдығы

Африка мен Латын Америкасында байқалған. (8-кесте).

Дүние жүзінің кейбір ірі елдері үшін халық санының жағдайы

мен өсуінің болжамы (млн. адам)

Елдер 1993 2025

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 18 беті

Қытай

Үндістан

Индонезия

Бразилия

Нигерия

Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4 % -ға дейін жетіп

отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік

Америка) демографиялық жаралас жағдайы ертерек – ХІХ ғасырда байқалған. Бұл

елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі

тән.

Популяция ұғымы.

Экологияда популяция дегеніміз– бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және

үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

Шварцтың берген анықтамасы бойынша :

Популяция- дегеніміз, бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын

тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің

ағзаларының элементарлық тобы.Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда « Populus» -

халық , тұрғындар деген мағына дереді.Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын

жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән,яғни популяциялардың белгілі бір

генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.

Популяцияның негізгі қасиеттері:

Даралардың кеңістікте таралуы.

Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың

кеңістікте орналасуына байланысты. Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте

таралуы әр түрлі болуы мүмкін . Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ,

бірқалыпты және топтық болып бөлінеді. Ағзалардың таралу типін білудің

популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен бағалаудың маңызы зор.

Іріктеп алу - популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер

қатарын атаймыз.

Іріктеу санын п-деп белгілейміз.Әр іріктеудегі даралардың орташа санын т –деп

белгілесек , онда даралардың кеңістікте таралу сипатын s2- дейміз.

< ( m- x)2

S2= - -------------

n-1

мұндағы: s2 - таралу шамасы

х- шамасының орташа т ауытқуы ( дисперсия)

Бірқалыпты таралу жағдайында s2 =0. Себебі: әр іріктеудегі даралар саны тұрақты және

орташаға тең. Кездейсоқ таралу кезінде орташа т мен дисперсия s2 тең (п- іріктеу

саны жеткілікті болғанда)

Топтық таралу кезінде дисперсия орташадан жоғары және неғұрлым жиналуға

қабілеті күшті болса олардың айырмашылығы да күшті болады. Даралардың

бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі . Кездейсоқ таралу тек біртекті

ортада және жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады. Топтық таралу табиғатта жиі

кездеседі.

Популяция саны --- берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы

саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және көбею мен өлімнің

интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде популяцияның өсуі

жүреді де , өлім оның санының кемуіне әкеледі.

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 19 беті

Такырып-4 (3 сағат) № 6 дәріс.

ҚАУЫМДАСТЫҚТАР МЕН ЭКОЖҮЙЕЛЕР ЭКОЛОГИЯСЫ