Гусев В., Минеева Л.А., Микробиология –М: Изд-во Москва ун-та, 1985.

2.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980.

3.Мищустин Е.Н., Емцев В. Т.Микробиология –М. Колос, 1978.

4.Шлегель Г.Общая микробиология. –М: Мир, 1972.

5.Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, Мектеп, 1982.

Қосымша әдебиеттер:

1.Шоқанов Н.Қ. Микроорганизмдерді ауылшаруашылығында қолдану. Алматы, «Қайнар», 1982.

2.Шоқанов Н.Қ. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997.

3.Құлдыбаев М. Ауылшаруашылығы микробиологиясы. Алматы, «Білім», 1994.

4.Руководство к практическим занятиям по микробиологии (Под. Ред Н.С.Егорова. –М.: Изд-во Моск. ун-та, 1983).

5.Сэги Иожев. Методы почвенной микробиологии. –М.: Колос, 1983.

 

Дәріс №19

 

Иммунитет жөніндегі ілім

 

Мақсаты:Студенттерге иммунитет жөнінде (табиғи және жасанды) білу қажет.

а) Табиғи иммунитет; б) Жасанды иммунитет; в) Фагоцитоз және Мечников;

г) Вакциналар және календарь; д) Мечников теориясы; е) Эйрлих; ж) Антигендер;

Иммунитет – организмнің зиянды әсерді немесе уды қабылдамау қасиеті. Мұндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына байімделуіне , сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші әсері бар заттарға қарсы тұра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өзара байланыстың, дәлірек айтқанда, күрестің нәтижесінде ас күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштық қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды құртатын және улы заттардың уытын жойып, ыдырататын қабілеті күшейеді.

Иммунитет түзуге бүкіл организм қатысады, мұнда орталық жүйке жүйесі басқарушы және бағыттаушы қызмет атқарады.Ауру қоздырушылар немесе вакциналар жүйке жүйесінің ұштары арқылы сарысу гамма- глобулиндерін түзетін тиісті мүшелерге әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөледі.

Иммунитетің пайда болуына сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады.Сонымен бірге иммунитеттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций тұздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерге қарсы күресте арнаулы шаралармен қатар ( вакциналар егу т.б. ) , малды және адамды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет деген қорытындыға келеміз.

Организмнің зиянды микробтардың енуіне қарсы тұра алатындай ерекше қорғаныш бейімделушіліктері бар. Бұларды организмнің табиғи төзімділігі деп атауға болады. Ол кез келген дені сау адамда, жануарлар мен өсімдіктерде кездеседі және олардың болуы сырқаттануға, зақымдануға, түрлі вакциналар енгізуге байланысты емес. Мұндай қорғаныштық қасиет организмнің микробтармен өне бойы кездесуінен пайда болуы ықтимал.

Иммунитетті бірнеше түрге ажыратады. Оны мына сызбанұсқадан көруге болады

 

Иммунитет

  Тіршілік ету барысында пайда болған
Туа пайда болған  
     

 

Актив иммунитет  
  Пассив иммунитет
     

 

  Табиғи иммунитет анасының сүтімен немесе ұрық жолда-сымен бірге берілген антителалар
Табиғи иммуни-тет ауру барысы-сында немесе жасырын инфек-циялар әсерінен пайда болған  
  Жасанды иммуни-тет- тірі немесе өлтірілген микроб-тардан немесе солардың тіршілігі барысында бөле-тін заттарын организмге енгізгенде пайда болған  
  Жасанды иммунитет құрамында антитела-лар бар сарысуды ен-гізуден пайда болған  
             

 

Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет – адамға және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол тұқым қуалайды. Бұдан ірі қараның- жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал борла алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.

Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулардың әсерінен пайда болады және оны табиғи жағдайда қабылдаған иммунитет деп те атайды. Егер иммунитет организмге түрлі биологиялық препараттарды ен-гізгенде (егу, вакцина, сарысу енгізу ) пайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Мұнда организмде түзілген иммунитет зиян-ды микробтың бір ғана түріне арналады.

Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше ұзақ болады. Ал кейбір ауруларға қарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталады. Мәселен, адам шешек, обамен бір рет ауырса, ол екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп екіге бөлуге болады. Мұнда организм зиянды әсерге өзі иммунитет құрайды. Жасанды жолмен құралған актив иммунитет тұрақсыздау. Мәселен, паратифке қарсы бұзауларда түзілген иммунитет алты ай бойына ғана сақталады. Күйдіргіге қарсы түзілген иммунитет бір ғана жылға жетеді. Актив иммунитет организмге вакцина енгізілгеннен кейін 2-10 күн өткен соң түзіледі. Ал пассив сарысу иммунитеті организмге дайын қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. Түрлі аурулармен ауырған организмнің сарысуында осы ауруға қарсы иммунитет құраушы заттар пайда болады. Оларды арнайы фабрикаларда өндіреді. Бұл үшін малға ауру қоздырғыш микробтардан жасалған вакцинаны енгізеді. Сонда мал қанының сарысуында қорғаныш заттар – антителалар түзіледі. Осындай сарысуды алып басқа малға енгізгенде, оларда осы ауруға қарсы тұра алатындай иммунитет түзіледі, бірақ бұл тұрақсыз иммунитет, оның ұзақтығы 2-3 жұма-ақ.

Табиғи пассив иммунитет организмге, оның әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы беіледі.

Зақымдалмаған сау теріден организмге микробтар ене алмайды. Тері микробтарды енгізбейтін механикалық фактор ғана емес, сонымен бірге ол ауру қоздыратын микробтарды қырып жіберетін бактерицидтік заттарды да бөліп отырады. Тері неғұрлым таза, ластанбаған болса, соғұрлым оның бұл қасиеті күшті болады. Сондықтан адамның , малдың организмін таза ұстау, түрлі аурулармен күресте айта қаларлықтай шара болып табылады. Мәселен, тіпті көзден бөлінетін жастың өзінде микробтарды қырып жіберетін лизоцим деген зат болады. Танаудан бөлінетін түрлі секрециялар да тұмау вирустарын қыра алады. Осымен қатар организмде түрлі микробтар ферменттерін ыдырататын арнаулы антиферменттер де түзіледі. Мәселен , антииалуронизада микроб ферменттерін ыдыратады. Соныңарқасында ауру қоздырушы микробтардың таралуы тежеледі.

Қарын сөлінің микробтарды құрта алатын қасиеті бар . Ондағы тұз қышқылының әсері күшті. Ішек- қарында болатын сапрофит микробтар ауру қоздырушы микробтармен күресте айта қаларлықтай роль атқарады. Егер ауру қоздырушы микробтар организмге ене қалса, сол жердің қабынатыны белгілі. И. И. Мечников бұл процесс пайдалы деп көрсетті, Өйткені дәл осы жерге фагоциттер көп жиналады да, зиянды микробтарды “ жалмайды”.

Ауру қоздырғыш микробтарға организмдегі сұйықтар, соның ішінде қан сарысуы жойқын әсер етеді. Егер пробиркаға жаңадан алынған қан сарысуын құйып, оған қоздырғыш микробтарды жіберсе, олар тез қырылады. Ал егер осы сарысуды +56 градуста 20-30 минут қыздырып, одан соң зиянды микробтарды жіберсе, олар тіршілігін жоймайды. Сарысуда микробтарды жоятын алексин немесе комплемент деп аталатын ерекше заттар бар.

Имунологиялық ғылымның дамуына И. И. Мечников пен П. Эрлих үлкен үлес қосты. Мечников иммунитеттің клеткалық және фагоцитарлық теориясын ашты. Ал П. Эрлих гуморальды теорияны ашты. Олар иммунитет туралы ұғымды енгізіп ғылымға үлкен үлес қосты.

И. И. Мечников фагоцитоз жөнінде және оның организмнің ауруды қабылдамайтын қасиетіндегі ролі жөнінде ілім жасады.Егер организмге ерімейтін басқа бір затты енгізсе, оның айналасында мезодермалық клеткалар, ең алдымен, лейкоциттер шоғырлана бастайды. Бұдан ол осы клеткалардың организмде қорғаныш ролін атқаратыны туралы пікір айтты. Жасалған бірнеше тәжірибелерден кейін И. И. Мечников организмге басқа ауру қоздыратын микробтар енгенде, онда сол микробтарды жоюшы, яғни “жалмаушы” клеткалар – фагоциттер түзіледі деген қорытынды шығарды.

Осындай клеткалармен қатар түрлі антигендердің әсерінен организмде арнаулы қорғаныш заттар – антителалар да түзіледі екен. Антигендерге тірі микробтар, олардың уы, өлген микробтар және әртүрлі ақуыздар жатады. Ал антителалар осы айтылған заттар әсер еткенде организм ұлпаларында түзілетін заттар және олардың сол антигендермен күресіп, оларды құртып жіберетін де қабілеті бар. Негізінен антителалар көкбауырдың лимфалық ұлпасында, лимфалық түйіндерінде түзіліп, одан қанға таралады.

Антителалар организмде иммунитет құруға белсене қатынасады және организмнің қасиетін күшейте түседі.Жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы дерлік организмнің ауру қоздырушыларға, олардың бөліп шығаратын түрлі уына қарсы тұра алатын қасиетін, оны аман сақтап қалуға көмектеседі.

Антиген мен антителалардың өзара әректтесуі коллоидты және химиялық реакциялар типтес жүреді. Антителалар мен антигендердің ұштарындағы топтар өзара байланысады да, нәтижесінде түрлі комплекстер түзеді. Сырты сарысу ақуызымен қапталған осындай комплементтер түрлі клеткалар сыртына, соның ішінде фагоциттерсыртына адсорбцияланады. Сонда фагоциттер оларды жойып жібереді.

Иммунология ғылымы тек қана жұқпалы аурулардан қорғануды зерттейтін ғылым ғана емес.

Иммунология – адам организміне бөгде дене болып табылатын барлық заттардан өзін-өзі қорғау механизмін, организмнің құрлысы мен функционалды тұтастығын қорғау ( гомеостаз ) механизмін зерттейтін ғылым. Иммунитеттің негізгі биологиялық механизмі - “өзін” және “өзгені” тану ме-ханизмі болып табылады. Мысалы, организмнің өзінің мутантты немесе қатерлі клеткаларынан қорғану қажеттілігі.

Иммунитет – организмнің өзін-өзі қорғау механизмдерінің тұтас жүйесі. Жоғарыда айтылғандай оның негізгі екі түрі болады :

1. Туа пайда болған иммунитет

2. Жүре пайда болған иммунитет

Жүре пайда болған иммунитет төмендегідей жіктеледі :

1. Табиғи ( қоздырғышпен кездесу нәтижесінде пайда болған )

2. Жасанды ( иммунизация )

3. Белсенді ( өзі түзіп шығарған )

4. Пассив ( получаемый) қабылданған )

5. Стерильді ( қоздырғыш жоқ жерде пайда болған )

6. Стерильсіз ( организмде қоздырғыш барда пайда болған )

7. Гуморальды

8. Клеткалық

9. Жүйелік иммунитет

10. Жергілікті иммунитет

Бағытына қарай антибактериалды, антивирусты, антитоксинді, ісікке қарсы, трансплантантқа қарсы иммунитет болып бөлінеді.

Түрлі иммунитеттің негізін табиғи спецификалық емес резистенттіліктің әр түрлі механизмдері құрайды. Олардың ішінде адамның қалыпты микрофлорасы, фагоцитоз, қабыну комплемет жүйесі, лимфобездерінің барьерлі механизмі, микробқа қарсы заттар, тері жамылғысы мен кілегей қабықтар т.б. жатады.

Тері жамылғысы мен кілегей қабықтар – қоздырғыштарға қарсы қорғаныстың бірінші линиясы болып табылады. Тері механикалық қорғаныспен қатар бактерицидтік белсенділігі де бар. Кілегей, лизоцин, асқазан сөлі, көз жасы, сілекей, осылардың бәрі кілегей қабықтың қорғанышына жағдай жасайды. Организмнің қалыпты микрофлорасы бөгде микрофлоралық организмге колонизациялануына кедергі жасайды ( әр түрлі антогонизмдерінің өзгерістері )

Фагоцитоз және комплемент жүйесі – организмнің микробқа қарсы қорғанышының екінші линиясы болып табылады. Клеткалық факторлар жүйесінің түрлік резистенттілігі фагоциттер, олар патогенді микробтарды жұтып, жойып жібереді. Организмнің қорғаныш жүйесіне фагоцитарлы клеткалардың маңызын И. И. Мечников дәлелдеп, иммунитеттің фагоцитарлы теориясын ашты.

Фагоцитоздың стадиялары :

1. Активтелу ( энергетикалық метаболизмнің жоғарылауы )

2. Хемотаксис

3. Адгезия

4. Жұтып жіберу

5. Фагоцитоз нәтижесі

Фагоциттер амебалар тәрізді псевдоподия түзеді. Бактерияны жұтып жібергенде фагосома түзіледі де, оған лизосомалар қосылып – фаголизосом түзіледі.

Фагоцитоздың 3 түрлі нәтижесі болады :

1. Аяқталған фагоцитоз

2. Аяқталмаған фагоцитоз

3. Антигендер процессингі ( қайта өңдеуі )

Аяқталған фагоцитоз – микроорганизмнің фагоцитте толық қорытылуы.

Аяқталмаған фагоцитоз микробтардың фагоцитте тірі жүруі, тіпті көбеюі де мүмкін. Бұл құбылыс облигатты клеткаішілік парзиттерге тән. Фагоцитоз процесі кезінде “тотығулық жарылыс” болып, оттегінің белсенді түрі пайда болады да, бактерицидтік әсер тудырады.

Макрофагтардың қызметтері: хемотаксис, фагоцитоз және биологиялық белсенді заттарды синтездеп шығару. Сонымен қатар ең негізгі функциясы – антигенді қайта өңдеп шығару ( процессинг ) қасиеті.

Фагоцитоз дегеніміз тек қана бөгде денелерді құрту ғана емес, қабыну реакциясын, иммундық реакцияларды қосу үшін медиаторлардың секрециясын күшейту.

Макрофагтар жүйесі дегеніміз тек қана түрлік иммунитеттің негізгі жүйесі емес, сонымен қатар жүре пайда болған иммунитетке әсерін тигізеді, яғни иммундық жауап ретінде клеткалардың кооперациясына (жинақталуына) жағдай жасайды.

Қабыну – ткандердің зақымдалуына организмнің қорғаныш реакциясы, фагоцитозға қарағанда күрделі процесс, тек қана қан және жүйке жүйелері бар, күрделі организмге тән құбылыс болып саналады. Инфекциялық қабыну әр түрлі тамырлар мен клеткалық реакциялардың, қабыну реакциясының медиаторларының қосылуымен жүретін процесс. Бактериялардың шығаратын өнімдері макрофагмоцит жүйесінің клеткаларының белсенділігін арттырады. Олар – цитокиндер, әсіресе интерлейкиндер шығарады. Бұлар биологиялық активті өнімдер, яғни клеткалық иммундық реакциялардың медиаторлары болып табылады. Қабыну реакциясына интерлейкин 1 ( ил-1 ) негізгі әсерін тигізіп, қызудың көтерілуіне, тамыр қабырғаларының өткізгіштік қасиетін жоғарылатуға, фагоцитті белсендіруге тікелей қатысады.

Қызу көтерілу – организмнің қорғану реакциясының бірі, микробтардың көбеюіне кедергі жасап, макрофагтарды активтеп, қан жүруін жақсартып, организмнің заталмасу процесін жоғарылатады.

Лимфа бездерінің барьерлік қасиеті – П. Ф. Здоровскийдің (1969) айтуы бойынша лимфо бездері – қоздырғыштарды сүзетін биолгиялық фильтр болып табылады, микробтар сүзіліп, макрофагтар мен активті лимфоницеттердің арқасында жойылады.

Комплемент жүйесі – қан сарысуындағы гликопротеидтер мен белоктар комплексі қабыну процесіне қатысады, бөгде денелерді табуға, фагоцитозға макрофагтармен бірігіп бөгде денелерді жоюға қатынасады (бактериялардың, вирустардың лизисі )

Адам сау кезінде компемент жүйесі іске қосылмайды, яғни активтелінбейді. Тек қана микробтар енгенде жүйе іске қосылады. Активтелудің 3 түрі бар :

1. Классикалық

2. Альтернативті

3. С 1 – шунтты пайдалана отырып белсену

Классикалық түрі : келіп түскен антигенге қарсы организмде антидене бар болған жағдайда жүзеге асады. ( С 1 q – С 9 компоненттері )

Альтернативті – қоздырғышпен алғаш кездескенде жүзеге асады ( бұл кезде организмде әлі антидене жоқ )

Интерферон жүйесі.

Интерферондар – организмнің әр түрлі клеткалары синтездеп шығаратын жоғары дәрежелі, биологиялық белсенді гликопротеидтер. Клеткаларға түскен бөгде денелерге организмнің жылдам жауап беруі интерферон жүйесі: альфа, бетта, гамма түрлеріне бөлінеді.

Вирусқа қарсы әсері: ДНҚ, РНҚ вирустарының клетка ішінде көбею (өсу) қабілеттілігін тежейді (вирус синтезін блоктайды)

Киллер клеткалар

Түрлік иммунитеттің жүзеге асуына Т – цитотоксикалық лимфоциттің (Т- киллер) әсері көп. Т – киллер клеткалар организмге түскен кез келген бөгде денелерді ( антигенді ) тауып, шабуылдап, жойып жібереді. Мысалы, рак клеткаларында

NK – клеткалары ( natural killer – нағыз киллерлер ) – генетикалық гомеостаз және ісікке қарсы қорғануда үлкен маңызы бар.

Арнайы емес резистенттілік жүйесі және түрлік иммунитет организмнің функционалдық тұтастығымен, структурасының тұтастығын сақтауға үлкен жағдай жасап, жүре пайда болған иммунитеттің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Осы жерде туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет бірігіп жоғары дәрежеде біртұтас, толық эффектті жүйе құрайды ( организмнің бөгде заттарына қарап ).

Иммундық жүйе

Иммундық жүйе – организмнің клеткалық – генетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін мүшелер, ткандер, клеткалар жиынтығы.

Антигендік тазалық принципі : “өзін” және “өзгені” тану, гендер және гликопротеидтер жүйесіне негізделген, мұны адамда HLA жүйесі деп атайды (human leucocyte antigens). Адам лейкоциттерінде МНС белоктары бар, лейкоциттерді зерттей отырып МНС антигендерін анықтауға болады.

Иммундық жүйенің орталық және перифериялық (шеткі) мүшелері бар. Орталық мүшеге сүйектің қызыл майы – қан жасайтын орган тимус , ішектердің лимфоидтық ткандері жатады.

Перифериялық мүшеге – талақ, лимфа түйіндері, ішектің кілегейлі қабығындағы лимфоидтық ткандер жатады.

Иммунокомпонентті клеткалардың ізашар клеткалары сүйектің қызыл майында жасалады, олар бағаналық клеткалар деп аталады. Олардың кейбіреулері лимфоциттер құрайды. Лимфоциттердің өздері Т және В кластарына бөлінеді.

Т – лимфоциттерінің ізашарлары тимуста жинақталып, осында пісіп жетіледі де, кейін иммундық жауапқа қызмет етеді.

В – лимфоциттер сүйек қызыл майында пісіп жетіледі . Т және В лимфоциттер толық пісіп жетілгеннен кейін шеткі лимфа түйіндеріне жинақталады. Осылайша иммундық жүйенің орталық мүшелері, иммунокомпонентті клеткалар түзілуін және пісіп жетілуін қамтамасыз етеді. Ал перифериялық мүшелер антигенді танып, оны “өңдеп” , яғни жойып жіберетін адекватты иммунды жауапты қамтамасыз етеді.

 

Жүре бара пайда болатын активті иммунитет

Иммунитетің қазіргі заманғы теориясының негізін салушы Макфарлейн Бернет. Бүкіл антиденелер – белоктар, олар иммуноглобулиндер деп аталады. Иммуноглобулиндердің молекуласы 2 ауыр тізбектен (Н-тізбек) тұрады. Олардың молекулалық массасы 50000-60000 болады. Сонымен қатар, оның құрамында молекулалық массасы 23000-ға тең 2 жеңіл тізбек те (L-тізбек) болады.

Сүтқоректілерде 2 иммунитет жүйесі қалыптасқан – клеткалық және гуморальды иммунитет. Иммунды жүйе функцияларының бұлай жіктелуі лимфоциттің 2 типінің, яғни Т және В-клеткаларының болуына байланысты. Бұл 2 типтің де клеткалары сүйек миында түзіледі. Т-клеткаларының иммунологиялық бірлестігінің қалыптасуында тимустың (вилочковая железа) алатын орны ерекше. Ал В-клеткаларына келер болсақ, олардың дамуына плацента немесе сүйек миы және ұрықтың бауыры бірден бір әсерін тигізеді.

Табиғи пассивті иммунитет. Бұған мысал ретінде жаңа туған сәбидің иммунитетін жатқызуға болады. Анасының антиденелері плацента арқылы өтіп, ұрықтың ағзасына түсуі мүмкін. Ұрықтың өз иммундық жүйесі толық, дұрыс қалыптасқанша бұл антиденелер нәрестеге қорғаныштық қызметін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, пассивті иммунитет сүт бездерінің алғашқы секретінде болатын антиденелермен қамтамасыз етілуі әбден мүмкін, ол соңынан нәрестенің ішектеріне сіңеді.

Жүре бара пайда болатын пассивті иммунитет. Дайын антиденелерді енгізу жасанды жолмен жүреді. Ол үшін бір адамның ағзасынан бөлінетін антиденелерді басқа бір адамның қанына енгізеді. Мысалы: дифтерия, т.б. антиденелерді жылқыдан алып, адам ағзасына енгізеді. Бұл – ауруды алдын алу мақсатында жасалады.

Табиғи активті иммунитет. Иммунитеттің бұл типі нәтижелі, ұзақ уақыт, ал кейде адам өмірінің соңына дейін сақталуы мүмкін.

Жүре бара пайда болатын активті иммунитеттіағзаға азғана антигендерді вакцина түрінде енгізу арқылы қалыптастыруға болады. Бұл процесс вакцинация немесе иммунизация деп аталады. Әдетте денеге енетін антигендердің азғана дозасы қауіптілік тудырмайды, өйткені ол үшін өлген немесе әлсіреген антигендерді пайдаланады. Сондықтан да адам ауруға шалдықпайды, алайда онда салынған антигенге деген антиденелер түзіледі. Екінші рет, яғни ағзаны қуаттандыруға салынған антигендер де жиі қолданылады, ал бұл антиденелердің тез түзілуіне әкеледі. Бұл ауруға төзімділікті, қорғаныштық қызметін ұзақ уақыт бойы сақтайды. Бүгінде вакцинаның бірнеше типі қолданылады.

Ауруға қан құярда донор қанының сол кісінің қанымен сәйкестілігін қатаң қадағалау керек. Бұлай болмаған жағдайда иммунды реакция байқалады. Донор эритроциттерінің мембраналары – мукополисахаридтер құрайды, олар агглютиногендер деп аталады. Олар антигендер ретінде әсер етіп, агглютининдермен әрекетке түседі. Олар реципиенттің қан плазмасында болады. Бұлай әрекеттесудің нәтижесінде донор клеткалары агглютинацияланады, яғни бір-бірімен қабаттасады, әрекеттеседі, себебі, бұлардың арасында антиденелерден көпіршелер (мостик) түзіледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғи иммунитет дегеніміз не?

2.Жасанды иммунитет дегеніміз не?

3. Иммунитет және иммунитет түрлері?

4.Иммунитет ролі қандай?

 

Негізгі әдебиеттер: