Гусев В., Минеева Л.А., Микробиология –М: Изд-во Москва ун-та, 1985.

2.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980.

3.Мищустин Е.Н., Емцев В. Т.Микробиология –М. Колос, 1978

Дәріс №12

 

Микроорганизмдерге химиялық фактордың әсері

 

Мақсаты: Студенттерді химиялық фактордың әсерімен және дезинфекция терминімен таныстыру.

а) химиялық фактордың әсері

Химиялық факторлар микроорганизмдердің тіршілігіне зор роль атқарады. Олардың ішінде ортаның реакциясы мен оның химиялық құрамын анықтау керек. Микроорганизмдер тіршілік ететін ортаның сілтілі немесе қышқылдығы болуы үлкен әсер етеді. Әрине, орта реакциясының әсерінен клеткадағы ферменттер жұмысы,зат алмасу процесі, клетка қабығының өткізгіштік қабілетін арттырады. Әр түрлі микроорганизмдер түрлінше орта реакциясына бейімделген. Олардың кейбіреулері қышқыл ортада,қалғандары бірқалыпты немесе аздап сілтілеу ортада тіршілік етуге бейімделген. Көптеген зең саңырауқұлақтар мен дрожжылар үшін аздап қышқылдау орта қолайлы. Ал бактериялар қышқылдау және аздап сілтілеу ортада жақсы өніп-өсіп жетіледі. Орта реакциясының өзгеруі микроорганизмдерге қолайсыз әсе туғызады. Қышқылдық артса, бірқатар бактериялардың қырылуы ықтимал. Бактериялар спорасы орта реакциясының құбылмалығына төзімтал. Оны мына төмендегі деректерден байқауға болады.

 

Микроорганизмдер рН-тың мәні Шіріту бактериясы. 4,4-8,5 а)Сүт қышқылды бактериялары 3,5-8,0 б)Сүт қышқылды бактериялары 3,3-8,0 Май қышқылды бактериялары 4,5-8,5 Ішек таяқшасы 5,0-8,0 Зең саңырауқұлақтары 1,0-9,0 Дрожжылар 3,0-7,0 Микроорганизмдер тіршілігі үшін ортаның химиялық құрамының зор маңызы бар, өйткені тіршілік ететін ортада пайдалалы элементтермен бірге зияндылары да кездеседі.Зиянды заттар клеткаға еніп, микробтар тіршілігін жояды. Микроорганизмдерге әсіресе ауыр металдар,тұздар,ауыр метал иондары және хлор, иод, сутегінің асқын тотығы,күкіртті қышқыл,көмір қышқыл газы, спирттер және түрлі органикалық заттар күшті әсер етеді. Тұрмыста осылардың біразын микроорганизмдермен күресте пайдаланады. Оларды антисептиктер деп атайды.Кейде тіпті осындаай антисептиктерге бірқатар микроорганизмдердің бейімделгеннін байқаймыз. Олардың күшімен түрлі аспаптармен залалсыздандырады. Мұны дезинфекциялау деп тайды. Дезинфекциялаушы заттар ретінде карбол қышқылы, формалин, сулема ерітіндісі, хлорлы әк, крезол, күкіртті газ жәнебасқалардыда қолданады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Химиялық фактордың әсері?

  1. Химиялық фактордың түрлері?
  2. Химиялық заттарды микроорганизмдерге қарсы пайдалану?

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980.

2.Мищустин Е.Н., Емцев В. Т.Микробиология –М. Колос, 1978.

Қосымша әдебиеттер:

1.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980.

2.Мищустин Е.Н., Емцев В. Т.Микробиология –М. Колос, 1978.

 

Дәріс №13

 

Микрорганизмдерге биологиялық фактордың әсері

 

Мақсаты: Студенттерді микробиологиялық фактордың әсерімен және терминдермен (симбиоз, комменсализм, синеризм, мутуализм, антагонизм) таныстыру.

а) биологиялық фактордың әсері

Биологиялық факторлардың микроорганизмге әсері. Табиғатта микроорганизмдер сан алуан түрлері бірге тіршілік етеді. Оларға сонау эволюциялық даму барысында қалып тасқан белгілі бір қатынас тән. Кейде мұндай қатынас пайдалы да. Мұны симбиоз деп атайды. Жалпы симбиоз құбылысы тек әр түрлі микрорганизмдер арасында ғана емес, сонымен бірге микроорганизмдермен мен өсімдіктер және микроорганизмдер мен жануарлар арасында кездеседі. Микроорганизмдер мен өсімдіктердің арасында симбиоздық қарым-қатынасты біз түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсімдіктер арасында байқаймыз. Бактериялар өсімдіктен қант тектес заттар алса,өздері өсімдіктерді азот қосылыстарымен қоректенеді. Табиғатта екі организмнің қатар өмір сүруінен симбиозға қарама-қарсы жағдайда байқауға болады. Кейде организм екіншісінің есебімен күн көреді.Мұны паратизм деп атайды. Адам, мал және өсімдіктер организмінде ауру қоздырғыш микроорганизмдер тіршілік етуде. Микроорганизмдер арасында метабиоз деп аталатын да қарым-қатынас бар. Мұнда бір микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде пайда болған заттар екінші бір микроорганизмдер тірлігі үшін өте қажет болып есептелінеді. Бұған дрожжылар өніп-өсуінің нәтижесінде пайда болған спиртті сірке қышқылының бактериялары сірке суына айналады.Табиғатта микроорганизмдердің бір тобының тіршілік әрекетінен орталық бөліп шығаратын затты екінші бір топқа қатты әсер етеді. Бұл құбылысты антагонизм деп аталады. Мұндай жағдайды шіріту және қышқылы бактериаларының арасынан байқауға болады. Кейде микробтар басқа микроорганизмдердер тіршілігін тежейтін ерекше заттар түзеді. Оларды антибиотиктер деп атайлы.Антибиотикті көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқұлақтар бөледі.Микроорганизмдердің бұл қасиетіне медицинада кеңінен қолданылды. Қазір көптеген антибиотиктер белгілі.Оларға пенициллин,стрептомицин,биомийин,террамицин және тағы да басқалары жатады. Антибиотиктер ветеринарияда және мал шаруашылығыеда да кеңінен қолданылады. Төлдер мен құстар азығына антибиотиктерді аздап қосқанда,оларды жақсы өсіп-жетілетіні,сөйтіп,өлім-жітім аз болатыны байқалады. Сонымен, табиғатта микроорганизмдер жеке тіршілік етпейді,қайта олар тірі организмдер қатысатын үлкен қауымның бір мүшесі болады. Сондықтан да микроорганизмдер мен сыртқы орта байланысын толық зерттеп, білгенде ғана біз олардың тіршілігін өз тілегімізге қарай бағыттай аламыз. Сонымен қатар микроорганиздерден химиялық препаратар жасауға болады. Микробтарды адам баласы көзімен көрмеседе олардың пайдалы әрекетін сонау ерте заманан пайдалана білген. Қазіргі кезде,микробиология дамыған шағында,ғалымдар бактериялардың зиянды-зиянсыз қай түрі қолданылатынын анықтады. Микроорганизмдерді пайдаланып май қышқылын,лимон қышқылы, сүт қышқылын дайындай алады.Микроорганизмдердің түрі өте көп.Олардың зиянды-зиянсыз түрлері,пайдалы-пайдасыз түрлері бар.Микроорганизмдердің шаруашылыққа маңызы өте зор.Оларды түрлі жұқпалы ауруларға баға жетпес ем ретінде пайдаланған.Микроорганизмдердің табиғатта маңызы зор,себебі микрорганизмдер табиғаттың кез-келген жерінде бар,суда,құрлықта және ауада кездеседі.Әрбір табиғат элементтерінде кездесетін болғандықтан,пайда болған жеріне қарай микрооганизмдер түрлеріде әртүрлі,пішіні және химиялық құрамы жөнінде,бейімделгіштігі алуан түрлі болып келеді.Сонымен қатар микроорганизмдер адамдардың,жануарлардың және өсімдіктердің организмінде микроорганизмдер кездеседі.Табиғатта кездесетін микроорганизмдермен адамдардың организмінде кездесетін микроорганизмдер әр түрлі болып келеді.Микроорганизмдердің табиғаттың экологиясын тазалап отырады. Табиғаттағы қалдықтарды микроорганизмдер шірітіп,ыдыратып,оны минералдық заттарға айналдырып топырақты құнарландырады.Егер табиғатта микроорганизмдер кездеспейтін болса,онда табиғат аясында қалдықтар үйіліп жатып,экологиямызды мүлде бүлдіріп жіберер еді. Сонымен қатар микробиология дамығандықтан,микроорганизмдер ажырата білу арқылы завоттар қалдықтарын тазартуда.Мысалы,мұнайдан бөлінетін қалдық суларды мұнай заводтары биологиялық тәсілмен тазартуда. Сонда олар микроорганизмдерді пайдаланып қалдық суларды тазартып отыр.Тек мұнай қалдықтарын ғана емес сонымен қатар басқада кәсіпорындардан бөлінген қалдықтарды тазартып отыр. Ластанған су аумақтары уақыт өте келе өз қалпына келеді. Сонда су микроорганиздері су бойындағы лас қоспарды ыдыратып жойып жіберіп отыр. Сонымен микроорганизмдер туралы мәліметтер алдық,яғни микроорганиздердің табиғаттағы ролі, маңызы, тірі организмдерге маңызы, пайдасы сонымен қатар зияны туралы, микробиологияның дамуы барысында оларды шаруашылыққа пайдалана білу,табиғат аясындағы қалдық затардан жойюға пайдалану сонымен қатар мұнайдан бөлінетін қалдық суларды тазартуға пайдалану, шаруашылыққа пайдалана отырып оның қоршаған ортаға, яғни оның экологиялық жағдайна тигізетін кесірін айқындай түсіп, оны болдырмау көптеген шаралар жасу қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы?

2. Микроорганизмдердің табиғатта таралуы?

3. Микрорганизмдердің табиғаттағы ролі?

4. ЮБактериялардың экологиясын зерттеу әдістері?

Негізгі әдебиеттер: