Атырау –2010 ж.

Биология кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі

проректор __________

декан____________ Ә.З.Сапаров

 

050805 – Су ресурстары және суды қолдану мамандығы үшін

шифр, мамандығы

Санитарлық микробиология бойынша

пән атауы

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

 

 

 

Атырау –2010 ж.

 

 

Құрастырған А.Қ.Тоқабасова

(оқытушының аты-жөні)

Аға оқытушы, б.ғ.к ______________

(атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі)

 

ОӘК –нің аннотациясы:

Санитарлық микробиология пәні және әдістері. Санитарлық микробиология- микроорганизмдердің құрылысын, систематикасын, физиологиясын, биохимиясын, генетикасы мен экологиясын, зерттейтн ғылым және тазалық ролін атқарады. Бактерялар мен вирустарды зерттейді. Микробиологияда қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшелігі. Прокариотты жэне эукариотты типтегі клеткалары бар бактериялар мен көк-жасылдыларды, өз алдына прокариотты әлеміне болу. Прокариотты организмдердің ерекше белгілері; нашар морфологиялық жіктелуі, метаболізмініңң әр түрлілігі мен икемделігі, көбею жылдамдығының жоғарлылығы, қоршаған ортаға таралу қабілетінің шексіздігі женә т.б.

Микрорганизмдердің табиғат пен халық шарушылыығындағы ролі. Санитарлық микробиологияның негізгі бағыттары. Микрорганизмдердің табигаттағы биогенді элементтер айналымындағы ролі. Олардың жиналған органикалық заттарды минерализацияауға атмосфералық газ құрамын реттеуге, қоршаған ортаны улы қосылыстардан тазартуға-аммиак, кукірті,сутегі,көміртегі тотығы, метан жэне жұкпалы аурулармен күрес. Микроорганизмдерді өндірісте пайдалану.микроскопиялық техниканың (оптикалық және электрондық), есептеу машиналардың, компьютерлердің, физикалық приборлардың мүмкіндіктерін пайдалануға көп көңіл аударылып отыр. Санитарлық микробиология ғылымның экологиямен мұқтаждарыменн, қоршаған ортаны қорғау проблемаларымен және тікелей адам денсаулығымен тығыз байланысып еске ала отырып, микробиология негіздерін оқыту- биология пәнінің мүғаліммін дайындаудағы маңызды буын деп санау қажет. Программа лекциялық курстың теориялық материалдыры мен лабораториялық жұмыстарыдың қатар журуін қарастырады. Микробиология курсының үлкен көлемімен қатар оқү жоспарындағы – лекциялық сағаттардың жетіспеуі ескеріле отырып, кейбір тараулар – қоршаған орта факторларының микрорганизмдерге әсері, ауа бетімен жұмыс істеу үшін реферат немесе семинар сабақтары түрінде беріледе.

Студенттердің курстағы негізгі күрделі тақырыптар бойынша – прокариоттар мен эукариоттардың салыстармалы құрылымды және биохимиялық құрылымы, қоректену типтері, бактериялардың метаболизмі женә т.б. білімдерін көтеру мақсатында срсп, коллоквиумдар өткізу ұсынылады.Бұл пән жаратылыстану факультетінің барлық мамандықтар үшін қамтамасыз етілген.

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы мамандықтары факультетінің студенттеріне арналған «Санитарлық микробиология» пәні бойынша оқу -әдістемелік кешені (құрастырушы А.Қ.Тоқабасова – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы, 2010ж. ___ б.

1 КІРІСПЕ

 

Санитарлық микробиология – микроорганизмдердің морфологиясын, құрылысын, систематикасын, физиологиясын, биохимиясын олардың әр түрлі факторларға төзімділігін және сыртқы ортада таралуын, зат алмасуға қатусуын зерттейтін ғылым. Биохимия, молекулярлық биология, генетика, микроорганизмдер экологиясы, биофизика сияқты ғылымдарының дамуында. Микрорганизмдерді зерттеудін маңызы өте зор.Ғылымның, техниканың, ауыл шаруашылығының жаңа даму кезеңінде микробиологиялық процесстердің маңызы өте зор. Әсіресе ауыл шаруашылығы мамандарының практикалық жұмысына қатысты. Санитарлық микробиологияда қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшелігі. Прокариотты жэне эукариотты типтегі клеткалары бар бактериялар мен көк-жасылдыларды, өз алдына прокариотты әлеміне болу. Прокариотты организмдердің ерекше белгілері; нашар морфологиялық жіктелуі, метаболізмініңң әр түрлілігі мен икемделігі, көбею жылдамдығының жоғарлылығы, қоршаған ортаға таралу қабілетінің шексізздігі және т.б.

Микрорганизмдердің табиғат пен халық шарушылыығындағы ролі. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Микрорганизмдердің табигаттағы биогенді элементтер айналымындағы ролі. Олардың жиналған органикалық заттарды минерализацияауға атмосфералық газ құрамын реттеуге, қоршаған ортаны улы қосылыстардан тазартуға-аммиак, кукірті,сутегі,көміртегі тотығы, метан жэне жұкпалы аурулармен күрес. Микроорганизмдерді өндірісте пайдалану. Микроскопиялық техниканың (оптикалық және электрондық), есептеу машиналардың, компьютерлердің, физикалық приборлардың мүмкіндіктерін пайдалануға көп көңіл аударылып отыр. Санитарлық микробиология ғылымның биотехнологияның мұқтаждарыменн, қоршаған ортаны қорғау проблемаларымен және тікелей адам денсаулығымен тығыз байланысып еске ала отырып, микробиология курсын оқу кезінде студент микрорганизмдердің морфологиясы және биологиясын топырақ және санитариялық микробиология негізінде білім алады. Программа лекциялық курстың теориялық материалдыры мен лабораториялық жұмыстарыдың қатар журуін қарастырады. Санитарлық микробиология курсының үлкен көлемімен қатар оқү жоспарындағы – лекциялық сағаттардың, кейбір тараулар – қоршаған орта факторларының микрорганизмдерге әсері, ауа бетімен жұмыс істеу үшін реферат немесе семинар сабақтары түрінде беріледе.

Студенттердің курстағы негізгі күрделі тақырыптар бойынша – прокариоттар мен эукариоттардың салыстармалы құрылымды және биохимиялық құрылымы, қоректену типтері, бактериялардың метаболизмі женә т.б. білімдерін көтеру мақсатында срсп, коллоквиумдар өткізу ұсынылады. Студенттердің микробиологиялық лаборатория жумысымен танысуы мен микробиологиялық зерттеулер үшін коллекциялық материалды даярлауы, студенттердің ғылыми үйірмелерге қатысуы жөн.

Бұл пән жаратылыстану және ауыл шаруашылық мамандықтарының факультетінің барлық мамандықтар үшін қамтамасыз етілген.

 

2 ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

ТҮСІНІК ХАТ

 

«Микроорганизмдерді» әртүрлілігінің курсында микроорганизмдер мен вирустардың құрылымдық құрылу ерекшеліктері, микробтар әлемі туралы жалпы түсінік беріледі «Судың санитарлық микробиологиясы» курсы мақсаты: студенттерге микроорганизмдердің дамуының физиологиялық негізгі заңдылықтары мен өсіру принциптері, микроб жасушасындағы зат аламсу ерекшеліктері және микроб жасушадағы өтетін энергетикалық пен конструктивтік процестері және оларды реттеуші механизм туралы мәлімет беру.

Студенттер пәнді зерттеу нәтижесінде мыналарды білуі тиіс: микробтардың даму теориясы негіздерін, оларды өсірудің әртүрлі тәсілдерінің заңдылықтарын, зат алмасудың негізгі және қосымша жолдарын, микроорганизмдердің энергияны алу тәсілдерін, жасушаның негізгі құрамдарын түзу амалдарын, биологиялық белсенді заттар өндірісінде микробтарды пайдаланудың мүмкіншіліктерін.

Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағдыларын іс жүзінде пайдалана білуі қажет: микроорганимздерге керек азот, көміртегі, фосфор көздерін, рН пен температураның қолайлы мөлшерін анықтау, биомасса мен өнімдерді алудың лабораториялық регламент тәртібін жасау. Бұл үшін микроб жасушасындағы негізі физиологиялық процестерді зерттеп тәжірибе жасаудың дағдыларын игеру шарт.

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

 

Кіріспе. Судың санитарлық микробиология пәніне жалпы түсінік. Судың санитарлық микробиология ғылыми дамуының кезеңдері Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы пәні. Оның басқа ғылымдар арасындағы орны, микроб физиологиясы мен биохимиясының міндеттері. Методологиялық негіздері. Даму сатылары. Маңызды мәселелері. Микроб жасушасындағы физиология мен метаболизмді зерттеудегі жаңа бағыттар. Микроорганизмдер физиологиясы мен биохимиясының биотехнологиямен байланысы.

 

Микроорганизмдердің өсуі және оларды өсіру

 

Судың санитарлық микробиология ғылымының негізгі салалары – жалпы микробиология, техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология. Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру. Жинақтаушы дақылдар мен элективті принциптер. Микроорганизмдердің таза дақылдары, оларды анықтаудың және алудың әдістемелері. Штамм, клон туралы түсінік. Моно- және араласқан дақылдар.

Өсіру үшін пайдаланытан орталардың негізгі түрлері. Қоректік орталарды жасау принциптері. Табиғи және синтетикалық орталар. Аэробты, анаэробты және фототүзуші микроорганизмдерді өсіру. Үстіңгі бетінде және тереңде өсіру. Мәрзімдік және үздіксіз өсіру. Үздіксіз өсіруге арналған аппараттар (хемостат мен турбидостат). Өнеркәсіптегі микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу үшін үздіксіз өсірудің әдістемесінің мәні.

Микроорганизмдердің өсуі. Теңгермелі және теңгермесіз (балансталған және балансталмаған) өсу. Микроорганизмдер дақылдарының өсуін анықтау тәсілдері. Мерзімді өсірілетін дақылдар популяциясының өсу заңдылықтары. Олардың өсу қисық сызығы және фазаларының ерекшеліктері. Өсу жылдамдығын, генерация мезгілін, жасуша өнімін анықтау. Диауксия. Жасушалардың өсу шектелуінің және өлуінің себептері. Үздіксіз дақыл микроорганизмдердің өсуі, өсудің математикалық көрсеткіші. Синхронды өсетін дақылдар, оларды алудың тәсілдері және маңызы.

Микроорганизмдердің өсуін бақылау. Ортаның түрлі факторларына микроорганизмдердің қатынасы. Өсуіне температураның әсері. Психрофилдер, мезофилдер, термофилдер, олардың ерекшеліктері және температураға әртүрлі қатынасы болуының себептері. Вегетативті жасушалардың және олардың тынышталған түрлерінің термотөзімділігі. Жоғары температураны зақымсыздандыру үшін, ал төменгі температураны микроб дақылдарын сақтау үшін қолдану.

Гидростатикалық және осмотикалық қысымдарының әсері. Осмофил мен галофилдердің ерекшеліктері. Микрооргаизмдердің оттекке қатынасы: аэробтар мен анаэробтар (облигатты және факультативті). Оттектің нағыз анаэробтардың өсуін тежеу себебі.

Қоректік ортаның тотығу-тотықсыздану потенциалы мен рН-тың әсері. Алколофильдер, қышқылдыққа тұрақты және ацидофильді микроорганизмдер. Топырақ микробиологиясы. Микроорганизмдердің топырақта таралуы. Ризосфера және микрофлорасы. Су және ауа микрофлорасы.

 

 

Антимикробты факторлар

 

 

Микроорганизмдерге микробиологиялық сипаттама. Вирустар. Жоғары сатылы организмдердің вирустары. Вирустардың ашылуы. Бактериялардың вирустары –бактериофагтар. Қарапайымдылар организмдер. Циста. Саңырауқұлақтар және олардың систематикасы.

Антимикробтық заттардың табиғаты мен тегі (абиотикалық, биотикалық). Олардың ерекшеліктері мен тигізетін әсеінің механизмі. Микробстатикалық пен микробцидтік әсері. Түрлі антимикробтық қосындыларды пайдалану. Ең маңызды химиотерапевтік препараттар, сақтау, дезинфекциялау және зақымсыздыру құралдары.

Микробтарды тежейтін физикалық факторлар. Радиация, олардың микроорганизмдерге тигізетін әсері. Микроорганизмдердің ультракүлгін және ионизациялаушы сәулелерге өзгерейтіндігін тұрақтылығы. Ультрадыбыс пен жиілігі жоғары тоқты пайдалану.

 

Зат алмасу (метаболизм)

 

Қоректену. Энергия Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы.

мен көміртек көздеріне байланысты қоректену түрлері. Прототрофтар, ауксотрофтар, паратрофтар. Сапрофиттер мен паразиттер. Микроорганизмдердің химиялық құрамы.

Микроорганизмдерге физикалық және химиялық, биологиялық факторлардың әсері. Топырақ микробиологиясы.

Микроорганимздер пайдаланатын органикалық және бейорганикалық азот қосындылары, олардың зат алмасудағы ролі. Даяр аминқышқылдарға дәрумендерге (витаминдерге) және басқада өсіру факторларына микроорганимздердің мұқтаждығы. Ауксотрофты микроорганизмді пайдалану. Тағамды сақтау мен консервілеуде микробтар тіршілігі сыртқы орта факторларымен реттеу. Санпин контроль және стандарт –нормалар. Вакциналар және прививкалар.

 

Энергетикалық процестер.

Микроорганизмдердің пайдаланатын эергия түрлері (электрохимиялық, АТФ). Олардың пайда болу жолдарымен атқаратын қызметі.

Ашу процесі. Ашу туралы анықтама.Соңғы бөлініп шығатын заттарға байланысты ашудың түрлері: спирт, сүтқышқыл, пропионқышқыл, майқышқыл, ацетон. Ашу процестерінің екі фазалық өту. Түрлі ашуды қоздыратын микроорганизмдердің сипаттамасы.

Анаэробты тыныс алу. Ол туралы түсінік. Анаэробты тыныс алудағы электрондардың донорлары мен акцепторлары. Нитраттарды және басқада азот қосындыларын тотықсыздандыратын микроорганизмдер. Денитрификация.

Сульфтредукциия. Тотығын субстраттар.

Метантүзуші, көмір қышқыл газын электрон акцептор ретінде пайдаланатын бактериялар.

Нитрификация, процестің сатылары. Автотрофтық пен гетеротрофтық нитрификация. Молекулярлық сутекті тотықтыру. Күкірт, темір, марганец, сурьманы және басқа элементтерді тотықтыру. Бұл процестердің маңызы.

Биосинтез. Конструктивті зат алмасудағы негізгі мономерлері органикалық қышқылдар мен аминқышқылдар, нуклеотидтер мен қанттар). Оларды түзу жолдары. Гетеротрофтардың, автотрофтардың, жасыл күкіртбактериялардың, метантүзуші бактериялардың көмір қышқыл газын сіңіру жолдары. Формальдегидті пйдалану жолдары: метилотрофты бактерияларда рибулезомонофосфаттық және серин циклі. Үшкарбон циклімен глиоксилат шунтының биосинтетикалық процестер үшін маңызы.

Азот қосылыстарын сіңіру. Ассимиляциялық нитраредукция. Молекулалық азотты сіңіру процесінің механизмі. Бос тіршілік ететін және өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялар.

Аминқышқылдардың пайда болу жолдары, оларды пайдалану. Негізгі биополимерлерді түзу: нуклеин қышқылдарын, липидтерді, полисахаридтерді, көміртектерді парфирин қосылыстарды. «Екінші реттік метаболиттердің түсінігі.

 

3. Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі (күндізгі оқу бөлімі)

 

курс семестр кредит дәріс зертхана СОБӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау нысаны
емтихан

 

 

4. Пәннің пререквизиті мен постреквизиті

 

Микроорганизм физиологиясы мен биохимиясының міндеттері, методологиялық негіздері, даму сатылары микроорганизм жасушасындағы физиология мен метаболизмді зерттеудегі жаңа бағыттар, жалпы мдицинамен байланысы, өнеркәсіптік шаруашылығында қолданылуын білу туралы нақты жүйелер құрау.

Санитарлық микробиология –экология мен, биологиямен, биохимия, генетика, т.б. биологиялық пәндермен тығыз байланысты. Пәнді толық терең меңгеру үшін берілген материалды лекциямен қатар лабораториялық жұмыстарда, практикалық тәжірибелерде үйлестіруді қажет етеді. Әсіресе микроскопиялық техниканың (оптикалық микроскоп және электрондық микроскоптар), компьютерлердің физикалық және биологиялық приборлардың, химиялық реактивтердің мүмкіндіктерін пайдалануға көп көңіл аударылып отыр.

 

 

5. Глоссарий

 

Микроорганизмдер- оларға жай көзбен көрінбейтін немесе нашар көрінетін организмдер жатады.

 

Эукариоттар- барлық эукариоттардың клеткалары, негізінен 3 бөлімнен тұрады: беттік құрылыс, цитоплазма, ядролық аппарат.

 

Прокариоттар- олардың нағыз ядролары жоқ.

Түр- морфологиялық және биологиялық қасиеттері ұқсас, шығу тегі біртекті генотипті, микрорганизмдердің жиынтығы.

 

Дақыл- зертхана жағдайында қоректік орталарда өсірілетін микроорганизмдер.

 

Штамм- қасиеттері жағынан елеусіз ғана белгілері мен өзгешеленетін бір немесе сол түрлік микроорганизмдер. Осы топқа әр түрлі (топырақ, су, организм) немесе бір түрлі табиғи ортадан бөлініп алынған бір түрге жататын микроорганизмдердің әр түрлі дақылдары жатады.

 

Клон- бұл бір жасушадан алынған дақыл.

Колония- бір түр дараларының жиынтығы, яғни бір жасушадан алынған дақыл немесе себінді (культура).

 

Бинарлық номенклатура- 1) туысқандықты анықтайтын морфологиялық немесе физиологиялық белгілерін, микробты ашқан ғалым тегін және ерекше белгілерін көрсетеді (мысалы, тіршілік орны)

2) Микробтың түрін көрсетеді

Коли-титрді анықтау -(ішек таяқшасының титрі) судағы ішек таяқшасының болуы саңғырықтармен ластануына байланысты және судың патогенді микроорганизмдермен ластануы мүмкін екенін көрсетеді.

 

Коли- титр- судың мл-мен алғандағы ең аз мөлшерінде біреу болса да ішек таяқшасының болуы, яғни коли-титр жоғары болған сайын су таза деп есептеледі.

 

Коли индекс- 1 л судағы ішек таяқшасының саны яғни коли- индекс төмен болған сайын су таза болады.

 

Вирус- деген сөз «virus»- у (яд) деген ұғымды білдіреді.

 

Микроорганизмдердің физиологиясы- микроорганимздердің тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі физиология төмендегідей: қоректену, тыныс алу, көбею, даму.

 

Метаболизм-зат алмасу (грек тілінен аударғанда метаболь- өзгеру).

 

Анаболизм- құрылыстық алмасу деп атайды.

Катаболизм- энергетикалық алмасу деп атайды, яғни энергия құрастыру жолы.

 

Аэробтар- оттегін қажет ететін микробтар облигатты аэробтар- тек оттегі бар жерде ғана тіршілік етеді.

 

Микроаэрофилдер- оттегінің төменгі концентрациясында (1-2) тіршілік ететін микробтар.

 

Анаэробтар- оттегін мұқтаж етпейтін микробтар.

 

Факультативный анаэробтар- оттегі бар немесе жоқ жерде ғана тіршілік етеді.

 

Облигатты анаэробтар- тек оттегі бар жерде ғана тіршілік етеді.

 

Мутация- латынша Mutatio - өзгеріс деген сөз.

 

Бокс- асептикалық жағдайда жұмыс істеуге арналған изомецияланған бөлме.

 

Оптикалық аспаптар- биологиялық микроскоп, лупалар.

Стерилдеуге арналған аспаптар- автоклав кох қайнатқышы, кептіргіш шкаф, аспаптар, стерилизатор, Зейтц сүзгіші.

 

Аспаптар- түзу қайшы, ойықты зат шыны, жапқыш шыны, бактериялық пробиркалар, серогиялық центриофугалық Петри табақшасы, пипеткалар 1,2,5,10 мл.

 

Дезинфекция- жұқпалы ауруларды қоздырғыш микрорганизмдерді құрту үшін қолданылатын химиялық заттар. Бұл тәсілмен бөлмелерді, түрлі аспаптарды, киімдерді залалсыздандырады.

Ашу процесі-жалпы органикалық заттардың (көмірсулардың, органикалық азот қосылыстарының) микроорганизмдер әсерінен тотығуы.

 

Термостат – микроорганизмдерді белгілі температурада өсіруге арналған құрал.

 

Автоклав- лабораторияа, ауруханаларда, және түрлі тағамдық консервілер жасайтын зауыттарда микроорганизмдерді құрту мақсатында қолданылатын қабырғасы қалың, қос қабаттан тұратын аппарат қысым және жоғары температураға көптеген микроорганизмдер және олардың споралары шыдамай, қырылып кетеді.

 

Агар-агар- кейбір теңіз балдырларынан алынатын дені көмірсулар. Ыстық суда балқытылған агар салқындатқанда іркілдеп тұрады.

 

 

6. Оқу пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)

 

6.1. Оқытушы туралы мәлімет

Тоқабасова Айгүл Қадырбайқызы – аға оқытушы, б.ғ.к.

6.2.Пән туралы мәліметтер

Атауы: Санитарлық микробиология

Өтетін орны: сабақ кестесі бойынша

6.3.Пререквизиттер

Микроорганизм физиологиясы мен биохимиясының міндеттері, методологиялық негіздері, даму сатылары микроорганизм жасушасындағы физиология мен метаболизмді зерттеудегі жаңа бағыттар, жалпы мдицинамен байланысы, өнеркәсіптік шаруашылығында қолданылуын білу туралы нақты жүйелер құрау.

 

6.4. Постреквизиттер

Санитарлық микробиология –экология мен, биологиямен, биохимия, генетика, т.б. биологиялық пәндермен тығыз байланысты. Пәнді толық терең меңгеру үшін берілген материалды лекциямен қатар лабораториялық жұмыстарда, практикалық тәжірибелерде үйлестіруді қажет етеді. Әсіресе микроскопиялық техниканың (оптикалық микроскоп және электрондық микроскоптар), компьютерлердің физикалық және биологиялық приборлардың, химиялық реактивтердің мүмкіндіктерін пайдалануға көп көңіл аударылып отыр.

 

6.5. Пәнді оқыту мақсаты, міндеттері

Пәннің мақсаты- студенттерге санитарлық микробиология әр түрлі –патогенді микробтарының морфологиясы мен систематикасын, физиологиясын, әр түрлі факторлардың оларға әсерін, табиғаттағы жүретін зат алмасу процестерінде микрорганизмдердің ролі, азықтар мен жем-шөпті консервілеуде және оларды сақтауда микробтар түзетін биологиялық активті заттарды қолдану туралы білім беру, сонымен қатар оларды практикалық дағдыландыру.

Пәннің міндеті- студент микробиологиялық зерттеудің жаңа әдістерін, микроорганизмдердің табиғаттағы атқаратын ролін білу, препараттар дайындап, оларды бояу, таза өсіндіні бөліп, өсіруді және олардың пайдалы қасиеттерін әр түрлі өндірістерде қолднуды білуі керек.

Студенттердің микробиологиялық лаборатория жұмысымен танысуы мен микробиологиялық зерттеулер үшін коллекциялық материалдарды даярлауы, студенттердің ғылыми үйірмелерге қатысуы жөн.

6.6. Курстың тақырыптық жоспары

 

Тақырыптың атауы Дәріс Зертханалық жұмыс СОӨЖ СӨЖ
Кіріспе. Санитарлық микробиология пәніне жалпы түсінік. Санитарлық микробиология ғылыми дамуының кезеңдері      
Санитарлық микробиология ғылымының негізгі салалары – жалпы микробиология, техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология.      
Микроорганизмдерге микробиологиялық сипаттама.        
Микроорганизмдер систематикасы.      
Вирустар. Жоғары сатылы организмдердің вирустары. Вирустардың ашылуы.      
Бактериялардың вирустары –бактериофагтар.      
Қарапайымдылар организмдер. Циста.      
Саңырауқұлақтар және олардың систематикасы        
Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы.        
Микроорганизмдердің химиялық құрамы        
Микроорганизмдерге физикалық фактордың әсері        
Микроорганизмдерге химиялық фактордың әсері.        
Микроорганизмдерге биологиялық фактордың әсері.      
Тағамды сақтау мен консервілеуде микробтар тіршілігі сыртқы орта факторларымен реттеу.      
Ауадағы микрорганизмдер.      
Топырақ микробиологиясы. Микроорганизмдердің топырақта таралуы.      
  Ризосфера және микрофлорасы      
Су микрофлорасы.      
Иммунитет жөніндегі ілім.      
Патоген микробтар      
Адам мен жануарлардың вирустық аурулары және оларға қарсы күрес.      
Өсімдіктердің аурулары.      
Вирустық гепатит      
Тұмау және олардың түрлері      
Полиомиелит, шешек, аусыл.      
Құтыру      
Санпин контроль және стандарт -нормалар      
Вакцина және прививкалар.      
Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасы      
Атмосфера микрофлорасы      
Микробиологияның лабораториясындағы жұмыстың ережелері және микроорганизмді микроскоппен зерттеудің әдістері      
Микроорганизмдер морфологиясы      
Бактерия клеткасының құрылысы.      
Микрорганизм торшаларының саның анықтау      
Микроорганизмдерді өсіру      
Жиналатын микробтарды өсіріп алу      
Сыртқы орта және микроорганизмдер. Санитарлық-бактериологиялық зерттеулердің тәсілдері      
Таза микробты ажырату және қасиеттерін зерттеу      
Микроорганизмдерге сыртқы факторлардың әсері      
Микроскопиялық саңырауқұлақтардың морфологиясы      
Бактериялардың генетикасы      
Бактериофагтар      
Микроорганизмдердің генетикасы      
Мутация      
Бактериялардың диссоциациясы      
Адаптация        
Плазмидтер        
Микроорганизмдердің ферменттері және олардың ерекшеліктері        
Бактериялардың көбеюі (график және фазалар)        
Бактериялардың мүшеленуі (дифференциация      
Сыртқы ортаның микроорганизмдерге тигізетін әсері        
Қоректік орталардың түрлері және жасау принциптері        
Микроорганизмдердің метаболизмі        
Ашу процестері        
Микроэлементтер мен макроэлементтерді пайдалану        
Маномерлер мен полимерлердің биосинтезі        
Микроорганизмдерге қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторлардың әсері.        
Микроорганизмдердің өсімдіктермен қарым-қатынасы      
Микроорганизмдердің заттар айналымындағы ролі      
Микроорганизмдердің трофикалық тізбектегі орны.      
Прокариоттардың систематикасы.      
Бактериялардың практикалық классификациясы.      
Антибиотиктер және олардың қолданылуы      
Микоз ауруының белгілері және жұғу жолдары        
Сыртқы орта жағдайларының микроорганизмдерге әсері      
Лабортаориялық ыдыстарды залалсыздандыру әдістері      
Қоректік орталарды залалсыздандыру әдістері      
Микроорганизмдердің табиғатта таралуы      
Микроорганизмдердің табиғатта мекен ету орталары      
Микроорганизмдерге қоршаған ортаның биотикалық факторлардың әсері      
Микроорганизмдерге қоршаған ортаның абиотикалық факторлардың әсері      
Жоғары сатылы организмдердің вирустары      
Бактериялардың вирустары      
Иммунитет      
Сыртқы ортаның микроорганизмдерге тигізетін әсері      
Микробстатикалық пен микробцидтік әсері      
Радиация олардың микроорганизмдерге тигізетін әсері      
Микроорганизмдердің ультракүлгін және ионизациялаушы сәулелерге өзгермейтіндігінің тұрақтылығы.      
Ультрадыбыс пен жиілігі жоғары токты пайдалану      
Химиотерапевтік препараттар, сақтау дезинфекциялау және зақымсыздандыру құралдары      
Вирустық инфекциялар      
Вирусқа қарсы препарттар және вирусқа қарсы әсердің механизмдері      
  Барлығы

 

 

6.7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Құлдыбаев М.М. Ауыл шаруашылық микробиологиясы.- Алматы , 1994.

2. Мишустин Е.М., Емцов В.Т. Микробиология.- М.Колос, 1987.

3. Райкс Б.Н., Пожарская В.О., Казиев А.Х. Общая микробиология с вирусологией и иммунологией. Москва, 2002. «Триада».

4. Шлегель Г. Общая микробиология - М., 1987., 767с.

5. Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология –М.,1987., 391с.

6. Гусев М.В. Микробиология –М., МГУ,1992, 448с.

7. Стейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Мир микробов в 3-х томах., М.Мир,1979

8. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері, Алматы «Мектеп»., 1982.

9. Шоқанов Н.Қ. Микробиология, Алматы «Санат»-1997.

10. Сағындыкова С.З., Шоқанов Н.К., Серікбаева Ф., Микробиология. Алматы, 2003ж.

11. Мукашева Т.Д., Практическое занятие по микробиологии. Алматы: КазГУ., 1991.

12. Практикум по микробиологии/ под ред. Н.С. Егорова. М. : МГУ, 1976.

13. Дебабов В.Г. Современные методы создания промышленных штаммов микроорганизмов. М.: ВШ,1987.

14. Лукомская К.А. Микробиология с основами вирусологии – Алматы., «Наука», 2002,130с.

 

 

6.8. Баға жөнінде ақпарат

 

Әріп жүйесі бойынша бағалау Баллдық көрсеткіш %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 Өте жақсы  
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74   Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д- 1,0
Ғ- 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

6.9 Курстың саясаты мен процедурасы

Негізгі талап студенттің сабаққа қатысы. Сабақ жіберу барлық жерде әсер етеді. Аттестация қорытындысына да әсер етеді.

Сіздің міндетіңіз сабаққа қатысып білім алу себеппен (ауру) жіберген жағдайда бұрынғы жақсы қатысы, білімі, қоғам жұмыстарына белсене араласуы ескеріледі.Тапсырма: Студент сабаққа қатысқанмен тапсырманы орындамаса, зертханалық жұмыстарды жасап есебін бермесе ол жұмысты сабақтан тыс кері орындайды. Берілген тапсырма мерзімінен кеш орындалса да төмен баға алуға соқтырады. Күнделікті тапсырмадан төмен баға алу қорытынды бағаға зиянын тиігізіп баға төмендейді.

 

 

7. ДӘРІС САБАҚТАРЫ

 

Дәріс №1

Санитарлық микробиология пәніне жалпы түсінік

Санитарлық микробиология ғылыми дамуының кезеңдері

 

Мақсаты: Студенттерді санитарлық микробиология пәнімен таныстыру және микробиологиялық зертхананың жұмыс ретімен, құрал-жабдықтарымен, оптикалық микроскоп құрылысымен, микроскоптау техникасымен, стерилдеу әдістермен таныстыру.

Санитарлық микобиология және олардың тазалық рөлін атқарады. Бактерия мен вирустарды зерттейді. Санитарлық микробиология су, тамақ, топырақ микрофуласын және олардың қоректену процесін қарым-қатынасын зерттейді. Ең алғаш ашқан француз дәрігері 1888 ж. Е. Масе ашты. Ішек таяқшасын зерттеген. Судың көрсеткішіне ұсыныс берген. 1919 жылы VIII съезде халықтың денсаулығын жақсартуға ұсыныс берді. Совет Одағы кезінде ең бірінші ашылған институттар зертханалық, санитарлық гигиеналық оқулар ашылды. Қазіргі уақытта 2000 ға жуық гигиеналық нормативтер адам денсаулығына биологиялық, физикалық және химиялық факторлар әсер етеді. 30 жылдары совет үкіметі кезінде санитарлық микробиология жарық көрді. Сондықтан 1-ші орында болды. Жалпы гигиеналық норма 1-ші санитарлық микробиология медициналық минералдардың 1-бөлігі. Қазіргі уақытта санитарлық микробиология- өз бетімен ғылым ол: микробиологиялық, гигиеналық, эпидемиология үш маманнан тұрады. 1-ші кітаптар санитарлық микробиологияны ашқан ғалымдар СССР-ң кезінде А.А. Миллерн «Санитарлық микробиология», 1935 ж. И.Е. Минкевич, «Курс санитарной бактериология» 1940, В.И. Теца «Санитарная микробиология» 1953. Г.П. Калины және Г.Н. Чистовича 1969ж. 1968 ж. кафедра меңгерушісі Ленинградтық санитарлық гигиеналық медицина институттың профессоры Г.Н. Чистовичем ең алғаш студенттерге арналған кітабы «Основы санитарная микробиология» А.М. Смирновой « Санитарная микробиология».

1963 ж. совет министрі ұсынды негізгі жұмыстар, санитарлық, структуралар, органдар ашылды.

1873 жылы СЭС-санитарлық эпидемологиялық қызмет. 1891 жылы Санитарлық медицина ашқан. 1922 жылы Белоруссияда 1924 ж. Ураинада, 1927ж бастап барлық територияларда ашылған. 4900 СЭС ашылды. Санитарлық микробиология ашты. Республика бойынша тарайды.: қалалық, облыстық, селолық су транспорты, темір жол транспорты, құрамы: 3 бөлімше, санитарлық гигиеналық эпидемологиялық, дезинфекциялық, Москва НИИ Ф.Ф. Эрисмана МЗ РСФС; институт жалпы коммуналдық гигиена А.Н. Сысина АМИ СССР, тамақтану институты АМНСССР, Н.Ф. Гамалей, вирусологиялық институт Д.И. Ивановско және т.б. 1982 ж. санитарлық қызметтің 60 жылдығын тойлады.

1. Зерттейді: ауаны, суды, топырақты тағамдарды зерттейді.

2. Адамдар, жан-жануарлар мен қоршаған ортаны бағалайды.

3. Стандарттық нормативтік, методтық тексеріс

4. Қоршаған ортаға алдын-ала көңіл бөледі.

5. Мемлекеттік бойынша жұмысты орындау.

Санитарлық микробиология пәніне жалпы түсінік.

а) Санитарлық микробиология дамуының қысқаша тарихы. Микроорганизмдердің ашылуы, алғашқы зерттеулер, микробиологияның ғылым ретінде қалыпьасуы. ХХ ғасырда микробиологияның дамуы. Микробиологияның дамуына ХХ ғ. Ашылған және Нобель сыйлығына ие болған басты жаңалықтар үлкен үлес қосқан лауреаттары : 1. Роберт Кох -1905ж. (Өкпе ауруының қоздырғышы)

2. Александр Флеминг, Эрнст Чайн, Говард Флори -1945ж. (Пенициллин)

3. Селман Ваксман -1952ж. (Стрептомицин)

4. Джон Эндерс, Томас Веллер, Фредерик Роббинс -1954ж. (Клетка өсінділерінде полиовирусты дақылдау)

5. Франк Жакоб, Жак Моно, Андре Львов -1965ж (Бактерияда протеинді синтездеуді реттеу)

6. Макс Дельбрюк , Альфред Херши, Сальвадор Лурия -1969ж (Бактериялардың вирустық инфекциялану)

7. Ренато Дульбекко, Говард Темин, Давид Балтимор-1975ж (Вирустардағы кері транскриптаза)

8. Дж. Михаел Бишоп, Герольд Вермус -1989ж (Ретровирустардың онкогенді қасиеті)

9. Петер Митчелк -1968 ж. (АҮФ түзілу механизмі)

10. Стенли Прузенер -1997ж. (Приондар)

11. К. Муллис -1993ж (Полимеразды тізбекті реакция)

б) А.Левенгуктың 1695ж. микродуниені ашуы. Л.Пастердің-1822-1895 микробиология ғылымында физиологиялық багыттың қалаудағы еңбектері: 1857ж-ашу процесің; 1860ж. –тіршілік өздігінен пайда болмайды; 1865ж. –шарап және сыра ауруы;1868ж. –жібек құртының ауруы; 1881ж. –залалдаушы және вакцина; 1885ж.- құтырманың алдың алу.

Топырақ микробиологиясы негізін қалаушылар –С.Н.Виноградский-мен Бейеринктің жұмыстары

в) Микробиология және вирусологияның дамуына үлес қосқан физиология мен медицина саласындағы Нобель лауреттары.

г) Қазақстанда жалпы микробиология мен вирусологияның негізін қалаушылар – Д.М. Новогрудский, Д.Л. Шамис, Х.Ж. Жұматов

д) Д. И. Ивановский вирустарды ашуы. Вирусологияны алғашқы табыстары.

е) Микрорганизмдердің тіршіліктегі орны түралы түсініктің қалыптасуы

 

Микроорганизмдердің ашылу тарихы.

Микроорганизмдердің алғаш рет ашылуы Голандия әуесқойы Антоний Левенгуктың (1632-1723) есімімен тікелей байланысты.Жас кезінен шынылардан түрлі нәрселер жасап үйренген Левенгук заттарды 160-200 есеге дейін үлкейте алатын қабілеті бар жай алғашқы микроскопты құрастырды.Микроорганизмдерді ол көрсетіп ол олардың суретін салды.Бірақ Левенгук өзінің көрген «ұсақ аңдарын» сипаттап жазғанымен,олардың табиғаттағы маңызын білмеді және сол кездегі оптикалық мешеулігінен ол өзі көрген микробтарды бір жүйеге келтіре алмады.Сондықтан он сегізінші ғасырда Швеция көрнекті табиғат зерттеушісі Карл Линей өзінің «табиғат системасын» жасағанда микробтарды берекетсіз жиынтық, «хаос» деген топқа жатқызды.Осымен Левенгуктың ашқан жаңалықтары микроорганизмдер дүнейесін одан әрі зерттеуге,сөйтіп,микроорганизмдер жөнінде ғылым-микробиологияның дамуына көп себепші болды.Кейбір оқымыстылар микроорганизмдерді шіріген заттардан пайда болды десе,қалғандары бұл пікірмен келіспеді.Микробтардың өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1765жылы Спаланцанидің жасаған тәжірибесі француз ғалымы Н.Апперттің 1810жылы тағамдық консервілерді жасау әдісіне бірден бірнеше себепші болды.Негізгі аспап-микроскоптың жетілуімен байланысты микробиология да дамып,бірнеше тамаша жаңалықтардың ашылуына мүмкіндік туды.Микроорганизмдер морфологиясының негізін қалап,тарихын толық зерттеген орыс ғалымы Л.С.Ценковский болды. Микробиологияның бұдан әрі дамуына көрнекті француз ғалымы Луй Пастердің (1822-1895) есімімен байланысты.Ол микробиологиядағы физологилық бағыттын негізін қалап,түрлі жұқпалы аурулардың шығу тегі туралы күрделі еңбектерімен микроорганизмдердің адам өміріне және табиғаттағы зор роль атқаратындығын дәлелдеді.Әрине,микроорганизмдердің құрлысын және тіршілік ету жағдайын зерттеу оқымыстыларға оңайға түскен жоқ, микробиология саласында айта қаларлықтай еңбек еткендердің бірі-М.М.Тереховский.Миккроорганизмді алғаш ашқан ғалымдар бізді қоршап тұрған ортада олардың қандай маңызы болатынын жете түсінбеген.Содан бері бірнеше жүздеген жылдар өтті.Микробтар қазір адам тұрмысының барлық саласына енді.Олар медицина және ветеринарияда адам мен жануардың түрлі ауруларымен күресуде баға жетпес көмек көрсетуде.Олардың көмегімен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға болатынын дәлелдеді.Қазіргі кезде микробиология ғылымы өндірістік,мал дәрігерлік,техникалық,ауыл шаруашылық және топырақ микробиологиясы болып бірнеше салаларға бөлінді.Бұл салалардағы келелі жетістіктер халық шаруашылығында кеңінен қолданады. Жай көзге көрінбейтін тірі мақұлықтар-микроорганизмдерді білмейтін адам қазірде білуде біреу-ақ.Сонымен қатар микробтардың табиғатта кең таралғанын,олардың адамдар мен жануарлардың жұқпалы ауруларын қоздыратынын да көпшілік біледі.Бірақ жер бетінде олардың адам өмірі мен жануарлар тіршілігінде атқаратын маңызды ролін жете түсіне қою оңай емес.Микробтарды зерттеуде,олардың тіршілік жағдайын анық білуде техниканың дамуының зор әсері бар. Әдетте біз микроорганизмдерді тек арнаулы аспап-микроскоптармен көруге болады. Микроорганизмдердің жөніндегі біздің түсінігіміздің одан әрі дамуына электрондық микрскоптың жасалуымен тығыз байланысты. Жалпы микроорганизмдер табиғатта аса көп таралған.Олар біз тіршілік етіп тұрған жердің топырағында,ауасында,қала берді табиғаттағы алуан түрлі суларда, жайқалған көк өсімдіктер сабағында,жапырағында және тамырында сан мыңдап кездеседі. Микроорганизмдердің көптеген түрлері бар.Микробиология – (грек. Микрос- ұсақ, Биос-тіршілік, логос- ғылым) биология ғылымының жәке бір саласы болып саналады. Микробиологияның зерттеу объектілері- ұсақ, жай көзбен көрінбейтін, тек микросппенғана көріп-білуге болатын организмдер. Олар өлшемі және құрылысы жағынан әр түрлі организмдер- вирустар, бактериялар, балдырлар, ашытқы және микроскоптық санырауқұлақтар, қарапайымдылар. Микробиология көп салалы ғылымға жатады. Зерттеу объектілеріне қарай ол: вирусология, бактериология, альгология, микология деп бөлінеді.

Микроорганизмдердің атқаратын кызметтері мен мәні бойынша микробиология: геологиялық, ауылшаруашылық, өндірістік болып жіктеледі. Микробиология: 1. Іргелі (цитология, метаболизм, генетика, экология, систематика)

2. Қолданбалы (тағам, санитарлық, геомикробиология, микробиологиялық синтезі , қоршаған орта)

3. Қоршаган орта (су, топырақ, теңіз, аэро, космостық )

4. Мақсаттағы : медициналық; өнеркәсіптік; ауылшаруашылық; ветеринарлық

5.Таксономиялық:бактериология;альология; протозоология;микология

Микробиология химия; физика; цитология; иммунология және басқа да табиғаттану ғылымдарымен тығыз байланысты.

Микробиологияның даму тарихы: 1. Адамзаттың микроорганизмдермен танысуы; 2. Микроорганизмдердің ашылуы; алғашқы зерттеулер; 3. Микробиологияның ғылым ретінде қалыптасуы; 4. ХХ ғасырда микробиологияның дамуы.

Микробиология ғылымына елеулі үлес қосқан орыс ғалымы И. И. Мечниковтың (1845-1916) еңбегі зор. Оның әсіресе иммунитет және бактерология жайындағы еңбектері өте бағалы. И.И. Мечников «фагоцитоз және оның иммуниттегі рөлі» туралы тыңғылықты ілім жасады. Фагоцитоз деп зиянды микробтарды жоятын организмдегі ерекше обыр клеткалардың қасиетін айтады. И.И. Мечников адамның қартаюына басты себебі болып есептелетін турлі жұкпалы ауруларды емдеуде қазір қолданылып жүрген дәрілерде алудың ғылыми теориялық негізі антагонизм туралы ілім жасады. Антагонизм- тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдердің бір-бірімен күресі.

Микробиологияны тамаша табыстарға жеткізіп, денсаулық сақтау жөніндегі барлық маңызды мәселелерді шешуге бар күшін жұмсаған ғалымдардың бірі- академик Н.Ф. Гамалея (1859-1949). Ол микробиология және бактерология саласында көп еңбектер жасады. Мечниковпен бірге Россияда бактерологиялық лабораторияны ашуға белсене қатысты. ал Мечников қайтыс болғаннан кейін оның ісін жалғастырды. Ол көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде микробтар әлеміндегі ерекше организмдер – бактериофагтар ашты. Сөйтіп, ол соңғы жылдары елімізде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымның негізін қалаушылардың бірі болды. Гамалея оба және туберкулез аурулардың кейбір мәселелерін зерттей отырып, оларды емдейтін отандық препараттар жасады. Ол тамаша микробиолог ғалымдарды даярлады.

С.Н. Виноградский (1856-1953) –топырақ микроорганизмдерін зерттеген орыстың көрнекті ғалымдарының бірі. Ол топырақ микробиологиясын қалаушы.

В.Л. Омелянский (1867-1928), ол клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп, бұл құбылыстың бір қатар жақтарын аңықтады.

Микробиология тарихында орыс ғалымы М.С. Ворониннің де өзіндік орны бар. Ол бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында тіршілік ететін және тіршілігі барысында аудағы атмосфералық азотты өз бойына сіңіре алатын микроорганизмдердің ерекше тобын –түйнек бактерияларын тауып, оларды жете зерттеді.Жалпы микробиология микрорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына,дамуы мен тіршілк етуінің негізгі зандылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табигатта зат алмасу процесіндегі рөлін және оны адам игілігіне қолданудың мүмкіндітерін зерттейді.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Санитарлық микробиология пәнін қандай микроорганизмдер құрайды:

2. Бактерия қалай табылды?

3. Санитарлық микробиология пәні және оның биология саласындағы пәндердің арасында алатын орны?

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, Мектеп, 1982ж.- 295 б

2. Шоқанов Н.Қ. Микроорганизмдерді ауылшаруашылығында қолдану. Алматы, «Қайнар», 1982ж.-370б

3. Шоқанов Н.Қ. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997ж.-300 б

4. Шығаева М. Х., Қанаев Ә. Т. Микробиология және вирусология-А., «Қазақ университеті»-2008ж, 378 б

5. О.Абдрахманов «Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы»., А.,

«Мектеп»-баспасы 1972ж. – 382 б

6. Г.П. Калины, Г.Н. Чистович «Санитарная микробиология» , М.- 1965 г, 255 б

7. З.Н. Качемисова, С.А. Ефремова, А.М. Рыбанова «Санитарная микробиология», М.- 1987г, 455 б

8. А.А.Воробьев , Ю.С. Кривошеин В.П.Ишробонов «Медицинская и санитарная микробиология»,М.-1988г, 227 б

9. В.П. Иванова «Санитарная микробиология», Л.-1988г, 345 б

10. С.Я. Любашениса «Санитарная микробиология», М. «Пищевая промышленность»-1980, 223с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Лурия С., Дарнелл Дж. и др. Общая вирусология – М.: Мир, 1981. – 380 б

2. Мишустин Н.Е. Ассоциация почвенных микроорганизмов. –М.: Наука, 1975. -372 б

3. Стейнер Р. Эделберг Э., Ингрем Дж. Мир микробов. М.: Мир, 1979- Т.1-3. – 445 б

4. Аникеев В.В., Лукомская К.А, Руководствои практическим занятиям по микробиологии –М.: Просвещение, 1983. – 478 б

 

 

Дәріс №2