Аудиториялар тізімі
Бейсекей Е. аға оқытушы
«Экономика және Бизнес» кафедрасының MUR 3210 Мұражайтану
пәнінен
Рет № | Аудитория (кабинет, лаборатория) № | Аудиторияның (кабинет, лаборатория) жұмыс бағыты | Пәнді оқытуда қолданылатын құрал-жабдықтар |
Бағдарлама жетекшісі Бейсекей Е. аға оқытушы
ЕУРАЗИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» КАФЕДРАСЫ
Дәрістер кешені
MUR 3210 Мұражайтану
пәні бойынша
«5В090200 – ТУРИЗМ»
мамандықтарына
Алматы, 2014 ж.
Тақырып № 1.
«Мұражайтану» түсінігі, оның мақсаты мен міндеттері.
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша «Мұражайтану» түсінігі, оның мақсаты мен міндеттерің анықтау.
Лекция сұрақтары:
1.1 «Мұражайтану» түсінігі, оның мақсаты мен міндеттері.
1.2 Мұражайтанудың объекті мен әдістері, мұражайтану ғылым құрылымында
1.3 «Мұражайлық зат» және оның қасиеттері
1.4 Мұражайлық заттың фунукциялары.
1.5 мұражайлардың классификациясы.
Мұражайдың түсінігі, пайда болуы
Мұражай түсінігі екі жарым мың жыл бұрын пайда болды, бірақ бүгінгі күні бұл түсініктің мазмұны өзгерді. Көне гректер мусейон (мұражай) ретінде – ”муза шырақтарын” түсінген болатын, біраз уақыттан кейін оны - әдебиетпен, ғылыммен айналысатын жер деп есептеген.
Мұражайларға екінші өмірді Жаңа өрлеу дәуірі берді және оған жаңа мазмұн сыйлады. Мұражай деп көне дәуірдің мәдени ескерткіштер коллекциялары, кейін дүние жүзінде табиғатта сирек кездесетін заттар есептелді, ал XVI ғ-ң екінші жартысында “мұражай” терминін белгілі бір заттар жиынтығына және олар сақталатын жерге қатысты қолданылды, кейін сирек кездесетін коллекцияларды сақтап қана қоймай, оны зерттеп көпшілікке көрсететін болды. XIX ғ-да мұражайдың қалыптасу процесі аяқталды.
Бүгінгі күні мұражай анықтамасының бірнеше түрі бар, бұл оның қиындығы мен көпқырлылығына байланысты. XX ғ. адамзатқа мұражайдың жаңа түрін берді, өйткені адамдар заттармен бірге айналадағы табиғатта тарихи-мәдени ортаны сақтап көпшілікке көрсетуге болатынын түсінді, нәтижесінде ашық аспан астындағы мұражайлар пайда болды және олар өздерінің алғашқы өзгертілмеген түрінде көрсетілді.
Халықаралық практикада мұражайлардың халықаралық советі (ИКОМ) ұсынған анықтама жиі қолданылады. 1995 ж. енгізілген өзгертулер бойынша:
Мұражай- қоғамға қызмет ететін, адамдар үшін ашық коммерциялық емес мекеме, ол білім беру, өркендеу және көңіл көтеру мақсатымен адамның құндылықтарын ашатын, сақтайтын, зерттейтін мекеме.
Көптеген зерттеушілер мұражайды әлеуметтік институт деп түсінеді.
Мұражайлық зат және оның құндылығы
Табиғатта және қоғамда көптеген заттар мен объектілердің ғылыми, көркемдік, тарихи не болмаса мемориалдық құндылығы бар, сондықтан олар мұражай үшін бағалы болып келеді. Оларды мұражай заты деп атайды.
Алдымен бағалы, құнды затты әлеуметтік, табиғи ортада тауып алады, оны мұражайға жеткізеді, есепке алады және сақтайды, мұражай заты ғылыми өңделуден өтеді, содан кейін барып мұражай заты статусына ие болады. Мұражайда заттың функционалдық маңызы емес, оның табиғат пен мәдениеттің ескерткіші ретінде қоғамдық маңызы негіз болып есептелінеді. Мұражайда ол белгілі-бір құбылыстың, процестің, факттің деректі күәгеріне, белгісіне айналады. Мұражайлық затты зерттеген кезде мамандар оның айналадағы ортамен қатынасын, басқа заттармен ұқсастығын, ерекшелігін ескереді.
Мысалы: археологиялық қазбалар кезінде табылған үй заттары, еңбек құралдары өзінің маңыздылығын баяғыда жоғалтты, бірақ олар мұражай үшін әрқашан да әлеуметтік тұрғыда өте бағалы.
Белгілі бір зат мұражайлық затқа айналу үшін белгілі бір қасиеттерге ие болу қажет.
Жалпы мұражайлық заттың жақтарын ашатын 3 қасиет кең таралған:
- ақпараттық
- аттрактивті
- экспрессивті.
Ақпаратты қасиет: мұражайлық заттың мазмұнды жағын сипаттайды, сонымен қатар оның тарихи, мәдени, қоғамдық және табиғи процестер мен құбылыстарда мәлімет негізі ретінде шығуын сипаттайды.
Заттың мәліметтік жағын құжаттағы ғылыми бейнеленуі береді. Бұл мәліметтер 2 группаға бөлінеді:
- ішкі ақпараттық кеңістік
- сыртқы ақпараттық кеңістік
Ішкі ақпараттық кеңістік –заттың сыртқы белгілерін көрсетеді – заттың аталуы, ол не үшін қолданылады, формасы, формасы, неден жасалғандығы, жазулары және т.б.
Сыртқы ақпараттық кеңістік – заттың тарихы туралы мәлімет береді, заттың қандай жерден шыққандығын, оған қандай адамдар қатысқандығы туралы мәлімет береді, яғни заттың сыртқы мәліметтерін береді. Сыртқы және ішкі ақпараттық кеңістіктер бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені мәліметтік потенциалды, мұражайлық заттың негізін құрайды.
Аттрактивті қасиет –заттың сыртқы бейнесін сипаттайды, ол келушілердің көңілін өзінің сыртқы белгілерімен, формаларымен, түр түсімен аударады.
Экспрессивті қасиет – заттың қасиетті жақтарымен байланысты, ол адамда белгілі бір ассоциацияларды туғызады.
Мысалы: адам өзін сол оқиғаға қатысқандай сезінеді, осындай сезім тарихи мәліметтерге байланысты.
Сөйтіп, мұражайлық затты табиғаттың қозғау объекті ретінде сипаттауға немесе адам қызметінің құндылық нәтижесі ретінде сипаттауға болады.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары
1.Мұражайтану түсінігі. Мұражай жұмысының теориясы мен әдістемесі.
2.Мұражайтану объекті.
3.Мұражайтану заты мен оның құрылымы.
4.Мұражайтану әдістері (диалектикалық, жалпы ғылыми
6. Ұсынылатын әдебиеттер
1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.
2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.
3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001
4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.
5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 2006.
6. Крейн А.З. Рождение музея – М., 1969.
7. Хадсон К. Влиятельные музеи – Новосибирск, 2001.
8. Тучков И.И. Классическая традиция и искусство Возрождения. М., 1992.
Тақырып № 2
Мұражай қызметінің теориялық базасы
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша мұражай қызметінің теориялық базасың анықтау.
Лекция сұрақтары:
2.1 Мұражай қызметінің теориялық базасы: құжаттау;
2.2 Мұражайлық комплектация. «мұражай фонды» түсінігі, мұражайлық фондтардың ғылыми ұйымдасуы.
2.3 Мұражайлық фондтар есебі мен сақталуы.
Мұражай қызметінің теориялық базасы
1. Мұражайдың әлеуметтік функциялары
2. Мұражай қызметінің теориялық базасы: құжаттау; мұражайлық комплектация. «мұражай фонды» түсінігі, мұражайлық фондтардың ғылыми ұйымдасуы.
3. Мұражайлық фондтар есебі мен сақталуы.
Мұражайдың әлеуметтік функциялары
Жалпы мұражайтануда 2 тарихи қалыптасқан функцияны бөлуге болады, олар мұражайдың қоғам мен мәдениетте орны мен ролін анықтайды:
1. Құжаттау функциясы:
Мұражайлық жинақта түрлі мұражайлық заттардың, оқиғалардың, процесс пен факттардың тіркелуі.
Мұражайлық жинаққа жиналғаннан кейін олар белгілі бір құбылыстың, оқиғаның белгісі болады. Құжаттау функциясы қоғамның мәдени және ғылыми сұраныстарына жауап береді және мұражайлық фондтың жинақталуы, зерттелуі және сақталуы кезінде іске асады.
2. Білім беру және тәрбиелеу функциясы:
Мұражайлық заттың ақпараттық және экспрессивті қасиеттеріне негізделген. Қоғамның мәдени және танымды сұраныстарымен еркшелінген, сонымен қатар мұражайлардың мәдени білім берудің түрлі формаларында іске асады.
Бұл екі функциядан басқа – бос уақытты ұйымдастыру функциясы да сипатталған, бұл функция эмоционалдық демалудымәдени демалуды іске асырады.
Мұражайлық қызметте кейбір теоретик пен практиктердің айтуы бойынша мұражайдың әлеуметтік функциясы ретінде ғылыми-зертеу, сақтау және коммуникативті функцияларды бөлуге болады. Ғылыми – зерттеу жұмысы, сақтау жұмысы құжаттау функциясының негізгі бөлігі болып табылады. Мұражайлық коммуникацияда мәліметтің берілуі іске асады, ал мұражайдың қызметі мәліметті баршаға беру.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары
1. Мұражай функциялары мен олардың мазмұны.
2. Мұражайлардың классификациялануы.
3. Мұражайлардың негізгі типтері.
4. Мұражай түрлері.
5. Мұражай затының түсінігі, мұражай заттарының типтері.
6. Ұсынылатын әдебиеттер
1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.
2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.
3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001
4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.
5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 200
Тақырып № 3.
Мұражайлық заттарды зерттеу
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша мұражайлық заттарды зерттеу; мұражай фондтарын жинақтау; мұражайдың экспозициялық-көрме қызметі; мұражайдың мәдени-білім беру қызметің анықтау.
Лекция сұрақтары:
Мұражайлық заттарды зерттеу; мұражай фондтарын жинақтау; мұражайдың экспозициялық-көрме қызметі; мұражайдың мәдени-білім беру қызметі
Ғылыми-зерттеу жұмысы мұражай жұмысының негізі ретінде. Мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмысының мамандануы және бағыты, мұражайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Мұражайлық заттарды зерттеу; мұражай фондтарын жинақтау; мұражайдың экспозициялық-көрме қызметі; мұражайдың мәдени-білім беру қызметі
Ғылыми-зерттеу жұмысы мұражай жұмысының негізі ретінде. Мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмысының мамандануы және бағыты, мұражайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Мұражайлар классификациясы
Мұражайдың әр қайсысы өлек қайталанбас болып келеді. Сонда да жиналған құрамында, әрекет масштабында, құқықтық және басқа да сипаттарында ұқсастығы болады, олар мұражайлық дүниені белгілі бір топтарға бөлуге рұқсат етеді, яғни классификация жасауға.
Классификацияның негізгі категориясы – мұражай бағдары, яғни оның мамандануы, бұл классификацияның негізгі белгісі – мұражайдың ғылыммен, техникамен, өнер түрімен, өндіру және оның салаларымен байланысты.
Маманданудың, яғни бір бағдардың мұражайлары бағдарлы топтарға бірігеді: ғылыми мұражайларға, музыкалық мұражайларға, тарихи мұражайларға, көркем мұражайларға, архитектуралық мұражайларға, ғылыми және техника мұражайларына, өнеркәсіпті мұражайларға, ауыл шаруашылықты мұражайларға, педагогикалық мұражайларға және т.б.
Ғылым мен техниканың, өнердің, мәдениеттің дамуы жаңа бағдарлардың дамуына әкелді. М: аквалангтың 1940 ж. пайда болуы суасты археологияның пайда болуына әкеп соқты. Бағдарлы классификациядан басқа мұражайлардың типологиялық бөлінуі жиі қолдануда. Мұражайлардың қоғамдық жүктелу белгісі бойынша типология бөлінген:
-ғылыми-зерттеу мұражайлары
-ғылыми-ағартушылық мұражайлар
-оқу мұражайлары.
Ғылыми-зерттеу мұражайлары –ғылыми-зерттеу институттарда, ғылыми академияларда жұмыс істейді.
Кеңінен таралған түрлерге – ғылыми-ағартушылық мұражайлар да жатады.Олар да ізденіс жұмыстар жүргізеді, бірақ олар көпшілікке бағытталғандықтан мәдени-ағартушылық мақсатта қолданылады.Олардың қызметтеріне экспозицияларды, жәрмеңкелерді және түрлі мәдени білім беру шараларын жүргізу жатады. М: А. Кастеев атындағы өнер мұражайын, Санкт-Петербургтегі эрмитаж мұражайын жатқызуға болады. Оқу мұражайлардыңнегізі –оқу процесіне көрнекілік пен заттылық беру және кадрлар дайындау. Осындай мұражайлардың түрі көбінесе оқу орындарында тараған.
Мұражайлардың классификациясы мен типологиясы бір бағдарлы мұражайлардың жұмысын үйлестіруге жағдай жасайды, мұражайлық жұмыстың дұрыс жүруін қадағалайды.
Классификацияның басқа түрлері де бар. Классификацияның негізінде - әкімшілік-территориалды белгі бар, осыған қарай: республикалық, облыстық, аудандық мұражайларды бөлуге болады.
- тиістілігіне қарай: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік болып бөлінеді.
Бағдары бойынша: тарихи мұражайларды:
- жалпы тарихи
- археологиялық
- этнографиялық
- соғыс-тарихи
- саяси-тарихи
- музыкалық-тарихи
- монографиялық
- тұрмыс тарихи және т.б.
Көркем мұражайларды:
- бейнелеу өнер мұражайларды
- сәндік-қолданбалы мұражайларды
- халық өнерінің мұражайларын және т.б. бөледі.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары
1. Мұражай фондының құрылымы мен оның түсінігі.
2. Фондттардың ғылыми ұйымдасуының міндеттер.
3. Мұражайлық фондтың заттары.
4. Мұражайлық заттардың есебі мен сақталуы.
5. Мұражайлық заттарды зерттеу.
6. Құжаттау мұражайлық қызметтің негізі ретінде.
7. Мұражайлық фондтардың сақтау жүйесі.
8. Мұражайлық заттарды консервациялау және реставрациялау.
9. Мұражай фондын жинақтау.
6. Ұсынылатын әдебиеттер
1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.
2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.
3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001
4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.
5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 2006.
6. Крейн А.З. Рождение музея – М., 1969.
7. Хадсон К. Влиятельные музеи – Новосибирск, 2001.
8. Тучков И.И. Классическая традиция и искусство Возрождения. М., 1992.
Тақырып № 4
Көне дүниенің мұражайлық жинағы
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша көне дүниенің мұражайлық жинағы; мұражайлық жинақтардың формалары. Көне Грекия: храмдар, пинакотектер. Эллинизм дәуірінің коллекциялары мен коллекционерлеріің анықтау.
Лекция сұрақтары:
4.1 Көне дүниенің мұражайлық жинағы; мұражайлық жинақтардың формалары. Көне Грекия: храмдар, пинакотектер. Эллинизм дәуірінің коллекциялары мен коллекционерлері.
4.2 Көне Рим жинақтары. Көне Римнің қоғамдық жинақтары. Сақтау, экспонаттау және Көне Рим жинақтарын көрсету.
4.3 Орта ғасырдығы коллекциялау.Храмдар мен сокровищницы. Шығыста коллекциялау ерекшеліктері.
Көне дүниенің мұражайлық жинағы; мұражайлық жинақтардың формалары. Көне Грекия:храмдар, пинакотектер. Эллинизм дәуірінің коллекциялары мен коллекционерлері.
Көне Рим жинақтары. Көне Римнің қоғамдық жинақтары. Сақтау, экспонаттау және Көне Рим жинақтарын көрсету.
Орта ғасырдығы коллекциялау.Храмдар мен сокровищницы. Шығыста коллекциялау ерекшеліктері.
Мұражайлық фонд дегеніміз-
1. мұражайда экспонат түрінде тұрған барлық заттар;
2. ғылыми көмекші мәліметтер: кестелер таблицалар, графиктер, жоспарлар, карталар, макеттер және т.б.
Мұражайды зерттеушілер фондты мұражай бағытына қарай, тарихына қарай, сонымен қатар мұражайлық заттардың типтерін бөледі:
1. Материялық заттар - адам шығарған, пайдалы функциясы бар заттар;
2. Бейнелеу заттары – сыртқы бейнесі бойынша мәлімет беретін заттар;
3. Хатты заттар – хатты белгілер жүйесі арқылы беріледі;
4. Фото-заттар – фотоаппарат арқылы алынған бейнелер;
5. Кино-зеттер- техникалық құралдар арқылы алынған заттар.
Ғылыми фондтық жұмыс – заттарды сақтау, зерттеу және мұражайлық экспонат түрінде қолдану жұмысы.
Ғылыми фондтық жұмыс:
I. Мұражайлық фондты жинақтайды, яғни заттың құнды жақтарын анықтайды және 3 этаптан тұрады:
1 этап. Атрибуция – физикалық қасиеттерін анықтайды, мұражайлық заттардың тарихын көрсетеді.
2 этап. Классификациялау және жүйелеу –мұражайлық заттарды қасиеттеріне қарай типтерге, түрлерге, группаларға бөледі.
3 этап. Талдау – білім көзі ретінде мұражайлық заттарды бөлу.
II. Есеп қызметін атқарады, яғни мұражайлық заттарды құжат түрінде белгілейді. Осындай есептің мақсаты – фондты заңды сақтау, нәтижесінде:
- есеп журналы;
- картотека;
- негізгі фондтың жүйелі құрылымы пайда болады.
III Сақтау жағдайларын құру қызметі, яғни мұражайлық заттың физикалық-химиялық қызметтерін қасиеттерін зерттеу, коллекцияларды көрсету үшін жағдай жасау, бүлініп қалудан, ұрланудан сақтау. Мұражайда арнайы сақтау режимі енгізілген:
- температуралы ылғалдылық сақтау қажет;
- светтің әсер етуін қадағалау;
- экспонатты құртатын ластағыштардан қорғау;
- биологиялық әсер етуден;
- механикалық әсер етуден;
- экстремалды жағдайлардан қорғау.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары
1. Мұражайлық мамандану.
2. Мұражайлық жинақтарды жинаудың ғылыми принциптері.
3. Мұражайлық жинақтарды экспонаттау.
4. Мұражайдың педагогикалық қызметінің бағыты, формалары мен әдістері.
5. Экскурсия мұражай қызметінің мәдени-білім берудің негізгі формасы ретінде.
6. Дәрістер, кеңес алулар, үйірмелер және т.б. мұражай қызметінің мәдени-білім беру формалары.
7. Мұражайлардағы әлеуметтік зерттеулер.
8. Мұражайда ғылыми-зерттеу жұмысының орны.
6. Ұсынылатын әдебиеттер
1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.
2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.
3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001
4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.
5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 2006.
6. Крейн А.З. Рождение музея – М., 1969.
7. Хадсон К. Влиятельные музеи – Новосибирск, 2001.
8. Тучков И.И. Классическая традиция и искусство Возрождения. М., 1992.
Тақырып № 5
Жаңа кезең. Жаңа кезеңнің кабинеттері, галереялары.
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша жаңа кезең. Жаңа кезеңнің кабинеттері, галереяларың анықтау.
Лекция сұрақтары:
5.1 Жаңа кезең. Жаңа кезеңнің кабинеттері, галереялары. Ренессанстік экспозициялар: Студиолар; Антиквариаттар; Уффица галереясы; кунсткамера. Мұражайлық графияның туылуы.
5.2 XVIII ғасырдағы Батыс еуропалық мұражайлар. Ағылшын мұражайлары. Германия мен Австрияның сурет галереялары. Италия мен Францияның мұражайлары.
Жаңа кезең. Жаңа кезеңнің кабинеттері, галереялары.
1. Ғылыми-зерттеу жұмысы-
2. Ренессанстік экспозициялар: Студиолар; Антиквариаттар; Уффица галереясы; кунсткамера. Мұражайлық графияның туылуы.
3. XVIII ғасырдағы Батыс еуропалық мұражайлар. Ағылшын мұражайлары. Германия мен Австрияның сурет галереялары. Италия мен Францияның мұражайлары.
Ғылыми-зерттеу жұмысы-адам еңбегінің ерекше түрі, қоғам үшін өте пайдалы білімдерді алу, қолдану және тарату.
Мұражайлар ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүйесіне кіреді, бұл мұражай мен ғылымның арасында байланыстың бар екенін дәлелдейді.
Ғылымның мұражайға әкелетін пайдасы көп:
- Мұражайлық фондты жинақтау тікелей зерттеулерді өткізумен байланысты, яғни коллекцияларды қалыптастыру кезінде, зерттеулер арқасында мұражай мұражайлық маңызы бар заттарды табады да оларды экспозицияға кіргізеді;
- Ғылыми білімдер мен әдістер мұражайлық фондтарды сақтаған кезде қолданылады, өйткені органикалық және органикалық емес мұражайлық заттар сақтаудың физикалық-химиялық жағдайларда сақталуын қамтамасыз етеді, осындай қамтамасыздықты керек ететін жаңа технологияларды шығарады;
- Ғылыми жұмыс- экспозицияларды құрғанда да қолданылады, ол мұражайлық заттың мәліметтік және экспрессивті қасиеттерінің арасындағы байланысты анықтайды.
Жалпы мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмысы келесі 2 бағыттардан тұрады:
1. Жәй ғылыми-зерттеулер- олар зерттелетін ғылым саласына байланысты;
2. Мұражайлық зерттеулер- мұражайлық заттарды жинау, сақтау, қолдану әдістемесі мен теориясында жаңа білімдерді қалыптастыру.
Мұражайлық зерттеулер түрлі бағыттардан тұрады:
- мұражайдың ғылыми концепциясын құру;
- фондтарды қалыптастыру облысындағы зерттеулері;
- мұражайлық заттарды және коллекцияларды зерттеу;
- сақтау облысындағы фондтарды зерттеу;
- экспозициялар мен көрмелердің ғылыми жоспарлануы;
- мұражайлық коммуникация облысындағы зерттеулер;
- мұражайлық қызметтің тарихын зерттеу және т.б.
Жоғарыдағы бағыттарды ашатын болсақ:
1. Мұражайдың ғылыми концепциясын құру, яғни мұражайдың құрылуы, дамуы және жұмыс істеуі.
2. Фондтарды қалыптастыру кезіндегі зерттеулер, яғни мұражайлық фондты толықтыру, ол келесі бөлімдерден тұрады:
- мұражайлық фондтың құрылымы мен фондын бағалау;
- тұрған коллекцияларды анализдеу;
- бағыт пен қалыптасқан коллекциялар сипаттамасын жасау;
- мұражай алдында тұрған мақсаты мен міндеттеріне қарай материалдарды фондтарға анықтау;
- мәліметтің көлемін анықтау;
- қалыптастыру каталогының жүйесін құру.
3. Мұражайлық заттарды және коллекцияларды зерттеу, мұражайда ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде шығарылатын жаңа мәліметтер
4. Сақтау облысындағы фондтарды зерттеу, заттың физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сақтаудың 2 түрі қолданылады:
- консервация – мұражайлық затты ұзақ мерзімге сақтайтын сала.
- реставрация – бүлінулерді алып тастау және алғашқы қалпына келтіріп фондқа қайтару.
5. Мұражайлық коммуникация облысындағы зерттеулер, мұражайлық заттың тарихы мен қазіргі жағдайы арасындағы мәліметті береді.
6. Мұражайлық қызметтің тарихын, теориясы мен әдістемесін зерттеу, мұражайтанудың жалпы мәселелерін шешуге бағытталған институттар мен лабораториялардың ашылуы.
Одан басқа
Мұражайлық педагогика дегеніміз –мұражай мен оның аудиториясы арасындағы қарым-қатынасты зерттейді.
Мұражайлық социология дегеніміз - мұражайлық қызметтің эффектілігін анықтайды. Ол:
- социологиялық сұрау арқылы;
- мұражай келермендері арқылы:
- мұражай экспозицияларының әсер етуі арқылы анықталады.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары
1. Көне Грек мусейондары және көне дүниенің бірінші коллекциялары.
2. Ғылыми коллекциялаудың туылуы.
3. Вотив заты, храм, пинакотек түсініктері.
4. Көне кездегі коллекциялау ерекшеліктері.
5. Көне Рим жинақтары.
6. Көне Римнің қоғамдық жинақтары..
7. Көне Рим қоғамдық жинақтарын көрсету.
6. Ұсынылатын әдебиеттер
1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.
2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.
3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001
4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.
5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 2006.
6. Крейн А.З. Рождение музея – М., 1969.
7. Хадсон К. Влиятельные музеи – Новосибирск, 2001.
8. Тучков И.И. Классическая традиция и искусство Возрождения. М., 1992.
Тақырып № 6
Ресейлік мұражайлардың пайда болуы
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша Ресейлік мұражайлардың пайда болуың анықтау.
Лекция сұрақтары
6.1 Ресейлік мұражайлардың пайда болуы. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басындағы кабинеттер мен галереялар. Петербургтік кунсткамера, Эрмитаж императірлік мұражайы, Мемлекеттік тарих мұражайы№
6.2 XIX ғ. Еуропалық мұражайлардың дамуы. Напалеондық соғыстар және мұражайлық құрылыс. Наполеон мұражайы, Бред пинакотекасы, Рейксмузеум, Прадо. Мұражай және ұлттық түсінік
ӨЗ ЗАМАНЫНДА БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ
АЛТЫН КІТАП МҰРАЖАЙ ДЕМЕШІЛЕРІ
“Меценат” сөзі өзінің тамырын ерте антикалық заманнан алады, ол дәуір мұражайлардың тек мәдениет мекемелері болып қана қоймай, музалар храмы болып табылатын кез еді. Оларды қолдаушылар қатарына Олимптің бұйра алтыншашты Аполлон сынды құдайлары ғана емес, сонымен қатар бай патрицийлер де жататын. Солардың бірі – римдік саяси қайраткер Меценат өзінің жомарттығы мен өнерге деген сүйіспешілігінің арқасында мәңгі өшпейтін даңқ қалдырды.
Мұражайлар – зерде, мәдени-тарихи қазына сақтаушылар, билік құрылымдары тарапынан да, қоғам тарапынан да үнемі назар аударуды талап ететін жанды құбылыс.
Ғасырлар тоғысында мұражайлардың өмірінде маңызды өзгерістер болды, мұның өзі олар жайындағы біздің бұрынғы түсінігімізді мүлдем өзгерткен еді. Ұмыт болған демеушілік, қайырымдылық деген ұғымдар біздің күнделікті тірлігімізде қайта орын алды…
ХІХ ғасырда өте білімді, құштар коллекционер, суретшілердің мейірімді де әйгілі қамқоршысы әрі қоғаушысы – П.М.Третьяковтың есімі кеңінен танымал. Бүгінде Ресейдің мерзімді басылымдарында “Интеррос” холдингінің басшысы В.Потаниннің есімі жиі кездеседі, ол Эрмитажға үнемі қол ұшын беріп тұрады, С.Гуггенхайм қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Санкт-Петербург қаласындағы Орыс мұражайы жанында “Друзья Русского Музея” атты халықаралық қоғамы жұмыс істейді, оның мүшелері мұражайға қаржылай көмек жасап, қажетті қызметтер көрсетеді, сондай-ақ мұражай өміріне белсенді араласады. Баршаның немқұрайлық танытқан қиын-қыстау уақыт, “үнсіз ғана қиратулар” бақытымзға қарай келмеске кетті.
Біздің мұражайдың да өз меценаттары пайда болды, өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншіліктен қуат алатын олар өздерінің қосқан үлестерінің іс жүзіндегі әрі материалдық нәтижелерін көруде. Солардың көрсеткен көмектері арқасында мұражайдың ғылыми, көрмелік-экспозициялық, білім берушілік жобалары қолдау тапты. Осының барлығы “Алтын адам” көрмесінен басталғанды, онда біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ – Ү ғасырлардағы скиф-сақ мәдениетінің ескерткіштері қойылған болатын. Бұл – 1997 жыл еді.
1998 жыл Мәскеу қаласындағы Халықаралық Рерих орталығынан әкелінген “Гималай” және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорынан ұйымдастырылған “ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы батысевропалық және орыс кескіндемесі” атты екі көрмемен бірден қуантты. Бірінші көрме тамаша адам – облыс әкімі В.Л.Меттенің арқасында дүниеге келген болатын. Оның жарқын бейнесі облыс тұрғындарының, ол қол ұшын созып, қолдау көрсеткендердің барлығының есінде сақталады деп сенеміз. Біздің ойымызша, ол көптеген жобаларды, соның ішінде осы көрмелерді қаржыландырған демеушіміз болып табылды. В.Метте вернисаждарға келіп, мұражайдың жағдайымен танысатын, қосымша салынған құрылысты күрделі жөндеу ісін қаржыландырды, ал онда мұражай галереясы ашылған болатын.
Сол 1998 жылы Алматы қаласының Шығыс Қазақстан облысында өткен Өнер онкүндігі кезінде сол кездегі Алматы қаласының әкімі, жерлесіміз В.В.Храпуновтың жеке өзінің бастауымен мұражайға келушілер ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы шетел және орыс шеберлерінің бірегей шығармаларымен танысты.
2001 жылғы 14 қазанда Киров атындағы этнобақта сәулетші Д.А.Мегидьтің жобасы бойынша ресейлік және қазақстандық жаңаазапшегушілер мен тәубеге келушілер үшін тұрғызылған шіркеуше қасиеттендірілді, ол Өскемен қаласының 1936 жылы қиратылған бас ғибадатханасы – Покров соборының орнына тұрғызылған еді. Жобаны қаржыландыруға “ҮМЗ” АҚ-ның (бас директоры В.Г.Хадеев), “Кседа” ЖШС-тің (директоры В.А.Лисянский) ұжымдары қатысты. Олар шіркеуше құрылысын жүргізудің бас демеушілері болды.
Қайырымдылық жасаушылардың қорды жәдігерлермен толықтырудағы ролі зор. Алматы қаласының қазіргі әкімі, республикамыздың белгілі мемлекеттік қайраткері, Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын әзірлеп, орындаушылардың бірі, еліміздің мәдениетін дамытуға зор үлес қосып жүрген И.Н.Тасмағамбетовке ерекше алғысымызды білдіреміз. Оның тікелей көмегі арқасында Алтын және бағалы металлдар музейінен 43 көркем зергерлік бұйым алынып, мұражайымыздың жинақтамалары толыға түсті. Бұлар – Қазақстанның барлық аймақтарының ХІХ – ХХ ғасырлардағы өнерін паш ететін күміс белбеулер, білезіктер, сақиналар, сырғалар, шекеліктер. Олардың ішінде Шығыс Қазақстан аймағына қатысты әшекейлер де бар. Олар әртүрлі техникада орындалған, әсем әшекейлері – мәнерлі сызықшаларымен және күн рәміздік белгілерімен көзге түседі.
Тілдік музыкалық аспап – өткен ғасырдың 30-40-ші жылдарында АҚШ-та Карпентир компаниясы шығарған фисгармонияны мұражайға “Кседа” фирмасының директоры В.А.Лысянский сатып әперді. Ал қазақ әйелінің әсем киімін – түрлі-түсті трикотажтан тігілген көйлегін, ұзын да қиықты кең жеңі бар қынама бел жекет-камзолын және бас киімін “Шарм” фирмасының директоры С.В.Романова мұражайға тарту етті.
Мұражай қызметкерлері мен Бірінші Шығыс Қазақстан округі шіркеулерінің благочинныйы, Покров шіркеуінің басшысы, өте білімдар, антиквариаттың асқан білгірі Амфилохий әкейді көпжылдық достық пен ынтымақтастық байланыстыруда, ол мұражайға бірегей діни заттар – Әулие Николай Чудотворец иконының қалқалы эмаль техникасында жасалған әулиелік белгісі – тәжді, қасиетті жалау – хоругвьті, дін қызметкерлері фотосуреттерінің көшірмелерін, ШҚО ғибадатханаларының тарихы жөніндегі материалдарды мұражайға сыйға тартты. Сондай-ақ онымен бірлескен жағдайда көрмелер безендіріліп, бірқатар іс-шаралар өткізілген болатын.
80-ші жылдардың соңында Зырян ауданына жасалған экспедициялардың бірінде мұражай қызметкерлері бұрынғы Зырян, Большенарым және Катонқарағай аудандарын біріктіретін Белое ескідәстүршіл приходының священнигі М.С.Рахмановпен танысқан-ды, ол мұражайға ХІХ ғасырдың – ХХ ғасыр басының 10-нан астам сирек кітаптарын сыйлады. Міне жылдар өткен кезде, яғни 2005 жылы Марк Степановичтің немересі – О.М.Рахманов атасын есте тұтып мұражайға 1913 жылғы бірегей ескідәстүршіл басылым – үштүсіндірмелі Апокалипсисті сыйлады, ол батырма өрнекті тері мұқабасы мен қапсырмасы бар, 72 түрлі-түсті литографиямен безендірілген, сирек кездесетін басылымдар коллекциясын толықтыра түсті.
100-ден астам жәдігер – ерлер мен әйелдер киімін, тұрмыстық және сәндік бұйымдарды, әшекейлерді, музыкалық аспаптарды, кітаптарды мұражайға пастор Ким Хон Бе мен оның зайыбы Джон Сун сыйға тартты, олар Сеулден Шығыс Қазақстан облысына миссионерлік қызметпен келіп, інжілшіл христиан-баптистердің “Родник” шіркеуін ашқан болатын.
Төңкеріске дейін салынған мешіттерден қалған алтауының бірі Бесқарағай ауданының Ақкөл ауылында. Тұтас сақталып, көркемдігімен көз сүйсіндіретін және мұсылмандық ағаш сәулетінің ғажап үлгісі болып табылатын тамаша ғимарат біртіндеп бұзыла бастауда және осында тұратын халық санының өте аздығынан ол тікелей мақсатта пайдалынылмауда. Мұражай мешітті Өскеменге көшіріп әкеліп, қалпына келтіру жұмыстарының жобасын әзірлеу үстінде. Біз осы жобаны жүзеге асыруға көмектесіп жүргендердің барлығына, соның ішінде “Исмаилов и К°” ЖШС директоры Т.Х. Исмаиловқа шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Көптеген фирмалар мұражайға жабдықтар, материалдар, өндірістік бұйымдар мен шегелер, бояулар, әк, бензин беріп көмектесті. Фирмалардың барлығын тізіп шығу мүмкін емес. Бұлардың бірқатары – “Восток Мұнай” ЖШС, “Абеком” фирмасы, “Өскемен ТМК” ААҚ, “Алға” ЖШС, “Корпорация ВостокПром” ЖШС, “ГЛЭС” ЖШС, “Кегок” ААҚ Шығыс МЭС филиалы, “УКА Промсервис” ЖШС, “Альрус” дүкені, “Лиана” дүкені, “Бако-Электроснаб” АКФ ЖШС, “Центр-Газ-Сервис” ЖШС, “Иртыш Цветметремонт” ААҚ, “Кен емес материалдар комбинаты” ЖШС, “Мұнай-Сервис” ЖШС, “Антей” ЖШС, “Авиалюкс” МАВС ЖШС, “Тамила Плюс” ЖШС және көптеген басқалар.
“Примус” дизайн орталығы (директоры Подгорецкий В.П.) мұражайдың жарнамасына көмектессе, “ТұранӘлембанкі” мен “АТФ банк” “Ағаш ою жөніндегі шеберлердің көркем шығармаларындағы ұлттық нақыштар” тізімдемесін шығаруға демеушілік жасады, “Сорбент” ЖШС (директоры Сапарғалиева Л.А.) дәрі-дәрмектерімен біздің қызметкерлерді сауықтыру ісіне үлес қосты, “Техно-Авиа-Иртыш” ЖШС (директоры Ситдиков З.Р.) Киров атындағы этнобақтың қызметкерлеріне мұражай логотипі салынған киім алып берді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына орай Жамбыл атындағы саябақтың аумағында “Кеңес Одағының Батырлары – шығысқазақстандықтар” павильоны салынды, мұнда блиндажы мен окопы, ҚР Қорғаныс министрлігі берген 1943-1945 жылдарғы үлгідегі әскери техниканың 8 бірлігі бар “Өмір үшін ажалдан қаймықпағандар” атты экспозиция жұмыс істеп тұр. Әскери техниканы жеткізіп, қондыру кезінде “Имсталькон” фирмасы (директоры Анашкин М.Н.) баға жеткісіз көмек көрсетті.
Мұражай-қорық хайуанаттарды ұстау үшін жағдай жасау жөнінде үлкен жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта қалада үлкен, әсем, қазіргі заманға сай, қалалықтардың сүйікті орнына айналатын зообақ салынатына сенеміз. Ал әзірше біздің достарымыз – “Үлбі-комплект” ЖШС-тің, Орталық базардың, “Валдай” ЖШС-тің бірі ет, бірі құрамажем, бірі нан беріп, жануарлар қорегінің құрамын толықтыруға қол ұшын беріп жүр. Ал “Эмиль” фирмасы зообақтағы хайуанаттарды күн сайын 40 килограмнан астам тағам қалдықтарымен қамтамасыз етуде.
Қазіргі заманғы мұражай қиындықтан қалай шығуы керек?
Осындай сауалды бүгінде көптеген мамандар қойып жүр. “Мир музея” журналының бас редакторы Юрий Пищулин бұл сұраққа былай деп жауап берді: “Бір нәрсе анық – ілгері жылжу, бастама көтеру, қызықты жаңа жобаларды іске асыру, баспасөз бен теледидар үшін ашық болу, жаңа демеушілер мен серіктестер іздеу қажет”.
Біздің мұражай, сондай-ақ, бір жерде тұрған жоқ, жұмыстың жаңа түрлерін, жаңа әдістерін іздестіру үстінде.
Ұжымдық демеушілер мен қайырымдылық жасаушыларды мұражай ісін дамытуға, мәдени мұраны қайта түлетуге, сақтауға, жасауға және пайдалануға, қоғам имандылығын, халықтар достығын, қазақстандық патриотизмді нығайтуға тарту үшін біздің мұражай-қорықта осы жылдан бастап “Құрметті Алтын кітап” ашылды, оған мұражайға меценат болған орталықтардың, қорлардың, компаниялардың, фирмалардың, банктердің, баспалардың атаулары, сондай-ақ жеке азаматтардың, БАҚ өкілдерінің есімдері жазылатын болады. Бұл кітап тұрақты түрде сақталмақ. Демеушілік мейірімділік емес, іскерлік ынтымақ түрлерінің бірі болып табылады емес пе.
Өткен жылдары мұражайды қолдағандардың және бүгінде көмек көрсетушілердің барлығына осы мақала арқылы біз алғысымызды білдіреміз.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары
1.Еуропалық қоғам дамуының негізгі тенденциялары және оның Орта ғасырда коллекциялауға әсер етуі.
2. Шіркеулік байлықтар және сақтау орындары, христиандық реликвиялардық коллекциялық құрылымы.
3. Орта ғасыр байлықтары.
4. Карл Мудрый, Орыс патшаларының байлықтары
5. Италия, Франция коллекциялары.
6. Ұсынылатын әдебиеттер
1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.
2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.
3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001
4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.
5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 2006.
6. Крейн А.З. Рождение музея – М., 1969.
7. Хадсон К. Влиятельные музеи – Новосибирск, 2001.
8. Тучков И.И. Классическая традиция и искусство Возрождения. М., 1992.
Тақырып № 7
Америка мұражайлардың ерекшеліктері:
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша Америка мұражайлардың ерекшеліктері: Америка континентінде мұражайлық құрылысің анықтау.
Лекция сұрақтары:
7.1 Америка мұражайлардың ерекшеліктері: Америка континентінде мұражайлық құрылыс. Американдық мұражайлардың Еуропа мұражайлардан ерекшелігі.
7.2 Африкандық континентте колониалды мұражайлардың пайда болуы. Қазіргі кезде мұражайлық қызмет. Австралия мұражайлары
Америка мұражайлардың ерекшеліктері: Америка континентінде мұражайлық құрылыс. Американдық мұражайлардың Еуропа мұражайлардан ерекшелігі.
Смитсондық институт(The Smithonion Institution),АҚШ-тың ескі мәдени және мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі
Әлемдегі ірі музейлік және ғылыми кешен 18 музей мен галереяларды қамтуы, соның ішінде, Ұлттық өнер галереясын, зерттеу орталығы, астрофизикалық обсерватория, Ұлттық зоологиялық паркі, Вудро Вильсон атындағы халықаралық ғылыми орталық, ғылыми кітапхана жүйесі, “Смитсониэн” ғылыми әйгілі журналы, баспа, жылжымалы көрме жүйесі, білім беретін мекемелер және т.б.
1846 жылы Вашингтонда Конгресстің шешімімен ағылшын химигі және минирологы Джеймс Смитсонның құрметінен негізі қаланған. Ағылшын ғалымы АҚШ –та өзі ешқашан болмаған , сонымен бірге өзінің мұрасын “білімді дамыту және кеңейту үшін” Құрама Штатының Укіметіне мекемелер ашуға тастап кеткен.(100 мыңға жуық алтын суверен, немесе 500 мың ағылшын доллоры) Смитсон өзінің өсиетінде қандай мекемені негізге ала отырып, ашу керек екенін нақты көрсетпеген: университет, музей, кітапхана, немесе басқа да .Ғалымның қазасынан 17 жыл өткеннен кейн конгресс музейді ұйымдастырудың жобасын, кітапхананы, зерттеу бағдарламасын, өнер, ғылым, және тарихколлекциясын ашу туралы бекітті, және 1846 жылы 10 тамызда АҚШ президенті Д.Полк Смитсондық институтты ашу туралы актке қол қойды.
Институт Үкіметпен басқарылуы және қаржыланады, оның басшысы дәстүр бойынша АҚШ президенті болып табылады. Институттың басты қызметі-ұттық құндылықтарды сақтау, ғылыми- зерттеулердің өткізілуі, өнер, ғылым, және тарих аймағы стипендия тағайындау.Смитсондық институттың коллекциясы 142 млн экспанаттарға есептелген, яғни институттың жеке сенімділігінде болады және ағылшын халқының атынан басқарылады.
Институттың басты ғимараты Вашингтонның орталығында – Ұлттық молда Капитоль мен Джордж Вашингтон ескерткішінің арасында орналасқан. Ғимарат 1855 жылы сәулетші кіші Джеймс Ренвик салған еді және ерекше бейнесіне сай Қорған деген жалған ат алды.Бұл жерде музей кешенінен көрушілерге арналған кеңсе мен ақпараттық орталық орналасқан.
Артур М Саклер галереясы қазіргі кезге дейн ескі шығыс өнерімен , әйгілі. Өнер және өнеркәсіп ғимаратында Смитсон және басқа да коллекциялардың ғылымы, өнері, өнеркәсібі, мәдениеті мен байланысты кезекті экспозициялары өткізілуі .
Фриер өнер галереясы неолит кезеңінен экспозицияларды 20 ғ басында дейнгі кезеңнің шығыс өнер пәнін, тағыда Джеймс Мак- Нил Вистлер ағылшын суретшісінің жұмысының коллекциясын экспозициялады . Хиршхорен музейінде қазір өнер көрсетіледі, оған скульптура бағы жанасады, Авияция және космонавтика ұлттық музей – бұл 23 галереядан , яғни ұшу мен байланысты барлық самалеттер, космостық корабльдер , ракеталар көрсетілген . Ұлттық африкалық өнер музейі Африка халқының дәстүрлі өнердің коллекциясын көрсетеді .
Ағылшын тарихының Ұлттық музейінің экспозициясы Американың әлеуметтік , мәдени , ғылыми және техникалық мұрасын көрсетеді .Табиғи тарихтың Ұлттық музейі адамның шығу тегіне әлемдік мәдениетінің дамуына , ескі және қазіргі сүтқоректі жануарларға , құстарға , амфиияға , рептилияға , жәндіктерге , және теңіздер мен мұхиттардағы мекендеушілерге арналған көрмелер өткізеді. Ұлттық Портретті галерея көрнекті ағылшынның портретін көрсетеді. Ұлттық почталық музей Америкалық почталық қызметінің тарихымен және почталық маркерлердің ұлттық каллекциясымен байланыстының бәрін сақтайды. Ағылшын өнерінің Смитсондық музейі Құрама Штатының көркем әдебиет мәдениетінің және халқындағы кәсібінің пәнін экспонациялайды . Ағылшын өнерінің Смитсондық музейндегі Ренвик галереясы ағылшын қол өнерін , мақта , әйнек , металл , керамика және ағаш бұйымдарының коллекциясын 19-21 ғ көрсетеді.
Кешенге және де Анакостия музейі кіреді – африкадан шыққан ағылшындардың тарихы мен мәдениетінің орталығы ; Купер Хьюит – Ұлттық музей дизайны ; Ағылшындық Унділердің Ұлттық музейі Джордж Густов Хейдің орталығы .
Ұлттық зоологиялық паркте 163 акро алаңымен 3,6 мыңға жуық жануарлардың 435 түрі жиналған , Купер Хьюит Ұлттық музей дизайны және Ұлттық ағылшын үнділердің музейі Нью-Иоркте орналасқан, Қалған Смитсондық институттың бөлімшелері Вашингтонда орналастырылған.
Зерттеу орталықтары : Ағылшын өнерінің архиві , қоршаған ортаны қорғау және зерттеу орталығы, Форт- Пиерстегі Смитсондық теңіз лаборатория, Смитсондық астрофизикалық обсерваториясы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Смитсондық орталық , Тропиктерді зерттеу Смитсондық институт.
Смитсондық институт “түнгі экскурсиялар” дайындады
“Музейдегі тун -2” фильмі әлі прокатқа шыға қойған жоқ , ал Смитсондық институт сурет қозғалысы түсірілген жер , жаңа туристік аттракцион ойлап тапты . Енді балалар және жасөспірімдер фильімнің басты аудиториясы б.т.“ Музейдегі түн – 2 ” де көрсетілген түнгі экскурсияға экспонат болып қатыса алады .
Музейдің өзімен ұйымдастырылған турлар (құны 40 доллорды адамнан) MC Donald’s Hershey және басқа компаниялар әлемдегі ірі музей кшені нақты түнге билет ойнатады . ( институт экспазицияларда 136 млн бірлікті сақтайды )
Фильімнің қызметінің үлкен бөлігі Авияция және космос Ұлттық музейі іргесінде түсіріледі. Оған сәйкес , тур мынадай экспозицияларда басталды , басқа да артефактілерді , сақталған Амелий Эрхарт анық қызыл аэропортында сақтайды дейді USA Today
Экскурсия уаытындағы көрушілерге“қазына картасы” қолдануды көрсететін музейдегі сақталатын экспонаттарын жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Турды ұйымдастырушылар еш кім ол жерде зерікпейді деп сендірді. Музейдегі қазыналар әңгімесіне сай экскурсияға жаулап алатын конкурстар және музей төңірегіндегі тәтті кешкі тамақтар ұйымдастырылған.
“Музедегі түн” келесі фильмі Нью-Иорктегі ұлттық тарихы музейде түсірілген прокатта 250 млн доллор түсірді. Оның кинотеаторларға шығуынан кейін музейде көрушілер саны 20 % -ке көтерілді. Вашингтонның ұлттық архивін көрсеткен басқа фильм “ұлттық игілік ”2004ж музейде көрушілер санын 200 мың адамға көтеруге мүмкіндік берді.
Оған сәйкес, Смитсондық институттың басшылары “музейдегі түн-2” және музейлік куратормен жасалған арнайы акциялар жергілікті тұрғындарды және де туристтердің көңілін музейлік кешеннен тартатынын есептейді. Статистика бойынша , Смитсондық институт музейіне жазда 10 млн-ға жуық адам келеді екен. Музейліктер жақын жазда көрушінің саны алғашқы рекордқа жетуі деп анықтап жатыр.
Вашингтон туристік компанияның өкілдері туристтерге арнайы экскурсиялық пакеттер “Музейдегі түн-2 ”-ге негізін пакеттер ұсынады . Смитсондық институттың түнгі экскурсиясы сәйкес пакеттерге Вашингтон отельіне түнеуге кіреді, түскі ас және қалада серуендеуді жургізеді. Стандартты тур 3 күнге созылса екі орындық нөмірге орналасқан адамға 755 доллордан келеді.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары
1. Студиоло – коллекцияларды ұйымдастыру принципі.
2. Антиквария жинағы.
3. Уффицы галлереясы.
4. Кунсткамера
5. XVI-XVII ғ. ғылыми кабинеттері.
6. Ұсынылатын әдебиеттер
1. Юренева Т.Ю. Музееведение - М.: Академический Проект, - 2003.
2. Шляхтина Л.М. Основы музейного дела – М.: Высшая школа, - 2005.
3. Грицкевич В.П. История музейного дела до конца XVIII века: СПб., 2001
4. Барри Лорд, Гейл Д. Лорд Менеджмент в музейном деле – М.: Логос, - 2002.
5. Старикова Ю.А. Музееведение. Конспект лекций – М., 2006.
6. Крейн А.З. Рождение музея – М., 1969.
7. Хадсон К. Влиятельные музеи – Новосибирск, 2001.
8. Тучков И.И. Классическая традиция и искусство Возрождения. М., 1992.
Тақырып № 8
Азия мұражайлары, мұражайлардың құрылу ерекшеліктері. Үнді, Жапон, Қытай, Түркия мұражайлары
Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша Азия мұражайлары, мұражайлардың құрылу ерекшеліктерің анықтау.
Лекция сұрақтары:
Түркия мұражайлары
Үнді мұражайлары
Жапон мұражайлары
Қытай мұражайлары
Түркия мұражайлары