АНТРОПОЛОГИЯ
«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік.
|
Адам-биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі. Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні бар.
|
Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен.
|
Адамның мәнi-адам туралы философиялық ілімнің өзегi
|
Адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі
|
Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.
|
Антропология– адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы. Адам
мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым.
|
13.2 АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ҮШ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ:
Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады.
|
Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады.
|
Антропологияның үш маңызды бағыты бар.
|
Антропогенез – қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Адамдардың қоғамдық – еңбек қызметі антропогенездің қозғаушы күші болды, бұл қызмет ерекше қоғамдық байланыстарды, мәдениетті жасады.
|
13.3 ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ САЛАСЫ
Адамның табиғаты мен мәні
|
Философиялық антропологияның зерттеу саласы
|
Антропогенез, антропосоциогенез
|
Адам санасының қалыптасуы мен мәні
|
Адамның өмір сүру мәселелері
|
Адам эволюциясының болашағы
|
Бостандық пен жауапкершілік мәселесі
|
13.4 ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ӘСЕРІНЕН ҚАЛЫПТАСАТЫН АДАМДАҒЫ ҮШЖАҚТЫЛЫҚ:
ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ӘСЕРІНЕН ҚАЛЫПТАСАТЫН АДАМДАҒЫ ҮШЖАҚТЫ МАҒЫНА:
|
Тұлға - белгілі-бір өмірлік мұраты, мәдени деңгейі, қоғам алдындағы өз құқығы мен міндетін білетін адам.
|
Даралық - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен.
|
Индивид – жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.
|