Кесте-1

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы

                       
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
 
     
 
 
Республикалық бюджет
 
Ж е р г і л і к т і б ю д ж е т т е р
 
   
 
   
  Аудандық   бюджеттер

 

 


Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттердің басты белігі республикалық бюджетке шоғырланған.

Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңы мен бекітілген орталықтандырылған қоры.

Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандарың бюджеттері. [1,8-бет]

Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлердің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.

Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алынумен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтарының берілумен байланысты. Бұл қағида әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруіне мемлекет шығыстарының бір келіктігінде көрінеді. Бұл қағида бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара байланыста кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапынан бюджеттік қаражатарының қозғалысына тиімді бақлауды қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикамыз егеменді мемлекеттердің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің зара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қарждылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

Бюджеттердің бірлігі біріңғай құқытық негізбен, қаржы министрлігі бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы стастикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады.

Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесінің құруды маңызды қағидаты болып оытрған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлуді тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.

Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады.

Бюджеттің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруда әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдерімен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республиксының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың алынатын түсімдердің шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай – ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет. [1,3-бет]

Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің дамуы тенденциясын,жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүние жүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнет ақы, әлеуметтік сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.

Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынға Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуына индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп – қисаптарымен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларында жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүние жүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішіндегі түзетуді пайдаланады. Нақтылы қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарының сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.

Нақтылы қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шыншыл көрсетілуін бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылы дамудың болжамдарымен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздерімен шығыстар бағыттарының есеп – қисаптарының негізділігімен анықталады.

Бюджеттердің жариялылығы бекітілген бюджеттермен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

Жариялылық елдерге адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізу субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастыруды көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай – ақ бюджет қаражыттарының бағыттары туралы болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасынің бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндеті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістерімен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оның жабудың әдістері жария етіледі.

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және “Бюджет жүйесі туралы”, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.

Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеудің шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.

Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет – қаржы саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеу мүмкін.

Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығы жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады:

- мемлекеттік қарыздар шығару;

кредит ресурстарын пайдалану. [1,13-бет]

Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламентімен биліктің жергілікті органдары анықтап бекітеді.

1. 2. Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары.

Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың ролі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен олардың негізгі мақсаттарда , яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге , білім мен денсаулық сақтауды дамытуға , индустриалды- инновациялық дамуға , аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіндіктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағанасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процесінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті- экономикалық даму бвғдарламасы табылады. [24, 96 бет]

Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны- бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар , қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың ролі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірісі мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттермелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпы мемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арсындағы қаржылық және бюджетаралық қатынгастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен , бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктермен өзара талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағанасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен түсімдердің түсуін болжамдау , талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету , бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады. .[24, 99-бет]

Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;

- бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;

- қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;

- салалар , іс- әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әртүрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;

- бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін , жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.

Бюджетті жоспарлау мен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағалау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.

Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды , нақты әлеуметтік- экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып , бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы – бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

Бюджетті жоспарлау мен болжау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:

- кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингентердің болжамдық мөлшерін анықтау ;

- әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;

- қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандыруды теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты дайындау.

Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс- әрекеттің негізгі шарты- ол жалпы мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамамсыз ету.

Бюджеттік жоспарлау бірлестік , жалғастырушылық , басымдылық , теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.

Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджеттін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын бюджеттік бағдарламалар тізімін қалыптастыруға , бюджеттер деңгейлер арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.

Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамасыз етіледі.

Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті- экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлау мен қамтамасыз етіледі.

Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

Бюджетті жоспарлағанда аймақта арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуеті-экономикалық ерекшеліктері есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті кодекске сәйкес натуралды нормативтер-ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланылатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.[24,99 бет]

Жергілікті бюджеттерге қолданатын кірістері бөлісу нормативтер-ол әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі ол орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықтамалады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.

Бюджеттік жоспарлау - әр түрлі статистикалық , экономика- математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Негізінде бюджет- толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындарын басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджетбрутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егерде бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.

Мемлекеттің әлеуметті-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы бюджеттің құрал ретіндегі ролі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттелеу әдіс маңында бағдарламалық даму стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау, яғни алдымен елдің даму стратегиялық басымдылықтары анықталады, олар бюджет шығындарында көрсетіледі.

Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы әдістері пайдаланады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеулі (горизантальды) теңестіру әдістерге бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) қамтамасыз ету мақсаттары шешіледі. Мысалы, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық функцияларды іске асырудың қаржылық базасы қамтамасыз ету мен биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекіту әрекеттенеді.

Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау дәйектілік есептеледі. Барлық кезеңдердің ішіндегі ең маңыздысы-ол салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін-маңыздылық мәні аз емес салықтық емес түсімдері болжамдау кезеңі. Келесі кезеңдері –ол негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің, берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік займдардың түсімдерін анықтау.

Алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарларының макроэкономика-лық көрсеткіштері, елдің орта мерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдау пайдаланылатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импортты-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.

Кірістер түсімін болжамдаудың негізінде келесі принциптер жатыр:

· республика бойынша болжамдық көрсеткіштердің есептемелер қалыптасуының бірыңғайлығы;

· болжамдық көрсеткіштердің анықтығы мен объективтігі

· барлық бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша әр ай мен тоқсанға бөлінген және жалпы жылға болжамдаған бюджет түсімдерінің есептемелері

Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджет көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшеліктері бар, себебі жылдық көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен анықталады. Ал мұндай әдістер қажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда қолдануы қиын. Сондықтан бюджет кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Сондай әдістерінің бірі-ол бюджеттің тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстрополяция әдісі, екіншісі –эксперт –мамандар жасап дәлелдеген тұжырымдар негізінде пайдаланатын экспорттік бағалау әдісі. Тәжірибеде, объективтік болжам алу үшін осы екі әдісті бірге қолданады.

Бюджет кірістерін болжамдауда бюджеттік көрсеткіштерінің регрессия сызығы бойынша өзгерістер заңдылығын әшкерелеу мақсатта корреляциялық модельдер пайдалануы мүмкін. Мұнда бюджеттік көрсеткіштерді бюджет қалыптастыруға әсер ететін бірнеше факторлардың өзгеруіне байланысты қаралады. Бюджет кірістерінің әр түрлі факторлар өзгерістерінен функционалды байланыстылығын пайдалану сол кірістердің және жалпы шығындар көлемдерін анықтауға мүмкіншілік беретін экономико-математикалық модель құруға болады.

Кірістер болжамдау процесінің ір түрлі бастапқы мәліметтер пайдалану бойынша тізбектелген кестесін келесі түрде көрсетуге болады: