Глоссарий

Ақпарат – заттың, энергияның және ақпараттың өзінің түрленуімен байланысқан процесстерді жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа мәліметтер.

Ақпарат бірлігінің атын өзгертудеп оған жаңа ат беруді атайды, синонимді анықтау – ақпарат бірлігі үшін екінші, үшінші және т.б. тең келетін аттарды белгілеу.

Ақпараттық база – бір немесе бірнеше деректер базасынан тұрады.

Ақпараттық жүйенің компоненттері – бұл деректерді басқару және сақтау жүйесін түзетін ақпараттық процессор, концептуалдық схема және деректер базасы.

Ақпараттық процессор – нәтижесін алу үшін ДБ және концептуалды схема операцияларының командасын атқаратын механизм.

Ақпараттық іздеу жүйелері (АІЖ) қандай да бір құжаттар жиынында тақырыптың ақпараттық сұранысында көрсетілген немесе қажет мәліметтерден тұратын деректерді іздеуге арналған.

Атрибут деп кейбір құбылыстың, процестің немесе құбылыстың жеке қасиетінің ақпараттық кескінін атайды.

Атрибут мәнімен операция деп – қайта кодтау, яғни барлық мәндер үшін ескі кодты жаңа кодка айырбастау.

Атрибутпрограммалау тіліндегі айнымалы мен бухгалтерлік есептегі реквизит ұғымдарына сәйкес келеді.

Атрибут-белгі кейбір объектінің, заттың, процестің сапалық қасиетінің ақпараттық кескінін білдіреді.

Атрибут-негіз сандық қасиетінің кескіні болып табылады.

Басқарудың автоматтандырылған жүйесі –деректерді өңдеу жүйесі басқару шешімдерін таңдау қызметтерін (өз бетімен немесе маманның қатысуымен) орындай алуға бейім болуы.

Декомпозиция– бастапқы АҚБ-нің әртүрлі құрылымды бірнеше АҚБ-не түрлену операциясы.

Деректер өзара лексикалық және синтаксистік байланысқан мақұлдаудың, факт немесе цифрлардың жиынын білдіреді.

Деректер базасы – арнайы түрде ұйымдастырылған жазбалар мен файлдар жиыны.

Деректер базасының администраторы– деректер базасының қолданушыларына қызмет ететін маман немесе мамандар тобы.

Деректер моделі – деректер құрылымы мен оларды өңдеу операциясының жиынтығы.

Деректерді өңдеу жүйесінәртүрлі мақсаттағы қолданбалы программалармен жабдықталған ЭАЖ түзеді.

Деректердің семантикалық модельдері заттық облыстың құрылымын көрсететін құралды білдіреді

Деректердің ішкі сипаттамасыЭЕМ жадында деректерді ұйымдастыруды және деректерге ену тәсілдерін анықтайды.

Диалогтық режимкезінде жұмыс қолданушы мен жүйе арасында мағлұмат алмасу ретінде жүргізіледі.

Есептеуіш жүйесі дегеніміз байланыс арналарымен және есептеуіш желілерімен байланысқан бірнеше ЭЕМ тұратын жүйе.

Жазба деп АҚБ бір мәнін ЭЕМ жадында сақтау кезін атайды.

Желілік модель –әрбір элемент кез-келген басқа элементпен байланыса алатын құрылым.

Жобалау кезеңдері болып мыналар табылады: ЭАЖ-сін жасауды дәлелдеу, техникалық тапсырманы жасау, техникалық және жұмыстық жобалау, ЭАЖ-сін қызмет атқаруға енгізу. Пайдаға асыру процесі әдетте белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйені түрлендіру кезеңдерімен үзіліске ұшырайды.

Жобалау операциясы жобалық шешімдерді таңдаудан тұрады және ДБ, есептеу жүйесін және программалық жабдықтауды сипаттайтын параметрлер мәнін анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйе дегеніміз бір жағынан тұтас бір зат ретінде қарастырылатын, екінші жағынан құрама бөліктердің өзара байланысқан немесе өзара әрекет ететін кез-келген объектіні атайды.

Жүйенің бөлінгіштік қасиеті әр қайсысын жеке қарастыруға болатын ішкі жүйелерден тұратын жүйені жеке бөліктер ретінде көруге болатынын білдіреді.

Жүйенің бүтінділік қасиетібарлық жүйе мақсатының ішкі жүйе және элементтер мақсатымен бірге жұмыс істеуін білдіреді.

Жүйенің салыстырмалы қасиеті элементтер, өзара байланыстар, ену, шығу, мақсат және шектеулер құрамы зерттеушінің мақсатына тәуелді екендігін көрсетеді.

Заттық облыс деп ЭАЖ-де өңделетін және сақталатындар туралы ақпараттарды, материалдық жүйенің элементтерін атайды.

Иерархиялық модель – ағаш құрылымын білдіретін, жоғарыдан төмен қарай бағыну тәртібімен орналасқан элементтер жиыны.

Индекстеудеп екі кезеңнен тұратын процесті атаймыз: берілген құжатта кескінделген тақырыптарды анықтау; тақырыптарды ақпараттық іздеу жүйесінде қабылданған тілде және жазбаларды құжатпен байланысатын іздеу үлгісінде өрнектеу (жазу).

Композиция - әртүрлі құрылымды АҚб-нің бір АҚБ-не түрлену операциясы.

Концептуалды көрінісдеректерді физикалық сақтау тәсілімен салыстырғанда деректер базасындағы толық ақпарат мазмұнын абстарктілі формада сипаттайды.

Концептуалды схема (concept сөзінен шыққан – ұғым, түсінік) ДБ сақталатын барлық ақпарат бірлігі құрылымдарының жинағы.

Көрсеткішкейбір процесс пен объектіні кескіндейтін толық сандық параметр сипаты.

Құрылымдегеніміз бір ақпарат бірліктерінің басқа ақпарат бірліктерін енуі.

Нормализация кез-келген құрылымды АҚБ-нің екі деңгейлік құрылымға өту операциясы.

Объектдеп қандай да бір жүйенің кез-келген элементін атайды.

Объект қасиеті деп кез-келген уақытта объектің күйін-жағдайын сипаттайтын шаманы атайды.

Объектілердің өзара байланысы деп бірнеше объектілердің бір уақыт аралығында, бір кеңістікте процеске қатысу фактісін атайды.

Өзара байланысу қасиеті деп бірде бір объектіге жеке түрде жатпайтын, объектілердің бірлескен тәртібін сипаттайтын қасиетін атайды.

Пайдаға асыру (пайдалану) кезеңдерінөзгерісті талап етпейтін ертеде қабылданған жобалық шешімдердің ЭАЖ-де тұрақты жұмыс істеу кезеңі ретінде сипаттауға болады.

Пакеттік режим -белгіленген уақыт мерзімі болмайынша және деректер көлемі қандай да бір шектен асып кетпейінше жүйеге деректер жинала береді.

Процессбір ресурстың екінші ресурсқа түрленуі.

Реляциялық деректер базасы - барлық деректер кесте түрінде жасалып қолданушыға түсінікті болатын, ал деректермен орындалатын барлық операциялар осы кестеде орындалатын операцияға тән болатын деректер базасы.

Свертка (түйіншек) екі деңгейлі құрылымды АҚБ-нің көпдеңгейлі құрылымды АҚБ-не түрлену операциясы.

Таңбаларақпарат беру көзінен қабылдау көзінің арасында мағыналы ақпаратты бере алатын сигналдар.

Түрлендірукезеңдері деп ЭАЖ-нің жеке компоненттері бойынша жобалық шешімдерді түзету процесін атаймыз.

Фреймдер теориясы - адам санасында анықталған әрбір объектер рамкасын жаңа фактілермен салыстыра отырып, білімді жинақтау.

Іріктеу – алдын-ала қойылған іріктеу шартын қанағаттандыратын АҚБ мәндерінің көпшесін бөлу операциясы.

Экономикалық ақпараттық жүйе қандай да бір экономикалық объектінің қызметі туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату кезінде жұмыс істейтін жүйені білдіреді.

Экономикалық жүйе өзара байланысқан ресурстар мен процестердің жиынтығын білдіреді.