c) металлды штифтпен интрамедуллярлы остеосинтез

d) Богданов стерженімен фиксациялау

e) бұрандамен фиксациялау

 

1425. Ортан жілік диафизінің төменгі 1/3 бөлігінің сынуында қандай артерия зақымдалуы мүмкін:

a) сан

b) артқы асықты жіліктік

c) алдыңғы асықты жіліктік

d) жіліншік

e) тізеасты

 

1426. Ортан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінің остеосинтезі жасалады:

a) қойылмалы пластинка

b) Сиваш штопоры

c) штифтермен

d) Г-тәрізді балкамен

e) Смит-Петерсен шегесі

 

1427. Жіті паренхиматоздық простатитте ауырсыну

 

a) Тұрақты, сыздаған

b) Ұстама тәрізді

c) Күшті, солқылдаған

d) Орташа

e) Өткір

 

1428. Жіті паренхиматоздық простатитте ауырсынудың локализациясы:

 

a) Қасаға үстінде

b) Бел аймағында

c) Омыртқаның бел-сегізкөз аймағында

d) Бұт аралығында және сегізкөзде

e) Бұт аралығында

 

 

1429. Дизурия көрсетілген аурулардың қай бірінде кездеспейді:

 

a) туберкулез

b) Простата аденомиясы

c) бүйрек ісігі

d) Цистит

e) Уретрит

 

1430. Дизурия көрсетілген аурулардың қай бірінде кездеспейді:

 

a) Несепағар тасы

b) Қуық ісігі

c) Қуық тасы

d) Цистит

e) Несепағар ісігі

 

 

1431. Странгурия көрсетілген аурулардың қай бірінде байқалмайды:

 

a) Уретраның бөгде затында

b) Қуықтың тасында

c) Несепағардың тасында

d) Жіті простатитте

e) Простата аденомасында

 

1432. Странгурия байқалады:

 

a) Простата қатерлі ісігінде

b) Интерстициялық циститте

c) Айқын фимозда

d) Уретраның жартылай жарақатында

e) Көрсетілгендердің бәрінде

 

1433. Никтурия көрсетілген аурулардың қай бірінде байқалмайды:

 

a) Жүрек функциясының жеткіліксіздігінде

b) Қантты диабетте

c) Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінде

d) Созмалы гломерулонеффритте

e) Простата аденомасында

 

1434. Поллакиурия- бұл:

 

a) Диурездің көбеюі

b) Күндізгі және түнгі кезде зәр шығуының жиіленуі

c) Тек түнгі кезде зәр шығуының жиіленуі

d) Тек күндізгі кезде зәр шығарудың жиіленуі

e) Түнгі диурездің көбеюі

 

1435. Поллакиурия байқалмайды:

 

a) Цистоцеледе

b) Несепағардың жоғарғы бөлімінің тасында

c) Неврастенияда

d) Истерияда

e) Простата

 

1436. Поллакурия көрсетілген аурулардың қай бірінде байқалмайды:

 

a) Қуықтың туберкулезінде

b) Цисталгияда

c) Қуықтың тасында

d) Бүйректің ісігінде

e) Уретраның тарылуы

 

1437. Олигурия-бұл:

 

a) Несеп бөлінілуінің кешеуілдеуі

b) Сирек зәр шығару

c) Несеп мөлшерінің азаюы

d) Несеп мөлшерінің көбеюі

e) Несеп мөлшерінің 700 мл кем болуы

 

1438. Олигурия көрсетілген аурулардың қай бірінде байқалмайды:

 

a) Микседемада

b) Гломерулонефритте

c) Жүрек функциясының жеткіліксіздігінде

d) Бүйрек ісігінде

e) Толассыз құсу кезінде

 

1439. Олигурия байқалмайды:

 

a) Жүрек функциясының жеткіліксіздігінде

b) Су-тұз вегетативті орталықтаруның бұзылуында

c) Жіті пиелонеритте

d) Созмалы пиллонефритте

e) қантты диабетте

 

1440. Полиурия көрсетілген аурулардың қай бірінде кездеспейді:

 

a) бүйректің аллотрансплантациясынан кейін

b) Бүйректің туберкулёзінде

c) несеп жолдарының обструкциясы жоғалтылғаннан кейін

d) Гипофиздің аралық тіні бұзылғанда

e) қантты диабет

 

1441. Несептің (зәрдің) кенеттен тоқтап қалуы-бұл:

 

a) Бүйректермен несептің бөлінбей қалуы

b) Өз еркімен қуықты босата алмай қалу

c) Катетер өткізген кезде қуықта несептің жоқ болуы

d) Пародоксальды ишурия

e) поллакурия

 

1442. Несептің (зәрдің) кенеттен тоқтап қалуы көрсетілген аурулардың қай бірінде байқалмайды:

 

a) Уретранның сыртқы тесігінің атрезиясында (жоқ болуында)

b) Қуықтың нейрогендік дисфунциясында

c) Несепағарлардың обтурациясында

d) Простата аденомасында

e) Уретраның тарылуында

 

1443. Несептің кенеттен тоқтап қалуы көрсетілген аурулардың қай бірінде байқалмайды:

 

a) Простата безінің қатерлігі ісігінде

b) Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігінде

c) Уретраның тарылуында

d) уретраның тасында

e) Фимозда

 

1444. Пародоксальды ишурия- бұл:

 

a) Өз еркімен зәр шығара алмай қалу

b) Зәрдің созылмалы түрде қуықта қалып қоюы

c) Зәрдің ұсталып қалуы мен зәрдің ұсталмай қалуының қатар байқалуы

d) Зәрдің ұсталмай қалуы

e) Ишурия

 

1445. Несепті ұстай алмай қалу-бұл:

 

a) Кіші дәретке шақырусыз-ақ несептің шығып тұруы

b) Кіші дәретке шақырудың бұйрықтың түрде болуы

c) Кіші дәретке бұйрықтық шақыру кезінде несепті өз еркімен ұстай алмай қалу

d) Несептің еріксіз түрде шығып тұруы

e) Вертикальды жағдайда несептің еріксіз түрде шығып тұруы

 

1446. Гематурия-бұл:

 

a) Несепте қанның пигменті гемоглобиннің бар болуы

b) Уретрадан қанның тамшылап бөлінуі

c) Несептің қанмен боялып шығуы

d) Несепке порфириннің болуы

e) Эритроцитурия (микроскопиялық)

 

1447. Терминальды (соңғы) гематурия көрсетілгендердің қай бірінде кездеспейді:

 

a) Қуық мойынының тастарында және ісіктерінде

b) Қуық мойынының веналары варикозды кеңеюі кезінде

c) Созылмалы гломерулонефритте

d) Коллкулитте (ұрық төбешігінің қабынуы)

e) Жіті циститте

 

1448. Уретрорагия (уретрадан қан бөлінуі) көрсетілген аурулардың қай бірінде байқалмайды:

 

a) Созылмалы уретритте

b) Простата аденомасында және қуықтың тасында

c) Уретраның ісігінде

d) Уретраның жарақатында

e) Ұрық төбешігінің ісігінде

 

1449. Лейкоцитурия бар деп қай кезде айтуға болады, микроскоптың көру аумағында лейкоциттер саны:

 

a) 2 ден көп

b) 4 тен көп

c) 6 дан көп

d) 8 ден көп

e) 10 нан көп

 

1450. Лейкоциттердің саны 1 мл несепте қанша болғанда лейкоцитурия де айтуға болады:

 

a) 500 көп

b) 1000 көп

c) 2000 көп

d) 4000 көп

e) 6000 көп

 

1451. Несепағарды катетерлеуге көрсетілген жағдайлардың қай бірі көрсеткіш болып есептелмейді:

 

a) Әрбір бүйректен несептің бөлек алынуы

b) Ретроградтық пиелография және уретерография

c) Обтурациялық анурия

d) Секреторлық анурия мен обтурациялық анурияны дифференциалды диагностика жасау

e) Секреторлық анурия

 

1452. Пиелонефритпен аурушаңдықтың жиілігі:

 

a) Халықтың 1:100

b) Халықтың 1:1000

c) Халықтың 1:10000

d) Халықтың 1:100000

e) Халықтың 1:200000

 

1453. Пиелонефритті жиі туғызады:

 

a) Ішек таяқшасы

b) Протей

c) Көк-жасыл іріңді таяқша

d) Стафилокк

e) Энтерококк

 

1454. Өзгеріске ұшырамаған бүйректерде жіті пиелонефритті туғызуға қабілетті:

 

a) Протей

b) Ішек таяқшасы

c) Көк-жасыл іріңді таяқша

d) Энтерококк

e) Плазмакоагуляциялаушы стафилокк

 

1455. Жіті пиелонефриттің пайда болуына жағдай туғызатын факторлар:

 

a) Қуық-несепағарлық рефлюкс

b) Қатты тоңу

c) Несеп пассажының және бүйректен веналық қан ағып шығуының бұзылуы

d) Бактериурия

e) Көрсетілгендердің бәрі

 

1456. гематогендік жіті пиелонефритте бірінші кезекте зақымға ұшырайды:

 

a) Астауша-тостағанша жүйесі

b) Бүйректің шумақшалары

c) Бүйректің түтікшелері

d) Бүйректің веналық жүйесі және интерстициялық тіні

e) Көрсетілгендердің бәрі

 

1457. Жіті іріңді пиелонефритте бүйректегі өзгерістер келесілермен сипатталады:

 

a) Қантамырлары өткізгіштігінің бұзылуымен

b) Аралық тіннің лейкоциттік инфильтрациясымен

c) Аралық тінде микробтардың топталуымен

d) Бүйрек тінінің деструкциясымен (түтікшелер және шумақшалар)

e) Көрсетілгендердің барлығымен

 

1458. бүйректен несеп пассажы бұзылған жіті пиелонефритте симптомдардың дамуы келесі тізбекте байқалады.

 

1) Қалтырау

2) Бел аймағындағы күшті ауырсыну

3) Жоғары температура

4) Қатты терлеу

5) әлсіздік

 

a) дұрыс 1,2,3,4,5

b) дұрыс 2,1,3,4,5

c) дұрыс 1,3,4,5,2

d) дұрыс 3,2,1,5,4

e) 5,1,3,2,4

 

1459. лейкоцитурияның көрсеткіші болып табылатын лейкоциттердің саны ең кемінде:

 

a) Көру аймағында 2-5 лейкоциттер

b) Көру аймағында 6 көп лейкоциттер

c) Көру аймағында 10 көп лейкоциттер

d) Көру аймағында 20 көп лейкоциттер

e) Лейкоциттер көру аймағының бәрін толтырған

 

1460. несептің «ортаңғы» үлесіндегі 1 мл-де лейкоциттер саны лейкоцитурия бар екендігін көрсетеді:

 

a) 1000 аз

b) 1000-2000

c) 2000-4000

d) 4000 көп

e) 5000 көп

 

1461. бактериурия бар деп айту үшін, 1 мл несепте бактериялар саны болуы қажет:

 

a) 1000

b) 5000

c) 10000

d) 50000

e) 100000

 

1462. Емханаға 37 жасар әйел жалпы әлсіздікке, оң бел аймағындағы сыздаған ауырсынуға шағым жасап келді. Екі сағат бұрын оң жақтан бүйрек ұстамасы, жоғары температура, қалтырау және одан кейінгі температураның тез арада төмендеуі, қатты терлеу болып өткен, содан соң бел аймағындағы ауырсыну жоғалған. Көру кезінде оң жақтан Пастернацкий симптомы оң мәнді, бүйректер пальпацияланбайды, зәр шығару бұзылмаған, несеп тұнық, дене температурасы 37,2 С. Ең ықтимал диагноз:

 

a) Оң жақтама бүйрек ұстамасынан кейінгі жағдай

b) Жіті іріңді пиелонефрит

c) Пиелит

d) Жіті гематогенді пиелонефрит

e) Жіті сероздық пиелонефрит, оң несепағардың тасы

 

1463. Несепағардың тасында, жіті серозды пиелонефритте дәрігердің тактикасы:

 

a) Амбулаториялық зерттеулер тағайындау

b) Шұғыл госпитализация

c) Жоспарлы түрдегі госпитализация

d) Динамикалық бақылау

e) Амбулаториялық ем тағайындау

 

1464. оң жақтама жіті серозды пиелонефритте, несепағардың жоғары бөлімінің тасындағы (көлемі 0,6х0,8 см) дәрігердің тактикасы келесі шаралардың тізбегін қамтиды:

 

1) Интенсивті антибактериялық ем

2) Операция-бүйректің ревизиясы, нефростомия

3) Оң несепағардың катетерленуі

4) Уретеролитотомия

5) Тері арқылы пункциялық нефростомия

 

a) Дұрыс: 1,2,3,4,5

b) Дұрыс: 1,3,4,5,2

c) Дұрыс: 2,4,5,1,3

d) Дұрыс: 3,4,2,1

e) Дұрыс: 2,4,5,3,1

 

1465. сол бүйректің карбункулына күдік бар жағдайда, дене температурасы 37,8-38,5С, ауру мерзімі 6 күн, зерттеуді келесі тізбекте орындаған дұрыс:

 

1) Изотопты ренография

2) Несеп және қан анализі

3) Ультрадыбыстық зерттеу

4) Динамикалық нефросцинтиграфия

5) Бүйректік венография

6) Экскреторлық урография

7) Ретроградтық пиелография

 

a) Дұрыс 1,2,3,4,5,6,7

b) Дұрыс 2,3,6,4

c) Дұрыс 2,4,1,3,7,5,6

d) Дұрыс 2,1,5,4,5,7,3

e) Дұрыс 1,2,3,4

 

1466. 64 жас науқаста сол бүйректің төменгі полюсының карбункулы анықталды (көлемі 2х3 см). Несеп пассажы және бүйрек функциясы өзгермеген. Ауырғанына 3 күн, емделмеген. Дәрігердің тактикасы:

 

a) Шұғыл операция-сол бүйректің ревизиясы, карбункулдың алынып тасталуы немесе кесілуі, нефростомия, паранефральды кеңістіктің дренаждалуы;

b) Жоспарлы операция-бүйректің ревизиясы, карбункулдың алынып тасталуы немесе кесілуі, паранефральды кеңістіктің дренаждалуы, антибактериялық ем

c) Нефростомия

d) Карбункулдың тері арқылы пункциясы, антибактериялық ем

e) Нефрэктомия

 

1467. жіті іріңді пиелонефритте, оң бүйректің астаушасындағы таста (1,5х2 см), жоғары температурада, мезгіл-мезгіл қалтырауларда (10 күннен бері қарай), науқасқа жасау қажет:

 

a) Жоспарлы зерттеуді

b) Несепағардың катетеризациясын

c) Интенсивті антибактериялық емді

d) Дистанциялық литотрипсияны

e) Операция-бүйректің ревизиясы, пиелолитотомия, нефростомия

 

1468. науқас 32 жас. Іріңді жіті пиелонефритпен жатқызылды, несепағардың төменгі бөлімінде тас бар. Ауру мерзімі 10күн. Экскреторлық урограммада, 1,5 сағат байқау барысында оң бүйректің функциясы жоқ.

Науқасқа жасау қажет:

 

a) Жоспарлы зерттеу бүйректердің функциясын анықтай түсу үшін;

b) Несепағардың катетеризациясы

c) Уретеролитотомия

d) Шұғыл операция-оң бүйректің ревизиясы, нефростомия және интенсивті антибактериялық ем.

e) Уретеролитотепсия

 

 

1469. оң бүйректің 4х4 см көлемді абсцессі бар (төменгі полюста). Жасау қажет:

 

a) Интенсивті антибактериялық ем

b) Нефрэктомия

c) Операция-абсцессті жару және дренаждау немесе тері арқылы пункция жасау және абсцесс қуыстарының дренаждалуы

d) Бүйректің төменгі полюсының резекциясы

e) Бүйректің декапсуляциясы

 

1470. жүктіліктің 20 аптасы. Оң жақтама жіті серозды пиелонефрит. Оң несепағардың жамбас бөлімене дейін кеңеюі. Тас жоқ. Науқасты емдеуді келесіден бастау қажет.

 

a) Оң жақтама нефрэктомиядан

b) Жүктілікті үзуден

c) Несепағардың катетерленуінен

d) Тері арқылы пункциялық нефростомиядан

e) Науқастың тұрақты түрде, қарам-қарсы жанында жатуы, антибактериялық ем.

 

1471. Жіті пиелонефриттің асқынуларына жатады:

a) Бүйрек емізікшелерінің некрозы, паранефрит

b) Шок

c) Сепсис

d) Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі

e) Көрсетілгендердің бәрі

 

1472. циститтің пайда болуында негізгі роль атқарады:

 

a) Қанайналымының жергілікті бұзылыстары

b) Физикалық факторлар

c) Инфекция

d) Химиялық факторлар

e) Жалпы факторлар

 

1473. қуыққа инфекция өтуінің ең жиі жолы:

 

a) Уретра арқылы

b) Төмен қарай жол

c) Лимфогенді

d) Гематогенді

e) Контакты (жанаспалы) жол

 

1474. жіті циститтің негізгі симптомдарына көрсетілгендердің қай бірі жатпайды:

 

a) Поллакурия

b) Полиурия

c) Терминальды гематурия

d) Зәр шығару кезіндегі ауырсынулар

e) Пиурия

 

1475. жіті цисттитің диагностикасы көрсетілгендердің қай бірінен басқасына негізделген:

 

a) Анамнез және клиникалық белгілер

b) Несеп тұнбасының микроскопиясы мәліметтері

c) Несептің себілуі мәліметтері

d) Экскреторлық урография және уретроцистография мәліметтері

e) Несептің жалпы анализі

 

1476. жіті циститте жасау қажет:

 

a) Цистоскопия (жағдайлардың басым көпшілігінде)

b) Цистоскопия (ерекше жағдайларда)

c) Қуықтың катетерленуі

d) Уретроскопия

e) Цистометрия

 

1477. Простата абсцессінде көрсетілгендердің қай бірі қолданылмайды:

 

a) Гентенсивті антибактериялық ем

b) Қуыққа тұрақты катетр өткізілуі

c) Несеп шығуы тоқтап қалған кезде-цистостомия

d) Абсцесс қуыстарының дренаждалуы

e) Дезинтоксикациялық ем

Несептас ауруы

 

1478. Ультрадыбыстық зерттеу қажет болады:

 

a) Бүйректің урат-тасына күдік бар жағдайда

b) Бүйректің маржан тәрізді тастарында

c) Несепағар тасында

d) Ешбір жағдайда

e) Барлық жағдайларда

 

1479. Несептің микрофлораға себілуі қажет:

 

a) Жіті іріңді пиелонефритте және несепағар тасында

b) Жіті серозды пиелонефритте және бүйрек тасында

c) Созылмалы пиелонефриттің активті қабыну сатысында

d) Барлық жағдайларда

e) Ешбір жағдайда

 

1480. 24 сағат бойындағы анурия. Анамнезінде урат тастардың және тұздардың несеппен шығыр тұруы. Шұғыл жәрдем көрсету үшін сіздің бірінші әрекетіңіз:

 

a) Лазикс 100 мг вена арқылы

b) Несепағарлардың катетерленуі

c) Шұғыл тері арқылы пункциялық нефростомия

d) Физиологиялық ерітінді 1 литр венаға

e) Науқасты нефрологиялық бөлімге өткізу

1481. Бүйрек ауруларындағы гематурия жиірек:

 

a) Бастапқы (инициальды)

b) Жалпы (тотальды)

c) Соңғы (терминальды)

d) Микрогематурия

e) Гемоглобинурия

 

1482. Бүйрек қатерлі ісігінің ерте белгілеріне көрсетілгендердің қайсы бірін жатқызуға болады:

 

a) Гематурия

b) Температураның жоғарылауы

c) Варикоцеле

d) Ауырсыну

e) Бүйректің ұлғайғандығы

 

1483. Бүйрек ісігіндегі классикалық жергіліктісимптомдардың триадасы (үшеуі)-бұл:

 

a) Гиперкальуиемия + гематурия + анемия

b) Пальпацияланатын ісік + варикоцем + гематурия

c) Пальпацияланатын ісік + гематурия +ауырсыну

d) Температура + дене салмағын жоғалту + анемия

e) Эрихтроцитоз + температура + ауырсыну

 

1484. Бүйрек ісігінде күдік бар жағдайда науқасты зерттеуді келесіден бастау қажет:

 

a) Аортография

b) Эксреториялық урография

c) Радиозотоптық ренография

d) Ультрадыбыстық зерттеу

e) Ретроградты уретеропиелография

 

1485. Бүйректің қатерлігі ісігіне бүйректі алып тастау кезінде бірінші кезекте байланып тасталады:

 

a) Бүйрек артериясы

b) Бүйрек венасы

c) бүйрек артериясымен венасы біргелікте

d) Бүйрек үсті артериясы

e) Ен артериясы

 

1486. Қатерлі ісік ТІ-2 жалғыз бүйректің жоғары полюсында орналасқан жағдайда жасау қажет:

 

a) Нефрэктомия

b) Бүйректің резекциясы

c) науқасты бақылау

d) Ісікті кесіп алып тастау

e) Сегменттік артерияны эмболизация жасау

 

1487. Бүйректің қатерлі ісігі бүйрек венасына тромб берген. сіздің тактикаңыз:

 

a) Нефрэктомия және тромбты алып тастау

b) Нефрэктомия тромбты алып тастамастан

c) Бүйрек артериясының эмболизациясы

d) Көрсетілгендердің бәрі

e) Операция қажет емес

 

1488. Қуық ісігі пайда болуына жағдай туғызатын факторларға жатады:

 

a) Темекі шегу

b) Организмнің иммундық реакциясының бұзылуы

c) Созылмалы қабынбалық аурулар

d) Анилин бояулары

e) Көрсетілгендердің бәрі

 

1489. Гематурияның ошағын (көзін) анықтау үшін зерттеуді бірінші кезекте бастау қажет:

 

a) Цистоскопиядан

b) Экскреторлық урографиядан

c) Ультрадыбыстық зерттеуден

d) Несептің жалпы анамезінен

e) Радиозотоптық зерттеуден

 

1490. Қуық ісігіне күдік бар жағдайда зертеуді бастау қажет:

 

a) Шолулық урографиядан

b) Компьютерлік томографиядан

c) Ультрадыбыстық зерттеуден

d) Экскреторлық урографиядан

e) Цистоскопиядан

 

1491. Простата аденомасының ІІІ-сатысына тән симптом:

 

a) Зәр шығарудың қиналуы, никтурия

b) Парадоксальды ишурия

c) Қалдық несеп 300 мл

d) Бұтаралғындағы ауырсыну

e) Простатаның тығыздығы тас тәріздес, ауырсынбайды

 

1492. Науқасты простата аденомасы, пародоксальды ишурия. Жасау қажет:

 

a) Қуықтың капиллярлық пункциясы

b) аденомэктомия

c) Тұрақты Нелатон катетері

d) Простатаның трансуретральды резекциясы

e) Троакарлық цистостомия

 

1493. Простата безінің қатерлі ісігі әдетте байқалады:

 

a) 10 жастан кейін

b) 20 жастан кейін

c) 30 жастан кейін

d) 40 жастан кейін

e) 50 жастан кейін

 

1494. Тік ішек арқылы саусақпен тексерген кезде простатаның қатерлі ісігіне келесі өзгерістер тән. Простата:

 

a) Ұлғайған күшті кернелген және ауырсынады

b) Ұлғайған, беткейі тегіс,консистенциясы эластикалық шекарлары айқын, ауырсынбайды

c) Өте тығыз, ауырсынбайды беткейі кедір-бұдыр қатаңдығы шеміршек немесе сүйек тәрізді

Ұлғайған, орталық сызық сақталған беткені тегіс емес, босаңсыған аймақтар, тығыздалған аймақтармен кезектесіп жатады

d) ұлғаймаған

е) атрофияға ұшыраған

 

1495. Бүйрек ісігіндегі классикалық жергілікті симптомдардың триадасы (үшеуі)-бұл:

 

a) Гиперкальуиемия + бематрия + анемия

b) Пальпациялық ісік + варикоцем + гематурия

c) Пальпациялық ісік + гематурия +ауырсыну

d) Температура + дене салмағын жоғалту + анемия

e) Эрихтроцитоз + температура + ауырсыну

 

1496. Бүйрек паренхимасы ісігінің диагностикасында цистоскопия анықтай алуы мүмкін:

 

a) Ауруға душар болған жақты (зақымдалған жақты)

b) Зақымдалған бүйректің функциясын

c) Бүйректердің функциясын

d) Дұрыс А және В

e) Дұрыс Б және С

 

1497. Простата аденомасының ІІІ-сатысына тән симптом:

 

a) Зәр шығарудың қиналуы, никутурия

b) Парадоксальды ишурия

c) Қалдық несеп 300 мл

d) Бұтаралғындағы ауырсыну

e) Простатаның тығыздығы тас тәрізжді, ауырсынбайды

 

1498. Қабылдау бөліміне 45 жасар науқас келді. Бел аймағының сол жағында бүріп келетін күшті ауырсынуға шағым жасайды. Ауырсыну төмен қарай мықынды бойлап сыртқы жыныс ағзаларына тарақалады. Зәр шығаруы жиіленген, көңіл айну және құсу байқалады. Науқас дене қалпын үздіксіз алмастырып отыруға мәжбүр, өйткені ауырсынуды бәсеңдететін дене қалпын іздеуге тырысады.Диагноз?

 

a) Бүйректердің поликистозы

b) Жіті пиелонефрит

c) Жіті паранефрит

d) Пионефроз

e) Бүйрек ұстамасы

 

1499. 70 жасар науқаста зәр шығуы кенеттен тоқтап қалды. Қуығы толып кеткен

дей сезім пайда болды, кіші дәретке қыштау сезімі өте, қасаға үстінде шыдатпайтын күшті ауырсыну байқалады. Бұған дейін 2-3 жыл бойында зәр шығарудың қиындықпен келетініне, несеп ағымының нашарлығына көңіл аударған болатын, түнде 2-3 рет кіші дәретке шығады. Симптомның атауы?:

 

a) Несептің кенеттен тоқтап қалуы (ишурия)

b) Парадоксальды ишурия

c) Несептің ұсталмауы

d) Несепті ырықсыз ұстай алмай қалу

e) Анурия

 

1500. 4 жасар ер балада зәр шығаруы қиындаған, несеп ағымы жіңішке, жіп тәрізді; әрбір зәр шығару кезінде күпеті шар тәрізді кернеліп, кеңейіп кетеді. Диагноз?

 

a) Баланопостит

b) Парафимоз

c) Фимоз

d) Жіті кавернит

e) Меатостеноз

 

1501. 82 жас науқаста екі апта бойында несептің ырықсыз түрде тұрақты ағып тұруы байқалады. Бұған дейін зәр шығарудың қиындауы, жиіленуі, несептің көп мөлшерде (3 литрге дейін) шығуы байқалған болатын. Аузы құрғақ, күшті шөлдеу сезімі бар. Қант диабеті күдігі дәлелін таппады. Қасаға үстінде томпайған, ауырсынатын көлемді құрылым пальпацияланады. Симптомның аталуы?:

 

a) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

b) Парадоксальды ишурия

c) Анурия

d) Қалдық несеп

e) Несептің ұсталмауы

 

1502. 8 жасар 0ыз балада туыл5аннан бері қарай күндіз де, түнде де несептің аз мөлшерінің ырықсыз ағып тұруы байқалады, бірақ қалыпты зәр шығару процессі сақталған. Тексеріп көрген кезде несептің тұрақты түрде қынаптан тамшылап ағып шығатындығы анықталды. Болжам диагноз?:

 

a) Қуық-қынаптық жыланкөз

b) Бүйректің толық емес қосарлануы

c) Бүйректің толық қосарлануы

d) Нейрогендік қуық

e) Қуықтың экстрофиясы (эктопиясы)

 

1503. 48 жас әйел науқаста ауруханаға келер күннің қарсаңында бел аймағының сол жағында күшті ауырсыну ұстамасы байқалған болатын. Сонан кейін зәр шығару тоқтап қалды және оған деген қыштау сезімі де жоқ. Несептің жоқ екендігіне 12 сағат болды. Пальпация және перкуссия кезінде қасаға үстінде қуық анықталмайды. Қуықты катетерлеу кезінде несеп алынған жоқ. 6 жыл бұрын бүйректас ауруы бойынша оң бүйрегі алынып тасталған. Болжам диагноз?:

 

a) Жіті пиелонефрит

b) Рефлекторлық анурия

c) Субренальды анурия

d) Ренальды анурия

e) Секреторлық анурия

 

1504. 56 жас науқас бүгін таңертең қалыпты денсаулық фонында кенеттен ешқандай ауырсыну сезімінсіз несебінің қанмен боялып шыққанын байқап қалды. Несептің қанмен боялуы зәр шығару процессінің басынан аяғына дейін байқалды. Қандағы гемоглобиннің мөлшері және қан қысымы қалыпты деңгейде. Қан кетудің болжам ошағы?:

 

a) Қуық

b) Артқы уретра

c) Алдыңғы уретра

d) Бүйрек

e) Қуықасты безі

 

1505. 38 жасар әйел науқаста әлсіздікке, тез шаршауға, ауыздың құрғақтығына, күшті шөлдеуге, несептің ауық-ауығымен қанға боялуына шағым бар. Құрсақтың жоғарғы аймақтарында қатаң, беткейі кедір-бұдыр құрылым дар пальпацияланады. Қан қысымы 200/120 мм.сын. бағ. Болжам диагноз?:

 

a) Бүйректердің ісігі

b) Бүйректердің карбункулы

c) Бүйректердің поликистозы

d) Бүйретердің пионефрозы

e) Бүйректердің емізікшелерінің некрозы

 

1506. 3 жасар ер балада жыныс мүшесі кішірейген, төмен қарай қисайған, ұмасы екіге ажырап кеткен, үрпінің сыртқы тесігі бұтаралығында орналасқан; зәрін отырған күйінде шығарады. Диагноз?

 

a) Микропенис

b) Эписпадия

c) Крипторхизм

d) Гипоспадия

e) Гермафродитизм

 

1507. 8 жасар ер баланың ені ұмада жоқ. Туылған кезде екі ені де ұмада жоқ болған, 6 жас кезінде сол ені қалыпты орнына түскен болатын. Оң шап аймағында дөңгелек, мөлшері 3х2 см құрылым пальпацияланыды (оншалықты айқын емес). Диагноз?

 

a) Анорхизм

b) Оң жақтағы аталық бездің ісігі

c) Оң жақтама крипторхизм

d) Лимфаденит

e) Оң жақтама шап жарығы

 

1508. 28 жас еркек науқаста 2,5 м биіктіктен құлап түскеннен кейін бел аймағының оң жағында күшті ауырсыну пайда болды және және зәр шығарған кезде несебі қанға боялды (қанның пішіні «құрт» тәрізд»). Пульс 140 мин., толуы әлсіз, қан қысымы 80/50 мм сын. бағ. Оң қабырға астындағы аймақта ісіну пальпацияланады. Көрсетілгендердің ішіндегі қай әдіс ең бағалы диагностикалық болып есептеледі?

 

a) УЗИ почек

b) Экскреторная урография

c) Ретроградная уретеропиелография

d) Компьютерная томография

e) Обзорная урография

 

1509. 43 жасар еркек алкогольдық мас болуы кезінде құрсағына күшті соққы алған болатын. Содан кейін құрсақтың төменгі бөлігінде күшті ауырсыну пайда болды, зәр шығаруға қыштау сезімі жиіленді. Зәр шығаруға тырысқан кезде тек қанға боялған сұйықтықтың азғантай ғана мөлшері шығады. Соққы алғанға дейін 6 сағат бұрын қуығын босатқан болатын. Құрсағы кернелген, күшті ауырсыну бар. Болжам диагноз?

 

a) Уретраның жабық жарақаты

b) Қуықтың интраперитонеальды жабық жарақаты

c) Қуықтың экстраперитонеальды жабық жарақаты

d) Қуықтың толық емес жабық жарақаты

e) Уретраның толық жабық жарақаты

 

1510. 23 жасар еркек үрпісінен қан бөлінуіне, зәр шығара алмауына шағым жасап келді. 4 сағат бұрын, темір шарбақтан секіріп өтіп жатқан кезде шарбақ үстіне бұтаралығымен «отырып» қалды. Тексерген кезде бұтаралығында айтарлықтай ісіну бар, пальпация және перкуссия кезінде қасаға үстінде ұлғайған, кернелген қуық анықталады. Үрпінің жарақаты диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы?:

 

a) Қуықтың катетерленуі

b) Уретраның буждалуы

c) Уретротомия

d) Уретроуретроанастомоз

e) Троакарлық цистостомия

 

1511. 38 жасар науқаста 4 күн бұрын бел аймағының сол жағында күшті ауырсыну пайда болды. Ыстық ваннадан кейін күшті ауырсыну батып ауырсынуға айналды, бірақ тұрақты түрде. 2 күннен кейін дене температурасы 38,6 C, көтеріліп кетті, екі рет күшті қалтырау болып өтті. 3 жыл бұрын сол бүйрегінен тас алынған болатын. Сол жақтағы қабырға асты аймағында ауырсыну бар, сол жақтан Пастернацкий симптомы өте сезімді. Диагноз?

 

a) Жіті біріншілік пиелонефрит

b) Жіті екіншілік пиелонефрит (серозный)

c) Жіті біріншілік іріңді пиелонефрит

d) Жіті екіншілік іріңді пиелонефрит

e) Жіті серозды пиелонефрит

 

1512. 22 лет жасар келіншекте жүктіліктің 24-ші аптасында бел аймағының оң жағында батып ауырсыну пайда болды, дене температурасы 39 C дейін көтеріліп кетті, бір рет қалтырау болып өтті. Созылмалы тонзиллитпен ауырады. Сол бүйрек тұсында ауырсыну бар. Жүктіліктің іріңді жіті пиелонефриті диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы?:

 

a) Сол жақ бүйірінде жату

b) Тізе-шынтақ қалпында жату

c) Қуықтың катетерленуі

d) Қуықтың катетерленуі

e) Перкутандық (тері арқылы) нефростомия

 

1513. 20 жасар еркек, ұманың сол жағында шап және бел аймақтарына тарлатын күшті ауырсыну бар, дене температурасы 39 С. Мұздай суға шомылғаннан кейін ауырып қалған. Тексерген кезде ұманың сол жағы айтарлықтай ұлғайған, терісі қызарған, ұманың пальпациясы күшті ауырсыну береді. Диагноз?

 

a) Сол еннің шемені

b) Сперматоцеле

c) Сол еннің бұралып қалуы

d) Сол жақтама жіті эпидидимит

e) Сол еннің ісігі

 

1514. 32 жас әйел науқас бел аймағының оң жағындағы тұрақты батып ауырсыну сезімі шағымымен келді, зәр шығаруы жиіленген және ауырсынады, несебі лайқы, ауық-ауығымен несебіне қан араласып шығады. Ауырғанына үш ай болды (екінші босанудан кейін тез аралықта). Балалық шағында экссудативті плевритпен ауырған. Пастернацкий симптомы сол жақтан сезімтал.. Науқасты қай маманға бағыттар едіңіз?

 

a) Терапевтке

b) Онкологқа

c) Хирургке

d) Урологқа

e) Фтизиоурологқа

 

1515. 62 жасар науқас. Несебінің бірнеше рет қанмен боялғандығына шағым жасайды, қан несеп ағымының басынан аяғына дейін байқалады. Дене температурасы тұрақты түрде 37,8 – 38,0 C) Тексерген кезде оң жақтан енбауы веналарының варикозды кеңеюі байқалады. Диагноз?:

 

a) Оң жақтама варикоцеле

b) Оң жақтама жіті пиелонефрит

c) Оң бүйрек паренхимасының ісігі

d) Бүйректердің поликистозы

e) Қуықтың ісігі

 

1516. 62 жасар еркекте зәр шығаруының қиындауы, түнгі кезде жиілеуі (3-4 рет) байқалады. Несеп ағымы әлсіреген, қуықтың толық босалмауы сезімі бар. Перкуссия кезінде қасаға үстіндегі дыбыстың тұйықтығы байқалады (4-5см). Симптомның атауы?

 

a) Ишурия

b) Парадоксальды ишурия

d) Қалдық несеп

c) Несептің ұсталмауы

e) Несептің стрестік ұсталмай қалуы

 

1517. 66 жасар науқаста бір жыл бойында зәр шығарудың жиілігі, зәр шығарудың соңында дүркін-дүркін несептің қанмен (пішінсіз ұйындылар) боялуы байқалады. 2- стакандық сынақта несептің екінші үлесі еттің жуындысы түсіне боялған. Қай әдіс диагноз қою үшін ең бағалы болып есептеледі?:

 

a) УДЗ

b) Цистоскопия

c) Экскреторлық урография

d) Цистография

e) Ретроградтық пиелография

 

1518. 78 жасар ер науқаста тіке жүрген кезде зәр шығарудың жиіленуі және қасаға үстінде ауырсыну бар; тіке тұрып қуығын босатар кезінде несеп ағымы кенеттен тоқтап қалған кезде, дене қалпын өзгертіп, қуығын жатып босата алуға қабілетті. Диагноз?

 

a) Простата аденомасы

b) Қуықтың ісігі

c) Қуықтың тасы

d) Уретраның тарылуы

e) Несепағардың тасы

 

1519. 23 жасар әйел науқаста суықтап қалғаннан 2 күннен кейін зәр шығарудың жиіленуі, ауырсынуы пайда болды. Зәр шығарудың соңында қан тамшылайды. Дене температурасы қалыпты, Пастернацкиц симптомы теріс мәнді. Диагноз?

 

a) Жіті пиелонефрит

b) Жіті цистит

c) Жіті уретрит

d) Жіті паранефрит

e) Жіті гломерулонефрит

 

1520. 36 жасар науқас 2 ай бұрын сол енінің біртіндеп ұлғая бастағандығын байқады. Балалық шағында сол жақтама крипторхизммен ауырған болатын. 8 жасында сол еннің ұмаға түсірілуі операциясы жасалған. Тексерген кезде ұманың сол жағы ұлғайған, сол аталық бездің көлемі 10х6 см, ен тығыз, беткейі кедір бұдыр. Болжам диагноз?:

 

a) Сол жақтама орхит

b) Сол жақтама крипторхизм

c) Сол жақтама еннің шемені

d) Сол жақтама эпидидимит

e) Сол жақ аталық бездің қатерлі ісігі

 

1521. 28 жасар науқас әйелді босанғаннан жарты жылдан кейін физикалық ауыр жұмысты қайтадан бастағалы бері құрсақтың оң жағындағы ауырсынулар мазалай бастады. Ауырсыну тік тұрған кезде пайда болады да жатқан кезде жоғалып кетеді. Дүркін-дүркін қан қысымы көтеріліп кетеді. Болжам диагноз?

 

a) Оң бүйректің ісігі

b) Оң жақтама гидронефроз

c) Оң жақтама нефроптоз

d) Оң бүйректің кистасы

e) Бүйректердің поликистозы

 

1522. 30 жасар науқаста ауруханадан тыс жасалған аборттан (түсік) 3 күннен кейін дене температурасы 40 C көтеріліп кетті, содан соң несеп мөлшері төмендей бастады, ал кейінірек мүлдем жоғалып кетті. Несеп 3 күннен бері қарай жоқ. Науқас бозарған, ісінген, тілі құрғақ, ауызынан аммиак иісі шығады. Қуықты катетерлеу кезінде несеп алынбады. Болжам диагноз?:

 

a) Экскреторлық анурия

b) Преренальды анурия

c) Рефлекторлық анурия

d) Секреторлық анурия

e) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

 

1523. 36 жасар науқас әйелде жалпы әлсіздік, шаршағыштық, ауыздың құрғақтығы, шөлдеу байқалады. Балалық шағынан бастап созылмалы пиелонефритпен ауырады. Науқаста жалпы әлсіздік, шаршағыштық, шөлдеу, көңіл айну және құсу байқалады. Қан қысымы 220/120 мм. сын. бағ. Тәулігіне 3 литр түссіз, салыстырмалы тығыздығы төмен несеп бөліп шығарады. Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуын болжамдайсыз?:

 

a) Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі

b) Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

c) Олигоанурия

d) Олигурия

e) Нефрогендік гипертония және бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

 

1524. 36 жасар еркек науқас. Бүйрек тасының алынып тасталуы операциясы жасалғаннан 12 сағаттан кейін қуығын босата алмайды, қуықтың толып кетуіне және зәр шығаруға күшті қыштау сезімдерінің бар екендігіне қарамастан. Перкуссия және пальпация кезінде айтарлықтай кеңейіп кеткен қуық анықталады. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі байқалады?

 

a) Секреторлық анурия

b) Экскреторлық анурия

c) Преренальды анурия

d) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

e) Парадоксальная ишурия

 

1525. 43 жасар науқаста нефролитотомия операциясынан 7 күннен кейін таңғыш қарқынды түрде алқызыл балғын қанмен боялып кетті. Сонымен қатар нефропиелостомиялық дренаждан және қуықтан қанның ұйындысымен боялған несеп те шыға бастады. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі байқалып отыр?

 

a) Астаушадан қан кету

b) Несепағардан қан кету

c) Бүйрек паренхимынан қан кету

d) Қуықтан қан кету

e) Тостағаншадан қан кету

 

1526. 37 жасар науқаста пиелонефролитотомия операциясынан 4 күннен кейін пиелостомиялық дренаждаушы түтіктен несеп шықпай қалды, операция болған бүйректе кернелген ауырсынулар пайда болды. Дене температурасы 40 С дейін көтеріліп кетті. Бір рет күшті қалтырау болып өтті. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі орын теуіп отыр?

 

a) Пиелонефростомиялық дренаждаушы түтіктің астаушадан тыс шығып кетуі немесе бітеліп қалуы

b) Тостағаншадан қан кету

c) Астаушадан қан кету

d) Бүйрек паренхимасынан қан кету

e) Паранефральды майлы клетчаткадан қан кету

 

1527. 76 жасар науқаста эпицистостомия операциясынан 4 күннен кейін қуықтағы дренаждаушы түтіктен несеп шықпай қалды, таңғыш несеппен мол түрде сулана бастады, қуықтың кернелуі сезімі және зәр шығаруға қыштау сезімі пайда болды. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі байқалып отыр?:

 

a) Дренаждық түтікшенің обструкциясы салдарынан пайда болған несептің кенеттен тоқтап қалуы

b) Несептің созылмалы түрде ұсталып қалуы

c) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

d) Анурия

e) Олигакурия

 

1528. 72 жасар науқаста қуықтың толық тігілуімен аяқталған трансвезикальды аденомэктомиядан 3- күннен кейін уретральдық катетерден несеп шығуы тоқтап қалды, қасаға үстінде күшті ауырсыну пайда болып науқас уретрадағы катетердің айналасынан зәр шығара бастады. Науқаста операциядан кейінгі асқынулардың қандай түрі пайда болды?:

 

a) Қуықтың тампонадасы

b) Несептің ырықсыз ұсталмай қалуы

c) Несептің ұсталмауы

d) Несептің стрестік ұсталмай қалуы

e) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

 

1529. 28 жасар науқаста гинекология бөлімінде жатырдың экстирпациясы операциясы жасалған. Операциядан кейінгі 48 сағат бойында қуықта қалдырылып кеткен катетерден несеп шығуы байқалмай отыр. Операциядан кейінгі асқынудың болжам түрі?

 

a) Cекреторлық анурия

b) Субренальды анурия (екі несепағарлардың да байланып тасталуы)

c) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

d) Олигоанурия

e) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

 

1530. 10 жасар ер балада 3 күн бойында байқалған тоқтаусыз құсудан кейін несеп мөлшері төмендей бастады, ал кейінірек мүлдем тоқтап қалды. Болжам диагноз?

 

a) Преренальды анурия

b) Ренальды анурия

c) Субренальды анурия

d) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

e) Несептің рефлекторлық түрде тоқтап қалуы

 

1531. 18 жасар бойжеткен қыз суицид мақсатымен 10 сағат бұрын ұйқтатқы дәрілердің бір уысын жұтып жіберген. Қуығы бос. Болжам диагноз?

 

a) Преренальды анурия

b) Ренальды анурия

c) Субренальды анурия

d) Аренальды анурия

e) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

 

1532. 27 жасар еркек. Бүйректің жеңіл жабық жарақаты диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы?:

 

a) Консервативті

b) Люмботомия

c) Бүйректің резекциясы

d) Нефростомия

e) Урогематоманың дренаждалуы

 

1533. 34 жасар еркек. Бүйректің жабық жарақаты. Ауыр түрі. Айтарлықтай урогематома анықталады. Дене температурасы 38,5 С. Емдеу тактикасы?:

 

a) Консервативті

b) Гемотрансфузия

c) Динамикалық бақылау

d) Инфузиялық терапия

e) Люмботомия. Бүйректің ревизиясы

 

1534. 27 жасар еркек наұқас. Қуықтың жабық экстраперитонеальдық жарақаты бар. Кіші жамбастың урогематомасы анықталған. Кіші жамбас қуысының флегмонасы даму қауіпі бар. Емдеу тактикасы?:

 

a) Тек антибактериялық терапия

b) Цистостомия

c) Қуық жарақатының тігілуі. Кіші жамбасстың Мак-Уортеру Буяльский әдісі бойынша дренаждалуы. Эпицистостомия

d) Троакарлық цистостомия

e) Қуықтың пункциялық аспирациясы

 

1535. 29 жасар еркек. Қуықтың жабық интраперитонеальды жарақаты бар. Іш қуысында 1,5 литр сұйықтық анықталады (УДЗ-ге сәйкес). Емдеу тактикасы?:

 

a) Эпицистостомия

b) Троакарлық цистостомия

c) Лапаротомия, ішперде қуысының дренаждалуы, қуық жарақатының тігілуі, эпицистостомия

d) Қуық жарақатының тігілуі

e) Ішперде қуысының дренаждалуы

 

1536. 49 жасар еркек науқаста қуық ісігіне күдік бар. Қандай зерттеу әдісі ең бағалы болып есептеледі?:

 

a) УДЗ

b) Цистография

c) Цистоскопия

d) Экскреторлық урография

e) Уретроцистография

 

1537. 57 жасар еркек науқас. Бүйрек паренхимасы қатерлі ісігіне тән макрогематурияның ерекшеліктерін көрсетіңіз?:

 

a) Ауырсынусыз

b) Ауырсынумен

c) Терминальды (соңғы)

d) Инициальды (бастапқы)

e) Ұйындының пішіні жоқ

 

1538. 76 жастағы науқаста трансвезикальды аденомэктомиядан кейін қуықтың тампонадасы симптомы байқалады. Себебін атап көрсетіңіз?:

 

a) Қан кету және қуықта көптеген майда қан ұйындыларының түзілуі

b) Уретральдық катетер функциясының жеткіліксіздігі

c) Қуықтың атониясы

d) Қуықтың гипертонусы

e) Қуық сфинктерінің жеткіліксіздігі

 

1539. 37 жастағы науқаста қуықтың ісігіне күдік бар. Цистоскопия үшін қажетті бірінші шартты көрсетіңіз?:

 

a) Қуықтағы сұйықтықтың мөлдірлігі

b) Үрпінің өтімділігі

c) Қуықтың сиымдылығының жеткілікті болуы

d) Жіті эпидидимиттің жоқ болуы

e) Созылмалы эпидидимиттің жоқ болуы

 

1540. 49 жастағы науқаста бүйректің оң жақтама ұстамасы байқалады. Көрсетілген симптомдардың қай бірі бүйрек ұстамасына тән емес?

 

 

a) ұйқышылдық

b) тынышсыздық

c) жәрдем беруді талап ететін тұрақты түрдегі өтініштер

d) көңіл айну

e) ишурия

 

1541. 2 жасар ер балада жыныс мүшесі басының және күпеттің үшкі беткейінің ауырсынуы, қызаруы, іріңді бөліністер байқалады. Диагноз?:

 

a) Парафимоз

b) Баланопостит

c) Баланит

d) Постит

e) Меатостеноз

 

1542. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға 75 жасар науқас келді. Соңғы 3 сағаттан бері қарай зәр шығаруға бағытталған көптеген әрекеттеріне қарамастан зәрін шығара алмайды. Құрсақтың төменгі бөлімінде шыдатпайтын ауырсынулар байқалады. Қасаға үстінде ұлғайған шар тәрізді көлемді құрылым көрінеді. Симптомның атауы?:

 

a) Парадоксальды ишурия

b) Анурия

c) Қуықтың тампонадасы

d) Несептің рефлекторлық тоқтап қалуы

e) Несептің кенеттен тоқтап қалуы

 

1543. 41 жастағы науқаста жыныс мүшесінде күшті ауырсыну, ауырсынумен сипатталатын эрекциялар, дене температурасының жоғарылауы байқалады. Қуысты денелерде тығыздалған бөлімдер пальпацияланады. Диагноз?:

 

a) Жіті кавернит

b) Жіті уретрит

c) Жіті баланопостит

d) Парафимоз

e) Созылмалы уретрит өршу сатысы

 

1544. Оң несепағардың ортаңғы үштен біріндегі тасы бар 31 жастағы науқаста уретероскопия жасау әрекеті сәтсіз аяқталды. Көрсетілген әдістердің қай бірі осы сәтсіздіктің себебі туралы ең бағалы мәлімет бере алады?

 

a) Ретроградты цистография

b) Ретроградты уретеропиелография

c) Экскреторлық урография

d) УДЗ

e) Шолулық урография

 

1545. 52 жастағы науқасқа цистоскопия жасау қажет. Осы процедураны жасау үшін қажет екінші шартты көрсетіңіз?:

 

a) Үрпінің өтімділігі

b) Қуықтағы сұйықтықтың мөлдірлігі

c) Қуық дивертикулының жоқ болуы

d) Простата аденомасының жоқ болуы

e) Қуықтың сиымдылығының жеткілікті болуы

 

1546. 52 жастағы науқасқа цистоскопия жасау қажет. Осы процедураны жасау үшін қажет үшінші шартты көрсетіңіз?:

 

a) Қуықтағы сұйықтықтың мөлдірлігі

b) Үрпінің өтімділігі

c) Қуықтың сиымдылығының жеткілікті болуы

d) Қуықта созылмалы қабынбаның жоқ болуы

e) Созылмалы эпидидимиттің жоқ болуы

 

1547. 45 жастағы науқас. Д-з: Оң несепағардың төменгі бөлімінің тасы. Екіншілік апостематозды іріңді пиелонефрит. Температурасы өте жоғары, бірнеше рет қалтыраулар болып өткен. Емдеу тактикасы?:

 

a) Люмботомия. Бүйректің ревизиясы. Нефростомия. Бүйректің декапсуляциясы. Паранефральды кеңістіктің дренаждалуы

b) Несепағардың катетеризациясы

c) Уретероскопия, уретереролитотрипсия

d) Уретеролитотомия

e) Нефростомия, уретеролитотомия

 

1548. 31 жасар науқас. Простата абсцессі диагнозы қойылған. Несептің кенеттен тоқтап қалу симптомы бар. Емдеу тактикасы?:

 

a) Қуықтың катетерленуі

b) Простатның трансуретральды резекциясы

c) Қуықтың пункциясы

d) Цистостомия

e) Цистостомия, абсцесстің ашылуы және вскрытие и дренаждалуы

 

1549. 76 жастағы науқас. Простата аденомасы. Парадоксальды ишурия. Емдеу тактикасы?:

 

a) Простата аденомасының трансуретральная резекциясы

b) Тұрақты катетер

c) Қуықтың пункциясы

d) Альфа адреноблокаторлар тағайындалуы

e) Цистостомия

 

1550. 29 жасар еркек науқаста уретраның жабық жарақаты, несептің кенеттен тоқтап қалу симптомы және бұтаралығындағы урогематома бар. Емдеу тактикасы?:

 

a) Қуықтың катетерленуі

b) Қуықтың пункциясы

c) Тұрақты катетер