ЛАКБОЯУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пигменттер–минералдық немесе органикалық негізіндегі құрғақ, түрлі өте майда, ұнтақ материалдар. Олар суда, байланыстырғыштарда немесе еріткіштерде ерімейді, бірақ олармен қосылып, алуан түрлі және көркем мөлдір жабындарды құрайды. Олар сырланатын затқа терең енбейді,кепкен байланыстырғышпен бірге күңгірт түсті қабық жасай отырып, оның бетіне шөгеді. Ең көп қолданылатын пигменттер; қорғасын және мырыш түсті ақ сыр крон, мумия,л азурь жоса сурик және ултрамарин.

Сыр құрамының бояуы, түсінің қанықтылығы, жұғымдылығы, боялатын жердің жабылуы, жарыққа төзімділігі мен сілтіге төзімділігі пигментиің түрі мен сапасына байланфсиы.

Толықтырғыштар – табиғи және синтетикалық оргпнигалық емес, ұнтақ тәріздес материалдар. Олар байланыстырғыштарда ерімейді және өзіне тән түсі болмайды. Толықтырғыштар сыр сыр құрамының сапасын арттырады, қабаттар құрылымының түзіліуіне, құрамдарды қоюландырады. Ең көп қолданылатын толықтырғыштар: каолин, талык, бор, жеңіл шпат, ангидрит, маршаллит және асбест. Толықтырғыштар сыр құрамының құнын арзандатады. Олар сыр құрамдарының ауа әсеріне төзімділігін, қаттылығын, тоз тозбауын және басқа механикалық қасиеттерін жақсартады.

Байланыстырғыштар– тықыр немесе алдын-ала еріткішпен сұйытылған қабыршақ жасайтын зат.

Сыр құрамында байланыстырғыш пигмент пен толықтырғыш бөлшектеріне сіңеді және бөлшектерді өзара берік байланыстырып, олар сырланатын бетке немесе дайындалған қабатқа желімдеп, олардың арасындағы бос орындарды толтырады.

Байланыстырғыштар сыр құрамының тұтқырлығына, мөлдірлігіне, тығыздығына, түсіне, аққыштығына, жабысқақтығына, көлбеу уақытына әсер етеді.

Сыр құрамының тұтқырлығын азайту үшін байланыстырғыштар әр түрлі сұйықтықтармен сұйытылады немесе ерітіледі.Еріткіштер немесе сұйықтар ретінде су, скилидар ацетон, келон және арнаулы еріткіштер пайдаланады.

Бояулық құрамдар

Майлыбояулар –бояу тарататын машиналарда алифа мен пигменттерді мұқият араластырып, қою қатық (паста) алады. Ол қою бояу деп аталады.

Лактар – табиғи немесе қолтума (жасанды) шайырларды булатып ұшып кететін еріткіштер мен араластыру арқылы алатын ерітінділер. Лактардың мынадай түрлері болады: майлы-шайырлы (масляно-смоляные), лактар, майсыз синтетикалық (бкзмасляные синтетические) лактар, битумдық немесе асвальттық лактар, интролактар, спирттік лактар және политулар.

Эмальдік бояулар – глифталдық эмальдық, нитроэмальдық және т.б. түрлері болады.

Сумен араласатыратын бояулардың миниралдық негізде, желімдік, суэмульсиялық (латекстік) және поимерцементтік түрлері болады.

 

 

Пайдаланған оқулықтар

  1. Г.И. Горчаков, Ю. М. Баженов «Строительные материалы»,Л.Н. Попов. Н.Л. Лабораторные работы по дисциплине «Строительные материалы и изделия» ИНФРА –М.,2005
  2. В.Г.Микульский., Г.И.Горчаков., В.В.Козлов. «Строительные материалы» , - М 2004 ИАСВ.
  3. В.В.Белов., В.Б.Петропавловская Лабораторные определения свойств строительных материалов., М- ИАСВ.,2004

Мазмұны

Кіріспе...... .............................................................................. 3