ШЫДАУЫН АРТТЫРУ АМАЛДАРЫ

Кептіру – ағаш бұйымдары мен конструкцияларының қызмет мерзімін ұзарту мен сапасын арттырудың негізгі шараларының бірі.

Кептіру табиғи және жасанды болады. Табиғи кептіру ашық аспан астында, немесе іші құрғақ жабық үй ішінде іске асады. Кептірудің бұл түрі көп уақыт қажет етеді; апта, кейде айлар өтеді.

а)

 

 

Бұтақ түрлері: а – сау бұтақ, б – босаған бұтақ.

в – мүйізделген бұтақ,


Жарықшақ түрлері.

а – кесе көлденең, б – доғал, в – аяздан жарылу, г – кебуден жарылу

Жасанды кептіру – кептіру камераларында ыстық ауа, газ, бу немесе жиілігі жоғары тоқ күшімен жүргізіледі. Жасанды кептірудің ең көп таралған түрі камераларда кептіру. Камералар бітеу жабылады, оның ішінде температураны реттеуге, ағаштан шыққан ылғалды аластауға мүмкіндік береді.

 

 

АҒАШТЫ ШІРУ МЕН ЖӘНДІКТЕР ЗАРДАБЫНАН ҚОРҒАУ

Ағашты шіруден сақтау үшін конструкциялық шаралар қолданады: оны топырақтан, бетоннан және тастан аулақтайды (ағашты оларға тікелей жанастырмайды), желдету үшін арнайы каналдар жасайды, ағаш конструкцияларын жауын-шашыннан қорғайды, терезенің сыртқы жақтауларының төменгі жағынан суағар жасайды.

Алайда констукциялық сипаттағы шаралармен ағашты шіру мен суланудан толық сақтап қала алмайсың.

Ағашты шіруден оны алдын-ала химиялық заттардың көмегімен антисептиктермен қорғайды. Бұл үшін суда еритін және майлы антисептиктер мен антисептикалық пасталар пайдаланады. Суда еритін антисептиктер ылғалға тап болмайтын конструкцияларға, яғни ылғалды, тұрғын және өндірістік ғимараттарды салғанда қолданылады.

Майлы антисептиктерді олардың улы, күлімсі иісі және жаққанда бояулық рен беретіндіктен, оларды ашықта, жерде немесе суда орналасатын конструкцияларды қорғау үшін қолданады.

Майлы антисептиктерді ғимараттардың ішіндегі конструкциялар үшін пайдаланады.

Антисептикалық пасталарды ылғалдылығы жоғары жағдайдағы ғимараттардың конструкцияларын қорғау үшін қолданылады.

Ағашты жәндіктердің зардабынан қорғау үшін химиялық интектицидтер қолданылады. Интектицидтерді куст, суспензия, эмульсия, аэрозол және газ түрінде пайдаланады. Интектицид улы болғандықтан оларды пайдаланғанда сақтық жасау керек.

 

АҒАШ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН

АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР

Өзінің табиғи физикалық құрылымы мен химиялық құрамы сақталған ағаштан жасалған материалдар ағаш материалдар деп аталады. Олар өңделмеген (жұмыс) және өнделген (кесілген), жарылған ағаш материалдары т.б. болып екіге бөлінеді.

Жұмыр ағаш материалдары бұтақтарынан тазартылған діңнің кесінділері. Жіңішке басының диаметіріне қарай жұмыр ағаш материалдары бөрене, төсеніш ағаш, сырғауыл деп аталады.

Құрылыстық бөренелер мен тілінетін ағаш материалдарының жіңішке жағының диаметрі 14 см-ден кем болмауы және ұзындығы 4 - 6,5 метр болуы тиіс. Олар қабығынан тазартылып, көлденеңінен тік кесілуі керек. Сапасы бойынша бөренелер үш сортқа бөлінеді. Сортты анықтау бөренедегі ақауларға байланысты. Құрылыстық бөренелер тұрғын үй, өнеркәсіптік, мәдени-тұрмыстық ғимараттардың күш түсетін конструкциялары ретінде қолданылады, сонымен қатар қадалар мен ағаш көпірлерді салуға қолданылады.Төсеніштік жұмыр ағаштар (подтаварники) жоғары басының диаметрі 8-13 см. Және ұзындығы 3-9 м діңнің бөлігі. Оны тұрғын үй және ауыл шаруашылық құрылысында, қосалқы және мерзімдік ғимараттарда және т.б. түрлі мақсатта қолданылады.

Сырғауылдардың (жерди) жіңішке басының диаметрі 3 см, ұзындығы 3-9 м. Оларда төсеніштік жұмыр ағаштар сияқты пайдаланады.

Тілінген ағаш материалдары (пило материалы) тілінетін бөренелерді ұзын бойына тілу арқылы дайындайды.

Олар: пластиналар – бөренелерді екіге бөліп тілгенде шыққан жарты бөренелер, ширектіктер (четвертины) бөренені төртке бөліп тілгенде шыққан бөренеге ширегі.

Шет тақтай (горбыль) – бөрененің шеткі тілігі, бір жағы ғана араланған, бір жағы сол қалпында қалдырылған бөрененің тілігі.

Тақтайлар бөрененің ортасын ұзын бойына тілгенде шығады. Тақтайлардың қалындығы 13-100, ені 80-250мм, яғни ағаштың ені қалындығынан екі есе артық болуы тиіс.

Тақтайлар қыры алынбай (необрезные) және қыры алынған (обрезные) болады.

Төрт қырлы ағаштар (брусья) қалындығы немесе ені 100-250 мм.

Ағаштан жасалынған бұйымдар:

Үстіріктелген қума бұйымдар (строганные погонажные изделия) еден тақтайлары, кертілген (шпунтованные) еден тақтайлары, кенереліктер, көмкерліктер, терезе, есік жақтауының көмкермелері (наличники)

Паркетті еден бұйымдар:

жеке паркет ұсақтіліктер (планкалар). Олар қатты ағаштардан (емен, қайын, балқарағай т.б.) жасалады. Ұзындығы 150,200,250,300,400мм ені 30-60мм, қалындығы 15 және 18мм.

Құрама паркет (наборный паркет) – қатты қағазға желімделген паркеттер 400х400, 600х600мм.

Қалқан паркет тақтайлар мен қырлы ағаштарға желімделген паркет пластиналары. Паркеттік тақтай – ұзын жұқа таспа тақтайларға (рейкаларға) желімделген ұсақ тіліктер. Ұзындығы 1200,1800,2400,300мм, ені 160мм, қалындығы 25мм.

Ұшқат (фанера) ұзындығы 3м, ені 2м, қалындығы 15мм-ге дейін.

АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС

КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ

 

Бұларды ағаш өңдейтін зауыттар мен комбинаттарда жасайды, құрылыс бойында оларды түзетіп, реттеудің қажеті жоқ, дайын бұйымды тиісті орнына жалғастырады. Бұларға қарастырмалы ағаш үй құрамалары (комплектілері), ауылшаруашылық ғимараттары конструкцияларының бөлшектері мен элементтері (арқалықтар, торкөз аралықтар), қабатаралық және төбе жабындылары т.б.

Жұмыстың сипатына және ғимараттардың жағдайларына құрылыстық ағаш конструкцияларының құрама бөліктерін бір-бірімен болтпен, қапсырма шегемен (скоба), қамытпен (хомут-сақина) кертпе ойық немесе желіммен жалғанады.

Беріктігі өте жоғары суға төзімді фенолоформальдегидтік желімдерді қолданып, қысқа ағаш материалдарынан (кесінділерден), беріктігі өте жоғары, ұзақ мерзімге шыдайтын, отқа төзімді мөлшері (размер) мен пішіні (форма) әрқилы конструкциялар жасауға болады. Оның үстіне, желімделген конструкциялар басқаларына қарағанда салмағы жеңіл, бағасы арзан, пайдалануда сенімді болады, өйткені оларды жасауға ағаштың анизотроптық қасиеттері (физикалық қасиеттерінің біркелкі еместігі)ескеріледі, ал желім қабаты конструкцияның тұтастығы қамтамасыз етеді.

Желімделген ағаш конструкцияларын көбінесе қылқан жапырақты ағаш түрлерінен тілінген ағаш материалдарынан, кейде құрылыс ұшқатын (фанера)суға төзімділігі желіммен біріктірілген қолданып жасайды. Бұларды өндірістік ауылшаруашылық және кейбір өнеркәсіп ғимаратарын жабуға (химиялық ортада), Қиыр Солтүстік пен жер сілкінетін аудандарда ғимараттар салуға пайдаланады.

Аз қабатты зауыттарда жасалатын үйлерді дайындағанда ағаштан жасалған бұйымдар мен ағаш шикізаты қалдықтарын кешенді (комплексно) пайдаланған тиімді. Қалдықтардан фибролит және арболит ағаш талшықты, ағаш жаңқалы тақталар шығарылады.

 

 

Тілінген ағаш түрлері

а – қақ жарылған бөрене, б – төртке бөлінген бөрене, в – қырқыс, г – қыры алынбаған тақтай, д – бір қыры алынбаған тақтай, е – қырлары алынған тақтай, ж – төрт қырлы бөрене, з – таза тілінген бөрене.

 

 

Бойлық бұйымдар

а – кертпе ойықты ағаштар, б – керттік ағаштар, в – кенерелік, г – кемкерме, д – тұтқалық

 

АҒАШ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРДЫ ЖАНУДАН ҚОРҒАУ

Сұйық шыны негізінде жасалған бояулар немесе қатықтар (пасталар), түріндегі оттан қорғайтын құрамдарды ағаш құрамаларының (констукцияларының) сыртына жағады.

Жанудан қорғаудың ең тиімді тәсілі – ағашқа антипирин сіңіру. Мысалы, фосфор қышқылды аммоний, бор, борлы қышқын ерітінділері.

Антипирен сіңген ағаш қызғанда тұздар жануға кедергі келтіретін химиялық заттар түзіп ыдырайды.

 

 


3-ТАРАУ. ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАР

ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Табиғи тас материалдар – тек қана механикалық өндеу жолымен (уату, жару, кесу, тегістеу, жалтырату) тау жыныстарынан алынатын құрылыс материалдары. Осындай өңдеуден соң табиғи тас материалдар түгелге дерлік тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін сақтайды.

Табиғи тас материалдары құрылыста кеңінен қолданылады, сонымен қатар олар минералды біріктіргіш заттар мен қолтума (жасанды) тас материалдарын алудың негізгі шикізаты болып табылады.

Тау жыныстары өздерінің пайда болуына қарай үшке бөлінеді: магмалық, тұнба, метаморфалық.

Магмалық суыну жағдайларына қарай тау жыныстары терең тау жыныстар (интрузивтік) және атпа тау жыныстар (эффузифтік) болып бөлінеді. Терең тау жыныстары жер қыртысында магманың қатуы нәтижесінде түзіледі.

Атпа тау жыныстары лаваның жер бетінде немесе жер қыртысының жоғарғы қат-қабаттары арасында суынуынан түзіледі.

ҚҰРЫЛЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ

Тау жыныстарының құрылуы жағдайлары едәуір мөлшерде олардың құрылымының ерекшеліктерін белгілейді. Сонымен қатар негізгі қасиеттер құрылымға байланысты, яғни тау жыныстарының құрылыста қолдану аумағына айтарлықтай тәуелді.

Терендегі магмалық тау жыныстары жоғары тығыздықпен аязға төзімділігі және сусорғыштығының аздығымен сипатталады.

Тереңдегі тау жыныстарының негізгі түрлері: гранит, диорит, габбро, лабродорит.

Гранит кварцтан, дала шпатынан (ортоклаз) және слюдадан тұрады. Граниттің түсі оның негізгі құрамдас бөлігі ортоклазға, басқа да минералдардың түсіне байланысты. Граниттің түрі ақ, сұр, сұр қызғылт және қошқыл қызыл болып келеді. Граниттың құрылымы түйіршік-кристалды. Тығыздығы орташа 2700 кг/м³, кеуектігі бар-жоғы -0,5-1,5%, сыққандағы беріктік шегі 100-250 МПа Гранитқа жоғары аязға төзімділік, азғана сусіңгіштік, желге оңай желінбеу, жақсы қашалу, тегістелу және жалтырау тән, алайда морт және отқа төзімсіздігі жоғары емес.

Гранитті ғимараттарды қаптауға, одан жиек тастарын дайындайды, сәкі баспалдақтары және басқа бұйымдар жасалады, беріктігі жоғары бетон жасау үшін гранит қиыршықтарын пайдаланады.

Диорит негізінен дала шпатынан (плагиоклаз) және мүйізге ұқсас қабыршықтардан тұрады. Дориттің түсі қошқыл жасылдан қара жасылға дейін, тығыздығы 2700-2900 кг/м³, қысқандағы беріктік шегі 150-300МПа. Диориттің тұтқырлығы жоғары, соғу мен үйкелуге жақсы төзеді, желге желінуі аз. Жалтырауға жақсы көнеді. Диорит жол жабындысына және қаптауға қолданылады.

Габбро – ең берік және төзімді магмалық тау жынысы. Оның құрамында дала шпаты (плагиоклаз) және қара түсті минералдар (азгит пен оливин). Габброның түсі қарасұр, қара немесе қою жасыл, тығыздығы 2800-3100кг/м³, қысқандағы беріктік шегі 200-350МПа. Габбродан жасалған бұйымдарды жол құрылысында пайдаланады.

Лабрадорит – габброның бір түрі, құрамында дала шпаты мен лабрадора минералы басым. Әсіресе жылтыратқанда көк, жасыл, алтын сары және басқа да сәндік бояумен жарқырайтын лабрадориттер ерекше құнды. Лабрадориттер сәндік қаптау тастар ретінде қолданылады.

Төгілме магмалық тау жыныстарынан құрылыста көп пайдаланатындары порфит, диабаз, базальт. Бұл жыныстардың тығыздығы, беріктігі және басқа қасиеттерінің шегі кең.

Порфирлар ұсақ түйіршікті, теңбілдері болады.

Түсі қызыл қоңырдан сұрға дейін кездеседі. Тығыздығы 2400-2500 кг/м³, қысқандағы беріктік шегі 200-300Мпа. Профирлар жол құрылысында және қаптау плиталар жасау үшін пайдаланады.

Диабаз – габбро тектес тау жынысы оның құрылымы ұсақ кристалды. Оның түсі қою сұрғылт, көбінесе жасыл реңкі басым, тығыздығы 2800-3000кг/м³, қысқандағы беріктік шегі 200-300МПа, жол төсенішін, қиыршық тас алу үшін жақсы материал болып табылады.

Базальт та диабаз сияқты габбро тектес, оның түсі қара сұр, құрылымы жасырын кристалды, жоғары тығыздық және ұзақ мерзімге шыдайды. Базальттың тығыздығы 3300 кг/м³ дейін барады, қысқандағы беріктік шегі кейде 400 МПа-ға дейін жетеді. Базальтты өңдеу қиын, жалтыратуға оңай көнеді. Одан әртүрлі жол материалдарын жасайды.

Кесекті, шөгінді тау жыныстары

(обломочное осадочные г.п.) қоспағандары да (құм мен қиыршық малта тас), біріккендері де (құмтастар,конгломераттар, брекмилер) құрылыста кең қолданылады.

Құм қоспаған әртүрлі жыныстардың ірілігі 14-5мм түйіршіктерінен тұрады.

Құрамы бойынша құм кварцтық, далашпаттық, әктастық пемзалық т.б. болады, ал пайда болуына қарай таулық, өзендік, теңіздік, шағылдық.

Құм майбалшықтар мен бетондарда толтырғыш ретінде қолданылады.

Қиыршық құм тау-тас жыныстарының малта тастары, ірілігі 5-тен 150мм-ге дейін. Қиыршық құмтас бетон толтырғышы ретінде жүреді.

Хемогенды тұнба жыныстары:

доломит, магнезит, гипс, андегрит.

Доломиттен қаптау плиталарын, бетонға қиыршық тас, отқа төзімді материалдар және біріктіргіш заттар (вяжущие вещества).

Магнезит біріктіргіш заттар мен гипстық материалдардың негізгі шикізаты.

Органогендік шөгінді жыныстардан құрылыста әктас, әктасұлутас (известняк-ракушечник), бор, трепал, диатомит пайдаланады.

Әктас – кең тараған кальцит минералынан тұратын жығыс. Әктастың түсі ақ болады да, саз араласқанның түсі сарғылт келеді. Әктас тығыз және кеуекті болады.

Әктастың тығыздығы 1800-2600 кг/м³, қысқандағы беріктік шегі 180МПа.

Әктастың кеуекті түрі – ұлутас. Олардың кеуектігі жоғары, беріктігі мен жылуөткізгіштігі төмен болып келеді де, кесуге қолайлы болып келеді. Ұлутастың тығыздығы 800-1500кг/м³ мен беріктік шегі 1-3МПа. Оларды тұрғын үй қабырғаларын қалауға пайдаланады.

Бор – нашар ұстасқан тау жынысы. Ол бояулар мен замазкаларға қосылады, әк және цемент өндірісінде пайдаланады.

Диатомит пен трепел жылуоқшаулағыш материалдар жасауға, цементке белсенді минералды қоспа ретінде қосылады.

Метаморфтық тау жыныстарынан құрылыста жиі пайдаланатындар гнейстер, мәрмәрлер (мраморы).

Гнейс – кварцтан, дала шпатынан, түсті минералдардан құралып, құрамы жағынан гранитке ұқсас болатын тақтатасты метаморфтық тау жынысы. Сығуға төзімділік шегі 120-140МПа. Ғимараттар іргетасын, тратуар тақталарын дайындауға қолданылады.

Мәрмәр - әктастың не доломитті қайта кристалдануынан түзілетін метаморфтық тау жынысы, біртекті ұсақ түйіршікті құрылыммен, әдемі түрлі-түсті реңкімен және айшықты суретімен ерекшеленеді. Тығыздығы 2650-2900 кг/м³. Мүсін өнерінде және қаптама материалдары ретінде пайдаланады.

 

ТАС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТАБИҒИ ҚАСИЕТТЕРІ

Құрғақ кезіндегі тығыздығы бойынша тас материалдары ауыр (1800кг/м³ артық) және жеңіл (1800кг/м³-тен кем) болып бөлінеді.

Сығудағы беріктігіне қарай олардың ауырлары 10-нан 100-ге дейін, жеңілдері 1-20-ға дейін маркалы болады.

Жол жабындылары мен өнеркәсіп ғимараттарының едендері үшін арналған материалдарға қосымша талаптар қойылады (үйкелу, тозуға жоғары төзімділік).

 

ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН

БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

Жұмыр тастар (бутовые камни), қабырғалық тастар мен блоктар, қаптама тастары мен тақталары, жабынды тақталары мен басқалары.

Жұмыр тастарды пішіні реттелмеген тау жыныстарының кесектері немесе пішіні өзгертілмеген тас плиталардан алады. Дөңбек тастарды жарылыс қолданып немесе қолмен қайла, сүймен, сына, ауыр балға пайдаланып өндіреді. Жұмыр тас қасиеттерінің кейбіреулерінің салмағы 30-40кг-ға жетеді.

Жұмыр тастар іргетас, от жағылмайтын үйлердің қабырғаларын қалауға, тірек қабырғаларды тұрғызуға

жұмсалады. Жұмыр тастар қалдықтарын бетон жасауға жарату үшін қиыршық тасқа айналдырады.

Қабырғалық тастар мен блоктардың тығыздығы 2200кг/м³-ге дейінгі тау жыныстарынан дайындайды. Қол күшімен қалауға арналған тастардың көлемі 390х190х190мм, ал іргеленген тастардың көлемі тау жынысының көлемі мен көтергіш механизмнің мүмкіндігіне қарай белгіленеді. Бұл тастар ашық кеніштерде (карьерлерде) таскескіш машиналармен кесіледі.

Қабырға тастары мен блоктарын дайындауға қолданылатын тау жыныстарының қысқандағы беріктік шегі 25МПа, аязға төзімділігі 15-тен кем, жұмсару коэффиценті 0,6-дантөмен болмауы тиіс

Қаптама тастары мен тақталарын кесу және жару (распиливание и раскалывание) арқылы алынады. Сыртқы қаптамаға арналған тау жыныстары (гранит, диорит, габбро, лабрадорит сиенит) жауын-шашынға төзімді, жарықсыз және желге желінбеген әдемі және бояуы оңбауы тиіс. Ішкі қаптамаға қолданылатын тау жыныстарының бояуы әдемі және жылтыратуы жеңіл болуы тиіс. Ішкі қаптамаға көбінесе мәрмәр пайдаланады.

Мәрмәр тақталарын өңдіргенде кесінді түрінде көптеген қалдық қалады. Бұларды әшекейлі едендер жасауға қолданады.

 

ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАРЫНАН КҮЙРЕУДЕН

ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ

Тас білінуінің негізгі себебі – судың әсері, ол тастың жарықтары мен кеуектеріне кіріп, кейін суық түскенде қатып, көлемін ұлғайтады да тасты бұзады.Оның үстіне температураның кенет өзгеруі тас бетінде қылжарықтар (микротрещины) пайда болғызады да олар бұзылу көзіне айналады. Тастың жарықтарына орналасып алған әртүрлі микроорганизмдар мен өсімдіктер, органикалық қышқылдар шығарады да, олар тастың бұзылуына әкеп соғады. Әртүрлі газдар, мысалы ауадағы көмірқышқыл газы әктастар мен мәрмәрлардың бұзылуына себеп болады.

Ғимараттар конструкцияларындағы табиғи тас материалдарын күйреуден конструкциялық және химиялық шаралар қолдану арқылы қорғайды.

Конструкциялық шаралар тас бетінен судың тез және дұрыс ағып өтуін қамтамасыз етеді және тас беттерін тегістеп, жалтырату арқылы іске асады.

Химиялық шаралардың мәні-кеуекті тас материалдарының бетіне арнаулы құрамалар жағу арқылы тығыздау және ылғалдың кірмеуін қамтамасыз ету.

Тас материалдарын химиялық қорғау тәсілдерінің ең тиімдісі флюаттау (флюатирование), яғни кеуекті әктастардың бетіне флюаттар-кремнийфторсутекті қышқылының ерітіндісін сіңіру. Флюаттар кальцитпен қосылып әктас бетіндегі тесіктерді толтырады да, материалға ылғал кіруіне кедергі жасайды, сөйтіп оның сыртқы ортаға төзімдігін арттырады.

Табиғи тас қаптамаларының ұзақ мерзімге шыдауын қамтамасыз ету үшін оларға су жұқтырмайтын (гидгофобтық), мысалы, ГКЖ-94 немесе ГКЖ-10 ерітіндісін сіңіреді немесе тас қаптаманың тесіктеріне ылғал кіргізбей жұқа қабық пайда қылатын полимерлік материалдар қолданады.

 

4-ТАРАУ. КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР

ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МАҒЛҰМАТТАР ЖӘНЕ

ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

«Керамика» сөзі ежелгі грек тілінде «лай» деген мағынаны білдіреді. Алғашқыда лайдан жасалынған заттар күйдірілмеген күйде кептірілген соң-ақ пайдаланып жүрді. Лай бұйымдарының күйдірілген кезде өте берік қасиетке ие болатын құбылысын адамдардың аңғаруына себепші болған табғи тастардан тұрғызған ошақтар болуы әбден мүмкін. Тастарды қалаған кезде оларды бір – біріне байланыстыру үшін және араларындағы қуысты бітеу мақсатымен тиімді дөнекер материалы есебінде лай пайдаланылған. Ағаш отынмен жағылған қарапайым ошақтың өзінде температура лайдың күйіп тас тәріздес қатты қабыршаққа айналуына жеткілікті мөлшерде болады.

Қазіргі кезде кәдімгі қызыл кірпіштен бастап фарфор бұйымдарына дейінгі саналуан бұйымдардың барлығы «керамика» деген жалпы атқа ие болып, барлық халықтардың дерлік тілінде төл сөзге айналды десек те болады.

Сонымен, керамикалық деп, саз массаларын қалыпқа сап, күдіру мен алған материалдар мен бұйымдарды айтады.

Қазіргі заманғы құрылыста керамикалық материалдар мен бұйымдар қабырға қалау мен төбе жабуға, еден, қабырға, қасбет, пештер мен мұржаларды қалауға, канализация мен көріз (дренаж) жасауға пайдаланылады.

 

КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

ӨНДІРІЛЕТІН ШИКІЗАТТАР

Негізгі шикізат – саз (глина).

Саз сазды минералдардан – қабатты кристалл құрылымды силикаттардан тұратын нәзік түйірлі тау жынысы. Ылғал тигенде ісіңуге, созылмалы болуға, күйдірілгеннен кейін тасқа ұқсас күйге енуге бейім.

Саздың құрамында дала шпатың, әктастің, темірдің, органикалық заттардың түйіршіктері болуы мүмкін. Сазды бөлшектердің мөлшеріне қарай ауыр саз (60%-тен артық саз бөлшектер), саз (30-60% саздақ) суглинки 10-30% (құмайт – супесь 5-10%).

Саздың негізгі қасиеттері:

Созылмалық – саздың сыртқы механикалық әсерден тұтастығын сақтай отырып, үзілмей түрін өзгерту және әсер тоқтағаннан кейін өзгерген кейпін сақтап қалу қабілеті.

Саздың созылмалығы оның құрамында саз бөлшектері неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.

Созылмалығы жоғары, орташа және төмен саздар болады.

Керамикалық материалдарды өндіруге созылмалығы жоғары саздар пайдаланғанда оларға әртүрлі қоспалар немесе белгілі мөлшерде созылмалығы төмен саз қосады.

Саздың отыруы толық отыруы (ауа мен отта отыруын қосқанда) болады.

Отқа төзімділік

Отқа төзімді – 1580ºС жоғары температурада жұмсарады. Қиын балқитын (легкоплавкие) - 1350ºС төмен температурада жұмсарады.

Қыш кірпіштің өндіру технологиясы

 

КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН

БҰЙЫМДАРДЫ ӨНДІРУ

Сазды шығару (табу). Сазды заводқа жақын орналасқан карьерлерден қазады да, темір жол арқылы вагонветкалармен немесе автомашиналармен, транспортпен тасып жеткізеді.

Саз шикізаттын дайындаудын мынандай тәсілдері бар:

1. Жартылай құрғақ тәсілдер сазды құрғатады, ұсақтайды, тартады, және мұқият араластырады. Бұдан кейін шыққан ұнтақтың ылғалдылығы 9-11%. Ұнтақты қажетті ылғалдылыққа ие болғанша сумен немесе бумен шылайды. Бұл тәсілді жартылай құрғақ престелетін кірпіштерді өндіргенде, еденге төселетін плиталарды қаптау плиталарын өндіруде қолданылады.

2. Созылмалы тәсілдер табиғи ылғалдылықтағы сазға су қосып, ылғалдылығы 18-23% саз қамырға айналғанша араластырады.

Созылмалылық тәсілмен созылмалылық престеу тәсілі мен керамикалық кірпіш, керамикалық тастар, черепицалар мен құбырлар жасау үшін қолданылады.

Бұйымдарды қалыпқа салу.

Қалыпқа салудың созылмалы тәсілі – бұйымдарды созылмалы саздан преске салып дайындау; Бұл керамикалық құрылыс материалдарын өндіруде ең көп тараған тәсіл.

Саздың ылғалдылығы 18-23% болады.

Жартылай құрғақ престеу тәсілінде саздың ылғалдылығы 8-12%.

 

Бұл тәсілмен еденге төселетін плиткалар, басқа да жұқа керамикалық бұйымдар шығарылады.

Құю тәсілі мен санитарлық-техникалық бұйымдар мен қаптау плиткалары шығалылады.

Бұйымдарды кептіру. Қалыптан шыққан бұйымдарды (шикі өнім) ылғалдылығын азайту үшін оларды кептіру қажет. Мысалы, шикі кірпішті 8-10% ылғалдылыққа дейін құрғатады. Кептірудің арқасында шикі өнімнің беріктігі артады. Күйдірілгенде жарылу мен диформациядан құтылуға болады.

Кептіру лапастарында табиғи жағдайда құрғату отсыз іске асырылады, алайда оған көп уақыт кетеді (10-15 сөтке) және қоршаған ортаның кептіруге көп жер қажет етеді.

Қазіргі кезде ірі заводтарда шикі өнімді мезгіл-мезгіл жұмыс істейтін керамикалық кептіргіштермен ұдайы жұмыс істейтін туннельдерде кептіреді.

Кептіру әлпін (режим) бұйымдарының түріне қарай қолданылады. Кептіруші ретінде кептіргіш пештердің түтін газдардың, арнайы ошақтарда (топка) алынатын газдар қолданылады.

Жасанды кептірудің ұзақтығы 1-3 сөтке, ал жұқа бұйымдар үшін бірнеше сағат.

Бұйымдарды күйдіру – керамикалық бұйымдар өндіру технологиясының соңғы кезеңі. Күйдіру процесін үш кезенге бөлуге болады: шикі өнімді қыздыру, күйдірудің өзі және суыту. Қыздырғанда температураны баяу қалыпта 100-120ºС жеткізеді, шикізат бұл тұста бойындағы судан арылады. Әрі қалай температураны 750ºС дейін көтеру органикалық қоспаларының жанып бітуіне және сазды минералдардағы химиялық судың ышуына әкеп соғады.

Күйдіру кезінде (800-900ºС) оңай балқитын қосындылар балқиды да, балқымағандарын орайды, бұл тұста бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздалады. Температураны ары қарай жоғарлатқанда саз массасы бірігіп кетеді (спекается). Күйдірудің ең жоғары температурасы пайдаланылатын саздың қасиеттеріне және күйдірілетін бұйымның түріне тәуелді.

Күйдіру нәтижесінде бұйым тас күйіне көшеді, жоғары беріктік, суға төзімділік, аязға төзімділік және басқа да құрылыстық қасиеттерге ие болады.

Керамикалық бұйымдарды 700-1100º айналма туннельдік пештерде күйдіреді. Туннель пештің ұзындығы 100м.

Қаптама плиталарын екі рет күйдіреді. Туннель пештерде бірінші рет 1240-1250ºС-да . Бұдан кейін оларды суытып, сұрыптамасын, жылтырақ (глазурь) қабатын жағып қорапқа салып, екінші рет басқа туннель пешінде 1140ºС күйдіреді.

Жылтырақ жасау үшін балқитын саздың, кварц құмның дала шпатының, қорғасын оксидінің, мырыштың қоспасы қолданылады. Түсті жылтырақтардың құрамына бояйтын оксидтар немесе металл тұздары кіреді. Мұқият ұсақталған суға араластырылған жылтырақ қоспасын жұқалап плиткалар бетіне жағады. Күйдіргенде жылтырақтың құрамдас бөлшектері балқиды да шыныға ұқсас қабат ретінде плитка бетін жабады. Бұл қабат плитка бетке сәндік түр мен қоса су өткізбейтін қасиет береді.

 

АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛАТЫН КЕРАМИКАЛЫҚ

МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР

 

Сарқынды сулық және қашыртқы құбырлар.

Бұларды отқа төзімді және балқуы қиын саздардан жасайды.

Құбырларды жалғама құбырлармен бірге престе қалыпқа салады. Олардың кептірілген ішкі және сыртқы беттеріне жылтырақ жағып, күйдіреді. Жылтырақтың жұқа қабаты құбырларды су өткізбейтін, қышқылдар мен сілттілерге төзгіш етеді. Сарқынды сулық құбырларды ішкі диаметрін 150-600 және ұзындығын 800-1200мм етіп шығарады. Керамикалық құбырлардың химиялық төзгіштігі оларды өнеркәсіпте сілті мен қышқылы бар суларды ағызуға пайдалануға мүмкіндік береді.

Қашыртқы құбырлар – жылтыратылмаған керамикалық құбырлар.

Олардың бойында су өткізетін тесіктер мен жырықтар болады. Олардың ұзындығы 500мм-ге дейін, ішкі диаметрі 25-250мм болады. Құбырлардың дұрыс цилиндр пішінді болуы керек, ішкі беттері тегіс, беріктігі жеткілікті болуы тиіс. Оларды оңай балқитын саздар мен саздақтардан жасайды.

Қашытқы құбырларды батпақты жерлерді құрғатуға және жер асты суларының деңгейін төмендету үшін пайдаланады.

Қышқылға төзгіш материалдар.

Қышқылға төзгіш кірпіш тік бұрышты параллелепитед пішінінде 230х113х65мм көлемінде және сына түрінде шығарылады. Оларды химиялық аппараттардың іргетастарын қалауға, аппараттар мен газ жолдарының ішін қаптауға, едендер мен химиялық кәсіпорындардың және целлюлоз – қағаз өнеркәсібінің сарқын сулары ағатын науаларына төсеуге пайдаланады.

Қышқылға және от-қышқылға төзгіш плиткалар шаршы, төртбұрышты және сына түрінде шығарылады. Олардың бір жағы 50-ден 200мм, қалындығы 10-50мм-ге дейін жетеді. Қышқылға төзгіш плиткалар аппараттар, газ жолдары мен сарқынды су ағатын науаларды қаптауға жері ортасы бар цехтардың едендеріне төсеуге, ал от қышқылға төзгіштерін – қайнату қазандарын қаптауға қолданылады.

Қышқылға төзімді құбырларды химия өнеркәсібі кәсіпорындарында пайдаланады.

Олардың іші сыртын қышқылға төзгіш жылтырақпен қаптайды.

Санитар – техникалық бұйымдар.

Бұлар – раковиналар, қол жуғыштар, унитаздар, жуғыш торсықтар және т.б. Негізінен ақ түсте күйдірілетін фаяныстық және жартылай фарфорлық массалардан жасалады. Бұл бұйымдарды гипс қалыптарға салып дайындайды. Қалыптан шығарғасын, оларды кептіріп, жалтырақ жағып күйдіреді. Санитар-техникалық бұйымдардың пішіні дұрыс, жылтырағы біркелкі, теріс әрі таза болуы тиіс. Оларды ас үйлерді, санитарлық тораптарды және арнаулы бөлмелерді (лабораториялар, шаштараздар) жабдықтауға қолданады.

Санитарлық кеуекті толтырғыштар.

Керамзит – қиыршық тас түріндегі жеңіл кеуекті материал.

Керамзит 1050-1300ºС тез қыздырғанда қабаратын оңай балқитын саз жыныстарынан алынады. Алғашқы шикізатты қыздырғанда әртүрлі заттардың ыдырауынан пайда болған газдар қабаруға себепкер болады.

Керамзит дайындау процесі мынадай негізгі операциялардан тұрады: саздық шикізатты шығару, оны үйіп, артынан өндіріс алаңына апару; шикізатты қопарып, оны сықпа құсатып жартылай шикізатқа айналдыру, сықпаларды күйдіру; керамзитті суыту; сұрыптау және (қажет болса) ұсақтау, қоймаға үйіп, дайын өнім ретінде беру.

Керамзит көбінесе ұзындығы 12-40м, диаметрі 1,2-2,5 айналмалы пештерде күйдіріледі. Күйдіру ұзақтығы 25-45 минут.

Керамзит қиыршық тастарының сапасы оның кесектерінің көлеміне, тығыздығы мен беріктігіне байланысты. Малталардың көлеміне қарай керамзит мынадай фракцияларға бөлінеді: 2-10, 10-20 және 20-40мм. Түйіршіктер кесектігі 5мм кем болса олар керамзит құмына жатқызылады. Керамзиттің мынадай маркалары бар: 150, 200, 250, 300, 350, 400, 450, 500, 550, 600, 700, 800. Сыққандағы беріктік шегі 0,3-5,5МПа. Керамзит қиыршығының сусіңіргіштігі 15-25%, аязға төзімділігі 15 мәртеден кем болмауы тиіс.

Керамзит жылуоқшаулағыш материалы ретінде қолданылады.

Аглопарит – саз бен көмір қоспасының қыздырғанда бірігуінен пайда болатын қауекті кесек материалы. Бірігу қоспадағы көмірдің жануынан пайда болады. Көмірдің жануымен қатарласа қоспа қабарады. Аглораттау ұзақтығы 25-45 минут. Кеуекті жеңіл аглопарит тасын суытқан соң ұнтақтап, сұрыптайды.

Аглопарит қиыршығының тығыздығы 1000 кг/м³, беріктігі 0,3-3МПа. Аглопарит ішінде жанбай қалған көмір 3%-тен аспайды, сондықтан оны жеңіл бетон толтырғышы ретінде пайдалануға болады.

 

 

ОТҚА ТӨЗІМДІ МАТЕРИАЛДАР

Отқа төзгіштігіне қарай бұл материалдар отқа төзімді 1580-1770ºС, өте төзімді 1770-2000, аса жоғары төзімді 2000ºС жоғары болып бөлінеді.

Химия-минералогиялық құрамына қарай кремнеземдік, алюмосиликаттық, магнезиттік, хромдық, көміртектік болып бөлінеді.

Құрылыста кең тарағандары кремнеземдік пен алюмосиликаттық түрлері.

Кремнеземдік (династық) отқа төзгіштер кварциттер немесе кварцтық құмға сазды қосып дайындайды.

Династық материалдардың отқа төзгіштігі 1710-1750ºС, сыққандағы беріктік шегі 15-35МПа. Династық отқа төзгіштерді әртүрлі өнеркәсіп пештерін (мартендік, кокстық, электірмен балқыту, шыны қайнататын) қылағанда және ішін қаптағанда кеңінен пайдаланады. Жоғары температурамен қатар бұл пештерге едәуір жүк түседі.

Алюмасилисат отқа төзгіштері шамот немесе әртүрлі кварцтық қоспалар қосылған отқа төзімді саздардан жасалады. Алюмасиликатта отқа төзгіштер жартылай қышқыл, шамоттық және жоғары сазбалшықтық болып бөлінеді.

Жартылай отқа төзгіштердің шикізаты ретінде қоспалы табиғи саздар жүреді. Олардың отқа төзімділігі 1610-1710ºС, сыққанда беріктік шегі 10МПа-дан кем емес. Бұлрамен вагранкаларды, кокс пештерін, шыны құятын қауғаларды қаптайды.

Шамоттық отқа төзгіштерді әзірлеу үшін отқа төзімді саз бен шамот қоспасын қолданады. Олардың отқа төзгіштігі 1710-1730ºС, қысқандағы беріктік шегі 10-12,5МПа. Олар домна пештерін, керамикалық пештердің қабырғасы мен оттығын қалауға, бу қазандықтарының оттығын қаптауға пайдаланылады.

Жоғары сазбалшықты отқа төзгіштерді құрамында аллюминий тотығы 45%-тен артатын шикізаттан (боксит, корунд) дайындайды. Олардың отқа төзгіштігі 1770-2000ºС. Оларды шыны өнеркәсібінде пеш қалауға пайдаланады.

 

КЕРМИКАЛЫҚ ҚАБЫРҒАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

МЕН БҰЙЫМДАР

 

Толық керамикалық кірпіш 250х120х65мм, 250х120х88мм, ауытқу ұзынынан 5мм, енінен 4мм, қалыңдығынан 3мм болуы мүмкін.

Құрғақ күйінде кірпіштің тығыздығы 1600-1900кг/м³, жылу өткізгіштігі 0,71-0,82В (мºС) . Кірпіштің бұл қасиеттері оны дайындау тәсілдеріне тәуелді. Жартылай құрғақ пресстеу тәсілі бойынша дайындалған кірпіштің тығыздығы да жылу өткізгіштігі артық болады.

Сығу мен ию бойынша кірпіштің беріктік шегі бойынша мынадай маркалар болады: 75, 100, 125, 200, 175, 300.

Тұрақты салмаққа жеткен кірпіштің су сіңіргіштігі 8% кем болмауы тиіс. Су сіңіргіштігі бұдан кем болса, оның жылу өткізгіштігі артады. Ал бұның қажеті жоқ.

Аязға төзімділігі кірпіш ең кемінде 15 мәрте тоңазыту мен (-15º) жібітуге (+15) төтеп беруге тиіс.

Қуыс кірпіштер мен тастар тиімді керамикалық қабырғалық материалдарға жатады. Кірпіштің қуыстары кірпіш бойын тұтас тесіп өтуі де, өтпеуі де мүмкін. Цилиндр кейіптегі қуыстардың диаметрі 16мм-ден, саңлау түрдегі қуыстардың ені 12мм-ден аспауға тиіс. Қуыс кірпіштің сыртқы беттерінің қалыңдығы 12мм-ден кем болмау тиіс. Қуыс бұйымдардың сусіңіргіштігі 6%-тен аспауы тиіс. Беріктік маркалары 75, 100, 125, 150, 175, 200, 250, 300. Аязға төзімділік маркалары Аяз 15, 25, 35, 50.

Мұндай кірпіштер монша, кір жуатын орындардың қабырғаларын қалауға жарамсыз.

Қуыс кірпіштер қабырғалардың салмағын жеңілдетеді, қалыңдығын азайтады, жылу-техникалық көрсеткіштерін жақсартады.

 

Керамикалық материалдарды

Сынау

Керамикалық кірпіштің негізгі қасиаттерін тексеру: сыртқы түрін, қалпы және өлшемі, күю дәрежесі, иіліп сыну және сығу кезінде беріктілік шегі, су жұтуы.

Керамикалық - деп балшық массаларынан қалыптау, кептіру және күйдіру жолымен алынатын жасанды тас материалдарын атайды. Күйдіргеннен кейін керамикалық материалдар беріктілік, суға, суыққа төзімділік қасиеттері және басқа да бағалы сапаларға ие болады.

Керамикалық материалдар арасында көп тарағандар балшықты кәдімгі және қуысты кірпіш, қуысты керамикалық тастар, әлпеттейтін тақтайшалар, керамикалық черепица, керамзит.

  1. Сыртқы көрінісі бойынша кірпіш сапасын анықтау

Құрал-жабдықтар және материалдар: үлгі-кірпіш(жақсы күйдірілген), металл сызғыш, бұрыштық, кірпіш.

Ұзындығы, ені және қалыңдығы бойынша сызғыштық өлшемдерін тексереді, табаны, қабырғалары және шеттері қисық емес пе, бұрыштар және қабырғалары ұрылған немесе желінген емес пе екенін байқайды.

Кірпіштің сызғыштың өлшемдері және жарылу өлшемдері металл сызғышпен 1мм-ге дейінгі дәлдікпен тексереді.

Біртекті кірпіште өлшемдер мынадай болуы қажет:

250*120*65

күшейтілген кірпіш өлшемдері

250*120*88

Бұл өлшемдерден жіберілетін ауытқулардан аспауы қажет: Иілімді қалыпты кірпіш үшін:

- ұзындығы бойынша + 4,

- ені бойынша + 3,

- қалыңдығы бойынша +3-2мм;

жартылай құрғақ нығыздалған кірпіш үшін:

- ұзындығы бойынша + 1

- ені бойынша + 2,

- қалыңдығы бойынша + 2мм.

Сыртының және қабырғаларының қисайуын, бұрыштары және қабырғалары ұрылғанын немесе желінгенін бұрыштық және сызғыш көмегі арқылы 1мм дейін дәлдікпен анықтайды.

 
 


2 сур. Біртекті кірпіш және куысты кірпіштің түрлері:

Кірпіш а) кәдімгі; б) қалыңдатылған; в) модульдық.

Тас а) кәдімгі ; б) іріленген; в) ) модульдық;

ж) з) көлденеңінен қойылған саңлауларымен

 

Стандарттық қалып бойынша келесі ауытқулар жіберіледі:

1. Кірпіш қабырғалары және шеттерінің қисайуы – 3 мм көп емес.

2. Табан шеттеріндегі өтпелі жарықтар 30 мм дейін кірпіш ені бойынша ұзындықта бар кірпіш қалыңдығына, біреуден көп емес;

3. Бұрыштар және қабырғалар ұрылуы немесе желінуі қабырға ұзындығы бойынша өлшемімен 15 мм көп емес екеуден жоғары емес.

Күйдірілу дәрежесін дыбысы және түсі бойынша анықтайды, сыналатын кірпішті үлгімен салыстыра.Кірпіштің ақшылт түсі «күйдірілмеген» белгісі болып табылады, үлгіде («алқызыл») және керең дыбыс балғамен кірпіштен соққан кезде. Қара түс «күйіп кеткен» туралы куәландырады, үлгіде («құба») түс және металлдық дыбыс. Әдетте күйіп кеткен кірпіш қисық болады. Кірпіштің бұзылуына жол беретін известтік қосулар жіберілмейді.

Өлшеу нәтижесін лабораториялық сынау журналына жазады және МемСТ 530 - 95 берілгіндерімен салыстырады.

  1. Кірпіштің маркасын анықтау

 

Құрал-жабдықтар және материалдар: салалық табақша қалақшамен, суға арналған өлшеу цилиндрі, ара, 150*150 мм өлшемді шыны күйтабақтар, балшықты кірпіш, цемент, су гидравликалық пресс.

Гидравликалық прессте сыналған және дайындалған үлгілерді майыстыру және сығу кезіндегі беріктілік шегі бойынша кірпіш маркасын анықтайды.

Сығу кезінде беріктілік шегін анықтау үшін кірпішті ені бойынша екі бірдей бөлікке кеседі. Екі бөлікті бірінің үстіне бірін төсейді, кесілген жақтары бір біріне қарама-қарсы және порталандцемент М300 цемент қоспасымен желімдейді. Қосатын бөліктер араларындағы қалыңдық 5 мм аспауға қажет. Үлгінің сыртын 3 мм қалыңдықта цемент қоспасымен түзейді.

3 сур. Сығылғандағы сыналған кірпіші  
Кірпіштің екі бөлігін түзеу және желімдеу үшін горизонтальды тегіске суланған қағазбен жабылған шыны төсейді және қағазға 3 мм қалыңдықта цементтік қоспа төсейді. Кірпіштің бір бөлігін цемент қоспасына жатқызады және аздап қосады, содан кейін кірпіш бөлігінің үстінгі жағын сол цемент қоспасымен жабады және оның үстіне кірпіштің екінші бөлігін төсейді, аздап қыса. Үстінгі жағында цемент қоспасымен жабады және суланған қағазды шынымен қысады. Цемент қоспасының артықтарын алып тастайды және шеттерін пышақпен түзейді. Осылай дайындалған үлгі қалып бойынша кубқа жақын болуы қажет.

Үлгілерді цемент қоспасы қату үшін 3-4 тәулікті зертханада ылғалды жағдайда ұстайды, содан кейін оларды сығып сынайды.

Сығып сынау алдында үстерінің параллельдігін бұрыштықпен тексереді, қатқан цемент қоспасымен жабылған және үлгінің көлденең кесу көлемін 1см2 дәлдікпен өлшейді, кірпіш бөлімдерін желімдеу тегістігінде екі бір біріне перпендикулярлы өлшеулер нәтижесінің қосуына тең.

Үлгіні гидравликалық престің төменгі тірегіне орнатады, оның геометриялық орталығы тірек орталығымен сәйкес келетіндей етіп.

Сығу кезінде беріктілік шегін Rсығ=P/S, формуласы бойынша анықтайды.

P – бұзатын күш, КН;

S – үлгі көлемі, мм2

Зертханалық сынау журналына барлық бригадалардың өлшеу нәтижелерін енгізеді, сығу кезінде беріктілік шегінің орташа арифметикалығы және сынаудың минималды нәтижесін.

Иіліп сыну кезінде беріктілік шегін тұтас кірпішті гидравликалық прессте сынаумен анақталады, бір бірінен 200 мм ара қашықтықта орналасқан екі тірекке жатқызылған (4 сур.). Күшті кірпіштің ортасына бағыттайды.

 

 

4 сур. Кірпіштің иілуге сыналу схемасы

 

Үлгінің тіректерге тығыз және дұрыс жату үшін кірпішке цемент қоспасынан 20-30мм еніменен үш жол төсейді. Егер кірпіште жарықтар болса, онда жолдарда үлгінің төменгі жағында болатындай етіп сынау кезінде ең үлкен жарықтарға орналастырады.

Үлгілерді зертханада цемент қосылысының қатуы үшін

3-4 тәулік ұстайды.

Сынау алдында кірпіштің көлденең кесу өлшемін 1мм дәлдікпен өлшейді.

Майыстыру кезінде беріктілік шегін Rмайыс=3pI/2bh2 формуласы бойынша есептейді.

P – бұзатын күш

I – тіректер арасындағы ара қашықтық(1=200мм)

b – кірпіш ені, мм

h – кірпіш биіктігі, мм

Зертханалық сынау журналына барлық бригадалардың өлшеу нәтижелерін енгізеді, майыстыру кезінде беріктілік шегінің орташа арифметикалығы және сынаудың минималды нәтижесін.

Содан кейін, алынған нәтижелерде берілген қосымшамен салыстыра, кірпіш маркасын анықтайды (Бөлек үлгілердің орташа және минималды беріктілігі бойынша).

 

 

3. Кірпіштің су жұтуын анықтау

Құрал-жабдықтар және материалдар: кептіретін шкаф, суымен түтікше, әртүрлі таразылармен сауда таразысы.

Сусіңгіштікті анықтау үшін алдымен кірпішті 110-+5оС температурасында тұрақты массаға дейін кептіріп аламыз,содан кейін бөлме температурасында кептіреміз, үгітілген кірпішті бір грамм дәлдікке дейін өлшейміз де, су құйыатын ыдысқа кірпішті саламыз содан кейін 1/3 бөлігінде су құямыз. 12 сағаттан кейін судың көлемін 2/3 есеге жеткіземіз ал тағы 12 сағаттан кейін түтікшенің ішіндегі үлгіні су 2 мм асып тұру керек.

Осындай қалпында 24 сағат ұстаймыз, содан кейін аламыз да дымқыл шүберекпен сүртеміз содан кейін 1грамм дәілдікке шейін өлшейміз.Өлшегенде таразыға аққан суды есептейді.

Кірпіштің сусіңгіштіктігн мына формуламен анықтаймыз:

 

 

Wm = mсmқ /mқ ·100%

 

Өлшеген нәтежелер таблицаға жазылады

 

үлгінің № Құрғақ кірпіштің салмағы m,г Су сіңген кірпіштің салмағы m,г Кірпіштің су сіңгіштігі Wm %

 

Маркасы 150 және одан жоғары маркалардың кәдімгі сазбалшық кірпішінің су сіңгіштігі 6% төмен болмауы керек,басқа маркалы кірпіштердің су сіңгіштігі 8% аз болмауы тиіс.

 

 

Кәдімгі сазбалшық кірпішТің маркалары

 

 

Қалыптау тәсілдері Марка Мықтылық шегі, МПа(кгс/см2),осы көрсеткіштен аз болмауы керек
Сыққандағы мықтылық шегі Игендегі мықтылық шегі
Орташа 5 үлгіге Жеке үлгіге міп Орташа 5 үлгіге Жеке үлгіге міп
Пластикалық тәсіл     30 (300)     25 (250)     4,4 (44)     2,2 (22)    
  25 (250)   20 (200)   4 (40)   2 (20)  
  20 (200)   17,5(17,5)   3,4 (34)   1,7 (17)  
    17,5(175)     12,5 (125)     3,1 (31)   1,5 (15)    
  12,5(125)   10 (100)   2,5 (25)   1,4 (14)  
    10 (100)   7,5 (75)     2,2 (22)     1,1 (10)
    75 (75)   5 (50)   1,8 (18)   0,9 (9)

 

КЕРАМИКАЛЫҚ ҚАПТАУ МАТЕРИАЛДАРЫ.

ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАПТАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

 

Ғимараттардың қасбеттерін қаптау үшін сырқы беттік (кірпіштер мен тастарды, қасбетік кішкене көлемді тақталарды және кілем түстес керамиканы пайдаланады.

Сыртқы беттік кірпіштер мен тастардың пішіні дұрыс, қырлары түзу және бояуының реңкі біркелкі болып келеді. Сырқы беттік кірпіштер мен тастардың түсі қызыл қошқыл мен ашық қызыл арасында болып келеді.

Қасбеттік керамикалық плиткалар. 250х140х10 – қазбеттік плиталар іргетас үстілік (цокольдік) 150х75х7, 125х60х7 – «қабат» бейнелі т.б.

Кілем бейнелі керамика жылтыратылған және жылтыратылмаған болып келеді. 48х48, 22х22мм қалыңдығы 4мм. Осы плиталардан жасалатын кілемдердің көлемі 724х464 және 672х424.

Тақталардың сусіңіргіштігі 12%-тен аспауы тиіс. Аязға төзімділігі 25 мәртеден кем болмауы тиіс.

 

ІШКІ ҚАБЫРҒАЛАРДЫ ҚАПТАУҒА

АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

 

Ғимараттардың кейбір бөлмелеріне санитар-гигиеналық және көркемдік-сәндік қасиет беру конструкцияларды ылғал мен оттан қорғау мақсатында қабырғаларды керамикалық плиткалармен қаптайды. Қабырғаларды қаптауға жылтыратылған (фаянстық) және кілем-мазайкалық суретті плиткаларды қолданады.

Плиткалар әр түрлі кейіпте шаршы, төртбұрыш, арнаулы пішінде шығарылады.

Шаршы түріндегілер 150х150мм

Төртбұрырыш түріндегілер 150х100мм, 150х75мм, қалыңдығы 4-6мм.

Плиткалардың сусіңіргіштігі 16%-тен аспауы тиіс.