СИЛЛАБУС
Пәннің аты: «Жануарлар биотехнологиясының негіздері»
Мамандығы 5В070100-Биотехнология
2 курс, к/б, жаздық семестр, кредит саны-2
Лектор – Жұмабаева Б.Ә.
Лабораториялық сабақтарды жүргізуші – Жұмабаева Б.Ә. Токубаева А.
Е-mail: beibutgul@mail.ru
Телефон – 377 35 99
Консультация орны – биология факультеті, 332
Ғылыми дәрежесі – биология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Курстың пререквизиті – осы пәнді оқу үшін төмендегідей іргелі пәндер қажет: «Биохимия», «Жалпы және молекулалық генетика», және т.б.
Курстың сипаттамасы:«Жануарлар биотехнологиясының негіздері» курсы “Биотехнология” мамандығы бойынша арналған. Осы курста биообъекттердi өсірудің теориялық негiздерi, тамақ өнеркәсiбі, ауыл шаруашылығы, медицина, мал шаруашылығы, экологиялық биотехнология және биоэнергетика сияқты салаларда қолданылатын түпкi өнiмдерді алу әдiстері мен технологиялары толық қарастырылған.
Курстың мақсаты: «Жануарлар биотехнологиясының негіздері» cтуденттерді биоөнідірістің технологиялық негіздерімен таныстыру, шикі затты дайындау, алғашқы өнімді немесе біріншілік культураны дайындау, объектілерді дақылдап оларды бөліп алу сатыларын, сонымен қатар жаңа заттарды өндіру қабілеттеріне немесе жаңа қасиеттеріне ие модифицирленген бионысандарды алу әдістерін көрсету
Пәнді оқып аяқтаған соң студенттер білулері керек:
- биотехнологиялық процестің арнайлығын, оларды іске асыратын ғылыми негіздерін; белгілі соңғы өнімді алу үшін пайдаланған әдістерді іріктеу және талдау; жеке биоөндірістің технологиялық сызба нұсқасы жайлы түсінік алу.
-биотехнологияда қолданылатын негiзгi объектiлер, әдiстер және принциптер туралы; биотехнологияның әртүрлі салаларының қазiргi жағдайы туралы; биотехнологиялық өндірістер мен биотехнологиялық өнiмдерге қойылатын талаптары туралы түсінігі болуы тиіс;
биотехнологияның теориялық және қолданбалы міндеттерін шешімдер негізін; биотехнологияның даму келешегін; қоғамның биотехнологиялық өнiмдерге сұранысын білуі тиіс;
қызметтiн ғылыми негiзде ұйымдастырудан; биотехнологиялық объектiлердi зерттеудiң әдiстерi мен әдiстемелерiн игеруден; ақпараттарды iздеу, жинау, сақтау және өңдеудiң қазіргі ақпараттық іздеу технологияларынан білігі болуы қажет;
биотехнологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану дағдысы болуы қажет;
биотехнологияның қазiргi мәселелерiн; жұмыс берушілер мен серіктестерді тартатындай кәсiби құзыретті болуы тиіс.
Постреквизиттер:«Жануарлар биотехнологиясының әдістемелері», «Биотехнология нысандары», «Биотехнологиядағы процесстер мен аспаптары» және элективті кәсіптік пәндер.
Әдістемесі:дәрістер мен лабораториялық сабақтар: лекция-монолог, дискуссия, логикалық міндеттерді шешу, есептер шығару түрінде өтеді.
Сабақтың мазмұны және құрылымы
Апта | Тақырып аттары | Сағат | Максим. балл |
I тақырыптық блок. Биотехнологиялық үрдістің кезеңдері және биотехнологиялық үрдісті іске асыру негіздері | |||
(Д) Жануарлар биотехнологиясының пәні және оның әдістері. Жануарлар биотехнологиясының даму тарихтары. | |||
(ЛС). Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. | |||
(Д). Жануарлардың көбею биологиясының негіздері. Жыныс гормондары. | |||
(ЛС). Жануарлар зертханасының құралдары. | |||
ІI тақырыптық блок. Жануарлар клеткаларының типтік тәсілдері және дақылдау ерекшеліктері | |||
(Д). Жануарлардың көбею биологиясының негіздері | |||
(ЛС). Зертханада құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережелері | |||
СӨЖ-1 1. Ірі қара онтогенезі (реферат) | |||
(Д). Суперовуляция қоздыру және күйіт синхронизациясы. Жыныстық айналым. | |||
(ЛС). Зертханалық жануарлар – зерттеу объектілері. | |||
(Д). Жануарлардың ұрықтарын трансплантациялау әдістері. Ұрықтарды жуып алу. | |||
(ЛС). Лапаротомия әдісі. Жануарлардың репродуктивті жасушаларын виталь әдісімен зерттеу. | |||
СӨЖ-2. Геннің құрылысы. ДНҚ-ның кодтаушы және реттеуші жиіліктері (презентация). | |||
(Д). Гаметалардың және ұрықтардың криобанкі. | |||
(ЛС). Жануарлардың репродуктивті жасушаларын виталь әдісімен зерттеу. | |||
(Д). Клондалған және химералық жануарларды алу әдістері. | |||
(ЛС). Ұрықтарды жуып алу әдістері. | |||
Аралық бақылау I(Oral Exam) түрінде | |||
Жарты семестрлік бақылау(жазбаша) | |||
II-IV тақырыптық блоктар. Биотехнология әдістері. Продуценттерді құрастыру әдістері: селекция, рекомбинантты ДНҚ әдістері, гибридомды технология | |||
(Д). Жануарлар клеткаларына арналған векторларды құрастыру | |||
(ЛС). Суперовуляциядан өткен донорлардан ұрықтарды жуып алу және ұрықтарды қайта отырту. | |||
СӨЖ-3. Рекомбинантты ДНҚ технологиясының тарихы (тесттер мен жұмбақтар құру). | |||
(Д). Трансгенді жануарлар алу әдістерін қолдану аймағы мен мәселелері (кейс-стади). | |||
(ЛС). Гаметаларды культивирлеу. Донорларды таңдау. Суперовуляция. | |||
(Д). Әр түрлі типтегі трансгенді жануарлар алу әдістері. | |||
(ЛС). Гаметаларды in vitro ұрықтандыру. | |||
(Д). Клеткалық терапияның болашағы. Қазақстанда бағаналы клеткаларды қолдану аймақтары. | |||
(ЛС).Ұрықтарды культивирлеу. | |||
СӨЖ-4.Жануарлар клеткалық культурасын алу және өсіру түрлері (жоба түрінде). | |||
(Д). Трансгенді тышқандарды анықтау әдістері (кейс стади әдісімен) | |||
(ЛС). Ұрықтарды культивирлеу (жалғасы). | |||
(Д). Селективтік маркерлер және селективтік жүйелер түсінігі. | |||
(ЛС). Жануарларды клондау әдісі. | |||
СӨЖ-5. Қазақстанда ГМО өнімдері. (пікір -талас түрінде). | |||
(Д). Гаметалар мен эмбриондарды криоконсервациялау | |||
(ЛС). Трансгенді тышқандарды алу нұсқауы. | |||
(Д). Криобиологияның жетістіктері мен болашағы | |||
(ЛС). Криосақтауды қортындылау. Криосақтау әдісіне фильм.. | |||
Аралық бақылау I (тестілеу түрінде) | |||
Қортынды емтихан | |||
100-баллдық шкаламен есептелінеді және пәннен қортынды баға мына формуламен есептелінеді: Мында, МТ - Midterm Exam, ИК- Емтихан бағасы |
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Воронин Е.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. 2-е изд. М. Высшая школа, 2003.
2. Щелкунов С.Н. Генная инженерия. Новосибирск. Изд-во Новосибирского государственного университета. 2004.
3. Загоскина Н.В., Назаренко Л.В., Е.А. Калашникова, Живухина Е.А. Биотехнология: теория и практика. Учебное пособие. Москва. «Оникс». 2009, 496 с.
4. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2011. – 260 бет.
5. Әлмағамбетов Қ.Х. Биотехнология негіздері. Астана. 2007. – 208 бет.
6. Жумабаева Б.Ә. Жануарлар биотехнологиясы,Алматы, Қазақ университеті, 2014-180 бет.
Қосымша:
1. Корочкин Л.И. Биология индивидуального развития (Генетический аспект) М. МГУ, 2002, 264 с.
2. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Дегтярев С.В. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. М., Высшая школа, 2004
3. Корочкин Л.И. Геном. Клонирование. Происхождение человека. М. Век 2. 2004.
4. Бочков Н.П. Клиническая генетика. Издание 2-е. Москва. Гэотар-мед. 2002.
5. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Новосибирского университета. Сибирское университетское издательство. 2002. 459 с.
Білімді бақылау формалары:зертханалық сабақтар, СӨЖ, СӨОЖ, аралық бақылау,Мидтерм қорытынды емтихан.
Баға қою саясаты
Бағалау жүйесі | Студенттердің сабақ жəне жұмыс түрлері | Балл |
Зертханалық сабақ | 3х15 = 45 балл | |
СӨЖ тапсырмаларды орындау (5 тапсырма) | 4+4+5+6+6=25 балл | |
1-ші АБ тапсыру | 15 балл | |
2-ші АБ тапсыру | 15 балл | |
Барлығы | 100 балл | |
Аралық аттестация - Емтихан | 100 балл | |
Қорытынды баға =АБ1+АБ2/ 2 х 0,6 +0,1хМТ+ 0,3хЕмт. бағасы |
ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады.
Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді
Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.
Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.
Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Балдардың сандық эквиваленті | % мәні | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D- | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | Қанақаттанарлықсыз | |
I (Incomplete) | - | - | Пән аяқталмаған (GPA есептеу кезінде есептелінбейді) |
P (Pass) | - | - | «Есептелінді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді) |
NP (No Рass) | - | - | « Есептелінбейді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді) |
W (Withdrawal) | - | - | «Пәннен бас тарту» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді) |
AW (Academic Withdrawal) | Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау (GPA есептеу кезінде есептелінбейді) | ||
AU (Audit) | - | - | « Пән тыңдалды» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді) |
Атт-ған | 30-60 50-100 | Аттестатталған | |
Атт-маған | 0-29 0-49 | Аттестатталмаған | |
R (Retake) | - | - | Пәнді қайта оқу |
Қойылатын бағаның саясаты:
1. Аралық бақылау (күнделікті бақылауды қосқанда) – 100 (%) 7 апта
2. Аралық бақылау (күнделікті бақылауды қосқанда) – 100 (%) 15 апта
Аралық бақылау формасы - КОЛЛОКВИУМ (ауызша және тестер түрінде)
Қорытынды бақылау формасы - ЕМТИХАН (жазбаша)
Уақытында тапсырылмаған үш СӨЖ үшін AW бағасы қойылады.
Үй тапсырмасын уақытында орындау (уақытында әр орындалмаған үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстары қабылданылмайды).
Көмек: Офис сағаттары уақытында дәріс материалдарын түсінбеген, СӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу қиындық туғызған жағдайда және басқа да сұрақтар болғанда оқытушыдан сұрауға болады.
Молекулалық биология және генетика кафедраларының мәжілісінде
2014 жылдың “ ” тамызында талқыланды. Мәжіліс хат № 1.
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.д, профессор ____________ Айташева З.Г.
Пән лекторы, б.ғ.к., доцент ____________ Жұмабаева Б.Ә.