КІРІСПЕ

 

 

Экономиканы басқару жүйесін түбегейлі қайта құру – бұл Қазақстанда жүргізілетін реформалар бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселе жағдайы нарықтық экономикада түпкілікті өзгеретін кәсіпорын үшін ерекше маңызға ие. Өйткені, жұмыстың жоғары тиімділігін, бәсекеге қабілеттілікті және нарықтағы жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ететін басқару жүйесін қалыптастыруға мәжбүр етеді. Бұл біздің мемлекетіміздің өз даму моделін құру және жүзеге асыру тиімділігін дәлелдеу үшін аса қажет. 2003 жылғы мамыр айында қабылданған «ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы» бәсекеге қабілетті экономиканың және жоғары технологиялар индустриясының ілгері дамуына жағдай тудырып отыр.

Стратегия 2015 жылға дейін мемлекеттің басым бағыттарын анықтайды және саяси-экономикалық, құқықтық-ұйымдастырушылық шаралар, көлік жүйесінің тұтастығы мен кешенділігін қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымы мен транзиттік саясаттың даму принциптерінің жиынтығы болып саналады.

Теміржол көлігі қызметінің тиімділігін елеулі түрде арттыру тек бір жағдайда мүмкін болады, яғни пойыздар қозғалысын ұйымдастыру тәжірибесіне қазіргі заманғы электрондық техникаға негізденген қарқынды технологияларды жасап, енгізгенде ғана.

Әдістемелік нұсқаулар «Қазақстан теміржолдарында ресурсты сақтау технологияларын жасау және енгізу» салалық кешенді бағдарламасымен, сонымен қатар «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясымен» байланысты. Жоғарыда мазмұндалғандардың маңыздылығын ескере отырып, белгі беру және байланыс дистанциясының алаңдық және посттық құрылғылары жұмысының көрсеткіштерін жетілдіру сұрақтарының өзекті болып табылатындығын атап айту керек.

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау аралықтағы автоматика және телемеханика жүйелерінің жобалануы, құрылысы және пайдалануға беру жұмыстарына студенттердің шығармашылық, өз бетімен қатысуына дайындауға үйретеді. Сондай-ақ, студенттерді автоматика және телемеханика жүйелерінің құрылуының әлдеқайда прогрессивті әдістерін талдауға, салыстыруға және таңдай білуге және олардың темір жол жұмысының нақты жағдайларын, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып, техникалық іске асырылу жолдарын үйренуге жол ашады.

 

 

№ 1 зертханалық жұмыс

ЕКIСЫМДЫ БАҒЫТ ӨЗГЕРТУ СҰЛБАСЫН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты: автоблокировканың екiжақты бағыттағы жүйесiнде қолданылатын екiсымды бағыт өзгерту сұлбасының жұмысын зерделеу.

1.1 Теориялық мәлімет

 

Автоблокировканың екiжақты жүйелерi, темiр жолдың бiржолды және көпжолды телімдерде, егер, екiаралықтағы жолдар екi бағыттағы қозғалыс үшiн қолданылғанда, пойыздардың қозғалысын реттеу үшiн арналған.

Автоблокировканың екiжақты жүйесiнiң мiндетi – жүрiп жатқан пойыздардың кеңiстiкпен шектелуi және олардың басы мен соңын қоршау.

Жол-жөнекей жүрушi пойыздарды соңғы жағынан қоршау автоблокировка бағдаршамдарының көмегiмен, ал бас жағынан қоршау бекеттер аралығындағы блокировкалық тәуелдiлiктi орнатумен жүзеге асады.

Бекеттер арасындағы логикалық байланыстар:

- қабылдау бекетіндегі шығу бағдаршамдарының жабылуы;

- жөнелту бекетіндегі шығу бағдаршамдарының ашылуы;

- белгiлi бiр қозғалыс бағытын қою үшiн сигналдық қондырғылардың бағыт өзгерту құрылғыларына хабар беруi.

Автоблокировканың екiжақты жүйелерi сигналдардың, рельс және желi тiзбектерi құралдарының қозғалыстың қондырылған бағытына сәйкес ауысып қосылуы алдын-ала қарастырылатын қозғалыстың бағыты қалыпты орнатылған жүйелерiне жатады.

Негiзгi приборлар және олардың жүктелген міндеттемесі.

НН (ЧН)бекеттік бағыт релесi. КШ1-80 типтi. Бағыттың өзгеруi туралы қабылданған хабарды тiркейдi және негiзгi блокировкалық тәуелдiлiктi орындайды: қабылдау бекетіндегі шығу бағдаршамдарын жауып, жөнелту бекеттеріндегі шығу бағдаршамдарын қосады. Одан басқа, жөнелту бекеттерінде екiаралық жағдайын қадағалайды (екi аралық бос болса Н релесi тоқта тұрады).

Н – екi аралық бағыт релесi. КШ1-40 типтi.

1Н, 2Н – Н релесiнiң қайталағышы, қозғалыстың қондырылған бағытына сәйкес, бағдаршам белгiлерi қорегiнiң, желi және рельс тiзбектерiнiң сұлбасын ауыстырып қосады.

НВ (ЧВ) – көмекшi реле, бағыт өзгерту тiзбегiнде тоқ бағытын өзгертедi. «Жөнелтуге» қойылған бекеттің сұлбасында реле қалыпты жұмыста болу үшiн, ал «қабылдау» бекетінде баяу түсу үшiн реле орамдары әр бөлек қосылған.

Реленi баяулату «қабылдауға» қойылған бекетте керi импульс жiберiлген кезде, «жөнелту» бекетінде бағыт релесiнiң iске қосылуы үшiн керек. НВ (ЧВ) релесiнiң баяулау уақыты 21В батареяда 1,2-1,3 с. НМШ1-2000 типтi.

НКП (ЧКП) – қабылдауға қойылған бекеттің екi аралықты бақылау релесi. Реленiң орамдары сұлбаға әр бөлек қосылған. Бiрiншiсi – кедергiсi 100 Ом – бағыт өзгерту желiсiне тiзбектей қосылған, екiншiсi – кедергiсi 1100 Ом – параллель жалғанған конденсатормен жергiлiктi желiге қосылған. Реленiң баяулауы «қабылдау» бекеті сұлбасының «жөнелтуге» ауысып қосылуы үшiн қажет. НН (ЧН) бағыт релесiнiң iске қосылу уақыты НКП (ЧКП) релесiнiң баяулау уақытымен анықталады. НМШ-100/1100 типтi.

НКПП (ЧКПП) – НКП (ЧКП) релесiнiң қайталағышы қысқа жылжымалы бiрлiктiң қысқа уақыт шунт жоғалтуында бағыт өзгерту мүмкiндiгiн болдырмауы үшiн баяу iске қосылады. НМШТ1-2000 типтi.

НОЗ (ЧОЗ) – тұйықтағыш реле. Жөнелту маршрутындағы бұрмаларды қосу үшiн қызмет атқарады. Қысқа уақыт шунт жоғалтуда құрамның астындағы бұрмалардың ауысу мүмкiндiгiн болдырмау үшiн iске баяу қосылады. НМШТ1-2000 типтi.

Сұлбаның жұмыс істеу принципi.

Екi аралықты бақылау және қозғалыс бағытын өзгерту сұлбалары, жөнелту стансасында және әр сигналдық нүктеге полярлық бағыт релесi қосылған Н, ОН сымдарынан тұратын екiсымды тiзбекте тоқтың бағытын өзгерту принципiмен тұрғызылған.

«Қабылдау» стансасында екiсымды бағыт өзгерту тiзбегiне КП релесi қосылған, «Жөнелту» стансасында КП релесi тоқтан ажыратылған. «Қабылдау» стансасында Н релесi ағытулы. Желiлiк тiзбектердi қоректендiру үшiн ППШ-3 типтi жартылай өткiзгiштi түрлендiргiш қолданылады.

Сұлбаның төрт жағдайы бар: бастапқы жағдай, I-ші аралық жағдай, II-ші аралық жағдай және ауысқан жағдай.

Бастапқы жағдайы.Релелердiң күйi аралықтың бос екендiгiне және қозғалыстың орнықтырылған тақ бағытына сәйкес келедi. «А» стансасы «қабылдауға», «Б» стансасы – «жөнелтуге» орнықтырылған.

Бағыт өзгерту тiзбегi «А» қабылдау стансасынан қорек алып, тоқта тұрады.

Екi аралықтың бос күйi қабылдау стансасында НКП релесiмен, ал «Б» жөнелту стансасында ЧН релесiнiң нейтралды якорiнiң көмегiмен бақыланады. «А» стансасында НКП, НКПП, НПН релелерi тоқта тұрады. СБК-ң таблосында «НП» (нечетный прием) ақ шамы жанады. «Б» стансасында ЧН релесi тура полярлы тоқпен жұмыс істеп тұр, ЧВ релесi тоқта тұр, ЧПН релесi – тоқсыз. СБК-ң таблосында «НО» (нечетное отправление) жасыл шамы жанады.

I-ші аралық жағдай.«А» қабылдау стансасында ННК батырмасын басқанда, өзiнiң түйіспелерімен Н, ОН желiлерiндегi тоқтың бағытын ауыстыратын НВ релесi iске қосылады. Ұзақтығы НКП релесiнiң баяулау уақытымен анықталатын және 1,8 с құрайтын керi полярлық тоқ импульсiнен барлық екi аралық сигнал қондырғыларының бағыт релелерi және «Б» стансасының стансалық бағыт релесi өз якорiн ауыстырып қосады. ЧН релесі якорін лақтырып, ЧВ релесін өшіреді, соңғысы ЧПН релесін қосады. Осылайша «Б» стансасы «Қабылдауға» орнықтырылады, таблода «ЧП» ақ шамы жанады, ал НО жасыл шамы өшеді.

II-ші аралық жағдай.ЧВ релесі тылдық түйіспесімен Н, ОН желісіне «Б» стансасының батареясы мен ЧКП релесін қосады. Осы сәттен бастап және «А» стансасының НКП релесінің баяулауы аяқталғанға дейін екі стансаның батареялары тізбектей қосылады. Сол себепті барлық Н аралық бағыт релелерінің полярландырылған якорьлері түйіспелерінің сенімді ауысып қосылулары қамтамасыз етіледі.

Аралық бағыт релелері қозғалыстың жаңадан орнатылған бағытына сәйкес рельс тізбектерінің, желілік тізбектердің және сигналдардың приборларын ауыстырып қосады.

Н релесімен қоса ЧКП релесі іске қосылады. «Б» стансасының таблосында екі аралықтың бос еместігін көрсететін «ЧКП» шамы жанады.

Ауысқан жағдай. НКП, НКПП релелерінің баяулау уақыты өткенде, олардың түйіспелерімен «А» стансасының батареясы ағытылады және желілік тізбекке НН бағыт релесі қосылады. НН бағыт релесі қоректі тура бағыттағы тоқпен «Б» стансасынан алады да, полярландырылған якорін лақтырады. Оның түйіспелерімен «А» стансасы «Жөнелтуге» орнықтырылады. Енді «А» стансасында шығу сигналын ашуға болады. «А» стансасының СБК таблосында жөнелтуге болатындықты көрсететін «ЧО» (четное отправление) жасыл шамы жанады, ал «Б» стансасында «ЧП» (четный прием) ақ шамы жанады. «Б» стансасында ЧКП, ЧКПП және ЧПН тоқта тұр, ал ЧН релесі желілік сымдардан ажыратылған.

Бағыт өзгертудің көмекші режимі.Аралықта бір рельс тізбегі зақымданған жағдайда бағыт өзгерткенде жолдық релелердің қайталағыштарының түйіспелері 5000 Ом кедергісімен шунтталған.

Бағыт өзгерту үшін Н желісі мен стансааралық байланыс желісі қолданылады. Сұлбаға қорек кернеуі 240В БАС-Г типті көмекші батареядан немесе кернеуі 220 В басқа қорек көзiнен беріледі.

Бағытты өзгертпес бұрын, станса кезекшілері (ДСП) екі аралықтың бос екендігіне көздерін жеткізіп, көмекші батырмалардан пломбаларды шешуге ДНЦ-ның рұқсатын алуы керек. Осыдан кейін олар тиісті журналға тіркеу жасап, көмекші режим батырмаларынан пломбаларды шешеді.

Көмекші режим екі стансаның кезекшілерінің қатысуымен жүзеге асады. «Қабылдауға» қойылған стансада ВКП батырмасын басқан кезде, осы стансаның көмекші батареясы іске қосылады. Ал «Жөнелтуге» қойылған стансада ВОК батырмасын басқан кезде, байланыс желісі қосылады. Сондықтан, көмекші режим релелері ЧВН және НВН жұмыс істейді. Олардың түйіспелерімен мынадай тізбек туындайды: «қабылдауға» қойылған стансаның көмекші режим батареясы --→ стансалық және аралық бағыт релелері --→ байланыс желісі --→ көмекші режим батареясы. Барлық бағыт релелері полярланған якорьлерін бірдей лақтырады да, стансалар мен аралықта қозғалыс бағытын өзгертеді.

1.2 Зертханалық стендті сипаттау

1.2.1. Бағыт өзгерту сұлбасы

1.2.2. Штепсельді релелерден жиналған оқу макеті

1.2.3. Табло элементтерінен тұратын басқару пульті

Пульт бетінде мыналар орналасқан: қалыпты (ННК, ЧНК) және көмекші (НВОК, НВПК, ЧВПК, ЧВОК) режимдердің бағыт өзгерту батырмалары; қабылдау және жөнелту бойынша қозғалыстың орнықтырылған бағытын қадағалайтын шамдар (НП, ЧП), (НО, ЧО); сонымен қатар, аралықтың бос еместігін көрсететін шамдар (НКП, ЧКП); шығу сигналдарын ашу батырмалары (Н1К, Ч1К). Олардан басқа, жұмысты әр түрлі жағдайларда зерттеу үшін Т1, Т2, Т3, Т4 тумблерлері қойылған, ал Н1ЗК және Н2ЗК батырмалары бағыт өзгерту барысында аралық жағдайларда приборлар күйін тіркеуді қамтамасыз етеді.

 

1.3 Жұмысты орындау әдісі

1.3.1. Принциптік сұлбаға сәйкес:

- стендте барлық басқару батырмалары мен индикаторлық шамдарды табу және олардың шартты белгілерін талдау;

- әрбір батырманың жүктелген міндеттемесін, оны қалай қолдану керектігін анықтау.

1.3.2. Бағыт өзгерту сұлбасындағы релелердің жүктелген міндеттемесімен, олардың орналасуымен және типтерімен танысу;

1.3.3. Жұмыс істеп тұрған макетте қалыпты жағдайдағы бағыт өзгертуді зерделеу. Барлық батырмалар тартылған күйде. Т1, Т2, Т3, Т4 тумблерлері жоғарғы жағдайда болу керек.

Бағыт өзгерту, егер, «А» стансасы «Қабылдауға» орнықтырылған болса (қозғалыстың тақ бағыты), «ННК» батырмасын басумен жүзеге асады («Б» стансасында «ЧНК»).

Сұлбаның бастапқы жағдайы оқытушының тапсырмасы бойынша беріледі.

Приборлардың бастапқы және ауысқан жағдайдағы күйін 1-кестеге жазып алу керек.

1.3.4. Бағыт өзгерту процесінде сұлбаның уақыт бірлігіндегi кідіру жұмысын зерделеу.

1.3.5. «А» стансасын қабылдауға орнықтырып, Н1ЗК батырмасын басып, бағытты өзгерту керек. Приборлардың жай-күйін және индикацияны 1–кестеге жазып алу керек (ННК батырмасы басулы күйінде). Приборлардың жай-күйі қай аралық жағдайға сәйкес келетінін анықтау керек.

 

1-кесте.

 

Поезд қозғалысы кезінде приборлардың бастапқы және ауысқан жағдайы

 

  Сұлбаның жай-күйі Релелердің күйі және индикация
«А» стансасы «Б» стансасы
НКП НКПП НН НВ НПН НВН Инд Н ЧКП ЧКПП ЧН ЧПН ЧВН
Бастапқы «А» стансасы «Б» стансасы                          
Ауысқан «А» стансасы «Б» стансасы                          
Н1ЗК батырмасы басылмаған «А» стансасы «Б» стансасы                          

 

1.3.6. Н1ЗК батырмасын суырып, көмекші батырмалар көмегімен қозғалыстың тақ бағытын орнықтыру («А» стансасында НВПК батырмасын, «Б» стансасында ЧВОК батырмасын басу керек).

1.3.7. Н2ЗК батырмасын басып, бағытты өзгерту керек. НКП батырмасының баяулау уақытында ЧКП және Н релелерінің жұмысын қадағалау. Мәліметтерді 2-кестеге енгізіңіз.

1.3.8. Н2ЗК батырмасын суырып, ЧКП, НН және Н релелерінің жұмысын қадағалау керек. Алынған мәліметтерді 2-кестеге жазу керек.

1.3.9. Н2ЗК батырмасы басылғанда және ажыратылғанда релелердің күйі сұлбаның қай жағдайына сәйкес келетінін анықтау

 

2-кесте.

 

Поезд қозғалысы негізгі релелердің жағдайы

 

Батырмалардың күйі «А» стансасы Аралық «Б» стансасы Сұлба жағдайы
НКП НН Н ЧКП
Н2ЗК батырмасы басылған        
Н2ЗК батырмасы ажыратылған        
           

1.3.10. Бағыт өзгертудiң көмекшi режим жұмысын зерделеу.

1.3.11. Көмекшi режимде бағыт өзгерту сұлбасының жұмысын макетте қадағалау және релелердiң күйiн 3-кестеге жазып алу (көмекшi батырмалар басылған күйiнде).

 

3-кесте

 

Көмекші режимдегі релелердің жағдайы

 

Сұлбаның жай-күйi Релелердiң күйi
НВН ЧВН НН ЧН Н НВ ЧВ
Бастапқы «А» стансасы «Б» стансасы              
Ауысқан «А» стансасы «Б» стансасы              

 

1.3.12. Қалыпты режимдi пайдаланып, бағыт өзгертудiң келесi шарттар бойынша мүмкiндiгiн тексеру:

- аралықта рельс тiзбегiнiң дұрыс жұмыс істемеуі (Т1, Т2, тумблерлерi төменгi жағдайға қойылады);

- Н тура сымының үзiлiп қалуы (Т3 тумблерi төменгi жағдайға қойылады);

- ОН керi сымының үзiлiп қалуы (Т2 тумблерi төменгi жағдайға қойылады);

- аппаратта кiлт-жезлдiң болмауы (Т3 тумблерi төменгi жағдайға қойылады);

- «Б» стансасында шығу сигналы ашық (Т4 тумблерi төменгi жағдайға қойылады және шығу сигналы батырмасын басу керек);

- қабылдауға орнықтырылған стансада шығу сигналының ашылу мүмкiндiгiн тексеру.

1.4 Есеп беру мазмұны

1.4.1. Оқытушының тапсырмасы бойынша бағыт өзгерту сұлбасы

1.4.2. Бағыт өзгерту сұлбасының негiзгi приборлары және олардың атқаратын қызметi

1.4.3. Бақылау нәтижелерi бар 1, 2, 3-кестелер

1.4.4. 3 және 4 пункттерi бойынша зерттеудiң бiрiктiрiлген нәтижелерi

1.4.5. Бақылау сұрақтарының жауаптары

 

1.5 Бақылау сұрақтары

1.5.1. Бағыт өзгертудiң көмекшi режимiн қандай жағдайларда қолданады?

1.5.2. ЧКПП, НКПП релелерiнiң жүктелген мiндеттемелерiн айтыңыз?

1.5.3 Қабылдау және жөнелту стансаларында аралықтың индикациялық жағдайы қалай орындалады?

1.5.4. «Жөнелтуге» орнықтырылған стансада ЧВ релесiнiң түсуге баяулауы қандай мақсатпен алдын-ала қарастырылған?

1.5.5. Қандай жағдайда екi станса бiрдей «қабылдауға» орнықтырылады?

1.5.6. Кiлт-жезлды қай кезде қолданады және оның бағыт өзгерту сұлбасындағы ролi?

1.5.7. Желiлiк сымдардың бiрiгуi кезiнде неге бағыт өзгерту жүзеге аспайды?

 

 

№2 зертханалық жұмыс

 

ТӨРТСЫМДЫ БАҒЫТ АУЫСТЫРУ СҰЛБАСЫН ЗЕРТТЕУ

 

Жұмыстың мақсаты: бағыт ауыстыру сұлбасының аппаратурасын, электрлік сұлбаларын және жұмыс істеу принципін зерделеу.

2.1 Теориялық мәлімет

Автоблокировканың екіжақты жүйесі біржолды теміржол учаскесінде, егер жолдар екі бағытты қозғалыс үшін қолданылса. пойыздар қозғалысын реттеу үшін және сонымен қатар көпжолды учаске үшін арналған. Екіжақты жүйедегі автоблокировка міндеті қозғалыстағы пойыздарды кеңістікпен шектеу және оларды басы мен аяғы бойынша қоршау болып табылады.

Екі түрдегі функционалды байланыс автоблокировканың екіжақты жүйесінің ерекшелігі болып табылады:

1. Аралықтағы көршілес сигналдық қондырғы арасындағы байланыс;

2. Аралықпен шектейтін екі станса арасындағы байланыс.

Бірінші түрдегі байланыс алда жатқан блок-учаске күйі туралы ақпарат беру үшін және бағдаршамдардың сигналдық көрсеткішін басқару үшін қолданылады. Айтылған байланыстың техникалық іске асырылуы рельс тізбегінің көмегімен (кодтық автоблокировка) немесе желілік тізбек көмегімен (импульстік-сымдық автоблокировка) жүзеге асырылады. Бірінші байланыстың көмегімен пойызды соңынан қоршау жүзеге асырылады.

Станса аралығындағы функционалды байланыс біржолды аралықта бір бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру үшін арналған. Бұл үшін міндетті түрде <қабылдау> стансасында шығу сигналының тұйықталуын, ал <жөнелту> стансасында ажыратылуын қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар бағыт ауыстыру құрылғысының коммутациясын жүзеге асыру қажет.

Екінші түрдегі байланыспен пойызды басынан қоршау жүзеге асырылады. Бұл үшін стансалар аралығында қозғалыс бағытын ауыстыратын жеке телемеханикалық арна ұйымдастырылады. Стансада бұл арна тұйықтаушы құрылғыларды қосады, яғни шығу сигналының тұйықталуы мен ажырауын жүзеге асырады және сигналдық қондырғының реверсі үшін <Н> командасын (бағыт ауыстыру) өндіреді. Бұл команда әрбір сигналдық қондырғыда бағыт ауыстыру құрылғысының көмегімен қабылданып іске асырылады. Өз кезегінде бағыт ауыстыру құрылғысы бір бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру үшін рельс тізбегінің, желілік тізбектің және бағдаршамды басқару тізбегінің коммутациясын жүзеге асырады.

«Н» командасын «қабылдауға» қойылған стансаның тұйықтаушы қондырғылары өндіреді.

«Н» командасының қалыптасуы, тек қана аралық пойыздан бос кезінде жүзеге асады. Сондықтан стансада аралықты бақылаушы қондырғы КП орналасады.

Аралықты бақылау арнасы сигналдар үшін арналған: блок-учаске бос немесе бос емес және берілетін ақпараттың жоғары бөгеулікке қарсылығын қамтамасыз ету қажет.

Сәйкес шарттар бағыт өзгерту арнасына беріледі. Бұл шартты, ақпаратты қабылдайтын және оны сақтайтын сигналдың полярлы белгісінде құрылған қабылдағышты арна қанағаттандыруы мүмкін.

Бақылау арнасының және бағыт ауыстыру арнасының техникалық іске асырылуы «Гипротранссигналсвязь» институтында жасалған төртсымды бағыт ауыстыру сұлбасымен орындалған.

Сұлба аралықпен шектелетін екі стансаға құрылады, олардың біреуі «қабылдауға», ал екіншісі «жөнелтуге» орнатылған.

 

 

«Н» командасын «қабылдауға» қойылған станса келесі шартты тексерумен өндіреді:

- аралықтың блок-учаскелерінің бостығын ( );

- жөнелту стансасында шығу сигналының жабықтығын ( );

- жөнелту стансасында аралыққа маршрут бойынша жөнелтілетін пойыздың жоқтығын ( );

- кілт-жезлмен маневрлік жұмыстың және аралыққа шығудың жоқтығын ( );

Рельс тізбегінің ақауы кезінде бағытты ауыстыру үшін көмекші режим қарастырылады.

 

2.2 Зертханалық стендті сипаттау

 

Жұмыс нақты бағыт ауыстыру сұлбасы бар зертханалық стендте орындалады.

Жұмыс орнында:

2.2.1 Бағыт ауыстыру сұлбасы;

2.2.2.Штепсельді релелік оқу макеті;

2.2.3.Табло элементтері және басқару пульті болу қажет.

Екі шеткі стативте А ст және Б ст приборлары орналасқан; қалыпты және көмекші режимдегі бағыт ауыстыру батырмалары (ЧОВ, НПВ, НОВ, ЧПВ); қабылдау бойынша (НП, ЧП) және жөнелту бойынша (НО, ЧО) орнатылған қозғалыс бағытын тексеретін шамдар; аралықтың бос еместігін тексеретін шамдар (ЧКП, НКП); кіру сигналдарын ашатын батырмалар (НС, ЧС). Бұдан басқа сұлба жұмысын әр түрлі шарттарда тексеретін Т1-Т10 тумблерлері бар.

Ортаңғы стативте біржолды автоблокировканың үш сигналдық нүктесі үшін аппаратуралар орналасқан.

 

2.3 Жұмысты орындау әдісі

 

2.3.1. Құрылымдық бағыт өзгерту сұлбасымен, атауымен және жұмыс істеу принципімен танысу.

2.3.2. Ұсынылған әдебиеттер бойынша сұлба жұмысын зерделеу.

2.3.3. Қолданылатын приборлардың типтерімен танысу.

2.3.4. Аралықтың бос кезінде бағыт өзгерту. Сұлба жұмысын кесте түрінде көрсету.

 

4-кесте.

 

Сұлба жұмысының жағдайы

 

А стансасы Аралық Б стансасы
     
     
     

 

2.3.5. Шығу сигналының тұйықталуын тексеру.

2.3.6. Аралықтың бос емес кезінде бағыт ауыстыруды жүзеге асыру. Сұлба жұмысын кесте түрінде көрсету. Кестеге осы жағдайда жұмыс істейтін релелерді енгізу қажет.

2.3.7. Ұсынылатын әдебиеттер бойынша бағыт ауыстыру кезіндегі сигналдық нүктелерде жүзеге асырылатын коммутацияларды зерделеу.

2.3.8. Оқытушы тапсырмасы бойынша әртүрлі жағдай кезіндегі сұлба жұмысына талдау жасау.

 

2.4 Есеп беру мазмұны

 

2.4.1. Ықшамдалған бағыт ауыстыру сұлбасы.

2.4.2. 4, 5, 6 пункттер бойынша нәтижелер кестесі

2.4.3. Оқытушы тапсырмасы бойынша келесі коммутациялардың біреуін орындау қажет:

- кодтық автоблокировкадағы жалғыз тұрған сигналдық нүкте;

- тұрақты тоқтағы автоблокировкадағы жалғыз тұрған сигналдық нүкте;

- кодтық автоблокировкадағы қосарласқан сигналдық нүкте;

- тұрақты тоқтағы автоблокировкадағы қосарласқан сигналдық нүкте;

- тұрақты тоқтағы автоблокировкадағы кесінді сигналдық нүкте.

2.5 Бақылау сұрақтары

 

2.5.1. Екісымды бағыт ауыстыру сұлбасының орнына төртсымды бағыт ауыстыру сұлбасын қолдану қажеттігі неде?

2.5.2. Қандай әдіспен аралықтың бос емес кезінде бағыт ауыстыру мүмкін емес?

2.5.3. Қандай әдіспен пойызды басынан қоршау жүзеге асырылады?

 


№3 зертханалық жұмыс

 

ҚОЗҒАЛЫСЫ БIРЖАҚТЫ ИМПУЛЬСТIК-СЫМДЫҚ ЕКIЖОЛДЫ АВТОБЛОКИРОВКАНЫ ЗЕРТТЕУ

 

Жұмыстың мақсаты: электрленбеген теміржол учаскесінде қолданылатын автоматты блокировканы зерттеу. Негізгі элементтердің әрекетін қарастыру және «О» типті өтпе бағдаршам сұлбасындағы осы элементтердің қызметін түсіндіру.

 

3.1 Теориялық мәлімет

Дербес тартымды екіжолды теміржол учаскесінде негізінен импульстік рельс тізбекті бірбағытты екіжолды автоблокировка қолданылады. Айтылған автоблокировка импульстік-сымдық деп аталады, яғни, онда импульстік қоректі РТ қолданылады, алда жатқан блок-учаске туралы ақпарат желілік тізбек бойынша беріледі.

Бұл жүйе келесі ерекшеліктерімен сипатталады; желілік реле ретінде құрама реле қолданылған әр бағыт үшін екісымды желілік тізбек; ережеге сай блок-учаскеде бір РТ-нен тұратын тұрақты тоқтағы импульстік РТ; РТ шығу соңында жолдық реленің орналасуы; аралас қорек жүйесі, яғни онда бағдаршам шамдары айнымалы тоқпен, ал айнымалы тоқ жоғалған кезде бұл қондырғылар түзеткішпен үздіксіз зарядталу режимінде жұмыс істейтін аккумуляторлық батареяның тұрақты тоғымен қоректенеді; линзалық қалыпты жанатын бағдаршамдарды қолдану; бағдаршам шамдарында кернеуді екі есеге төмендету мүмкіндігі.

Қазіргі кезде ТПЕ талаптарына сәйкес автоматты блокировка АЛС-ты қолданумен және пойыз қозғалысы артынан диспетчерлік бақылаумен толықтырылып, жобаланады.

Қолдануды жеңілдету үшін, жобалауды және құрылысты жеделдету, арттыру үшін автоблокировка сұлбасы типтелген және зауыттық монтажға есептелген.

Сұлба штепсельдік релелерді қолданумен орындалған, бұл жерде АНШ және НМШ кішігабаритті штепсельдік релелер көп қолданылған.

Жұмыс орны келесілерден тұрады:

- қозғалыстың бұл бағыты үшін автоблокировканың принципиалдық сұлбасының сызбасы;

- зертханалық стенд үш стативтен тұрады, оның сол жағы мен оң жағында «О» типті өтпе бағдаршамның сигналдық қондырғысы, «ОМ» типті кіру алдындағы бағдаршамның және кіру бағдаршамының сигналдық қондырғылары орналасады;

- «О» типті сигналдық қондырғы стендінде 6П, Т5, Т4, 4П төрт тумблері орналасқан;

- «ОМ» типті сигналдық қондырғыда Т3, Т2, 2П үш тумблер бар. Тумблердің қалыпты күйі – төменгі жағдай;

- «О» типті сигналдық қондырғы сұлбасы;

- «О» типті сигналдық қондырғы сұлбасы өтпе бағдаршамда үш сигналдық көрсеткіштің қосылуын қамтамасыз етеді: қызыл, сары, жасыл.

Өтпе бағдаршамда орналасқан релелік шкафта келесі аппаратура орналасады:

- рельс жіптеріне қосылып, рельс тізбегінің қоректік соңынан келетін тұрақты тоқ импульстерінен тоққа тұратын ИМШ1-0,3 типті импульстік жолдық реле;

- өз түйіспесі арқылы РТ-нің тұрақты тоқ көзін қосатын МТ-1 типті маятниктік трансмиттер;

- И импульстік реле түйіспесімен басқарылатын релелік дешифратор, оның шығысына И релесінің импульстік жұмысы кезінде және блок- учаске бос болғанда қозған күйде болатын АНШ2-700 типті жолдық реле П қосылған.

РТ аппаратурасынан басқа автоматты блокировканың негізгі элементтері релелік шкафта орналасады:

 

- алда орналасқан екі сигналдық нүктенің релелік шкафынан желілік тізбек бойынша қорек алатын КШ1-280 типті Л желілік реле;

- желілік реленің баяуәрекетті қайталағышы – сарыдан жасылға ауысуы кезінде бағдаршамда қызыл оттың пайда болуына тыйым салатын АНШН2-380 типті сигналдық реле С;

- бағдаршамның барлық шамының күйін тексеруге арналған АОШ2-180/0,45 типті оттық реле О. Оттық реленің түйіспелері желілік тізбекке қосылып, сол бағдаршамда қызыл шамы күйген кезде, қызыл отты автоматты түрде артта тұрған бағдаршамға ауыстырады. О оттық реле түйіспелерімен осы бағдаршамда сары немесе жасыл от шамдары күйгенде артта тұрған бағдаршамда жасыл оттың орнына сары оттың жануын қамтамасыз етеді;

- НМШ2-900 типті КО оттық релесі қызыл от шамының қылының бүтіндігін қызған және суық күйлерінде тексереді.

Үшмәнді автоблокировканың принципиалдық сұлбасы оқу макетінде келтірілген. Әрбір өтпе бағдаршам алда жатқан екі блок-учаскемен байланысқан. Ақпарат қабылдағышы ретінде үздіксіз кірісті және дискретті шығысты релелік қабылдағыш қолданылған. Ақпарат Л-ОЛ желілік тізбек бойынша беріледі, оның шығысына Л желілік реле қосылған. Алда жатқан блок-учаске күйінің ақпарат датчигі болып РТ табылады.

Мысалы, 4 бағдаршамның желілік релесі 2 бағдаршамның релелік шкафынан желілік тізбек бойынша қорек алады, яғни онда мыналар бақыланады: бірінші блок-учаске күйі (4П реле түйіспелері), екінші блок- учаске күйі (2С релесінің түйіспелері), алда орналасқан бағдаршам шамының күйі, т.с.с. 2 бағдаршамда (2О релесінің түйіспелері).

2П және 4П екі көршілес учаскелерде пойыз жоқ кезде және 2 бағдаршамда ақау жоқ кезде 4Л желілік реле және оның қайталағышы 4С тоқта тұрады.

4Л релесі 4П, 2С және 2О релелерінің түйіспелерімен тура полярлықта қорек алады. Оның баяуәрекетті қайталағышы 4С қорек алады. 4 бағдаршамда жасыл от жанады. Бірінші 4П блок-учаскесінің бос кезінде және екінші 2П блок-учаскенің бос емес кезінде 4 бағдаршамның желілік релесі 2О, 4П релелерінің фронттық түйіспелерімен және 2С релесінің тылдық түйіспесімен кері полярлықта қорек алады. Нәтижесінде 4 бағдаршамда сары от жанады.

Пойыз бірінші 4П блок-учаскесінде болса желілік тізбек 4П жолдық реле түйіспесімен ағытылады, 4 бағдаршамдағы желілік реле қорек алмайды, нәтижесінде 4 бағдаршамда қызыл от шамы жанады.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сұлбада қызыл отты артта тұрған бағдаршамға өткізу қарастырылған. Мысалы, 2 бағдаршамда қызыл от шамы күйген кезде 2О релесі тоқсыз болады, ол өз түйіспесімен 4Л желілік релесінің қорегін ағытады (2С сигналдық реле тоқсыз). 4 бағдаршамның желілік релесі өзінің қайталағышы – С сигналдық реленің тізбегі ағытады, сөйтіп қызыл оттың ауысуы жүзеге асып, 4 бағдаршамда сары от орнына қызыл от жанады.

2 бағдаршамда сары немесе жасыл от шамы күйген кезде 2О релесінің түйіспесімен желілік тізбекте тоқ полярлығы өзгереді, бұл жағдайда 4Л релесі кері полярлықта қорек алады, және сәйкесінше 4 бағдаршамда жасыл от орнына сары от жанады.

Пойыз 4П учаскесіне түскен кезде П релесінің түйіспесімен КПТ типті жолдық трансмиттер қосылады және трансмиттерлік реле Т, яғни оның түйіспесі кодтық трансформатордың екінші орамасына қосылады. Релелік соңнан РТ-не 2 бағдаршам көрсеткішіне тәуелді қозғалысқа қарсы З, Ж немесе КЖ кодтары беріледі. 2Т трансмиттерлік реле тізбегіне 2КО оттық релесінің түйіспесі қосылған, оның көмегімен 2 бағдаршамда қызыл от шамы күйген кезде КЖ кодының берілу тізбегін ажыратады, яғни ол пойыз қызыл шамы күйген бағдаршамға жақындаған кезде локомотивтік бағдаршамда қызыл-сары оттың орнына қызыл оттың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Жасыл от шамы күйген кезде рельс тізбегіне З кодының орнына Ж коды беріледі.

А апаттық реленің түйіспесі айнымалы тоқтың бар болуын бақылайды, айнымалы тоқ жоқ кезде КПТ және Т релесін ағытады. Бұл кодтық трансмиттердің түйіспелері тұйықталып қалғанда трансмиттерлік реленің тоққа тұруын болдырмайды, ең негізгісі рельс тізбегінің жалған бос еместігін болдырмайды.

3.2 Жұмысты орындау әдісі

 

3.2.1. Принципиалдық сұлбаға сәйкес стендтегі барлық приборларды табу керек.

3.2.2. Сұлбаның негізгі элементтерін анықтап, төмендегілерді орындау:

- пойыздың аралық арқылы қозғалысы кезіндегі сұлбаның әрбір элементінің атауын түсіндіру. Бұл үшін 2П және 4П тумблерлерінің көмегімен жасанды түрде 2П және 4П блок-учаскелерінің бостығын және бос еместігін жүзеге асыру. Бақылау нәтижелерін 1-кестеге енгізу.

- осы элементтердің қызметін қысқаша есеп беру қағазына жазу.

3.2.3. Блок-учаскелердің бос кезінде сигналдық көрсеткіштердің дұрыстығына көз жеткізу және жасанды түрде тәжірибеде мүмкін болатын келесі ақауларды келтіріп, нәтижелерін 5-кестеге енгізу.

3.2.3.1. Желілік сымның үзілуі (Т4 немесе Т2 тумблерін жоғарғы жағдайға қою).

3.2.3.2. 2 бағдаршамда сары немесе жасыл от шамының күюуі (Т3 тумблерін жоғарғы жағдайға қою).

 

5-кесте.

 

Бақылау нәтижелері

 

Блок- учасклер күйі   2 бағдаршам 4 бағдаршам
Бағдар-шам белгісі Бағдар-шам белгісі
Екі блок-учаске бос (2П және 4П тумблерлерінің төменгі жағдай)                        
4П блок- учаскесі бос емес (тумблер 4П жоғарғы жағдайда)                        
Екі блок-учаске бос емес (2П және 4П тумблерлерінің жоғарғы жағдай)                        

5-кестенің жалғасы

Блок- учасклер күйі   2 бағдаршам 4 бағдаршам
Бағдар-шам белгісі Бағдар-шам белгісі
Үш блок-учаске бос (2П, 4П және 6П тумблерлерінің төменгі жағдай)                        

 

3.2.3.3. 2 бағдаршамда қызыл от шамы күйген. Бұл үшін Т2 тумблер көмегімен бағдаршамда қызыл отты қосу, содан соң Т3 тумблерін жоғарғы жағдайға қою.

3.2.4. 6П учаскесі бос емес кезінде КПТ және трансмиттерлік реле жұмысын зерттеу.

 

6-кесте.

 

Ақауларды бақылау нәтижелері

 

Ақау сипаттамасы 2 бағдаршам 4 бағдаршам
Бағдаршам белгісі Реле Бағдаршам белгісі Реле
П Л С О Л С О
Желілік сымның ақауы                  
Қызыл от шамы күйген                  
Рұқсат етуші от шамы күйген                  

 

7-кесте.

 

Ақауларды бақылау нәтижелері

 

4 бағдаршам белгісі Релелер күйі Кодалардың сигналдық белгісі
Қызыл          
Сары          
Жасыл          
Қызыл от шамы күйген          
Рұқсат етуші от шамы күйген          

3.3 Есеп беру мазмұны

3.3.1. Автоблокировканың қысқаша сипаттамасы.

3.3.2. Оқытушының тапсырмасы бойынша тоқ жүрісі көрсетілген 3 сигналдық нүкте сұлбасы және 2 пункт шартына сәйкес қысқаша түсіндірмелі жұмыстың орындалу әдісі.

3.3.3. Бақылау нәтижелерінің кестесі.

 

3.4 Бақылау сұрақтары

3.4.1. Неліктен С релесінде түсуге баяулату қарастырылған?

3.4.2. Оттық реленің тағайындалуы.

3.4.3. Желілік тізбекте ақау болған кезде АБ сұлбасында қандай өзгеріс болады?

3.4.4. Оқшаулағыш түйіспелердің қысқа тұйықталуы қалай бақыланады және ол не үшін қажет?


№4 зертханалық жұмыс

САНДЫҚ КОДТЫҚ АВТОБЛОКИРОВКАНЫ ЗЕРТТЕУ

 

Жұмыстың мақсаты: айнымалы тоқтағы сандық кодтық автоблокировканы әр түрлі жұмыс режимінде зерттеу және оқып үйрену.

 

4.1 Теориялық мәлімет

 

Айнымалы тоқтағы сандық кодтық автоблокировка айнымалы және тұрақты тоқтағы электрлік тартымды учаскелерде қолданылады.

Сандық кодтық автоблокировкада РТ автоматты локомотивті сигнализация құрылғылары және өтпе бағдаршамдарының арасындағы телемеханикалық байланыс арнасы болып табылады. Импульстер датчигі ретінде кодтық трансмиттер қолданылады. Мұндай жағдайда кодтық қорек әрдайым РТ-нің шығу соңынан пойыз қозғалысына қарама-қарсы беріледі, ал кодтың сигналдық белгісі алда орналасқан бағдаршамның белгісімен байланыстырылған. Онда, аралықтың әрбір бағдаршам белгісі (қызыл, сары, жасыл) үшін кодтық жолдық трансмиттер КЖТ сәйкес кодтық сигнал өндіреді – КЖ, Ж, З. РТ бос емес кезінде кодтар АЛС құрылғыларымен, ал бос кезінде – кодтық импульстерді дешифрациялаушы құрылғыға (релелік-конденсаторлық дешифратор) тасымалдайтын импульстік жолдық релемен қабылданады. Дешифраторды қолдану арнайы байланыс арнасын қолданусыз-ақ, РТ-нің көмегімен өтпе бағдаршамдардың арасын байланыстыруға мүмкіндік береді.

РТ кодтау ТШ-ЗБ типті трансмиттерлік ұяшықтың Т трансмиттерлік релесінің түйіспесі арқылы жүзеге асырылады.

Т релесі КЖТ-нің сәйкес түйіспесі арқылы қорек алады. ТШ-ЗБ ұяшығының ТИ релесі Т релесінің кодтаушы түйіспесін түрлендіргіштен қорғау сұлбасында көмекші ретінде қолданылады.

РТ жіберілетін кодты таңдау бағдаршам белгісіне тәуелді Ж және З релелерінің түйіспесі арқылы жүзеге асырылады.

Сандық кодтық автоблокировканың негізгі элементі болып, РТ-нің бос кезінде импульстік жолдық релемен қабылданатын сигналды кодадан шығаратын дешифратор табылады (1-сурет). Дешифратор шығысына коданың сигналдық белгісіне тәуелді қозатын Ж және З релелері қосылған. КЖ кодасын қабылдау кезінде тек қана Ж релесі қозады, жолдық бағдаршамда сары от жанады, ал бағдаршам алдындағы РТ-не Ж кодасы жіберіледі. Ж және З кодасын қабылдау кезінде Ж және З релелерінің екеуі де қозады да, бағдаршамда жасыл от жанады, ал РТ-не З кодасы жіберіледі.

Дешифратор мұнан басқа импульстік режимдегі жолдық реле жұмысын бақылайды және оқшаулағыш түйіспелерде ақау болғанда жолдық реле көршілес РТ қорек алуы кезінде блок-учаскенің бостығы туралы жалған ақпарат алу мүмкіндігін болдырмайды.

Дешифратор 3 штепсельді блоктан: ДСШ релесінің қорабында орналасқан БС-ДА санаушы және конденцаторлар БК-ДА блогы; НШ релесінің қорабында орналасқан БИ ДА индикация блогынан тұрады.

БС ДА блогы келесі элементтерден тұрады: кодалық цикльде кез келген сигналдық коданың бірінші импульсының келіп түсуін тіркейтін реле санауыш 1; Ж және З кодасында бірінші қысқа интервалды және КЖ кодасында ұзақ интервалды тіркейтін реле санауыш 1А ; және конденсаторлар және резисторларымен бірге ұшқынөшіруші контурды құрайды; Д1 және Д3 диодтары С1 конденсаторының 1 реле-санауышына разрядталу мүмкіндігін болдырмайды; Д2 диоды С3 конденсаторының 1 реле-санауышына разрядын болдырмайды; R1 және R2 резисторлары С1 және С3 конденсаторларының заряд тоғын шектейді; R3 резисторы кодалық циклдің ұзақ интервалында С1 конденсаторының разряд тізбегін орнатады;R4 резисторы Ж релесінің тоқсыз күйінде С1 конденсаторының заряд тоғын шектейді, бұл кездейсоқ бөгеуліктің бір импульсінен Ж релесінің қозуын болдырмайды; R5 резисторы С3 конденсаторының разряд тоғын шектейді, яғни З релесінің якорының түсуге баяулау уақыты артады.

 

 

4-сурет. ДА типті блокты дешифратор сұлбасы

 

БИ-ДА блогының приборлары келесі функцияларды орындайды: ПТР релесі РТ бос емес жағдайында оқшаулағыш түйіспелерінің қысқа тұйықталуы кезінде бағдаршамда қызыл оттың орнына сары оттың жануын болдырмайды; ВР релесі ПРТ релесімен бірігіп оқшаулағыш түйіспелердің кқысқа тұйықталуы кегізінде бағдаршамда сары оттың орнына жасыл оттың жануын болдырмайды және сонымен қатар импулстердің тек осы РТ келіп түсуін бақылайды; конденсатор және резистор ПТР релесінің сұлбасын коммутациялайтын түйіспелерде ұшқын өшіруші контурды қалыптастырады; Д4 және Д7 диодтары ПТР және ВР релелерінің якорларының түсуіне қосымша баяулату жасайды.

БК-ДА блогының приборлары келесі функцияларды орындау үшін арналған: С1 конденцаторы – кодалық импульс моментінде энергия жинақтау үшін және жмнақталған энергиямен Ж релесін қоректендіріп, С2 конденсаторын зарядтау үшін; С2 конденсаторы – С1 конденсаторы сөнген кезде Ж релесін қоректендіру үшін; С3 конденсаторы – кодалық циклдің интервалында З релесін қоректендіру үшін; Rт резисторы БК блогын жылыту үшін қажет.

Кодалық автоблокировкада сандық кодалар датчигі ретінде КЖ ТШ-515 және КЖТШ-715 типті кодалық жолдық трансмиттерлер қолданылады, олар әрбір сигналдық нүктеде кезектестіріледі. Трансмиттерлер құрылымы бойынша бірдей, бірақ кодалық циклдің уақыты бойынша әр түрлі кодалар өндіреді. КЖТШ-515 трансмиттерінің кодалық циклі 1,6сек, ал КЖТШ-715 – 1,9сек тең. Кодалық циклдің уақтының ерекшелігіне байланысты көршілес РТ уақты бойынша ығысқан импульстер жүреді, яғни ол РТ қысқа тұйықталу кезіндегі қауіпті қарсылықтан қорғайды. РТ кодаларды трансмиттерлік реле Т береді. Кеңінен қолданыс тапқан реле типтері ТР – 3В ТШ1 – С5В. Бұл релелердің конструкциясында электрлік ұшқындардан күшейтілген түйіспелер көмегімен қосымша қорғаныс қарастырылған.

КЖ кодасын қабылдау кезінде И релесі қозып, бірінші импульс моментінде 1, ВР релесінің қорегін және С1 конденсаторының заряд тізбегін қосады. 1 релесі якорын тартуы 0,14с баяулатылған, сол моментте С1 конденсаторының зарядталуы жүзеге асады. Ж, Т және ВР релелерінің түйіспесі С1 конденсаторының сұлбасында қорғаныс элементтері болып табылады. 1 релесінің қозуымен С1 конденсаторының заряд тізбегі үзіледі және С1 конденсаторының Ж релесінің орамасы мен С2 конденсаторына разряд тізбегі орнайды. Егер С1 конденсаторы жинақтаған энергия жеткілікті болса, онда Ж релесі якорын тартады. Кодалық импульстің аяқталуымен И релесі тоқсызданады, және КЖ кодасында импульстен кейін ұзақ интервал басталады, 1 және ВР релелері баяулау уақыты біткен соң (0,3с шамасында) якорын түсіреді.

Ж релесі 1 релесі тоқсызданғаннан кейін С2 разряды нәтижесінде якорын ұстап тұрады. И релесі тоқсызданған кезде, ВР релесінің баяулау уақытында 1А релесінің тізбегі орнайды, яғни ол қозып, ВР релесі якорын түсірген соң тоқсызданып, 0,25с уақыттан соң якорын түсіреді. КЖ кодасының келесі импульсінің басталуымен дешифратор жұмысы қайталанады.

С1 тізбегіндегі R1 резистор осы тізбекті тұйықтайтын түйіспелердің қозуынан сақтай отыра заряд және разряд тоғын шектейді. Ж релесінің тоқсыз күйінде С1 конденсаторының заряд тізбегіне жалғанған резистор R4 конденсатор кездейсоқ бір импульс кезінде Ж релесінің қозуын қамтамасыздандыра алмайтын шамаға дейін заряд тоғын төмендетеді, бұл РТ кездейсоқ импульс келіп түскен кезде Ж релесінің қысқа уақытты қозу мүмкіндігін болдырмайды.

Осы мақсатпен С1 конденсаторы 1 және 1А релелері тоқсызданған кезде R4 резисторына тұйықталады және олардың ұзақ тоқсыз тұруы кезінде толығымен разрядталады.

Д1 және Д3 бөлуші диодтар С1 конденсаторының зарядталу сұлбасында R4 резисторы арқылы разряд тізбегін сақтай отыра, оның 1 және ВР релелеріне разрядын болдырмайды.