сипаттамасы

3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық

жауапкершіліктің түрлері

4. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзумен келтірілген

зиянды өтеу

 

1. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік ұғымы және жалпы сипаттамасы

Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн. астам теңге алынады. Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді болмай отыр. Бұл экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік институты теориясы әзірленуі деңгейінің жеткіліксіз болуымен түсіндіріледі.

Осы саладағы жауапкершілік шараларын қолдану, жауапкершілік институты жалпы белгілерінің көп болуымен қатар, ол осы заманғы құқық теориясының нормаларымен реттеле тұрса да, оның өзінің өзгеше сәттері де бар. Олар экологиялық құқықтың айрықшалығымен оның құқықты, оның құрамдас элементтерінің саласы, экологиялық құқық бұзушылықтарының ұғымы мен реттеу әдістерінің объектісі ретіндегі сипаттамасынан туындап отыр.

Жауапкершіліктің экологиялық-құқықтық институтын ғылым мейлінше жеткілікті зерттеген, бірақ Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі кезеңінде қоршаған ортаны қорғау туралы жаңа кодекстер мен заңдардың қабылдануымен ол қосымша зерттеуді қажет етеді.

Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады, ол табиғат болып табылады.

Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін - жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыдан да экологиялық жауапкершілік шараларын ретгейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамаларын және т.б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің қабылдануымен табиғаттың жекелеген объектілер үшін жауапкершілік мәселелері бір нормативтік актіге топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу деп танылады. Бұдан мынаны аңғарған жөн. Экологиялық - құқықтық жауапкершілік - бұл нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық институтының кешенді салааралық институты:

- табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бүзылуы жөнінде туывдайтын;

- құқықты бұзғаны үшін санкцияларды (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық т.с.с.) қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары[1].

Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жаупкершілігінің шараларын қолдана отырып, экологиялық кұқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық жауапкершіліктің табиғатын ашады.

Б.В.Ерофеев мынаны атап көрсетеді: «Заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік "болмысын" үштүрлі, бірақ өзара байланысты мәнінде қарастырған жөн:

1) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік - мемлекеттік мәжбүрлеу және заңмен жазылған талаптарды орындау; 2) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік — құқық қатынасы, ол өзінің органдары атынан мемлекет пен құқық бұзушы арасында туындайтын қорғау қатынастары ауқымында іске асады, ол қолайсыз әрекеті үшін құқықтық санкцияларға ұшырайды; 3) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік — мемлекет пен оның органдарының құқық бұзушыға ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың түрлерін, құралдары мен тәртібін баянды ететін заңдық нормалардың жыинтығы болып табылды[2].

Осы мәндердің әрқайсысының теориялық, үйымдық және күрылымдық сипаты бар.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгілі бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі:

1) құқықнормаларын сақгауға, экологиялық- құқықгық нүскд-малықгарды орындауға ынталандыратын;

2) қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына келтіру;

3) жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту;

4) экологиялық құқық бұзушылықгы жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын жазалау міндеттерін орындайды[3].

Сонымен, жоғарыда айтылған сипаттаманы ескере отырып, мынадай анықтаманы тұжырымдауға болады: экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік институты - кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

2. Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілікке тартудың негізі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі[4].

Бұл анықтамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық - бұл табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды бұзатын құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік.

Қазақстан Республикасының жекелеген табиғат объектілері бойынша қолданыстағы заңнамасында жер, су, орман және т.с.с. құқық бұзушылықтардың тізбесі келтірілген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде оны жинақтайтын экологиялық құқық бұзушылықтардың тізбесі жоқ. Сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтың өзінің ұғымының сипаттамасы да берілмеген. Соған қарамастан, құқық бұзушылықтың өзінің құрамы мен түрлері болады. Экологиялық кодекстің 319-бабы бойынша, экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;

2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

3) экологиялық қылмыстар жатады.

Осы заманғы құқықтың теориясымен мыналар көзделген: құқық бұзушылықтың құрамына субъект, субъективтік жақ, объект, объективтік жақ жатады. Бұл құрамдас бөліктер экологиялық құқық бұзушылыққа да сипатты болады.

Экологиялық құқық бұзушылық субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады.

Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені оларда табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болуы мүмкін.

Табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Қылмыстық заңда көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жауапкершілігі 14 жастан басталуы мүмкін (Мысалы, ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі 187-бабы — "Мемлекет қорғауына алынған табиғи кешендерді немесе объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру". Заңды түлғаларға, экологиялық құқық қатынастарының субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, кооперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен кәсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар рөлін атқарып, экологиялық жауапты болуы мүмкін.

Экологиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықтың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілерінде топыраққа, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі бола алмайтын құқықтар болады, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің меншік құқығы. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-бабында былай делінген: меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріңде көзделген тәртіппен қорғалады.

Су, Орман кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұлар да экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің құқықтарының заңдылығы болып табылады. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 138-бабына сәйкес "өз бетінше басып алынған су обьектілері мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт ішінде Казақстан Республикасының су заңдарының бұзылуынан келтірілген зиян өтеліп, иесіне қайтарылады. Өз бетінше басып алынған су объектілерін қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жоғарыда айтылғанның негізінде мынадай дүрыс қорытынды жасау керек: экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат ортасы, мемлекет, табиғат пайдаланушылар мен табиғат иеленушілердің мүддесі танылады.

Бұл құқық бұзудың объективті жағы кінәлі адамның құкыққа карсы әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде объективтік жағына пәрменді әрекеттер жататын баптар бар – бұл 288-бап - "Заңсыз аңшылық", 287-бап — "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау", "Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әректтер" - 290-бап және т.б. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық құқық бұзушылықтар көзделген, олардың объективтік жағы әрекетсіздік болып табылады: қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіру және табиғи ресурстарды молайту жөнінде шаралар қабылдамау; қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс шығарулары мен тастандылары және басқа да зиянды авариялық ыкпалдары туралы хабарламау; мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарын орындамау. Мысалы, ҚР ҚК-нің "Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау"— 294-бап.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне қатысымен сипатталады. Экологиялық жауапкершіліктің міндетті факторы құқық бұзушының кінәсі болып табылады. Мұнда да қолданыстағы заңнама кінәнің екі нысанын— қасақана және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны үғынып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей қасақаналықты қарастырамыз. Егер кінәлі адам келеңсіз салдарлардың басталуына жол беретін болса, оның құқыққа қарсы әрекеттерінде жанама қасақаналық көрініс береді.

Абайсыздық дегеніміз кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиіс болған, бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді. Мысалы, отқа немесе аса кауіптің шығу көзіне ұқыпсыз қараудың нөтижесінде орман алқаптарын абайсызда жою немесе зақымдау.

Экологиялық жауапкершілік шараларын қолдану үшін экологиялық құқық бұзушылықтың барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға:

1) Жер құқық бұзушылығы;

2) Су құқық бұзушылығы;

3) Орман құқық бұзушылығы;

4) Тау-кен құқық бұзушылығы;

5) Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі кұқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары);

6) Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.

Экологиялық құқық бұзушылық түрлерінің әркайсысына жер, су, орман және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады, олардың тізбесі табиғаттың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі. Бұл ретте, экологиялық құқық бұзушылықтың бір-бірінен өзгеше ерекшеліктері болады, олар туралы объектілердің құқық бұзушылықтарын талдау кезінде төменде айтылатын болады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;

2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

3) экологиялық қылмыстар жатады (Экологиялық кодекстің 319-бабы).

Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бұзушылық экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Басқа құқық бұзушылықтардан өзгеше экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшелігі табиғатқа келтірілетін зиян фактісінің болуы не оның басталуының нақты қаупі болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылықтың сипаттамасына мүндай көзқарасты көптеген ғалым-экологтар қостайды. Бірақ бұл орайда, біздің ойымызша, егер олар табиғатқа зиян келтіру фактісімен байланысты болмаса, экологиялық құқық бұзушылықтардан табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңды бұзуды бөліп қараған кезде кате қорытынды жасайды. Мысалы, "табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу" (ҚР ҚК-нің 225-бабы) сияқты қылмысты экологиялық қылмысқа жатқызбайды, өйткені табиғат объектісі ретінде суға зиян келтірмейді. Осыны табиғат объектілеріне — сату-сатып алуға, сыйга тартуға және т.б. мемлекттік меншік құқығын бүзатын мәмілелер туралы да айтуға болады — өйткені бұл арада да табиғатқа зиян келтіру болмайды.

Біздің ойымызша, зиян ұғымын түсініп алу керек. Табиғатқа келтірілетін зиян бірнеше мағынада түсіндірілуі мүмкін. Мысалы, Бекішеваның С.Д. пікірі бойынша, экологиялық зиянды объектілер бойынша қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтірілген зиян деп топтастыруға болады[5].

Қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян мына жағдайларда:

— табиғат ортасының қоршаған ортасының ластануы кезінде;

— қоршаған табиғат ортасының былғанып қалуы кезінде;

— табиғи ресурстардың таусылуы кезінде;

— табиғат объектілерінің жойылуы, бұзылуы, зақымдануы кезінде;

— экологиялық байланыстардың бұзылуы, табиғи ортадағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы кезінде пайда болады.

Жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтірілген зиянды экономикалық зиян және антропогендік зиян деп бөлуге болады.

Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің мүліктік құқықтары мен мүдделеріне қол сұғады. Ол мыналардан:

— табиғаттың тауарлы өнімінің ысырабынан;

— мүліктің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің астық түсімінің бұзылуынан, жоғалуынан;

— пайдаланылмаған шығындардан, айырылып қалған пайдадан;

— табиғат ортасының бұзылған жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған шығыстардан көрінеді.

Антропогендік зиян — бұл адамның өзін қоршаған ортаның сапасының нашарлауы нәтижесінде оған келтірілген зиян. Яғни бұл адам денсаулығына келтірілген зиян[6].

Сөйтіп, экологиялық құқықтың теориясында зиянды табиғаттың экологиялық және экономикалық зиянына бөліп топтастыруы бар. Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың мүліктік мүдделерін қозғайды және материалдық көрінісін білдіреді. Мұндай зиянды қалпына келтіру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне сәйкес жүргізіледі.

Экологиялық зиян табиғаттың өзінің жай-күйін қозғайды. Ол материалдық көрінісін білдірмейді, өйткені табиғат пен табиғат объектілерінің өз болмысында құны болмайды. Экологиялық зиянды қалпына келтіру ақша қаражаттары арқылы емес, керісінше табиғи объектіні заттай қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу арқылы мүмкін болады.

Екінші жағынан табиғаттың өзіне зиян келтіре алмайды. Экологиялық қатынастар тек табиғатты қорғау тұрғысында ғана емес, сонымен бірге оны пайдалану мәселелері бойынша да туындайды. Демек, мемлекеттің рұқсатымен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделері де экологиялық құқықтың нормаларымен қорғалуға тиіс. Сондықтан экологиялық кұқықтың бұзылуынан келтірілетін зиян табиғи ресурстарының меншік иесі ретінде табиғат пайдаланушыларының мүдделері мен мемлекетке келтірілуі мүмкін.

Сонымен, табиғат ортасына келтірілген зиян экологиялық құқық бұзушылық деген сөз емес. Оның үстіне табиғи ортаның ластануымен табиғатқа келтірілетін зиян бірнеше жыл немесе ондаған жылдар өткен соң білінуі мүмкін. Экологиялық зиянның ошағы қоршаған ортаның ластану аумағынан едәуір алыста болуы мүмкін. Бұдан мынаны айтқан жөн: тек табиғатқа қана емес, сондай-ақ табиғи ресурстарының меншік иесі ретінде табиғат пайдаланнушылары мен иеленушілерінің мүдделері мен мемлекетке келтірілген зиян экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшелігі болып табылады.

3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық

жауапкершіліктің түрлері

Казақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 320-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Қоғамдық қауіптілік деңгейіне, субъектілер мен объектілерге, басқа да белгілеріне қарай экологиялық заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік түрлерге бөлінеді, оларға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтар табиғат қорғау заңдарын бұзғаны және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін заңмен белгіленген тәртіптік, материалдық, әкімшілік не оған нақты қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапты болады.

Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық кылмыс деп Казақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық кауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін елеулі зиян келтіруді ұғыну керек[7]. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауапкершілікке жауапты болады.

ҚР ҚК-нің 11 тарауына - "Экологиялық қылмыстарға" 18 экологиялық қылмыстың құрамы енгізілген.

Қылмыстар құрамына жатқызылатын экологиялық қылмыстар түрлері ҚР ҚК-нің басқа тарауларына кіргізілген. Олар:

161-бап —"Экоцид"

244- бап - "Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу"

247- бап - "Радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу"

249- бап - "Радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу ережелерін бұзу".

Экологиялық қылмыстар субъектілері азаматтар, сондай-ақ, бірақ барлығы да 16 жасқа толған лауазымды адамдар болуы мүмкін. Бірқатар қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік кінәлі адамға бұрын әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған кінәлі адамға қолдануды көздейді.

Экологиялық қылмыстар объектісі табиғат объектілері мен ресурстарының сапасы, мемлекеттің экологиялық кауіпсіздігі, адам денсаулығы болып табылады. Экологиялық қылмыстардың мәні тұтастай алғанда немесе нақты табиғи ресурстардың сапасы немесе қоршаған орта болады. Сондықтан экологиялық қылмыстарды топтастыруға болады.

1. Объектісі қоршаған орта болатын қылмыстар. Мұнда экоцид үшін жауапкершілікті реттейтін бапты ерекше атауға болады, одан қоршаған орта үшін және адамның өзінің тіршілік етуі үшін қайталанбас зардаптарға жеткізетін табиғат ортасына қылмыстық (зиянкестік) ықпал түсініледі.

2. Объектісі жекелеген табиғи ресурстар — жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа болатын қылмыс.

3. Табиғат ресурстары меншік иесінің немесе табиғат пайдаланушыларының меншік иесінің меншік құқығы мен өзге де мүліктік құқығына қарсы қылмыстар. Бұл жерде 284-бапты - "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуын" атауға болады.

4. Белгіленген экологиялық, шаруашылық, ветеринарлық өзге де талаптарды бұзатын қылмыстар, оларды орындамау қоршаған ортаға ықпал жасауы мүмкін.

Объективтік жағынан экологиялық қылмыстар әрекет нысанында, сондай-ақ әрекетсіздік нысаныңда көрінуі мүмкін. Субъективтік жағынан жанама ниет және абайсыздық нысанында білдіріледі.

Экологиялық қылмыстарды жасағаны үшін ҚР-ның Қылмыстық Кодексі жазалаулардың мына түрлерін көздейді: айыппұл салу; белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; түзеу жүмыстары; бас бостандығын шектеу, қамау; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік теріс қылық жасау болып табылады. Қолданыстағы заңнама бойынша КР-ның "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес мынадай әкімшілік жазалары көзделген: ескерту жасау; әкімшілік айыппұл салу; әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою; әкімшілік құқық бұзушылықгы жасау қүралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу; белгілі бір азаматка берілген арнаулы құқықтан айыру; түзеу жұмыстары; әкімшілік қамау.

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған азаматтар мен лауазымды адамдар, сондай-ақ заңды тұлғалар тартылады.

ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 19-тарауына 240-306-баптар аралығындағы қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтары кіргізілген. Баптар табиғат объектілері бойынша бөлінген:

— атмосфералық ауаны қорғау (243-249-баптар);

— жерді қорғау мен пайдалану (250-258-баптар);

— жер қойнауын қорғау мен пайдалану (259-275-баптар);

— суды қорғау мен пайдалану (276-281-баптар);

— орманды қорғау мен пайдалану (282-294-баптар);

— жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану (295-299-баптар);

— кұрлықтағы шельфті қорғау мен пайдалану (301-306-баптар);

— қоршаған табиғат ортасымен байланысты қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар (240, 241, 245-баптар).

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекетік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі және т.б.) қарайды.

Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өздерінің еңбек міндеттемелері мен қызметінен туындайтын табиғат қорғау заңын бұзуға, қызмет жағдайын, қоршаған табиғат ортасын және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі жоспарлар мен шараларды орындамауда кінәлі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары еңбек, өндірістік және технологиялық тәртіпті реттейтін ҚР Еңбек кодексіне, ережелеріне, жарғыларға, ішкі еңбек реті ережелеріне және басқа да нормативтік акілерге сәйкес тәртіпті жауапты болады. Тәртіптік жазаны көсіпорынның немесе мекеменің әкімшілігі қолданады және бұйрықпен ресімделеді.

Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға: ескерту жасауға; сөгіс беруге; қатаң сөгіс беруге; жұмыс берушінің бастамашьшығы бойынша жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.

Егер қызметкердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде кәсіпорынға материалдық зиян келтірілетін болса, онда қызметкерге тәртіптік жауапкершіліктен басқа тағы да материалдық жауапкершілік жүктеледі. Материалдық жауапкершіліктің мәні қызметкердің міндетіне оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеуде болып табылады. Қызметкердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде аса кеңінен таралған қосымша жағдайлармен қоршаған ортаға өндіріс пен тұтыну қалдықтарының шығарындысын тастауы болады. Кәсіпорын табиғатқа келтірілген нұқсанды өтегеннен кейін қызметкер өзінің жалақысынан кәсіпорынға келтірілген зиянды төлейді. Заңнамада қызметкердің толық материалдық жауапты болуы кезіндегі негіздер көзделген.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық нұқсан өтелген жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда табиғатқа келтірілген нұқсанның материалдық сыйақысы болуға тиіс, мұның өзі табиғаттың, ауаның, судың, орманның және т.б. ластануымен келтірілген нұқсанды есептеген кезде барлық ретте мүмкін бола бермейді. Осыған байланысты заңнамамен азамат немесе заңды тұлға келтірген нұқсанды есептеудің екі ұдайы тетігі қолданылады. Бірінші жағдайда, экологиялық заңды бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілік тіркелген ақша төлемдері, арнаулы нақты түр немесе табиғат кешенінің объектісі үшін арнаулы кесімді баға нысанында белгіленеді. Бұл кесімді бағалар Қазақстан Республикасында жер бетіндегі жануарларға, ормандарға, балықтарға қатысты белгіленген. Екінші жағдайда, нұқсан Азаматтық заңның жалпы негіздері бойынша есептеледі, ҚР-ның Азаматтық Кодексіне және заңға бағынышты актілерге сәйкес есептеледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу ерікті түрде не соттың немесе төрелік соттың шешімі бойынша белгіленген тәртіппен нұқсанды есептеудің бекітілген кесімді бағасы мен әдістемесіне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда, келтірілген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындар бойынша жүргізіледі.

4. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзумен келтірілген зиянды өтеу

Тәуелділіктен тыс, кінәлі адам қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады, оған табиғат ортасына немесе табиғи ресурсқа келтірілген нұқсанды өтеуге уәде етушілік түрінде жаза қолданылады. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген нұқсанды өтеу мәселелері азаматтық құқықтың "өтеу" институтынан және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы негіздері бойынша реттеуден бастау алады, КР-ның АК—нің 917-бабына сәйкес былай делінген: азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз әрекеттермен келтірілген мүліктік және мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.

Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті. Мыналардың:

1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;

2) табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың;

3) қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың;

4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі осы Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.

Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.

Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян
келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.

Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін.

Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі.

Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.

Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2005.

2. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, 2003.

3. Кушумбаев А.А. Экологическое право Республики Казахстан: Учеб.пособие для студ.вузов,обучающихся на юрид.фак./ Кушумбаев А.А. - Астана: Фолиант, 2001. - 329с.

4. Петров В.В. Экологическое право России. – М., 1995.

Қосымша әдебиеттер:

1. Абдраимов Б. Возмещение экологического вреда по законодательству Республики Казахстан/ Абдраимов Б., Жарылкасын Е. - Алматы: Юрист, 2001. - 80с.

2. Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. - Алматы: Юрист, 2001. - 111 б.

3. Еркинбаева Л.К. Правовое регулирование возмещения вреда земле. Автореферат диссертации на соискание ученой степени к.ю.н.- Алматы, 1995г.

4. Абдукаримова Ж. Некоторые вопросы юридической ответственности за нарушение законодательства в области охраны окружающей среды в неблагополучных экологических зонах //Мир Закона. - 2003. - N8. - С.27-29

5. Баимбетов Н. Порядок применения санкций, ограничивающих хозяйственную и иную деятельность природопользователей //Де-Юре. - 2006. - №11. - С.6-9

6. Быстров Г.Е. Правовые проблемы земельной и аграрной реформ в зарубежных странах: теория, практика, опыт, перспективы. – Минск: БГЭУ,2001.

7. Ильясова М.Т. Понятие и способы возмещения вреда по экологическому законодательству //КарГУ.Табиғи құқық және ұлттық заңнама=Естественное право и национальное законодательство. - 2003. - С.123-127

8. Медетбекова Г.Т. Экологиялық құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің кейбір аспектілері //ҚазҰУ хабаршысы: Заң сер. - 2005. - №1. - 84-89 б.

9. Мисник Г.А. Субъективные экологические права //Государство и право. - 2004. - N12. - С.18-25

10. Культелеев С. Т. Правовые проблемы экологии РК. // Право и государство, - 1997. - №5.

 

Нормативтік-құқықтық актілер:

2. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 9.01.2007 ж. // "Егемен Қазақстан", 2007 жылғы 19 қаңтар, N 12-13.

3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16.07.1997 ж.

4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001 ж.

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 27.12.1994 ж.

 


[1] В. В. Петров. Экология и право. - М., 1981. - С.215.

[2] Б. В. Ерофеев. Экологическое право. - М., 1998. С. 310.

[3] Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, 2003. – С.277.

[4] В. В. Петров. Экология и право. - М.,1981. –С.145-147.

[5] Байдильдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, 2004. – С.174.

[6] Бринчук М.М. Экологическое право – М., 1998. – С.494.

[7] Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. - Алматы, 2000. – 578 б.