мен жалпы сипаттамасы

2. Қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау мен

қаржыландыру

3. Экологиялық төлемдер

4. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздері

5. Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері

1. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің ұғымы мен жалпы сипаттамасы

Қазақстанның нарықтық қатынастарының қалыптасуы мен тығыз ұштасуы жағдайларында дүниежүзілік экономикаға ықпал етудің экономикалық әдістеріне негізделген шешімдер қабылдау талап етіледі. Мысалы, табиғат пайдаланудың тұрақты экологиялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экономиканың ықпалын азайту арқылы ресурстық- экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру жолымен барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу кджет.

Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің мақсаттары төлемдер жүйесін қалыптастыру мен табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдаланудың тұрақты экономикалық негізін құру, сондай-ақ мемлекеттің мүдделері мен табиғат пайдаланушылардың мүдделерін экономикалық жағынан қорғау болып табылады.

Экономикалық әдістер мыналарға бағытталған: шаруашылық қызметінің субъектілері материалдық шығынды анықтау арқылы өзінің шаруашылық қызметінде қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүдделі болуы керек. Сөйтіп, экологиялық қатынастар субъектілеріне ықпал етудің экономикалық әдістерінің жүйесі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыруға жәрдемдеседі. Осы көзқарасты сондай-ақ Б.В.Ерофеев те ұстанып отыр, ол былай деп есептейді: "Қоршаған ортаны экономикалық жағынан реттеу заңның экологиялық талаптарын сақтауда экономикалық мүддені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады"[1].

Табиғат қорғау қызметінің тиімділігі қаржы ынталылығын жасаумен анықталады, ал табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау шаралары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жүргізуге ынталандырудың өзі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың көмегімен жүргізілуге тиіс.

Экономикалық тетік ұғымына келетін болсақ, М. М. Бринчук былай деп есептейді: "Табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегенннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың заңда көзделген экономикалық шараларды қамтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады"[2]. Сондай-ак, инновацияларды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды енгізу, неғұрлым тиімді, алдыңғы технологияны дамыту мен енгізу.

В. В. Петровтың пікірі бойынша, экономикалық тетіктің кұрамына тұрақты жұмыс істейтін институттар, оларсыз калыпты қызмет атқара алмайды, сондай-ақ нарықтық қатынастарға көшетін катынастар негізінде пайда болған жаңа институттар жатады[3]. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес, табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сипаттамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді.

ҚР Экологиялық кодексінің 95-бабына сәйкес, мыналар:

1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;

3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату;

6) экологиялық сақтандыру;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.

Экономикалық тетіктің рөлі ең алдымен мынамен анықталады: ол табиғатты және қоршаған ортаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет осы тетікке жататын барлық экономикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:

1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;

2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;

3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;

4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;

5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;

6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;

8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады.

Экономикалық шаралар мен оның әдістері салалық табиғи ресурстар актілерінде де көзделген. Мысалы, ҚР-ның 2003 жыл-ғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 104-бабына сәйкес, орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық қағидалары мен әдістері:

1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру іс-шараларын жоспарлау;

2) мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыру;

3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиетгерін ақылы түрде пайдалану;

4) ерекше қорғалатын орман аумақгарын ақылы түрде пайдалану;

5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңірлерді ұлғайтуды ынталандыру;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушілердің және орман пайдаланушылардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.

ҚР-ның Су кодексінің 132-бабына сәйкес, экономикалық реттеудің негізгі түрлері:

1) су пайдаланушыдан Казақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;

2) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру;

3) Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтауға қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерін енгізу және игеруі, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі баска да тиімді шараларды жүзеге асыруы кезінде оларға кредиттік және өзге де жеңілдіктер беру;

4) қоғамдық қорлар қүру және оларды су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау үшін пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде экономикалық шаралар рөлін сипаттаған кезде мынаны атап көрсету керек: табиғат қорғау қызметін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері бір-біріне баламалы болып табылмайды. Керісінше, олар бір-бірін толықтырады және табиғат қорғау қызметімен басқарудың әкімшілік және экономикалык әдістерін қолдануды оларды оңтайлы ұштастыру бағытында реттеудің маңызы зор.

Экономикалық тетіктің ынталандырушылық қызметі олардың атына қойылған экономикалық заңның талаптарын табиғат пайдалаушылардың ынталылығы жағдайын жасауда болып табылады.

ҚР-ның Экологиялық кодексінінң 103-бабына сөйкес, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды тиiмдi жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақының шектi ставкаларын бекiтуi мүмкiн.

Сонымен бірге экономикалық ынталандыру шаралары салалық нормативтік-құқықтық актілерде де көзделуі мүмкін. Мысалы, ҚР-ның Орман кодексінің 106-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының орманды аумағын арттыруды экономикалық жағынан ынталандыру мыналар арқылы:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес босалқы жерлерден ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер бөлу;

2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсіруді ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман мелиорациялық және өзге де қорғаншылық екпелер жасау;

3) Қазақстан Республикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнімі жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;

4) селекциялық-гендік негіздегі түқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндіру мен қолдануды ынталандыру;

5) орман шаруашьшығына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылады.

Сайып келгенде қоршаған ортаны қорғау тетігі міндетінің мәні мынада болып табылады: экономикалық шаралардың көмегімен экологиялық заңмен және басқа да нормативтік-кұқықгық актілермен анықталатын мемлекеттің экологиялық саясаты мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұл міндет экономикалық тетіктің жекелеген элементгері неғұрлым оңтайлы реттеліп, іске асырылатын болса, соғұрлым табысты шешілетін болады.

2. Қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау мен қаржыландыру

Республика әлеуметтік және экономикалық процестердің дамуы мен күшеюі жүріп жатқан қазіргі кезеңде қоршаған ортаға антропогендік ыкпалдың келеңсіз зардаптарын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін табиғат ресурстарын пайдалануда салақтықка жол бермейтін жоспарлау, сондай-ақ қатынастардың қарастырылып отырған саласында құқықтық талаптардың негізгі кепілдіктерінің бірі болып табылатын қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігіне қол жететін болады.

ҚР-ның Экологиялық кодексінің 98-бабына сәйкес, әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.

Жоспарлау процесі экономикалық қажеттіктері мен қоршаған ортаның жай-күйі және оның компоненттері арасындағы оңтайлы ара қатыстылығының үйлесімін қамтамасыз ететін экологиялық болжамдардың алдағы әзірленуі үшін сапалық сипаттамалары мен көрсеткіштерінің болуын көздейді.

Қазіргі кезде табиғи ресурстарды пайдаланатын салалық ведомстволар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелері мен қоғамдық табиғат қорғау ұйымдары арасындағы өзара нашар байланысы сияқты факторлар, ғылыми-негізделген экологиялық көрсеткіштер жүйесінің шектеліп әзірленуі қоршаған ортаны жоспарлау процесіне келеңсіз ықпал етуі мүмкін. Осының салдарынан бұл саладағы қазіргі таңда неғұрлым болашағы бар бағыттар мыналар болып табылады: жоспарлаудың ғылыми негізділігін жақсарту, әр түрлі ведомстволардың жоспарланған шараларын іске асыру процесіне ғылыми-зертгеу және мамандандырылған қоғамдық ұйымдардың белсенді түрде қатысуы, оларды іске асырудың кешенді-мақсатты бағдарламалары мен құқықтық кепілдіктерін бекіту, Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялары мен тұжырымдамалары бар осы бағдарламалардың өзара іс-қимылын анықтайтын айқын құқықтық ережелерін әзірлеу, мұның өзін өз кезегінде қарастырылып отырған саладағы салааралық мүдделерді келісуді және үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша экологиялық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеу мен іске асыру саласындағы мемлекеттік органдардың тұжырымдамасы ҚР-ның Экологиялық кодексінің 10-тарауында баянды етілген. Мысалы, ҚР-ның үкіметі мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды әзірлейді және оларды ҚР Президентіне бекітуге ұсынады, шараларды табиғат қорғау шараларына жаткызу тәртібін белгілейді, шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жатқызу ережелерін бекітеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы біріыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міңдеттерді шешу үшін мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастырады, жергілікті маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың бағдарламаларымен жоспарларын келіседі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың тізбесін әзірлеп, бекітеді.

Облыстардың жергілікті өкілді органдары (республикалық маңызы бар қалалар, астана) экологиялық кауіпсіздіктің тактикалық міндеттерін шешу үшін бағдарламалар мен тиісті аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі шаралардың тізбесін бекітеді, ал облыстардың жергілікті атқарушы органдары (республикалык, маңызы бар қалалар, астана) аталған өкілді органдардың бекітуіне облыстың қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен келісілген қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі шараларды көздейтін бағдарламалар мен өзге де құжаттарды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастырады және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды тікелей шараларды жүргізеді.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды жоспарлау ұзақ болашақка есептеліп жүргізіледі және мүндай жоспарлау неғұрлым егжей-тегжейлі әрі айқын тәртіптеуді қажет етеді, оның болмауы табиғатты кұқықтық қорғау проблемаларын әдістемелік жағынан негізделген, бәрін қамтитын шешімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Осымен байланысты қоршаған ортаның жай-күйі туралы бастапқы материалды жинауды, талдау мен ғылыми жинақтауды одан әрі жетілдіру қажет, сондай-ақ болашақтағы және ағымдағы тиісті жобаларды жасау үшін негіз болып табылатын көрсеткіштер жүйесін әзірлеудің және одан әрі дамытудың зор маңызы бар.

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсанда N 1278 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" Бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздігі Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі шаралары Жоспарының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуді, Қазақстанның қазіргі бар барлық экологиялық проблемаларын талдауды және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың жүйесін оңтайландыруды қоса алғанда, оларды шешу жөніндегі кешенді шараларды әзірлеуді көздейді.

Бұл Бағдарлама қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, экологиялық ахуалды одан әрі нашарлату мен Казақстан Республикасы халқының денсаулығына ыкпалының нақты және әлуетті қатерін болдырмау жөніндегі міндеттерін шешу үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Сондай-ақ, Бағдарлама табиғат жүйелерінің азғындау қарқынын баяулату жөне экологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін тиімді тетіктер мен шараларды жасау жөніндегі кешенді шаралар жүргізуге бағдарланған, өйткені бүгінгі күні елдің аса өткір экологиялық проблемалары ауа райы мен озон қабатының өзгеруімен байланысты биоэкологиялық әралуандықтың қысқаруы, шөлейттену, топырақ бетінің, судың, ауаның ластануы, калдықтардың жиналуы және басқалары болып табылады.

Нақты іс-қимылдардың тиімділігі шешуші дәрежеде экологиялық-экономикалық проблемаларды кешенді шешуге бағытталған басқару жүйесінің дайындылығымен, қажетті заңдық және нормативтік-әдістемелік базаның, экономикалық және қаржы тұтқалары мен табиғат қорғау жұмысындағы ынталандырудың болуымен анықталады. Қоршаған ортаны қорғаудың мақсатына ауа бассейнін ластайтын заттардың, соның ішінде парник газдары мен озонды бұзатын заттар, ластанулар тастандылары көлемдерінің су көздеріне түсуі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары жиналуының қарқынын төмендету және басқаларының шығарындыларын тұрақтандыруға бағытталған іс-қимылдарды іске асыру арқылы қол жеткізуге болады.

Осы Бағдарламада ұсынылған шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде қоршаған ортаның сапасын түрақтандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін жағдайлар жасалатын болады, соған сәйкес экологиялық ахуалды одан әрі нашарлату мен Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына ықпалының нақты және әлуетті қатері жойылатын болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың іске асырылуына қарай елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және экологиялық қайта кұруларды, сондай-ақ денсаулық пен қоршаған ортаның жекелеген сапаларының өзгерістерін ескере отырып, оларды түзету керек. Халықтың денсаулығын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуы принциптері негізінде салауатты қоршаған ортаны жасау мақсатында ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы N 878 Қаулысымен бекітілген Қазақ-стан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі іс-қимылдардың Ұлттық жоспары әзірленді, өйткені республика халқының денсаулығы адамның мекендеу ортасына мейлінше қолайсыз әсер ететін экологиялық, әлеуметтік және шаруашылық себептердің жиынтығымен барынша тығыз байланысты болады.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі іс-қимылдардың Ұлттық жоспары шаралардың жиынтығын көздейді, оларды іске асыру орташа мерзімдік болашақта сапалық көрсеткіштердің оңтайлы көрсеткіштеріне жақын келетін еліміз халқының денсаулығын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл Бағдарламаның негізгі мақсаттары: қоршаған табиғат пен өндірістік ортаны жақсарту, денсаулықты сақтау мен халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы, халықты тәрбиелеу мен оларға білім беру.

Сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауды республикалық және өңірлік жоспарлауларға бөлуге болады. Өңірлік жоспарға облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларын жатқызуға болады, оларда әдетте "Табиғат пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау" бөлімі көзделеді.

Сонымен бірге жоспарлауды табиғат объектілері бойынша: жерді, орманды, суды және т.б. пайдалану мен қорғау саласындағы жоспарлау деп топтастыруға да болады. Мысалы, ҚР Су кодексінің 8-тарауы — "Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлау" су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың міндеттерін, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемаларын әзірлеуді, сондай-ақ оларды пайдалану болжамын көздейді. Мысалы, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың міндеттері: халықтың ауыз су мен тұрмыстық қажеттерінің бірінші кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негізделген түрде бөлуді қамтамасыз ету; сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлау үшін су шаруашылығы баланстары жасалады (су объектілерінің бассейндері, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша су ресурстарының болуын және оларды пайдалану мүмкіндігін бағалауға арналған), су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзірленеді.

Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемаларын су қорын пайдалану қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.

КР-ның Орман кодексінің 108-бабында — "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауда" былай деп атап көрсетілген: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру жөніндегі іс-шараларды ағымдағы және перспективалық жоспарлау, бағдарламалар, мен орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттары негізінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларына енгізіледі.

Осыған ұқсас баптар басқа да салалалық экологиялық заңдарда да бар.

ҚР-ның Экологиялық кодексінің 97-бабына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгiлi бiр аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгiзiледi.

Өңiрлiк экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекiтiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.

Экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргiзiлуi мүмкiн, оларды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында табиғат қорғау шараларын қаржыландыру елеулі өзгерістерге ұшырады жөне бұл, бірінші кезекте, қаржыландыру көздері санының артуымен байланысты болды (бұрын негізгі көздері мемлекеттік бюджет пен табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың қаражаттары болатын). Мысалы, «Жаңа астана» Астананы дамытудың жобаларын іске асыру, оның инфракұрылымы мен экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ҚР-ның Үкіметі өзінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 171 Қаулысымен Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкінің жеңілдікті қарыздары мен коммерциялық кредиттері есебінен қаржыландыруға үсынылған басым жобаларыынң Тізбесін бекітті. Табиғат қорғау жобаларына солардан мыналарды :

— халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға көліктің келеңсіз ықпалын азайтуды;

— экологиялық ахуалды, атмосфераны және су ресурстарын жақсартуды;

— сумен жабдықтауды және ауыз сумен жабдықтау жүйесін жақсартуды;

— автомобиль даңғыл жолдары бойында санитарлық- қорғаныш орман аймағын жасауды;

— қаланың энергия жүйесін жаңғырту мен дамыту арқылы қоршаған ортаға келеңсіз ықпалды азайту есебінен экологиялық ықпалды жақсартуды және басқаларын жатқызуға болады.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қаржыландыру көздері: шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары, тартылған инвестициялар (соның ішінде шетелдің инвестициялары), мамандандырылған қорлардың қаражаттары, халықаралық гранттар, донор-елдер мен халықаралық ұйымдардың каражаттары және басқалары болуы мүмкін.

Табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды қаржыландырудың тәртібі салалық экологиялық-құқықтық актілерде көзделген.

2003 жылғы 8 шілдедегі ҚР-ның Орман кодексінің 18-тарауында — "Орман шаруашылығын қаржыландыруға" сәйкес мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) орман мекемелерінің ақылы қызметтері мен тауарлар өткізуінен түскен қаражаты;

3) орман пайдаланушылардың қаражаты;

4) жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырмалдықтары;

5) Қазақстан Республикасының зандарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүргізіледі.

Бюджет қаражатынан:

1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мориторингі;

2) ормандарды өрттен күзету орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;

3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстары;

4) орман селекциясы және тұқым шаруашьшығы, соның ішінде тұрақты орман тұқымы базасын кдлыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;

5) орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларын орман патоэкологиялық қадағалау және оларға қарсы күрес;

6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшін мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

7) орман пайдалануға рұқсаттама қүжаттарын дайындау;

8) уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзырындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі: орман-дарды рұқсатсыз кесуден сақтау, ормандарды молықтыру мен өсіру, орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және олар-ды күтіп ұстау, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспе ағаш айма-ғын бөліп беружәне оларды мөлшерлеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.

Орман мекемелері жеке және заңды тұлғаларға отырғызылатын материалдар өсіру мен орман түқымдарын жинау, көгалдандыратын өзге де екпелер жасау, орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткізу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнінде ақылы қызметтер көрсетуден, ормандарды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу және санитарлық ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде алынған өнімдерді өткізуден қаражатқа ие болуы мүмкін. Орман мекемелерінің қаражатының кұрылу және пайдалану тәртібі КР-ның 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1003 Қаулысымен бекітілген.

ҚР-ның 2003 жылғы 30 шілдедегі Су кодексінің 135-бабының 2-тармағына сәйкес, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнндегі инсвестициялық саясаттың негізгі қағидалары:

1) қайтарымды негізде орталықтандырылған инвестициялардың есебінен су саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;

2) инвестициялық су шаруашылығы қызметінде пайдалану үшін ұйымдардың өз көздерінің рөлін арттыруды ынталандыру;

3) қарыздарды, оның ішінде мемлекет кепілдіктерін тарту практикасын кеңейту;

4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттік бақылау болып табылады.

ҚР-ның 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593-ІІ "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 47-бабы бойынша: "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға" сәйкес іс-шараларды мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыру Казақстан Республикасының бюджет заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бекітіліп берілген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі іс-шараларды каржыландыру аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының қаражаты есебінен жүргізіледі Сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкін.

ҚР-ның 7 шілде 2006 жылғы "Ерекше қорғала-тын табиғи аумақгар туралы" 38-бабына сәйкес, табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимiнiң түрлерiне байланысты олардың негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:

1) жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерiн туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде:

- туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiк тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, жолдарды (ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа) орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету; туристiк құрал-жабдықтар беру;

- әуесқойлық (спорттық) аң және балық аулауды өткiзу

- мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру;

- пайдалануға берiлген аумақтар мен объектiлердi санитарлық тазарту және абаттандыру жөнiнде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргiзу жөнiнде қызметтер;

- қоғамдық тамақтандыру объектiлерi үшiн өнiм өндiру жөнiнде қызметтер;

- көлiк қызметтерiн көрсету;

2) шектеулi шаруашылық қызметiнен, соның iшiнде:

- кәдесый өнiмдерiн өндiруден;

- аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесiлген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректi өңдеу өнiмдерiн өткiзуден;

- жанама орман пайдаланудан және оны өңдеу өнiмдерiнен;

- елдi мекендердi көгалдандыру үшiн көшет материалын өсiруден түсетiн табыстар;

- шектеулi шаруашылық қызметi тауарларын өткiзуден, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан;

- балық шабақтарын өсiруден;

- жеке және заңды тұлғалармен туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiм өндiруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы;

4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар;

5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары есебiнен құралады.

Экологиялық төлемдерді жинау мен салық органдарының қаржы қаражаттарын жұмсауының қазіргі орталықтандырылған жүйесі қаражаттарды жинау тұрғысында қоршаған ортаны қорғаудың бұрынғы мақсатты қорларымен салыстырғанда неғұрлым тиімді жүйе ретінде бағаланады. Сонымен бір мезгілде жергілікті бюджетке экологиялық төлемдер ретінде түсетін қаражаттардың ең аз пайызы табиғат қорғау мақсаттарына пайдаланылады және экологиялық төлемдердің нысаналы мақсатының болмауы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың тұрақты жүйесі, экономикалық ынталандыру мен ұзақ мерзімді жоспарлау шараларын қолдану мүмкіндіктері тұрғысынан елеулі кедергі болып табылады. Сонымен бірге, қоршған ортаны қорғаумен байланысты шараларға экологиялық төлемдердің елулі бөлігін пайдаланумен байланысты проблема бұдан да неғұрлым өткір сипат алуда. Мақсатты мемлекеттік экологиялық қорлардың кажеттігі туралы мәселе әлі де болса жекелеген мемлекеттік органдар деңгейінде талқыланып келеді, алайда оларды құру мен қалпына келтіру жөніндегі ресми жоспарлар әзірге болмай отыр.

3. Экологиялық төлемдер

ҚР-ның Экологиялық кодексінің 102-бабына сәйкес, табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер, салықтар, алымдар, төлемдер түрінде табиғат пайдаланушылардан алынады.

Жер, Су, Орман кодекстерінде және өзге де салалық нормативтік актілерде тиісті табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы баптар бар, олар да Салық кодексіне сілтеме жасайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-П қолданысқа енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу тәртібі мен төлеу жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы кдтынастарды реттейді.

Атап айтқанда, экологиялық төлемдерге келетін болсақ, онда ҚР Салық кодексінің 60 және 62- баптарына сәйкес құқықтық қатынастардың осы саласында мынадай салықтар мен төлемдер көзделген:

1. Экспортталатын мұнай шикізатына, газ конденсатына салынатын рента салығы;

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;

3. Жер салығы;

4. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

6. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

7. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

8. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

ҚР Салық кодексінің "Экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының" 9-1 бөліміне сәйкес, шикі мұнайды экспортқа өткізетін жеке және заңды түлғалар, өнімді бөлу туралы келісім шарттар жасасқан жер пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының төлеушілері болып табылды. Бұл жағдайда рента салығын салу объектісі экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі болып табылады.

Экспортқа іс жүзінде өткізілетін шикі мұнай, газ конденсатының көлемі шикі мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға кететін шығыстарды шегергеннен кейінгі оның сапалық сипаттамалары ескерілген нарықтық бағасы (үстеме бағасы) негізге алынатын, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады (егер салық төлеушінің шикі мұнай, газ конденсатының көрсеткіштері магистралдық құбыр арқылы тасымалданатын шикі мұнай, газ конденсатының қоспалары көрсеткіштерінен төмен болған жағдайда шикі мұнай, газ конденсаты сапасына арзандату белгіленеді, ал егер көрсткіштері жоға-ры болған жағдайда үстеме баға қойылады).

ҚР Салық кодексінің 10-бөлімі — "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу",өндірумен байланысты емес мұнай операциялары мен жер асты қүрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі салық қызметінің ерекшеліктерін реттейді және:

1) үстеме пайда салығын;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін: бонустарды: (қол қойылатынын, коммерциялық табуды); роялтиді; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.

Жер қойнауын пайдаланушылар екі үлгіге бөлінеді: — бірінші үлгі — жер қойнауын пайдаланушының, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, осы Кодексте белгіленген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;

— екінші үлгі — жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға: экспортка өткізілетін шикі мұнай, газ конденсатына ренталық салық; роялти; шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын акциз; үстеме пайдаға салынатын салық; жер салығы; мүлік салығы қосылмайды.

Үстеме пайдаға салынатын салықтытөлеушілер, өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда, барлау мен өндірумен байланысты емес жалпы таралған пайдалы қазындыларды және жер асты суларын өндіруге, сондай-ақ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға, осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

Үстеме пайдаға салынатын салық объектісі салық кезеңі ішіндегі әрбір жеке келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі болып табылады, ондағы жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2 жоғары болады.

Салық кезеңі ішіндегі әрбір жеке келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысы Салық кодексіңде көзделген шегерімдер сомасынан 20 пайыз артатын салық кезеңінің аяғындағы таза табыстың бір бөлігі салық базасы болып табылады (таза табыс салық салынатын табыс пен корпоративтік табыс салығы резидент еместің түрақты мекемесінің таза табысқа салынатын салық арасындағы айырма ретінде анықталады).

Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген мөлшерлерде жөне тәртіппен ақшалай нысанда төленеді. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады, ол жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерін:

1) қол қойылатын;

2) коммерциялық табу бонусын төлейді.

Келісімшарттың аумағында әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде бастапқы белгіленген алынатын босалқыларының артуына жеткізетін кеніштердің қосымша барлауын жүргізу барысында пайдалы қазындыларды тапқаны үшін төленеді).

Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша, оның сатып алушыларға өткізілгеніне (тиеп жөнелтілгеніне) немесе өз қажетіне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейді.

Техногендік минералды кұрылымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есепті кезеңде олардың өткізілген-өткізілмегеніне қарамастан, соңдай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығына ие болатын пайдалы қазындылар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеушілер болып табылады. Роялти мөлшері салық салу объектісі, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып белгіленеді.

Өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасьшың үлесі,пайдалы өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесін шегере отырып, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлінуге тиісті пайдалы өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады.

Өнімді бөлу туралы келісімшарт шарт болып табылады, оған сәйкес келісім-шарт аумағында ақылы негізде пайдалы қазбаларды өндіруге және өзінің есебінен осыған байланысты жұмыстар жүргізуге құқық беретін шарт болып табылады және онда мынадай талаптар келісім-шартта көзделген тәртіппен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы ақылы негізде, келісімшарт аумағындағы мұнай операцияларын және осы жұмыстарымен байланысты оның есебінен жүргізуді қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге белгілі бір мерзімге құқық береді. Бұл келісімшартта мынадай негізгі талаптар болуға тиіс:

1) өлшеу пунктінен өткен өндірілген өнімнің жалпы көлемі мен оның құнын анықтау;

2) келісімшарт бойынша жұмыстарды (өтемдік өнімді) орындауға жұмсалған өту үшін жер қойнауын пайдаланушының меншігіне берілетін өндірілген өнімнің бір бөлігін анықтау;

3) өтемдік өнімді (пайдалы өнімді) шегергеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнімнің бір бөлігін анықтау;

4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлудің үлесі (пайызы);

5) Салық кодексімен белгіленген тәртіпте пайдалы өнімдегі Қазақстан Республикасының үлесін анықтау.

Өнімді бөлу туралы келісімшарты бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдерін төлеушілерөнімді бөлу туралы келісімшартты жасасатын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

Салық кезеңіңде мемлекет түсім қаражаттарының үлесі салынған инвестицияларды қайтару кезіне дейін он пайыздан аз және салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы алатын өндірілген өнімнің жалпы көлемінің құнынан келесі кезеңдерде қырық пайыздан аз болған жағдайда тиісті айырманы жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексіне сәйкес бюджетке төлейді. Мемлекет түсім қаражаттарының үлесі дегеніміз — өнімді бөлу женіндегі Қазақстан Республикасының үлесі болып табылатын салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы орыңдаған салық міндетгемелері, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

ҚР Салық кодексінің 12-бөлімінде — "Жер салығына" сәйкес, жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 каңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

Жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану кұқығындағы, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану кұқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды түлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезіңде — жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:

1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері (алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер);

2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері (жер алқаптары, көлік жүріп өтетін тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі қүрылыстар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен жасыл желектер;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналаскан жер учаскелері;

4) инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.

Жергілікті өкілді органдарының Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын Салық Кодексінде белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан елу проценттен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

ҚР Салық кодексінің 81-тарауына сәйкес, мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерінпайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес белгіленеді. Мысалы, ҚР-ның 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 9-бабына сәйкес, жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын өтеулі түрде беру төлемақысы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентерін қолдану арқылы шығарылатын кадастрлық (бағалау) кұны негізінде есептеледі. Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау қүқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қаулысымен[4] базалық ставкалар көзделген болса, онда түзету коэффициенттері ҚР-ның Жер кодексінің 11-бабында баянды етілген.

Төлемақы сомасы жергілікті аткарушы органмен жасасылған уақытша жер пайдалану құқығын өтеулі түрде беру шарттарының негізінде есептеледі. Жыл сайынғы төлемақы сомасы жергілікті атқарушы органдар жасайтын есептесулерінде белгіленеді және жер учаскелері орналасқан жері бойынша енгізілуге тиіс. Төлемақы сомасының есептесулерін шарттардың талаптары, сондай-ақ Салық кодексімен белгіленген жер салығын есептеу тәртібі өзгерген жағдайларда жергілікті атқарушы органдар қайта қарайды.