Модуль 7.

Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік

Мақсаты: ПАТЕНТТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ТАУАР ТАҢБАЛАРЫН ҚОРҒАУ және ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ

жайлы мағлұматтар беру.

Жиі қолданылатын сөздер:патент, зияткерлік меншік,интеллектуалдық меншік, өнертабыс, өнеркәсіп үлгісі

Негізгі сұрақтар;

§ 1. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ

§ 2. ПАТЕНТ БЕРІЛЕТІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРІ

Өнертабыстар Өнеркәсіптік үлгі

Тауар таңбасы.

§ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК БОЙЫНША ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАР

§ 4. ПАТЕНТ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ОРГАНДАРЫ

§ 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАТЕНТ ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕЙТІН ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМА

 

 

Қазіргі танда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеннен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті.

Жоғары денгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалык өсу «Қазақстан—2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі.

Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік; активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалык, өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалык және технологиялык базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.

Бұл Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003—2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға кол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарынқорғауадам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен Көпілдіктерінің бірі.

Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарынқорғаусаласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен БИМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық, бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарынқорғаутүжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият —бұ лелдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте1.

Нарықтық экономикада кандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе — тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі танда «ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау — өндірушінің өз қолымен» деген ұранды ұстауы маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялык қызметті дамытуы табылады.

1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.

Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық Көпілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі

пайда болды.

Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялык жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс ар-кылы интеллектуалдық. меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді.

Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзаң, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін калып-тастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда.

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардын саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992—2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық, және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар'.

1. Патенттердін саны кебейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.

Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға Халықаралық, сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкіл дүниежүзілік интеллектуалдық меншіктіқорғауұйымы (БИМҰ) Конвеииясының 2-бабында

«Интеллектуалдық меншіктің» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалык атаулар мен коммерциялык көрсеткіштерге, кара ниетті бәсекелестікке қарсы корғану, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркеменер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. ҚР АК-нің 961-бабында жүйелендірілген тізілім берілген.

Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерінқорғаужәне құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті түрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патентиеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.

Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлык куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.

Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қойылған бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.

Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтыққорғаупринциптері түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті1.

1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның құқықтық реттелуін Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және УҚРаина да қолдады1.

Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақ-талуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.

Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін бері-леді оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады2.

Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді.

Қазақстан бір өнертабысқа екі қорғау құжаты - заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады.

Бұл екіқорғауқұжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.

Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек3.

Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнін патент ведоствосына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент — он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, Бірақ бес жылдан аспауы керек.

Патент — раіепі — мына мән-жайларды:

1) аталған техникалық, шешімнің өнертабыс екендігін;;.-.-•

2) Авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;

3) Аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге кол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патент иесінің құқықтарын қорғаушараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз кою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «қолданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаналығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады1.

Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Патенттің негізгі қызметі - жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады2.

Патенттікқорғаукелесі аспектілермен сипатталады:

— қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;

- патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;

- айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінің мерзімдік және аумақтық сипаты;

— айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі. Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады.

Патентке негізделген құқықтар мемлекеттің берген құқықтары болып есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет беріп отырған құқықтарға жауап ретінде патент иесі мемлекет пен қоғамға танылмай калуы мүмкін болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патентті шарт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.

Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялык ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Қүкығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.

§ 2. ПАТЕНТ БЕРІЛЕТІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРІ

Өнертабыстар

Өнертабыс тусінігімен объектілері.

Белгілі бір енертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктін анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:

- жаңалығы;

— өнертапқыштық деңгейдің болуы;

— өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалык, шешімнің болуы.

Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалык. шешімі ретінде анықталатын кұбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалык шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралы ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы енер; спорт көмекші құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолдануды меңзейтіндіктен,бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалык шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.

Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады.

Құрылғы, әдіс, зат, миҚРоорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, соңдай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады1.

Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құқықтық маңызы зор.

Құрылғы— өнертабыс объектісіретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады бұл машиналар — мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар - «Магнит өрісі датчигі»; механизмдер — «Шарниро-рычажный механизм».

Жетілдірілген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект — құрылғы категориясына жаткызылуы мүмкін.

Құрылғы болып көлік кұралдары, жабдық, құрылыстар, со-нымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады — мысалы, «Әмбе-бап оку партасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады.

Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.

Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады:

— конструктивтік элеменггердің болуы;

— элементтер арасында байланыстың болуы;

— элементтердің өзара орналасуы;

— құрылғынын немесе оның элементтерінің орындалу ны-саны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;

— элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;

— элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;

— құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;

— құрылғының кез келген элементінің қызметін орындай-тын аясы;

- техникалық шешімнің басқа түрлерімен салыстырғанда құрылғы - өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етеді. Бұл олардың кең таралуын анықтайды.

Тәсіл — өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл — белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.

Материалдық объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдерді былай бөлуге болады:

- өнім (бұйымдар, заттар т.б.) өндіруге бағытталған әдістер, мысалы, «Құрылыс материалын жасау тәсілі», «Ацетилен алу әдісі»;

- белгілі бір өнім алмай материадцық заттардың жағдайының өзгеруіне бағытталған әдістер (тасымалдау, реттеу, өндеу т.б.). Мысалы, «Жер өндеу тәсілі», «Электромагниттік клапан-Ды басқару әдісі»;

- нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдістер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, «Аса таза кварцтың шыққан жерін іздеу әдісі».

Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған өнімге де таралады1.

Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де беріледі, мысалы, «Тістер кариесін алдын алу әдісі», «Артериальді гипертония диагностикасының әдісі».

Өнертабыс объектісі «Әдіс» келесі белгілермен сипатталады:

- белгілі бір әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығынын болуы: «...тұзды ерітеді...»;

— осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.). «...қышқылмен ендегеннен кейін пленканы дистилденген сумен шаяды...»;

— әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура, қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). «...40°С-ға дейін қыздыру кезінде ерітеді...»;

— заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат, реагенттер, катализаторлар, миҚРоорганизмдер тектері және т.б.). «...процессті инертті газ атмосферасында жүргізеді...»;

— құрылғыларды (кұралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану. «...реагенттің электрохимиялық өндеуін ерітілмеген электродтары бар электролизде жүргізеді...».

Зат өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде заттарға:

- жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, оларға жоғары-молекулярлык қосындылар және гендік инженерия өнімдері (рекомбинантты нуклеидтік қышқылдар, векторлар

• т.б.). Мысалы, «гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-ацетил-

4-ацетиксипиперидина»; •- - композициялар (құрамдар, қоспалар), мысалы, «псориазды емдеу майы», «фурфуролды гидрирлеу катализаторы»;

— ядролық айналу өнімдері жатады.

Жеке химиялык қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:

— сапалық және сандық кұрам;

- атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы.

бурыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты, текті жаңа мақсатта қолдану. Құқықтық қорғау таралатын енертабыстың бұл түрі болып бұрыннан белгілі болған құрылғы, зат, әдіс, тектің жана мақсаттарда қолданылуы табылады.

Өнертабыстың бұл объектісі өзге өнертабыстардан қызметінің сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеленеді.

Егер құрылғы, әдіс, зат, тек қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезі жасалса, онда өнертабыстың бұл обьектісі белгілі обьектінің жаңа мүмкіндіктерін (белгісіз қасиетін) анықтау арқылы пайда болады.

Бұл объектінің негізінде белгілі техникалық құралды, бұл өнертабыс пайда болған кезде қолданылған мақсатқа карағанда, өзге мақсаттарда қолдану. Бұрыннан белгілі болған құрал ол иеленетін қызметке қарағанда, жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттілікті қанағаттандырады.

Мысалы, бояу ретінде қолдану үшін арнайы синтезделген белгілі «А» заты белгілі бір жағдайда зиянды бактериялар үшін күшті әсер ететін у ретінде қолданыла алады. Белгілі заттың жаңа қасиетін анықтау нәтижесінде зиянды бактерияларды жою үшін жаңа құрал ұсынылады.

Бұл жерде белгілі бір мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни белгілі бір қолданудан басқа, тәжірибеден алынған табиғи немесе аралық қосындылар немесе өндіріс қалдықтары бар екендігін атап өту қажет. Бұндай қасиетті анықтау алдында белгілі болған құрылғы, әдіс, зат, тектің жаңа мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретінде саралауға болады.

Өнертабыстың бұл обьектісі заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, себебі, олар қолданылу шарттарына сәйкес көріне алатын қасиеттерді иеленеді, сондықтан әр түрлі мақсаттарда қолданыс таба алады.

Аталмыш обьект құрылғыларға аса тән емес, себебі олар белгілі бір қызметті атқару үшін жасалады және олардың анық көрінетін мақсаты бар. Сондықтан құрылғыға кандай да бір өзгеріс енгізбей өзге мақсаттарда қолдану, көбінесе, мүмкін емес.

Биотехнология объектілері.

Соңғы ондаған жылдар ішінде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсіпті «биологизациалау» өрісі байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалык прогресстің басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжірибелік мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды емдеу әдістерінен қоршаған ортаны қорғау әдістеріне дейінгі әр түрлі биологиялык обьектілерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келді.

Патенттер биология және биотехнологияны «коммерциялизациялау» ісінде және биотехнологиялық өнімді сату нарығы үшін күресте аса маңызды кұрал болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесі әлі де ұлттық, халықаралық деңгейде талқыланып жатыр.

Аталған объектілер тірі — тектер, тірі емес - заттар бола алады.

Тірі объектілер:

— микроорганизмдердің жеке тектері;

— өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектері. Тірі емес объектілер:

— биотехнологиялық әдіспен алынған қосындылар, антибиотиктер, ферменттер, вакциналар және т.б.;

- гендік инженерия өнімдері - ДНК мен РНК - кезектілігі, ] гендер, плазмидтер, векторлар, белоктар т.б.

Биотехнология саласына, сонымен қатар, миҚРоорганизмдер тектерін, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері, антиботиктерді, нуклеин қышкылдарын пайдаланумен әр түрлі әдістер, вакциналар өндіру әдістері т.б. жатады.

«Тек» термині белгілі бір қайнар көзден немесе жасанды жолмен алынған (мутация нәтижесінде) және өзіндік физиологиялық - биохимиялык белгілерімен сипатталатын миҚРоорганизмдердің бір түрлі мәдениетін білдіреді.

«МиҚРоорганизм» түсінігінің нақты таксономиялық мәні жоқ, яғни қандай да бір таксонға - түрге, жынысқа, семьяға т.б. жатқызылмайды. Ол миҚРоскопиялык. өлшемдегі әрбір организм миҚРоорганизмге жататындығын меңзейді. Бірақ, бұл түсінік шартты, себебі дәстүрлі миҚРоскопиялық объектілер арасында маҚРоскопиялық объектілер болатыны белгілі, ал бір тектің өлшемі культизациялау және өзге факторларға байланысты өзгере алады.

Патент рәсімі үшін «тек» объектісіне миҚРоскопиялык өлшемдегі өмірге кдбілетті әр түрлі организмдер - бактерия-лар, вирустар, қарапайым миҚРоскопиялық омырткасыз жануар-лар және өзге де жеке тектер, миҚРоорганизмдердің консор-циумдары, сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлардың куль-тивацияланатын соматикалық клеткалары кіреді. Тәжірибелік (пайдалы) қасиеттері анықталған тек кана құқықтыққорғауобъектісі бола алады. Ғылыми кезқарас негізінде белгілі бір қасиеттер жиынтығымен сипатталған тек қорғау объектісі бол-майды.

Өнертабыстың патентке қабілеттігінің талаптары. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейі және өнеркәсіптік қолдануға жарамды болса, құқықтық қорғау беріледі. Өнертабыс патент қабілеттігінің бұл талаптары әлемнің көптеген елдерінің патент заңдарында анықталған.

Жаңашылдық,. Өнертабыстың жаңалығы оның патент қабілеттігінің негізгі және міндетті талабы болып саналады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Техника деңгейі туралы мәліметтерге өнертабыс басымдық мерзіміне дейін әлемде жалпы қол жетерлік болған кез келген мәліметтер кіреді. Жалпыға қол жетерлік мәліметтер ретінде кез келген тұлға таныла алатын мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетілген мәліметтер танылады. Қызметтік, жабық, кұпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды. Өнертабыс жаңалығы бітімгершілік сипатты фактіге ие болып табылады, яғни техника деңгейіне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы қол жетімді болған мәліметтер жатқызылады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес өтінім берушіге жаңашылдық бойынша жеңілдік беріледі. Бұл автордың, өтініш берушінің немесе осы ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен қатар, Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттің аймағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретінде өнертабысты көрсету енертабысқа өтінім патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе көрмеге орналасуы күнінен 6 ай кешіктірмей берілген болса, өнертабыс патент қабілеттігін тануға жол бермейтін жағдай деп танылмайды. Мұндай жеңілдік өтініш бергенге дейін мәні ашылған өнертабысты қорғауға мүмкіндік береді.

Әнертапқыштык, деңгей. Өнертабыстың патентке қабілеттігінің келесі rритерийі болып өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылатын өнертапқыштық деңгей саналады, себебі, оның көмегімен ғылыми және техникалык прогреске қаңдай да бір зерттеменің үлесі бағалана алады. Жаңа болып табылатын кез келген шешім техника деңгейіне үлес қосады деп

есептелінбейтіндігі анық. Техника саласында қандай да бір білімге қол жеткізіп, орта маман жасалу жолы анық және шығармашылық негізі жоқ белгілі құралдардың жанд комбинацияны көрсететін объектіні жасай алады. Сондықтан, әр түрлі елдердің патент заңдарында өнертабысты қарапайым инженерлік зерттемелерден немесе объектілерден айыруға (бұл өнер-тапкыштық деңгей) мүмкіндік беретін өнертабыстың шығарма-шылық сипатын анықтайтын Критерий қалыптаскан. Германияның Патенттік заңында бұл Критерий өнертапқыштық қызмет, деп аталады.

Қазақстан Республикасы ПатентЗаңының б-бабының 1-тармағына сәйкес, егер маман үшін ол техника деңгейі туралы мәліметтерден айқын кездеспейтін болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейі туралы мәліметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейін дүние жүзінде жалпы жұртқа мәлім болған кез келген мәліметтерді қамтиды.

«Өнертапқыштық деңгей» Критерийі «маман» түсінігі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Патент заңында «маман» түсінігі ашылмайды, бірақ оның мазмұны бірқатар елдердің патент заңдарында берілген. Маман ретінде жұмыс істейтін, оның өтініш берілген өнертабыс саласы жататын са-ладағы барлық жалпы білімдері белгілі болған тәжірибелі тұлға танылады. Маман объектіні жасау үшін белгілі шешімдерді біріктіре алса, онда ұсыныс өнертапқыштық деңгей талабына жауап бермейді.

Шығармашылық, бастау болуы жағынан өнертабысты баға-лау «шығармашылық» түсінігінің субъективті болуынан киын-ға соғады. Себебі, өнертабыстың патентке қабілеттігінің аясын-да туындайтын даулардың көбісі осы Критерий бойыншатуын-дайды.

Өнеркәсіптік қолдануеа жарамдылыгы. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсіпте пайдалануға жарамды деп танылады.

Өнертабыстын өнеркәсіптік қолданылуын тану үшін келесі талаптардың жүзеге асуы қажет:

— өтініш материадцарында өтініш берілген өнертабыс объек-1 тілерінің мақсаты көрсетілуі тиіс;

— өнертабыс формуласында сипатталған түріндегі әнерта-быстың жүзеге асырылуы мүмкін болатын кұралдар мен әдістер өтініш материалдарында көрсетілуі тиіс (етініш материалдарында ондай мәліметтер болмаса, өнертабыс басымдық алған күнге дейін дүние жүзіне жалпы жұртқа мәлім болған қайнар көзде көрсетіле алады).

— өтініш беруші көрсеткен өнертабыс мақсаты шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін болуы.

«Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылық» түсінігі кең мағынада қолданылу қажеттілігін атап өту қажет, ол кандай да бір техникалык шешімді пайдаланудың максимальді тиімділігін меңземейді. Аталған Критерий міндеті мен мәні өнертапқыштық қызмет салаларының біреуінде қолданылудың кағидалық мүмкіндігін көрсету.

Өнеркәсіпте қолдану жарамдылығы талабының негізгі мәні белгілі бір материалдық құрал түрінде техникалық шешімді жүзеге асыру, сонымен қатар, аталған өнертабыс арқылы өтінім беруші көрсеткен техникалық шешімге жету, жетпеуін анықтау мүмкіндіктерін тексеру болып табылады. Жаңашылдық және өнертапқыштық деңгей Критерийлеріне қарағанда, өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы техника деңгейі мен басымдық күнімен тікелей байланысты болмаса да, қатысты.

Заттың аса маңызды қасиеттерін көрсететін белгілер елеулі болып табылады. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне, атап айтқанда, формуласы бойынша пайдалы модельді құқықтық қорғау көлемін анықтау кезінде дара ақпараттың мәндік маңызы бар және оның қажеттілігі пайдалы модельді қолдану кезінде техникалык нәтижеге жету үшін калған елеулі белгілермен өзара байланыста жеткіліктігі туралы бір мәнді ақпарат беретін белгі елеулі болып табылады.

Пайдалы модель елеулі белгілерінің жиынтығы техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, оған құқықтық қорғау беріледі.

Өнертабыстар техника деңгейіне қарағанда, пайдалы модель үшін техника денгейін анықтауда екі ерекшелік бар.

Бірінші ерекшелік — техника деңгейі туралы мәліметтер пайдалы моделые басымдық, берілген күнге дейін жұртқа мәлім болған, арыз беріліп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар дүние жүзінде жарияланған мәліметтерді және Қазақстан Республикасында жарияланған пайдалы модельдер мен өнертабыстарды қамтиды. Пайдалы модель объектісі «Аэростат» болса, онда оны оғанұқсас объектілермен емес, аэростаттар-мен салыстыру қажет.

Екінші ерекшелігі — техника деңгейіне мақсаттас кұралдар-ды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәліметтер кіреді, яғни пайдалы модель жаңалығы абсолютті емес, өнертабыстарға қарағанда әлемдік қатысты болып табылады.

Өнеркәсіптік үлгі

Өнеркәсіптік улгі тусінігі. Өнеркәсіптік улгілер турлері.

Қазақстан Республикасының 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа түпнұсқалық және өнеркәсіптік қолдануға болатын көркемдік-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.

Анықтамадан көріп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түрінде көркемдік және конструкторлық шешім болуы керек. Бір ғана құралдың қолданылуы бұйымның өнеркәсіптік үлгі болып танылуына жеткіліксіз. Бұйымның функционадцық мазмұны оның анық көркемдік нысанына сәйкес болуы тиіс, көркем және техникалык (конструкторлық) белгілерінің бір-тұтастығымен сипатталуы қажет. Сыртқы нысаны ретінде оның пайдаланылуы мен қолданылуы процесінде тұтынушы көретін түрін түсіну керек. Оның сыртқы нысаны ішкі құрылымына және бұйымның функционалдық, мақсатына сай болуы тиіс.

Патент Заңының әрекеті өнеркәсіптік үлгінің көптеген түрлеріне тарайды. Оларға көлемді, жазық және аралас өнеркәсіптік үлгілер жатады.

Көлемді енеркәсіп үлгі ретінде негізін дамыған өлшемді көлемді-кеңістіктік құрылым кұрайтын композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешім.

Жазык өнеркәсіптік үлгі екі өлшемді сызықтық түстендірілген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кілем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешімдер.

Аралас өнеркәсіптік үлгі аталған екі шешімге тән белгілермен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сырткы түрін анықтайтын көркемдік-конструкторлык шешімдер.

Өнеркәсіптік улгінің патентке қабілеттілік талаптары.

Өнеркәсіптік үлгі патентке қабілеттігінің белгілі талаптарына немесе Критерийлеріне жауап берсе, оған қорғау ұсынылады.

Кдзақстан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тарма-ғына сәйкес ондай талаптарға мыналар жатқызылады: жаңашылдық, бірегейлік және өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы. Бұл Критерийлер өтініш берілген мерзімге олардың болуын дәлелдеу және бүкіл мерзімге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты тандалады. Сонымен қатар, олар әлем тәжірибесінде таралған өнеркәсіптік үлгілердің патентке қабілеттігі талаптарына сай.

Жаңашылдық. Өнеркәсіптік үлгі бұйымның эстетикалық және эргономиялык, ерекшеліктерін анықтайтын негізгі белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгі басымдығының күніне дейін дүние жүзінде жалпыға мәлім мәліметтерде белгісіз болса, жана деп танылады. Яғни, абсолютті әлемдік жаңашылдыққа ие өнеркәсіптік үлгілер ғана құқықтық қорғалады.

Өнеркәсіптік үлгі жаңашылдығын бекіту кезінде жалпыға мәлім мәліметтермен қатар, басқа тұлғалармен берілген ертеректегі басымдықты өтінімдер және тіркелген өнеркәсіптік үлгілер есептеледі.

Өтініш берілген көркемдік-конструкторлық шешімнің жа-ңашыддығы өтінім берілген және оның аналогтарымен танылған белгілі үлгілердің, елеулі белгілерін салыстыру жолымен енеркәсіптік үлгіні тіркеуге өтінімнің басымдық мерзіміне бекітіледі. Белгілі үлгілер функционалдық мақсаты мен елеулі белгілері жиынтығының белгілі көркемдік-конструкторлық шешімдермен толық сәйкес келуі өтінім берілген үлгінің жаңашылдық Критерийіне сәйкес келмейтіндігін тануға және өтінім берілген үлгіні тіркеуден бас тартуға алып келеді.

Өндірістік үлгіні тіркеуге өтініш оның ашылған мерзімінен 6 айдан кешіктірмей берілген болса, өтінім берілген үлгіге қатысты ақпаратты коғамға ашу өтініш берілген үлгінің жаңашылдығына әсер ететін жағдай ретінде танылмайды.

Бірегейлік прототипіне қарағанда өтінім берілген үлгіге енгізілген өзгерістердің шығармашылық сипаты патентке қабілеттігінің маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері бұйымның эстетикалык ерекшелік-терінің шығармашылық сипаты негіз болса, ол бірегей болып танылады. Өтініш берілген үлгіні неғүрлым жақын аналогтан айыратын елеулі белгілерін айқындау жүргізіледі. Бірегейлікті тексеру кезінде өтініш берілетін үлгінің ерекшелендіретін белгілердің шығармашылық өзіндігі бекітіледі.

Өнеркәсіптік қалдануга жарамдылыгы. Өнеркәсіптік үлгі, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бірнеше рет қайта өндіріле алса, өнеркәсіптік қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында шексіз мөлшерде қайта өндірілетін үлгілер патенттік қорғау алады.

Патенттік қорғау бірегей болып табылатын бұйымдарда қолданылатын шешімдерге таралмайды, себебі олардың эстетикалық құндылығы таралымға түскен кезде жоғалады. Қайта өндіру қабілеті ерекше көркемдік-конструкторлык шешімнің патенттік-құқықтық қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта өндірілмейтін болса, оның патенттік қорғау қабілеттігі жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық нормалары таралады. Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығын бағалау кезінде таралымға түсу қабілеті ғана емес, өтінімде көрстетілген немесе белгілі құралдар мен материалдар көмегімен өтінім берілген бұйымның жүзеге асырылуы да тексеріледі. Егер бұйымды кең масштабта қайта өндіру мүмкін болмаса, онда ол өнеркәсіптік қолдануға жарамдылық Критерийіне сәйкес болып танылмайды.

Тауар таңбасы.

Тауар таңбасы, қызмет керсету таңбасы — бұл осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететін белгі1.

Бұл анықтамадан тауар таңбасынын басты міндеті — қандай болмасын ендірушінің (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметін басқа өндірушілердің ұқсас бірыңғай тауарлары мен қызметтерінен бөлу, яғни тауар немесе қызметті дараландыру болып табылады.

Таңба неғүрлым көрнекті болса, соғұрлым оның иесінің оны құқықтық қорғау, жарнама және өткізу салаларында сәттілігі үлкен болады.

Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингінде маңызды орын алады, ол тауарлар мен қызметті көрнекті қылады.

Тауар таңбасы — Бұл, әдетте, көру арқылы жақсы қабылданатын, жеңіл есте сақталынатын, өзге тауар белгілерінен ерекшеленетін, металл, материя, кағаз жәнет.б. сияқты әртүрлі материалдарға жақсы салынатын графикалык көрініс.

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердін атаулары туралы» Қ.Р Заңы.

Тауар таңбасы ретінде сөз немесе сөздер тобы, мысалы «аспирин» «колгейт», «таид», «адидас», «проктер энд гембл» және т.б. тіркеле алады. Сонымен қатар, акустикалық тауар таңбасы -тауар таңбасын көрсетумен берілетін арнайы әуен тіркеле алады1.

Жаңа тауар таңбасын енгізу үшін көптеген батыс фирмалары шамамен 30—40 миллион доллар қаражат жүмсайды. Жоғарыда аталған МсОопаШ»5 корпорациясы 5 жыл ішінде ғана жарнамаға 57 миллион доллар жұмсады.

Тауар таңбасы нарықтық қатынастардың барлық, қатысушылары үшін маңызды.

Тұтынушы үшін тауар таңбасы - бірыңғай тауарлар іздеу кезінде бағыт беруші құрал болып табылады.

Өндіруші үшін тауар таңбасы — нарықты жаулап алушы құрал болып табылады, себебі тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлі өндірушілердің бірыңғай өнімдерінен дараландырады.

Мемлекет мүддесіне келер болсақ, мұнда тауар таңбасының нарықта тәртіп орнату құралы болып табылатындығын атап өту қажет, себебі ол өндірушіні тануға, тұтынушының, ендірушінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Тауар таңбасына келесідей екі талап қойылады:

— тауар таңбасы айрықша болуы тиіс;

— мораль мен қоғамдық тәртіпке қайшы болмауы тиіс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек.

Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшін айрықша болуы тиіс. Мысалы, «сусын» сөзінде ерекшелендіретін қабілет жоқ және алкогольды не алкогольсыз сусындар үшін тауар таңбасы бола алмайды, себебі ол тауарлардың бүкіл категориясын анықтайды.

Екінші талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты - түр-пайы тауар таңбаларын, сонымен қатар, жалған және тауардың сапасы мен өзге қасиеттеріне және олардың географиялык шығарылған жерлеріне қатысты шатыстырушы тауар таңбала-рыны4 тіркелуін алдын алу екендігін атап өту кджет. Тауар таң-басы шығарылған жерді көрсетуі қажет. Мысалы, Қазақстандық өндірушілер атынан танымал «Шампанское» не «Коньяк» (жалған географиялық атаулар, себебі, Шампань провинциясы

мен Коньяк қаласы Францияда орналасқан) тауар таңбасы ретінде тіркеле алмайды. Мысалы, «риге \УООІ» (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киімдер, белгілене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды.

Тауар таңбасы қорғалуы үшін ол тіркелуі қажет.

Тәжірибеде көптеген тауар таңбалары, әдетте тауарлар немесе қызметтер бірнеше түрлері үшін тіркеледі. Кейбір өндірушілер олар өндіретін әр түрлі өнімдер үшін бір тауар таңбасын қолданады. Өзгелері бірнеше тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалык фирмалар да өздерінің әрбір дәрі-дәрменіне қатысты тауар таңбаларын тіркеуге ұмтылады.

Тауар тақбаларының турлері.

Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретінде тіркеле алатын белгілер түрлерінің толық тізімі берілген. Оларға әр түрлі өндірушілердің бірыңғай тауарлары мен қыз-меттерін ажыратуға мүмкіндік беретін сөздік, әріптік, сандық, бейнелік, көлемдік және өзге белгілер немесе олардың комбинациясы жатады.

Көп жағдайда сөздік тауар таңбалары қолданылады. Оларға тілдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица, асіүепіиге), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), сонымен қатар, сөз тіркестері (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де түтас сөз тіркестері немесе лозунг — слогандар (мыса-лы «өз шөлінен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенің») сөздер жатады.

Көлемдік тауар танбалар кеңістікте бейнеленген үш өлшемді объектілер болып табылады. Әдетте, көлемдік тауар таңбалары ретінде тауарлардың ерекше орамалары қорғалады (мысалы, иіссулардың флакондары).

Аралас тауар таңбаларына бейнелік, сөздік, көлемдік элементтерінің әр түрлі комбинациялары жатады. (мысалы, канат-ты барс үстіндегі батыр бейнесі «Отандық, маркасы» сөздерімен үйлесуі).

Жоғарыда аталған тауар таңбалары түрлерінен басқа сенсорлық (дыбыстық, жарықтық, иістік) және де тауар таңбаларының өзге түрлері бар. Олардың анық және бір мәнді идентификациясы кезінде ғана олар тіркеле алады.

Дыбыстық тауар таңбасы - ол фонограмма түрінде бекітілген және нота жазбаларында көрсетілген немесе дыбыс түрінде көрсетілген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшін теңіз дауысы). Бүкіл әлемде тіркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тіркеулердің мысалдары әлі жоқ.

Ұжымдық тауар таңбалары ерекше категорияны кұрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану шарттарына сай олар біртұтас сапалык не өзге сипаттамамен тауар өндіретін (не (немесе) жеке кәсіпкерлер ұйымының атына тіркеледі. Мысалы, Қазақстанда танымал «Сарыағаш суы» Ассоциациясының мүшелері өндіретін «Сарыағаш» минералды суының сапасын бақылау мақсатында өз өнімін біртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесімен) шығарады және сатады. Ұжымдық тауар таңбасы ретінде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрі тіркеле алады.

Тауар таңбалары олар тіркелген ақ-қара түрінде де, түсті түрінде де тіркеледі.

§ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК БОЙЫНША ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАР

Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық заңнаманың бір бөлігі ғана емес, кей жағдайларда ұлттық заңнамадан да басым түсетін бірқатар халықаралық келісімдер, шарттар, конвенциялар іс әрекет етуде.

1993 жылы 16 ақпанда қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аума-ғында өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтық қатынастар-ды реттейтін төрт маңызды Халықаралық конвенция әрекет етеді, олар:

1. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы1.

2. 1891 жылғы 14-сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі2.

3. 1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы;

4. 1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісім шарт.

1995 жылдын 5 карашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 кыркүйегінде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде1.

Бұл халықаралық келісімдердің жасалуына өткен ғасыр бойы ұлттық заңнамалардағы айырмашылыққа байланысты өнеркәсіптік үлгініқорғау құқығын бір уақытта бірнеше елде алу киындығы себеп болды. Сонымен қатар,қорғау құжатын алу үшін өтініштер бір елде жариялануын болдырмау үшін және өзге елдерде өнертабыстың жаңашылдығын айырмау үшін, бар-лық мемлекеттерде бір уақытта берілуі тиіс.

Өткен ғасырдың екінші жартысында көптеген мемлекеттер өнертабыстарды қорғау жүйесін жасады, сонымен қатар, мемлекетаралық технологиялык айырбас дамып, Халықаралық сауда өсті. Өнеркәсіптік меншік туралы заңнаманы халықаралық деңгейде унификациялау қажеттігі туындады.