Кестелер

Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, «кесте 1» сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (Л қосымшасы).

Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қарастырылады.

Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмірін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.

Көп жолдарды алатын кестені келесі параққа (бетке) ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмірін көрсетеді, мысалы: «1-кестенің жалғасы».

Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

Графа саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда – кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі.

Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да солай» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында сандық немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары - кіші әріптермен, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Графа тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен қатарлас жазады. Қажет болған жағдайда графалар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша Л-де келтірілген.